Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
тақырып: Жеміс өсімдіктерінің генофондын және интродукциясын сақтау
Орындаған: Осмонали Б.Б.
Қабылдаған: Нурмаханова А.С.
Жоспар:
Кіріспе
Генофонд түсінігі
Негізгі бөлім
Генофодты сақтаудың биотехнологиялық әдісі
Өсімдіктердің генофондын сақтаудың негізгі бағыттары
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе. Генофонд түсінігі
Генофонд (ген және французша fond -- жиынтығы) -- бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлі гендердің саны мен құрамы. Генофонд терминін 1928 ж. орыс ғалымы А.С. Серебровский ұсынған. Генофонд термині бөлек бір популяцияның немесе бір түрге жататын барлық организмдердің аллель (сәйкес) құрамын көрсетеді. Тұрақты Генофондтағы гендер жиілігі генотиптен фенотиптің қатынасын кейінгі ұрпақтарға бір күйде беріп, генетикалық тепе-теңдікті сақтайды. Мысалы, будандастыруға алынған екі бидай сортының Генофондтарының бірінде өсімдік сабағының биіктік аллелі, екіншісінде аласалық аллелі бар деп алсақ, бірінші ұрпақта ата-анасында болған аллельдер жиілігі сақталғаны байқалады. Көбею қарқыны, сұрыптау, т.б. жағдайлар генетик. тепе-теңдікті ауытқытады. Ал жаңа тепе-теңдік тиісті ген жиілігінің өзгеруіне жаңа фактор әсер еткенге дейін сақталады. Табиғатта түр тармағындағы организмдер әр түрлі тіршілік ортасы жағдайына тап болып, өсіп-өнуіне байланысты олардың Генофондтары өзгеріп, табиғи сұрыптау нәтижесінде жеке және өзге Генофондтары бар басқа түрлер түзеді.

Тұрақты Генофонд жынысты жолмен көбейетін популяцияларда кездеседі. Генофонд -- түр және нәсіл түзілу процесінің негізі. Өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды популяцияларының Генофондын қорғау -- тірі табиғатты қорғаудың маңызды мәселесі болып есептелінеді. Биосфераның генетик ресурсын сақтау, әсіресе практикалық мәні бар немесе жоғалып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлар Генофондын сақтау әдістері жасалуда
Генофодты сақтаудың биотехнологиялық әдісі
Өсімдік жасушасын қолдан өсіру термині ауқымды және ыңғайлы ұғымға айналды, ол бөлініп алынған жасушаны, ұлпаны, мүшелерді, ұрықты және тұтас өсімдік-регенерантты қолдан өсіретін in vitro-ның барлық жұмыстарын қамтиды. In vitro термині (лат.- шыныда, әйнекте) стерильді жасанды қоршаған ортада өтетін процестердің жағдайларын сипаттау үшін қолданылады. In vivo (лат. - тіршілікте) организмнің тіршілік процестерінің табиғи стерильді емес ортада өтуі. Өсімдік-регенерант дегеніміз асептикалық түрде алынған, тамыры мен өркені мәдени ортада қалыптасқан өсімдік, демек in vitro.

Өсімдіктердің генофондын сақтау
Қорықтар
Мемлекеттiк табиғи қорық -- табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.

Ботаникалық бақтар
Ботаникалық бақ - ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту, іс-тәжірибелік оқыту мақсаттарымен өсімдік өсіріп, оны зерттейтін, ботаникалық білімді насихаттайтын мекеме; ғылыми зерттеу және ғылыми мәдени өндірістік мекеме. Онда тірі өсімдіктердің колекциясын жинап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер интродукциясының пункті
Қара қарақаттың тканіне төменгі температураның әсері
Ботаникалық бақ
Айнала қошаған ортадағы экологиялық өзгерістерден биологиялық түрлерді сақтап, қорғау шараларын жүзеге асырып отырған ботаникалық бақтардың географиясын зерттей отырып, оның табиғат қорғаудағы ролін анықтау
Жасушалар мен тіндерді өсіру әдістері
БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ КРИОКОНСЕРВІЛЕУ
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Апикальды меристемаларды криосақтау
Ботаникалық бақтың реконструкциясы
Алшақ будандастыру
Пәндер