ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым

министрлігі

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі факултеті

5В050900-Қаржы

СӨЖ

Тақырыбы: ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар.

Қабылдаған: Акимбаева К. Т.

Орындаған : Умарбекова К. Р.

Алматы 2017

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім . . . 3-8

1. 1 Аудиттің пәні, обьектісі және қызметі . . . 3-4

1. 2 Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары . . . 5-7

1. 3 ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар . . . 8

Қорытынды . . . 9

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 10

Халықаралық деңгейдегі кәсіби талаптарды әзірлеумен бірнеше ұйым айналысады, оның ішінде 115 елдің 158 ұйымының өкілдерін қамтитын Халықаралық бухгалтерлер федерециясы бар.

ХБФ аясында аудиорлық стандарттармен тұрақты дербес ұйымның құқығымен әрекет ететін Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет тікелей айналысады. ХАС жалпы әлемдік деңгейден аудиттік деңгейі төмен елдердің бұл саладағы кәсібилігін дамытуға және халықаралық ауқымда аудиттің тәсілдерімен сәйкестендіруге ықпал етеді. ХБФ өткізілетін тәуелсіз аудиттің кез келген жағдайында қолдануға келседе, ол жергілікті жерде қолданылатын аудиттен асып кете алмайды, яғыни одан басым түспейді.

1948 жылы Америкалық алқалы бухгалтер институты “Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарты ” деген атаудағы он қаулыны мақұлдап қабылдады. Содан бері олар айтарлықтай өзгере қойған жоқ және олардың пайдалануын бақылау көкейтесті ету және қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуді және әдістік басшылықты жүзеге асырушы ХБФ арқылы Аудиторлық іс тәжірибе бойынша халықаралық комитет әзірлеген ХАС негізінде жатады. Осынау негіз қалаушы он принциптің мәнін кеңінен түсіндіріп беретін ХАС та олар өз көрінісін тапты.

Кейбір мемлекеттерде ХАС ты өз стандарттарын әзірлеу үшін база ретінде пайдаланса, ал өз стандарттарын әзірлемейтін мемлекетер ХАС ты ұлттық ретінде қабылдайды.

2000 жылдың 16-шы наурызында, Алматы қаласында өткен ҚР аудиторларының бесінші республикалық конференциясында ҚХАС қарастырылып қабылданды.

“Қазақстандағы ХАС ” атты біздің нұсқамызды Халықаралық аймақтық бухгалтерлер федерациясымен Евразия аудиторлары барлық ТМД елдеріне негіз етіп алуға ұсыныс білдірді. ҚР аудитор палатасының Кеңесіне осы бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кодексін қабылдауды тапсырды. Қалыптасқан жағдайға қарай Аудиторлық қызмет туралы заңның бухгалтерлік есеппен аудитті жетілдіру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы ХАС қа өтудің тұжырымдамасын сайлады. ХБФ тың қолданылуына ұсынылған қолданыстағы барлық ХАС түпнұсқадан орыс және мемлекеттік тілдерге аударылды.

Аудиторық іс - тәжірибе жөніндегі Халықаралық комитет аудитті өткізудің халықаралық стандарттары ілеспе қызметті көрету бойынша стандарттардан тұратын нормативтік құжаттарды шығарады. 1994 жылдың шілдесінен бастап ХАС аудит стандарттарының кодификациясында 29 ХАС пен 4 ІҚС болса, кодтарды қайта қарастырып өзгерткеннен кейін олардың жалпы саны 2005 жыл басында 50 - ге жетті, оның ішінде олардың 38 - і ХАС қа, ал 12 - сі халықаралық аудиторлық іс тәжірибе бойынша ережеге негізделді.

1. 1. Аудиттің пәні, обьектісі және қызметі.

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит - бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс» (36, 4-6. ) .

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады»(11) .

Таным теориясына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оның ішінде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.

Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін ерекшеліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:

1) Ғылымның мақсаты мен мазмұны;

2) Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;

3) Зерделеу объектісі;

4) Ақпарат көздері.

Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке түлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.

Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау объектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит объектісіне шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының (немесе рас болмауының) толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады.

Бұл туралы ХАС (МСА) 200-де әлдеқайда рет-ретімен айтылған. Онда былай делінген: қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты - белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру (15) .

Бұл негізгі мақсат экономикалық әлеуетті, қаржылық ресурстарды, салықтарды дұрыс есептеудің талдауын, қаржылық жағдайды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді, шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістері мен шығыстарын, қызмет нәтижелері мен шығынды оңтайландыруды жақсы пайдаланатын резервтерді анықтаудың шарттары мен міңдеттері туралы клиентпен болатын арадағы келісімшартпен толықтырылуы мүмкін.

Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады.

Егер аудиттің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат - осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

1. 2. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары.

Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты 4 тізбекті бөлімнен тұрады: 1) негізгі постулаттар 2) жалпы стандарттар 3) жұмыс стандарттар 4) есеп беру стандарттары.

Негізгі постулаттар - бұл аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемесы ретінде қызмет етеді.

Олардың ішінде арнайы экономикалық әдебиеттерде ең маңызды делінетін мынадай негізгі постулаттар ұсынылады:

тексеруші орган өз қызметінде барлық мәселелері бойынша аудиторлық қызметтің стандарттарына сәйкес әрекет етуі керек.

аудиторлық (тексеру) органы еш қоспасыз өз пікірі болуы және тексеру барысында пайда болатын әртүрлі жағдайларды дербес бағалауы керек.

қоғамдық саны өскенде қоғамдық қаражат сеніп тапсырылған жеке тұлғаны немесе ұйымды бақылауға талап күшейеді; олардың елдің көзінше, яғни көпшілік алдында есеп беруіне және қаржылық-шаруашылық операцияларын дұрыс жүргізуіне қолдау көрсету.

есеп берушілікті дамыту ақпаратты алу, бақылау жүйесінің дұрыс жүргізілуі мен жетілуіне ықпалын тигізуі керек. Қаржылық есеп берулер жәнебасқа мәліметтер мазмұнының толық болуы мен формасының дұрыс болуына кәсіпорын басшысы жауап береді. Тексерілген (немесе тексерілетін) бірліктер қаржылық жағдайдың сипаты мен өз қызметінің нәтижелеріне, сондай-ақ жинау жүйесін әзірлеуге және ақпаратты әзірлеуге жауапты болып табылады.

басшылық пен үкіметтің тиісті органдары қаржылық есеп берулердің стандарттарын таратуға кепілдеме беруі керек.

есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде, яғни тізбектілік пен қолдану қаржылық жағдай мен қызмет нәтижелері туралы дәл қорытынды жасауға өз септігін тигізуі керек. Алайда аудитор есеп берулердің стандарттарын дәйекті түрде қолдануды әртүрлі қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен шынайылығына күмән келтіруге болмайтын дәлел ретінде қарастыра алмайды. Есеп берулердің анықтығы туралы қорытындыны аудитор тек өзінің зерттеулерінің негізінде ғана шығаруы тиіс.

ішкі бақылаудың бара-барлық (адекватной) жүйесі болғанда ықтимал қателіктер мен бұрмалаушылық ең төменгі деңгейде азаяды. Осыған байланысты аудитор ішкі бақылау құралы қабылданған нормаларға сәйкес келмесе немесе ол мүлдем жоқ болған жағдайда тексерілген бірлікке өз ұсынысын енгізеді.

заң актілері бақылаудағы қызметтерді жан-жақты бағалауды қажет болатын қолдағы бар ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін тексеруші органдары мен ревизия бірліктерінің ынтымақтастықта болуын мақсат етеді.

барлық аудиторлық қызмет заң актілерімен, келісім шартпен және басқа да нормативті құжаттармен белгіленетін өкілеттіліктің шегінен шықпауы тиіс.

тексеруші органдар аудит технологиясын жетілдіруге және шаруашылық операцияларына заңды болуына ықпал етуі керек. Аудиторлар кәсіпорында жүзеге асырылатын шаруашылық шараларын тексеру мен бағалау технологиясын, әдістерін жақсарту үшін ұдайы жұмыс істеуге міндетті.

тексеріші органдар аудитормен тексерілетін бірлік мүдделерінің қарама-қайшы келуінен сақтануы, яғни олардың арасында жанжалға жол бермеу керек. Ал бұл үшін аудитор мен аудиторлық стандарттар әдебі (этика) кодексіндегі тәртіптерді ұстанып, объективті тәуелсіз болуы қажет.

аудиторлық органдар зерттеу, бағалау және қаржылық есеп берудің жағдайы туралы қорытынды шығару жолымен тексерілетін ұйымның қаржылық қызметін аттестациядан өткізеді, шаруашылық қызметті оның қол жеткізген нәтижелерін жоспарлаған межесімен салыстырып, барлық ресурс түрін қалай пайдаланғаны ескеріп, үнемдеу, өнімділік және тиімділік мәселелері бойынша тексеруден өткізеді.

Жалпы жұмыс және есеп беру стандарттары

Жалпы стандарт - бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын талаптар:

даярлығы; құзыреттілігі; тәуелсіздігі; ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл беру.

Жұмыс стандарттары - бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алған ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:

аудиторлық тексеруге дайындалу;

қадағалауды жүзеге асыру;

анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;

ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары - қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді.

Мақсаттары мен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына формаларда жасалады:

а) қорытынды - қаржылық тексерушілердің (ревизия) нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы;

ә) есеп беру - шаруашылық қызметтері тексеру бойынша аудитордың тұжырымы;

б) хат - ұйым басқарушылары үшін;

в) ескерту - шығындау фирмалар мен кәсіпорындардың дирекциясы үшін.

Оның үстіне, тексеру немесе кеңес берудің жекелеген мәселелері бойынша анықтамалар жасалады.

Есеп берулердің мақсаты - елеулі қателіктерге ұрындыруы ықтимал есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру; құрылымдық кеңестер беру; болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау.

Есеп берулерде келтірілген ақпараттар дәл әрі анық, сенімді әрі құзыретті, тәуелсіз, объективті және сындарлы болып, басшылықты іс-қимылмен қамтамассыз етуі керек.

Фирма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен-жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөрі және күні көрсетілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақтылы өткізілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің ауқтылы өткізілуі мен стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсаттары мен ауқымы көрініс табуы қажет.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бақылаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Әрбір нақты аудиторлық (ревизиялық) орган сыртқы тексеру стандарттары оның мақсаттары мен міндеттеріне қаншалықты дәрежеде сәкестігін дербес анықтауы керек.

Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды:

өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру;

жекелеген салаларды ревизиялау;

бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т. б.

1. 3 ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар.

ХАС 510 Алғашқы тапсырмалар - бастапқа сальдо. Тексеруді алғаш рет жүргізетін жағдайда немесе мқұндай жұмысты істемегеніне бір жылдан астам уақыт өтсе, ондай кезде есепшот бойынша (бастапқы қалдықтар үшін) аудитордың жауапкершілігі анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық аудит стандарттарының мәні
Аудиторлық қызметтің негіздер
Аудит стандарттары
Қаржылық есеп беру аудиті
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
ҚР аудиторлық қызымет, жалпы стандарттарды және нормативтік құқықтық актілерді, аудитор құқықтары мен жауапкершілігін ашып көрсету
Ұзақ мерзімді активтердің аулиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz