Инновациялық кәсіпкерлік


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым

министрлігі

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі факултеті

5В050900-Қаржы

СӨЖ

Тақырыбы: Инновациялық кәсіпкерлік.

Қабылдаған: Табеев Т. П.

Орындаған : Умарбекова К. Р.

Алматы 2017

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім . . . 3-11

1. 1 Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері

1. 2 Кәсіпкерлік мәдениет және кәсіпкерлік құпияны қорғау әдістері

1. 3 Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу әдістері

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13

Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Ал, жаңашылдық ең біріншіден жаңалықпен немесе инновациямен тығыз байланыстыруға болады. Сондықтан кәсіпкерліктегі жаңашылдыққа жетудің тиімді тәсілі болып инновация болып табылады. Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибедегі ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынандай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Инновациялық кәсіпкерлік жоғарыда айтылған талаптарға толығымен тікелей қатысты. Кәсіпкерлік қызмет өндірісі кәсіпорын (фирма) звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай “фирма” ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: “фирма” термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда, ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Жалпы бұл тақырыпта инновация мен кәсіпкерлік ұғымдары туралы жазылған. Яғни, қазіргі кездегі нарық заманындығы кәсіпкерліктің инновацияға қатынасына көп көңіл бөлініп, нақты түрде түсіндіріледі.

1. 1 Инновациялық кәсіпкерлікте бизнес-жоспар құру ерекшеліктері

Белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынған әрекеттің реттелінген үлгісін "жоспар" деп атайды, демек жоспарлау дегеніміз-жаңа мүмкіндіктер арқылы мақсатты әрекеттерді біріктіру барысындағы жаңа жол мен әдістерді іздеудегі үздіксіз процесс.

Қандай да болмасын кәсіпорының басшысы әр уақытта да таңдаудың қажеттілігін сезінеді. Ол өткізу бағасының орынды болуын таңдайды, кредит алу жолдарын және инвестициялық саясатты қалай жүргізу керектігін шешу және көптеген мәселелерді шешуіне тура келеді. Экономикалық негізделген шешімді қабылдауға мүмкіндік туғызу үшін, кәсіпорында барлық ұсынымдардың есебі шығарылып және талданады, экономикалық іс-әрекеттердің болашақта алынатын қорытындылары қорытылып жазылады. Көптеген кәсіпорындардың басшылары (әсіресе шағындары) "бет алды жоспарлау" арқылы көп уақытты алудың қажеттілігі шамалы деп (яғни барлық іс-әрекеттерді қағаз бетіне түсіріп жатпай-ақ), экономикалық жағдайят аяқ астынан өзгеріп жататындықтан үнемі бірінші алынған әрекет жобаларына өзгертулер мен қосымшалар енгізіп жатуға бара бермейді.

Сөйтіп, басшылардың бүл бөлігі экономикалық озгерістердің жиі болуына қарай, уақытты барлық әрекеттерін қағазға жазғанынан гөрі ойда сақтап түруға да болады деп есептейді.

Бірақ ғалымдар, сол сияқты ірі кәсіпорындардың басшылары жоспарлауды ең жоғарғы іс-әрекеттің реттілігіне санап, жәй болса да (формальды жоспарлау) жоспарлап жазып қоюдың жөні бөлек екендігіне бас үрады:

- кәсіпорын басшысына алдағы уақытты ойлауға көмектеседі;

- кәсіпорнның қолға алған іс-әрекеттерін анық үйлестіруге жағдай жасайды;

- іс-әрекеттердің мақсатты көрсеткіш жүйелерін жасап, оны бақылауға мүмкіндік береді:

- кәсіпорнын аяқ астынан болып қалатын нарықтық өзгерістерге дайындайды;

- барлық лауазымды адамдардың міидетті жүмыстарын өзара ойланыстырады.

Сөйтіп, жоспарды іске асыру барысында сыртқы ғана емес, ішкі жағдайлардың өзгеруіне қарай өзгеріліп жатса да, жоспарды жасаудың қажеттілігі бар, ал жоспарлаудың езі үнемі өзгертулер мен түзетулерге толы болады. Егер біз келешекте бола қалатын жағдайдан кәсіпорнының қалыпты іс-әрекеті бұзылмауы үшін іс жоспар керек болады.

Жоспардың түзетілу мүмкіндігі үйреншікті іске айналуы қажет. (Адаптация - үйрену) - Бұл - кәсіпорнының өзгеріліп тұратын жағдайға үнемі үйреніп алу - жоспарлаудың ең басты проблемасы.

Жоспарды белгілі бір адамдар жасайтын болғандықтан, оның сапалы болуы оны жасаушы адамдардың білімі мен ақыл-ойларына байланысты болады.

Экономикада әр уақытта бір кәсіпорнының "енуі" және басқа біреуінің "тууы" процестері шулы болып өтеді.

Дегенмен, тәжірибеде барлық кәсіпорындар инвестицияларды тарту проблемасына тап болады (ақша қаржыларына), өйткені өзінің жаңа тауарды шығару үшін әдетте қаржысы жетпейді - кредит алуына тура келеді.

Нарықтық экономикада, әлеуетті инвесторларды кредит өсіруге көндіру үшін "бизнес-жоспар" жасалады. Жақсы жасалынған бизнес-жоспар кәсіпорнына өсуте көмектеседі, рынокте жаңа бағыттарға ие болуға көмектеседі. Бұл - үнемі әрекетте болатын құжат. Бұған өзгертулер, қосымшаларді. і кәсіпорны ішінде, сол сияқты сырттағы жағдайларға қарай жасай тұрады.

Бизнес-жоспардың ерекшелігі - стратегиялық құжат ретіндс

- кәсіпорнының нағыз қаржылық мүмкіндіктеріне қарип міндеттерді қоюындағы біркелкілігі болады. Мұндай жоспар толып жатқан маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды

- кәсіпорынның даму бағытының экономикалық тиімділігіи дәлелдеу;

- іс-әрекеттердің күткен қаржылық нәтижелерінің есебі (ең алдымен, капиталдың салымынан сату көлемі, алынатын пайда, кірістер) ;

- таңдап алынған стратегиялардың жүзеге асуынап қаржылаиуға белгіленген көздерді анықтау;

- осы жоспарды іске асыра алатын жүмыскерлерді таңдап алу.

Бизнес-жоспар тек ішкі жүмыстарға ғана пайдаланатыи құжат емес, мұны сондай-ақ инвесторларды және кредиттерді тарту үшін пайдаланады. Инвесторлар үшін бизнес-жоспар қысқа түрде ғана ("резюме") жасалады, осы жасалғаннан жобадаи ыағыз шындықты және іске асыру жолының тиімді екенін көруі керек.

Бизнес-жоспардың жасалуындағы бірінші қадамы болатын:

- кәсіпорнының дамуының мақсатын анықтау. Мысалы, егер кәсіпорны шығаратын өнімнің ассортиментін өзгерткісі келсс (қазіргі жағдайда көптеген біздің кәсіпорындарына тән нәрсе), онда оның мақсаты негізінен жаңа өнімді игеру мерзімін қысқартуға садды, шығаратын өнімнің көлемін өсіру, рынокқа тезірек кіріп, ескі өнімдерді ығыстыру. Келесі бөлімде инвесторға қажетті шығарылатын өнім және оны өткізетін рынок туралы мәліметтер беріледі.

Кәсіпорын сатуға беретін бизнес саласы мен өнімдерді, саланың сипаты мен шығарылатын тауар (немесе көрсетілетіи қызмет) үшін рыноктың коньюктурасын толық жазу қажет болады.

Мұнан кейін бұл жобаның бәсекеге тұрақтылығын дәлелдейтіндей етіп, инвесторды сендіруге мүмкіндік жасау керек. Бұл бизнес-жоспардың ең маңызды бөлімі болып есептеледі, өиткені кәсіпорын тек тауарды өткізіп қана қоимай, ары қарай тұтынушылар мүдделеріне сай қалай істерін дамытатындығын (жаңа тауарлар жасау бағдарламасында енгізіледі, технологияны қалай жаңартудың негізгі принциптерін, баға саясатын да қамтыйды) . Бизнес-жоспардың маңызды күнтізбелі (календарлық) жоспар болады, мұны венчорлік кесте" деп атайды. Мұнда басты құбылыстардың уак, ыты және өзара байланыстылықтары көрсетіледі де, жобаның иіуін қамтамасыз етеді. Календарлық жоспардан бөлек, жобаны "енгізудегі жүмыстардың уақытыы көрсететін, ай сайынғы кесте дайындалады (жауапты адамдарды көрсете отырып) . Календарлық жоспарда мүмкін болып қалатын қателіктердің себептерін көрсету қажет, егерде олар материалдық және ақша ресурстарына түзетулер енгізуді талап еткен жағдайда. Қандай да болмасын жаңа жұмыстардың дамуы кезінде шыға қалатын проблемалар мен тәуекелділікке баруды ерекше түрде баса айту мжет. Соңғы бөлімде, бұл жобаны кімнің және қалай қаржыландыратынын түсіндіреді. Инновациялық кәсіпкерлік − новаторлық функциямен байланысты кәсіпкерлік іскерліктің моделі. Кәсіпкердің ролі жаңалықтарды, бұрын−соңды болмаған өнімдерді экономикалық дәстүрлі факторларын (еңбек, жер және капитал) қолдана отырып табу болып табылады. Осылайша, новаторлық қызмет ең маңызды болып есептеліп қалыптасады. Яғни, бұл тақырып қазіргі таңда нарықтық экономиканың басты мәслелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыруда көптеген фирмалар жетістіктерге жетуде. Сондықтан да кез-келген бір фирманың, кәсіпкерліктің инновациялық қызметсіз жетістіктерге жетуі бүгінгі күнде екі-талай болып отыр. Инновациялық кәсіпкерлік пен инвестциялық іскерлік экономикалық өсудің негізін құрап, тауарлық нарықпен тығыз байланыста болады. Жаңалықтарды құру және олардың коммерциялық өткізілуі инновацияға қатысушылардың жұмыстарының эффектілігіне байланысты. Мәселенің қиындығы кез-келген масштабтағы интеллектуалдық өнімдердің жинақталуы жаңалық енгізуге өтпеуінен тұрады. Инновациялық процестің біреуінен екіншісіне өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік қасиеттері мен механизмдері бар жаңалықтар нарығын құрайды. Бұндай нарықтың қасиеті - "субьектік ақпараттанудың " мүмкіншілігі болып табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды.

1. 2 Кәсіпкерлік мәдениет және кәсіпкерлік құпияны қорғау әдістері.

Кәсіпкерлік мәдениет - субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Іскерік қарым-қатынас - белгілі бір нәтижеге жетуді, нақты проблеманы шешуді немесе анықталған мақсаттарды іске асыруды көздейтін, сондай-ақ қызмет, ақпарат, тәжірибе алмасу орын алатын, өзара байланысу және өзара әрекеттесу үрдісі. Іскерік қарым-қатынас әртүрлі нысандарда іске асырылады: 1. Іскерлік сұхбат; 2. Іскерлік келіссөздер; 3. Іскерлік жиналыс. Әмбебап этика - бұл кәсіби бейімділігі мен әлеуметтік функцияларына байланыссыз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер мен нормалар және қағидалар. Корпоративті этика - бұл әрбір компанияның қызметкерлерінің іс-әрекетінің мәдениеті, олардың сенімдері, дәстүрлері, әріптестермен және өздерінің арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейі.

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық дамуы мен тиімді қызмет етуі процесі олардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы қызметін жетілдіруге байланысты. ҚР-да кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігіне теріс әсер етуші негізгі факторларға келесі жатады:

  • Билік пен басқару органдарының қызметкерлерінің кәсіпорынның коммерциялық қызметіне белсенді арасуы;
  • Бәсекелестеріне ықпал ету үшін қылмыстық құрылымдарды пайдалану;
  • Ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың болмауы;
  • Кәсіпкерлік қызмет субъектілері жөнінде және олардың қаржылық жағдайы жөнінде объективті ақапараттың болмауы;
  • Кәсіпкерлік ортада бизнесті жүргізу мәдениетінің болмауы;
  • Бәсекелестері жөнінде қажетті ақпарат алу мақсатында оперативті және техникалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі;
  • Теріс бәсекеге қарсы тұруға мүмкіндік беретін заңдар болмауы.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың барлық басшылары экономикалық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру қажеттілігін бағалауға дайын емес. Қауіпсіздік ұғымы өмірлік маңызды көзқарастарды қорғау жағдайымен анықталады. Бірақ қоғамның санасында бұл облысты мемлекет пен арнайы органдар сферасына жатқызу орын алып келеді. Бұл мәселені осылайша дұрыс түсінбеу кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларының оны негізгі емес қызметке жатқызуына әкеліп соқтырады. Осыған байланысты көптеген басшылар кәсіпорындарда күзет құрылымдарын құрумен шектеледі, ал ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру-техникалық, құқықтық әдістері, құралдары мен тәсілдеріне көңіл бөлінбейді. Нәтижесінде коммерциялық құпияны қорғау сұрағы лицензиялық келісімдерде, ғылыми-техникалық өнімді құруға арналған мердігерлік келісім-шарттарда жиі қаралмайды, сондықтан коммерциялық маңызды ақпараттың таралып кетуіне әкеледі.

Жекелеген кәсіпорындарда ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету шаралары масштабы мен формалары бойынша әр түрлі және кәсіпорынның өндірістік, қаржылық және басқа мүмкіндіктеріне, қорғалатын құпиялардың көлемі мен сапасына байланысты болып келеді. Сонымен объектінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобасы біртұтас ұйымдастыру-техникалық кешенді құрайды. Оны қалыптастыру барысында объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету концепциясы немесе қауіпсіздік саясаты өңделеді. Оның негізін объектіні қорғау бойынша іс-қимылдардың жоспарын өңдеуге бағытталған міндетті шаралар тізімін құрайды:

  • Қауіпсіздік қызметінің құрамын анықтау;
  • Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымындағы қауіпсіздік қызметінің орны;
  • Қауіпсіздік қызметінің компетенциясы, құқықтары мен өкілеттілігі сферасы;
  • Құрылымдық бөлімшелер арасындағы конфликтілерді болдырмау бойынша іс-қимылдар варианттары.

Аталған жағдайлардың сақталуы кәсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Экономикалық қауіпсіздік саясаты ұйымдастыру көзқарасы тұрғысынан коммуникациялық пен есептеу-техникалық ресурстарын пайдалану әдісін дұрыс анықтайды, объектіге рұқсат алу ережесін анықтайды, құпия ақпаратпен жұмыс істеу ережесін анықтайды, сондай-ақ қауіпсіздік режимін бұзуды алдын-алу процедурасын мен оларға ықпал ету процедурасын анықтайды.

Қауіпсіздік саясатын жүзеге асыру ұйым қызметкерлері мен басшыларының бірлекскен қызметінің нәтижесін білдіреді және қауіпсіздік саясатының жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етеді. Қауіпсіздік саясатының әрекетіне әсер етуші маңызды фактор ретінде персоналдың оның талаптарын орындауға дайындығы, қауіпсіздік режимін ұстап тұру бойынша оның міндеттерінің әрбәр персоналға жеткізілуі есептеледі. Қауіпсіздік саясатының сақталуы әрбір мәселе бойынша жауаптының болуымен кепілденеді.

Қауіпсіздік саясатының барлық негзгі қағидалары сәйкес құжаттарда бекітіледі. Оның құрамы мен мазмұны объектінің ерекшелігімен анықталады. Бірақ, бірде-бір ұйым коммерциялық құпия жөнінде, ақпаратты қорғау жөнінде, жүйенің қауіпсіздігі жөніндегі, ақпаратқа рұқсатты шектеу бойынша, құпия ақпарат өңделуші бөлімге персонал мен бөгде адамдардың рұқсатын шектеу бойынша ережелерінсіз, қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізу тәртібінсіз қызмет ете алмайды.

1. 3 Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу әдістері

«Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу» нарықтық қатынастардың тиімді қалыптасуын қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етудің әдістері мен тетіктерінің көмегімен мемлекеттің елдің экономикалық өміріне қатысуының формаларын зерттейді.

Нарықтық қатынастарға өту кезінде экономиканы мемлекеттік реттеу әсіресе экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде-меншікті, материалдық өндірісті, еңбек нарығын, қаржы нарығын реформалау, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру кезінде қажет. Сонымен қатар табиғатты пайдалануды, сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу керек. Мемлекет экономиканы құрылымдық қайта құру үдерісін нарықтық қатынастардың басты мақсатына-әлеуметтендіру және тұрғындардың материалдық әл-ауқатын жоғарлатуға сәйкес реттеу қажет.

Қазіргі уақытта қазақстандық биліктің барлық деңгейлерінде мемлекеттік саясат ашық, бәсекелес және нәтижеге бағытталған болуы тиіс деп айтылып жатыр. Бұл пәнді оқыту өзектілігі Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа идеологиялық негіздердің қалыптасуына негізделген. Пәнді зерттеу барысында мемлекеттік саясат пен басқарудың құрылымдық талдауы жүргізіледі, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін- өзі басқарудың отандық және шетелдік жүйелеріне салыстырмалы талдау жасалады.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған: - тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы; - тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы; - сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады. Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады. Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді. Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді. Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық дамыту басқармасы
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы мен мәселелерi
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту. Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Қазақстан Республикасында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz