Конфликт түсінігі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Адамдар ерте заманнан бастап жер бетінде қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер жойылып, бейбіт өмір болса екен деп армандаған. Бірақ, асқақ армандарына қарамастан, олар уақыт өте келе қайта-қайта қақтығыстар мен соғыстарға тап болып отырады. Дегенмен, зұлымдық түбірімен жойылар деген үміт үзілмеді.

Ең бір күрделі деген жанжалдарды соғыссыз шешіп отырған, тарихтан белгілі Соломон патша секілді басқарушылардың есімдері әлемге әйгілі болды.
Конфликтология қоғамдық өмірдің әр сферасында пайда болатын конфликтілердің себептерін, мәнін, динамикасы мен формаларын зерттеп, алдын-ала ескерту мен шешу жолдарын қарастыратын, қажетті деңгейде дамыған, көпсалалы дисциплинасымен ерекшеленетін ғылым саласы. Оның зерттеу объектісі - конфликт барлық формасында, ал зерттеу пәні - кез-келген әлеуметтік конфликтінің пайда болуы, дамуы мен аяқталуы туралы ой толғау.
Өмір сүру - күресу деген сөз Сенека
Конфликт - күрделі және көпсалалы әлеуметтік феномен болып табылады. Мұнда бірнеше тараптан бір немесе бірнеше ортақ қызығушылықтармен біріккен қатысушылар болады: индивидтер, әлеуметтік топтар, ұлттық-этникалық топтар, мемлекеттер, мемлекеттер тобы. Конфликттер әр түрлі себептерге және мотивтерге байланысты болады, мысалы: психологиялық, экономикалық, саяси, құндылықты, діни және тағы да басқа. Онымен қоса әрбір тұлға іштей қарама-қайшылықтар мен стресстерге жақын келетінін де ескеруіміз керек. Мысалы, бірнәрсені бар ынтаңмен қалай тұра, олай жасауға болмайтын жағдайлар кімде болмайды? немесе жаңадан бастап өз ісіңмен айналысқың келеді, бірақ, барыңнан айрылып қалмаймын ба? немесе қолымнан келмей қалмайды ма? деген қорқыныш кімде болмайды? Маңыздылығы бойынша екі бірдей құндылықтың біреуін таңдау керек болады т.б.
Конфликттердің осындай негіздерінің, формаларының, кезеңдерінің, мақсаттарының көптүрлілігі әсерінен конфликт түсінігі мен оның типологиясын анықтауда қиындықтар туындайды.
Конфликт - қызығушылықтары (қажеттіліктері, мақсаттары, идеалдары, түсініктері) мен көзқарастары қарама-қайшы келетін субъектілердің қатынасы әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның пайда болу жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтап алу керек. Конфликт әрқашан өзара қарама-қайшы келетін қызығушылықтар мен көзқарастардың әсерінен пайда болады. Конфликтінің пайда болуына әсер ететін жағдайлардың қатарына қарама-қайшылықтарды жатқызуға болады.
Конфликтіге бір-біріне өзара зақым(моральды, материалды, психологиялық) келтіру арқылы көрініс табатын әлеуметтік қарым-қатынас субъектілерінің күресі тән.
Әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері арасында қарама-қайшы келетін көзқарастарының, қызығушылықтарының және келіспеушілік жағдайының болуы конфликтінің пайда болуына қажетті және жектілікті жағдай болып табылады.
Конфликтінің негізгі құрылымдық элементтері:
- конфликтіге түсуші жақтар;
- конфликтінің пәні;
- конфликтілі жағдайдың кейпі;
- конфликтінің мақсаттары;
- конфликтіге түсуші жақтардың позициялары.
Конфликтіге түсуші жақтар деп тікелей қызығушылықтары бұзылған әлеуметтік қарым-қатынас субъектілері немесе ашық түрде конфликтіні қалап тұрған субъектілер есептеледі.
Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.).
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.
Мысалы: кез-келген ресурсты бөлу. Егер, бұл ресурсты бөлудің ережесі болып, барлық қатысушылар сол ережемен келісетін болса, онда ешқандай мәселе де, дау-дамай да туындамайды.
Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе, ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылы шешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.
Конфликтілік жағдай және қандай да бір оқыс оқиға - конфликтінің туындауына алғышарт ретінде.
Екі немесе одан да көп субъектілер көзқарастарының айырмашылықтары бар екенін түсініп қана қоймай, өзара қарсы күрес жүргізгенде ғана конфликт пайда болады. Көзқарастар мен қызығушылықтардың бір-біріне қарама-қайшы келуі және екі жақтың оны саналы түрде түсінуі конфликтінің шығуына жеткіліксіз. Конфликтінің басталуына әлеуметтік жүйедегі шиеленісті жағдайдың туындауы алғышарт болады.
Болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы, яғни, айқын көрінетін шиеленіске айналуы конфликтілік жағдайды туындататын даулы әрекеттің субъектісі пайда болғандығының айқын көрінісі.
Субъект дегеніміз - билікке, материалды немесе рухани байлыққа байланысты қарсыласына қарағанда өзінің әділетсіз қатынасын саналы түрде түсінетін әлеуметтік топ немесе индивид.
Бірақ, конфликтілік жағдайдың субъектісі конфликтінің обьектісін құрайтын өмірлік маңызы бар ресурстың жетіспеушілік фактісін индивид немесе белгілі бір топ саналы түрде түсініп немесе сезінгенде пайда болады. Оның үстіне конфликтінің пайда болуы үшін өздерінің мақсаттарына жету үшін субъекті тарапынан жасалатын активті іс-әрекет болу керек.
Конфликтінің басталуына қажетті компоненттер:
1. Конфликтінің обьектісі әсер еткен конфликтілі жүйедегі болуы мүмкін шиеленісті жағдай;
2. конфликтінің обьектісі;
3. болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы шиеленіске айналуы;
4. осының негізінде конфликтілі жағдайдын пайда болуы;
5. қатысушы әлеуметтік топтардың қызығушылықтарының қарама-қайшылығын түсініп, конфликтінің субъектісін туындатуы;
6. шынайы конфликтілі әрекеттің басталуына әсер етуші жанжалдың туындауы;
7. конфликтілі әрекет.
Адамдардың көзқарастары мен кейбір оқиғаларды қабылдаудағы және бағалаудағы айырмашылықтары даулы жағдайдың туындауына әкеліп соқтырады. Егер сол кездегі жағдай ең болмаса қатысушы бір жақтың көздеген мақсатына жетуге кедергі келтіретін болса, конфликтілі жағдай туындайды. Кез-келген конфликтінің басталуына конфликтілі жағдай алғышарт болады, бірақ, барлық конфликтілі жағдай конфликтіге айнала бермейді.
Қалыптасқан қарама-қайшылықтың конфликтілі жағдайға айналуына қажет:
- конфликтілі әрекет қатысушыларына жағдайдың маңыздылығы;
- қатысушы бір жақтың көздеген мақсатына жетуге екінші бір жақтың кедергі келтіруі;
- қалыптасқан кедергіге байланысты ең болмаса қатысушы бір жақтың жеке немесе топтық төзімінің таусылуы.
Конфликтілі жағдай қарама-қарсы мақсаттарға ұмтылу, оған қол жеткізу үшін әр түрлі әдістерді қолдану, қызығушылықтардың келіспеушілігі осы сияқты т.б. қатысушы жақтардың қарсы позицияларының болуын қарастырады. Мысалы, алдағы уақытта болатын штаттың қысқартылуына байланысты өткізілетін аттестация, біліктілікті арттыруға кандидатураны таңдау.
Көп мөлшердегі конфликтілі жағдайлар тек, белгілі бір жағдайларда іс-әрекет қатысушыларының қызығушылықтарының балансы бұзылған кезде ғана конфликтіге айналады.
Конфликтілі жағдай - конфликтінің пайда болуына жасалған жағдай. Мұндай жағдайдың конфликтіге айналуына сыртқы әрекет, түрткі және шиеленіс қажет [4].
Инцидент(себеп) - қарсы жақтың қызығушылықтарына кедергі келтіретін, қатысушы жақтың іс-әрекеті болып табылады. Үшінші жақтың да әрекеттері индицент ретінде есептелуі мүмкін. Мысалы, басшылықпен қиын сұхбат болған кездегі жұмыстасыңның ашуды келтіретін сөздері.
Инцидент қатысушы жақтардың қалауынсыз, аяқ астынан шығуы мүмкін(ақауы бар тауардың шығарылуы) немесе қарым-қатынас орнатудың жолдарын білмеген жағдайда.
Конфликтінің мәнін түсіну үшін оның негізгі сипаттарын анықтап алу керек.
Конфликтінің сипаттары: қатысушы жақтар конфликтілі ретінде қабылдайтын жағдайдың болуы; конфликт обьектісінің бөлінбеуі, яғни, конфликт обьектісі конфликтілі қарым-қатынас қатысушылары арасында бөлінбеуі керек; өздерінің мақсаттарына жету үшін қатысушылардың конфликтілі қарым-қатынасты жалғастыруға деген ниетінің болуы.
Конфликтінің сипатты көрінісі қатысушы жақтар мақсаттарының айырмашылығы, нәтиже мен қарсы жақтар әрекеттерінің белгісіз болуы. Конфликтінің басталуы қарама-қарсы жаққа бағытталған іс-әрекетке байланысты. Екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсініп, қарсы әрекет ететін болса, конфликт басталады, егер, ешқандай да қарсылық жасалмаса, онда бұл конфликтілі жағдай болады.
Конфликтінің басталуы мынандай шарттарға байланысты: бірінші қатысушы саналы түрде әрекет жасап, екінші қатысушыға денесіне немесе ақпарат беру арқылы зақым келтіреді; екінші қатысушы бұл әрекеттердің өзіне бағытталғанын түсінеді; екінші қатысушы жауап ретінде қарсы іс-әрекеттер жасауға кіріседі. Міне, осы кезден бастап, конфликт басталды деп айтуға болады.
Сәйкесінше, егер тек бір ғана қатысушы әрекет етіп немесе екі жақ та тек ойша әрекеттер жасаса(іс-әрекеттерді жоспарлау, болатын оқиғаны болжау), онда конфликт болмайды. Конфликт тек, екі жақ та бір-біріне қарама-қарсы белсенді әрекеттер жасағанда басталады. Оған дейін конфликтілі жағдай болады.
Конфликтінің дамуы қатысушы жақтардың саны мен құрамының, кейде тіпті, конфликт себебінің біртіндеп өсуіне байланысты болады. Кішігірім конфликтілі жағдай екі субъектіні араластырады. Екі жақ өздерінің куәгерлері мен заңгерлерін қатыстырады. Одан кейін кәугерлердің қызығушылықтары қарастырылады. Сөйтіп, қатысушылардың да қызығушылықтардың да саны артады. Конфликтінің аяқталуы - конфликтінің басталуына әсер еткен себептерге қарамастан, конфликтіге түскен қатысушылардың барлық іс-әрекеттерді доғаруы.
Конфликтілі қарым-қатынастың объективті және субъективті құрамдас бөліктері.
Конфликтінің құрылымы - оның тұтастығы мен әлеуметтік өмірдің басқа құбылыстарынан айырмашылығын қамтамасыз ететін конфликтінің тұрақты байланыстарының жиынтығы. Бұл жиынтықсыз конфликт динамикалық өзара байланысты жүйе және процесс ретінде өмір сүре алмайды.
Конфликтінің құрылымдық анализін жүргізгенде оның объективті және субъективті құрамдас бөліктерін ажыратып қарастырған жөн.
Объективті бөлігіне қатысушыларды, конфликтіге себепші затты, мәселені, инцидентті және жағдай болып жатырған әлеуметтік-психологиялық ортаны жатқызады. Ал, субъективті(психологиялық) бөлікке мақсатты, қажеттіліктерді, мотивтерді, қызығушылықтарды және қатысушылардың құндылықтарын жатқызуға болады. Конфликтіге себепші мәселе конфликтінің негізі болып табылады.
Конфликтінің объектісі ретінде қатысушы жақтардың әрқайсысы қол жеткізуге үміттенетін, сол арқылы жақтардың арасында қарама-қайшылық туындататын немесе бір жақтың мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін нәрселер(ресурстар, мүлікке иелік ету құқығы, шешім қабылдау құқығы, жаңа лауазым және т.б.) түсініледі. Кез-келген конфликтінің қозғаушы күші адамдар, яғни, конфликтінің қатысушылары болып табылады. Қызығушылықтары бұзылған конфликтілі әрекеттің қатысушылары конфликтінің субъектісі болып танылады. Олардың рөлінде жеке тұлға, топтар, бөлімдер немесе тұтастай ұйым болуы мүмкін.
Конфликтілі жағдайға қатысу деңгейіне қарай субъектілердің мынандай категориялары қарастырылады: негізгі қатысушылар, қолдаушы топтар және басқа қатысушылар.
Негізгі қатысушылар конфликт барысында бір-біріне тікелей белсенді түрде әрекет етеді.
Негізгі қатысушылар арасында бөлінеді:
1. Оппонент (өзінің проблемаларының шешілмейтіндігіне көзі жеткен конфликтінің қатысушысы);
2. Қарсылас (басқаға кедергі келтіру арқылы өзінің қызығушылықтарын іске асыруға тырысатын оппонент);
3. Агрессор (агрессивтілік көрсетуші қарсылас);
4. Жау (қарсылас жақты толығымен жойып жіберуді мақсат тұтатын қарсылас).
Кей кезде конфликтіні ұйымдастырушы болады. Оны конфликтінің инициаторы деп атайды. Конфликтіде оппоненттің өзінің мақсаттарына жету мүмкіндіктері, оның таныстары, физикалық және әлеуметтік мүмкіндіктері, білімі арқылы бағаланатын күші, конфликтілі жағдайлардағы тәжірибесі оппоненттің рангы деп аталады.
Қолдау көрсетуші топқа оппонеттердің артында тұрған күштерді, белсенді әрекет етушілер мен моральды қолдау көрсетушілерді жатқызуға болады. Олар көбіне достары мен коллегалары болуы мүмкін.
Басқа қатысушыларға оқиғаның қай бағытта өрбитіндігіне әсер етушілер жатады: арандатушылар, ұйымдастырушылар, конфликтінің медиаторлары. Арандатушы қатысушыларды конфликтіні бастауға итермелейді. Ұйымдастырушы нақты іс-әрекеттерді жоспарлау арқылы конфликтінің барысын қадағалайды. Медиатор (арадағы адам, судья) конфликтіні шешуге тырысады.
Объективті құрамдас бөліктерге орта жағдайы, яғни конфликт пайда болған макро және микроорта жатады. Орта жағдайына анализ жасаған кезде ең бірінші әлеуметтік-психологиялық ортаны, соның ішінде сол адам өкіл болып табылатын әлеуметтік топты немесе жақын араласатын адамдарды есепке алады. Орта жағдайларын есепке алу сол конфликтінің мәнін түсініп, писхологиялық құрылымын тереңірек зерттеуге септігін тигізеді.
Субъективті(психологиялық) құрамдас бөліктерді зерттеу конфликтінің құрылымдық анализін жасаған кезде аса жоғары қызығушылық туындатады.
Мотив субъектіні конфликтілі жағдай туындатуына итермелейтін оппоненттің қызығушылықтарын орындауына байланысты болатын ішкі және сыртқы жағдайлардың есебінен анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агрессия түсінігі
Агрессия конфликттің алдын алу
Конфликттің жалпы түсінігі
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Конфликт - әлеуметтік-психологиялық фенамен ретінде
Оқытушы мен студент өзарақатынасындағы тұлғалық кедергілерді эксперименттік тұрғыда зерттеу
Конфликттік жағдай
Іскерлік кездесулер
Өзіңді сезімге, ашуға билетпе
Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану
Пәндер