Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Дипломдық жҰМЫС
мамандығы 5В0012000 - Кәсіптік оқыту
Астана 2015
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын
мамандығы 5В0012000 - Кәсіптік оқыту
Орындаған
Ғылыми жетекшісі
п. ғ. д. профессор
Астана 2015
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ
Факультет Кафедра
Мамандығы
(шифр, атауы)
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
қолы аты - жөні
(күні, айы, жылы)
Студент
(тегі, аты, әкесінің аты)
дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша
тапсырма
Жобаның (жұмыстың) тақырыбы
«___»20___ж. № бұйрықпен бекітілді
Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі
Жобаның шығыс мәліметтері
Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)
Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)
Ұсынылған негізгі әдебиет
Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)
Тапсырманың берілу күні
Жобаның жетекшісі
Қолы, аты-жөні, лауазымы
Тапсырманы орындауға алған студент
(студенттің аты-жөні, қолы)
МАЗМҰНЫ
Нормативтік сілтемелер . . . 6
Анықтамалар . . . 7
Қысқартулар мен белгілер . . . 8
Кіріспе . . . 9
1 Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 14
1. 1 Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мәселесінің зерттелу деңгейі . . . 14
1. 2 Өздік жұмыстардың мазмұндық сипаттамасы . . . 18
1. 3 Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың ерекшеліктері . . . 26
2 Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінде білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу . . . 39
2. 1 Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжі туралы мәлімет . . . 39
2. 2 Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 41
3 Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі . . . 43
3. 1 Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмаларды пайдалану тәжірибесі . . . 43
3. 2 Білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру нәтижелерi . . . 49
4 Экономика . . . 56
5 Қоршаған ортаны қорғау . . . 60
6 Еңбек қорғау . . . 70
Қорытынды . . . 82 Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 84
Қосымшалар . . . 88
Нормативтік сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесідей нормативті құжаттарға сілтемелер жасалынды:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Қазақстан, 1995. - 48 б
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 27. 07. 2007ж. (18. 02. 2014 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, 07. 12. 2010 ж.
- Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы ҚР Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген.
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі http://adilet. zan. kz/kaz
- Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 Жарлығы//http://adilet. zan. kz/kaz
- Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030» даму стратегиялық бағдарламасы. - Алматы: Білім, 1997. - 96 б.
- "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан// http://adilet. zan. kz/kaz
Анықтамалар
Дипломдық жұмыста келесідей анықтамалар қолданылды:
Өзіндік жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл- ой және іс- тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.
Өзіндік жұмыс - оқыту негізінде енгізілген оқушылардың өздік жұмысы- мұғалімнің тікелей қатынасуынсыз орындалатын жұмыс; бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тырысады.
Өзіндік жұмыс -оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз орындауы.
Ө зіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз - бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс- әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративті білімі.
Шығармашылық - қайталанбас тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет.
Шығармашылық жұмыс - оқушының ойлау қабілетін, ақыл-ой және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті.
Шығармашылық дербестік - жеке тұлғаның танымдық қажетсінуі мен қызығушылығын, белсенділігі мен танымдық іздемпаздығын қамтитын сан қырлы білім алуынан көрінетін, күрделі шығармашылық қалыптасуымен аяқталатын интеллектуалдық қабілет.
Ақпараттық технология - ақпараттық ресурстарды қолдану процесін жеңілдетуге, олардың қауіпсіздігі мен жылдамдығын арттыруға бағытталған, ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату жұмыстарын атқаратын технологиялық тізбекке біріктірілген әдістердің, өндірістік процестердің және программалық-техникалық құралдардың жиынтығы.
Қысқартулар мен белгілер
Дипломдық жұмыста келесідей қысқартулар мен белгілер қолданылды:
ҚР - Қазақстан Республикасы
ОӘЖ - Оқытудың әдістемелік жүйесі
ЮНЕСКО- Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда білім беру ісін жаңартудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты - өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан білім алушыларды шығармашылық тұрғыдан өз бетімен әрекет жасауға үйрету бүгінгі күннің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Өздік әрекет, өздік жұмыс мәселесі туралы көне грек философтары Сократ, Платон, Аристотель, т. б. құнды идеялар айтқан болатын. Олар баланың өз бетімен білім алуының мәнділігін ерекше атап көрсеткен.
Сонымен бірге білім алушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрете отырып, олардың дербестігін дамыту мәселесі классикалық педагогиканың көрнекті өкілдері Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, А. Дистервегтің, К. Д. Ушинскийдің және т. б. еңбектерінде жалғасын тапты.
Білім алушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру мәселесі қай уақытта болмасын педагогика ғылымының көкейкесті проблемалары санатынан шыққан жоқ және ол бүгінгі күнде де аса маңызды. Әр жылдары бұл проблемалармен көрнекті дидакт-ғалымдар, психологтар мен әдіскерлер айналысып, өз зерттеулерінің объектісі етіп алған (Б. П. Есипов, М. И. Махмутов, П. И. Пидкасистый, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Х. Аренова; психологтар Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов, Т. Тәжібаев, сондай-ақ әдіскерлер А. Е. Әбілқасымова, М. И. Моро, В. К. Буряк, Н. К. Калашникова, т. б. ) .
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - білім алушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық - тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2050» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және білім алушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі - шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады.
Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.
Білім алушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым саласына қатысты қабілетін дамытуға, алған білімін өз бетінше жетілдіруге, толықтыруға және оны жаңа жағдайларға шығармашылықпен қолдана білуге мүмкіндік жасау қажет. Сондықтан шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру педагогика ғылымының өзекті проблемасы ретінде біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынады.
Жоғарыда аталған педагог-ғалымдардың еңбектерінде оқытудың мақсаты білім алушыларға «оқу» деңгейінен «өздігінен білім алу» деңгейіне мүмкіндік беретіндей нақты шығармашылық әрекеттерді меңгеру екендігі айтылған. Бүгінгі Колледж үшін білім алушылардың өздік жұмыс мәселесі жаңалық емес, бірақ қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құруларға байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай оқыту әдістерін, құралдарын жетілдіру аса қажет. Демек, зерттеу жұмысының көкейкестілігі Қазақстандағы жаңаша білім беру жүйесіне сәйкес білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу үдерісін жетілдіруге ықпал ететін шығармашылық тапсырмалардың мазмұнын анықтау және сапасын арттыру қажеттілігіне байланысты тәжірибе талабынан туындайды. Мұның өзі зерттеу тақырыбын «Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру (Астана қ. «құрылыс-техникалық колледж» базасында) » деп анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеу мақсаты: шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздерін жүйелеп, эксперимент арқылы сынақтан өткізу.
Зерттеудің міндеттері:
- білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу мәселесінің зерттелу деңгейін айқындау;
- өздік жұмыстардың мәнін нақтылау және түрлеріне сипаттама беру;
- шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау;
- шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасап, оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;
- эксперимент нәтижелеріне талдау жасап, соның негізінде ұсыныстар қатарын әзірлеу.
Зерттеу нысаны: Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінде шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің оқу-тәрбие үдерісінде арнайы жасалынған шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі іске асырылса, онда олардың білім, білік, дағдысын жаңа сапалық нәтижеге арттыруға мүмкіндік туады, өйткені шығармашылық тапсырмаларды пайдалану білім алушылардың өз бетімен әрекет ету қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Жетекші идея : колледждің оқу-тәрбие үдерісінде шығармашылық тапсырмаларды қолдану білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы, тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, ақыл-ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру теориясы, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; шығармашылық теориясының қағидалары, тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің рөлін анықтайтын білім берудің жалпы теориясы болып табылады.
Зерттеудің деректі көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың таным, білім, тұлға мен оның әрекеті, этнопедагогика туралы ғылыми зерттеу еңбектері, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім мазмұнының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретің Колледжтің даму тұжырымдамасы, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері, интернет арқылы алынған ақпараттар.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, теориялық моделдеу, Колледж құжаттарын зерделеу, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу), педагогикалық іс-тәжірибені талдау, тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, математикалық-статистикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы: шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың зерттелу деңгейі айқындалды; тақырыпқа байланысты негізгі ұғымдардың мәні нақтыланды.
Зерттеудің практикалық маңызы: колледж оқытушылары үшін шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалып, тәжірибе жүзінде іске асырылды. .
Зерттеу нәтижелерiнiң дәйектiлiгi мен негiздiлiгi зерттеу әдiсiнiң қойылған мiндеттерге сәйкес iске асырылуымен, зерттеу нысанына қатысты ғылыми еңбектердi талдаумен, алынған педагогикалық эксперимент нәтижелерiне математикалық өңдеулер жасалумен қамтамасыз етiлдi.
Зерттеу базасы : Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжі.
Зерттеудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:
- кафедрада тақырыпты бекіту, оны негіздеу;
- жұмыстың теорялық бөлімімен жұмыс, зерттеу әдістемесін таңдап алу;
- дипломдық жұмыстың эксперименттік бөлімін жасау, оны ұйымдастыру, сынақтан өткізу;
- зерттеу жұмысын жинақтау, жазуды аяқтау және оны кафедра мәжілісінде талқылаудан өткізу.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдіснамалық негізі мен зерттеу әдістері беріледі, зерттеудің ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңызы, зерттеу кезеңдері, дипломдық жұмыстың құрылымы көірініс алады.
«Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу мәселесінің зерттелу деңгейі айқындалды, өздік жұмыстардың мәні анықталады және оның түрлеріне мазмұндық сипаттама беріледі, сонымен бірге шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың ерекшеліктері ашып көрсетіледі.
Екінші бөлімде Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінде білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне жүргізілген зерттеулер талданды.
«Шығармашылық тапсырмалар арқылы білім алушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі» атты екінші бөлімде Астана қаласындағы құрылыс-техникалық колледжінің оқу үдерісінде шығармашылық тапсырмаларды пайдалану тәжірибесі анықталды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мазмұны мен кезеңдері айқындалып, нәтижелерін Колледжтің бастауыш сатысындағы оқыту үдерісіне енгізу жолдары көрсетілді.
Қалған бөлімдерде экномикалық негіздеме жасалып, қоршаған ортаны және еңбек қорғау негіздері көрсетілді.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері негізінде әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада эксперимент барысында пайдалынылған шығармашылық тапсырмалар мен сауалнама ұсынылды.
1 Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу мәселесінің зерттелу деңгейі
Тұлғаның өздік іс-әрекетінің мазмұндық сипаттамасын теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу аталмыш мәселені педагогикалық-тарихи жағынан талдауды керек етеді. Кез келген педагогикалық тұжырымдаманы негіздеу педагогика ғылымы мен практикасының әлемдік және ұлтттық тәжірибелеріне талдау жасау негізінде құрылады. Жоғарыда аталған жағдайлар педагогикалық-тарихи міндеттердің мәнін нақтылауға мүмкіндік береді:
- Әлемдік ғылым бастауларында өздік іс-әрекет мәніне көзқарастарды қарастыру;
- Ресей және Қазақстандағы қоғамдық- педагогикалық қозғалыста өздік іс-әрекетті әлеуметтік-экономикалық категория ретінде түсіндіретін жетекші идеяларды зерттеу;
- Қазақстанда педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңінде өздік жұмыс мәселелеріне қысқаша шолу беру.
Аталмыш міндеттер тәуелсіз мемлекетте прогрессивті ағымдардың қалыптасу жағдайында педагогиканың қажеттілігінен туындап отыр.
Екінші міндет қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды реформалау, қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың дамуы кезеңінің (ХІХғ. және ХХғ. ) ерекшеліктермен байланысты. Біздің пікіріміз бойынша, аталмыш кезең Қазақстандағы демократиялық қозғалыстың қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Жалпы, педагогика ғылымында өздік жұмыс және оны оқыту үдерісінде ұйымдастыру мәселесінің бай тарихы бар. Осы мәселе бойынша ғылыми педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау оның негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Бірінші бағыт өкілдері ретінде Ежелгі грек оқымыстыларын (Архимед, Аристоник, Платон, Аристотель) атауға болады, өйткені олар баланың өз бетімен әрекет етуінің мәнділігі мен оның жеке тұлғаны дамытудағы ролін айқындап берді. Ұлы ойшылдардың еңбектерінде адамның ойлауы өз бетімен жұмыс істеу әрекетінде ғана дұрыс дамитыны, жеке тұлғаны жетілдіру және оның қабілеттерін дамыту өздігінен танып-білудің нәтижесінде ғана мүмкін болатыны, мұндай іс-әрекет балаға қуаныш пен ләззат сыйлап, оның жаңа білімді алуға немқұрайлы қарауын шектейтіні нақты тұжырымдалған. Аса маңызды бұл идеялар өздік жұмыс мәселесінің құндылығын дәлеледеп, оның әрі қарай зерттелуіне жол ашып берді.
Өздік жұмыс туралы ежелгі грек философтарының бастамасы әрі қарай Франсуа Рабе, Мишель Монтень, Томас Морр, Томаза Компонелла еңбектерінде жалғасын тапты. Бұл ойлар орта ғасырдағы Колледждерде схолостика, догматизм, жаттандылықтан арылу үшін баланың дербестігін қалыптастыру талабынан туындаған еді. Ол үшін балаға өздігінен жаңа білім алып, заттың дәмін өз бетімен татып көру керек, яғни танымның жолын өзі таңдағаны жөн [1] .
Екінші бағыт Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, А. Дистервег еңбектерінен [2] бастау алады. Олардың негізгі идеясы - білім алушыларды өздік жұмысқа тартудың ұйымдастырушылық-практикалық мәселелері болып табылады. Бұл бағыттың өкілдері балаларды оқыту барысында өздік іс-әрекетке баули отырып, олардың жеке ерекшеліктерін, шығармашылығын дамыту туралы мәселені қозғап, оның практикада шешімін табудың жолдарын іздестіреді.
Білім алушылардың өздік жұмыс іс-әрекетінің мәні туралы ой-пікірлерді одан әрі дамытуда А. Н. Радищев, П. И. Пестель, И. Д. Якушкин және басқа да демократ-ағартушылар көп үлес қосты, олар өз бетінше ойлай алатын, ұжыммен, ұйымшылдықпен әрекет етіп, өз ісіне есеп бере алатын, белсенділігі мен ізденімпаздығы бар жастарды Колледж қабырғасында дайындау қажеттігін айтты.
Үшінші бағыт К. Д. Ушинский еңбектерінен [3] бастау алады, өйткені ондағы негізгі психологиялық-дидактикалық қағидалар бүгінгі күндегі білім алушылардың өздік жұмысы табиғатының мәселелерін көтереді. Бұл бағытты шартты түрде психологиялық-дидактикалық деп атауға болады, өйткені бұл бағыттың өкілдері білім алушылардың өздік жұмыстарын оқыту барысында ұйымдастыруды психологиялық заңдылықтармен байланыстырады.
Аталаған бағыт білім алушылардың өздік жұмысы туралы мәселенің әрі қарай дамуында озық педагогикалық ойлардың арқауы болды.
Оқыту барысында білім алушылардың өздік жұмыстарының жекеленген тұстарын ашып көрсетуге, оқытудың тәсілдерін бірізділікпен сипаттауға, оны білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында пайдалануға және оған философиялық-психологиялық, физиологиялық және дидактикалық тұжырымдама беруге талпыныстар мен ұмтылыстарды ең алғаш рет К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы озық ойлы педагогтар жасады.
К. Д. Ушинский оқытудың догматикалық әдістері мен Колледжде құрғақ жаттауды қатты сынады. Ол мұғалімнің де, білім алушының да жұмысын, іс-әрекетін шығармашылық үдерісс деп қарастырды. Ал оның негізі - ойдың, ақылдың жұмысы. Оқу - еңбек және күрделі еңбек болуға тиіс, бірақ оқудың қызықтылығы терең ақыл-ой жұмысына байланысты болатындай толық мәндегі еңбек болатын болсын деген талап қойып, білім алушылардың өздік жұмысын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz