Болмыстың негізгі түрлер


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы : Болмыс - дүниеге көзқарастық және методологиялық проблема ретінде
Кафедра: Әлеуметтік-саяси пәндер
Пәні : Философия
Мамандығы : Стоматология
Курс : 2
Орындаған : Сакимова А. Т
Тобы : 208
Тексерген : Утешова Г. Т
Ақтөбе 2017 ж
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Болмыс туралы түсінік
- Ең бірінші материя ма, әлде идея ма?
- Философиядағы сана ұғымы
III. Қорытынды
Кіріспе
Онтология грек тілінен аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім яғни болмыс туралы ілім болып табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адамның дүниеге қатынасының негізінде қандай құндылық жатса да, оның бастамасы - болмыс. Мәнділік жөнінде айтқанда не нәрсенің болса да дүниеде болу жолы немесе тәсілі оның негізін құрайды дегенбіз. Болу жолдары және сан алуан құндылықтар - бәрі де ең алдымен жалпы болуға тиіс. Онда болмыс деген не нәрсе? Бұл сұраққа оның барлық формаларының мазмұнын ашу арқылы ғана жауап беруге болады. Болмыстың нақты, жеке формаларының бәріне ортақ жалпы қасиет, ол - болу.
Болмыстың негізгі түрлері: 1) Заттар (денелер), процестер болмысы: а) бірінші табиғат; б) екінші табиғат. 2) Адам болмысы: а) заттар дүниесіндегі адам болмысы; б) адамның өзіндік болмысы. 3) Рухани болмыс: а) жеке адамның рухани болмысы; б) қоғамның рухани болмысы. 4) Әлеуметтік болмыс: а) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекелеген адам болмысы; б) қоғам болмысы.
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат - ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т. б кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін) . Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болады.
Болмыс - тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Болмыстың негізгі түрлері:
- Заттар (денелер), процестер болмысы:А) бірінші табиғат; Б) екінші табиғат.
- Адам болмысы:А) заттар дүниесіндегі адам болмысы; Б) адамның өзіндік болмысы.
- Рухани болмыс:А) жеке адамның рухани болмысы; Б) қоғамның рухани болмысы.
- Әлеуметтік болмыс:А) қоғамдағы және тарих процесіндегі жекеленген адам болмысы; Б) қоғам болмысы.
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі - табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т. б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін) . Ол жасанды табиғат. Қазіргі заманда «екінші табиғат», өзі «бірінші табиғаттың» туындысы болса да, басымды болды.
Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі - табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш - реніші, психикалық жай - күйі, ойы, мінез - құлқы, ерік жігері, іс - әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет - тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы) . Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т. б.
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше, нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс ‑ бұл ақыл ‑ оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді. Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс ‑ әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Материя туралы адамдардың ойлары
Материятуралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі. «Материя» деген терминді қолданбаған бірде - бір философиялық мектеп немесе бірде - бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес.
Материя дегеніміз - адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория. Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Материяның негізгі өмір сүру формалары ‑ уақыт және кеңістік. Философияның көңіл аударатын мәселесі, ең алдымен уақыт пен кеңістіктің материяға қатысты, яғни уақытпен кеңістік шындық па, әлде санада ғана өмір сүретін таза абстракты ма деген мәселе. Кеңістікпен уақытматерия қозғалысының сандық айқындығы. Кеңістік деген ұғым материялық объектілердің қатар өмір сүруін және олардың өзара орналасуын білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға ғана тән емес, процестерге де тән.
Уақыт - қозғалыстың формалары мен құрамды бөліктерінің (не элементтердің) бір - бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт деген ұғым материялық процестердің бірінен соң бірінің кезектесіп келуін, заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің сипаты. Уақыттың айнымайтын белгілі бір бағыты болады. Ол өткеннен болашаққа қарай жылжиды және оның қайтып оралмаушылық қасиеті бар. Өткенді өзгертуге болмайды, өткенге қайта оралуға болмайды. Уақыт бір өлшемді. Уақыт пен кеңістіктің материядан ажырағысыз екендігі олардың жалпылығы мен әмбебаптығынан көрінеді, кеңістік бір мезгілде қатар өмір сүретін объектілердің орналасу ретін көрсетеді. Ал уақыт бірінен соң бірі болатын құбылыстардың өмір сүру ретін белгілейді. Материя үнемі қозғалыста болады. Болмыстың ішкі табиғаты- қозғалыс. Сондықтан да бұрынғы материалистер де мұны белгілі бір дәрежеде болжаған. Философияда көп ойшылдар қозғалыссыз материя жоқ деген пікірге ойыстаған. Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес. Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші алпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық - қозғалыстың біршама, бір сәткі тұрақтылығы.
Материяның қозғалыс формаларының ішіндегі ең қарапайымы механикалық қозғалыс болғандықтан, ол қозғалыс формаларының барлығына ортақ қасиет дейді. Материяның қозғалыс формаларының өзгеше түрі‑оның әлеуметтік формасы. Материяның құрылымын терең зерттеулердің нәтижесінде бүгінде, бізді қоршаған объективті әлемнің жаңа түрлері зерттеліп, материяның қозғалыс формаларының ерекше қырлары ашылып отыр. Материяның сарқымастығы жөніндегі қағида материяның қозғалыс формаларының да алуан түрлілігіне негіз болады.
Cонымен, материяның қозғалыс формаларының зерттеудегі ғылымның алдыңдағы тұрған мәселе ‑ материалдық объектілер арасындағы байланыстарды айқындау және оларға тән ерекшеліктерді анықтау болып табылады.
Философиядағы сана ұғымы
Сана ‑ объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғары формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық‑тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түріндегі қатынасының тәсілі. Сана объективті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен өткізуге белсене қатысатын адамның психикалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның еңбек, қоғамдық ‑ өндірістік қызметі процесінде пайда болады және сананың өзі сияқты байырғы, тілмен айтарлықтай байланысты. Адам туған бойдан алдыңғы ұрпақтардың қолымен жасалған нәрселер дүниесіне кезігеді және өзі оларды мақсатты түрде пайдалануды үйрену процесінде ғана қалыптасады. Оның шындыққа қатынасу тәсілі тікелей өз денесін икемдеуіне (жануарлардағы сияқты) емес, қайта басқа адамдармен қарым ‑ қатынасты ғана қалыптасатын затты іс ‑ қимыл дағдыларымен анықтайды.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәлім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән, сонда сана дегеніміз не? Ол қайдан, қалай пайда болады? Сана - бейнелеудің қасиеті. Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге тигізген әсерінің салдары жатыр. Сана да сол әсерінің нәтижесі. Сана дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны өзгертеді, қолдан жасайы. Сана ең жоғары ұйымдасқан материя - мидың функциясы ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті.
Сана-адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми жан - жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Оның пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Адам санасы оның еңбек ету процесінде пайда болып, дамыды. Еңбек - еңбек құралын жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа жетуде алғашқы адамдардың тасты қашап одан кесуге болатын, не соғуға болатын құрал жасаудан басталады. Ондай құралды табиғат жасамайды. Ол бір. Екіншіден, сол еңбектенген адамдар бір - бірімен түсіну үшін тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында түрлі дыбыс, қимыл - әрекеттермен алғашқы адамдар бір - бірімен ұғысқан. Сана тілмен бірге дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz