Одонтогенді қабыну аурулар этиологиясында анаэробтар ролі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Стоматология
Дисциплина: Микробиология
Курсы: 2
Тобы: 205
Тақырыбы: Одонтогенді қабыну аурулар этиологиясында анаэробтар ролі. Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бетжақ аймағының одонтогенді газды гангренасы. Клиникалық стоматологияда анаэробты инфекцияларды анықтау мәселелері және микробиол

Орындаған: Сайлау А.Н
Тексерген : Жанаманова Р.Н

Ақтөбе 2017 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Одонтогенді қабыну процестерінің патогенезімен қоса жіктелуі туралы да қаралған. Жедел ағымды қабыну процестерін жіктеу жөнінде 3 негізгі көзқарас бар. Бірнеше зерттеушілер (С.Н.Вайсблат, А.Е. Верлоцкий, В.И. Лукьяненко, П.П. Львов, А.А. Лимберг, В.М. Уваров т.б.) периодонтит, периостит, остеомиелит, жұмсақ тіндер флегмонасы жақ сүйектері остеомиелитінің, яғни бір ғана аурудың кезеңі деп санайды. Бұл авторлар бойынша периодонтит, сүйек қабығы, сүйек кемігін қоршаған тіндер бір-бірімен физиологиялық және анатомиялық тығыз байланысты болғандықтан одонтогенді жедел ағымды периодонтит, периостит, флегмона деп бөлуге негіз жоқ. Олар жедел периодонтитті жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелитінің бастапқы сатысы деп қарайды.
Екінші бір топ авторлар (Б.Б. Брандебург, И.Г. Лукомский т.б.) периодонтит пен остеомиелитті жедел ағымды одонтогенді қабыну процесс қатарынан бөледі. Периостит пен қоршаған тіндер флегмонасын остеомиелиттік процестің құрама компоненті деп қарайды. И.Г. Лукомский периоститті төменгі ақыл тістердің қиналып шығуынан немесе периост травма алуынан дамиды деп анықтайды.
Үшінші авторлар тобы (В.Ф. Войно-Ясенский, А.В. Евдокимов, Г.А. Васильев, И.М. Старобинский т.б.) қазіргі клиинкалық, морфологиялық, анықтауларға орай және емдеу әдісін анықтау мақсатында нақты барлық жедел ағымды одонтогенді инфекциялардың дифференциялдық диагностикасын жүргізуді ұсынды. А.И. Евдокимов, Г.А. Васильев жеке жедел ағымды одонтогенді іріңді периодонтит, жедел ағымды іріңді периостит, жақ сүйектер остеомиелиті, остеофлегмона деген сияқты нозологиялық формаларды қарайды. Олар жедел ағымды іріңді қабыну процесінің пайда болуы инфекциялық локустың периодонттан басқа тінге көшуіне байланысты деп санайды, мысалы, сүйек қабығына, сүйекке, жақ сүйектері маңындағы басқа тіндерге ауысады. Сонда одонтогенді процестердің барлығы бір-бірімен тікелей байланысты, яғни сандық өзгерістермен қоса сапалық өзгерістер де туындайды. Осының бәрі ауру көрінісі мен табылған патологиялық өгерістерден өз бейнесін табады.

Жақ бет хирургиясындағы ауыр асқынулардан дамитын өлім жағдайлары жоғары болғандықтан, алдын алу шараларын жүргізу бірінші кезекте тұр. Бет пен мойынның қабыну ауруларының дамуында одонтогенді және одонтогенді емес ошақтардың маңызы зор. Сол себептен, қабыну үрдісінің алдын алу мұрын мен ауыз қуысын санациялау кезінде осы ошақтарды жоюға бағытталған.
Инфекцияның одонтогенді ошағының ерекшелігі микроорганизмдердің кіру қақпасы болатын тістің қатты тіндерінің ақаулары болып табылады. Бұл тұрақты түрде жақ бет аймағы тіндерінің қосымша инфицирленуіне алып келеді және созылмалы инфекция ошағының дамуына себеп болады. Осындай ошақ пен науқас ағзасының арасында динамикалық тепе теңдік пайда болады, ол ағзаның жалпы және жергілікті тұрақтылығы өзгергенде, қосымша аурулары болғанда, инфекциялық ошақты қоршаған дәнекер тінді капсула зақымдалғанда бұзылуы мүмкін.
Одонтогенді қабыну аурулары ауыз қуысының санация жасалған және жасалмаған адамдардың арасында бірдей жиілікте кездеседі. Бұл асқынған тіс жегісін - пульпиттер, периодонтиттер - консервативті емдеудің толық аяқталған түрі деп есептеуге болмайды. Сыртқы түрі толық аяқталған болғанымен, емделген тістер белгілі пайыздық жағдайда бірнеше жылдар бойы инфекция ошағы болып жалғаса береді және одонтогенді қабыну ауруларының дамуына себеп болады. Периодонтиттерді терапиялық емдеу кезінде созылмалы ошақтарды жою каналдарды пломбалау аяқталғаннан кейін де, емдеу аяқталғаннан кейін жойылмауы мүмкін. Созылмалы одонтогенді қабыну ошақтары 4-8 айдан, 1-2 жылдан кейін, кейбәр науқастарда одан да кеш жойылуы мүмкін. Жиі тіс ауруларын емдеу уақыттары және нақты әдістері бұзылып жатады. Нәтижесінде ашық инфицирленген ошақтар жабыққа айналады, олар науқастың сенсибилизациясына алып келетін басты ошақ болады. (А.П.Грохольский, 1994; Л.А.Хоменко, 1997; А.М.Политун, 1999).
Жоғарыда аталғандардан басқа, іріңді қабыну ауруларының өсуіне себеп болған: науқастардың кеш қаралуы, санитарлы ағарту жұмыстарының аз болуы; емдеудің госпитальға дейінгі кезеңдегі қателіктер, өз бетінше емделу; дәрімен емдеудің қаылптасқан стереотипі, ауруды және қалыптасқан асқынуларды кеш анықтау, сонымен қатар, емдеудің қате тактикасы.
Іріңді қабыну ауруларының алдын алу үшін халық арасында кең түрде санитарлы ағарту жұмыстары жүргізілуі тиіс. Тұрғындарға кезеңді түрде жедел қабыну ауруларының, асқынуларының себептерін айтып түсіндіру дәрігер стоматологқа қаралуды, ЛОР дәрігерге және басқа да дәрігерлерге қаралуды жоғарылатады.
Жұмсақ тіндердің жедел іріңді қабыну үрдісінің асқынуларының алдын алу үшін уақытында оперативті ем және іріңді ошақтарды дренаждау жасалуы қажет. Іріңді қабыну ауруларының дамуында этиологиялық факторларды еске ала отырып, әсерлі антибактериальды препараттарды қолдану қажет.
Антибиотиктерді бұлшықет ішіне және көктамырға дәстүрлі әдіспен енгізу қабыну ошағындағы концентрациясының толық болуын қамтамасыз ете алмайды, ал антибиотиктердің көп мөлшерін қолдану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы
Жеке клиникалық микробиологияның мақсаттары мен міндеттері
Ауыз қуысының микрофлорасы
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ
ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Остеомиелит
Тіс жарып шығу процесі дерттері
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
Пәндер