Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Аурухана ішілік инфекциялар, себептері және олармен күрес.
Дтсциплина: Эпидемиология
Мамандығы: Стоматология
Курс: 2
Топ: 205
Орындаған: Сайлау А. Н
Тексерген: Тусупкалиева К. Ш
Ақтөбе, 2017 жыл.
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
- Ауруханаішілік инфекциялар
- Оның себептері және алдын алу шаралары.
- Қорытынды.
- Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Ауруханаішілік инфекция деп аталуы- науқастар стационарға тексерілуге немесе емделуге келгенде жұқтырып алған аурулары. АІИ -дегеніміз әртүрлі жұқпалы аурулардың жиынтығы. Бұл өте кең таралған патология түрі. Ол науқастардың жағдайын онан сайын ауырлатады; 2) Емделіп шығу мерзімін ұзартады; 3) Өлім-жітімді көбейтеді; 4) материалдық шығынды талап етеді;
Жиілігі бойынша 1 орында ауа-тамшылы инфекциялар:
корь, скарлатина, грипп, ветреная оспа, ангина, инфекционный паротит т. б. ;
2 орында: стафилокок, стрептококтар, тері және теріасты, шырышты қабат инфекциялары, операциядан кейінгі іріңді асқынулар, іріңді аурулар;
3 орында: ішек инфекциялары (дизентерия, сальмонеллез) .
Ауруханаішілік инфекциялардың шығу көздері:
1. Инкубациялық кезеңінде стационарға түскен жұқпалы аурулары бар адамдар.
2. Карантин мерзімін ұстамайтын соматикалық ауруы бар адамдар, ағзасында патогенді стафилокок, стрептококтар, ішек инфекциялары, полиомиелит инфекциялары бар адамдар.
3. Науқастар мен қызметкерлер.
Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу себептері:
1. Микроағзалардың тіршілік ету ортасымен қасиеттерін өзгертуі.
2. Тәжірибеде күрделі оперативті заттарды қолдану.
3. Стационарға ерте жастағы балалармен қарт адамдардың көп түсуі.
4. Антибиотиктерді жүйесіз рационалды емес қолдану.
5. Асептка ережелерін сақтамау.
6. Стационарда санитарлық -гигиеналық тәртіптің бұзылуы.
АІИ қоздырғыштары әр түрлі жолдарымен беріледі: жанаспалы-тұрмыстық, ауа-тамшылы, алиментарлық, нәжіспен ластанған заттармен ауыз арқылы. Соңғы жылдарда әр түрлі инвазивті медициналық әрекеттер кезінде, артифициальді жолмен берілуі жиірек кездеседі.
Қоздырғыштар берілетін факторлар, өте көп түрлі нысандар болуы мүмкін. Олар, ауру адамдар мен медицина қызметкерінің қолы, шаштары, киімдері, аяқ киімдері, қоздырғыштар жұққан құрал-саймандар, медициналық аспаптар, іш киім, төсек-орын жабдықтары, ауруларға күтім көрсетуде қолданылатын заттар, құйылатын қан және қан алмастырушы заттар, парентералды жолмен енгізуге арналған ерітінділер, тігетін және таңатын материалдар, стерильді емес және концентрациясы жеткіліксіз дезинфекциялаушы заттар, түтік сүңгілер, науқастардың биосубстраттары (қан, нәжіс, зәр, қақырық, шырышты қабықшалардың бөлінділері), тағам, су, т. б.
Аурухана ішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІШ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көп керек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.
АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты: Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы мүмкін. Стационарға әлі анықталмаған инфекциондық ауруларымен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болып табылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әр түрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.
АІИ этиологиясы бойынша екі топқа бөледі: облигатты және шартты.
Облигатты -патогенді микроағзалардың қоздыруы бойынша. Бұл топқа «дәстүрлі»инфекциондық аурулар-бала аурулары, ішек аурулары, ВГВ, ВГС және т. б. жатады. Бұл аурулардың үлесіне АІИ 15% келеді. Таза стационарда патогендік тудырушылар келесі жағдайларда болуы мүмкін:
-стационарға патогендік қоздырғышты тасушының түсуі;
-егер аурухана жұмысшыларының арасында қоздырғышты тасушы болса;
-ауруларға келушілер немесе беріп жіберген киімдер мен тамақ арқылы;
Шартты -патогенді микроағзалардың, сонымен қатар адамның қалыпты микрофлорасына, кіретіндердің қоздыруы бойынша. Бұл топқа шартты-патогенді микроорганизмдердің тудыратын аурулары жатады. Бұны іріңді-қабынбалы аурулар анықтайды. Қоздырғыштары: стафилокок, стрептокок, грамотрицалық бактериялар. Кейбір кездерде ауруханаішілік ауруларды псевдомонадалдар, легионеллалар, ротовирусм туғызады. Зәр шығару жолдарының патологиясы грамотрицалық микро-ағзаларға байланысты Көкшіл ірің таяқшасы төменгі тыныс жолдарының инфекциясын тудырады. Психиатрлік стационарда ішек инфекциясы, гастроэнтерологиялық стационарда-хелинобактериоз және т. б. кездеседі.
Аурухана ішілік инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктері:
Инфекцияның даму көздерінің молдығы. Іріңді хирургияда, күйіктің, уролоргиялық, туберкулездік стационарларда аурулардың инфекция көзі ретінде басымдылық көрсетуі. Онкологиялық стационарда, ВИЧ ауруларының бөлімдерінде экзогендік аурулардың көптеп болуы ЛПУ-дың жұғу механизмі тек шынайы жолдармен ғана емес, сонымен қатар артифизиальдік, жасанды, инвазивтік және емдеу процедураларына байланысты да жұғады. Әр түрлі типті стационарларға арға тән факторлар мен контигенттердің болуы. АІИ қоздырғыштарының көзі ретінде аурулар, медициналық жұмысшылар, ауруларға келіп-кетушілер көрсетілген. Инфекцияның берілуінің аэрозольдік жолы стафилокок және стрептокок инфекцияларының таралуында маңызды орынды алады. Инфекциялық ауа легионеллездің пайда болуына әкеледі. Жатын орын жабдықтары да анафилококтың пайда болуына әкелетін фактор болып саналады. Тұрмыстық берілу жолы грамотрицательдік бактериялардың туғызатын ауруларымен байланысты.
Берілу факторлары:
Контаминирлік инструментарий, дем алуға көмектесетін аппарат, жұмысшылардың залалданған қолдары т. б. Этиологиялық агенттердің әсерінен пайда болатын инфекция тағамдық жолмен беріледі. Емшек еметін жас нәресте, шешесінен жұқтыруы мүмкін. Тағамды дайындау технологиясының бұзылуы, тағам жасайтын орындарда істейтін жұмысшылар инфекция тасушы болса, ішек инфекциларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Инфекцияның берілуінің артифициальдік жолының әсері өсуде. Біз диагностикалық және емдеу технологияларының нағыз агрессиясымен кездесіп отырмыз. Парентеральдік берілу кір шприц пен инені қолданғанда, залалданған препараттарды қанға енгізгенде кездеседі. Медициналық жұмысшылардың антисептика мен асептика ережелерін сақтамау, инструменттерді дұрыс дезинфекцияламау осындай жағдайға әкелуде.
Аурухана ішілік инфекциялар профилактикасының жалпы шарттары:
-адамдарды егу схемасы және көрсеткіштері бойынша вакцинациялау;
-күйген ауруларға-Pseudomonas aerudinosa-ға қарсы вакцинациялау
қажетті диета;
-эубиотиктер мен тактериофагтарды қолдану.
Аурухана ішілік инфекциялар ауруларының деңгейін төмендету профилактикасы келесі жолдармен іске асады:
-диспансерлік бақылау кезінде АІИ анықтау және тіркеу;
-әртүрлі типті стацинарларда қауіпті топтарды және қауіпті факторларды анықтау;
-АІИ ауруларының эпидемиологиялық анализін жүргізу;
-медициналық жұмысшылардың спецификалық профилактикасын жүргізу.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу.
АІИ этиологиялық құрылымында үнемі белгілі бір өзгерістер болып тұратынын айта кету керек. Мысалы, 20 ғасырдың 30-40 жылдарында стрептококк инфекциялары, газды гангрена, сіреспе, көкжөтел, қызылша, дифтерия, желшешек жиі кездесетін. 50-60- жылдарда басым -стафилококк инфекциялары болды, оларды ең жиі қоздыратын St. aureus. болды. 20 ғасырдың екінші жартысы грамм терісмикроағзалар: протей, эшерихалар, көк-іріңді таяқша, және аурухана ортасында бұрын сирек кездесетін, легионеллалар, иерсинийлер сияқты, микроағзалар тудыратын АІИ-дің жиілігі едәуір өсуімен сипатталды.
Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық көріністері әр түрлі. Бұл, бұрыннан белгілі жұқпалы аурулар - қызамық, қызылша, вирустық гепатит, сальмонеллездер, тілме, желшешек және басқалар болуы мүмкін. АІИ басқа топтарына жалпы (сепсис) және жергілікті сипаттағы іріңді-септикалық (іріңді ісік, флегмона, отит, желін сау, қуықтың қабынуы, уретрит, пиелонефрит, пиодермия т. б. ) аурулар жатады. АІИ құрылымында іріңді-септикалық инфекциялар бірінші орын алады, екінші орында - балалардың жедел ішек инфекциялары, үшінші орында - парентералды инфекциялар.
Аурухана ішілік инфекциялар, аурухана ортасының өте қауіпті туындысы болып табылады. АІИ хирургиялық науқастардың операциядан кейінгі кезеңінің ағымын, жүктілік кезеңінің, босануының және босанғаннан кейінгі кезеңінің өтуін асқындырады, жаңа туған балалардың және басқа жас топтарындағы аурулардың өлім-жітімі көбеюінің себебі болады. Жүрекке, бүйрекке, өкпеге және басқаларға өте жақсы жасалған операциялардың өзінде инфекцияның қосылуы, негізгі ауруының ағымын шұғыл асқындырады, өміріне қауіп тудырады. Вирустық гепатит В, С және Е, ЖИТС сияқты инфекцияларды жұқтыру өмірін қысқартады, ең ақырында өлімге әкеп соғады. АІИ қосылуының барлық жағдайларында да, аурулардың стационарда болу уақыты немесе амбулаторияда емдеу мерзімі едәуір ұзарады, мұндай ауруларды емдеуге кететін шығын және олардың өздерінің материалдық шығындары да көбейеді.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу , инфекция көзін анықтауға, аурухана ішілік ортаның ластануының алдын алу, әр түрлі жолдармен қоздырғыштардың берілуінің алдын алуға, қоздырғыштарды жоюға және ауру адам ағзасының резистенттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешені болып саналады (10. 5. -кесте) .
АІИ алдын алудағы әр түрлі шаралардың ролін жұқпалы аурулар бөлімінің мысалында талдаймыз. АІИ алдын алу мәселелерінің негізгілерінің бірі- сәулеттік-жоспарлау шаралары болып табылады, себебі, АІИ-ң алдын алуды тиімді жүргізудегі оның мүмкіншілігі, көбінде жер телімінің таңдалуының, аурухананың елді мекенде орналасқан жерінің, олардың аумағын зоналарға бөлудің, құрылыс жүйесін таңдаудың, ішкі жоспарлануының, негізгі бөлімшелірінің жабдықталуы дұрыстығымен анықталады. Жұқпалы аурулар ауруханасын дұрыс орналастыру және жоспарлау науқастардың, медицина қызметкерлерінің және келіп-кететін адамдардың аурухана ішілік инфекцияны жұқтыру қаупін, инфекцияның ауруханадан сыртқа шығуын төмендетуі керек. Мысалы, жұқпалы аурулар ауруханасын елді мекеннің шетінде орналастыру қолайлы деп есептеледі, бұл, инфекцияны халық арасында таралу мүмкіншілігін азайтады.
Қорытынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz