Еңбек гигиенасының түрлері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Физика-техникалық факультеті

Профессор Ж. С. Ақылбаев атындағы жылуфизикасы кафедрасы

« Еңбекті қорғау » пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Еңбек гигиенасы »

Мамандық: 5В071700 - « Жылуэнергетика »

Дайындаған:

ТЭК-310 тобының студенті Әбжетов Д. Н.

Тексерген:

оқытушы Ахмадиев Б. А.

Қарағанды - 2017

Мазмұны

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде даму тарихы және негізгі бағыттары . . .
3: 4
Кіріспе . . .: 2 Еңбек гигиенасындағы негізгі түсініктер . . .
3: 9
Кіріспе . . .: 3 СЭС-тің еңбек гигиенасы бөлімшесі . . .
3: 12
Кіріспе . . .: 4 Химия өндірісіндегі еңбек гигиенасы . . .
3: 14
Кіріспе . . .: 5 Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар орталығы . . .
3: 20
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 24
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 25

Кіріспе

Ғылыми-техникалық прогреспен (ҒТП) қойылған проблемалардың ішінде ең күрделі және жан-жақты проблемасы болып ҒТП адамның тағдырына әсері саналады.

ДДҰ (дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) және ХЕҰҰ (халық аралық еңбек ұйымдастыру ұйымы) мәлімдемелері бойынша дүние жүзінде жылына өндірістерде шамамен 120 млн. бақытсыз оқиғалар болады екен, оның ішінде 200 мыңнан көбі өліммен аяқталады. Әртүрлі кәсіптік әсерлермен байланысты 68 ден 157 млн. дейін кәсіптік аурулардың жаңа оқиғалары тіркеледі.

Планета халқының 40-50%-ті жұмыс жағдайында физикалық, химиялық, биологиялық, экономикалық, ал соңғы жылдарды психоэмоционалдық стресстік факторлардың әсеріне ұшырайды.

Шамамен 100 000 химиялық заттар (оның ішінде 3000 аллергендің және 300 канцерогендік факторлары), 50 шақты физикалық сипатты факторлары, 20 шақты қолайсыз эргономикалық жағдайлары, және жұмыс орнындағы денелік салмақтар, көптеген психологиялық және әлеуметтік проблемалары еңбек жағдайы тұрғысынан қауіпті ден саналып, өзімен бірге кәсіптік аурулардың даму қауіпін, стресстік реакцияларды, мертігуді, жұмысына деген қанағаттанарлықсызды және соңында материалдық жағдайының нашарлауына әкеледі. Осылардың барлығы экономикалық шығынды өсіреді, ол шамамен валдық ұлттық өнімнің 10-15% алады екен.

Осыған қарамастан дамушы елдердің жұмысшыларының тек 5% ғана, ал дамыған елдерде 50% дейін жұмысшылары жақсы ұйымдастырылған еңбек гигиенасы мен медицинасының көмегін алу мүмкіншілігі бар.

Республикамыздың алдында өте күрделі және жауапты міндеттер қойылып отыр - ол қысқа уақыт ішінде өнеркәсіптің магистралды бағыттаға салаларын жетілдіріп, ғылым мен техниканың жетістіктерін еліміздің халық шаруашылығын терең реконструкциялау үшін қолдану. Халық шаруашылығын қарқындату жаңа энергия көздерін, өте жоғары және өте төмен қысымдарды және температураларды, улы және агресивті агенттерді, технологиялық процесстердің орасан жылдамдықта өтуін қолданумен тығыз байланысты. Осылардың барлығы еңбектің өндірістік күшін көп қайта өсіріп, жан-жақты тұжырымдалған ғылыми тұрғыдан қарауды талап етеді.

Қазіргі таңда еңбек гигиенасы алдында жаңа міндеттер туды - ол жұмысшылардың организміне қарқындылығы төмен өндірістік факторлардың, еңбектің механикаландырылған. Автоматтандырылған түрлерінің және тіпті еңбек процесстерін роботтандырудың әсерлерін зерттеу болып келеді [1] .

1 Еңбек гигиенасы ғылым ретінде даму тарихы және негізгі бағыттары

Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена - еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы.

Еңбек гигиенасының Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) санитарлық-гигиеналық факультетінің ашылуымен байланысты (1942) . Бұл саладағы жүйелі ғылыми зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946) . 1950 жылдары а. ш-ндағы Е. г. мәселесімен Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) айналысты. Еңбек гигиенасының негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т. б. ) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-техникалық (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т. б. ) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т. б. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасының тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиологиялық стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемлекеттік стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т. б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Еңбек гигиенасы жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ғылым министрінің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғылыми-зерттеу институты, Батыс Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемлекеттік медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.

Көне замандағы ғалымдар мен дәрігерлер әртүрлі кәсіппен шұғылданушы адамдарда пайда болатын ауруларды байқаған. Мысалы; Гиппократ (біздің дәуірге дейінгі 460-377 жж) кен қазушылардың ауруларын бейнелеген. Гален (б. д. д. 130-200 жж. ) қорғасын шаңының адам организміне зиянды әсеріне көңіл аударған. XVI ғасырда дәрігер-химик Парацельс кеншілердің, құюшылардың чахоткасы атты ауруды бейнелеген. 1700 жылы италяндық дәрігер, профессор Рамаццини «қол өнер кәсіпшілерінің аурулары туралы» кітап шығарып, 50 артық кәсіпке сипаттама берген (кеншілердің, химиктердің, ұсталардың т. б. ) .

Бұл еңбекті жазуына ол 50 жыл жұмсап, соңынан осы еңбек көптеген тілдерде 25 рет қайта басылып шығарылған. Революцияға дейінгі Ресейде жұмысшылардың денсаулығын қорғау сұрақтары М. В. Ломаносовтың, А. Н. Никитиннің Ф. Ф. Эрисманның т. б. еңбектерінде орын тапқан.

1763 ж. шыққан «Металлургияның немесе тау-кен жұмыстарының алғашқы құралуы» атты еңбегінде М. В. Ломаносов «Тау-кең адамдарының» еңбегі мен демалысын қалай ұйымдастыру керектігін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуін, рудниктерді желдетуін жазған. Дәрігер Никитин А. Н. «Жұмысшылар аурулары және құқық қорғау шщаралары» атты кітабында 120-дан артық кәсіптің еңбек жағдайын жазып, сырқаттарды алдын алуына көңіл аударған. Гигиенаның бірінші профессоры Ф. Ф. эрисман еңбек гигиенасыынң дамуына үлкен үлес қосты. Оның қатысуымен еңбек жағдайлары тексерілген. 1877 жылы «Кәсіптік гигиена немесе ой және дене еңбегінің гигиенасы» атты кітабы шығып, еңбек гигиенасына ғылыми негіздері берілген. Еңбек гигиенасыынң басты салаларының бірі - еңбек физиологиясының дамуында басты рольді физиологтар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский А. А. Ухтомский орындады [2] .

Еңбек гигиенасының бір саласының - өнеркәсіптік токсикологияның дамуында оның іргетасын қалаушылар Н. С. Правдиннің, Н. В. Лазаревтің, профессор И. В. Саноцкийдің т. б. еңбектері өте зор.

Санитарлық заңдылықты дайындауда, профилактикалық мекемелерінің, ғылыми институттарының жүйелерін жасауда, еңбек гигиенасының өзекті проблемаларын құрастыруда советтік кезеңдегі ірі гигиенистердің қосқан үлестері өте үлкен. Олар -В. А. Левицкий. С. и. Каплун, З. Б. Смелянский, Н. А. Вичдорчик, Е. Н. Андреева-Галанина, З. И. Израэльсон, Н. Ю. Тарасенко, Л. К. Хоцянов, А. А. Летавет т. б.

Республикамызда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің пайда болу тарихы Қазақстан территориясында денсаулық сақтау жүйесінің өзінің өсуімен және жетілуімен тығыз байланысты.

Алғашқы медициналық ғылыми мекемелерінің бірі болып, қиын жылдарда, 1925ж. Қызыл-Орда қаласында ашылған өлкелік санитарлық-бактериологиялық институты саналады.

1927 жылы РСФСР СНК Қаулысы шықты «Республиканың санитарлық органдары жөніндегі ережені бекіту туралы». Шынымен бұл күн денсаулық сақтау құрылымында СЭС-тің дербес орган ретінде туу уақыты болып келеді.

1930 жылы Республиканың денсаулық сақтау Министрлігінде санэпидбасқармасы құралды. 1931 жылы Алматы қаласында медицина институты мен денсаулық сақтау және гигиена ҒЗИ ашылды, соңғысына еңбек гигиенасы мен өнеркәсіптік санитария сұрақтарын зерттеу жүктелді. 1934 жылы республикада алғашқы рет 2 аудандық СЭС құралды (Алма-Атылық және Шығыс қазақстандық) .

1939ж. Республикалық бруцеллездің және Алматылық обаға (чума) қарсы станциясы құралды, ал 1940 ж. санбакинститут санитарлық-гигиеналық бөлімі бар эпидемиология және микробиология институтына айналдырылды. 1940 ж. соңында республикада 232 санитарлық дәрігерлері және 128 эпидемиологтары жұмыс істеді.

1942. Қазақ (қазір Алматылық) медицина институтында профильді гигиеналық кафедралары бар санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды, ол гигиеналық кадрларды дайындау проблемасын шешуіне маңызды ықпал жасады.

Қазақстанда Алматы қаласында 1944 жылы өлкелік патология ҒЗИ ашылды, қазіргі ол Гигиена мен эпидемиологияның ғылыми орталығына айналды. (директоры - м. ғ. д., профессор Б. Н. Айтымбетов) .

1958ж. Орталық Қазақстанның көмір және тау-кен өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жұмысшыларына қызмет көрсету мақсатымен Қарағандыда Қазақ ССР денсаулық сақтау министрілігінің Еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулардың Қазақ институты ашылды. Институтті ұйымдастырушы және 12 жыл бойы алғашқы директоры болып З. К. Тулегенов, соңынан доцент А. П. Филин, ал 1974 бастап 1991 жылға дейін директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор В. Е. Алтынбеков қызмет атқарды. Оның жетекшілігімен 1986 жылы институт ҚРҒА құрамына еңбек физиологиясы мен гигиенасы институты ретінде енгізілді.

1991 жылдан бастап қазірге дейін инститіттың директоры болып ҚР ҒА мүше-корр, профессор Ғ. А. Құлқыбаев қызмет атқарады, ал кәсіптік аурулардың республикалық клиникасының директоры болып У. А. Аманбеков істейді. Бірінші күнінен бастап институттың негізгі зерттеу тақырыбы болып көмір және тау-кен өнеркәсіпбі кәсіпорындарындағы еңбек гигиенасы мен кәсіптік патологиясы саналады. Пневмокониощдар және шу-діріл патологиялары кеншілердің негізгі кәсіптік сырқаттары болу себебінен, оларды зерттеу сұрақтары институттың ісінің басты орнын алды. Осы сұрақтармен қатар ерекше көңіл өнеркәсіптік токсикологиясына да аударылады (профессорлар А. З. Бузина, А. Н. Буханов) .

1959 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының базасында санитарлық-гигиеналық факультеті ашылып, ал 1963 ж. Алматыдан санитарлық-гигиеналық факультетінің 4 курс студенттері осында ауыстырылады.

Гигиенистерді даярлау сұрақтарымен медицина институтының гигиеналық кафедралары мен практикалық денсаулық сақтаудың еңбек гигиенасы бөлімдері белсенді шұғылдануда.

Республикада еңбек гигиенасының дамуы ҚР ҒА мүше-корреспондеттері: Б. А. Атчабаров, Б. Е. Алтынбеков, Ғ. А. Құлқыбаев; профессорлар: В. А. Козловский, Ш. И. Имангалиев, Ж. Т. Тұрлыбеков, А. А. Мамырбаев, Т. А. Таткеев, А. А. Абдикулов., В. Л. Резник., К. К. Тогузбаева, У. А. Аманбеков. Мемлекеттік санэпидқадағалау басшылығының бастығы - Ф. Б. Бисмильдин, Республикалық СЭС бас дәрігері м. ғ. д. - М. Б. Спатаев т. б. аттарымен тығыз байланысты.

Еңбек гигиенасының негізгі бағыты: еңбекті қорғау мәселелерін Қазақстанда шаруашылық және кәсіподақ органдары медицина мекемелерімен бірлесе отырып, еңбек туралы заңға сәйкес комплексті түрде шешу. Өнеркәсіп орындарында жұмысшылардың денсаулығын медициналық санитариялық бөлімдер, сауықтыру пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттер қадағалап отырады. Сонымен еңбек гигиенасының негізгі міндеті - адам организміне әсер ететін қолайсыз еңбек жағдайларына сапа мен сан мөлшерінде баға беру, соның негізінде нақтылы алдын алу шараларын өңдеу. Оның негізгі бағыттары: көмір, тау-кен, металлургия, химия өнеркәсіптерінде, Қазақстан халық шаруашылығының басқа салаларында еңбек ету жағдайларын жақсарту, айналадағы табиғатты қорғау, адам физиологиясын еңбек түрлерімен байланыстыра зерттеу, кәсіби ауруларды анықтау, науқас адамдарды медициналық тұрғыдан сауықтырып, еңбекке жарамды ету. Жаңадан ұсынылған технологиялық процестер мен жабдықтарды, аспап құралдарды, жаңа химиялық қосылыстарды гигиеналық, технологиялық тұрғыдан бағалау.

Еңбек гигиенасы жұмысшылардың еңбек ету жағдайларын зерттейді және оларға өндірістік факторлардың тигізетін әсерін анықтайды.

Еңбек гигиенасы шешетін басты мәселелер:

1. Еңбек гигиенасы жұмысшылардың жұмыс жағдайларын жақсарту үшін гигиеналық нормативтерді негіздейді.

2. Өнеркәсіп мекемелерінің құрылысын салуға қажетті санитарлық ережелерді шығарады.

3. Жұмыс орындарын тиімді пайдалану, еңбек процестерін ұйымдастыру және еңбек пен демалыс тәртібінің сақталуын қадағалайды.

4. Салынып жатқан өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық зерзаттарында санитарлық сақтық қадағалау жүргізу.

Сонымен қатар денсаулық сақтау, сауықтыру шараларының тиімділігіне баға беру еңбек гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі.

Еңбек гигиенасы 2 бөлімге бөлінеді: жалпы және жеке еңбек гигиенасы.

Жалпы еңбек гигиенасы өндірістің барлық саласына тән физикалық факторлардың, шаңның, токсикалық заттардың әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Жақын арада шешімді талап ететін сұрақтар тізімі:

- өндірістік желдету мен газдардан тазарту және өндірістік тастамаларды зарарсыздандыру әдістерінің тиімділігі;

- өндірістің санитарлы жағдайына әсер ететін өндірістік құрылыс факторларын зерттеу;

- мекеменің ауа бассейнінің гигиеналық сұрақтары (құрылыс тығыздығын, ғимараттардың арасындағы үзіліс өлшемдерін негіздеу) ;

- радиотехника, электроника, электровакуумды, жартылай өткізгішті өндірістің дамуына байланысты жаңа жарық көздеріне қойылатын талаптарды құрастырады;

- жоғары бірлікті қуатты агрегаттарды (мысалы, қуатты электр пешінде 100 - 200 т болатты алу) қолданумен байланысты жаңа эргономикалық сұрақтар дамиды;

- ауылдық жерлердің жалпы гигиеналық проблемасы пестицидтердің зиянды әсерінің алдын алу.

Жеке еңбек гигиенасы ТМД-да жақсы дамуда. Жеке еңбек гигиенасы ауыл шаруашылығының жеке салаларындағы еңбек жағдайын, жеке мамандықтардың еңбек гигиенасын (еңбек сипаты, зияндылықтар, шаң, шу, химиялық заттар, еңбек тәртібі ж. б. ) зерттейді. Жеке еңбек гигиенасының міндеті кәсіптік зияндылықтардың денсаулыққа және жұмыс қабілеттілігіне кешенді әсерін зерттеу және оларды болдырмау шараларының жүйесін құрастыру.

Жалпы және жеке еңбек гигиенасының жетістіктерінің негізінде жалпы мемлекеттік өндірістік-санитарлы заңдылықтар, өндірістік мекемелерді жоспарлаудың санитарлы нормалары құрастырылады [3] .

Кәсіптік зияндылықтар туралы түсінік

Еңбек гигиенасының мақсаты белгілі жағдайда адамның іс-әрекетімен байланысты жағымсыз әсерлердің алдын алу.

Еңбек сипаты немесе кәсіптік зияндылықтар - бұл жұмыс қабілеттілігінің төмендеуіне, жедел және созылмалы аурулар мен улануларға алып келетін, еңбек қабілеттілігін уақытша жоғалту ауруларының өсуі және басқа да жағымсыз әсерлер, соның ішінде тұқым қуалау құрылымына, организмнің қартаю процесіне әкелетін еңбекті ұйымдастырудағы қолайсыз факторлар.

Кәсіптік зияндылықтарды зерттеу тек гигиенистер ғана емес, сонымен қатар емдеу-дәрігерлері үшін де маңызы зор.

Науқасты оқшау емес, оның жеке бас ерекшеліктерін ескеріп, еңбек және тұрмыс жағдайымен тығыз байланыстырып қарастыру қажет. Сондықтан кез келген профильдегі дәрігер жұмыс тәртібін, демалысты, емді дұрыс орналастыру үшін, сауықтыру ұсыныстарын құрастыру үшін өндірістің гигиеналық жағдайын білуі тиіс.

Өндірістегі еңбек жағдайының өндірістік факторлар жиынтығы:

- химиялық, физикалық, биологиялық;

- өндірістік процестер мен жабдықтардың ерекшеліктері;

- еңбек сипаты және ұйымдастырылуы;

- жұмыс орындарын ұйымдастыру;

- санитарлы-техникалық қондырғылардың және жеке басты қорғау заттарының (СИЗ) гигиеналық тиімділігі және жағдайы;

- ұжымдағы психологиялық климат;

- физикалық жүктемелер;

- гипокинезия;

- нервті-психикалық жүктемелер.

Жұмыстың кейбір түрлері, әсіресе авариялық жағдайда

Денсаулықта жедел бұзылыстар және өлімге әкелуі мүмкін, қауіпті факторлар жағдайында өтеді. Бұл токсикалық заттармен жұмыс істегенде кездеседі [4] .

2 Еңбек гигиенасындағы негізгі түсініктер

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы - бұл солардың ішкі ортасындағы метеорологиялық жағдайлары, олар адамға әсер ететін температураның, ылғалдың, ауа қозғалысы жылдамдығының, сондай-ақ технологиялық жабдықты, құрылымды қоршайтын бетті және жылулық сәулелену температурасының байланыстарымен анықталады. Микроклиматты сипаттайтын көрсеткіштер: температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және жылулық сәулеленудің қарқындылығы болып табылады. Микроклиматты жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша болатын орындар деңгейінде 2м дейінгі биіктіктегі кеңістікті білдіретін жұмыс аумағында бағалайды. Оңтайлы микроклиматтық жағдайлар - бұл микроклимат параметрлерінің байланысуы, ол адамға ұзақ жүйелі әсер еткен кезде жылуды реттейтін механизмсіз адам ағзасының қалыпты жылулық күйін сақтауды қамтамасыз етеді.

Ауа температурасы - көңіл күйге және еңбектің нәтижесіне елеулі әсер етеді. Төмен температура ағзаны суытады және тұмаурату ауруларының пайда болуына әкеледі. Жоғары температурада ағза асқын жылиды да терлейді және жұмыс қабілеттілігін төмендетеді. Нәтижесінде жұмысшының көңілі (назары) жоғалады да, жазатайым оқиғалардың себебі болуы және өндірістік зақымдануларға әкелуі мүмкін. Ауаның жоғары ылғалдылығы өкпедегі және тері бетіндегі ылғалдың шығуын қиындатады, және ағзаның термоайналымын бұзады, соның салдарынан адамның көңіл-күйі нашрлайды да жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Салыстырмалы ылғалдың төмендеуінде (20% төмен) адамның жоғарғы тыныс жолдарының бітелуі пайда болады. Ауа қозғалысының жылдамдығы жұмыс аумағында микроклиматты құруда маңзды роль ойнайды. Адам ауа қозғалысын 0, 15м/с жылдамдығында сезеді, сонымен ауа ағымының әрекеті соның температурасынан байланысты. 360С кем температурадағы ағын адамды сергетеді, ал 400С жоғары температурада - жайсыз сезінеді. Ағза энергиясының шығындарынан байланысты ГОСТ 12. 1. 005-76 жұмыстың үш категориясын қарастырады. Орындалатын жұмыстың категориясынан байланысты микроклимат параметрлерінің жіберілетін мәндері 2 кестеде келтірілген. 2 кестедегі мәліметтерді пайдаланған кезде жылдың жылы мерзімінде ауаның ортатәулік температурасы 100С жоғарыны құрайтынын, ал жылдың суық кезеңінде - 100С және одан да төмен болатынын ескуеру керек. Оңтайлы салыстырмалы ылғал 40-60%де болады. Еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық гигиеналық шаралар мен құралдар кешені; Өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі. Адам ағзасы қоршаған ортамен тұрақты жылу алмасу жағдайында болады. Бұл процесте нсгізгі рөлді адамның жылу реттеуі негізгі орын алады. Ол коршаган ортамен жылу алмасуды реттеп отырады жэне дене темтературасын 37°С жуык, сақтап отырады. Адам ағзасының қоршаған ортаға жылу беруі киік, конвекция (таралу), қоршаған беттерге сәулелену, тері бетіне ылғалдың булануы арқылы жүреді. Жылудың бір бөлігі демалатын ауаны жылытуга кетеді. Жылуалмасу процесіне ортаның (микроклиматтың) метеорологиялық жағдайлары және жұмыс сипаты әсер етеді.

Микроклимат (грекше Micros - шағын + климат ) - адам ағзасының жылу алмасуына әсер ететін шектелген кеңістіктегі физикалық факторлардың кешені. Өндірістік бөлмелердін микроклиматы бұл - ауа козгалысыны ылғалдылығы мен жылдамдығы температурамен қосылғандагы адам ағзасына, сондай-ақ коршаған орта температурасы әрекетімен анықталатын бөлмелердің ішкі климаты. Оңтайлы микроклимат жагдайлары - жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің косындысында ацам агзасына ұзак және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдык жэне жылу жағдайын камтамасыз етеді. Олар жылылық сезімін қамтамасыз етеді жэне жұмыс қабілетін арттырады. Колжетімді микроклимат жагдайлары физиологиялык бейімделу мүмкіндік шектерінен аспайтын, адамга үзак және жүйелі эсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бүл ретте денсаулық жағдайларының закымдануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ колайсыздау жылулық сезінулер, кеңіл күйдің нашарлауы жэне жүмыс қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін. Бүл нормалар әзірге казіргі гехниканың оңтайлы нормаларын қамтамасыз ете алмау себептсрінен болады. Әр түрлі тағайынды нысандар үшін микроклиматтың санитарлык нормаларын эдетте жылдың суық жэне жылы кезеңдері үшін эзірлейді, ал кей жағдайларда климаттык зоналар бойынша жасайды. Жылдың жылы кезеңі сырткы ауаның орта тэуліктік температурасымен сипатталады, ол 10°С жэне одан жоғары болуы кажет. Жылдың салқын кезеңі орта тәуліктік 10°С төмен болуымен сипатталады. Тұрғын үйлердің жэне қоғамдық бөлмелердің микроклиматы олардын тагайыны жэне орындалуымен ондағы жылу, желдету, ауа баптаумен анықталады. Түрғын үй адам баласының жер шарындағы барлык өңірлерінде өмір сүруге мүмкіндік береді. Өңірдің ауа райына және қоршаған ортамен түргын жайдың жылу алмасуында тұргын үйдің төрт типін ажыратады: ашык, жартылай ашық, жабық жэне оқшауланган.

Өндірістік орнына қойылатын санитарлық гигиенаның талаптары

1-талап: 1 класс - 1000 м 2 класс - 500 м 3 класс - 300 м 4 класс - 100 м 5 класс - 50 м;

2-талап. Құрылыс алаңындағы салынатын ғимараттың тығыздығы төмендегідей болу керек: 1) астық өңдеу өндірісінде тығызық 40 пайыз; 2) консерві, шарап, кондитер өндірісінде тығыздық 50 пайыз; 3) нан өндірісінде 45 - 50 пайыз; 4) май өндірісінде 30 - 35 пайыз болу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гигиеналық факторлар
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Балалар гигиена
Гигена туралы жалпы мағлұмат
Аяқ киім гигиенасына қойылатын талаптар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы
Еңбек гигиенасы
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz