НЕСИЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Барлық салалардағы өнідіріс орындарына өздерінің қызметтерін жүзеге асыру мен пайда табу мақсаты үшін қаражатты тарту мәселесі обьективті түрде маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Қаражатты тартудың ең танымал нұсқалары ретінде банктік ссудалар мен несиелер болып табылады. Осы жағдайда үлкен роль несиеге беріледі, себебі ол төлемсіздік пен өндіріске қажетті ақша айналымының дефицитінің проблемаларын шешуге көмектеседі.
Несиелік операциялар - бұл банктің барлық операцияларының ішіндегі ең табысты бөлімі. Осы табыс көзі арқылы резервтік қорлар мен акционерлердің дивиденттері ретінде төленетін, таза пайданың негізгі бөлігі құралады. Банктер несиелерді жеке және заңды тұлғаларға өздерінің меншікті және тартылған капиталы арқылы қамтамасыз етеді. Осы несиелер клиенттердің депозиттері, банкаралық займдар, қарыздық бағалы қағаздарды уақытша пайдалануға беру және тағы да басқа көздер арқылы құрылады [1] .
Бірақ қазіргі тұрақсыз экономика жағдайына байланысты несиелеудің өзі ғана емес, сонымен қатар оның құрамы, есебі және тағы басқа факторлар маңызды болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде несиелік қатынастар құру ортасында көптеген және түрлі тәсілдер пайдаланады. Бірақ, олар Отандық банктер іс-әрекетінде тек қана шектеулі нысанда ғана іске асырылады. Банктік несиелендіруде мынадай несиелер овердрафт, факторинг, форфейтинг, лизинг секілді және т. б. формалары операцияларына сұраныс бар болғанына қарамастан олар шектеулі түрде қолданылады, немесе мүлдем қолданылмайды. Өйткені банктердің қысқа мерзімді несиелендіруімен айналысуы оларға тиімді әрі, жеңіл соғып отыр. Несиелік қатынастарды құру саласында зерттеулерді жүргізу жұмыстары Отандық экономикалық әдебиеттерде баламалық көрініс табуы тиіс.
Елбасымыз да осы банктердің қызметіне аса мән беріп отыр. Себебі халықты қажет қаражатпен қамтамасыз ететін, банктің қалыптастыратын ресурстары. Соған байланысты Елбасымыз: «Банк өзінің несие ресурстарын қалыптастыруды сауатты жүзеге асыру керек. Банктердiң қызметi ашықтықтың айтулы өнегесi болуға тиiс. Ең алдымен, мұның меншiк құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәлiметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешiмдерге елеулi ықпалы бар барлық тұлғалар уәкiлеттi органның келiсiмiн ала отырып, өздерiнiң мәртебесiн нақтылай түсулерi керек. Банктердiң инвестициялық қызметiне қойылатын талаптарды топтасу негiзiнде ретке келтiру қажет. Аффилирленген тұлғалармен жасалатын мәмiлелер банктердi тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінiң бұл жұмысты батыл жүргiзуi мiндет» - деген болатын [2] .
Осы жағдайларға сүйене отырып, курстық жұмыстың өзектілігіні көрінісін табады.
Жұмыстың мақсаты болып мыналар саналады: банк пен тұлғалар арасындағы несиелік қатынастардың қалыптасқан жағдайын, несие ресурстарының мәнін, реттеу әдістерін зерттеу және оларды ұлғайту жолдарын ұсыну. Несиелік қатынастар субъектілерінің, «Fortebank» АҚ қаржылық мүмкіндігін талдау негізінде жүргізілетін несиелік шарттардың орындалуын болжап, салалық өзгешеліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып баға беру.
Бұл максатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
- нарықтық қатынастарды дамыту жағдайында несиелік қарым-қатынастарды дамытудың ерекшеліктерін айқындау;
- несие алушының қабілеттілігін сипаттайтын және оның іс-әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты мінездеме беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру;
- дамыған шетелдік банктердің жұмыс тәжірибесін пайдаланумен өңір нарығының әртүрлі субъектілер мен банк арасындағы несие келісімдерін қалыптастырудың болашағын айқындау;
- шетел тәжірибесін зерттеу негізінде отандық банктердің қаржылық тұрақтылығын басқару бойынша ұсынымдар пысықтау;
- несие ресурстарын және оларды таратудың барысын қарастыру т. б.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.
Берілген курстық жұмыс тақырыбында несиелік ресурстарының мәні, құрылымы, қажеттілігі, нарықтық экономикада несиенің рөлі мен мәні, жинақтау және тарату тәртібі қаралады.
Зерттеу объектісі болып «Fortebank» АҚ несие ресурстары мен олардың пайдалануы саналады.
Курстық жұмыстың пәні - несие ресурстарының көздері, олардың қалыптастыру көздері мен пайдалануы негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының банк және банк қызметтерінің заңды және нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің статистикалық ақпараттары, жылдық есептер және Қазақстандық коммерциялық банктердің сайттары, басылым материалдары, сонымен қатар «ForteBank» АҚ есебі құрайды.
I НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР МЕН ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КӨЗДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1 Несиелік ресурстардың мағынасы
Банктік істі дамытуда және несиелік қатынастарды зерттеуде шетел мемлекеттерінің ғалымдарының ішінде үлкен үлес қосқандар : Э. Дж. Доллан, Джозеф Ф. Синки, Д. П. . Уайтинг, Д. Полфреман, Ф. Котлер, П. С. Роуз, Ф. Форл және т. б.
Несиелік қатынастар проблемаларына атақты Ресей экономистері мен қаржы мамандарының ғылыми еңбектері арналған, олар:
Д. А. Аллахвердян, Ю. А. Бабичева, Н. А. Брусиловская, В. С. Геращенко, Л. Н. Красавина, Л. П. Кроливецкая, В. И. Колесникова, О. И. Лаврушин, И. Д. Мамонова, А. И. Ольшанный, Г. СПанова, И. О. Спицин, Я. О. Спицина, В. М. Усоскин, Е. Б. Ширинская, және т. б.
Ал отандық ғалым-экономистердің: Ш. Р. Әбдірмановтың, Б. К. Иришевтің, З. Д. Ыскакованың, Ғ. С. Сейткасимовтың, Т. Т. Тулебаевтың және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
«Ресурс» сөзі француздың ressources сөзінен шын мағынасы қаражат, құрал, қор, мүмкіндік, бірнәрсенің көзі дегенді білдіреді.
Қаржылық-несиелік сөздікте банктік ресурсқа келесі анықтама беріледі: «Несиелік ресурс - банктің несиелік операцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын қаражат жиынтығы».
Бұл анықтаманың кемшілігі сол, онда банктік ресурстардың қалыптасу көздеріне, яғни банктің пассивтік операцияларына көңіл бөлінбейді.
Негізінен банктік ресурстар мен несиелік ресурстар ұғымын бөліп қарастыру керек. Екеуін жеке қарастырып көрейік.
Коммерциялық банктердің ресурстары (банктің ресурстар) - бұл оның жарғылық капиталы және резервтері, сондай-ақ банктің пассивтік операцияларын жүргізу нәтижесінде жұмылдырылатын және банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары. Бұл анықтама банктің несиелік потенциалын анықтауды талап етеді. Несиелік потенциал - бұл банкте жинақталған ресурстардың өтімділік резервін шегергендегі жиынтығы.
«Несиелік ресурс» түсінігі «банктік ресурс» түсінігіне қарағанда тар, өйткені несиелік ресурс банктік ресурстардың бір бөлігін, нақты айтқанда, банктің барлық жинақтаған ресурстарының несие беру мақсатына арналған, айтарлықтай бөлігін құрайды. Ал банктік ресурстар тек несие беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да пассивтік операцияларын жүзеге асыру мақсатына жұмсалады [3] .
Несиелік ресурстардың шынайылы жақын және тәжірибемен байланыстылығын көрсететін анықтамасын берейік: Коммерциялық банктің несиелік ресурстары - бұл оның меншікті капиталы мен тартылған құралдарының ақшалай формада активті несиелік операцияларын жүзеге асыруға бағытталатын бөлігі. Несиелік ресурстар пайдалану мезетінде банк үшін ресурс болып саналмайды (несиелеу-тәуекелді операция), өйткені ол банктің запасындағы ақша қаражаты емес, орналастырылған банк ресурсы болып табылады.
Несие ресурстары - несие беру, салымдарға орналастыру, бағалы қағаздарды сатып алу және басқа банк операцияларын жүзеге асыру үшін кез-келген банк меншікті және сырттан тартылған қаржы көздері есебінен құрайтын қаражат; коммерциялық банкілер теңгерімінің пассив бөлігінде көрсетілетін және осы банкілер несие беру үдерісінде пайдаланатын ресурстардың жиынтық бөлігі.
Нарықтық қатынастар коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Жекелеген банктің ресурстарының құрылымы оның мамандану дәрежесіне, оның қызметінің ерекшеліктеріне, қарыз капиталы нарығының жағдайына тәуелді болады. Коммерциялық банктің несиелік ресурстары банктің меншікті, тартылған қаражаттарынан қалыптасады.
Меншікті қаражатқа акционерлік (жарғылық), резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капитал (немесе банктің жарғылық қоры) қарапайым акцияларды шығарып, орналастыру арқылы жасалады. Әдетте, банк қызметі дамыған және операциялары кеңейген сайын, ол жаңа акцияларын шығарылымын жүзеге асыруы мүмкін [4] .
Резервтік капитал таза табыстан аударым жасау арқылы қалыптасады және банктің кездейсоқ, күтпеген залалдарын жабуға жұмсалады.
Бөлінбейтін пайда - дивиденттер төлеп, резервтік капиталға аударым жасалғаннан кейін бөлінбей қалған пайданың бөлігі.
Меншікті құралдар коммерциялық банк қызметі үшін өте маңызды роль атқарады. Меншікті капитал үлесінің төмендеуі кейде банкті банкротты ұшыратуы мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың ең ірі 20 коммерциялық банктерінің бірінің - "Франклин нешнл бэнк" (1974 г. ) - банкротқа ұшырау себебі банк балансындағы меншікті капиталдың үлесінің күрт төмендеуі болды.
Экономикалық және банктік дағдарыс кезінде ойластырылмай жүргізілген пассивтік және активтік операциялар банкті банкротқа әкелуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-та өткен ғасырдың 80-ші жалдарының екінші жартысында банктік банкроттық саны ұлғайды. АҚШ-тың ең ірі ондық құрамына кіретін «Континентал Иллинойс» банкінің банкротқа ұшырауынан арнайы үкіметтік бағдарлама ғана сақтап қалды, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі бірнеше миллиард доллар қарыз берді және депозиттерді сақтандырудың Федералды корпорациясымен және АҚШ-тың Қаржы министрлігімен біріге отырып банктің төлем қабілеттігіне кепілдік берді [6] .
Сонымен, несие ресурстары дегеніміз - бұл банктің меншігінде болатын барлық қаражат жиынтығы және банк оларды несиелік және басқа да операцияларды жүзеге асыру үшін қолданады [7] .
Несие ресурстарының мәнін тереңірек зерттеу үшін олардың түрлері мен формаларына тоқталайық.
1. 2 Несиелік ресурстардың түрлері мен формалары
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығынң уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады [8] .
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
- депозиттер;
- банкаралық займдар;
- депозиттік емес көздер;
- коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары [9] .
Бұлардың қалыптасуын келесі бөлімде тақырыпқа сай қарастыратын боламыз.
Ал қарапайым түрде несиелік ресурстарды екі түрге бөлеміз: меншікті ресурстары және тартылған ресурстар.
Меншікті ресурстар - жарғылық, резервтік, сақтандыру және банктің табыстары негізінде құрылатын қорлар көздері, сонымен қатар жыл аралығындағы бөлінбеген табыстары болып табылады.
Коммерциялық банктердің несие ресурстары құрамында тартылған көздер басты рөлді атқарады. Бұған клиенттердің ағымдық шоттарындағы қаражаттары, заңды және жеке тұлғалардың депозиттері, банкаралық нарықта тартылатын корреспонденциялық шоттардағы қалдықтар, бағалы қағаздарды сатудағы қаражаттар және т. б. жатады. Коммерциялық банктер үшін өтімділігін сақтауда ресурстардың сенімді көздері депозиттер болып табылады. Сондықтан да келесі кезекте осы депозиттерді толыққанды қарастыратын боламыз.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады [11] .
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие ресурстарына бөлінеді.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді; кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы [11] .
Несиелік ресурстардың түрлері мен формаларының ерекшеліктерін түсіну үшін олардың қалыптасу үрдісіне назар аудару қажет.
1. 3 Несиелік ресурстардың қалыптасу үрдісі
Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Несие беруші бұл - несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беруші үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражат болуы керек. Осы қаражатты несиелік ресурстар деп атайды. Бұл ресурстардың қайнар көзі болып өз меншігіндегі қаражат және сырттан алынған қаражат жатады.
Несие дегеніміз - қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізде берілетін ақша суммасы. Қарыз капиталының немесе несиенің құрамына негізгі 3 элемент кіреді:
- несие беруші;
- несие алушы;
- несие объектісі.
Несие беруші бұл - несиелік келісімнің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беруші үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражат болуы керек. Осы қаражатты несиелік ресурстар деп атайды. Бұл ресурстардың қайнар көзі болып өз меншігіндегі қаражат және сырттан алынған қаражат жатады.
Қарыз алушы бұл - өз мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында несие мекемесінен қарыз капиталын алушы тұлға.
Несие объектісі - несие қатынастары құрылымының бірі, яғни несие берушіден қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан кредиторға кері қозғалатын объект болып табылады [11] .
Банктердің несиелік ресурстары - бұл несиеге берілетін банктің ақша қаражат қоры. Несиелік ресурстардың қайнар көзі болып банктердің өз меншігіндегі қаражаты және сырттан алынған капиталы табылады.
Банктің өз меншігіндегі капиталына жарғылық қоры, тапқан пайдасы және резервтік қорлары жатады.
Сырттан алынған капиталға банкке клиенттердің салған депозиттерінің суммасы, басқа кәсіпорындардан алған несиесі, кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу шотындағы қаражаты, бағалы қағаздар мен операциялардан жиналған қаржы жатады.
Нарық жағдайында банктің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды болып отыр. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығы.
Жалпы банктердегі қарыз капиталы келесі көздер есебінен қалыптасады:
- депозиттер;
- банкаралық займдар;
- депозиттік емес көздер;
- коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
Несиелік ресурстардың аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын банктегі келісімдер мен шоттар бойынша банкке салумен байланысты операциялар депозиттік операциялар деп аталады. Депозиттер негізінде банктің несиелік ресурстарының көпшілік бөлігі құралады.
Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі.
Коммерциялық банктер кез келген заңды тұлғалар сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстармен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы [12] .
Банктің меншікті капиталы келесілер негізінде қалыптасады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банктік бөлінбеген пайдасы.
Банктің депозиттік ресурстары бұл ең негізгі ресурс көзі болып табылады, сонымен қатар ол ең негізгі шығын көзі, өйткені жұмылдырылған қаражат үшін банк белгілі бір мөлшерде сый ақы төлеп отырады. Банктің ресурстарының 70-80 % жуығы осы ресурс көзінен тұрады. Қысқа мерзімге қабылданған депозиттер ұзақ мерзімді несие операциялары ретінде қолданыла алмайды. Сонымен қатар депозиттердің ішінде талап етуге дейінгі міндеттемелер болады. Талап етуге дейінгі міндеттемелердің қаражатын біз клиенттерге есеп айырысу кассалық қызмет көрсетуде қолданамыз. Бұл есеп айырысу кассалық қызмет ағымдағы операциялар болып есептеледі. Банктер сонымен қатар басқа да несие ұйымдарынан қарыз-қаражат алады. Салымшылардың категориясы бойынша барлық депозиттік ресурстар жеке және заңды тұлғалардың салымдары болып бөлінеді. Қазіргі кезде банкке салынған депозиттер міндетті түрде сақтандырылады [11] .
Банктің барлық сырттан алынған қаражаттары несие операцияларын жүргізу үшін бос емес. Осы ресурстардың 70-75 % ғана несиеге беріледі, ал қалған бөлігі басқада активті операцияларды жүргізуге қолданылады.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уакытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойын-ша тұрақты пайыз төленеді және әдетге салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шотnарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастыртан қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz