Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Ақша, несие, банктер
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
2-курс студенті Қаржы-23 тобы
Муратбек Нуржан Қадырбекұлы

Ғылыми жетекшісі:

э.ғ.к., профессор

Мажитов Дауренбек Мажитович

Астана, 2016

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3

І ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері 5
1.2 Тікелей және шетелдік инвестициялар 7

II ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ОРНЫ
2.1 Қазақстанның инвестициялық саясаты 10
2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік тікелей инвестиция тартудың 11
маңызы
2.3 Қазақстанға жұмсалған шетелдік инвестициялар 16

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ, 21
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
БОЛАШАҚҚА ӘСЕРІ

ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
ҚОСЫМШАЛАР 28

КІРІСПЕ

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы
тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда
жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан
қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне
сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен
кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға
тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің
өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін
арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын
ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті
ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді. Осыдан курстық жұмыстың өзектілігі
қарастырылады.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды
орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік
кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы
тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы
капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Дамушы мемлекеттерден
капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік
берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер дамушы мемлекеттердің
ұлттық капиталын өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы
мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы
үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары
деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен
тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады.
Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде
жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық
құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан экономикасындағы модернизациялау
процестерін қарастыру және осыған байланысты шетелдік капиталға деген
қажеттілік, қазіргі инвестициялық саясатты зерттеу негізінде, Қазақстан
Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту және қолдану мәселелерін
шешу.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қойылатын міндеттер:
• Инвестиция түсінігінің мәнін ашу, олардың түрлерін қарастыру;
• Қазақстан Республикасына жұмсалған инвестицияларды зерттеу;
• Қазақстан Республикасындағы инвестициялау процесін зерттеу;
• Шетелдік инвестицияларды тарту және олардың болашаққа қалайша әсер
етуін зерттеу.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасындағы шетелдік
инвестициялар.
Курстық жұмыстың пәні – инвестициялау процесі кезінде пайда болатын
экономикалық қарым-қатынастар, шетелдік инвесторлардың Қазақстан
Республикасындағы іс-әрекеттер.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының инвестициялар
туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігінің
Статистика комитетінің мәліметтері, Қазақстан Республикасы Инвестициялар
Және Даму Министрлігі мәліметтері қолданды.

І ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар
өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша
және тауар формасындағы барлық коммерциялық өндіріс ғимараттар,
құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан
басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа
жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді
пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған
құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық
жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық
анықтамасы бар.
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық,
технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс
жүзеге асырылады.
Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі
қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай
ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа
түсінік.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған және интелектілік құндылықтарды барлық
түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді
жұмсалымы [1].
Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда табу мақсатындағы
капиталдың ұзақ мерзімдік салымы.
Инвестициялар- бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам
өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін
қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс
тұрғысынан, өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты
шығындар. Бірақ қоғамда басқада өндірістік деп айтуға болмайтын шығын
түрлері бар. Оларға қорғанысқа жұмсалатын шығындарды жатқызуға болады [2].

Қазіргі кезде инвестицияның бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар
өздерінің нысаны, мақсаты, инвесторы бойынша бөлінеді.
Шетелдік инвеситция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқару үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы.
Қаржылық инвестиция - бағалы қағаздарды, облигацияларды, акцияларды сатып
алу, банктерге пайыз мөлшерлемесімен депозиттік шотқа ақша салу және т.б.
Қаржылық инвестициялар капиталдық салымдардың қосымша көзі бола алады,
сонымен қатар құнды қағаздар нарығындағы биржалық ойының құралы да бола
алады. Бірақ, портфельдік инвестициялардың бір бөлігі – материалдық
өндірістің әр түрлі салаларындағы кәсіорындардың акциаларындағы салымдар -
өзінің табиғаты жағынан өндірістегі тікелей инвестициялардан ешқандай
айырмашылығы жоқ.
Қаржылық емес инвестиция – ақшалай емес инвестиция, ол инвестициялық
жобаға материалдық емес активтерді (құқықтар, лицензиялар, ноу-хау) және
материалдық активтерді (машиналар, құрал-жабдықтар, жер учаскелері және
т.б.) салу.
Тікелей инвестиция – шаруашылық субъектінің жарғылық капиталына,
акционерлік қоғамның акциаларына, дивиденд түрінде пайда табу мақсатында
да, сонымен қатар акционерлік қоғамның мүлігін басқаруға қатысу құқығына ие
болу мақсатында, ақшалай салымдар [1].
Өндіргіш күштердің дамуына, интеллектуалдық потенциалына, ғылыми
зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін
жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та,
Жапонияда және басқа да дамыған елдердің білімге және ғылымға жұмсалатын
салымдары олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей
жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды [4].
Кез-келген фирма қызметінің маңызды саласының бірі ретінде инвестициялық
операциялар, яғни жобаларды жүзеге асыруға салынатын ақшалай құралардың
салымымен байланысты операциялар.
Комммерциялық тәжірибеде инвестицияның келесі түрлерін бөліп көрсетеді:
• Физикалық активтерге салынатын инвестициялар;
• Ақшалай активтерге салынатын инветициялар;
• Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар.
Физикалық активтерге өндірістік ғимараттар және құрылыстар, сонымен қатар
кез-келген машиналар және құрал-жабдықтар, қолдану мерзімі бір жылдан
жоғары, өндірісте қолданылатын кез-келген мүлікті жатқызуға болады.
Ақшалай активтерге басқа жеке тұлғалардан және заңды тұлғалардан ақша
сомаларын алуға құқықтарды жатқызуға болады. Олар банктегі депозиттер,
облигациялар, несиелер, қарыздар, залогтар және т.б.
Материалдық активтерге персоналдың біліктілігін көтеру және қайта оқыту
бағдарламаларын жүргізу, сату белгілерін дайындау, өнеркәсіптік меншік
құқықтарын беру лицензияларын алуды жатқызамыз [5].
Инвестицияның барлық түрлері фирманың өмір сүру қабілетін сақтап қалуға
және ары қарай дамуына маңызы өте зор.
Тікелей және шетелдік инвестицияның келуі Қазақстан үшін маңызы өте зор.
Себебі бұл техникалық және басқару әдістерін алып келуге жол ашады. Бұл
жерде технологияның келуі, капитал ағылуының пайдасынан артық деуге болады.
Бұл ағылу инвестиция табысына байланысты. Шетел капиталының республикаға
коммерциялық несие және халықаралық ұйымдардың заемы түрінде, сондай-ақ
құнды қағаздар ретінде келеді. Сондықтан келесі бөлімде шетелдік және
тікелей инвестициялардың мәнін толықтай қарастырамыз.

1.2. Тікелей инвестиция және шетелдік инвестициялар

Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдалдарсыз табуы мүмкін,
басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде
қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы мүмкін. Бұл салымдар
түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдердегі меншікке тікелей
меншіктену құқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор
компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын
орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік
компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және
қарыз бен несие түріндегі ішкі фималық аударулар кіреді.
Шетелдік инвестициялар халықаралық капитал қозғалысының формаларының
ішінде ерекше роль атқарады. Тауар өндірісінің әлемдік нарықтан әлемдік
шаруашылыққа өту барысында тек қана тауар қозғалысы ғана емес, сонымен
бірге өндіріс факторларынын да, әсіресе капиталдың тікелей инвестиция
түріндегі халықаралық қозғалысы пайда болады.
Тікелей инвестиция деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтамыз. Мұның ішіне жергілікті
тұрғындардан жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік жағдайларды
орнықтыру да кіреді [5].
Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, тікелей инвестиция
дегеніміз – инвестордың өз қаржысын жұмсаған объектіні басқару және оның
қызметін бақылау сияқты құқықтарға ие болуы.
Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кенею
кезіндегі капитал қажеттегі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол
экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың маңызды көзі болады.
Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс орындардың көбеюіне,
жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы
экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді.
Инвестор компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына
технологияларды, маманданған кадрларды және нарықтарды беруі мүмкін.
Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық
бизнеске әсер етеді.
Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс
факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар
шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоңарырақ пайда алу
мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында
тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады [4].
Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
• өзі үшін қалыпты нарықты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер нарығына
шығудың бастамасы;
• әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі нарықты
құру;
• аймақтық және халыаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің
мүддесін қосу;
Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері
болып:
• шет елдегі кәсіпорын, оның ішінде филиалдар мен тәуелді кәсіпорындарды
құру;
• контракт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;
• табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;
• елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу болып табылады [7].
Тікелей инвестициялар әлемдік нарықта халықаралық корпорациялардың
үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық
иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына
мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. П. Х. Линдерт пікірі
бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылық ... ең
алдымен бақылау мәселесінде.
Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп
пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы тиімді дауысын
түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы
бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:
1. шет елде акциялар сатып алу;
2. пайданы қайта инвестициялау;
3. ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану;
Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған:
субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім -
шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей
инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігінің кеңею процесі, глобальды
мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді
қажет ететінін мойындауымыз қажет [16].
Капитал экспортының географиясының өзгеруі туралы айтқанда, бір қызық
жәйтке көңіл аудару қажет. Қазіргі кезде капитал миграциясы тек өндірісі
дамыған елдер арасында ғана емес, солар мен дамушы елдер арасында да өтуде.
Біз дамушы елдерден, әсіресе ОПЕК ұйымының елдерінен дамыған елдерге
капитал экспортына куә болып отырмыз. Бұл бағыттағы капиталды шығару дамушы
елдерге жоғары табыс әкелумен қатар, олардың өндірісі дамыған елдермен
экономикалық байланысын нығайтады. Бірақ бастапқы кезеңде капитал экспорты
негізінен индустриалды елдерден, өздеріне тәуелді аграрлы елдерге
бағытталған еді. Мысалға, Англия мен Франция өз қаржыларын Үндістан,
Египет, Алжир, Сирия және тағы басқа да отарларына салған, АҚШ өз капиталын
Латын Америкасына, ал Германия- Оңтүстік- Батыс Африкаға бағытталды.

ІІ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯСНЫҢ ОРНЫ.
2.1 Қазақстанның инвестициялық саясаты

Мемлекеттің технологиялық мүмкіндігі мен бюджеттік қаражаттардың
шектеулігі, әлемдік тікелей инвестиция нарығындағы бәсекелестіктің күшеюі
кезінде мемлекеттік инвестициялық саясатты дұрыс таңдау басымдығы қашанда
арта түседі. Өйткені мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы, болжам жасай алуы
және сабақтастық инвестициялық жобаларды дайындау мен жүзеге асыруға
қажетті жағдай туғызады. Соның бір көрінісі Қазақстандағы отандық және
шетелдік кәсіпкерлерге қолайлы ортаның жасалып отырғандығы деуге болады.
Инвестиция саласындағы мемлекеттік саясаттың қолданыстағы тетігі
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі
және соған ұқсас Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер
кеңесі болып табылады. Бұл аталған Кеңестер бюрократиялық кедергілерді жою,
саясатқа импортты алмастыруға ықпал ету, жұмыс қолын тарту мен пайдалану
саласында құқықтық базаны жетілдіру, мамандандырылған экономикалық соттарды
қолдану аясын кеңейту мен сот жүйесін жетілдіре түсу бағыттарын
қарастырады.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жетілдіру
мен инвестициялық шарттар тәртібін сақтау мониторингі тікелей
инвестицияларды тарту аясындағы заңдылықты жетілдіру жөніндегі шаралармен
тығыз байланысты жатыр. Бұл Парламенттің қарауына Инвестициялар туралы
жаңа заңды дайындауға және енгізуге негіз болды. Соған сәйкес тұтас заң
актілері дайындалды.
Инвестициялық саясатты — ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз
абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал
инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін
арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін
тигізеді. Әлі-де тигізе беретіні анық. Соның негізінде, яғни бүгінде
жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі
құралдарының бірі — тікелей инвестициялар тарту болып қала бермек [20].
Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық жағдайын орнықтыра түсу үшін
өңірлік интеграция қарқынын жеделдету қажет болды. Жалпы қолайлы
инвестициялық климатты құру жөніндегі мәселелермен қатар, Қазақстан
Республикасы аумағында түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық
компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалынды. Ол үшін шетелдік
инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы іскерлік кешенін, сол сияқты
институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі
тұтас жүйені құру іске асты. Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар
пакетін қолданудың әртүрлі үш-деңгейі қолданысқа енгізілді.
Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін:
Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін
инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар
үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді. Арнайы экономикалық
аймақтарда іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін — ең үздік әлемдік
тәжірибені ескере отырып, салық салудың айрықша тәртібі болды. Жеңілдіктер
бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға берілді. Бұл орайда
шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік іске қосылды. Сөйтіп
белгілі шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі
және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше
шараларын көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалды.
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік
инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша
мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің қызметін үйлестіру және
бақылау мақсатында Премьер-министрдің басшылығымен шетелдік инвестициялар
арқылы тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. Комиссия шетелдік
инвесторлар үшін омбудсмен рөлін атқаратын болды. Осы комиссия жобаларды
қарап, ірі жобаларды іске асыру кезінде әрбір жеке инвесторлармен жекелеген
жағдайларда жеңілдіктер пакеті мен артықшылық беруді айқындауды, оның
ішінде, инвестициялар бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін арнайы
экономикалық аумақтардан тыс жобаларды іске асыру үшін инвестициялық
келісімдер жасалатын болды. Ірі инвестициялық жобалар мен шешімдерді
іріктеуді Үкіметі қабылдайды.
Қазақстан республикасына шетелдік инвесторлардан тартылған тікелей
инвестициялар 2016 жылдың бірінші кварталы бойынша 4 278,5 млн $ құрады,
бұл 2014 және 2015 жылғы дәл осы периодттағы көрсеткіштерден 1,3 және 2,7%-
ға төмен [12].
Бүгінде инвестицияға қатысты, АҚШ, Жапония, Швейцария, Италия,
Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және т. б. шетелдік компаниялар қатысатын
ірі жобаларды атап өтуге болады. Олар бойынша бірнеше млрд.-тан астам, АҚШ
доллары сомасында бірлесекен жобаларды іске асыру жөнінде келісімдерге қол
жеткізілді.

2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың маңызы

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді,
ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына
тәуелді.Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін
анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу, соларға
байланысты жаңа жұмыс орындарын ашу инвестициялық процестерге тәуелді.
Қазақстан Республикасы үшін инвестицияларды тарту өте өзекті мәселе
болып табылады. Біздің мемлекетіміз КСРО кезінен ресурстық мемлекеттердің
қатарында болды. Бірақ, қазіргі нарықтық экономика жағдайында тек ресурс
базасымен шектелуге болмайды. Отандық өндіріс, экспорт және импрот
балансын, халықтың әл-ауқаттылық деңгейін, ұлттық байлық деңгейін арттыру
үшін жаңа кәсіпорындар, мекемелер, қызметтерді нарыққа енгізу қажет. Осы
жобаларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы шетелдік инвестицияларды
тарту және оларды тиімді пайдалануды қажет етеді.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да объективті
қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен
қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Шетел инвестициясын алып келу және оны тиімді пайдалану Республика
экономикасының өндірістік қуатын көтеруге ықпал етеді. Бірақ жалпы қағида
бойынша, көптеген елдер мұны үлкен мөлшерде алынған сыртқы қарызды өтеуге
бағыттайды.
Егер, біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану және
ашық экономика принциптерін қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға
келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс
қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі шетелдік инвестициялрды тарту және
оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.
Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту төмендегі мәселелерді
шешуге көмектеседі:
1. экономикалық және техникалық прогресті жеделдету;
2. өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;
3. өндірісті ұйымдастырудың үздік әдәістерін үйрену;
4. нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау.
Қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елде
қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты.
Республикаға шетел инвестицияларын тартудың қағидалары Экономиканы
тиімді басқару жүйесіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі
кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел инвестицияларын тарту мен
пайдаланудың оңтайлы жолын табу болып табылады.
Әрине кез келген стратегияның қндылығы түпкі ойында емес, сәтті
жүзеге асырылуында. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбінде шетел
инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторларға саяси кепілдер беруді
болжайды. Өкінішке орай, жақын болашақта ішкі ресурстарға сенуге болмайды.
Шетел капиталы ақша қаражатынын жай массасы ретінде ғана қажет емес,
жаңа әлемдік ғылыми-техникалық жетістіктер, технологиялар енетін маңызды
арна ретінде қажет. Олар ірі коммерциялық өндірістік инвестициялау
негізінде ұттық шаруашылық субъектілерінің дамыған тауарлық қатынастарға
бейімделу дәрежесін арттыруға, олардың өндірістік қызметін ұтымды етуге
мүмкіндік туғызады.
Жаңа қазіргі өндірістік куаттылықтарды құру үшін Қазқстанға ең
алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты Қажет, бұл шетел инвестицияларын
республикаға тарту бағдарламаларын құруды талап етеді. Бұл процесс
барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін,
белгілі бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.
Бұл қағидалар:
- экономикалық мақсатқа сәйкестілік - ол сол немесе басқа әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді, инвестиция тапшылығын, ішкі резервтер мен
мүмкіндіктердің шектеулігін, шетел инвесторлары қатысуымең болатын
вестициялық жобалар шарттарының тартымдылығын шешудің тығыз қажеттілігінен
туындай отырып анықталады;
-әлеуметтік экономикалық тиімділік - кез келген нысанда шетел
инвестицияларын тартудың бірден-бір шарты. Бұл қағида: шетел
компанияларының қатысуымен бола-тын жобалардың жоғары табыстылығы мен
пайдалылығы, қарыз бен несие беру шарттарының тиімділігі, жаңа жұмыс
орындарын құру мен тұрғын халықтың жұмысбастылығын арттыруды пайымдайды;
- экономикалық-экологиялық қауіпсіздік - егемендік қауіпсіздігінің
қағидасы республиканың табиғи байлық-тарын айқындықпен пайдалануға,
қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта
қалған технологиялар мен техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді
нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды
жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс. Республика үшін маңызды қағида
болып, барынша аз коммерциялық тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге
асырудың негізі - осы процесті басқарудың толық құқылы органдарын,
кәсіпорындарын жеткілікті хабардарлылығын қамтамасыз ету болып табылады;
- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін
барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Әрбір елдің өзіне ғана тән
көптеген ерікшеліктері бар: экономикалық, технологиялық, қаржылық және
басқа да потенциалдарының жекелеген аспектілерінің жетілгендігінен немесе
қалуымен ерекшеленеді.
Аталған қагидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін
құрайды. Оларды тарту елдің экономикасын жалпы алғанда және өтпелі кезеңде
реформалауда басты сәт болып табылады, әсіресе, ол халық шаруашылығьн
реконструкциялау, құрылымын өзгерту, жаңаландыру мақсаттарына қызмет етеді
[14].
Сонымен қатар елде бұл процесті басқару барысында оның дамуының
стратегиясын аньқтаушы және тартымды күші бар бірқатар глобалды факторларды
ескеру қажет. Мұнда ең бірінші, республиканың қуатты потенциалы туралы сөз
болуы тиіс. Біздін мемлекетіміз мұнай, газ, көмір мен уран рудаларының
әлемдік қорын жетекші иеленушілерінің бірі болып табылады. Осы салаларды
дамыту мен оларды басқарудың тиімділігін арттыру мемлекеттің ерекше назар
аударуын талап етеді. Республиканың жер қойнауынан алынатын минералды
шикізаттың потенциалды құндылығы - 8,7 триллион долларға бағаланады
Минералды шикізат кешеніндегі реформалауға сәйкес заңдар, сондай-ақ жер
қойнауын пайдалану мен жер қойнауын қорғауды басқару мен реттеу
қағидаларының негізінде жүргізіледі.
Келесі фактор, Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің қуатты
әлеуетінің болуы мен оларды ең алдымен, дәнді дақылдарды Орта Азия нарығына
экспорттау мүмкіндіктері болып табылады.
Үшіншіден, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясының
басымдықтарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылуда. Бұл мұнай
құбырларын, магистральды трассалар, темір жолдар, теңіз және өзен
терминалдары, әуежайлар құрылысы. Басқаша айтқанда - бұл дамыған байланыс
торабын құру.
Төртіншіден, адам ресурстарына капитал салу. Қазақстанның тұрғын
халқының білім алу деңгейінің жетіктігі әрқашан оның интеллектуалдық
әлеуетінің айрықша белгісі болатын. Бұл фактор республиканың бәсекелестікке
қабілеттілігінің импульсивті негізін көрсетеді. Кадр әлеуетін қалыптастыру
мен жеке тұлғаны дамытуға бағытталынған инвестициялар ең тиімді
инвестициялар болып табылатындығы бұрыннан есептеліп келуде [13].
Инвестициялық қызметті басқаруда жоғарыда келтірілген қағидаларды
тиімді және саналы қолдану, сондай-ақ, елдің потенциалды мүмкіндіктерін
барынша ескеру, шетелдік және отандық инвестициялар үшін де қолайлы,
тартымды атмосфера жасайды.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар. Шетел
капиталы 3 арна бойынша түседі:
- экпорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
- дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
- инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) - елден тауарларды немесе қызметтерді сатып
алу шарты бар экспорттық несиелер [18].
Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп
беру мақсатымен, ал тауарлық несие - дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру
шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық деңгейде көрсетіледі.
Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту,
кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық
кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде
түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика
экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға
акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-қаражат салу.
Алушы ел үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция және экономика
Инвестициялық саясат пен басқару
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан үшін Шетелдік инвеститцияның маңызы, оның құқықтық негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар
Ел экономикасындағы шетелдiк инвестициялар мен компаниялар
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Пәндер