Педагогтардың кәсіби деңгейін бағалау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі -- мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.

Жұмыстың мақсаты:
-Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
-Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау
-Педагогтардың кәсіби деңгейін компьютер арқылы бағалау.

І Білім беру қызметкерлерінің ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша біліктілігін көтеруді дамытудың негізгі жолдары

1.1 Кәсібилік - ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми - пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет,телекоммуникациялық желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық,педагогикалық-психо логиялық сауатты,саяси-эконмикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырылы маман болуы керек.
Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино,аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау(педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады.
ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік - аутентті вируалды интерактивті тілдік орта болып табылады. Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына - ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да, тек жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
1.Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау ( музыкалық немесе дикторлық дайындау,анимация бейнеклиптер, слайд - шоу).
2.Жүйенің басқару құрылымы - оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3.Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.
4.Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1.Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап,сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды;
2.Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді;
3.Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі.
4.Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген білімгерлердің өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады;
5.Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Яғни білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру - бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайлар білім беру жүйесінде міндеттерді шешудің тиімді тәсілдерін іздестіру қажеттілігін тудырып отыр. Білім беру сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүниежүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялауды, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой - елегінен өткізуді талап етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім - тәрбиесіне, сана - сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың енші-сінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылымының көптеген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагогикалық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс - тәсілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Білім беру субъектілерінің кәсіби құзыреттілігіне қол жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кәсібилік - ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік - өзбетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте мін-деттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технологияларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Ал білім беру мекемесінің жетекшісі білім беру үрдісінде игерілген тәжірибенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг технологиясын жақсы меңгеруі керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Оған білімді механикалық түрде беруші, білім трансляторы ретінде қарамайды. Осы айтылып отырған заңдылықтар мұғалімнен педагогикалық өзара әрекет етудің ерекше кәсіби технологиясын меңгеруді, кәсіби және тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын талап етеді. Кез - келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы - кәсіби өзін - өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса қажет. Біздің осы мәселені көтеріп отырған себебіміз, қазіргі таңдағы көптеген педагогтардың өзінің кәсіби жетілуіне көп мән бермейтіндігінде. Оны әр-түрлі жағдайлармен байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің жалпы педагогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын байқамаса, өз педагогикалық құралының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін - өзі жетілдіруі мен өзін - өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін - өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс - әрекетін жақсартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін - өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп - салдарларын терең талдаудан бастау қажет екендігіне көзіміз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәтижелерін талдай отырып, оқытушы рефлексия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio - өткенге сүйену) - тол-ғану, өз - өзін байқау, өзін - өзі тану. Кәсіби сана - сезім өзін - өзі тану негізінде қалыптасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, педагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъектілігінің құрылымының негізгі компоненттерін атап көрсетеді. Олар:
1) Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникальность);
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.
Осы аталған компоненттерінің барлығы да педагогтың өзін - өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.
Өзін - өзі білімдендіру кәсіби өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін - өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін - өзі білімдендіру - оқытушының маман ретінде өсуінің негізі.
19 ғасырдың ұлы неміс ғалымы, педагог Адольф Дистервег (1790- 1866) педагогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқаларды шынайы тәрбиелейді және білім-дендіреді деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетістіктерді күнделікті біліп отырмайтын педагог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педагогикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан - жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді. Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана - сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Ал К.Д. Ушинскийді орыс мұғалімдерінің мұғалімі деп текке атамаған болар. Олай болса, оның ой астары тереңде жатыр деп айтуымызға әбден болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев. Ол: Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң - басқаларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді деген еді.
Дегенмен, шынайы тәжірибелік өмірде, педагог көп уақытын күйбің тіршілік міндеттерін атқарумен өткізеді. Осылайша, оның кәсіпке деген қарым - қатынасы - оның кейбір қырларына деген қатынасымен өлшенеді. Яғни, кәсібін және өзін бағалау туындайтын мәселелермен (тәртіп орнату, ұжымды ұйымдастыру, әкімшілікпен қарым - қатынас айқындау т.с.с.) байланысты ситуативті сипатта болады. Бұл ерте ме, кеш пе педагогикалық әрекет логикасына қарама - қайшылық тудырады да, мұғалім өзіне кәсіби іс-әрекетте сыни көзбен қарай бастайды, нәтижесінде еңсесін көтеруге алып келеді. Бұл кәсіби әрекет тәсілі рефлексияның пайда болуы-мен немесе Л.С. Рубинштейннің сөзімен айтатын болсақ, кәсіпке деген жалпы - тұтастық қарым - қатынас қалыптастыратын дүниетанымдық сезіммен байланысты.
Өзін - өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін - өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:
- өзінің жекелікқайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;
- кәсіби құзыреттілігін әрдайым жоғарылатып отыру;
- әлеуметтік - адамгершілік және тұлғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.
Осы орайда Р.П. Скульскийдің мұғалімді мұғалім болуға үйрету керек деген ой - пікірі тілге оралады. Яғни:
1. Жүйелі түрде әдістемелік біліммен қарулану, философия классиктерінің еңбектерін, өсіп келе жатқан ұрпақты білімдендіру мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік құжаттарды оқу.
2. Өз іс-әрекетінде психологияның және педагогиканың жетістіктерін, озық тәжірибені қолданып және өзінің ғылыми - педагогикалық зерттеуін жасай отырып, күш - жігерін мұғалімнің кәсіби педагогикалық функциялары жетік жүзеге асатын оқыту үрдісін жетілдіруге бағыттау.
3. Жүзеге асырылып отырған білім беру үрдісінің жағдайын, оның оқыту үрді-сінің жалпы даму тенденциясымен сәйкестендіре отырып, әрдайым талдау, бағалау критерийі ретінде өзінің мұғалімдік еңбегінің педагогикалық тиімділігінің аралық және соңғы көрсеткіштерін алу.
4. Өзінің педагогикалық әрекетін сол жүйеде оқу - тәрбие міндеттерінің мазмұнына қарай шығармашылықпен әртүрлі шешу үрдісі ретінде терең ұғыну.
5. Өзін - өзі білімдендіру арқылы өзінің кәсіби педагогикалық квалифика-циясын үздік жетілдіру, ғылымның жетістіктерін оқу және оны тәжірибеде қолдану, сонымен қатар өзінің педагогикалық ізденістерінің нәтижелерін енгізу.
6. Барлық дидактикалық қағидаларды жетекшілікке ала отырып, өзін - өзі тәр-биелеу және өзін - өзі дамыту арқылы шы-ғармашылық әрекетке жетелейтін өзінде кәсіби - педагогикалық сапаларды қалыптастыру, біртіндеп педагогикалық міндеттерді шығармашылық сипатта шешудің зерттеу біліктері мен тәсілдерін меңгеру.
Кәсіби өзін - өзі тәрбиелеудің негізінде, басқа да әрекеттер сияқты, белсен-діліктің көздері мен мотивтерінің жүйесі жатыр. Педагогтың өзін - өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күштері өзін - өзі жетілдіруге де-ген қажеттілік болып табылады. Осы тұста қажеттіліктің, яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның бойындағы қалыптасқан кәсіби - тұлғалық даму деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы қарама - қайшылығын шешу қажеттілігінен, өзінен - өзі қа-лыптаспайтынын айта кету керек. Қоғамның педагогқа қоятын талабы оны өзін өзгертуге бағытталған жұмысын не ынталандырады, не сол қайшылықты шешу үшін барлық мүмкін емес әрекетке баруға итермелейді. Психологтар мұндай құбылысты компенсаторлық механизмдерге (рационализациялау, инверсия, проекция) балайды.
Кәсіби өзін - өзі тәрбиелеу негізінде, мұғалімнің іс-әрекетінің негізіндегідей, мотив пен мақсат арасындағы қарама - қайшылық жатыр. Мотивті мақсатқа бағыттауды қамтамасыз ету - яғни, өзін - өзі тәрбиелеуге қажеттілікті тудыру. Осылайша педагогтың өзін - өзі тәрбиелеуге қажеттілігінің болуы кейін тұлғалық белсенділік көздерінен (сенім, парыздық сезім, жауапркершілік, кәсіби ар - ождан т.с.с.) қолдау табады. Осының барлығы өзін - өзі жетілдіру бойынша әрекет жүйесін тудырады. Ол кәсіби идеал мазмұнынмен айқын-далады. Басқаша айтқанда, педагог педагогикалық әрекетті тұлғалық, терең саналы құндылық ретінде түсіне бастағанда ғана, өзін - өзі жетілдіру қажеттілігі туындайды да, өзін - өзі тәрбиелеу үрдісі басталады.
Ғылым өзін - өзі бағалауды қалыптастырудың екі тәсілін белгілейді: біріншісі, өзінің талабының деңгейін жеткен нәтижелермен сәйкестендіру, екіншісі, әлеуметтік салыстырумен, яғни қоршаған ортаның өзі туралы пікірлерімен сәйкестендіру. Дегенмен, бұл тәсілдерді қолдануда әрқашан дұрыс өзін - өзі бағалау бола бермейді. Талабы жоғары емес педагогты мұндай тәсілдер тым жоғары өзін - өзі бағалауға алып келуі мүмкін, жұмыста өзінің алдына үлкен міндеттер қоя білетін педагогтар ғана қиналады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогты өзін және өзінің нәтижелерін басқа қызметтес адамдардың нәтижелерімен салыстыру қанағаттандырмайды.
Сондықтан педагогтың өзін - өзі бағалауын қалыптастырудың басты тәсілі - ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі - өзін - өзі білімдендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал - педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығармашылықтарымен танысу. Бұл - оның өзін - өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шарты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал обра-зын тапқан дұрыс. Мысалы, педагогикалық жоғары оқу орнында Л.Н. Толстой өмірі үлгі боларлықтай. Оның өзін - өзі тәрбиелеу жұмысына қатысты жазып қалдырған күнделіктеріндегі үлгілер таптырмас асыл қазына. Ол мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орындау. Орындаған екенсің, оны жақсы деңгейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл - есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр. Ал өз - өзіне есеп беру мен өз - өзін талдауда күнделік толтыру жақсы әдет, себебі, сол арқылы өзін - өзі тәрбиелеу субъектісі өзінің қабілеттерінің дамуын қадағалай алады.
Ал өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінің сыртқы факторына педагогикалық ұжымды жатқызуға болады. Егер педагог қызметтестері шығармашылық ізденіске жоғары назар аударып, оның тапқырлығына, жаңалықтарына шынайы қуанатын, педагогтың кәсіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық ортаға түссе, кәсіби идеалдың талаптарына сәйкестенуге тырысады. Ал керісінше, педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ болса, шығармашылық ізденіске нем-құрайлы қараса, өзін - өзі жетілдіруге деген қажеттілік жоғалады.
Осындай құбылыс оқу орнының жетекшілеріне де байланысты. Педагогтың өзін - өзі білімденуі мен өзін - өзі жетілдіруіне деген қажеттіліктің болуы тікелей басшылыққа қатысты. Егер басшылар педагогтың жеткен жетістіктеріне шынайы қуанып, оны қолдап, ынталандырса, педагогтағы өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі арта түседі. Осыған мысал ретінде, өзіміздің жоғары оқу орнындағы сыртқы фактордың алатын орнының жоғары екенін айта кету керек. Бұл құбылыс жүйеленген деп айтуға болады. Педагогтарды кез - келген жетістіктері үшін әкімшілік үнемі марапаттап отырады. Оқытушылардың өзін - өзі білімдендіру үрдісін оңтайландыру мақсатында үнемі семинарлар, конференциялар ұйымдастырылады. Басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасу да шешімін тапқан. Яғни, педагогтың өзін - өзі жетілдіруіне біздің оқу орнының басшылары тиісті жағдайлар жасап отырады.
Келесі бір маңызды фактор - ол, уақыт. Ол педагогқа көркем әдебиетті, аралық басылымдарды оқу, мұражайларға, театр мен көрмелерге бару, танымдық фильмдер мен телебағдарламаларды көру және арнайы, психологиялық - педагогикалық әдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог күн тәртібін ұтымды жоспарлай білсе, уақытты үнемді пайдаланса, өзін - өзі білімдендіру үрдісін дамыта алады.
Кәсіби өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде өзара байланысты үш кезеңді бөлуге бо-лады: өзін - өзі тану, өзін - өзі бағдарламалау, өзін - өзі әрекеттендіру.
Педагогтың өзін - өзі тануына психология курсы көмектеседі. Себебі, өзін - өзі бағалауда ғылыми дәлелденген, дәстүрлі әдістеме қолданылуы керек.
Тұлғаның дамуының өзін - өзі бағдарламалау үрдісі өзінің болжамын материализациялау деген сөз. Оған өмірлік ережелер жатады. Мысалы, ешқашан ешқайда кешікпеу, иә немесе жоқ деп салқын жауап берудің орнына басқа формадағы жауаптар іздеу, ешқашан біреуге қол ұшын беруден бас тартпау т.с.с.
К.Д. Ушинский өзін - өзі тәрбиелеуде мына ережелер көмектесті дейді:
1) Салмақты болу;
2) Сөзде де, істе те тура болу;
3) Ойланып әрекет ету;
4) Тәуекелдік;
5) Өзі туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Жоғарғы оқу орны жүйесіндегі өзгерістер жағдайындағы кәсіби стресс
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚАЖУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ТУРАЛЫ
Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелеу потенциалын дамыту
Педагогтардың кәсіби қажуы
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін университет магистратурасының білім беру жүйесін қалыптастыру
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер