Туризмнің терең тарихы



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Туризм түсінігі және оның жалпы сипаттамасы

1.1 Туризм түсінігі

1.2 Туризмнің түрлері

2. Туризмнің даму тарихы

2.1 XVII-XVIII ғ. туризм тарихы

2.2 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі туризм дамуы

3. Туризм дамуына әсер ететін факторлар

3.1 Сырқы фарторы

3.2 Ішкі факторы

Қорытынды

Кіріспе

Адамзат пайда болғалы қанша уақыт болса, туризмнің пайда болу тарихына
да сонша болды. Миллиондаған туристер, жас және егде адамдар, жалғыз және
топпен, әртүрлі қабілеттегі және әртүрлі кәсіппен айналысатын өкілдер жаңа
әсерлер іздеп әртүрлі жыл мезгілдерінде саяхаттайды.

Саяхат – бұл көне және сыйымдылығы кең ұғым. Дальдің В.И. сөздігі
бойынша, саяхат бөтен жерлерге бару дегенді білдіреді. Адамзатқа бүкіл көп
ғасырлық тарихында сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу мен игеру,
ресурстарды іздеу мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсаттарында әлемді
танып-білу және жаңалықтар ашуға ұмтылыс тән. Бізге тарихтан ұлы  жаңа
континенттер мен жерлерді ашқан саяхатшылардың есімдері жеткен,
географиялық және басқа білімнің керемет  жүйелерінің негіздері қалған.

Халықаралық туризмнің тарихы пәнін оқу қазіргі жағдайда әлем туризмі
дамуының негізгі кезеңдері туралы білуге мүмкіндік береді.

Туризмнің терең тарихи тамыры бар. Алғашқы туристік ұйымдаспаған
сапарлар шектеулі болды, олар негізінен сол кездегі қажеттіліктер және
мүмкіндіктермен байланысты болған, нақтырақ айтқанда, қажылық жасау,
емделу, сауда және білім алу. Сапар жасауға тек қоғамда жоғары орын алатын
адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол кездегі туризмнің ерекшелігі
элитарлылық пен өзінділік болған.

Туризм саласындағы әйгілі ағылшын мамандары туризмнің бастауын емделу
мақсатындағы сапарлар қалаған деп есептейді. Және алғашқы туристік ұйымдар
білімдік сипат алды. Шындығында да, бұл кезең аристократтық туризм деп
аталатын туризмнің дамуымен сипатталады. Яғни шетелдік сапарлар халықтың
ауқатты бөлігіне ғана қол жетімді болды.

Қазіргі кезде әлемдік туризм дамуының төрт негізгі тарихи кезеңдерін
бөліп қарастырады. Бұлай бөлудің негізінде мынадай критерийлер жатады:
әлеуметтік және экономикалық алғышрттар, туризмнің функциялары.

Бұл оқулықта туризмнің пайда болуы мен дамуының негізгі кезеңдері
қарастырылады. Ежелгі заманда және ортағасырларда туризмнің пайда болуы
тарихы сипатталады. ХVІІ-ХVІІІ ғғ. мен ХІХ-ХХ ғғ. туризмнің дамуы тарихы
келтірілген. Қазақстандағы туризмнің қалыптасуы мен даму кезеңдері де
беріледі.

1. Туризм түсінігі және оның жалпы сипаттамасы

1.1 Туризм түсінігі

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде,
көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің
өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің
көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы
салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған
ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан
мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына
сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған
табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс
дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан
кейінгі,үшінші орынды иеленіп келед і.
Туризм түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің
түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән
айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді
біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын
зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі.
Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы,
жан-жақты,құбылыс.
Бір көзге қарағанда туризм түсінігі кез келген адамға түсінікті термин,
өйткені біз бәрімізде бөтен жерлерге сапар кештік, туризм туралы бұқаралық
ақпарат құралдарынан көріп, мақалалар оқыдық, саяхаттар туралы әртүрлі
телебағдарламаларды тамашаладық, өз еңбек демалысымызды жоспарлай отырып,
туристік агенттіктердің кеңестері мен қызметтерін пайдаландық. Алайда,
ғылым және білім саласында халықшаруашылығының ажырамас бір бөлігі ретінде
туризмнің құрамдық элементтерінің қатынасын айқындап алғанның маңызы зор.
Туризм түсінігін айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
1.Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс-әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын
ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу
орнына бару арқылы орынын өзгерткен  тұлғаны турист ретінде қарастыру м үлдем 
теріс түсінік.
2. Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның
үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүр у ортасына айналмауы тиіс. Сонымен  қатар 
бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс-сапар
ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы д а бір ерекшелігі саяхаттанушылар жа ңадан 
келген ортасында 12 ай бойы немесе  одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы т иістіН
ақты бір өзге ортада бір немесе ода н да ұзақ мерзімде болған немесе бо луды ж
оспарлаған адам туризмнің критерийл ері бойынша саяхаттанушы болып сана лм
3. Жаңадан келген орта еңбек ақы тө леудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда  саяха
ттың немесе жолсапардың негізгі мақ саты жаңадан келген ортада арнайы б ір қыз
мет етіп, пайда табуды көздеу болма уы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай- ақ
бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат — бұл күнделікті өмір сүру және
қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан
сауда-саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып
есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Бұл үш критерий туризм түсінігінің негізін қалайтын басты элементтер болып
табылады

1.2 Туризм түрлері

Туризмді түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері
ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай
жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе
едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан
қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу
немесе әл-ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи
құбылыстар пайдаланылатын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрі өзге елдің
рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және
ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихи,
мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды.
Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің
әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық
мақсаттағы туризм ерекше діне мәні бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің
туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі.
(халықаралық терминологияда visiting friends and relatives – деген атпен
таныс). Сондай ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің
ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуды
мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді
қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес
сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жол сапар болып табылады.
Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан
халықраралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті
қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып,
қолдау көрсету үшін ойын өтетін елг е сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм — бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге
асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме,
жәрмеңке және тағы басқа іс шаралар ға қатысу.
6.Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс-
шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі
бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру
немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Москваға
Халықаралық Парламент отырысына қатысуы үшін баруы мүмкін. Саяси туризм
белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси-қоғамдық
шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге
асырылады. Мысалы, Белгілі бір мемлекет азаматы нақты бір саяси партияның
жарғылық мақсаттарына қызығушылық танытып, сол партияның съезіне қатысу
үшін жол сапар кешуі мүмкін

2. Туризмнің даму тарихы

2.1 XVII-XVIIIғ туризм дамуы

ХVІІ ғасырда Еуропада таза туризм формасы пайда болды. Бұл,
К.Либеренің айтуынша, танымдық, емдік немесе демалыс мақсаттарында
саяхаттаушы тұлғаларды қамтиды. Оған қоса Еуропада діни сенімге байланысты
миграциялар мен көпестердің саяхаттары белгіленіп отырды.

Бұл кезеңде адамдар үшін көлік түрі экипаждар болып, саяхатшыларға
жағдай жасау мақсатымен әрдайым дамытылып, жақсартылып отырды.
Қысқа мерзім ішінде көліктік қызметтің көптеген түрлері пайда болып,
жолдардың техникалық жағдайы жақсартыла берді.

Жолдар мен көлік құралдарының дамуы туристік миграциялардың
географиялық шектерінің ұлғая түсуіне әкеліп соқты. Италияда дәстүрлі
орталықтар- Рим, Венеция, Флоренция және Падуямен қатар, ХVІІІ  ғасырда
Неапольға да келушілердің саны күрт өсті.

Еуропадағы ең алғашқы қонақүйлердің бірі — 4-ші Генрихтің отелі Нант
қаласында 1788 жылы салынды. Оның құрылысына ол кездер үшін ауқымды сома-
$17500 қаржы жұмсалды. Қонақ үйде 60 жатылы орын болып, Еуропадағы ең
жақсысы болып саналды.

18-ші ғасырлардың шегінде Англиядан еуразиялық континентке жасалатын
саяхаттар әдетке айнала бастады. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл
қозғалысқа 40 мың адам жыл сайын қатысып отырды. Бұл саяхаттарға,
аталғандай-ақ, ауқатты жас ағылшындар білімін толықтыру үшін қатысып,
саяхат grand-tour, ал қатысушылар tourist деп аталды.

Бұл атау қысқа мерзім ішінде Флоренцияда, ал кейіннен еуропаның басқа
да елдерінде кеңінен тамыр жайды.

Ағылшындардың континентке сапарларымен альпілік туризмнің тарихы егжей-
текжейлі байланысты. 1741 жылы ағылшын саяхатшылар тобы экскурсия барысында
Женевадан Шамониге дейін жетіп, соңғысы бүкіл Еуропада әйгілі болды.

Бұл кезеңде альпілік туризмнің дамуы Еуропадағы индустриалдану және
урбанизация процестерімен тығыз байланыста болды.

ХVІІІ ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен
өнеркәсіптік орталықтардың, көбіне Греция және Англияның тұрғындары құрады.

ХVІІІ ғасыр Ресей курорттарының дамуының 1-ші кезеңі. Бұл процесті
бастаушы Ұлы Петр 1. Ол 1713 жылы бүкіл халықтың алдында минералды сулардың
ізделуі керектігін жариялады. Бұл мәселе бойынша 1719 жылы 20 наурызда
арнайы жарлық шығып (Дохтырлық ережелер жайындағы жарлық), здравница
мекемелерінің заңдық негізіне айналды. Бұл дата Ресей курортарының
тарихының басталуы болып саналады.

2.2 Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі туризм дамуы

Ұлы Отан соғысы жылдарында туристтік-экскурсиялық іс-әрекет түгелімен
тоқтатылды. Соғыс аяқталғаннан кейін күйреген халық шаруашылығымен қатар,
туристтік-экскурсиялық мекемелер жүйесі де қалпына келтіріле бастады.

1950 жылы Мәскеулік туризм клубы ашылып, кейіннен елдің саяхатын өз
күшімен ұйымдастыратын туристердің орталығы болды.
1965 жылы барлық одақтың республикаларында және көптеген автономдық
республикаларда, өлкелер мен облыстарды туризм мен экскурсиялар бойынша
кеңестер ұйымждастырылып, жаңа туристтік маршруттар құрастырылып, игерілді.

Атап айтқанда, 1960-шы жылдары елімізде туризмді халыққа қызмет ететін
үлкен бір салаға айналдыруға мүмкіншіліктер туды. Туристтік саяхаттар
кеңестік тұрғындардың ең сүйікті демалыс түріне айналды.

20 ғасырдың 60-шы жылдары кәсіподақтардың туристтік-экскурсиялық
ұйымдары 13 мыңнан астам сызықтық, шеңберлік, радиалдық маршруттар
құрастырды. Бүкілодақтық және жергілікті маршруттар бүкіл елді қамтып,
Кеңес Одағынаның ең қызықты қалалары мен жерлерімен танысуға мүмкіншілік
берді. Олардың ішінде бірегей қиын барылатын жерлер – Камчатка, Курилдық
аралдар, Франц Иосиф жері және т.б.

80-шы жылдары туризм жүйесінің кемелденуі жалғасады. 80-ші жылдардың 1-
ші жартысында кеңестік кәсіподақтар туристтік-экскурсиялық істің сәтті
перспективалық дамуы үшін көп еңбек сіңірді. Оның 1990 жылға дейін
кемелденуінің басты сызбасының негізі жасалды. Бұл әрине, материалдық —
техникалық базаның қайта жаңартылуын да қарастырды және туристтік-
экскурсиялық мекемелер торының ары қарай құрылымдық кеңеюі мен кадрларды
дайындау, сонымен қатар туризм мен экскурсиялардың нәтижелілігін арттыру да
маңызды мәселенің біріне айналды.

60-70 жылдардың шегінде КСРО-дағы туризм халыққа қызмет көрсетудің ірі
саласына айналып, халық шаруашылығының әртүрлі салаларымен тығыз байланыста
болды.

Туризм шынымен де бұқаралық испатқа ие болды. 80-90жж. Шегінде КСРО-ның
территориясында 800 туристтік клубтар, 40 мыңнан астам қоғамдық комиссия іс-
әрекет етіп, олардың жұмысына 700 мыңдай туристер қатысты.

Туризм мен экскурсиялар бойынша орталық кеңес автотуристер үшін
бүкілодақтық маршруттар ұйымдастырды. Жолдамаға туристтік кемпингке және
қонқ үйде ақысыз автотұрақтарды қолдану, тамақтану және экскурсиялық қызмет
енді. 1935 жылы осындай 5 маршрут қызмет етті, олар : Ростов – на – Донудан
Әскери- Грузиндік жолдан Гаграға дейін; Смоленск – Киев – Львов – Каролино
– Бұғаз; Мәскеу – Харьков – Алушта; Новгород – Псков – Пярну; Ростов – на –
Дону – Нальчик – Махачкала – Дербент.

1985 жылы Кеңес Одағында 17 атаулы маршрут Алтайда, Онтүстік Уралда,
Солтүстік Кавказда, Закавказьеде және тағы басқа аймақтарда жұмыс істеді.
Бірқатар жерлерде веломаршруттар пайда болды. Иркутск кеңесі Ольхон аралы
бойымен, ал Ленинградтық кеңес Карельдік мойнақтың көлдері бойымен, Қазақ
кеңесі  — Қарқаралық таулы – орманды оазис бойымен велосипедтік маршруттар
ұйымдастырды. Пензалық, Пермдік, Түрікмендік және басқа да кеңестер
жоспарлы велосипедтік туризмді дамыта бастады.

Жергілікті жоспарлы маршруттар қатарына көліктік саяхаттар да жатты:
теплоходтық (өзендік және теңіздік), темір жолдық және авиациялық.

Өзен кемелеріндегі саяхат Кеңес Одағының барлық басты өзендерімен өтті:
Волга және оның салалары – Кама мен Ока, Солтүстік Двина және Сухона,
Онеждік және Ладождік көлдерімен және Нева өзенімен, Төмеңгі Дон, Днепр мен
Киевтен, Обь бойымен Новосибирскіден Диксонға дейін, Лена бойымен Усть-
Куттан оның Лаптевые теңізіне құяр жеріне дейін және Амур бойымен
Благовещенскіден Николаевск – на – Амуреге дейін.

Қара теңіз бойымен теңіздік экскурсиялар да ұйымдастырылды: шығыста
Жапон және Охот, солтүстікте Ақ, Баренц және Карск теңіздері бойымен.

80-шы жылдары 150 – ден астам өзендік және теңіздік теплоходтар жыл
сайын туристтік мақсатта қолданылып отырды.

Жоспарлы темір жол саяхаттары 60-шы жылдардың басынан белсенді дымыды
және 80-ші жылдардың соңына қарай бүкіл республикалық өлкелік және облыстық
туризм бойынша кеңестерінің темір жол көлігін қолданатын маршруттары болды.
Бұл мақсатпен арнайы туристтік-экскурсиялық поездар – атап айтқанда,
денсаулық поездары құрылды. 1986 жылы 2600 турситтік –экскурсиялық поезд
болды.

Темір жол маршруттарының бағдарламасы құрастырылғанда экскурсиялық
орталықтар арасында жүру мезгілі түнгі уақытқа сәйкес келетіндей
құрастырылды.

3. Туризм дамуына әсер ететін факторлар

3.1 Сыртқы фактор

Күрделі әлеуметті-экономикалық сала болғандықтан, туризм көптеген
сыртқы факторлар әсеріне сезімтал. Бұл факторлардың туризм дамуына
тигізетін әсері күші жағынан, әрі ұзақтығы жағынан әр түрлі болып табылады.
Сондықтан табысты туристік қызметті ұйымдастыру үшін , осы факторларды
есепке алған өте қажет.
Туризмге әсерін тигізетін факторлар екі түрге бөлінеді:

-сыртқы (экзогенді)

-ішкі (эндогенді)

Сыртқы факторлар туризм саласына қоғамдық өмірдегі өзгерістермен және
туризм жүйесінің элементтеріне әртүрлі мәнмен әсер етеді.

Туризм дамуына әсерін тигізетін , маңызды сыртқы факторларға мыналар
жатады:

-табиғи-географиялық;

-мәдени-тарихи;

-экономикалық;

-әлеуметтік;

-демографиялық;

-саяси-құқықтық;

-технологиялық;

-экологиялық.

Бұл факторлар өз бойына маңызды элементтерді жинаған, сондықтан да
оларға тоқталып өтсек, бірінші кезекте — табиғи-географиялық.

Табиғи-географиялық (теңіз, тау,орман, флора, фауна,климат және
мәдениет ескерткіштері) факторлар туристік ресурстардың негізі ретінде
туристің белгілі-бір аймақты таңдауын анықтайтын фактор болып табылады.

Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың байлығы, олардың мүмкіншілігі
мен қолданудың ыңғайлылығы туризм дамуының көлеміне, екпініне және бағытына
зор ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар , еске алатын жайт, т абиғат құбылыстары туристік белсенд ілікті
 артуына да, әрі азаюына да әкелуі  мүмкін. Мысалы, Еуропадағы соңғы ке здегі 
күннің тұтылуы XX ғ. (1999 ж жазы) румыния территориясында өте жақсы
байқалды. Бұл оқиғаға арналып, ойластырылып өткізілген жарнамалық кампания,
1999 ж бұл елге келген туристер санының 1998 жылмен салыстырғанда 200 мыңға
артуына әкелді. Басқа жағынан, Польша мен  Чехия территориясында болған су
тасқыны ( 1997 жылдың маусым-шілде айларында) бұл елді-мекендерге туристік
белсенділікті тежеді. Түркияның солтүстігінде болған жер сілкінісі (1999 ж)
1998 жылмен салыстырғанда келушілер ағымын   2 млн адамға және әлемдік
туризмнан түсетін табыстың 3 млн АҚШ долл төмендеуіне әкелді.

Тұтас алғанда табиғи-географиялық және мәдени-тарихи факторлар
туризмның дамуына зор мүмкіндіктер тудырады және өзгермейтін құндылыққа ие.
Адам оны тек өз қажеттілігіне орай бейімдеуі және туристік мақсаттарда
қолдануда қолайлы етуі мүмкін

Экономикалық факторлардың туризмға әсері, ең бастысы туризм және
экономика дамуының тенденциялары арасында өзара тығыз байланыс болуымен
негізделеді. Елдің экономикалықдамуымен , оның азаматтарының ұлттық табыс
көлемімен және материалдық әл-ауқатымен (дәулетімен) тура тәуелділік бар.
Сондықтан да экономикасы дамыған мемлекет, әлемдік нарықта өз азаматтарының
туристік сапарларының саны жағынан ілгері болады

Мемлекеттің экономикалық жағдайынан  тек қана халықтың табысы ғана емес ,
сонымен қатар материалдық,техникалы қ база және туризм инфрақұрылымы да
тәуелді.

Сонымен қатар экономикалық факторлар қатарына инфляция, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризмнің тарихы
Ресей туризмінің тарихы
Май өңірінде туризмді дамытуға арналған жобалар
Түркістан облысында ішкі туризмнің бағыттары
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ ТАЛДАНУЫ
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қазақстанда баламалы туризмді дамыту әлеуеті
Отандық белсенді туризм түрлерінің жағдайы
Халықаралық туризмнің даму тарихы және оның кезеңдері
Пәндер