Білім беруді жетілдіру талаптары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Дидактика туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1.1 Оқытудың дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Дидактика және жеке әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Оқыту процесіндегі қағидаларды басшылыққа алу ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Қазіргі заман дидактикасының өзіндік ерекшеліктері және сараланған заңдылықтарын оқыту процесінде қолдану ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

I.Кіріспе
1. Дидактика туралы түсінік

Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592 -- 1670). Оның Великая дидактика кітабының (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.XVII ғ. швейцар педагогы Иоганм Генрих Песталюци (І746-1827) дамытып оқыту приициптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінін, негізін жасады.XIX ғ. неміс псдагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде әр түрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін есксру, жағынан қашыққа, оңайдан күрделіліке кошу т.б.К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупска П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдедіПедагогика ғылымының Дидактика саласында белгілі қазақ педагог ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін косты.Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сөзімін оятатын жол.Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде рус тілін қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. Осы оқулықтар мен оқу құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ педагогы.Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның Педагогика кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Тошкент қаласында (Түркістан баспасоз махкамасы) шығарылды. Мағжан осы кітабында Дидактика және әдістеме мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабйдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің (1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі әсер етті. Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған. Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері практикалық проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын анықтаудың негізі. Мәселен. нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым нгзінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің казіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушьшарды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқьггу, сабақ беру, оқу,оқыту принциптері, оқыту процесі жәнс оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат төжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика коптеген проблсмаларды зерітейді. Солардың інінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады,
1. Жалпы және кәсіптік білім беру мазмұнын, оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.
2. Әрбір пән бойынша сабак берудің сапасын арттыру.
3. Политехникалық білім, еңбек тәрбиемен оқыту, косіптік бағдар беру.
4. Жалпы білім беру мазмұнын ізгілендіру және гуманитарландыру.
Жалпы және кәсіптік білім берудің мақсаты - жастарды жан жақты дамытып, өмірге, еңбек іс-әрекетіне жәнс кәсіптік орта жоғары оқу орындарына түсуге даярлау.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оку бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі цикілдері кіреді: гылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пондерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқып баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін, деп мектеп реформасында жазылған.Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғалым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұгалім мен оқушылар арасындағы адамгершілік озара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін терең зерттеп, тиімді етіп пайдалана білген жөн. Бұл жөнінде И.П. Волковтың Творчестваға баулимыз, В.Ф. Шаталовтың Баршаны да, әркімді де оқыта білейік еңбектерімде сабақты өткізу принциптері мен әдістері көрсетілген. Жаңашыл экспериментшіл мұғалімдердін идеяларын сабақ үстінде шығармашылықпен пайдалану окыту процесін жақсартудың шешуші жолдарының бірі.
Қазіргі кезде еңбек тирбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы-мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, шеберханалар оқу тәжірибе учаскелері, окушылардың өндірістік бригадалары, мектепаралық оқушылардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т.с.с.
Еңбек тәрбиесін және кәсіптік бағдар беру ісін осылай ұйымдастыру және жүргізу оқушылардың еңбек етуге ынтасын, қабілетін дамытады, өзі сүйетін мамандықты саналылықпен таңдап алуға қолайлы жағдай жасайды, кәсіптік бағдар беру ісіне йгі істер етеді.

1.1 Оқытудың дидактикалық негіздері

Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның ''Адам тәрбиесі'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тілін оқытуға басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды.
1.Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол ''Теорияның негізгі құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.
2.Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратындай ол түсінді де сенді.Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді - деп есептеледі.
3.Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік - Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.К.Д.Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.
Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрне-кілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды. Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдас-тырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б. К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты-әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: түсіндіріп оқыту, оқытушы-ның әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).
Әрбір сабақтың сапалы болуы - мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді - Ушинский. Бұл туралы ол былай деді - ''өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі'.

1.2 Дидактика және жеке әдістемелер

Дидактиканың пайда больш дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар:Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Т.Песталоцци, К. Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко, т.б. қосқан үлесі. Дидактиканың негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның 1632 жылы шыққан "Ұлы Дидактика" кітабында оқыту мақсаты, әдістері, принциптері, сынып-сабақ жүйесі туралы жазылды. Ол басты мақсат - адамшылық, оған жету жолы - білім беру және оқыту деп санады. "Көп емес, өмірге керекті білімдерді" беруге шаңырып, оны түсіндіру үшін жаттығу, тәжірибелік әдістерді қолдануды ұсынды. Оқушыны жақсы сезімге бөлейтін әдістердің пайдалылығын дәлелдеді. Я.А.Коменский саналылық және белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және сабақтастық, жаттығу және түсініктілік принциптерін ұсынды. Коменский сынып-сабақ жүйесін терең зерттеді." Жақсы ұйымдастырылған мектеп заңдары" деген еңбегінде сынып-сабақ жүйесінің бөліктерін атады. Олар:
:: оқушыларды мектепке белгілі бір уақытта қабылдау, сабақ аяқталмай, ешкімді одан босатпау;
:: оқушыларды сыныптарға бөлу;
:: әр сыныпқа бір бөлме беру;
:: күніне 4 сабақ өткізу;
:: әрбір сағатта істелетін жұмыстарды жоспарлау;
:: қоңыраудық соғылуы;
:: тәртіп;
:: бір сабақтың үзаңтығы бір сағаттан аспау керек;
:: сабақты күзде бастау.
Мұғалім оқушыларға жаңа білімдерді түсіндіреді, жаттығулар орындатады. Бұл қазіргі аралас сабаққа ұқсайды. Коменский таңырыпты қайталауды апта, тоқсан соңына қойған. Сабақты 3 бөлікке бөлген: басы, жалғасы, соқы. Басында оқушылар ескі білімдерін еске түсіреді, мұғалім үй жұмысын тексереді, жаңа тақырыпты түсіндіреді. Я.А.Коменский "Мұғалім -сабақты жаратушы, оның жүрегі", - деп түсінген. Оқушының өз күшіне деген сенімін арттыру, еңбекті сүюге тәрбиелеу, үй жұмысы туралы да мәселелер ұлы педагогтың назарынан тыс қалған жоқ.Коменский экскурсияны кең қолданып, оны білім берудің маңызды құралы деп санаған. Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827жж.) "Гертруда өз балаларын қалай оқытады" (1801ж.) деген еңбегінде дамытып оқыту принциптерін ұсынып, бастауыш мектептегі оқыту әдістерінің негізін қалады. Қоршаған дүниені сезім арқылы қабылдау - білім негізі. Одан әрі нәтиже - дерексіздік. Білімді қажетсіну ынтаны туғызады. Сөз, сан, шама - ақыл жемісі, оның негізі, оқытудық қарапайым құралдары.
Жаратушы балаға күш береді. Ол баланы дамуға итермелейді. "Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы, жүрек сенгісі, жақсы көргісі, ми ойланғысы келеді" - деген. Осы тұжырымдарға сай И.Г.Песталоцци буынға бөліп оқыту, алдымен сурет салуға үйрету, содан кейін жазуға үйрету тәсілдерін қолданған. Бақылау әдісін, баланың бақылаудан алған әсерлерін талқылатуды қолданған. Оның пікірінше "заттар мен құбылыстарды бақылаған баланың ойы оянып, сөйлегісі келеді".
Адамның дүние туралы түсінігі алғашңыда анық емес, оны реттейтін оқыту арқылы жиналатын білім қоры, өйткені ол ақыл-ой жұмысын туғызады. Бірақ білімді бере беру жеткіліксіз, ақылдық қуатын арттыру керек. Ол үшін түрлі жаттығулар, балаға сөйлеу, ойлату, сұрақ-жауап тәсілдері қолданылған.
Пәндерді көрнекілік арқылы оқыту тиімді екендігін дәлелдеген. Ұлы педагог көрнекілік әдісін Я.А.Коменскийге қарағанда терең жазып, ақыл-ой жұмысына керектісі еңбек пен тәжірибе деген.
Жан Жак Руссо (1712-1778жж.) "Эмиль немесе тәрбие туралы" (1762ж.) деген еңбегінде халыққа білім беруді, әр адамды дамытуды, баланың белсенділігін көтеруді ұсынды. Өз заманының мектебін өмірмен байланыспағаны, кітап тілімен көп сөйлегені үшін сынады, Руссо баланың қажеттілігін қанағаттаңдыратын оқыту теориясын ұсынды. Бұл тұжырымдамаға сейкес баланы өмірге бейімдеу керек деп, тәрбиешілерді оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге шақырды. Оның оқыту мен бала өмірінің байланысы, бала табиғатын зерттеу, шығармашылық күшін дамыту, еңбекке дайындау сияқты идеяларының педагогиканың дамуы үшін маңызы зор болды.
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870 жж.) басқа тілде оқыту баланың табиғи куші мен қабілетін әлсіретеді, сондықтан оны ана тілінде оқыту керек деді. Ушинский бастауыш мектеп жұмысының негізгі бағыттарын, жеке пәндердің мазмұнын анықтауға көп үлес қосты.
Халық шығармашылығы - ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар білімділікке көмектеседі. Зейінді жаттыңтыру, есте сақтауды жақсарту, қайталау, жүйелілік, сабақтастық, беріктік принциптері, оқытудық түрлі әдістері баланың берік білім алуын қамтамасыз етеді. Надежда Константиновна Крупская (1869-1939жж.). Оқушылардың дүниетінымын қалыптастыру үшін оларға терең білім керектігін, әр пәнді басқа пәндермен және өмірмен байланыстыруды атап көрсетті. Мұғалім теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы жекелеген пәндер арасында байланыс орнату керек деді. Н.К.Крупская политехникалық оқуды қолдап, оқу жоспарына жалпы техникалық пәндерді енгізуді ұсынды. Ол оқуды өнімді еңбекпен байланыстыруға шақырды. Антон Семенович Макаренко (1888-1939 жж.). А.С. Макаренко оку пәндерін жүйелі оқытуды қүптады. Ол сол кезде қолданылған дальтон-жоспары, жобалау әдісі сияқты оқыту әдістеріне қарсы шықты.
Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970 жж.) оқытуды ақыл-ой тәрбиесінің маңызды құралы деп қарады. Оқытудық табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігіне, мәдениеттілігіне байланысты деді. Сонымен қатар өнімді еңбек, зерттеу жұмыстары, эксперимент жүргізу, құбылыстарды, әдебиеттерді өз бетімен түсіну ой жұмысын шапшаңдатады.
Өткен ғасырдық 80-жылдарының аяқ кезінде ынтымақтастық педагогикасы одан әрі дамыды.
Оның негізгі идеялары:
:: Сабақ үстінде оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу. Маңызды міндет - баланың оқуға деген ықыласын ояту, оны өзінің табысына, ісінің алға басқанына,дамығанына қуанту.
:: Қысым жасамай оқыту. Ынтымаңтастық педагогикасының бір принципі - оқушыларды қорықпау, еркін ұстау, өз күшіне
ендіру.
:: Қиын мақсат қою идеясы. Жаңашылдар сабақтарының дәстүрліден айырмашылығы - балалармен ынтымақ, оларды қиын мақсатқа жетуге жігерлендіру.
:: Тірек идеясы. Жаңашыл мұғалімдер пәндік, сөздік ақпараттарра алуан түрлі нұсқауларды (сызба, кестелер, т.б.) енгізді, олар есті, қисынды, қиялды, ойдық алгоритмдік формаларын дамыту құралы.
:: Өз еркімен тандау идеясы. Владимир Федорович Шаталов оқушыларға көп есептер береді, ал олар қалаған есебін шығарады.
:: Озу идеясы сабақта, алдаөтетін тақырыптарға уақыт беріледі.
:: Ірі блоктар идеясы.0қулықтың 3-4т арауы бір сабақта оқылады.
:: Өзін-өзі талдау идеясы. Шалва Александрович Амонашвили балаларды өздерінің іс-әрекеттерін бағалауға және пікірлерін нйтуға үйретеді. Оның оқушылары жолдастарының жұмыстарын тексереді және бағалайды.
:: Сыныптағы ақыл-ой жұмысы. Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныпта білімге деген қүштарлық, биік мақсатқа жетуге деген құлшыныс бар.
:: Жеке тұлғалық тұрғы. Жаңашыл мұғалімдердің сабағында әр оқушы өзін жеке тұлғамын деп сезінеді, мұғалімнің өзіне деген адал ниетін көреді.
Дидактика және жеке әдістемелер. Қазақстанда дидактика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" -- деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
:: мұғалімнің қатты сөйлеуі;
:: суреттердің бояуының ашықтығы;
:: әсердің күштілігі;
:: затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияңты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.
Сонымен дидактика бойынша көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жүргізілуде. Қазір дидактиканың алдында көптеген міндеттер тұр. Олар:
:: І-ХІ сыныптарға арналған жаңа оқулықтарды жазуды бітіріп, оларды мектепке енгізу;
:: аз комплектілі мектептердегі, мектепке дейінгі мекемелердегі оқу процесін жетілдіру;
:: білімдік процеске жаңа технологиялар енгізу;
:: мектептерді комьютрлендіруді 2002 жылы аяқтау;
:: мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды жасауды аяқтау, оларды кезең-кезеңмен мектептерге енгізу;
:: ерекше дарынды балаларды оқыту бағдарламаларын ғылыми негіздеу;
:: білім беруді ізгілендірудің ғылыми әдістерін жасау.

II. Негізгі бөлімі
Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
2.1. Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері

Оқыту теориясының негізгі компоненттерінің бірі оның заңдылықтары. Олардан құбылыстар, үрдістер, оның нәтижелері арасындағы обьективті, тұрақты және қайталанып келіп отыратын байланыстар көрініс табады.
Дидактикалық принциптер - оқыту процесінің жалпы мақсаттарына және заңдылықтарына сәйкесті мазмұнды, ұйымдастырушылық формалар мен әдістерді анықтайтын базистік жағдайлар.
Я.А.Коменский педагогикалық ойдың тарихында ең бірінші болып оқыту процесінің құрылыуын анықтайтын оқыту принциптерінің жүйесін жасады. Я.А.Коменскийдің оқыту табиғаттың және адамның дамуының жалпы заңдылықтарына бағынады деген идеясы оқытудың табиғатқа сәйкестігі деген атқа ие болды. Ж.Ж.Руссо оқыту процесінің принципалдық негізі баланың табиғатпен тікелей жанасуы деп есептеді. И.Г.Песталоцци оқытудың мазмұнын көрнекілік принципінен шығарады.
А.Дистервег оқыту жүйесін нақты ережелермен толтырады. Ол оларды оқыту мазмұнына, оқытушыларға, оқушыларға талаптар түрінде қарастырды. Оқыту прициптерін жасауда К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мынадай принциптерді бөліп шығарды: оқытудың халықтық идеясында көрініс табатын оқытудың тәрбиелеушілік сипаты; оқытудың жүйелігі, шамаға лайықтылығы және әлі жетерлігі; білімнің беріктігі; оқытудың саналылығы және белсенділігі; оқытудың көрнекілігі. К.Д.Ушинский осы принциптерге терең психологиялық негіздеме берді.
Оқыту процесінде қызмет ететін заңдылықтары жалпы өз әрекетімен бүкіл жүйені қамтиды және жеке немесе нақты жүйенің белгілі бір компонентіне әсері болып бөлінеді.
2. Оқыту процесінің жалпы заңдылықтар:
1. Оқытудың мақсаты тәуелді: а) қоғамның дамуының деңгейіне және қарқынына; б) қоғамның сұранысына және мүмкіншілігіне; в) педагогика ғылымының және практикасының даму деңгейіне және мүмкіншілігіне.
2. Оқытудың мазмұны тәуелді: а) қоғамдық сұранысқа және оқыту мақсатына; б) әлеуметтік және ғылыми техникалық прогрестің қарқынына; в) оқушылардың жастық мүмкіншіліктеріне; г) оқытудың теориясы мен практикасының дамуының деңгейіне; д) оқу орындарының материалдық техникалық және экономикалық мүмкіншіліктеріне.
3. Білім сапасы оқытудың әрбір жаңа кезеңінің тиімділігі тәуелді:
а) оның алдындағы кезеңнің өнімділігіне және ондағы қол жеткен нәтижеге;
в) оқылып жатқан жадығаттың сипатына және көлеміне; в) мұғалімдердің ұйымдастырушылық педагогикалық әсеріне; г) оқушылардың оқығандығына; д) оқыту уақытына.
4. Оқыту әдістерінің тиімділігі тәуелді: а) әдістерді қолданудағы біліміне және дағдысына; б) оқыту мақсатына; в) оқытудың мазмұнына; г) оқушылардың жасына; д) оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне; е) материалдық техникалық қамтамасыз етілуіне, ж) оқыту процесін ұйымдастырылуына.
5. Оқытуды басқару. Оқытудың өнімділігі тәуелді: а) оқыту жүйесінде кері байланыстың қарқындылығына; б) түзетуші әсердің дұрыстығына.
6. Оқытуды ынталандыру мыналардың есебінен болады: а) оқытудың мотивтері а) сыртқы қоғамдық, экономикалық, педагогикалық стимулдардың.
3. Оқытудың жеке нақты заңдылықтары
1. Дидактикалық заңдылықтары. Оқытудың нәтижесі оқытудың ұзақтығына, меңгеріліп жатқан мазмұнның оқушыға мәнділігіне тікелей пропорционалды. Берілген көлемдегі білім мен іскерліктің меңгерілу өнімділігі оқылып жатқан материалдың санына, қиындығына және күрделілігіне кері пропорционалды. Оқытудың нәтижесі қолданылған әдістердің, құралдарға және мұғалімнің шеберлігіне тәуелді. Оқытудың жасату жолы тыңдау жолынан 6-7 есе өнімді.
2. Танымдық гносеологиялық заңдылықтар. Оқытудың нәтижесі оқушылардың оқуға деген сұранысына және оқушылардың оқу іс-әрекетінің көлеміне, білімдерді, іскерлікті практикалық қолдану көлеміне тікелей пропорционалды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы өзара байланысты білімдердің, іскерліктердің, шығармашылық әрекеттің тәжірибесін меңгеру көлеміне тікелей пропорционалды. Оқыту нәтижесі оқушылардың үй тапсырмасын әрдайым және жүйелі орындалуына, оқытудың проблемділік деңгейіне, оқушыларды әлі келетін және мәнді оқу проблемаларын шешуге қатыстырылу қарқынына тәуелді.
3. Психологиялық заңдылықтар. Оқытудың өнімділігі оқушылардың оқу іс-әрекетіне қызығушылығына, оқушылардың оқу мүмкіншілігіне, тренировкалық жаттығулардың санына, тренировканың қарқынына, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейіне, оқушылардың зейінінің деңгейіне және тұрақтылығына, оқушылардың еңбек істеуге деген қабілеттілігіне байланысты. Нақты оқу материалын меңгерудің нәтижесі оқушылардың қабілетіне жекелеген ынтасына, оқушылардың ойлауының деңгейіне, күшіне, қарқындылығына және ерекшелігіне, еске сақтаудың даму деңгейіне тәуелді.
4. Кибернитикалық заңдылық. Оқыту тиімділігі кері байланыстың жиілігіне және көлеміне, оқыту процесін басқару сапасына тікелей пропорциональды болады. Білім сапасы қадағалаудың тиімділігіне де байланысты болады.
5. Әлеуметтік заңдылықтар. Индивидтің дамуы тікелей немесе жанамалай қарым-қатынасқа түсетін басқа да индивидтердің дамуымен шартталған. Оқытудың өнімділігі танымдық контактінің көлеміне және қарқындылығына, интеллектуалдық ортаның деңгейіне, өз-өздерін оқытудың қарқындылығына тәуелді.
6. Ұйымдастырушылық заңдылықтар. Оқытудың тиімділігі мұғалімнің ұйымдастырушылық жұмысына, жұмыс істеу қабілетіне тәуелді. Ақыл-ой шаршауы сезім органдарының тежелеуіне соқтырады: төрт сағат оқу сабағы анализаторлардың сезімдігін 2 есе кемітеді. Балалардың ақыл-ой жұмыс істеу қабілеті денсаулық жағдайына, ақыл-ой іс-әрекетінің режиміне, жынысына, жасына, жылдың уақытына, апта күніне, тәулік уақытына тәуелді болады. Балалардың ақыл-ой іс-әрекетінің белсенділігі оқу сабақтарының кестесіне де тәуелді болады.
4. Оқытудың принциптері ұстанымдары мен ережелері:
Саналылық және белсенділік принципінің негізіне ғылым орнатқан заңдылықты жағдайлар жатыр: білім алудың мәні терең және дербес ұғынылған білімдер құрайды, олар өз ойын қарқынды жұмыс істеу жолымен игеріледі.
Көрнекілік принцип негізінде мынадай ғылыми заңдылықтар жатыр: адамдардың басым көпшілігінде көру органдары ең үлкен сезімділікке ие, көру органынан миға түсетін ақпарат кодировканы қайта жасауды талап етпейді, ол оқушының есінде жеңіл, тез және берік орын алады.
Жүйелілік және бірізділік принципі мынадай ғылыми жағдайларға негізделеді: оқушының миында қоршаған дүниенің анық суреті бейнеленгенде ғана ол нағыз және іскер білімге ие болады.
Ғылымилық принципінде мына заңдылық бекітілген: білім беру мазмұнын меңгеру және оқушылардың танымдық күшін дамыту - оқыту процесінің екі өзара байланысты жақтары; оқу материалын меңгерудің беріктігі тек қана объективті факторға емес, сонымен бірге субъективті факторға да тәуелді; білімді меңгерудің беріктігі оқытуды ұйымдастырумен, әр түрлі формалар мен әдістерді қолданумен, оқытудың уақытымен шартталады; оқушылардың еске сақтауы таңдаушылық сипатта болады.
Шамаға лайықтылық принципі оқытудың көп ғасырлық практикасы жасаған талаптардан шығады: оқушылардың жастық даму заңдылықтары және оқушылардың даму деңгейіне сәйкесті дидактикалық процесті жүзеге асыру. Я.А.Коменский шамаға лайықтылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Білімді қаржыландыру
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Өркениетті дамыған елдердің білім беру жүйесінің ерекшеліктері
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың кейбір қырлары
Педагогика ғылымының әдістері
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Жаңашыл 12-жылдық мектептің дене шынықтыру мұғалімін даярлау – заман талабы
Мектепте биологиядан білім беруден әдіснамалық мәселелері
Пәндер