Мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылы


Жұмыс түрі: Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:
Негізгі және айналым капиталы . . .
Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы . . .
1. 7 Қорытынды . . . 6
Тарау 2. Қаржылық есеп
Корпоротивтік табыс салығын есептеу . . .
Қосымша құн салығын есептеу . . .
Кіріспе
Тәжіибе - кәсіби біліктіліктің басты бөлігі болып табылады. Тәжірибе оқу бағдарламасының ажырамас бөлшегі.
2017 жылдың Қаңтардың 23 мен Сәуірдің 7 аралығында мен оқу тәжірибесін өттім. Тәжірибе Алматы қаласы білім басқармасының балаларға арналған «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №54 бөбекжай балабақшасы» өтті. Тәжірибені өтудегі мақсатым «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №54 бөбекжай балабақшасы» құрылудағы мақсаты, міндеттері мен құқықтарын зерттеу, басқару жұмыстары мен операцияларын оқыту, бекіту, кеңейту, теориялық және тәжірибелік білімін тереңдету, білімді жүйелендіру, арнайы тәртіпті оқудан алынған, белгілі бір кәсіпорынның қызметін оқуда, таңдалынған мамандық бойынша алғашқы тәжірибелер алу.
Тәжірибенің міндеттері:
-Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту;
-Заңдық, нормативтік материалдармен жұмысты өңдеу;
-Мекеменің өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымен танысу, нақты қызмет және бөлімдердің қызметімен мақсаттарымен танысу;
-Қаржылық сұрақтар және өндіріс, қаржылар және еңбек ресурстары сұрақтарымен жұмыс жасау;
- Болашақ мамандық дағдыларын тәжірибелік меңгеру;
- Экономикалық шешімдерді шешу кезінде жалпы құрылымды басқару және жеке бөлімдерінің функцияларымен танысу
- Жалпыландыру, жүйелендіру, нақтыландыру және белгілі бір кәсіпорынның тәжірибесінде теориялық білім негізінде қорытындылау;
- Қаржы саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыстардың тәжірибелік қызметіне үйрену;
- Болашақ мамандырылған қызметтің дұрыс шешімін ұйымдастыру;
- Кәсіпорынынн қызметін сараптауда компьютерлік үлгілерді меңгеру;
- Таңдалынған мамандықтың барлық тәжірибесін оқып білу;
- Басқарушылық шешімдердің теориялық негізінен алынған әдістердің дұрыс орындалуын бақылау;
Тарау 1. Ұйым қаржысы
1. 1 Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Алматы қаласы білім басқармасының балаларға арналған «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №54 бөбекжай балабақшасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы 2011 жылғы 14 желтоқсанда №4/1047 бекітілген.
Міндеті: Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелерін бойынша өзінің кепілдігіндегі ақша- қаражаттарымен жауап береді. Балаларды қабылдау тәртібі 2 жас пен 6 жас аралығы.
Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, «Таугүл» шағын ауданы, 54 үй.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы әділет департаментімен 1996ж 20 қарашада тіркелген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 7531-1910-ММ, бизнес сәйкестендіру нөмірі 96114532
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін қажет жағдайлар жасау болып табылады.
1. 2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау
Мемлекеттік мекеме «Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған №54 бөбекжай балабақшасы» «Таугүл» шағын ауданы, 54 үй көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат, жалпы ауданы 990. 5 м2.
Бала бақшаның негізгі мақсаты сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларды сөйлеуге үйрету және дағдылау болып табылады. Сол үшін бала бақшада логопедтер, тәрбиешілер, дефектологтар, методисттер жұмыс жасайды. Мекеменің аумағында стадион, балалар ойын алаңы, үй-жай және гараж қорап болып табылады. Қазіргі кезде бала-бақшада 75 мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиеленіп жатыр.
Мекеме мемлекеттік бюджеттен оның негізгі мақсаты пайда табу болып табылмайды. Бала- бақша Қазақстан Республикасының кодексі мен заңдарының аясын да қызмет атқарады.
1. 3. Негізгі және айналым капиталы
Капитал- басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы - кең мағынада табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т. б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада - табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Айналым капиталы - өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Осы мәліметтер «№54 бала бақша» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:
Д-т К-т
2410 3310 -жабдықтаушылардан келген негізгі құралдар
2410 3320, 3330, -еншілес ұйымдар мен қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардан түскен негізгі құралдар
2410 4150 -ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдардың келіп түсуі
2410 6220 -өтеусіз алынған негізгі құралдардың келіп түсуі
2410 6280 -өзгеде кірістерден түскен негізгі құралдар
Д-т К-т
2410 2160 Жалдау бойынша негізгі құралдардың келіп түсуі:
1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы
Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы Қазақстан Ресрубликасының еңбек кодексімен 2008 жылғы 30 қантардағы штатпен бекітілген.
Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны - мерзімдік және кесімді қолданады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу ведомосі деп атайды.
Жал ақыны есептеу және оның төлеудің негізгі міндеттері болып табылады:
- орындалған жұмыстың уақыты мен көлемін есептеу;
- сыйақы және одан аударымдар сомаларын дұрыс есептеу;
- ұйымдастыру, бюджет, әлеуметтік сақтандыру органдарының, міндетті медициналық сақтандыру қорлары мен Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қызметкерлерімен есеп айырысу;
- адам ресурстары, еңбекақы есептеу және тұтыну қорын ұтымды пайдалану бақылау;
Осы мекемеде үздіксіз 11 ай бойы жұмыс істеген қызметкерлерге еңбек демалысына кетуге құқығы бар . Демалыса жүрген қызметкерлерге олардың орташа айлық жал ақысы төленіп отырады. Аванс айдын бірінші бөлігінде жал ақының 40% дейінгі сомада беріледі.
1. 5 Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау
Материалдық қорлардың кіріс және шығыс құжаттары қордарды есептеуде маңызды рөл атқарады. Өйткені оның негізі болып табылады. Сол құжаттарға қарап материалдық қорлардың қозғалысы, сақталуы және дұрыс қолданылуы бақыланады.
Мекеменің шығындарына еңбекақы, коммуналдық қызметтер, жал бойынша шығындар, әкімшілік жығындар, үстеме шығындары, залалсыздандыру қызметтері бойынша шығындар, ағымдағы жөндеу жұмыстары жатады.
Есеп кезеңі аяқталған соң мемлекеттік мекеме есеп кезеңінің қаржылық қорытындысына кірістер мен шығыстар шоттарының жабылуын жүргізеді.
Ақылы қызметтер көрсетуге байланысты кірістерді, шығыстар мен
шығындарды, есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп ережесінің мынадай «Кірістерді есепке алу тәртібі», «Шығыстарды есепке алу тәртібі» мен «Өндіріске шығындар мен басқа мақсаттарды есепке алу тәртібі» бөлімдерінде анықталған.
1. 6 Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау
Өнеркәсіптің өнім өндіру қуаты негізгі қорлардың өнімді барынша көп шығару жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады да, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды, енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Бұған қоса кәсіпорындардың өндірістік мақсатқа жатпайтын қорлары да болады. Талдау 7 кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамын және осы талданып отырған кезеңде құрамда болған өзгерістерді зерттеуден басталады. Кәсіпорынның табысы өндірістің тиімділігін сипаттайтын қорытынды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорындар немесе бірлестіктер коллективінің жұмысындағы жағымды жақтар да, жағымсыз жақтар да пайдада өз көрінісін табады.
Табыс жаңа техника мен озық технологияның енгізілуі, еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің өзіндік құнының кемітілуі, оның номенклатурасының жаңартылып, ұлғайтылуы, ақаулар мен өнімсіз шығындардан болатын ысыраптың азайтылуы сияқты факторлардың өзара байланысын және бұлардың бірлестік үшін маңызын неғұрлым толық сипаттайды. Табыс ақшалай формасында кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының барлық түрлері соған қойылатын ортақ негіз болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т. б.
Тарау 2. Қаржылық есеп
2. 1 Ұйымның есеп саясатын құру
Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп прициптері, әдістер мен ережелер және ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
№54 «Бала-бақша» мекеменің есеп саясаты осы ережелерге сәйкес құрастырылған:
- ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы
- Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
- ҚР Қаржы министрлігінің 23. 05. 2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
- ҚР «Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.
Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау
2. 2 Кассалық операциялар есебі
Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) “Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша” деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындардың кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының есебі Қазақстан Республикасының
Кіріс құжаттарын қабылдау және өңдеу
Ұйымның құжаттама қызметі төмендегідей операцияларды атқарады:
1. Құжаттарды қабылдау және өңдеу;
2. Құжаттарды тіркеу;
3. Құжаттарды ұйым басшысына қарауға тапсыру;
4. Құжаттарды орындауға тапсыру;
5. Құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау.
Шоттар корреспонденциясы:
Дт Кт
3350 1010 - кассадан жұмысшыларға еңбекақы төленді
1010 1030 - есеп айырысу шоттынан кассаға ақша келіп түсті
3510 1010 - кассадан қысқа мерзімді аванс берілді
7210 1010 - әкімшілік шығыстар төленді
1010 6110 - сыйақылар бойынша кірістер
3350 1010 - лауазымды тұлғаларға кассадан еңбекақы берілді
2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі
Кәсіпорындар өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
1. Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
2. Ұйымның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғары органдардың ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;
3. Ұйымның басшысы, бас бухгалтер және олардың орынбасары қол таңбасын қойған, ұйым таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар. Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:
1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп мына төмендегі шоттарға кредиттеледі;
1) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты- кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;
2) 1210 - “Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шоты салынған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;
3) 3510 - “Алынған қысқа мерзімді аванстар” алынған аванстар” - “Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар” шоттары-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына;
1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” кредиттелінеді де, мына шоттар дебеттеледі;
1) 3310 - “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шоты алынған өндірістік қорлар орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен мердігерлердің акцептелген шоттардың төлемақысына;
2) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндей қолма-қол” шоты-еңбек ақыға, іссапарға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;
3) 1150 - “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”;
4) 1130 - “Қысқа мерзімді инвестициялар”;
5) 1610 - “Берілген қысқа мерзімді берілген аванстар”;
6) 3010 - “Банк несиелері”.
2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі
Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс. Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген) .
Шоттар корреспонденциясы:
Дт Кт
1250 1030 - есеп айырысу шотынан есеп беретін тұлғаларға ақша берілді
1250 1030 - есеп айырысу шотынан кызметкерлердің шотына ақша аударылды
1010 1250 - есеп беретін тұлға артық ақшаны кассаға кайтарды
7210 1250 - іс сапар шығындары есептен шығарылды
1250 1010 - есеп беретін тұлғаға кассадан ақша берілді
7470 1250 - өзгеде шығыстар
3350 1250 - есеп беруге міндетті тұлғаның, қолданылмаған аванс сомасы еңбекақыдан ұсталынды
2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-
шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Шоттар корреспонденциясы:
Дт Кт
3350 1010 - кассадан жұмысшылардың еңбекақысы берілді
1320 3310 - жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті
3310 1610 - мердігерлермен алдын ала жасалған төлем бойынша есептесу
1330 3310 - шетел жабдықтаушыларынан тауар келіп түсті
1420 3310 - келіп түскен тауарларға қосылған құн салығы есептелінді
3310 1030 - мердігерлермен жазба ақшамен есеп айырысу ққс-сыз
2410 3310 - келісім құны бойынша жабдықтаушылардан алынған компьютерлер мен қондырғылар кіріске алынды.
2. 6 Негізгі қорлар есебі
Негiзгi құралдарға қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлiк тасымалдау құралдары, аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатқызылады.
Есептелген амортизация сомасы ай сайын өндірлген өнімнің, орындалған жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің өзіндік құнына апарылады; маусымдық өндірістерге амортизациялық аударымдардың жылдық сомасы кәсіпорынның жыл ішінде жұмыс істеу кезеңнің өндірістік шығындарына қосылады.
Шоттар корреспонденциясы:
Дт Кт
7210 2420 - кеңсе қармағындағы ғимараттарға тозық есептелінді
2410 3310 - жабдықтаушылардан негізгі құралдар келіп түсті
2410 3320 - еншілес кәсіпорынан жеңіл автокөлік алынды
7510 2410 - табиғат апаты нәтижесінде негізгі құралдар есептен
шығарылды
7410 2410 - жою кезінде баланстық құн бойынша қойма ғимараты есептен шығарылды
2410 2930 - құрылыс аяқталғанан кейін қолданысқа берілген негізгі құралдар объектісі кіріске алынды
7110 2420 - маркетинг бөлімінің компьютер қондырғысына тозу есептелінді
2410 5110 - шаруашылық суъектісінің жарғылық капиталына құрылтайшылар салған негізгі құралдар кіріске алынды
2. 7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
1) олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
2) олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
3) өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
4) өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Қоймадағы ТМҚ-р есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді. Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әр бір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды жауапты адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізеді.
Шоттар корреспонденциясы:
Дт Кт
1310 5110 - жарғылық капиталға салым есебінде отын алынды
1310 3310 - жабдықтаушылардан құрылыс материалдары келіп түсті
2930 1310 - құрылысқа кеткен құрылыс материалдары есептен шығарылды
8111 1310 - негізгі өндіріске керекті құрылыс материалдары есептен шығарылды
8311 1310 - өнеркәсіртік кәсіпорынның электрцехында электр энергиясын өңдеуге отын шығындалды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz