ӘЙЕЛ ДЕГЕН ӘЛЕМ БАР


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Б. Нұржекеев шығармаларындағы «әйел» тақырыбы

Дипломдық жұмыс

КІРІСПЕ

1 БЕКСҰЛТАН - ТЕРЕҢДІК ПЕН КЕҢДІКТІҢ, ТАЗАЛЫҚ ПЕН АДАЛ-ДЫҚТЫҢ ЖАЗУШЫСЫ

  1. Жазушының өмір жолы
  2. Бексұлтан туындылары - сиқыр сезімдер симфониясы
  3. Махаббат - мәңгілік сиқыр ұғым немесе жазушы шығармаларындағы махаббат тақырыбы
  1. “ӘЙЕЛ” ДЕГЕН ӘЛЕМ БАР“Әйел жолы жіңішке” кітабыБексұлтан Нұржекеұлы шығармаларындағы әйел образының бейнеленуіӘйел жанына адалдық немесе қаламгер зердесінің өткірлігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Өз туындыларында әйел тұлғасын, олардың адамгершілік қасиетін түп қазығы ете білген Бексұлтан Нұржекеев шығармалдарындағы әйелдер бейнесін ғылыми тұрғыдан салыстыра қарас-тыру - дипломдық жұмыстың негізгі объектісі болмақ. Өз шығармалары арқылы әйелдердің адамгершілік болмысын шынайы қалпында эстетикалық қуаттылықпен танытып, оқырманына ғибратты үлгі беруге ұмтылған Бексұлтанның көркем туындылары арнайы зерттеуге әбден лайықты дүниелер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: дипломдық жұмысының алдына Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы әйелдер бейнесінің жасалу ерекшеліктерін, авторлық ұстанымды ғылыми тұрғыдан талдау мақсаты қойылды.

Осыған байланысты төмендегідей міндеттер туындады:

  • Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы әйелдің жан дүниесін, рухани ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;
  • Шығармалардағы әйел бейнесін сомдаудағы ұлттық ерекшелік, ұлттық бояуды саралап көрсету;
  • Бексұлтан Нұржекеев қаламынан туған әйел образының өзіндік психологиялық ерекшеліктерінің бар екенін дәлелдеу;
  • Шығармалардағы әйелдер образының жасалу ерекшеліктерін талдай отырып, қаламгердің көркемдік -эстетикалық ізденісіне, идеялына баға беру.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

Бұл дипломдық жұмыста Бексұлтан шығармаларында әйел бейнесі және оның жасалу ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Сол арқылы Бексұлтан шығармаларындағы адам концепциясы оның ішінде әйел бейнесін даралап суреттеудегі авторлық ұстанымы, дүниетанымы жан-жақты зерделенді. Қазақ әйелінің ұлттық болмысы, ішкі рухани әлемі, кейіпкерлердің оқиғалар аясындағы сомдануы, характерінің ашылуы принциптері қарастырылды.

Әдебиет - адамтану ғылымы. Адам күрделі жұмбақ. Өлім-жұмбақ емес, өмір-жұмбақ күрделірек. Әдебиеттің мұраты - эстетикалық идеялды ұлықтау. Эстетикалық идеал - әйел. Ол бүкіл көркемдіктің, сұлулықтың, махаббаттың символы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Ұлттық әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің табиғатына сипаттама беріп, поэтикасын, көркемдік қасиеттерін талдап қарастырған М. Қаратаев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, З. Ахметов, Ш. Елеукенов, Ж. Дәдебаев, Т. Сыдықов, Т. Жуыртбай, Р. Тұрысбек т. б. ғалымдардың монографиялық еңбектері бар, ал әйел образын бөле-жара қарастырып, авторлық ұстаным мен көркемдік ізденіс сипаттарына үңілген еңбектер аз. С. Тойшыбаеваның, Ө. Тыныбаева-ның, А. Әбуталиеваның, А. Кенжебаеваның диссертациялық еңбектері бар, алайда олар біз қарастырмақшы проблеманы зерттеуді мақсат еткен жоқ. Ал, басқа ұлттар әдебиеттануы ғылымында жалпы тарихи шығармалардағы әйел образының жасалу эволюциясы мен сыр сипатына тоқталған еңбектер баршылық. Оған Д. Мордавцевтың, С. Нарзуллаеваның, К. Ризаеваның, Н. Рубашевтың, Ш. Капашвилидің ғылыми зерттеу еңбектері дәлел. 1

Зерттеу жұмысының нысаны.

Бексұлтан Нұржекевтің «Әйел жолы жіңішке» кітабы, «Бейтаныс әйелдің құпиясы», «Кінәлі махаббат», «Ой ұшқын», «Бір өкініш, бір үміт» романы кітабы алынды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы: дипломдық жұмыс міндеттеріне сай жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен қолданылған әдебиет-

тер тізімінен тұрады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: зерттеудің теориялық және әдіснамалық өзегі Қазақстан мен шетел ғалымдарының көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, авторлық тұжырымдама, ұстаным жайлы жазылған еңбектеріне негізделген. Қазақ әдебиеттанушы ғалымдар: М. Әуезов, З. Ахметов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Ш. Елеукенов, С. Қирабаев, З. Қабдолов еңбектеріне, ал, жалпы әдебиет теориясы көркем шығарманың поэтикасы жайлы еңбек жазған Аристотельдің еңбектерін негізге алдық.

1 Бексұлтан - тереңдікпен кеңдіктің, тазалық пен адалдықтың жазушысы

1. 1 Жазушының өмір жолы

Жазушының саласында еңбектеніп жүрген қаламгердің қай-қайсының да шындықты жазып жүргенінде күмән жоқ. Алайда шындықты жазу бар да, шындықтың шырайын жазу және бар. Бұл екеуі екі түрлі нәрсе. Алғашқы әрекет әркімнің -ақ қолынан келетін болса, соңғы қасиет ілуде біреудің ғана маңдайына жазылады. Өмір шындығын, өнер шындығына айналдыру, өмір шындығынан нағыз өнер туындысын жасап шығару кітап жазып жүрген еке-нің бірінің қолынан келе бермейді. Әр жазушының, тіпті әрбір кісінің шын-дықтың шырайын бағып, оны өлшеп, мөлшерлеп тұратын өз таразысы бар. Соған орай, шындық біреу дегенмен, оны танып, бағалау алуан түрлі сипатта болатында сөз жоқ. [ 1, 5]

Әдеби шығармаға арқау болып отырған құбылыс қаламгердің ойын серпіп, сезімін сергітетін, бойын алқытып, ойын толқытатын шындық бола бермеуі мүмкін. Ондай іргелі, ірі шындықты тану қандай қиын болса, оны табу одан да қиын. Б. Нүржекеев - өмір құбылыстарының қалың ортасынан өзінің ғана емес, оқырман жұрттың да ойын серпіп, сезімін сергітетін, бойын бал-қытатын, жүрегін жібітетін шындықты тауып әрі танып жазатын суреткер.

[1, 5б]

Бексұлтан Нұржекеев 1941 жылы ақпанның жиырма екісі күні бұрынғы Талдықорған облысы, Жаркент ауданында Ақжазық ауылында дүниеге кел-ген. 1965 жылы Қаз ҰУ-ды бітірген. 1965 жылы-1968 жылы Талдықорған об-лысы Панфилов ауданында Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің мең-герушісі болған. 1968-1969 жылдары Панфилов ауданы комсомол комитеті-нің екінші, бірінші хатшысы, 1969-1972 жылы Қазақстан ЛКЖО ОК-нің нұс-қаушысы, 1972-1973жылдары «Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, 1976-1979 жылдары «Жалын» баспасында бас ректордың орынбасары, 1979-1986 жылдары «Жалын» баспасының бас редакторы, 1986-89 жылдары «Па-расат» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 1992 жылдан «Жалын» баспасының директоры. Қазір шығармашылық қызметте. Еңбектегі ерлігі үшін 1970 жылы В. И. Лениннің туғанына, 100 жыл толуы құрметіне медаль-мен, «Құрмет» орденімен марапатталған (2000 жыл) . Қазір Алматы облысы-

ның құрметті азаматы [2] .

Бір ой, бір сезім болып, бір өкініш, бір үміт болып өзінен-өзі жанып, өзі-нен-өзі балқып тұрған шындық құбылысқа кейде қаламгердің өз жүрегінің елжірей қойуы да оңай емес.

Б. Нүржекеев - болмыстағы оқиғалардың арасынан таңдап, талғап алған шындық құбылысты өзініңғана емес, оқырман жұрттың да жүрегін елжіретіп, сезімін дірілдетіп отырып суреттейтін жазушы. Адамның ішкі әлемін ашып, оның жан-дүниесіне үңіле зерттеуге талаптанған суреткер қаламынан туған шығармалардан өзімізге ұқсай тұрып ұқсамайтын, өзімізге таныс әрі бейта-ныс адамдарды кездестіреміз. [3, 64 ]

Өйткені Бексұлтан прозасындағы таңбабасты ерекшелік - қиыннан қиысты-рылмайтын қарапайымдылығы, оқырманын өзімен бірге жетелей жөнелетін қызғылықты баяндалуы, ұлпа сезім мен эмоциясы әсерлі болуды дәл, әрі орынды жерінде пайдалануы. Демек, өзгені де, өзін де шаршатпайтын жеңіл стиль, түсінікті философия, майда тілмен жазылған шығармалары ал дегенде-ақ баурай жөнеледі. [4 ]

Қайсыбір жазушының ойлауында парасат, логикалық жүйе басым келеді. Ондай суреткердің қаламынан туған әдеби шығарманың мазмұны мен түрі өзара өлшемді түрде үйлесіп, ондағы әрбір деталь ақылмен, оймен екшеліп, ерекшеленеді. Шығарманың құрылым-жүйесіндегі әрбір бейнелеу құралы, әрбір суреттеу тәсілі ақылдың дегеніне бағынғандықтан, кейбір тұстарда қа-ламгер «ақылдың артықтығынан» тиісті көркемдік биігіне жете алмай, азап шегуі де мүмкін. Енді бір қаламгердің ойлау табиғатында парасаттан гөрі па-йым, сырғыған сезім үстем келеді. Мұндай жазушының шығармасында, ал-дыңғы жағдайдағыдай, мазмұн мен түр арасындағы нақты өлшем мен мөл-шерге, жүйе мен жөнге түскен үйлесім сақтала бермейді ді, алып-қашпа се-зімнің әр жерден қылаң берген ұйытқысы көбірек болады. шынайы көркемдік заңдылықтарына бұл да қайшы келіп жатады. Б. Нұржекеевтің шығармашы-лық өнерінде ойдың сезімсіз парлап, парасаттың пайымсыз самғаған сәті немесе керісінше, сезімнің ойсыз шалқып, пайымның парасатсыз серпілгені болған емес. Б. Нұржекеев - сезім мен ойды, пайым мен парасатты тең ұстап, оларды өзара тұтастырып, толғануды, бірін-біріне ұластырып толғауды сүйе-тін, сүйіп қана қоймай, мұның өзін өнерінің өзегін түзетін басты машыққа ай-налдырған. [1. 6]

Асылы, Б. Нұржекеев әңгіме, повесть, романына тән тағы бір екшеулі ерек-шелік- нәзік лиризммен баяулап басталатын көркемдік шындықты өз басы-нан, немесе өз басыңыздан кешкен өмір шындығынан ешбір бөле жарып елестете алмайсыз, қайта үйбай-ау мынау әлгі кісі ғой деп, әр оқырман өзінің замандасын кейіпкердің болмысымен танып отырады. [ 4]

Кез келген жазушының кез келген шығармасында автор өмірінің ұшқыны бар. Тіпті, Мұхтардың «Көксерегінің» өзінде ұлы жазушының жан дүниесі мен сезім түйсігінің серпіні жатқанын аңғарамыз. Ал Бексұлтан шығарма-ларында өз өмірінің үзектері дәл табылып жатады, әсіресе «Кінәлі махаббат-та», «Бір өкініш, бір үміт» романында. [5 ]

Б. Нұржекеевтің шығармашылық өнеріне тән бұл даралық өзінің бастау кө-зін «Күй толғақтай» (1972) алады. Сол «Күй толғақта-ақ» Б. Нұржекеев өзін әдебиетке талап емес, талант алып келген, сызылған әуенімен, бойға шымыр-лап жайылған сазымен келген Қаламгер екенін аңғартқан еді. Одан беріде жазушы қаламынан «Күтумен кешкен ғұмыр» (1974), «Бір ғана махаббат» (1977), «Бір өкініш, бір үміт» (1980), «Ерлі-зайыптылар» (1984) «Жау жаға-дан алғанда» (1990) секілді бірнеше көркем шығарма туды. Елдің, жердің тарихы мен тағдырына деген құрмет жазушының «Өзендер өрнектеген өлке» (1984) атты Жетісу өңірі туралы тарихи-этнографиялық роман-эссе кітабына ұласты. Жазушының екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының жарық көруі де қазіргі әдеби процестегі елеулі құбылыс болды.

Жазушының екі томдық таңдамалы шығармалар жинағына «Күтумен кеш-кен ғұмыр», «Бір өкініш, бір үміт» романдары, «Кінәлі махаббат», «Арыз», «Жайлаудағы жиырма күн» повестері және «Не үшін?», «Қиын сұрақ», «Жолтөбелес», «Күләштің соңғы көктемі» секілді әңгімелері енген. Олардың тақырыбы әр түрлі болып келеді. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да жа-зушының аса терең бойлап суреттейтіні осындай мәңгі мен бақидың өзі сияқ-ты ежелден келе жатқан тақырып, көненің көзіндей мәселе дегенмен де жазу-шы оларды бұрын-соңды ешкім айтып, ешкім жазбағандай түрге түсіріп, мағыналық-мазмұндық тұрғыдан жаңа биікке көтереді. [1. 6-7 ]

«Ұлттық әдебиетіміздің көркемдік дамуын да өзіндік қолтаңбасымен дара-ланып, қазақы сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан қарымды қаламгеріміздің өзгеше өрнекті жазушы, айрықша дарынды, сергек сезімді суреткерекендігіне оның шығармаларымен сусындаған кез-келген оқырман дау айта алмаса керек». [3. 63 ]

Сонымен қатар Б. Нұржекеұлының жазушылық шеберлігі күрделі зерттеу жұмысына нысан болмаса да, қаламгер шығармашылығына көркемдік деңгейі, жазушылық шеберлігі, тіл айшығы туралы баспасөз бетінде бірқатар әдеби сын мақалалар жарық көрген. Ол еңбектерде қаламгер шығармашылы-ғының біраз қырлары сөз болып, байыпты талғамдар айтылған. Солардың ішінен Ж. Дәдебаеваның, О. Исмайловтың, С. Балғабаевтың, Ғ. Құлахметов-тің, Д. Исабековтің, Т. Әлпейісовтің, Ш. Елеукеновтің, Қ. Керейқұловтің, Т. Мамасейітовтердің және т. б. мақалаларын атап өткен орынды.

Дегенмен Б. Нұржекеұлының шығармашылығы, дазушының шеберлігі жүйелі түрде жан-жақты қарастырылып, әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеу объектісіне айналған жоқ. Қаламгердің прозалық шығармаларының көркемдігі, сыр-сипаты әлі тұтас күйінде толық ашыла қойған жоқ.

Жазушының шеберлігін зерттеу, негізінен, оның көркемдік тәсілдері қолданудағы ерекшеліктерін, сюжет, композиция құру, характер ашудағы жаңа ізденістерін, стильдік даралығын айқындауға келіп тіреледі. [3. 64-б]

1. 2 Бексұлтан туындылары - Сиқыр сезімдер симфониясы

Қалың оқырманға есімі мәшһүр қабырғалы қаламгерлеріміздің бірі- Бек-

сұлтан Нұржекеев екені белгілі. оның үстіне кейбір қысқаша энцикло-педиялық сөздікке субъективистік басырлықтың шолақ шыжбалаңдығынан енбей қалғанымен, Бексұлтан Нұржекеев бәрібір сол әдебиетіміздің бірегей көшелі суреткері болып қала береді. тасылы өнер иесін сөздіктен сызу оңай болғанымен, оқырман санасынан сызу әлдеқайда қиын. Өйткені, оның соңғы отыз жыл беделінде Сіздер мен біздерді өзімен бірге қан тасатып, жүрек шаншытып, махаббат мұхиттарында - ақшаңқан сезімдер айдынында қағазын-қайық, қаламын ескек етіп шалқар сапарда бірде сағынышпен сарғайған; бірде өкінішпен опық жеген; бірде үмітпен арманына жеткен; бірде қимастықпен қауышқан; әрқашан тек жақсылық пен татулыққа ұмтыл-ған; ғұмырын бақыт құшағына жетуге жетуге арнаған қарапайым кейіпкерлерімен яғни шынайы өміршеңдігімен мейлінше құдыреттене түскен әрқилы замандастарымызбен ерекше тартып, ерекше баурап алған әралуан шығармаларын айтсақ жеткілікті.

Бұған оның төл әдебиетімізге - рухани қазынамызға келу жолы, өсу-қалыптасуы, сөйтіп суреткерлік көшелі өрнегін табуы және сонысы арқылы әдеби ортада қапысыз тануы әрі оқырмандар сүйіспеншілігіне заңды бөленуі дәлел.

Бұған оның 1994 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген осынау таңдамалы екі томдығындағы Өзіндік Көркемдік Әлемі толық айғақ. Нәти-жесінде Бексұлтан Нұржекеевтің осынау таңдамалының өнбойындағы кемелдікке көтерілген суреткерлік несібе-ырысы да, дербес бақыты да жарқырай түскен демеске дәтіміз жоқ. Өйткені, бұл түптеп келгенде көшелі суреткердің тәуелсіздік алған Елі мен қара орман Оқырмандарының алдындағы Шығармашылық Есебі ғана емес, сонымен бірге өзінің Сурет-керлік көшелі тұлғасын біртұтас синтездеп көрсететін оптикалық Шарайнасы екені де кәміл жайт.

Асылы, Бексұлтан Нұржекеев тәрізді суреткердің барша тұлғасы мен қуа-

тын, ерекшелігі мен дербестігін осынау таңдамалы екі томдықтың аясында қарастыру бір орайда, әрі оңтайлы, бір орайда әрі қиын. Дегенмен, осы аспектіде- осы ракурста қарастырып, бір ғана сөйлеммен түйіп айтар болсақ, онда сөз жоқ. Сиқыр Сезімдер Симфониясы немесе Махаббат Монодуализміне Монумент деуімізге тура келетінін ашық айтуға тиіспіз. Мұның өзі мейлінше елпілдегендіктен емес, қайта керісінше, мейлінше сүйсінгендіктен. Суреткер сезімдеріне сыншы сезімдерінің бас июі, тәшін қалуы десек құба-құп. Өйткені көшелі суреткер туындыларының өнбойындағы сиқыр сезімдер симфониясының әрқашан күретамырға, ой-санаға, жүйке-құлыққа, іс-әрекетке біртұтас айналып кеткен дара табиғатына бас имеу, тәшін қалмау мүмкін емес.

Сонымен, әр жылдарда осынау Сиқыр Сезімдер Симфониясының әралуан үзіктерімен, әуен-ырғақтарымен, мөлтек мақамдарымен етене жақын, етене сырлас, етене мұндас болып келген қалың оқырман қауымның Бексұлтан Нұржекеевпен қайта қауышуы, жаңа жүздесуі жайында әрі Парыз және әрі Қарыз мақалаға нақты көшейік.

Ең алдымен таңдамалы шығармалардың сүйегіне-құрылымына көз салсақ, онда бірінші - “Күтумен кешкен ғұмыр” романы және “Кінәлі махаббат”, “Арыз”, “Жайлаулағы жиырма күн” атты повестері; екінші - “Бір өкініш бір үміт” романы және “Не үшін?”, “Қиын сұрақ”, “Жолтөбелес”, “Күләштәң соңғы көктемі” атты әңгімесі енген.

Біз осынау таңдамалы екі томдыққа енген туындылар арқылы әуелде қаламгерліктен үміткер болып, алғаш қадам басқан Бексұлтан Нүржекеевті; содан соң өсу-қалыптасу үстіндегі ізденістерімен шарқ ұрған талантты жазушы Бексұлтан Нүржекеевті; қажырлы таланттың тоқмейілсу орнына толассыз да табанды еңбекқорлығы арқасында бүгінде жалпақ жұрт алақанына салып аялауға ұмтылатын көшелі суреткер Бесұлтан Нүржекеевті қайта көреміз. Бұл орайда таңдамалы екі томдық өз міндетін ақжарылқап атқарып, біздің қолымызға тиіп отыр. Біз енді таныс-бейтаныс замандас-тарымызбен, солардың қым-қиғаш, өмірдің өзі өрген тағдырларымен, осының баршасының алтын өзек лейтмотивімен - мәңгілік махаббат әралуан күйлі - мұңлы - сырлы небір әуендерімен яғни, сиқыр сезімдер симфониясымен қайтадан бетпе-бет жүздесеміз, біртіндеп етене күйде сырласамыз, біртіндеп етене күйде табысамыз, біртіндеп бір-бірімізді қимайтын қимас жандарға айналамыз. Сондықтан шығар көшелі суреткердің өзекжарды тебіренісін енді өздеріміз тебіренісімізге қалайша айналдырып алғанымызды бүкпесіз айтуға, мақтанышпен айтуға тиіспіз.

Асылы, суреткер өз туындылары арқылы әр буын оқырманын әрқашан қайран қалдыра алса, ал әр буын оқырман сол шығармаларға әрқашан өз-өзінен қайран қалып жатса екі жақтың да асқақ мұраттарының нақты орындалғаны ғой. Біз, әлбетте тек осындай сүйегі асыл кітаптардың автор мен оқырман арасындағы дәнекерлігі де, қызметі де, нысанасы да, сайып келгенде, әрқашан осындай мұраттардан ғана туындайтынын ешқашан жоққа шығармаймыз. Қайта осындай абырой үдесінен шыққан кітаптар жайында үнемі ақтарыла жазғың, үнемі сүйсіне жазғың келіп тұратын құштарлығыңды бүкпесіз білдіргеннің өзі ғанибет емес пе? [6, 201]

Жазушыны туған жер тарихы, өскен ел тағдыры ертеден-ақ ойланта бастаса керек. Өйткені шекаралы өңірде дүниеге келген, есейе келе жазуға, жазушылыққа ден қойып, естіп-біліп, көріп-түйгенін көкейіне тоқып жүретін зерделі көкіректі небір аумалы-төкпелі алмағайып замандарды, әсіресе, көкірек кешетін шекаралық аймақтың тарихы. [7, 188 ]

Қаламгердің тұңғыш кітабы «Күй толғақққа енген» “Не үшін?” және “Қиын сұрақ” атты екі әңгімеге назар аударып көрейік. Бұл екі туынды - жас қаламгердің 1972 жылы шыққан “Күй толғақ” атты жинағында жарық көрген. Автордың әдебиеттегі өз соқпағын табу жолындағы алғашқы әрекеттері мен соны жүзеге асыру барысындағы қаламгерлік аяқ алысы бірден байқалады. Мәселен, бұған біз балаң қаламның жігерлі пафосын, бейнелі тілін, сюжеттік желідегі тартыс пен драманы адамгершілік мұраттар тұрғысынан тереңдетуге, күшейтуге, ойландыруға, таразылауға, салыстыруға ұмтылатын көзқарастарын, принциптерін жатқызар едік. Ең бастысы, әлемдік прозаның парасаты мол тағлымынан, суреткерлік стильдер машығы мен мәдениетін үйренуге ұмтылған қажыр-қайраттың зая кетпегеніне, қайта өзіндік жеміс бере бастағанына екі әңгіменің екеуі де толық дәлел бола алады. Сондықтан шығар бұл әңгімелерді оқып отырып, автордың «нені болсын, неліктен болсын, неге бұлай, неліктен бұлай» тәрізді өмір мен тағдыр сыбағаларына өзін де, оқырманын да байыппен зер салуға жетелей-тінін кәміл аңғарамыз. Ол бұл мәселелерге тым селқос немесе жеңіл - желпі қарауға, немесе «әй, бәлем сол керек» -деп біржақты, әрқашан өзіңнің өреңе сәйкес, пайымыңа лайық шолақ үкім айтуға, оп-оңай кесіп -пішуге түбегейлі қарсы екендігін өзінің суреткерлік қарымымен мейлінше нанымды, мейлінше ұтымды жеткізе біледі. Екі әңгіменің екеуі де - бір кездегі жас қаламгердің шығармашылық сапарының тек қана бастау бұлағы емес, сонымен қатар күні бүгінге дейін көшелі суреткердің шығармаларында жалғасып, көтеріліп келе жатқан әлеуметтік- көркемдік проблемалардың, мотивтердің әу бастағы прог-раммалық сипаттарын анық та айқын танытатын шымыр дүниелер.

Мәселен, «Не үшін?» атты әңгіме тұңғыш кітапта «Бауырлар» деп аталған. Шамасы, автор да, кітап редакторы Дүкенбай Досжанов та цензураның қара қасап қайшысынан сескенген не сақтанған болу керек. Бұған әңгіме атының таңдамалыда өзгертіліп берілуі мен бір абзац үзіндінің қайта қосылғаны дәй-ек. Өйткені, қырағы көздер көбінесе мазмұнға терең бойлап жатпағанмен, шығарманың атауына, жанрлық айдарына аса сақтықпен қарайтын. Соның бір көрінісіне - әңгіменің «Бауырлар» деп аталуын айтамыз. Тым қарапайым, тым момын екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Ал «Не үшін?» - деген атаудың өзінде қаншама зіл, қаншама өкініш, қаншама сауал андыздап тұр десеңізші. Әңгіменің әлеуметтік - көркемдік жүгін көтере түсуде бұл атаудың елеулі роль атқарып тұрғанын көрмеу, сезбеу, білмеу мүмкін емес. [6, 202-б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлулық байқаулары ұлттық
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты
Астронимдер
Адам есімдері концептісінің ассоциативтік–гендерлік құрамы
Əлеуметтік гендерлік зерттеулер
Тіл және мәдениет жайлы
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениеті
Концептуалды талдау жұмысы
Исламдағы адам өмірі
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz