Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің бәйтерегі

Дипломдық жұмыс

мазмұны

Кіріспе . . . . . . 3-8

І. Жазушының өмір жолы . . . 9-12

ІІ. Бердібек шығармаларына талдау

2. 1. Балалыққа саяхат повесіндегі Бектас образы . . . 13-16

2. 2. «Жекпе - жек» повесі . . . 16-19

2. 3. «Менің атым - Қожа» повесі . . . 19-24

ІІІ. Бердібек Соқпақбаевтың мектеп бағдарламасына енген шығармаларын оқыту . . . 25-35

ІҮ. Сабақ үлгілері мен қосымша материалдар . . . 36-53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 57-58

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамгершілік, ар-ождан мәселесі - адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдыққа қадам басар кезеңде де рухани асыл мұрат - адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.

Бүгінгі таңда барша ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы.

ХХ ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам ойының «жетістігінен» қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде (жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы, мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы аңдар санының күн санап кемуі) . Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде. Еш мән-мағынасы жоқ, тек қана дыбысқа құрылған музыка, кісіні қорлау, зорлау турасында жазылған детектив кітаптар, ату, асу, небір адам жаны түршігерлік оқиғалар туралы түсірілген кинофильмдер адамдар санасына кері әсерін тигізуде. Адамды рухани мәңгүрттікке жетелеуде.

Нашақорлық, қанішерлік, жезөкшелік сияқты адамға жат қасиеттерден жас ұрпақты сақтандыру бүгінде парасат иелерін алаңдатып отырған өзекті де өткір проблема. Қайткенде жастарды рухани құлдыраудан сақтап қаламыз? Дүниежүзілік дертке айналған саддизмді ұрпақ санасынан қалайша өшіреміз? Жер бетінде ізгі ниетті тіршілікті қайткенде сақтап қаламыз? деген сауалдар төңірегінде әлемдік деңгейде, яғни ЮНЕСКО, БҰҰ-ның шеңберінде семинарлар, конференциялар өтуде.

Саддизм дерті ояна бастаған, адам бойынан өшпенділік пен қаталдық жиі көрініс беріп, мейірімділік пен қайырымдылық күн санап өз жағалауынан алыстаған қазіргі заманда жастардың жанына парасат дәнін себетін, қайырымдылық пен адалдыққа, жан тазалығы мен ізгілікке баулитын, рухани құндылықтар биігінде тәрбиелейтін көркем әдебиеттің, оның ішінде классикалық әдебиеттің орны ерекше.

Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, адам баласының материалдық жағдайының жақсаруы адамдар санасын өзгертудің субъективтік факторлары ғана. Адамның ар тазалығы, рухани байлығын, ішкі жан-дүниесінің сұлулығын, сезімінің мөлдірлігін қалыптастырудағы әдебиеттің қызметін ешқандай да сыртқы күштер ауыстыра алмайды, Әдебиетіміздің ең жауапты да, абыройлы миссиясы да осында жатыр. Бұл жөнінде орыс ғалымы Ф. Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті» /1/, - деп жазады.

Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М. О. Әуезов кезінде: «Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын» /2/ жете түсіндірген еді. Себебі: «Көркем туынды, ең алдымен адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті» /3/. Бұл қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы ойымызды орыстың ұлы жазушысы М. Шолоховтың: «Жазушы шығармашылығы дегеніміз ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?!» /4/ деген сөздері нақтылай түседі.

Олай болатын болса, әлемдік өркениетке жетуге күн-түн демей мігірсіз тырбанып жатқан Қазақстан халқын біртұтас патриотизм мен интернационализм рухында баулудағы, өзімшілдік пен қара бастың қамын ойлауға (эгоизм), тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жексұрындық пен сұрқиялылыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.

Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік, гуманизм мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл прозалық шығармаларына өзек еткен халық жазушысы Бердібек Соқпақбаев прозасын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін өзекті.

«Күй аңызы», «Алыстан жеткен сарын», «Көкқұтан», «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Ол солай еді», «Жоғалған дос, «Тауап» атты әңгімелері мен «Үндістан хикаясы», «Шынтас», «Махаббат мұңы» повестері, «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары адамның адамды көбірек, дәлірек түсінуіне көмектеседі және адам баласының өзі ұғынып, түсініп болмаған бойындағы түрлі жағымсыз қасиеттердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше нәзік, батыл жеткізе алуымен құнды. Олай болса, адамгершілік арды серік еткен жазушы шығармаларының мәні мен мағынасына тереңдей ену арқылы жүйелі зерттеу және Бердібек Соқпақбаев туған әдебиет тарихынан алар орнын саралау біздің басты парызымыз.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ көркем прозасының дамуына елеулі үлес боп қосылған Б. Соқпақбаев шығармаларының көркемдік қасиеті, қаламгер шеберлігі, тіл айшығы жайында байыпты толғамдарды М. Базарбаев, Р. Бердібаев, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ә. Кекілбаев, Р. Нұрғалиев, Х. Есенжанов, Т. Тоқбергенов, С. Шаймерденов /6/ еңбектерінен кездестіреміз.

Бердібек Соқпақбаев шығармашылығы туралы баспасөз бетінде көптеген әдеби-сын мақалалар жарық көрді. Ол мақалаларда қаламгер шығармаларының біраз қырлары сөз болған. Солардың ішінен Ш. Елеукеновтің, М. Атымовтың, Ә. Нарымбетовтің, Қ. Құттыбаевтың, С. Әшімбаевтың, Б. Тоғысбаевтың, Қ. Қуандықовтың, Н. Оразалиннің, Ш. Нұрпейісованың мақалаларын /7/ атап өткен орынды.

Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы туған -туысқандары мен дос-жарандарының естеліктері, 50, 60, 70 жылдық мерейтойларына байланысты замандас жазушылардың, қаламдас інілерінің Қ. Мұхамеджанов, С. Сейітов, Х. Бөкеева, Т. Әлімқұлов, Т. Медетбеков, Ш. Мұртазаев; Е. Домбаев, Б. Мұқай, Г. Бельгер, Б. Қорқытов, М. Мәжитов, С. Жұмабеков, Д. Исабеков, Т. Нұрмағамбетов, Г. Ахтанова, Ә. Сарай мақалалары қаламгер шығармашылығы жайында ой қорытуға біраз материал бар екенін аңғартады /9/.

Бердібек Соқпақбаев прозасындағы рухани-адамгершілік ізденістер жүйелі түрде күрделі зерттеу жұмыстарына нысан болмаса да, қаламгер творчествосына арналған жекелеген әдеби-сыни мақалаларда сөз болып жүрген ғылыми мәселе. Біз зерттеу еңбегімізде сол мақалалардың мақсатымызға қажетін саралап, ғылыми талдауымызға арқау еттік.

Адамгершілік проблемасы - әдебиеттану ғылымында өте жиі сөз болған, бұл күнде жан-жақты дамыған өте күрделі, теориялық мәні мол мәселе. Сондықтан да ғалымдарымыздың назарын үнемі аударып келеді. Замандас бейнесі мен оның рухани әлемінің көркем әдебиеттегі көрінісіне Н. Ғабдуллин, Ш. Елеукенов, Ж. Исмагулов, Т. Кәкішев, Қ. Тұрсынов, Б. Майтанов, А. Нағметов, Ә. Нарымбетов, Ф. Оразаев, С. Байжанов, Т. Сыдықов т. б. ғалымдар айтулы үлес қосқан.

Әдебиеттің алтын діңгегі ретінде уақыт озған, заман өзгерген сайын жаңа көркемдік тәсілдермен шешімін тауып келе жатқан адамгершілік, мораль мәселелері әдебиеттану ғылымында да өзгеше қырынан жаңаша дамуда. Өйткені адам жаны диалектикасының әдебиеттегі сыр-сипатын әлі де жан-жақты қарап, көңіл бөлетін жайттар көптеп саналады. Қазіргі таңда бұл мәселе жекелеген суреткерлер шығармасын зерттеу барысында қарастырылуда. Сонымен қатар қазіргі қазақ повесіндегі балалар образын, олардың заманға сай моральдық келбетін, мінезіндегі адамгершілік сапаның көрінісін бейнелеудегі жазушы шеберлігін сөз еткен Т. Бекниязовтың /20/, 70-80 жылдардағы қазақ прозасындағы талантты буынның, яғни Ә. Кекілбаев, О. Бөкей, Д. Исабеков, Ә, Тарази сынды жазушылар шығармаларындағы адамгершілік ізденістер мен моральдық-этикалық мәселелерді қозғаған Ж. Жарылғаповтың /21/ еңбектерін айта кеткеніміз жөн.

Ал біз дипломдық еңбегімізде Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкерлерінің бойындағы заман рухына лайық болмыс, бітім, адамгершілік сапаларын тани білуге, оны бейнелеуде тың идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен стильдік ізденісін айқындай түсуге ұмтыламыз.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

Жазушы Бердібек Соқпақбаев повестеріндегі балалар психологиясын дөп басып, адамгершілік ізденістерді зерттей отырып, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік шығармашылық даралығын айқындау.

-жазушы повестерінің идеялық - тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік - өнегелік мәнін ашу;

-шығармаларындағы балалар образын жан-жақты талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау;

-жазушының мектеп бағдарламасына енген шығармаларын оқыту мәселесі мен жалпы адамзаттық көкейтесті мәселелердің көркем шешіміне назар аудару;

-образ жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптерін зерттеу;

-кейіпкер таңдау, оны жан-дүниесінің, адамгершілік ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;

-әлемдік әдебиет пен қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің туындыларымен Бердібек Соқпақбаев романдарын салыстыра-салыстыра зерттеп, қаламгер шығармашылығындағы балалар образы мен сол балаларға арналған повестерінің көркем көрінісі мен бала психологиясы шындығын ашудағы қарымды ізденістерін пайымдау.

Зерттеу нысаны (объектісі) ретінде «Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты тақырып алынды.

Диплом жұмысының теориялық, методологиялық негіздері.

Зерттеу барысында А. Байтұрсынов, М. Әуезов, З. Ахметов, З. Қабдолов, А. Нұрқатов, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, Н. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, М. Қаратаев, М. Атымов, Ш. Елеукенов, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, З. Бисенғали, Т. Есембеков және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды /22/.

Зерттеу әдісі. Б. Соқпақбаев шығармашылығының қазақ көркем әдебиетіндегі көркемдік қуатын, қазақ әдебиетінде алар орнын, қаламгер шеберлігін, жалпы повестеріндегі балалар образы мен психологиясын, адамгершілік проблемесын зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы - салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, «Жазушының өмір жолы», «Бердібек шығармаларын талдау», «Бердібек Соқпақбаевтың мектеп бағдарламасына енген шығармаларын оқыту» атты тараулардан және қорытындыдан тұрады.

Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. Жазушының өмір жолы

Қазақстан жазушылар одағына танылған балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Бердібек Соқпақбаев өз өмірбаянын жас оқушыларға былай деп таныстырады:

«Мен 1924 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Қостөбе селосында тудым. Ата - анамнан ерте айырылдым. Алғашқы кезде кісілердің қолында жүрдім.

Балалық шағымда менің басымнан өткен қиыншылықтар мен жоқшылық өзімнің «Балалық шаққа саяхат» деген кітабымда бейнеленген. Отан соғысы жылдарында ФЗО мектебінде оқыдым. Совет Армиясы қатарында қызмет еттім, содан кейін ауылда мұғалім болдым. Осымен бірге Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірдім.

1950 жылы менің тұңғыш «Бұлақ» деген жинағым шықты. Бұдан кейінгі жылдары Алматыда «Пионер», «Қазақстан пионері» редакциясында істедім. 1955 - 1957 жылдары Москвадағы жоғарғы әдеби курста оқыдым. Балаларға арнап бірнеше кітап жаздым. Бұлардың ішінде «Менің атым - Қожа» (1960), «Балалық шаққа саяхат» (1962), «Аяжан» (1963), «Гаухар» (1961), «Жекпе - жек» (1951) және басқа да повестерім бар. Соңғы жылдардың ішінде соғыс жылын қамтитын ересектерге арналған повестерім қатар, «Кездесу» және «Бозтөбе» поэмаларын жаздым. «Казфильм» студиясында «Менің атым - Қожа» повесім бойынша фильм түсірілді. 1967 жылы Кани қаласында болған жетінші халықаралық кинофестивальда Совет одағы бойынша екі фильм - «Менің атым - Қожа» және «Хош келдіңіз» атты фильмдерге қызғылықты да тартымды түсірілген үшін арнайы сыйлықтар берілді. Сөйтіп, Қожаны енді бүкіл дүние жүзі балалары көретін болды.

1952 жылдан «Қазақстан Жазушылар одағының мүшесімін».

Бердібек Соқпақбаев - рухани кемел қаламгер. Белгілі жазушы Төлен Әбдіков: «Рухани кемелдену мәселесі қашанда адамның өзіне - өзі үңілуінен басталады. Өйткені барлық жақсылық, тазалық пен арамдық, әулиелік пен күнәхарлық адамның өзінің ішінде», - деп анықтама береді. Дөп айтылған ойлы анықтама. Бердібектің «өзіне-өзі үңілу», «ішіне үңілу» бала жастан бойына сіңірген қасиеті.

Бердібек «Қазақ әдебиеті » газеті мен «Балдырған» журналында бөлім меңгерушісі, Ш. Айтматов атындағы «Қазақфильм» студиясында редакторлық қызмет атқарады. Әдеби білімін толықтыру мақсатымен Москвадағы екі жылдық әдеби курсты (1958) бітірген, көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші боп, әдеби өмір қазанында бұрқ-сарқ қайнап, жазу өнерінің қыры мен сырын толық меңгерудің бар баспалдақтарынан өтеді.

Бердібек алғашқы әдеби қадамын сәтті бастады. Өйткені, оны қоршаған орта жазғанына құбұл жасатпады. Институтқа бірге түсіп, жатақханада бірге жатып, қасап-қырғынды соғыстан кейінгі түлкі құрсақ шақта, бір қасық талқанды талғажау қып, қарасуды бөлісіп ішкен Айқын Нұрқатов, Т. Жабаев, С. Қирабаев, Мұқаш Сәрсекеев, Нығмет Ғабдуллиндермен жарыса өлең, әңгіме, мақала жазып, біріне - бірі тыныштық бермей қайрап, қоламтадағы шоқты үрлеп тұтататын отты, ер, талантты, дарынды жастар еді. Кейіннен ғылым кандидаты, докторы, академик, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген олар, әрине, бас айналар зеңгірге түйіні мол, күрмеуі көп өмір, ғылым, ұстаздық жолдан өтіп барып апайтөс, ақиық азаматқа айналды. Анасы мен әкесінен жастай жетім қалып, аға тәрбиесінде өскен Бердібек, шешіле сөйлеп сыр ақтармағанымен, бір қайырма әзіл-қалжыңға дөй, алайда ауыз жаппас қалжақбас емес, көсемсіп, көрегенсуі жоқ, шешенсіп көлгірсуі жоқ, мөлиме - мүләйім момын да емес, екі көзі ақиған ұрдажық содыр да емес, нағыз майда қоңырдың өзі бопты. Естеліктерінің енді бір жерінде: «Қалам қуатын, өнер дәулетін кітапханадан іздемей, қияметтей қисын қыспақты қытымыр тірліктің өзінен іздеген, іздегенін тапқан талантты жазушы», -дейді досы жайлы бір кездегі «Балдырған» журналының редакторы М. Әлімбаев.

Бердібек қазақ балалар әдебиетінің классигі болсам деген ұшқары ойдан ада еді. «Майда қоңыр»бозбала, төгілдіре жазып жарқырата жариялайтын балапан жырларын өзгеге оқып беруге үркіп, бетмоншағы үзіліп, жастығының астына жасырып ұстады. 1954 жылы Алматыда өткен жас жазушылардың үш күнге созылған республикалық конференциясында толқып-тебірене оқыған, кейіннен «Бұлақ» атты жинағына енген:

Өлеңім мінезіндей жас баланың

Жылытып алам ба деп жасқанамын.

Жазып қойып өзіме өзім сенбей,

Оқып қойып, басыма жастанамын.

Өлең нәзік шегіндей домбырының

Үзіп алсам, үлкені масқараның . . . - деген «Өлеңім » жырынан алған үзіндідегі барынша инабатты, әдепті, әбеқоңыр әдемі тіл, образды ой, сұлу да сырлы, ажарлы сурет, ұтқыр теңеу, қалыпқа симайтын қазақы мінез, пайымы бөлек парасатты сұхбат бәрі тоғысып жатқан айтқыштық - сөздің жілігін шағып, майын ішіп жүрген қазақ әдебиетінің алыптары Сәбит, Мұхтар Әуезов, Ғабит, Ғабидендерді жерден жеті қоян тапқандай қораздандырып, ықыластарын алаулатып, кеңжайлау көңілдерін шалқытып өтеді. Осы «Өлеңім» атты жырымен-ақ ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдананады.

Ұлы сөз зергері М. Әуезов Бердібекке бірден құлап: «Пәлі, мынау болайын деп тұрған, от боп жанайын деп тұрған бала екен», - деп аз сөздің, саз сөздің иесін танып, тана тағып кетіпті. Әуезовтен кейін Соқпақпаевтың ақындығын мойындап, ең тәуір өлеңдерінің басын қосып, «Бұлақ» атты тұңғыш кітабын шығартқан ақындардың төресі, пірі қамқоршы ағасы- Қасым Аманжолов. Ақын боп туа тұрып Бердібек бұл жанрда тұрақтамады. В. Белинскийдің : «Балалар жазушысы болып бейімделу қиын, ол үшін арнайы туу керек» деген қағидасын көкейкөзімен (интуиция) сезініп, олармен бап та, бақ та шаптырмай, балалар әдебиетінің бауырын көтере алмай жатқан екінші бір негізгі саласы- прозаға ауысты.

Адамтану, өміртану, өзін-өзі тану сабағын жас ұрпақтың жанына сіңіріп, жүрегіне ата-бабамыздан қалған рухани мұраның дәнін егіп өсіру- жазушының асыл арманы. Б. Соқпақбаев сол асыл арманына жеткен қаламгер. Бұл- аксиома. Күдіктенсеңіз, қазақ балалар әдебиетінің берден бір білгірі академик С. Қирабаевқа жүгінейік:

« Эпизодтарының өзінде характерлерді кең таныта алу, баланың іс әрекеті арқылы өмірдің тұтас бір шынайы суретін елестете білу Бердібектің жазушылық стилінің елеулі өзгешелігі. Ол ылғи бірінші жақтан- автордың өз атынан әңгімелейді. Бұл автор мен геройдың бірігіп өмірдің, бақыт үшін күрестің мән-мағынасын түсінуіне қолайлы жағдай жасайды, олар ылғи бірге ізденеді. Автор идеалы герой идеалына айналады. Сондықтан да оның геройы оқушыны елітіп отырады, өзін-өзі таныстырып көрсетеді. Бірақ ол ісін, әрекетін оқушыға танбайды».

ІІ. Бердібек шығармаларына талдау

2. 1. «Балалық шаққа саяхат» повесіндегі Бектас образы

Ұлттық сана, ұлттық негізі жоқ жан ұлт өкілі боп жарытпайды. Ал, ауыл - ұлтымыздың мәйегі, тереңге кеткен тамырымыз, сарқылмас қайнарымыз. Б. Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» повесінде қазақ ауылының қаймағы қат-қабаттанып жатқан XX ғасырда бүтін болмыс - бітімімен бар қырынан көркем бейнелеп береді. Онда екі бетінен қаны тамған ажарлы шағын емес, колхоздастырудан қажыған, аштықтан қу сүйегі қалған, репрессиядан тұралаған, соғыстан «шықпа жаным шықпасы» қалған, Бұқар жырау тілімен айтқанда,

«Қазақ - қалмақ дауына

жалғызды салдым жауыма.

Зорға-зорға жүрмін мен

Жібере жаздап ауыма»

- дегендей хәлдегі монументальды образ - болмысымызды кескіндеген. Қазақ руханиятының соны серпілісі, оянуы, айбар көрсетіп, әдебиетке шындықтың шырайын шырайын енгізген шығармаларының басы, Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхаты».

Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі - өмірбаяндық туынды. Онда автор өзінің балалық шақта басынан кешкендерін сол кездегі дәуір шындығына орай кішкентай Бектас бейнесі арқылы елестетеді. Ес білмес есер шақ, балалық мінез - Бектас, Жанбосын, Жүнісбай, Майра образдарынан шындық қалпында, толық көрінеді.

Бектас жетімдік пен жоқшылық қасіретін көп көріп, жаншылып өссе де, онысына мойымайтын, қажырлы, өжет бала. Қу тілдеу, пысық, қағылездігі де бар. Сабаққа алғыр. Жүгіру, секіру, суға малту жағынан да өзінен ересектерге есесін жібермейді.

Ленин біздің атамыз,

Саясында жатамыз.

Қарсы келген дұшпанды,

Қақ жүректен атамыз, -

деп өлең айтады. Ол өз елінің, өз Отанының кішкентай патриоты екенін сезінеді.

Жаңа құрылысқа тап жаулары мен бандиттердің бүлдірушілік әрекеттеріне иланған Бектастың ата - анасы Қытайға өтпек болады. Бектас іштей наразы. Ол бір сұмдықтың боларын сезіп шекаралық заставаға хабарлайды. «Сұмдық бұл! Әкем мен шешем, ақылдарыңнан алжастыңдар ма? Бұларың не? Өз өкіметтеріңнен - ертеңгі бақытты заманнан безіп, қайда бармақсыңдар - деп айқай салғым келеді. Кеудеме өжет наразылық сезімі бұрқанады. Бірақ оны сыртқа шығаруға шама, жеткізіп айтар тіл қайда? Сезімін де түсінемін, айта алмаймын. Қиналамын да тебіренемін, жылай алмаймын». Бектас Ленин әперген бақытты өмірден таймақ емес, ол үй ішін Қытайға өткізбей аман - сау алып қалады, саналылық, байыптылық көрсетеді. Бала әрқашан әділдікті сүйеді. Әділдік үшін күресте бала алған бағытынан ешқашан да қайтпайды: қара тасқа салсаң да тіліп түседі. Бектастың портреті мен іс - әрекетін, жан дүниесін жазушы бірден - бірге осылай дамытып, өрістете береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиетінің бәйтерегі: Б.Соқпақбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған әдістемелік құрал
Бердібек Соқпақбаев - балалар жазушысы
Бердібек Соқпақбаев шығармаларының идеялық - көркемдік ерекшеліктері
Менің атым Қожа повесіндегі Қожа бейнесі
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы
Бердібек Соқпақбаев прозасы
Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру
Ақын мен жазушының үндестігін жас ұрпаққа насихаттау
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Балалар әдебиетінің үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz