Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы


Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Дипломдық жұмыс
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 2-
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫ ЖӘНЕ Д. ЫСҚАҚҮЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ
ЕҢБЕКТЕР ЖҮЙЕСІ . . . 6-25
1. 1. Д. Ысқақұлы - қазақ әдебиеті сынының тарихын
зерттеуші ғалым . . . 6-16
1. 2. Қазақ әдебиеті сынының тарихына арналған ғылыми
еңбектер жүйесі . . . 17-25
2. Д. ЫСҚАҚҮЛЫ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДАҒЫ ӘДЕБИ ПРОЦЕСС . . . 26-53
2. 1. Ғалымның қазақ әдебиеті сынының тарихын жасау мэселелері . . . 26-31
2. 2. Д. Ысқақұлының қазақ әдеби сынын жетілдіру жолдары . . . 32-46
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47-48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ежелден аңсаған еркіндік пен теңдікке қолымыздың жетуі - халқымыздың рухани мұрасын түгендеп, ұлтымыздың мәдениеті мен әдебиетіне, дүниетанымына қайта үңіліп, жаңаша саралап, өзіндік ой қорытуға да мүмкіндік туғызып отыр.
Елбасымыз Н. Назарбаев: «Мәдени мұра» бағдарламасында: « . . . ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманаттау басты мақсат» екендігіне ерекше ден қоюмен қатар, тағы бірде: «Алдағы міндет ұлт мәдениетінің ұлт тұлғасын кезеңдік бұрылыстарда тарих сахнасына «шығара» білуде болса керек. Мұндайда әрі кең, әрі жүрдек «бүгінгі күннің даңғылымен» жүру үшін байырғы тәсіл жарамсыз болмақ. «Былайша айтқанда, өткенге мойын бұрамын деп болашағыңнан айырылып қалуың кәдік» - деп айқын мақсат, ортақ міндет қойған болатын.
Олай болса, кеңестік кезеңде тарихта, әдебиет пен өнерде бүркемеленген шындықтың пердесін ашып, өз кезінде зерттелмей, зерделенбей, танылмай келген мәдени байлықтарымызды заманымыздың даму үрдісіне сәйкес бағалау - тарихи, ғылыми, әдеби, мәдени жағынан ойластырсақ, ауадай қажетті міндет.
Қазақ әдебиеті мен сыны ғылымының өсіп - өркендеуі қоғамдық сананың әрбір саласы мен әдебиет жанрларының дамып, өркендеуі нәтижесімен байланысты. Сын жазба әдебиетке тән жанр. Ол жазба әдебиетпен бірге шығып, көркем әдебиеттің бүгінгісін қарастырып, келешегін барлап қана қоймай, оқырман мен зерттеуші ғалымдарға әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Осы жерде сын жанры ауыз әдебиетіне жатпа деген сұрақ тууы әбден мүмкін. Жазба әдебиетке дейінгі және жазба әдебиепен қатар дамыған бүгінгі күнге дейін дамып келе жатқан ауыз әдебиетінде сын арналары яғни эстетикалық талап -талғам көптеп кездеседі. Бұл дегеніміз оқушы мен тыңдаушының жақсыны қастерлей білуге, халықтық эстетиканың негізін қалыптастыруға жетелейді. Бүгінде ауыз әдебиетінің даму жолына әдебиеттану ғылымы айрықша көңіл бөлуде. Т. Кәкішев «Талай ғасырдан бері халықтың рухани азығы болып келген ауыз әдебиеті эстетикалық мұратты қалыптастыру барысында елдік пен ерлікті, әсемдік пен сұлулықты, әділдік пен имандылықты ардақтауды қадірлеуді, жалғандық пен жамандықтан, зорлық пен зомбылықтан, ажарсыз бен көріксіздіктен жиренуді үйрету, ұғымдыру арқылы жұрттың көркемдік талап талғамын жетілдіруге озық үлгі өнегесі бар ауыз әдебиеті көне дәуірде де бүгінгі заманда да өзінің ықпалынан арылған жоқ»-деп ерекше айтып өткен болатын.
Зерттеудің өзектілігі. XXI ғасырға аяқ басқан қазақ әдебиеті сыны жан-жақты өсіп, жанрлық жағынан жетілген, мақсат-мұраты мен атқарар қызметі айқындалған, кез келген елдің әдебиет сыны саласымен иық тірестіре алатын, кей сәтте талдау мен ой толғау жағынан ағалық жасайтын парасатты да байсалды, салмақты да салиқалы сипатымен ерекшеленеді. Ол - «әдебиеттік қана емес, ең алдымен әлеуметтік мәселелерді сөз етуге тиіс сөз өнерінің философиялық сипаттағы күрделі түрі» [1, 342] дәрежесіне дейін көтерілді. Көркем әдеби сынның өзекті мәселелеріне арналған зерттеулер жүргізу - қазіргі әдебиеттанудағы басты міндеттердің бірі саналады. Әсіресе, ұлттық әдеби сынның қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне үлес қосқан айтулы сыншы-ғалымдар шығармашылығын арнайы қарастырған еңбектер жазу -уақыт талабы. Осы талапқа сай әдебиеттанудағы әдеби сын мәселелерін сөз еткен С. Төртқаринаның «Г. Мусирепов, как литературный критик», «С. Жұмағұловтың «Е. Ысмайылов - сыншы», М. Керімбековтың «І. Омаровтың әдеби - сыншылық мұрасы», К. Ахметовтың «А. Нұрқатовтың әдеби сын ғылыми-зерттеу еңбектері», Ш. Әділованың «Т. Тоқбергенов - әдебиет сыншысы» атты зерттеу еңбектерінің танымдық дәрежесі жоғары деуге болады.
Кеңес заманындағы үстем идеологияның құрсауында қызмет етіп, сол кезеңде ғұмыр кешкен қндай да болмасын дарын иесінің еңбегін сараптаған сәтте ол өмір сүрген қоғамдағы саяси- әлеуметтік жағдайларға зер салып отыру - әділетті тұжырымның қалыптасуына мүмкіндік тудырмақ. Өйткені, сонау 50-60 жылдар аралығында, қиындығы мен қысастығы мол болған әдебиет майданында, әдебиеттану ғылымының ауыр жүгін қайыспай көтеріп, әдебиетміздің өрісті биіктерге самғауына, айқын бет түзеуіне үлес қосқаан, туған әдебиеттіің шарықтай дамуы үшін тура жол іздейміз деп, өмірдің небір бұралаң жолдарынан өтіп, табандылық көрсеткен дарынды әдебиетші-зиялы қауым қалыптасқан еді. Олардың қатарында: М. Қаратаев, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, Т. Нуртазин, Б. Шалабаев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Р. Бердібаев, Ш. Сәтбаева, Т. Әлімқұлов, С. Талжанов, Т. Кәкішов сынды т. б. әдебиетшілеріміздің болғаны, олардың қай-қайсы да кейінен қазақ әдебиеттану ғылымынң өсу, өркендеу сатысында өзіндік белгі қалдырғандығы - ақиқат. «Сын мен ғылым қай жағынан болса да толыса өркендеуге мұрсат алған шақта жетелі де білімді, эстетикалық жағынан сауатты, ғылыми зерделі дарындар жауынгерлік сапқа тұрды»- деген пайымдауына жүгінсек, бұл толқын кешегі қаламгер ұстаздарының жазықсыз құрбан болғанын білген, өздері де ептеп болса да саясат содырлығын көрген, әдебиеттанудың ақсап жатқан кемшілікті тұстарын айқын аңғарған талантты буын, тегурінді топ болатын. Олардың лек-легімен әдебиеттануға келуіне халықтың рухани өрлеуі бірден- бір себепші болса, осынау «алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын-інілердің» қатарында өз замандастары арасында әдебиеттану мен сынға елеулі үлес қосқан, таланттардың бірі - Дандай Ысқақұлы. Қазақтың сыншы-ғалымдарының әдебиет сынының тарихын дәуірлеуге, қатысты жазған пікірлері мен сынның көкейкесті маселелерін қозғаған зерттеулері жан-жақты талданып, қазіргі заман талабына сай өскелең әдеби-эстетикалық таным тұрғысынан бағаланып келеді. Біз жұмыстың негізгі өзегін құрап тұрған сыншы-ғалым Д. Ысқақүлының шығармашылық бейнесін көрсетуге талаптандық. Жұмыста Д. Ысқақұлының әдебиет сыншысы, теоретигі ретіндегі шығармашылық келбетінің толыса жетілуі, ғылыми-эстетикалық ой-пікірінің қалыптасу жолдары айқындалып, оның сыншылдық тұлғасын арнайы зерттеу жұмыстың басты нысаны болып табылады.
Ғалымның қазақ әдебиеті сыны тарихын түңғыш жазып шығушы екендігіне басты назар аудартып, оның әдебиет сыны тарихын жасауға, ғылыми ойдың даму процесіне қосқан үлесі, шығармашылық ықпалы тарихи-әдеби заңдылықтарға орай зерделенді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қаламгер прозасындағы ел таныған, әдебиетші зиялы қауым айнытпай аңғарған табыстар мен жетістіктерді, жазушының тілдік-стильдік ізденістерін, сөздік қорын, сөйлем құрылысы мен ұлттық бояуы, кейіпкерлерді таңдап, даралап сомдай білу секілді Дандай Ысқақұлының суреткерлік шеберлігін зерделеп, оның әрбір шығармасына ой-пікірлер келтірілді. Атап айтқанда, Т. Ахтанов, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Х. Әдібаев, Т. Сыдықов, Б. Майтанов, Б. Кәрібаева, Қ. Ергөбек т. б. сынды әдебиет зерттеушілерінің еңбектерін атауға болады.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жүмысының алдына Д. Ысқақұлының әдеби мұраны жинап, жариялаудағы қызметі, әдеби-ғылыми еңбектерге сыншылдық-эстетикалық баға беруде ұстанатын принциптері мен өзіндік көзқарасын айқындау мақсаты қойылды. Ралымның ұлттық әдебиет ғылымында алатын орны мен мэнін, жаңашыл сипатын ашу зерттеудің басты мақсаты болып табылады. Сондықтан алдыға мынандай міндеттер қойылды:
- Д. Ысқақұлының әдеби мұраны жинап, жариялаудағы қызметі, әдеби-ғылыми еңбектерге сыншылдық-эстетикалық баға беруде басшылыққа алған принциптері мен өзіндік үстанымын анықтау;
- Д. Ысқақұлының ұстанатын позициясына беріктігі, ғылымға деген адалдығы 1990 жылға дейін жазылған еңбектері мен Қазақстан тауелсіздік алғаннан кейінгі еңбектері екеуі қатар алынып, салыстыра талдай отырып дәлелдеу;
- Ғалымның қазақ әдебиеті сынының тарихын жасау мэселелері қатысты еңбектерін арнайы қарастыру;
- Қазақтың сыншы-ғалымдарының әдебиет сынының тарихын дэуірлеуге, қатысты жазған пікірлері мен сынның көкейкесті мэселелерін қозғаған зерттеулері жан-жақты талдау,
- Д. Ысқақұлының қазіргі заман талабына сай өскелең әдеби-эстетикалық танымын тұрғысынан бағалау.
- Д. Ысқақүлының әдебиет сыншысы, теоретигі ретіндегі шығармашылық келбетінің толыса жетілуі, ғылыми-эстетикалық ой-пікірінің қалыптасу жолдары айқындалып, оның сыншылдық тұлғасын арнайы зерттеу;
Ралымның қазақ әдебиеті сыны тарихын тұңғыш жазып шығушы екендігіне басты назар аудару;
- Д. Ысқақұлының әдебиет сыны тарихын жасауға, ғылыми ойдың даму процесіне қосқан үлесі, шығармашылык ықпалы тарихи-әдеби заңдылықтарға орай зердеу.
Зерттеуге негіз болған материалдар. Дандай Ысқақұлының шығармалары, сын - зерттеу еңбектер, Дандай жайлы естеліктер, түсіндірме сөздіктер пайдаланылды. Сонымен қатар Т. Ахтанов, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Х. Әдібаев, Т. Сыдықов, Б. Майтанов, Б. Кәрібаева, Қ. Ергөбек т. б. зерттеуші-ғалымдардың шығармалары қолданылды.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысында зерттеу нысанасының ерекшеліктеріне сипаттау, салыстыру, суреттеу әдістері қолданылды. Қазақ әдебиеті сынның тарихын жасау мэселелері және осы жайында тұңғыш оқулық жазып шыққан Д. Ысқақұлының зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан саралаған жүмысымызды жоғары және арнайы оқу орындарының филология факультетінде "Қазақ әдебиеті сынының тарихы", "Қазақ әдебиетінің тарихы" курстарынан оқытатын дәрістер мен практикалық сабақтарда қолдануға болады. Үлттық әдеби сын тарихының жеке сала болып қалыптасуына өркендеуіне үлес қосқан көрнекті сыншы тұлғасы оның шығармашылығын танытуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және сілтеме көрсетілген әдебиеттер тізімінен түрады.
1. ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫ ЖӘНЕ Д. ЫСҚАҚҰЛЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕР ЖҮЙЕСІ
Қазақ әдебиеттануы нақты мәселелерді зерттеуде әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын, жанрлардың ерекшеліктері мен туу, қалыптасу жолдарын анықтауға батыл қадам жасап отыр. Әдебиетімізде зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процестері, өзіне тән шығармашылық ғылыми мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.
Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқаймыз. Бірінші кезең - қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған.
Екінші кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл процесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды.
Үшінші кезең - қазақ әдебиет сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі. 1938-1985 жылдар аралығы.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең басты арманы не десеңіз, ол ұлт азаттығы, рух тәуелсіздігі болғанын аңдайсыз. Халық болған жерде өнер бар, оған деген көзқарас, оған деген талғам бар. Халық ауыз әдебиетінен тартылған жайлар жазба әдебиет туындыларына ұласып, өзінше бір көркемдік әлем жасағаны даусыз.
Сын - коллективтік ұжымның жігер-күшімен дүниеге келер жанр. Өз өнерпаздығын тек сынмен байланыстырған дарынның жеке дара бөлініп шықпағанына қарамастан, қазақтың әдебиет сыны туып, өзінің жанрлық сипатымен даралана бастады. Ұзақ толғақпен туған жанрды қазақ басылымдары аяқтандырып, көркемдік сахнасына еркін шығарды.
Қазақ халқының басына нелер келіп, нелер өтпеді? Соғыстан сансырап, қансырап шыққан қазақ халқы, оның репрессиядан есі шыққан зиялы қауымы елуінші жылдардағы қайта қуғындаудың зілбатпан ауыртпалығын көтеруге мүлде шарасыз күйде еді. Өз ішімізден шыққан Е. Бекмаханов бастаған ұлттық тарихшы - әдебиетшілерді жаудан бетер талады. «Қазақ әдебиеті» газетінің бірінші саны 1934 жылы 10 қаңтарда жарық көрген. Жалғыз әдеби газет - «Қазақ әдебиетін»жауып тастауға жанығып жатқанда, Бүркіт Ысқақов бастаған Қарағандылық қайсар жігіттер жалынды жырларымен еліне, ер азаматтарына арашашы болуға талпыныс жасап еді. Олар да ұлт сатқындарының опасыздығынан зардап шегіп, түрме азабын тартты.
Көріп отырғанымыздай, біз негізінен әдебиеттану саласына кең тоқталдық. өйткені әдебиет сыны да - әдебиеттанудың бір бұтағы. Алайда айтылмыш құбылыстың екінші жағы да бар. Ол күнделікті баспасөз бетіндегі әдеби-сын материалдардың жоталы проблемалық мәселелерге емес, көбінесе бір сарынды мақтауға құрылатындығына байланысты болса керек. Көлемді мақалалардың өзінде ортақ жүйелі толғамға құрылған концептуалдық пікірлердің тапшылығы кездеседі. Атқара келіп, сынның объектісі мен көтерген мәселелерін қарастырғанда тоқталып айтар жағдайлардың шашыраңқы қалып байқатуын сеземіз.
Кеңес заманында Коммунисттер партиясының Орталық Комитеті Жазушылар одағына, «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» және «Простор» сияқты басылымдарға арнайы қаржы бөлетін. Ол кездері аталмыш үш басылым да Жазушылар одағының меншігі емес, мемлекеттің меншігі болатын. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін Жазушылар одағы «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» және «Просторға» қаржы бөлуден бас тартып, оларды нарық экономикасының талқысына салып жіберген еді. Сол кездері Президенттің арнайы Жарлығымен құрылған «Қазақ газеттері» Акционерлік қоғамы үш басылымды өз құрамына алып, оларға қаржы бөліп шығарып тұрмағанда «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» және «Простор» баяғыда-ақ жабылып қалатын еді. Қазір де үш басылымның жағдайы мәз емес. Тираждары өте аз, өздерін ақтамайды. Оларға кетіп жатқан қыруар шығын «Қазақ газеттерінің» құрамындағы тиражы көп басқа басылымдардың және Үкімет тендерлік жолмен бөлген қаржының есебінен жабылады. Осының өзінен-ақ қазақ тілінде шығатын басылымдарға жаңалық енгізудің, реформа жүргізудің керектігі соңғы жылдары анық сезіле бастады.
Міне, осы кезде ұйымдастыру шараларындағы кейбір келіспеушіліктерді пайдаланып Қазақстан Жазушылар одағының басшылығы «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» және «Просторды» Жазушылар одағына қайтарып алу керек деген шуды өршітуге тырысты. Өкініштісі, Жазушылар одағы қазақ тілінде шығатын баспасөзде соңғы кездері болып жатқан реформаға қарсы шығып, басшылық жасауды, творчестволық жұмысты ұйымдастыруды мүлдем әлсіретіп алған кісілердің наразылығын өршітіп, әдеби қауымның ішіне іріткі салудан тиылар емес.
ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Қазақстан егемендікке қол жеткізіп, Желтоқсан ерлері аңызға айналды. Сонымен бірге ақын - жазушылардың жаңа нарықтық қатынасқа негізделген қоғамдағы орын-салмағы жеңілдей бергені де жасырын емес. Осы дәуірдің келуіне ересен еңбек еткен әдебиет өкілдері бүгінгі қатыгез шындықтан қақпақыл көріп, тығырыққа тірелді. Қазіргі қазақ мәдениеті қай бағытта дамуын білмеген дағдарыс күйде. Өнер адамдары таршылық көруде. Осыған орай елбасының 2000 жылды «Мәдениетті қолдау жылына» айналдыру туралы қаулысы көңілге үміт оята бастады. Тек нақты шаралар жүзеге асырылды. Ал қазіргі жағдайда үкімет қамқорлығымен бірге демеушілік көмекке де зәру, өз алдына зерттеу, басылым, ағартушылық жұмыстар атқара алатын ғылыми-мәдени орталықтарға дербестік құрылым алуына ықпал жасаудың артығы жоқ. Шынайы әдебиет ешқашан біреудің қалауымен туған емес.
Түптеп келгенде, сынның эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігімен өлшенеді. Сынның кейде социологиялық, кейде эстетикалық таңдауларға ден қоюының өзі де әдебиеттің қамтыған өмір шындығына белгілі дәрежеде тәуелді болатын кезін естен шығармау қажет.
Рас, әдебиет пен өнерді ешкім жоспар құрып, қолдан жасаған емес. Қай қоғам болмасын, ақынды да, жазушыны да ардақтаған. Кеңес дәуірінде сөз сергерлері, мәдениет қайраткерлері мемлекеттік идеологияны жүзеге асырушылар ретінде бірталай артықшылықтарға ие болды. Сол екпінмен жазушылар нарықтық экономиканы да қызу қуаттады. Жеке бір адам тағдыры қалай құбылмасын, әдебиет пен өнер өмірдің жайнаған жалынын сөндіре алмайды. Өмір бар жерде өнер, ғылым, ырыс бары күмәнсіз. Талантты жан ұлттық байлыққа олжа салмақ.
Қоғамдық - әлеуметтік ойдың биік бір белесі есебіндегі көркем әдеби сынға қойылатын талаптар мол. Сын ең алдымен тайсалмас тура болу керек. Сын ғылыми сипатта, әрі жоғары көркемдік деңгейде жазылуға тиіс. Сыншы жекелеген құбылыстардан бүкіл әдеби процеске тән идеялық-эстетикалық жинақтаулар жасауға, қаламгерлердің жаңашыл ізденістерін әр қырынан аша отырып, одан қалыптасқан әдеби дәстүрлер тағлымымен тамырластық себептерін табуға міндетті. Талдау нысанының тұйықтығы, уақыттың көркемдік - рухани тілегін білімдік және танымдық тар өрісте шешуге талпыныс көтерген мәселенің көкейкестілік мәніне нұқсан келтіреді.
Қазіргі қазақ әдебиеті сыны мен әдебиеттану ғылымы дүниеге келген әрбір көркем туындының идеясын, айтар ойын, эстетикалық өреге қол созғанын, қандай әлеуметтік мәселені көтергенін, нені насихаттайтынын саралап алуға міндетті. Әдеби сынның туу, қалыптасу проблемалары тек творчестволық қана емес, саяси әлеуметтік мәселелермен де тікелей байланысты болғандықтан әдебиет сыны тарихында оны орағытып өту мүмкін емес. Сынның социологиялық және эстетикалық дәрежесі көркем әдебиеттің шыққан биігіне тәуелді. Әдебиет сыны көркем әдебиетпен үзеңгілес дүниеге келеді. Көркемдік даму мен эстетикалық талап-талғамның өркендеу процесі уақыт жағынан бір-бірінің ілгері-кейінділігіне қарамастан, өзара байланысты болады.
Ғасыр соңындағы әдебиет сынының тәжірибесіне көз салсаңыз, онда «әдебиеттің даму заңдылығына хас түбірлі проблемаларды қозғау, солардың дәйекті шешімін іздеу маңызды роль атқара ма, әлде, күнделікті жарыққа шығып жатқан көркем туындыларға баға беру парызы басым ба?»деген табиғи сауалға кезігесіз. Әрине, соңғы қызмет жетекші сипат танытады. Рас, сынға жеделдік қасиет жарасады. әрбір жаңа дүние өзіне тиесілі байыпты пікір таразысына дер кезінде түсуі шарт. Ол шығармалардың озығы да, тозығы да бар. Олар аз да емес, жыл сайын көбейіп те келеді. Бәріне бірдей тоқталу, жан-жақты талқыға алумүмкіндігі шектеулі екені сөзсіз. Осы тұста сынның талдау материалын іріктеу және тақырыптық желісін анықтау қажеттілігі туады. Сынның міндеті тек кемшіліктерді таңбалау емес, белгілі бір туындыдағы немесе бағыттас, үндес қаламгерлер шығармашылығындағы мазмұндық табысты бастамалар мен жанрлық, стильдік тың ізденіс нәтижелерін даралық күйде алмай, әлемдік ауқымдағы көркемдік даму процесімен сабақтастыққа қарастырып, әлеуметтік-эстетикалық ой безбенінде салмақтауда жатыр. Ал мұндай міндет еркін тақырыпқа жазылатын қарабайыр мақала, рецензиялармен шешілмейді, түйінді-түйінді проблемаларға құрылған, ғылыми негізі мол, әдеби сипаты биік терең мағыналы сын арқылы жүзеге асады.
Қазіргі қазақ сынында бұдан ертеректе жарияланған шығармаларға қайта айналып соғу, оның бүгінгі күнмен байланысынан байқалатын мәнді тенденциялық сырларын жаңаша барлауға тырысу тәрізді ұнамды салт өріс жаймаған.
Сын да - өнер. Алпысыншы жылдары батыл сындардың дүниеге келуіне бірнеше себептер бар. Біздегі сынның батыл әрекетке көшуі тек сол шамада Ресейде қылаңытқан «жылымық» жеңілдігіне ғана байланысты емес. Бұл тұстағы құтты қадамды қазақ әдеби сыншыларының іштей ширыққан өзіндік дүние танымы мен түйсігінен шығаруымыз керек. Біз сол кезде әдебиеттің сын майданында қызмет еткен ат төбеліндей азаматтардың қалыптасқан, жаттанды ұғымдардан өзгешелеу түсінігін, ең алдымен, олардың сындағы ар-ожданының белгілі бір межесі деп білеміз. Қазақ әдебиетінің сол кездегі серпілісінің өзі мейлінше елеулі болатын. Қомақты-қомақты ойлы шығармалар дүниеге келді де, байыпты та байсалды, көшелі сынды уақыттың өзі талап етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz