Етістіктің ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Етістік − ең күрделі грамматикалық категория
1.1. Етістіктің лексика семантикалық сипаты.
1.2. Етістіктің ерекшеліктеріне ғалымдар көзқарасы
ІІ. Етістіктің грамматикалық категориялары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы
кең грамматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның
аса өрісті лексика – семантикалық сипатымен, бай лексика – грамматикалық
формалармен, көсіліңкі синтактистік қызметімен тығыз байланысты.
Етістіктің лексика – сематикалық сипатының мейлінше өрісті болатын
себебі – ол семантика тек субъектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат
ауқымында, қоғам өмірінде ұшырасатын, адамның абстракты ойы мен санасы
арқасында туатын неше алуан амал, әрекет, іс, қимыл, қозғалыс, жай, күй
сияқты процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы бай
семантикасы, оның түр-түрі, қашан да болсын, мезгіл я шақ ұғымымен ұштас
болады.
Етістіктің лексика – грамматикалық формаларыныңбай болатын себебі – ол
формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін және олардың өту
сипатын, яғни бағыты, қарқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады,
демалыс, етістік формалары осы және олардан өзге әр түрлі құбылыстардың
көрсеткіштері есебінде қызмет етеді. Бұлардың үстіне, етістікпен етістік
тудыратын, есімнен етістік тудыратын синтетикалық, анаметикалық тәсілдердің
жүйелерін, олардыңнақтылы үлгі-нұсқаларын қоссақ, етістік деп аталатын сөз
табы форма жағынан орасан бай категория екені ашыла түседі. Шынында да
форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде-бір сөз табы, солардың ішінде
формасы ең бай саналатын зат есімнің өзі бара бар түсе алмайды.
Етістіктің лексика семантикалық мағынасы мен фомаларының байлығы оның
өзіне тән әр алуан лексика –семантикалық, лексика –грамматикалық және
грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мысалы, етістіктің
өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формалармен қатар,
өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс,
амалдың жүзеге асу (өту) сипаты сияқты жүйе-жүйе категориялар – етістіктің
семантика жағынан ең бай формалары, сондай-ақ, етістіктің өзге семантикалық
және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат-түрлері де өзгеше
есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар, бір жағынан,
етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден,
солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. Бұл аталған
формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге сөздердің мазмұнына өзінше
үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына да өзгеріс енгізіп отыратын
болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттық категориялары да бар.
Бұлар етістіктің нағыз грамматикалық сипаттарының белгілі көрсеткіштері
делініп есептеледі.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да, синтаксистік
қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және өзге сөз
таптарына тән сөздермен қарым-қатынасқа түскенде айқындала түседі. Өйткені
әр форманың мағынасы да, қызметі де көбінесе сөйлемде, белгілі сөз
тіркестерінің ауқымында анық ашылады. Мысалы, етістіктің кейбір
формаларының тек қана баяндауыш болуы, кейбір формаларының сөйлемнің барлық
мүшелері есебінде қолданылуы сияқты грамматикалық құбылыстар тек сөйлем
ішінде, сөз тіркесі ауқымында ғана анықталады. Сонымен бірге, етістіктің
семантикасы, формасы, қызметі өзара, бір-бірімен тығыз байланысты. Демек,
етістіктің семантикасы сол сөздің құрамы мен құрылысына астасып жатса,
керісінше, қызметі, оның семантикасы мен формасына ұштасып отырады. Сол
себептен етістік формаларының сыр-сипаттарын бір-біріне байланыстырмай,
алды-алдына талдау қашан да болсын, ағат болмақшы. 1,(222-223 б.)
Етістіктің лексикалық құрамында қанша сөз болса, солардың әрқайсысының
өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Солай бола тұра лексикалық мағыналары
қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, сол етістіктердің бәрі де, ең
алдымен, өздерінің мазмұнындағы барлығына да ортақ сипат есебінде танылатын
семантикалық ерекшеліктеріне қарай бір сөз тобына телінеді. Дегенмен де,
лексика –граматикалық белгілері бірыңғай жеке сөз табы саналатын
етістіктердің өздерін іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өзара
функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады. Мысалы,
оларды осы тұрғыдан алып, іштей: амал -әрекет етістіктері (босат, көтер,
күрес,, ки,сыз, өлше т.б.(, қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар,
домала, зыт,қаш, секір т.б.), қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр,
тос, күт, ұлғай т.б.), ойлау –сөйлеу етістіктері (айт, сөйле де, ескер,
жатта т.б.), өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т.б.),
юағыт-бағдар етістіктері (бар, кел,кет, қайт, әпер, әкет т.б.), көңіл-күй
етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл,қуан т.б.), бейнелеу-еліктеу
етістіктері, мінез-құлық етістіктері, дыбыс-сес етістіктері, көру-есту
етістіктері, мінез –құлық етістіктері деген сияқты әлденеше топқа бөліп,
саралауға болады. Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-
мазмұны жақын, алшақ, қашықтықтарына қарай оларды аноним етістіктер,
синоним етістіктер, антоним етістіктер деген тәрізді топтарға да жіктеуге
болады.
1. Етістіктің лексика семантикалық сипаты
Етістіктерді мағынасына қарай топтастыру мәселесі де, басқа сөз таптары
сияқты, белгілі бір мақсатқа я нысанаға орайлас құрылуы қажет. Өйткені
жоғарыдағы топтаулар лексикология, лексикография, семасиология, стилистика,
тіл тарихы ғылымдары үшін қонымды болғандарымен, грамматикалық талап-
талғамы үшін, оларды түбір формалардың, туынды синтетикалық және
аналитикалық формалардың семантикалық құрылымдарына орай жіктеп, сырын ашу
-* олардың формалары мен мазмұндарының арақатынастарын анықтауға тиімді де,
қонымды да болмақ. Себебі – грамматикалық семантика, қашан да болсын,
сөздің құрылысы мен құрамына байланысты болады. Сондықтан жұрнақ арқылы
жасалатын туынды етістіктер мен кемі екі сөзден құралатын күрделі
етістіктердің семантикалық жайында – оларға арналған тиісті тақырыптарда
сөз болмақшы да, төмен де тек түбір етістіктердің семантикалық жүйесі
жөнінде қысқаша түсінік берілмекші. Өйткені, әдетте, есімдерге және басқа
сөз таптарына қатысты сөздерден жұрнақ арқылы туған жалаң етістіктер де
барлығы тіліміздегі ежелгі түбір етістіктердің семантикалық жүйесіне,
морфологиялық формасына және синтаксистік функциясына орай құралып,
солардың негізгі заңдарына лайық қалыптасып отырған. Онан қала берді,
байырғы түбірлер, қашан да болсын, өзге туынды етістіктерге, әсіресе
мағыналық құрылымы мен грамматикалық функциясы жағынан әрі ұйытқы, әрі
өрнек есебінде қызмет еткен. Ал сол байырғы түбір етістіктерді
грамматикалық семантикасына, соған сәйкес қалыптасқан негізгі функциясына
қарай төмендегідей үш салаға бөлуге болады:
Бірінші сала. Бұларға өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын дәйім
сақтап отыратын, соған орай, дербес, грамматикалық қызметтерін түгелімен
атқарып отыратын түбір етістіктер жатады. Бұл етістіктер өздерінің негізгі
мағыналарын ұдайы сақтап отырады да үнемі жетекшілік қызметінде жұмсалады.
Түбір етістіктердің негізгі көпшілігі осы топқа жатады. Мысалы: аз, айт,
ас, аш, бақ, ем, ек, ер, ес, жар, жаз, жақ, жел, жең, жорт, и, илан, кеш,
кір, күл, көп, қада, қала, қама, қыс, т.с.т.
Екінші сала. Бұл топқа өздеріне тән негізгі лексикалық мағыналарын
толық сақтап, сөйлемде дербес мүше болумен қатар, басқа бір жетекші
(негізгі) етістікпен тіркескенде, лексикалық мағыналарын не жартылай не
бүтіндей жоғалтып, оған (жетекші етістікке) қосымша грамматикалық мағына
ғана үстеп, жәрдемші ретінде де қызмет атқаратын түбір етістіктер жатады.
Бұл етістіктер, сөйтіп, әрі негізгі, әрі жәрдемші етістіктер есебінд
жұмсалады. Мұндай бірде жетекші, бірде көмекші болатын етістіктердің саны
тілімізде отыз шамалы. Оларға, мысалы, мына етістіктер жатады: ал, бар,
баста, бақ, бер, бол, бір, біл, де, ет, жат, жүр, жібер, кел, кет, көр,
қал, қара, қой, қыл, отыр, сал, таста, тұр, тұс, шық т.б.
Үшінші сала. Бұл топқа енетін етістік саны аз. Олардың өздеріне тән
әуелгі лексикалық мағыналарын я жартылай, я бүтіндей жоғалтып, тек қана
граматикалық мағына жамап, граматикалық формаға лекер болып қызмет ететін,
яғни бірыңғай көмекші есебінде ғана жұмсалатын е, еді, екен, жазда
етістіктері ғана жатады.
Айтылып, хабарланып отырған іс-әрекеттің иесі етістіктің жақтық
қосымшалары арқылы көрінетіні мәлім. Кейде текстің, сөздің ерекшелігіне,
алдына қояр мақсатына лайық бірінші жақтың орнына екінші жақтық, әлде ІІІ
жақтық қосымша қолданылуы мүмкін. Грамматикалық тұрғыдан мұндай қолданыстың
ешбір өзгешелігі болмағанымен, мағыналық жағынан, сөз стилі тұрғысынан аса
бір ден қоярлық құбылыс.
Әдетте сөйлеушіні бірінші жақтың қосымша арқылы танимыз. Енді мына бір
үзіндіге көңіл аударайық. Кейде сенгісі де келмейді. Өзім де қызбамын ғой.
Ашу үстінде аңғармай теріс ұққан шығармын. Қызғаншақ көңіл асыра ойлаған
шығар,- дейді. Бірақ Раушанның шырылдап Уәлиге ара түскенін ойлап, жоқ,
жығылғаныңды біл, өзіңді өтірік жұбатпа,-деді.
Үзіндіде кейіпкер бірде бірінші жақта сөйлесе, бірде сөз өзіне арналған
кезде, екінші жақтың атынан айтады. Сөйтіп, бұл жерде бірінші жақтың
қосымша мен екінші жақтың қосымша бір ғана мәнде, бір ғана кісіні білдіру
үшін қолданылған. Кейде бірінші жақтық мәнде үшінші жақ қолданылады. Ержан
иалай мықты командирлерді көрді. Бір адамы қалғанша шегінбей, жаудың
батальонын қырған, танктерін қиратқан взвод командирлерінің атын естіді...
Солдаттар сол қаһарлы командирлер үшін жанын беруге бар, оған еріп от пен
суға көздерін жұмбай түседі!.
Алайда бұл арада үшінші жақтың қолданылуында айрықша мотивировка бар.
Өзі жайында айқын да ашық айту үшін қалайда басқа бір бейтарап жақтың
атынан сөйлеу қолайлы. Жақтық қосымшалардың бұл қолданысы өз негізін о
баста ауызекі сөйлеу тілінен алса керек. Ауызекі сөйлеу тілінде сөйлеуші
өзі жайында мақтанышпен сөйлегенде, оны жасайтын мына дөдең! – деп, үшінші
жақта айрықша экспрессиямен айтады. Жазба тілде қалыптасқан жоғарғыдай
тәсілдің алғашқы шығар көзі – осы. Жазба тіл, оның ішінде көркем әдебиет
тілі ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін бар нәрді өз бойына жиып отырады.
Жоғарғы тәсіл (жақтық қосымшалардың қолданылу заңдылықтары) көркем әдебиет
стилінде айрықша жиі кездеседі.
Кейде екінші жақтың орнына бірінші жақтың көпше түрі қолданылатыны да
болады. Мұндай қолдану сөйлеуші жақтың тыңдаушы жаққа айрықша қатынасын
танытады. Мысалы, ауырып жатқан кісіге халін сұрап келген жақын кісі:
Қалай, жақсарып келеміз бе, көңіл күйіміз қалай? – деп, бірінші жақта
сөйлейді. Бұл айрықша интимді экспрессиялық мән туғызады. Немесе класта
отырған оқушыларға қарап мұғалім тақтаға жазып, жаттығыңыздар деудің орнына
тыныш отырайық деп сөйлейді. Бұлай сөйлеу оқытушы мен оқушының арасындағы
қатынастың айрықша бір көрінісі іспетті болады.
Іс қағаздарында жақтық мән туғызудың айрықша бір тәсілі бар. Акт
қағаздарында, қол хаттарда, сенім қағаздарында бірінші және үшінші жақ
білдіретін сөздер қосарынан қолданылады. Мысалы: Біздер, төменде қол
қоюшылар, Алғабас колхозының председателі Дүйімбаев, екінші бригаданың
бригадирі Сүйінбаев... деп басталатын акт қағаздары Мен, Саумалкөл орта
мектебінің шаруашылық басқарушысы Танабаев... деп басталатыны қол хаттарда
баяндауыш қызметіндегі етістік бірінші жақта тұрғанмен, үшінші жақтағы +
сөз –кісінің аты –жөні қоса жазылып отырады. Бұл –тек іс қағаздарына ғана
тән ерекшелік, соларда ғана кездесетін айрықша тәсіл. Бұл тәсілдің тағы бір
қолданылатын жері-ұранды сөйлемдер. Біздер, Совет Одағының жастары,
коммунизмнің белсенді құрысшыларымыз деп келетін ұранды сөйлемдер де бір
ғана стандарт жерінде қалыптасқан. 2, (142-145 б.)
Етістіктердің сөйлемдегі негізгі қызметі – баяндауыш болу. Олардың
баяндауыш болу қабілеті өте күшті. Сондықтан қазақ тілі сөйлемдері
баяндауыштарының дені – етістікті баяндауыштар Айтым, болды. Кестім,
үзілді! ... Тараңдар!...жүр, -дегендегідей олар дара күйінде ақ
баяндауыштық қызметте бір құрамды тиянақты сөйлем болып та келеді немесе
Тереңге мені сал, биікке мүшелерін ілестіре көп құрамды сөйлемнің жетекшісі
болып та кездесе береді. Бұл жағынан етістік баяндауыштар, есім
баяндауыштарға қарағанда, тиянақты придикат қана емес, сөйлемдегі басқа
мүшелердің діңгекті орталығы да болып, субъектінің қимылын, күйін, іс
процесін білдіреді.
Етістіктердің сөйлемдегі басқа қызметінен гөрі баяндауыш қызметінде
жұмсалуынан олардың өздеріне тән мағыналық, грамматикалық ерекшеліктері
айқын көрінеді. Мысалы, салт, сабақты етістіктердің баяндауыш болу амалы
бірдей, бірақ олар қатысқан сөйлемнің құрамы бірдей емемс. Мысалы: Кәрі
Каспий қара көк көзін ашты, жылы жүзбен Терекке амандасты. Амантайдың
жүрегі аттай тулады... Ол түтіннің исі жерге жоламайды.
Осы мысалдардағыдай, салт етістік баяндауыш болған сөйлемде тура
толықтауыш болмайды, ал сабақты етістікті сөйлемде онымен байланысты тура
толықтауыш болуға тиіс.
Етістіктің сабақта және салт болуы сияқты, болымды және болымсыз болуы
да етістік атаулыға ортақ болғандықтан, оның баяндауыш қызметінде
жұмсалуында да ерекшелігі жоқ. Дегенмен олар арқылы болымды, болымсыз
сөйлемдер жасалатындықтан, олардың баяндауыш болуын ерекше атау керек
болады. Оның үстіне айтпаймын, жазбаймын деген сияқты, ашық райлы болымсыз
етістікті баяндауыштың кейде айтпан, жазбан болып айтылуында стильдік
айырмашылық болады. Мысалы, бір істі істеуден үзілді-кесілді бас тартқанда,
айтылған хабарға өктемдік сипат беру керек болғанда, соңғы формалар
қолданылады. Бұл көбінесе ауыз әдебиетінде жиі ұшырасады.
Тәуекелге келгенде, алдымда тау турса да, тайынбан. Өлеңім-оқ,ол
алдымда.Мен де таудан шегінбен.
Етістіктер райлық, шақтық тұлғаларының барлығында да баяндауыш бола
береді. Мысалы: Мен көрдім ұзын қайың құлағанын. Бізді ешкім таныстырмайды,
өзіміз таныстық.
Етістіктер етіс тұлғаларында да баяндауыш қызметінде жұмсалады:
Өнер – білім бар жұрттар, тастан сарай салғызды. Қаптады қол, салынды
жол.
Көсемше тұлғалы етістіктер дара күйінде құрмалас сөйлемдердің
баяндауыштары болып келе береді. Мысалы: Жаңбыр жауып, жер көгерді. Бірақ
кейбір өлеңде болмаса, жай сөйлемнің тиянақты баяндауышы бола алмайды.
Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы басқа есімдердей: І, ІІ жақта
баяндауыштық жіктік жалғауда айтылып, етістікпен қиысып тұрады, ІІІ жақта
жіктік жалғау жалғанбайды. Қазақ тілінде де әлденеше етістіктер түйдекті
топ құрып, баяндауыш қызметінде жиі кездесетіні белгілі. Олардың көп
құрамдыболудағы баяндуыштық негізгі қызметі – қимыл процесінің құбылмалы
нәзік реңктерін білдіру. Әлденеше етістік бір күрделі баяндауыш болғанда,
оның біреуі ең негізгі болады да, қалғандары оған не біріне-бірі көмекші
болады.
Қазақ тілінде көмекші етістіктер көп, олар аса жиі қолданылады; арнаулы
көмекші етістіктерден басқа етістіктердің де бірталайы өзара көсемше,
есімше тұлғалар арқылы байланысқан түйдекті тобының құрамы екі я үш, кейде
төрт я бес етістікті болып та келеді.
Кітап оқып кетіп бара жатыр едім, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздадым
– деген бір құрмалас сөйлемнің ішіндегі он бір сөздің кітап дегеннен
басқалары – түгелімен етістіктер. Олардың алдыңғы сөйлемдегі оқып кетіп
бара жатыр едім деген бесеуі біріне-бірі ұласқан бір істің жайын
хабарлайтын бір мүше (баяндауыш) болып тұр. Екінші сөйлемде бес етістік
бар. Оның алдыңғы екеуі пысықтауыш қызметінде де, соңғылары баяндауыш
қызметінде тұр.
Қазақ тілінде, орыс тіліндегідей, сараланған видтік категория жоқ.
Бірақ күрделі етістіктерден болған баяндауыштар әр түрлі құрамда айтылып,
әр түрлі қимыл кезеңдерін білдіреді. Олардың бастылары мыналар:
1. Қимылдың басталуы кезеңі. Отыр, қал, жатыр, кел баста, жөнел,т .б.
көмекші етістіктер қатысты күрделі баяндауыштар қимылдың не күйдің
басталып қалғанын, басылғанын білдіреді: Таң бозарып атып келеді.
Коля кеткелі жатыр. Зылиха шай құя бастады. Жақып сөйлей жөнелді.
2. Қимылдың болып жатқан кезеңі. Мұндай мағынада жұмсалатын
баяндауыштың құрамында түр, кел, бер, жүр, қой, түс, т.б. көмекші
етістіктері болады. Жарқыраған май күні тамылжып тұр. Қалует
Бармагүлге күле сөйлеп келеді. Жомарт тағы бірдеме үйретіп жүр.
3. Қимылдың аяқталып қалған кезеңі. Мұндай мағынаны білдіретін
күрделі баяндауыштың құрамында қал, кел, кете, жазда сияқты
көмекші етістіктер болады:
Жұмыс аяқталып келеді. Жиналыс бітіп келеді. Күңше жабайды соғып
кете жаздады.
4. Қимылдың аяқталған кезеңі. Күрделі баяндауыштар бұл мағынаны
білдіру үшін олардың құрамында жібер, кет, бер, бол, қой,
таста,сияқты көмекші етістіктер болады: хатты кеше баласынан беріп
жіберді. Жолаушылар жүріп кетті. әміреге кітап алып бердім. Ол
айтып болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz