Т. Нұрмағамбетұлының шығармалары


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3- 5

1 ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР. . 6- 44

  1. КӨРКЕМДІК ШЫНДЫҚ ПЕН ИДЕЯЛЫҚ ҰСТАНЫМНЫҢ ҮНДЕСТІГІ . . . . 45-76

ҚОРЫТЫНДЫ77-78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 79-80

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Соңғы 20-30 жыл көлемінде қазақ прозасы біржола шарықтап, әдебиет зерттеушілері мен әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Осы әдеби дамуда өзіндік жазу стилімен, сөз өнеріндегі дара болмысымен танылған дарынды жазушы Т. Нұрмағамбетұлы шығармалары өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылысты өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, оңтайлы тәсілдерімен тамаша бейнелеген шыншыл туындылар.

Суреткердің аранасынан аса асқақтамай, бүлкілдеп ағатын мөлдір тұмадай әңгімелерінің табиғатында адами, табиғи тазалық, адамгершілік суреттеледі. Жазушы талай қаламгер ат ізін салған белгілі тақырыптың өзінен бұрын байқалмаған бедер тауып, безендіре біледі. Ол бедер белгілі тақырыптың сан қатпарлы астарына мейлінше еркін бойлатуымен, өмір құбылыстың терең шыңырауларынан шым-шымдап сыр суыртпаған сонылығымен тәнті етті.

Қазақ прозасында елеулі еңбек еткен Т. Нұрмағамбетұлы 70-80 жылдарда талмай табандылықпен еңбектеніп, соңғы он жылдықта, яғни 90-жылдары көрнекті қаламгер ретінде толық қалыптасты. Оның прозасы - өзекті тақырыптарды арқау етіп қана қоймай, өмір шындығын көркемдік шындыққа айналдыруда өзінджік бағыт-бағдарын айқындаған шығармашлық. Қаламгер прозасындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның прозалық шығармаларының тілінен де, баяндау әдісі мен характер, образ жасау жолында пайдаланылған шығармашылық тәсілдерінен де, кейіпкердің портретін берудегі ерекшеліктерінен көрініс табады. Осы тұрғыда, жазушы шығармаларын жүйелі түрде талдау арқылы идеялық-көркемдік ізденістер аясын айқындау, сол арқылы өскелең прозамыздың даму жолын көрсету зерттеу жұмысымыз танытады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының басты мақсаты - Т. Нұрмағамбетұлы шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, идеялық-көркемдік ізденістерін айқындау. Бұл үшін мынадай мәселелерге баса назар аудардық:

  • Т. Нұрмағамбетұлы прозасын талдау барысында жазушының өмірден таңдап алған тақырыбын көркем шығармаға арқау етуіндегі ізденіс сипаты мен көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігін пайымдау;
  • Шығарма кейіпкерін қазақи болмыс, ұлттық менталитетке үйлестіре бейлееудегі көркемдік детальдар мен бейнелуші әдіс-тәсілдердің қызметін, авторлық дүниетанымды саралау;
  • Жазушының әдеби шығармаға көзқарасы мен танымдық талабы тұрғысынан қарасытра келе, жазушының бүгінгі әдеби процестен алар орнын, қаламгерлік шеберлігін, өзіндік машық-мәнерін айқындау. Сондай-ақ жазушы туындыларының қазақ әдебиетін дамытудағы үлесін бағамдау;
  • Өмір шыныдығын көркемдік шындыққа айналдырудағы жазушының уақыт талабына, дәуір келбетіне, замана тынысына зерделілікпен үңілудегі дербес қолтаңбасын айқындау;

Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау үшін Т. Нұрмағамбетов шығармаларының негізгі идеялық тақырыбы және көркемдік амал-тәсілдерді құбылта қолданудағы шеберлігі талданады.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Жазушының көркем дүниелерінің идеялық-көркемдік табиғатын ашып көрсетіп, көтерілген басқа да мәселелердің сәтті шешімін табуда қазақ әдебиеттануының көрнекті өкілдерінің қазақ әдбеиті тарихы мен теориясы бойынша жазылған негізгі ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Атап айтсақ, М. Әуезов [1], С. Қирабаев [2], З. Қабдолов [3], Т. Кәкішев [4], Р. Бердібаев [5], тағы басқалардың зерттеулеріндегі ой-тұжырымдарға сүйеніп, басшылыққа алынған әдіс-тәсілдерінен үйрендік.

Бітіру жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылаған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ӘҢГІМЕ ЖАНРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ІЗДЕНІСТЕР

Өзінің алдындағы құнарлы орта мен әдемі әдеби дәстүрден нәр алған, Т. Нұрмағамбетов өз туындыларында әдеби тілдің өзіндік тәсілдермен көркемделіп, жинақталған түрін қолданады да, мазмұнға қоса көркемдікке де көп көңіл біледі. Әдебиет әлеміндегі ерекше мазмұнды мәнері мен ой-толғанысын жеткізудегі өзгеше өрнегімен шын шебер жазушы ретінде танылған Т. Нұрмағамбетов өз шығармаларындағы оқиғалардың бәрінде де қаһармандарының психологиясын, оның өмірге, қоршаған ортаға деген сезімдерін шынайы түрде және оның іс-әрекетін көңіл-күйімен сабақтастыра баяндайды.

Т. Нұрмағамбетов- үлкен суреткер, шеберліктің шыңына шыққан жазушы. Суреткер үшін ең бастысы - адам. Оның прозасы - сол адамдардың қуаныш-арманы, ой-мақсаты, қиял-мүңы, т. б. жан дүниесіндегі өзгерістерге толы. Әсіресе, адам жанындағы түрлі сезім-шарпулар, түрліше психологиялық ахуалдарды жарқырата ашып беруді алдына басты мақсат етіп қояды. Әдебиеттанушы ғалым Л. Гинзбург: "Психологиялық талдаудың әртүрлі жолдары бар. Ол тікелей авторлық баяндау немесе кейіпкердің өзін-өзі байқауы (самоанализ) формасында, болмаса оның іс- әрекеті, қимылы арқылы жүзеге асады. Бүлардың ішінде талдауда кейіпкердің ішкі және сыртқы сөздері ерекше орын алады" [6, 45 б. ] - деп ой түйеді. Осы айтылғандарды өз қаламгерлік мәнерінде автор да бар қажеттілікпен, ерекше ыждаһаттылықпен қолданады. Қаламгер шығармаларында кісіні зеріктіретіндей сылбырлық, бір ізділік қалып сақтала бермейді. Жазушы жазған дүниесін үнемі жаңашыл ой-толқындарымен, өзгеше амал-тәсілдермен байытып, туынды Тұнықтығын тазартып, шығарма кеңістігін кеңейтіп отырады. Бұған жазушының шығармашылығының кезекті кезеңі ретінде кез-келген кітабы дәйекті дәлел бола алады.

Алғашқы қадамын өмір - болмыстың бір үзік көрінісіндей, мінез-құлқы әр алуан кейіпкерлер тіршілігінің куәсі еткен, соншалық алып бара жатқан ерекшелігі де жоқ, бірақ, өзіне әлдебір тылсым күш арқылы тартып, тез оқылатын әңгімемен бастаған Т. Нұрмағамбетовтың туындыларын оқырман қауымның іздеп жүріп оқығанын біз сол кезде жазылған жылы да ізгі лебіздерден білеміз. "Автордың не айтқысы келгені ғана емес, қайта әдейілеп болмаса да өмір фактілерін дұрыс суреттеудің нәтижесінде не айта алғандығы біз үшін маңыздырақ. Біздің әрбір талантты шығарманы соншалықты қадірлейтін себебіміз- мұндай шығарма болмаса ол өмір жай адамдардың көзіне оншалықты шалына бермейді" [7, 4 б. ] - дейді Н. А. Добролюбов әдебиет туралы мақаласында.

Баршамызға белгілі әңгіме - қысқа да нұсқа жанр. Қысқасы -- қиын жанр. Соған қарамастан кейбір кеуделі жазушыларымыз әңгімені қомсынып, менсініңкіремей жатады. Т. Нұрмағамбетов болса бұл жанрға бар талантын сарқа жүмсап келеді. Қып-қысқа әңгімелері арқылы-ақ қаламгер өзінің үлкен концепциялы суреткер екенін танытты. Жазушы vстанымы туған жерге деген суреткерлік сүйіспеншілікті таныту, қарапайым еңбек адамын, оның ұлылығын, адамгершілік қасиеттерін жырлау. Сол себепті де оның кейіпкерлері- пәк, таза, ойлы жеткіншек, басына тағдыр салған тауқыметтен ерте есейген Бала, (Көктембай - " Қош бол, ата", Елжан - " Тұнық су", Қияс -" Он төрт жасар жігіт", Шорман -" Қарлығаштың үясы", т. б. ), осы бауыр етінің болашағына алаңдап, ұрпақ тәрбиесінің халық дәстүрінен ауытқымауына, жіп үзіп кетпеуіне тілекші Қарт, (Сапарбек - "Перзент", Нүржан -- "Қауын исі", Қамқа кемпір - "Жүрек жылуы", Тәуекел - "Тұнық су", Нағашыбай "Бойтұмар", т. б. ), еңбек адамдары - сушы Жаманқұл "Сушы", "Жер исі" романындағы - Қоңыр, т. б.

Өзінің шығармашылық мақсаты, өз кейіпкерлері туралы жазушының өзі былай дейді: "Мені әдебиетшілер де, оқушылар да ауыл өмірінен жазатын жазушылардың қатарына қосады. Әрине, бұл қала өмірін білмейді, қала өмірін жаза алмайды деген ұғымнан туып жатпаған болар. Мен бұған тасып та таласып та отырған жоқпын. Жазған, таңдаған тақырыбы үшін жазушыны дәріптеудің де, кінәлаудың да керегі жоқ. Тақырып - жазушының егіс егетін алаңы. Мәселе жазушы - диқанның сол жерден қандай өнім алуында. Бір диқан егістік жерді жылда өзгертер, екінші біреуі күтіп-баптау арқылы-ақ бір жерден тәуір өнім алар.

Жазушы мен диқан, асылы ұқсас. Диқан жерді, дәнді қалай сүйсе, жазушы да жазып отырған тақырыбын, адамдарын солай сүюі тиіс. Мұндай сүйіспеншілік жоқ жерде шынайы шығарма тумақ емес.

Менің де өз творчествомнан жақсы көретін, соларды жазғандығым үшін қуанатын әңгіме, повестерім, сол әңгіме-повестерімнің кейіпкерлері бар. "Бүлақтағы" - Қошқарбай, "Сушыдағы"- Жаманқұл", "Жаздың қысқа түніндегі" - Тоқтас пен Нұршат, "Ата қоныстағы" - Мұқа, "Шашубайдағы"-Шашубай, "Бұқадағы" - Бәстенбай, "Қорашылардағы" - Жақып, "Бөрібайдың тұмағын ит алып қашқан қыстағы" - Бөрібай, "Бойтұмардағы" - Нағашыбай, Базыл, Майсагүлдер. Жазылып, оқырмандарға жетіп, олар жөніндегі менің ісімнің біткеніне қарамастан, мен кейде оларды есіме алып, езу тартып, кейде тебіреніп отырамын. Бұл да бір үйелмелі-сүйелмелі балаларының ісін, қылығын қызықтап солар үшін төбесі көкке жетіп отыратын әкенің өзге үшін болмашы, өзі үшін ешбір теңдессіз бақытындай бақыт болар шамасы" [10, 92 б. ] .

Біз мұны жазушының жан сыры деп қабылдауымыз керек. Осы үзіндіден оның өнерпаздық өрісінің шет-шегі, шығармашылық ізденісінің ізі көрініп түр. Суреткер туындыларындағы кейіпкерлер өмірден алынғанымен, жазушы жүрегінің тебіренісінен жаралған көркемдік құбылыс екендігінің куәсі болғандаймыз. Осындайда, шығармашылық өнердің құпиясы туралы айтқан зерттеуші С. Петровтың мына бір пікірі ойға оралады: "Өнерді оны тудырған адамнан бөлуге болмайды. Суреткер бос кеңістікте өмір сүрмейді. Оны адамдар, заттар, оқиғалар қоршап тұрады. Суреткер осы оқиғаларға белсенді қатысушы. Ол өзін қоршаған адамдарды сүйеді немесе жек көреді. Ол күйзеледі, уайымдайды, қуанады - міне осының бәрі оның творчествосында көрінеді" [11, 3 б. ] . Т. Нұрмағамбетов әңгімелерінің асыл қасиетін өз кезінде көптеген сыншылар танып-біліп, кейіпкерлерінің басты ерекшеліктерін саралап берген. Мәселен:

"Тынымбайдың қарапайым бала, жігіт-қыз, егде-ересек, шал-кемпір кейіпкерлерінің бәрі дерлік - дара, дана адамдар. Халықтың қалың ортасынан шыққан өкілдер, типтік жағдайдан жаралған типтік түлғалар. Қазақы, халықтық характерлер. Ұнамсыздарында пасықтық, бақай есеп, тайыздық, тарөрістілік, құлқын қамынан аса алмаушылық қандай оңды көрінсе, жақсылық жағындағыларда кең мінез, дарқандық, адамгер -шілік, абзалдық, жан жарқындығы, жүрек байлығы сондай бай, айқын да ажарлы көрінеді. Қауыншы Қаратемір, қария Тәукебай, (" Түкпірдегі ауыл"), Еңбекқор Нағашыбайларды ("Бойтұмар") былай қойғанда, әпенді, кер-жалқау Шашубай, сәл нәрсеге бөркі қазандай болатын Қабылдардың ("Жәрдемші") жан дүниесі қандай жарық, жьілулы десеңізші. Осындай қызық та қыртысты, әр алуан да бай, қанық та қарапайым характерлерді көргенде, Тынымбайдың бағыты дұрыс, байқағаны байсын, тапқаны - көл-көсір екенін бағамдайсың. Қалам-бұрғыны қат-қат қазыналы тереңге, кенге салу дегеніңіз де осы болса керек " - дейді белгілі сыншы Б. Сарбалаев [12, 280 б. ] .

Біз жазушы шығармаларына талғаммен қарап, жазушылык лабораториясына дендей отырып оқығанымызда, оның қаламгерлік қасиетіне тән көркем шығарма жазудағы тәжірибесінен мынадай ой түйдік.

Әуелі жазушы көкірегіне бір ой қонақтайды. Ол ой суреткер бастан кешкен өмірдің сәулесі мен нүрына оранып, сыры мен шындығына келіп тіреледі. Яғни, қаламгер өз өмірінің, өзі өмір сүрген кезеңнің нүры мен сәулесін, шындығы мен сырын әуелі зерттеп алып, оны жан дүниесі елегінен өткізіп, көркемдікпен әрлеп, шабытпен, шарпып тарамдатып алып кетеді. Осыдан келіп, көркем шығарма жасалады. Ол дүниеге келген туындысы арқылы оқырманға бір түйінді пайым зерделетеді, өзін және өзгені толғандырған сұраққа жауап береді. Өйткені мақсатсыз шығарма жазылмайды. Айтары жоқ дүние де- өлі дүние. Демек қандай бір туындыдан да жазушының не айтқысы келгенін, соны неге және қаншалықты айтқанын және сол айтпақ ой-идеясын қалай жеткізгенін көреміз. Тақырыптар ортақ, мегзер идея да ұқсас бола береді. Ең бастысы - тақырыпты игеруде, идеяны шеберлікпен жеткізе білуде. Шығарманың жақсы-жамандығының, шынайылығының негізгі өлшемдері де - осы айтылғандар. Шығарманың өзіндік бет-бедері, салмағы мен құны да осылардан аңғарылады.

Осы тұрғыдан алғанда, Тынымбай Нұрмағамбетовтің де қаламгерлік мүраты тек жақсы жазу десек қателеспегеніміз. Ол жазу үшін жазбайды, жазбауға болмайтын болған соң жазады. Шынында да осы уақытқа дейін бар-жоғы бір роман жазғанымен, шүрайлы тілді повестер мен әдемі юморға толы қысқа әңгімелері арқылы өзіндік көркем әлем қалыптастырған жазушының шығармашылық болмысы даралық сипатымен, қарапайым, да қарымды, құнарлы да қасиетті ерекшеліктерімен бедерлі.

Әсіресе, ең негізгі ерекшелік ретінде - тақырыпқа адал, өзі танып - білген нәрсесін, жетік білетін жайды ғана жазып, қарапайым жайлар арқылы Б. Майлиндей ұлы жазушыны пір тұтатыны әрбір шығармасынан сезіліп түрады, сонымен қатар оның әдебиетке жетектеп әкеп қосқан сан алуан кейіпкерлері кешегі ұлы қаламгер кейіпкерлерінің жазушы заманындағы ұрпақтары десе де болғандай. Бұның себебі, Тынымбай Нұрмағамбетов ұлы жазушымен тақырыптас, яғни беріле суреттейтіні - ауыл өмірі, кейіпкерлері -қарапайым ауыл адамдары, еңбекшіл, ақ көңіл қарттар мен риясыз пейілді балалар, ауыл қыздары мен жігіттері. Қаламгер олардың тыныс-тіршілігін көрсетіп, арман-мүратын ғана баяндап қоймай, тартысты іс-әрекетін көркем бейнелейді. Бұған қоса, Т. Нұрмағамбетовтің ұлы жазушымен суреткерлік болмысы да, яғни өмірге, тақырыпқа көзқарасы, өмірді, нысанасына алған тақырыпты игеру табиғаты, сол ретте қолданған баяндау мәнері, шығармаларының баяндау құрылымы мен көркемдік әдіс-тәсілдерінің де ұқсас, тамырлас болып келуі де арқылы көп жақын. Бұны өзінің "Қара камерадағы ақ киімді жазушы" атты мақаласында нақтылай түсіп, былай дейді:

"Дүниеде жақсы жазушылар көп. Бірақ, әрбір әдебиет, ұлт үшін қымбат жазушылар бар. Біздің ұлтымыз бен әдебиетіміз үшін бір қымбат қаламгер -Б. Майлин десек, асыра айтқандық болмас. Қайта жеткізе алмай отыр демесе. Бұл - Бейімбет шығармаларының ұлт қанына әбден суарылғанынан. Бейімбет шығармаларындағы кейіпкерлерге қарап отырып, олардың тек қазақ екенін жазбай тануымыздан. Тіпті, жер бетінен қазақ деген халық жойылып кеткен күнде Бейімбеттің шығармаларын оқып отырып қазақ деген халықтың ақ қағазға бейнесін салып қана қоймай, мінезін елестетуғе, пиғыл-ниетін тануға болар еді. Бейімбет шығармаларының кейіпкерлерін дүниедегі бар әдебиет атаулының сан миллиондаған кейіпкерлеріне қосып жібергенде де, олар белін таянып, "біз - қазақ едік" деп бөлектеніп тұратын секілді" [13, 7 б. ] .

Осы бір ағынан жарыла, ақтарыла айтқан лебізді жазушының өз шығармашылығына да қарата айтуға болады.

Қаламгерлік өнердің басты заңы - тақырыпқа адалдық, өзі жетік білетін жайды ғана жазу екенін Т. Нұрмағамбетов жіті аңдап, суреткерліктің соны үлгісі ретінде қарапайым дүниелер арқылы үлкен күрделі мәселелердің бетін ашып, кішкентай нәрселер арқылы ірі ойлар айтады. Оның осы бір тамаша қасиетін өз пікірі де дәлелдей түседі.

"Айтарын тауысып, жазарын сарқып алып тоқтап жүрген, немесе өмірдің өзіне тосын қырына ұрынып, зерттеп жүрген жазушыларды түсінбеймін. Өмір қандай шексіз, күрделі болса, ауыл тақырыбы да сондай шексіз, күрделі. Түстен кейін танысып, зерттеумен зерделегені бала кезде бастан кешкеніне, нақ бүгінгі күні болмысымен бойына сіңіргеніне жете ме? Мен ауыл өмірін зерттеймін, сол ауылда өмір сүремін. Сондықтан да мені" ауыл өмірінен жазарым әлі көп. Жаза алмай жүргенім қаншама? "Мені жаз, мені жаз" деп жүрген мәселелер қаншама" [14, 88 б. ] - дейді ол.

Бұл - қосып-алуды қажет етпейтін пікір. Балалық үйрену, жастық тәжірибесіздік кезеңінен жеңіл өткен жазушы үшін 70-80 - жылдар ірі жетістіктер мен пайдалы өзгерістерге толы болып келеді. Тынымбай Нұрмағамбетов көп еңбектенетін қаламгер. Бұның айғақ дәлелі ретінде алғашқы он бес - жиырма жылдық шығармашылық жолының өзінде-ақ ондаған повесть, жиырмадан астам әңгімелер сыйлаған және олары оқырманға жұп-жұмыр болып шығып, әдеби қауымның назарын аударуы оның шын мәнінде табиғи талант, тамаша суреткер екенін танытқанын атап айтуымызға болады.

Сан алуан өмір құбылысын қай жағынан алып суреттеуге де шағын көлемде болғанымен көркем әңгіменің құдіреті толық жетеді. Өзіндік мүмкіндіктерін зергерлік шеберлікпен жұмсай білсе, қысқа әңгіме шеңберіне көл-көсір мән-мазмұн сыйғызуға болады. Шағын жанрдың мұндай қасиетін терең ұғынғанын Т. Нұрмағамбетов өз шығармалары арқылы айқын дәлелдеп берді. Өзі суреттеп отырған ең ұсақ оқиғаның өзіне әлеуметтік мән беруге ұмтылады.

Т. Нұрмағамбетовтің шағын туындылары қарапайым тілмен баяндалады. Бірақ, қаламгер - персонаждың ішкі жан толғанысын, өмірге деген к^штарлығын, сыртқы әлеммен байланыстырып ашуға оның автор ретіндегі оқиға өрімі мен кейіпкер қатысына берер бағасы оқырманға терең ой салатын нәзік, сезімге толы болып келеді, бұл орайда, біз кейінірек сөз ететін көркемдік амал-тәсілдерді ол орынды пайдаланады.

Т. Нұрмағамбетов қазақ оқырманына ғана емес, бүгіндегі жақын шетел туысқан орыс әдебиетшілер қауымына да танылып, орыс әдебиетінің өкілдері жазушы шығармашылығын жылы ілтипатпен қабылдады. Талантты орыс жазушысы А. Лиханов Т. Нұрмағамбетовтың орыс тіліндегі тұңғышы "Запах дыни" ("Жазушы" баспасы, 1979 ж. ) кітабына жазған алғы сөзінде жазушы творчествосына жоғары баға бере келіп, оның туындыларының Б. Майлин творчествосымен үндестігін тап басып таниды:

"Доброта - вот слово, которое владеет Тынымбаем. Любопытно: именно земля, не в прекрасном, а в прямом значении слова, интересна Тынымбаю врежде всего, а с ней и ее люди. Старик Нуржан ("Запах дыни") обессилевшии от старости, болыне всего боится остатся оторванным от земли, каждый взмах его кетменя, каждый его прервистый вздох дороги читателю, как собственная жизнь. Ленивец и неумеха Шашубай ("Шашубай") - вроде бы фигура героическая, но как же он правди, этот образ, и как по-хорошему народен" [15, 4 б. ] .

Өмірдегі шындықты толымды, кең алып бейнелеп, терең тұжырымдар жасауға үмтылыстар танытып жүрген Т. Нұрмағамбетов әдеби жұртшылыққа үнемі толысу, жетіле өсу барысында танылды. Көлемді прозалық шығармасы - "Жер исі" романынан басқа, ізденіс нәтижесінде, жазушы шығармалары тек қысқа әңгімелер мен әрқайсысы бір-бір романға бергісіз повестерден тұрады. Сол себепті де, қаламгердің жазу стилінде өзіндік қолтаңба басым. Бұған шығармаларының тақырыптарының да өзектес, сарындас болып келетіні де жағдай жасайды. Шығармашылығын адам бейнесін жасауға, оның пенделік қасиетін ашып, ең бастысы әр заманның өзіне ғана тән адамын бейнелеуге құрған Т. Нұрмағамбетовтың қаламгерлік мәнерінде көптеген жеке-дара қолданыстар жетерлік. Жалпы алғанда, жазушы шығармаларының қай-қайсысының болмасын идеясы нәрлі, көркемдігі жоғары болып келеді.

«Шығарма идеясы дегеніміздің өзін көркем туындының бар мазмұн байлығы мен көркемдік қасиеті арқылы жасалып, оқырман жан-дүниесіне күшті әсер ететін идеялық қуаттылығы" [16, 102 б. ] - деп академик 3. Ахметовше пайымдасак айтатын ой , қозғар толғамы құнарсыз, солғын, адам сезімін тебірентпейтш шығарманың көркемдігі жоғары болмақ түгілі, көркемдік қасиетке ие болуының өзі жалғандық болып шығар еді.

Көркемділік - шеберліктен туады десек, суреткер шеберлігі ең алдымен өмір шындығын жіті көріп, түсіну, сан-алуан адамдардың мінез-бітімі мен қимыл-әрекеті, психологиялық ерекшеліктерін танып-білу қабілетінен туады. Осы орайда, Т. Нұрмағамбетов қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі болып табылатын әңгіме мектебінде әбден шыңдалып, өз тақырыбы, өз қолтаңбасы бар дара суреткер болып қалыптасты. Сол себепті де, біз ең алдымен жазушы әңгімелерінің идеялық-көркемдік сипатына үңілеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика
Сәкен Жүнісов «Ақан сері» атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Ұлт және ұлттық идея ұғымдары
ХІХ ғасырдағы жазба айтыстүрлері
Ұлттық идея және оның тарихи орны
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
Ғұрыптық фольклор лексикасы: идиоэтникалық семантика туралы
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz