ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.


ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАУГЕРШІЛІК РУХ - ЕЛ ӨМІРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 2
1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 12
2 ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЖАУГЕРШІЛІК РУХ - ЕЛ ӨМІРІ . . . 33
2. 1 Жырау поэзиясындағы адамгершілік тақырыбы . . . 35
2. 2 XVII-XVIII ғасырлардағы жаугершілік поэзия . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 81
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жырау - ақпа-төкпе, суырыпсалма өлең сөзді қару еткен өнер адамы, халықтың қамын ойлай білетін парасаты мол ел ағасы, қысылғанда жол табар ақылшысы, уақыт, оқиға сырын, замана бағыт-бағдарын ақыл таразысына салып сынай, салмақтай білетін, болжағаны болып, айтқаны келетін тапқыр да көреген дана абызы, қисық кеткенді қылышпен емес, сөзбен сілейтіп, бұйрық берер әміршісі, бетің бар, жүзің бар демей тура айтар өткір де әділ биі, жөні келгенде жыр мен қаруды бірдей жұмсап жауға аттанар жауынгер қолбасы болған. Жырау ел тағдырын шешер ірі оқиғалар, аса мәнді көкейкесті мәселелер тұсында толғанған. Халық өзгелерден гөрі қайғырғанды демеп, қуанғанда қанат бітіріп, ақыл қосатын асыл сөз иесі жырауларды қатты қадірлегенген. [1, 30 б. ]
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар елдік, ерлік, өмір дін, заман хақында толғанған. Олар бағзы шығыс поэзиясы дәстүрімен өмірдің өтпелілігін жырлап, ізгілік пен инабатты дәріптеген. Заманының ойлы перзенті ретінде өмірдің сан алуан мәселелерін сарапқа салып, гуманистік тұрғыда философиялық- дидактикалық түйін-тұжырымдар жасап, жер-суды, ата-мекенді қорғау, ел бірлігін сақтау мәселелерін жырлаған. [2, 53 б. ]
Сонымен ықылам замандардан бастау алатын жыраулық, дәстүрдің негізгі мақсаты - өмірді, дүниені, ата-бабаларымыздың ерлік, елдік іс-әрекеттерін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Жыраулық үрдіс әрі өнер, әрі дәстүр. Оның ерекшелігі синкреттік сипатында, яғни поэзия, музыкалық мақам және орындаушылық шеберліктің бірлігінде.
Жыраулық өнердің өміршеңдігі оның ел тарихы мен ата-баба дәстүріне негізделуімен айқындалады. Қаһармандық эпос, батырлықты паш ететін көлемді жырлар соның жарқын дәлелі. Ерлік рухына толы мұндай қаһармандық жырлар этникалық тарихқа құрылып, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырылып, дамып отырған. Бұл - жыр-дастандардың әдеби мәтіні мен музыкалық мақамына бірдей қатысты құбылыс. Жыраулық дәстүрді жалғастырудың маңыздылығы осы ерекшеліктерімен айқындалады. [3, 64 б. ]
Дәстүр - ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-сана, өмір мен поэзияның өмір сүру аясы. Ол әдетте ел тәжірибесіне сүйенеді. Осыдан келіп жыраулық дәстүрдің ұлттық сипаты деген ұғым туады. Бүгінде Қазақстанның кейбір аймақтарында ғана сақталып, оның өткеніне, көне сарындарына қатысты мәліметтер жеткізетін бұл қазынамыздың ұлттық тарихымызға, мәдениетіміз бен өнерімізге, әдебиетімізге қатысы аса зор. Ғылым тілінде мұны ұлттық сипат десек, сол ата-бабаларымыздың рухымен жеткен дәстүрден көз жазып қалмау үшін оны дамытып, жетілдіріп отырудың қажеттілігі айқындалады. [4, 60 б. ]
Бүгінгі жыраулық өнерді сақтап қалған бірнеше географиялық аймақ белгілі. Олар - Атырау өлкесі, Сыр бойы және Жетісу аймағы. Географиялық негізінде бұл аймақтарды Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік шығыс деп бөлуге болады. Солардың арасынан сонау оғыз мәдениетінің қалдығы сақталған. Сол өлке айрықша оларға атау болар еді. Мұңдағы жыраулық өнердің негізі ерекшелігі дыбысты дірілдетіп шығару арқылы орындау. [5, 47 б. ]
Қазақ топырағында музыкалық-эпикалық дәстүрдің өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Мысалы, бір ғана Сыр бойында бірнеше жыраулық мектептердің болғаны байқалады. Бірі - Қармақшы жеріндегі оғыз-қыпшақ дәуірінен саға тартатын көне эпикалық дәстүр, екінші - Арал аймағындағы жыраулық мектеп, үшінші - Бұдабай, Нартай, Балқашбай, Әбілаштардың жыр өнері. Көрнекті өкілдері - Балқы Базар, Қарасақал Ерімбет, Жиенбай, Тұрмағанбет, Жәмет, Дәрігүл, Кәрібоз, Сәрсенбай, Алмас, Көшенай, Рүстембек, Бидас тағы басқа атақты жыраулар.
Атырау аймағындағы жыраулық өнердің өзіндік ерекшеліктері байқалады. Бұл шығармалар негізінен ХУ-ХҮІ ғасырлар оқиғасын қамтитын ноғайлы дәуірінің оқиғаларына негізделген. Осы белгілері олардың жанрлық ерекшеліктерін тудыратын секілді. Жетісудағы жыр өнерінің дүлділдері - Сүйінбай, Жамбыл, Кенен. Дәл осы суырып айтушы өнерпаздардың есімімен бүтін бір аймақтық жыршылық өнерінің кескін-келбеті айқындалады. Қазақ жеріндегі эпикалық дәстүрге тән аймақтық ерекшеліктер әлі күнге арнайы зерттелген емес. Әдебиет зерттеушілері оны көркем ой көрінісі - поэзия ретінде зерттеп, мәтін ретінде қарастырады. Ал музыка мамандары оны өнердің еңселі бір арнасы ретінде қарастыра қойған жоқ. Қазақ халқының музыкалық - эпикалық дәстүрі бірнеше тарихи кезеңдерге жіктеледі десек те осы кезеңге дейін жыраулық өнерді түркі тайпаларының көне тарихына негіздеп зерттеген мамандар некенсаяқ. Жыраулар поэзиясын зерттеген М. Мағауиннің өзі жыраулық өнерді XV-XVIII ғасырлар мен ғана шектейді. Дұрысында жыраулық өнер өте көне құбылыс. Ол XV ғасырмен басталып, XVIII ғасырмен аяқталмайды. Жыраулық көне түркі дәуірінен саға тартып, күні бүгінге дейін дамып келе жатқан тарихи мәдени қүбылыс. [6, 204 б. ]
Жыраулық өнер - тарихы қалыптасқан, дәстүрге ұласқан тұрақты сипатқа ие болған құбылыс. Оның түп-тегіне үңілер болсақ, сонау орхон жазбаларына, оғыз дәуірінің эпикалық мұраларына көз жібереріміз анық. Ол дәуірлерден жеткен музыкалық мақам үлгілері болмаса да, жазба ескерткіштер жоқ емес. Солардың бірі - «Қорқыт ата кітабы». Түркітану ғылымында бүгінгі сыр бойындағы эпикалық дәстүрдің оғыз дәуірімен байланысты жиі айтылады, ІХ-Х ғасырларда оғыз тайпаларының Сыр бойын мекендегені анық. Сол дәуірден қалған музыкалық - әпикалық дәстүр күні бүгінге дейін өзінің байырғы қалпын сақтап, стилдік ерекшеліктерімен дараланып келеді. Бұл, әсіресе, Қорқыттың сүйегі жатқан Қармақшы жеріндегі жыраулық өнерге тән құбылыс.
Жыраулық өнердің айрықша дамып, ел мәдениетінен орын тепкен кезеңі ХҮ-ХХ ғасырлар. Арғы жерде этникалық тарихты сақтайтын арна болғандықтан кеңес дәуірінің саясаты елді жырау-жыршылардан тазартуды көздегені жасырын емес. 20-30 жылдары көптеген эпос айтушыларының тұтқындалып, жер айдалғаны мәлім. Соның салдарынан жыраулық өнер көмескі тартып, оны зерттеу, зерделеу ісі тек 1956 жылдан соң барып қайта жандана түскен-ді. «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Пернедегі пернелер» Е. Ысмайыловтың «Ақындар» атты еңбегі оның айғағы. Одан бергі жерде Ә. Қоңыратбаевтың «Эпос және оның айтушылары» (1975), Р. Бердібайдың «Жыршылық дәстүр» (1980) секілді еңбектері бой көрсетті. Өзге де фольклор мұралары жарық көрді, соларға қатысты арнайы ғылыми зерттеулерде жазылды. Жырау-этнограф, яғни қазақ тарихы мен мәдениетінің жарқын беттерін өз өнері арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізуші тұлға. Осы шежірешілдік қызметін мүлтіксіз атқару үшін жырау өз халқының тарихи-мәдени мұрасының үлкен жанашыры болуы қажет. Мұның бәрі М. Мағауиннің жырау тұлғасына қатысты пікірлер ұштасып жатқан анықтамалар. Алайда, ғалымның жырауды көбіне поэзия өнерінің өкілі ретінде қарастыруы даулы. Мысалы, бір сөзінде М. Мағауин: «Жыраудың жыраулығының ең басты белгісі -ақындық. Яғни өз жанынан өлең шығарғыштық қабілетінің болуы. Жырау деген атаудың өзінің «жыр» сөзінен шыққандығы күмән туғызбайды».
Жалпы дұрыс пікір. Жырау ұғымының «жыр» сөзімен байланысы анық. Бірақ жырау ғана емес, сонымен бірге, музыкалық мақамды шығарушы әрі орындауы. Бұл ерекшеліктерін алып тастар болсақ, жырау тұлғасына тән қасиеттер толық анықталмаған болар еді. Жыраулық поэзия, оның даму кезеңдеріне қатысты сабақталған С. Қасқабасов пікірлерінің де мәні аса елеулі. Автордың «Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ хандығын құрған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі және мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін арттыру болды» (Қ. Қасқабасов «Жаназық» Астана 2002, 503 бет) - деген пікірі де көкейге қонымды.
Жыраулық өнер-мәдени-музыкалық құбылыс. Айтулы жыраулар үнемі ел ортасында, халықпен аралас жүреді. Жыраулар типі өте ерте дәуірлерде қалыптаса бастаған. Алғаш бұл қызметі бақсы, балгерлік, шамандар атқарған. Жыраулық өнердің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Олар бақсы - шаман - ұзан - жырау - жыршы - термеші тағы басқа. Міне, осы кезеңдерді жеке-жеке игерудің ғылыми таным үшін маңызы зор. Жыраулық поэзияны 3 кезеңге бөліп қарастырдым. [7, 120 б. ]
Бірінші: XIV-XVI ғасыр
Екінші: XVII ғасыр
Үшінші: XVIII ғасыр
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Жырау мұраларындағы әлеуметтік-философялық сарын мен ой қүндылығының XIX ғасырдың өзінде-ак назарға іліне бастағаны аңғарылады. Ш. Уәлиханов Асан Қайғының толғауларына токтала келіп, оны «көшпелілер философы» деп бағалаған болатынды. Дегенмен, әдебиетші ғалымдар Қ. Жүмалиев, З. Қабдолов, З. Ахметовтер өз еңбектерінде философиялық лирика жайлы азды-көпті түсінік беріп еткені болмаса, қазақ поәзиясындағы философиялык лириканың бастау алар қайнар көзі мен философиялық сарынға күрылған шығармалар жайлы тыңғылықты зерттеу жүмыстары жұргізілген емес.
Кеңес өкіметі түсында «бұратана» саналатын ұлттардың жеке философиясы ғана емес, философиялық сарынның кездесуі де мүмкін емес деген сорақы таным қалыптасқаны мәлім. Осы танымға сай философ ғалымдар да қазақ философиясының үлттық өзегіне бара алмай, шарасыздықтан батыстық философия төңірегіндегі методологияны шиырлады. Кеңес өкіметі ыдырып, ұлттық құндылықтарға қажеттілік туа бастағаннан бергі уақыттарда ұлттық философияға да сілкініс ене бастады. Осы аралықта С. Ақатай, Ғ. Есім, Т. Рысқалиев, Ә. Сағатова, Ө. Күмісбаев, О. Сегізбаев т. б. философ ғалымдар қазақ ұлттық философиясының қайнар көздерін, бастау негіздерін іздестіре бастады. Бүған дейін түркі халықтарына ортақ әдеби мұралардағы және XIX ғасырдың екінші жартысынан бергі дәуірдегі шығармалардағы философиялық ой-сарынның көрінісі жөнінде бірнеше еңбектер жарияланған болатын. Әдебиетші ғалымдар Р. Бердібай, М. Мырзахметүлы, М. Мағауин, Х. Сүйіншәлиев т. б. еңбектерінде жыраулық мектептің философиялық сырын меңзейтін ойларын айтып отырғаны болмаса, ортада тұтас төрт ғасырды кұрайтын әдебиет кеңістігі назардан тыс қалып келді.
Жырау поәзиясының негізгі жанры толғау. Толғау жанрына байланысты ғылыми зерттеулер де біршама жарық көрді. Қазақтың белді ғалымдары А. Байтұрсынов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Р. Бердібай, М. Жармұхамедов, Б. Абылқасымов т. б. толғау жанрына байланысты сүбелі ойларын ортаға салып, оның жанрлық, тарихи, тілдік сипатын ашып берді. Толғауға байланысты жоғарыда аталған ғалымдардың ойлары ауызша үлгідегі халықтық поэзияның әдебиеттану ғылымында алатын орнын айқындаған жемісті еңбектер болды. Дегенмен, толғау жанрының әлеуметтік-философиялық құндылығы ғалымдардың еңбектерінде бірді-екілі мысалдармен айтылып өткенімен, өз алдына жеке-дара қарастырылған емес. Біз өз зерттеуімізде толғау жанрын зерттеген ғалымдардың еңбектерін топтастыра келіп, толғаудағы әлеуметтік-философиялык сарынның әдебиеттегі көрінісін жаңа қырынан танытуға ұмтылыс жасаймыз.
Белгілі ғалым Р. Бердібаевтың: «Жыраудың философ ойшылдығы мен ғибратшылдығы дүние сырын кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғаулардан айырықша көрініс береді. Мұндайда жырау жеке адамдарға немесе топтарға қарап емес, биік мінбеден бүкіл халыққа арнап сөйлегендей болады», - деген ойында жырау мұраларының ойшылдық табиғатына сүйсінумен қатар, осы бағытта атқарылар жұмыстың ұшан-теңіз екенінен де хабар береді [22, 11 б. ] .
Ең бастысы философ ғалымдар қазақ ұлттық философиясының тарихын зерделеуде ХҮ ғасырдан бергі кезеңдерден айналып кетпейді. Яғни ХҮ ғасырдан бастап қазақ ұлттық философиясы дамып, бір арнаға түсті. Оның қайнар көзі сол кезеңде қалыптасқан қазақ әдебиетінде жатыр. Демек, Асан Қайғыдан бастап жыраулық мектептің негізгі ұстанымы ойшылдық сарын, көтерген такырыбы әлеуметтік мәселелер төңірегінде жырланып келді.
Жұмыстың зерттелу нысаны. ХҮ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы жыраулар мұраларындағы философиялық ойға құрылған шығармалардың тақырыптық сипаты, астарлы ұтымы мен өзара ой үндестігі негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында әдебиетші және философ ғалымдардың бұрынғы және соңғы кездері жарияланған еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Кеңес дәуірі тұсында қазақ жырауларының мұраларын зерттеуде біржақты көзқарас қалыптасты. Жырауларды тек хандық дәуір кезіндегі әдеби өткел ретінде, ал зар заман ақындарын «кертартпа» ақын ретінде қабылдадық. Жыраулар мұраларының рухани құндылығы, тақырыптык ерекшелігі мен жанрлық сипаты толық ашылмады. Толғау, терме түріндегі шығармалардың ойшылдық, даналық қасиетін анықтап, оны жырау айтқан күйінен кеңейтіп, ұғымын саралап жеткізе алмадық. Осы мәселелер талай жылдар бойы қордаланып жатты. Демек, жырау мұраларындағы бодандыққа қарсы дүниетаным, болжал, мораль, намыс, дін сияқты өзекті мәселелер жыраулық поэзиядағы әлеуметтік-философиялық сарынға негіз болды. Шығармаларында терең көрініс тауып жатты.
Айтушы ретінде тыңдаушысына арнаған сөздерінде жыраулар заман мәселесін күн тәртібіне қоя білді. Қазақ мемлекеттілігінің берік қалыптасуы мен нығаюына ақын-жыраулар поэзиясы басты роль атқарды. Осының барлығы ақын-жырау мұраларындағы ойшылдық пен философиялық сарынның мықтап орныққанын, мұның өзі халық тағдырымен тұтастығын да көрсетеді. Міне, осы мәселелер зерттеу тақырыбымыздың мақсатын айқындайды.
Аталған мақсатымызға жету үшін төмендегі міндеттер екшеліп шығады:
жыраулар мұраларындағы әлеуметтік-философиялық сарынның қалыптасуы мен даму жолдары;
- жыраулық поэзияның тақырыптық-идеялық жүйесі;
- жыраулар мұрасындағы көтерілген әлеуметтік мәселелер;
- заман шындығы мен бодандыққа қарсы дүниетаным көріністері;
- жырау толғауларындағы «мен» категориясы;
- «жақсы» мен «жаман» проблемасының ашылуы;
- діни-сопылық ілімнің жырау толғауларындағы көрінісі;
- айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс сипаты.
Жұмыстың әдісі. Жырау мұраларының философиялық құндылығын зерттеуде герменевтика әдісін басшылыққа алып, өзара үндестігін анықтауда салыстырмалы әдісті қолдандық.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиетінде философиялық мәнді туындылар жеке нысан ретінде әлі қарастырылмаған. Даналық пен ойшылдыққа құрылған шығармалар қандай болмақ керек деген сұраққа толыққанды жауап берілген емес. Біз аталмыш жұмысымызда, бірінші кезекте философиялық пэзияны анықтайтын ғылыми тұжырым жасадық және философиялық сарындағы толғауларды тақырыптық түрлерге топтастырып, оның жыраулардың терме, толғауларында калай көрініс табатынын нақты мысалдармен дәлелдедік. Дәлірек айтқанда:
- болжал күйіндегі толғаулар;
- жыраулардың бодандыққа қарсы дүниетанымы;
- жырау поэзиясындағы «мен»;
- моральдық ұстанымдардың жырау толғауларында көтерілуі;
- «жаман» мен «жақсы» проблемасы;
- утопиялық көзқарастар;
- айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс;
- діни-сопылық іліммен сабақтастығы.
Осы айтылған мәселелер жыраулар поэзиясында терең көрініс тауып, олардың ойшылдық, даналық және көркемдік деңгейін танытады.
1 ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Сыпыра жырау Тоқтамыс хан тұсында XIV ғасырда өмір сүрген жырау. Маңғыстау мен Жайық бойын, Сарайшық қаласын мекендеген. Ол - Еділден Донға дейінгі Кубаның кең даласын, Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын ен жайлаған қыпшақтар мен қытай-қазақ ұлыстарының аты аңызға айналған перзенті.
Сыпыра жырауды қазақтың кейінгі ғасырларда өмір сүрген барлық жырауы өзіне ұстаз санайды. [8, 55 б. ]
Профессор Е. Ысмайылов тек қана қазақ жырлары емес, ноғайлы, қарақалпақ, басқа да Орта Азия халықтарының жырларының авторы да жыраулар мен шайырлар деп дәлелдейді. Сондай-ақ, «Қазақтың да белгілі батырлар жырын ең әуелі Шалгез, Сыпыра, Жиембет сынды жыраулар шығарып таратса керек» - дейді.
Сәбит Мұқанов: «Сыпыра Жырау», Асанқайғы, Бұхар жыраулар XIX ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып батырды жырлаумен қатар, сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге қатысады, - деп ескертеді.
Е. Байбылов жариялаған жырау сөзінің бір үзіндісінде ол өзінің алпыстан астам хан көрген қария жырау болғанын хабарлайды:
Өрлеуге қандай алабың,
Шыңға шықсаң талабың.
Алпыс екі жан көрдім,
Несіне оны сұрадың?!
Атқа мінер халі жоқ,
Мінсе түсер әлі жоқ.
Жүз сексен жасаған,
Хәлі осы да Сыпыраның!
С. Сейфуллин жариялаған «Тоқтамыстың қоштасу сөзі» - осы Сыпыра жыраудың өз туындысы. Хан атынан айтқан Сыпыраның төл шығармасы. С. Сейфуллин бұл талғауын қысқартып, 46 жолдайын ғана жариялаған. Аталмыш үзінді Тоқтамысқа қараған ноғайлылардың бұрынғы тарихын, шаруға жайлы қонысын, жау айбынар батырларын, сауық-сайранды салтанатын ардақтайды. Хан басына түскен ауыр күн толғанып, Едіге бидің әмірі арнағаны айтылады. Ханның бейқамдығы сыналып, өткен күн өкініштері толғанады.
Ей, жігіттер шоралар!
Он сан ноғай бүлгенде,
Саназар батыр жауыннан,
Жаралы болып келгенде,
Алаш ата алаш болғанда,
Алаша хан болғанда,
Аязды күнде қалшылдап,
Арасан оты жанғанда,
Бура мұздан тайғанда,
Шықырлаған буыршын,
Бас көтеріп тұрғанда,
Ханнан қайрат кеткенде,
Биге медет жеткенде,
Хан қашып, би қуғанда,
Хан Тоқтамыс қорланып,
«Байтағым» деп зарланып,
Айтып жылай жөнелді . . .
Бұл жолдарды оқыған адамға Тоқтамыстың өзі айтқан сөз емес, ол туралы басқаның айтқан сөзі көрініп тұрады. Бұдан кейінгі жолдарда да Тоқтамыстың өзін қолдаған Қобыландыдай батырынан айырылғаны, Ноғайлыдай ауыл жұртын тастап, бассауғалаған ауыр жағдайы жырланады.
Сап - сап жүре, сап жүре,
Сай азамат қосылып,
Жауды жайқай ала алман,
Қара қыпшақ Қобландым,
Сен секілді ерден соң . . .
Сыпыра жырау - хан мен батырлар арасында бітім айтқан дана, ақылгөй, сәуегей адам. [9, 40 б. ]
«Ер Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры» жырларында да жырау есімі аталатыны белгілі. Бір ескерерлік жай, Сыпыра жырау түсінігінде Едіге ұнамды адам емес. Ол Едігеге наразы адам. Сондықтан Тоқтамысқа берген ақылында: «Едігені басқа хандыққа өткізбей, қалай да болса Тоқтамыс хан оны өз қармағында ұстауың керек. Егер ол мүлдем көнбесе, амал - айламен қолға түсіріп, шақырып алып басын ал », - дейді. Бұған қарағанда ол Тоқтамыс пен Едіге араларында болған жан-жалдарға бейтарап емес. Жыраудың түсінігі айқын. Жараспас жанжалдың аяғы апатқа соқпай тынбайтынын сезеді. Едіге Темірге қосылса, Тоқтамыс ордасының шаңырағы ортаға түсерін ескертер ақыл айтып, оны сақтыққа шақырады. Бұл тұста жыраудың ұстаған бағыты - Тоқтамыс билеген елдің мүддесі. Не болғанда да ол - Тоқтамыс жағының жоғын жоқтаушы.
Ноғай - қазақ дәуіріне жататын көркем туындының бірі - «Тоқтамыс жыры». Бұл жырды атап отырғанымыз - шығарма қаһармандары тарихта болған адамдар. Негізгі бейне Тоқтамыс 1376-1395 жылдар арасында хандық құрып, Темірланның Едіге бастаған қолының тегеурініне төтеп бере алмай күйреген. Сарай әмірінің бірі Тоқтамысты ауыр ноғай жұртымен, сараймен қоштасуы, қайғылы ханы көрсетілген. Жырдағы ханның тоғыз батыры да тарихта болған адамдар. Әрқайсысы қазақтың белді руларының басшы батырлары. Міне, аталмыш жырда да Сыпыра жырау қатысады. Тоқтамыс көпті көрген дана жырауды алдырып, оның ақылын тыңдайды. Осы жырды алғаш бастырған П. М. Мелиоранский өзінің алғы сөзінде Сыпыра жыраудың қыпшақ даласынан көп хандарды көрген көне ақын иесі, Тоқтамыс Ордасында ол 1393 жылы ең соңғы толғауын айтқан еді деп сендіреді.
Бұл мәліметті негізге алсақ Сыпыра - 1213-1393 жылдар арасында өмір сүрген ноғайлы - қазақтардың атақты жырауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz