ЖАНСҮГІРОВ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

І ЖАНСҮГІРОВ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.

1 ЖАНСҮГІРОВ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

1. 1 Жансүгіров прозалық шығармашылығына шолу . . . 5

1. 2 Жазушының алғашқы әңгімелерінің көркемдігі . . . 9

  1. «ЖОЛДАСТАР» РОМАНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ . . . 21Публицистикалық еңбектеріндегі көркемдік ерекшеліктер. . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Жұмыстың тақырыбы : «Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі» деп аталады. Қазақтың кең даласында ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде үлкен-үлкен саяси экономикалық және мәдени өзгерістер, жаңарулар, өрлеулер мен құлдыраулар, сәтсіздіктер болғанын тарих жоққа шығармайды. Бұлардың бәрі сол кездегі көркем әдебиет пен өнерден көрініс тапты.

Өмір шындығын жырлау, оның бұлтарыс-қалтарыстарын, өсу мен кейіндеу тұстарын бейнелеу ақын-жазушыларға үлкен міндет жүктеді. Олардың жазғандарын жаңаша танып- білудің пайдасы мол. Халқымыздың өткен белестерінің қай кезеңін алмайық, қазақ қаламгерлерінің аға буынынан бүгінгі жастарға жолбасшы болар бірқатар көркемдік дәстүр, өнерпаздық үлгі қалды, енді жетелі ұрпақ одан сабақ алмақшы. Біз сөз еткелі отырған Ілиястың прозасы социалистік қоғам тұсында туғандықан, жазушының сол қоғамға деген көзқарасы, бағыты, алға қойған нысанасы бұрынғыдай бір жақты бағамдалмай, шындығы айтыла, көркемдігі қамтыла талданса ғана жаңа қырынан көрінетіндігі сөзсіз.

Социалистік әдебиеттің өзіне тән сипаттары, адам образдары, оның бейнеленуі, олардың күрескерлік өмір жолы, жаңа адам бейнесінің қалыптасуын көркем тілмен суреттей білген жазушының прозалық шығармалары қазіргі таным-білік деңгейімен қаралмақ, талданбақ.

Тақырыптың өзектілігі: Ілияс Жансүгіровтің 1920 жылдар басында-ақ өлең құдіретінің биік шыңына шығып, бүкіл қазақ жұртына танымал ақын болған тұсында проза жанрына неліктен ден қойып, «қол салуы» әр оқырманды мазалайтыны хақ. Оған, әрине, әр түрлі жағдайдың себепкер болғанын айтуға болады. Мәселен, орыстың белгілі ақындары А. Блок, В. Маяковский, М. Цветаева, А. Ахматов, сынды сөз зергерлерімен бірге орыстың поэзиясының жүгін көтеріскен тамаша ақын Б. Пастернак та бір уақыт поэзиядан қол үзіп, прозаға ауысқанын әдебиет тарихы жоққа шығармайды. Әрине, онысы нәтижесіз емес еді. Осы уақыт аралығында Б. Пастернактың қаламнан әдебиет ортасында үлкен дау туғызған аса құнды, реалистік тұрғыдан жазылған «Доктор Живаго» романы шығады. Өзінің көзі тірісінде өз елінде бағаланбағанымен, кітаптың бір данасы қай бір жолмен шетелге өтіп кетіп, ол жерде жарыққа шыққан соң үлкен сыншылардың назарына ілігіп, ұзақ талқыдан соң Нобель сыйлығына ұсынылады. Бірақ социалистік қатал режимнен қаймығып, сыйлықтан бас тартқанын кейінгі әдебиет тарихшылары, өз ұрпағы ұмытсын ба? Оның бұл шығармасын әдебиет сыншылары «поэзия тілімен жазылған проза» деп жоғары бағалайды.

Әрине, Б. Пастернак білім мен ғылымның ордасында, зиялы ортада туып өсіп, өмір ешіп, үлкен туынды шығару мүмкіндігі болса, Ілиястың жағдайы мүлдем өзгеше еді.

Жұмыс нысаны : Тумысынан талант құдыретін шыңдау, білім алу, өмір тәжірбиесін жинақтау сол тұста қаншама ұзақ, күрделі болса да, оған жету жолында шаршап-шалдықпай үнемі алға ұмтылады. Өзінің өлеңдерімен қоса қара сөзге көңіл қойып барынша еңбек еткені- 1923жыл. Оны Ілияс өзі былай деп түсіндіреді: «Біз әлі ауыл айналасынан шыға алмай жүрміз, жазушылар соны тақыраптарға өрістеген жоқ. Сондықтан менің бізде тың жатқан интернационалдық тәрбие тақырыбына, бүкіл төңкеріс талабым бар» деп бір айтса, тағы бірде «Менің көрнекті еңбегім қазақтың журналистикасында жатыр. Фельетонның жаңа түрін, үлгісін қазақ баспасөзіне кіргізуге біраз қызмет қылып келемін, сол сықылды әр газет мақалаларының да жазу техникасына істеген еңбегім де бар. Ән, күй, кино, театр туралы жазып жүрмін», - деп, прозаға неліктен мойын бұрғандығы туралы аз - кем айтып өтеді.

Жұмыстың мақсат-міндеттері : Енді төрт - бес жылдан кейін 1928 жылы қаңтар айында Мәскеуде журналистер институтында оқып жүргенде өзінен кәдімгі жазушы шығатынына сенім артады. «Жалпы жазушылықты өзімнен дәме етпеген едім. Сондықтан жазғаным аз. Тек анда-санда шұқыма сияқты. Соңғы уақытта жолдастарым бірдеңе шығады деген соң, енді жазушы болғым келеді. Білмеймін, аятай алар ма екем?» деп ағына ақтарылғанда, оның қолынан сол уақытқа дейін он беске тарта ірілі - уақты, түрлі жанрда әңгіме, повесть, фельетондары жарыққа шыққан еді.

Жұмыстың маңызы мен жаңалығы : Әр қаламгер шығармасының айшықты, көркем, сонымен қатар шындыққа жанасатындай реалды түрде шығуы үшін оған негіз боларлықтай түйін, идея, сюжет іздейтіні белгілі. Онсыз әңгімесінің не повесінің көркемдік аясы, мазмұны композициялық желісі жұтаң тартары, әлсірейтіні заңды. Бұл жайсыздықтың болмауы үшін қай елдің жазушысы болмасын әр түрлі тәсілді пайдаланып, өз дегендей етіп шығарманы жарыққа шығарады. Жұмыстың жаңалығы мен маңызы осында болмақ.

Жұмыстың құрылысы : Негізінен жұмыс кіріспе, екі тарау,

әдебиеттер тізімі мен қорытындыдан тұрады.

1 ЖАНСҮГІРОВ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ШОЛУ

Қай жазушы болмасын шығармасының айшықты, көркем, сонымен қатар шындыққа жанасатындай реалды түрде шығуы үшін оған негіз боларлықтай түйін, идея, сюжет іздейтіні белгілі. Онсыз әңгімесінің не повесінің көркемдік аясы, мазмұны композициялық желісі жұтаң тартары, әлсірейтіні заңды. Бұл жайсыздықтың болмауы үшін қай елдің жазушысы болмасын әр түрлі тәсілді пайдаланып, өз дегендей етіп шығарманы жарыққа шығарады.

Мәселен, А. П. Чехов қайбір қолайсыздықтарды жеңе отырып, қай орта болмасын соның ішінде болып, соны өз көзімен көріп, сезіп, ой-елегінен өткізіп шығармаға беттейді. Ілияспен тұстас, замандас, оның тағдырына тағдыры ұқсас М. Кольцов әңгімесін жазардан бұрын оны кеңінен пысықтап әр адамммен ерінбей -жалықпай әңгімелесіп, ақиқатына жетіп жазатыны, тіпті, таксист өмірін танып-білу үшін оншақты күн таксист болғандығын өз замандастары растайды.

Ілияс та бұл әдеттен ада емес. Оның әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен келетіндігін шығармалардан айқын аңғаруға болады. Ол үшін қай жерде болмасын қолы қалт еткенде, қасындағы серіктеріне әңгіме айтқызып өзі де соған қызу қатыса отырады. Оның әр әңгіме, повесін жазардан бұрын оған тыңғылықты дайындықпен келетіндігін шығармаларынан айқын аңғаруға болады. Жай айта салу емес, оған үлкен мән беріп, майын тамыза көріктендіре айтқанды жөн көреді, ал өзімен әңгімелескен адамдардан естігендерінің ішінен қызықтысын, шұрайлысын әр деталіне дейін анықтап сұрап, өзінің жазар әңгімесінен де повесіне арқау етеді. Бұл жөнінде елге атақты артист Қ. Байсейітов Ілиястың шығармашылық машығын айтқан уақытта әр адамның бал арасындай шырын жинайтынына дәлел етіп былай деп әңгімелейді: «Әркім өзі білетін қызықты әңгімесін айтсын, ал әңгіме, білмейтіндер өзінен басынан өткен ең қызықты оқиғасын айтып берсін . . . » деген ұсынысын еске алады да, өзі айтып берген бір қады оқиға «Ілиясты да қатты түршіктіріпті. Кейін сол менің айтқандарымның негізінде «Қожабек нәшәндік»деген әңгіме жазды, ол басылып шықты да, бірақ соңғы томдық шығармалар жинағына кірген жоқ. Ол кісінің жазуына қарағанда менің айтқандарымның біразы өмір шындығына ұқсастау да шыққан-ау деп ойлап қалам», -деп шығарма арқауына айналған әшейінгі әңгіме-дүкенді еске алады. Академик М. Қаратаев - Ілиястың өмірі мен творчествосын көп зерттеген адамдардың бірі. Өзінің бір естелігінде Ілиястың әңгімешілдігі туралы: «Сырт көзге Ілиястың тұйық адам көрінуі әншейін білместік. Ол барлық асылын, әдемісін ішке жинайтын, тереңге сақтайтын ардагер екеніне сол жолда анық көзім жетті. Шынында ақынның сырттай «тұйықтығы» оның ішкі бай рухани дүниесінің қақпағы ғана беріктік пен бекемдік екен. Бір сенген, бір шешілген адамның алдында Ілекең ғажап, сыршыл, әңгімешіл, сөз тапқыш, әзілдегіш адам екен», - деп жоғарыда айтылған қасиеттерді растай түседі. Ілияс-тек шебер айтушы ғана емес сонымен бірге көрген - білгенін, естігенін шебер жазып жеткіз білетін талантты прозаик жазушы.

Ілияс өзінің замандас жазушылары сияқты әдебиеттің түрлі жанрларына ден қойды. Ілиясты классик ақын десек те, проза саласында әңгіме, сықақ, очерк, роман, драматургияда бір актылы пьесадан драма жазғаны белгілі. Әдеби сынға да араласып, көркем аудармаға да үлесін қосқан үлкен жазушы.

Әдебиетке әрбір суреткер өзіне ғана тән тағдырымен келеді. Мектептік, өмірлік білімнің әсері де, әдеби дәстүрдің үлгі -өнегесі де, өмірді танып-білудің шама-шарқы да жазушының творчестволық ерекшелігіне ықпал етпей қоймайды. Ілияс әдебиет әлеміне, оның ішінде әңгіме, повесть жазуға бірталай өмір тәжірибесінен өтіп, көп нәрсені өзінше екшеп, пайымдап, түсініп, әдебиет өзінің өмірлік өнері екендігін сезініп келген адам.

Жазушының айтуы бойынша, «Әдебиетке деген құштарлығы совет өкіметі орнап жатқан кездегі басынан өткен жақсы, жаман қылықтарды суреттеуден оянған». Ілиястың әдебиетке келу жолдары сан-салалы, оның ішінде халқымызыдың ауыз әдебиеті үлкен орын алып, жазушының көптген туындыларына шырай берумен қатар, болашақ тағдырын айқындауға жол салып берді.

Ілиястың дүниежүзі әдебиеті классиктерінің ауыз әдебитін оқымағаны, одан үйренбегені кемде - кем. Бұл жөнінде академик Қаратаев: «Ілияс қашанда халық ауыз әдебиеті дәстүрінен қол үзбей, қайта жаңалыққа бейім жаңғырта отырып, реалистік образ нақтылығына, адам сезімінің дәлділігіне психологиялық нәзіктілігіне бірте-бірте ойыса берді. Бұл процесс азамат ақын идеясының қуатын әлсіреткен жоқ, қайта күшейте берді. » десе, Абдрахманова бұл жөнінде мынандай тамаша ой тұжырымдайды: «Ілияс ана тілін жетік білгендігіне және оны ұршықтай үйіріп, қынаптап суырған қылыштай жарқылдап, дегеніне көндіріп, қалауынша пайдалана алатындығында»-дейді.

Олай болса, Ілияс тілді, ойды, әдебиетті басқа әдебиет тілдері сияқты халқынан оқыды, халқынан үйренді, эстетикалық ләззат алып, оның өзіне ұнаған, көңіліне ұялағанын ой таразысына салып, «Шапан жауып», өз халқына қайта қайтарылды:

«Ежелден ескермеуші ем елдің сөзін,

Бұлақтың тазалауға тінтіп көзін.

Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр,

Құлақты қырға тігіп жүрген кезім»,

-деп, халықтың мұрасына деген ыждахат, мейірім-сезімін осылай білдіреді.

Бұған қоса жас кезінде әкесі Жансүгірдің жинаған әдеби мол мұрасы да өз жәрдемін тигізеді. Оның ішінде батырлар жыры-Қобыланды, Алпамыс, Ер Төстік, Ер тарғын, Ер сайын, Құламерген жыр дастандарымен қоса махаббат дастандарын Қыз жібек, Қозы көрпеш-Баян сұлу, шығыстың қиса әңгімелері - «Мың бір түн», «Тотының тоқсан тарауы», Мұңлық пен Зарлық, сондай-ақ Алдар көсе, Жиренше, Сары мен Қосай шешеннің сынақтары, Төле-би мен Бөлтірік батырдың нақылдары мен қара сөзерінің неше алуан түрлерін бағамдап одан мол рухани қазына алады.

Ілияс мұны місе тұтпайды. Оқуын әрі қарай жалғастыру мақсатымен 1920 жылы Алматыға келіп, мұғалімдер даярлайтын үш айлық курсқа түседі. Осы тұста халық мұрасын фольклорды жинау науқаны шығады. Бұған түрткі болған 1917 жылдың үшінші желтоқсандағы «Россия шығыстың барлық мұсылмандарына арналған үндеуінен кейін» совет жазушылар құрамы, Композиторлар одағы, халық шығармашылық үйі, мәдени, ағарту мекемелері мен ұйымдары халық фольклорын жинауға кіріседі.

1921 жылы Түркістан Республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған ғылыми комиссияны белгілі түрік танушы -фольклорист Ә. Дибаев басқарып, ел ішінде шығатын экспедицияның мүшелеріне арнап арнаулы бағдарлама дайындайды. Оны қазақ АССР халық ағарту комиссариаты арқылы жер-жерлерге таратып, игі ісіне сауатты оқыған азаматтардың жаппай қатысуын сұрайды. Өзі Жетісуға келіп, ел әдебиетін жинайтын экспедицияға жетекшілік жасады.

Осы тұста үш айлық мұғалімдер курсында оқып жүрген бірнеше жастардың ішінде Ілияс та экспедицияға қатысқан еді. Ілияс Қапал, Лепсі уездерін аралап, ел ішіндегі ауыздан-ауызға ауысып, сақталып қалған тұрмыс-салт жырларды, мақал-мәтелдерді, өтірік өлеңдерді, Сүйінбай, Түбек, Құл, Орманбай, Бақтыбай ақындардың айтыстарын, Әсеттің әуендерін, тарихта болған адамдармен жер-су аттарына байланысты аңыздарды қағазға түсірді. Халықтың талайдан ғасырдан-ғасырға созылып жатқан бай мұраларына көңіл тоқтатып қана қоймай, Диваевпен сырласып, пікірлесе жүріп, өзінің ауыз әдебиетіне деген көзқарасын біржола қалыптастырды.

Осының бәрі өзінің халқының тарихын жақсы білуіне, арғысы мен бергісін салыстыруына, жеке аңызға, оқиғаға байланысты шындыққа көзін жеткізуге көмектесті.

Ендігі кездегі мақсаты ел әдебиетінің асыл нұсқаларын өз халқына ұсынуды мықтап қолға алу болды. Бірақ өзіндегі архивті реттеуге, саралауға, сала-саласымен жүйеге келтіруге көпке дейін мүмкіндігі болмай жүрді. Оқу, іздену, күнделікті қым-қиғаш істер Ілиястың көп уақытын алып отырды.

Қ. Жұмалиевке айтқан бір кеңесінде халық мұрасына деген ықыласын былай деп өрбітеді: «Жазушылық тілде өмірдегі әдемілік, жан сезімінің тербелісі, күйініш- сүйініш -бәрі де тіл арқылы жеткізілмек. Халықтың бай тілінен керектілерін талшықтап ала білген адамның ғана жазушылыққа жолы жетпек. Онсыз әдебиет жасалмайды. Тіл таңдау да оқуды, тәжірибені қажет етеді».

1. 1 Жазушының алғашқы әңгімелерінің көркемдігі

Алғашқы әңгімелері - «Күң өлімі», «Шешілмеген жұмбақ», «Саудагердің тамашасы», «Мерген бөкен», «Ташкендікке тарт»-1920 жыл мен 1928 жылдардың ортасында жазылды. Бұл еңбектерің ішінде соғыс коммунизмі кезі, сол дәуірдегі қазақ елінің басынан кешкен жағдайларының өзгешелігі бейнеленгендігі бар. Солардың бір сыпырасы өзі көрген - білген белгілі дәрежеде өзі сүйетін, өзі ардақтайтын мазмұндар. Сонда да болса болашақ жазушы бірден жазушылық жолға түспейді. Әлі де байқап көрейінші дегендей өмірден де кітаптан да көп қазынаны ойға түйе береді.

«Білім мөлшерім, өмір соқпағым, шет жұрттың әдеби қазынасымен танысуға әлі мүмкіндік бермей келеді. » деуіне қарағанда, әлі де болса өзіне қанағаттанбағандығын байқаймыз. Дегенмен, Ілиястың сол тұста өзінің хал- қадірінше әлемдік әдебиеттен хабардар болған төмендегі деректер жоққа шығармайды.

М. Ильдарова -кеңес өкіметі тұсында түрлі қызметте болған, көз қарасты, білімді адам. Өз естелігінде Ілиясты 1918 жылы Ақсу қаласының батысындағы Қайнар дейтін елдің мешітінде орыстың және батыстың атақты классиктерін оқып отырғанын көреді. Кейін сол кітаптардың бірқатарын аударып қазақша сөйлетеді.

Ол кітаптар XIX ғасырда жарық көрген озық ойлы авторлары Л. НТолстойдың «Семья», «Бақыт неде?», Салтыков-Щедринның он екі томдық жинағы, сол сияқты И. А. Гончаровтың, А. П. Чеховтың, И. С. Тургеневтің, К. С. Григоровичтың, М. А. Лесковтың; В. А. Жуковскийдің, А. К. Шиллер-Михайловтың, Ф. М. Достоевскийдің, В. Г. Белинскийдің т. б. ақын -жазушылардың шығармаларының толық жинақтары болған. Сонымен қатар XIX ғасырдың аяғына дейін және ХХ ғасырдың алғашқы он жылы ішінде орыс тіліне аударылып үлгерген әлемдік әдебиет өкілдерінің де шығармалары көп кездескен. Мысалы, Г. Гейненың алты томдық жинағы, сол сияқты Вальтер Скоттың он төрт томдық жинағы, М. Сервантестың «Дон-кихоты», Фердаусидың «Сохрабтың тарихы», А. Доденнің повестері мен әңгімелері, бір ғана Ж. Вернның шығармаларынан жиырма төрт кітап болған .

Сөйтіп мұсылман дінін уағыздауға арналған Қайнар құмындағы мешіт әлемдік әдебиеттің асыл қоймасы болып шыққан. Мұны судан сүзіп ішкен тума талант Ілияс әлемдік әдебиеттің түрлі әсем үлгілерін өз қолына ұстап, өнегесінен үйренген, еркінше оқып, еміне сусындаған.

Қысқасы, Ілиястың тұңғыш шыққан жыр жинағының жайы солай болса, бұл оқиға оқу бітіріп келген жастың кейінгі қалам сілтесіне ешбір нұқсан келтірген жоқ. Керісінше, қайта өршеленіп, поэзия өлкесіне батыл қадам жасауына ықпал етеді. Сағат санап өскен жаңа өмірдің әр қадам қарқынынан қалмай, қарымды, жақсы жыршысы болу үшін өлең топтамаларын үдете жаза түседі.

Ақынның поэзиядағы тағы да бір берекелі арнасының бірі - өзгерген дала келбетін, қазақ жұртының кемел қимылы мен өрісі қадамын, сол замандағы адамдардың рухани келбетін, еңбектегі ерлігін саяси лирикада аша түседі. 1928 жылы творчестволық толысу, шалқыған толғау үлгісінде “Бүгінгі дала” өлеңін жазды.

Бұл туындысында ақын қазақ халқының басынан өткен қорлық- зомбылығы мен кешірген қиямет, азаптарын қазақ жеріндегі арай атқан еркіндік пен бостандықты зор мақтаныш пафоспен жырлады. Кейін бұл жыр толғауы мол сарында “Дала” поэмасына айналды.

“Бүгін, бүгін, бүгін дала!

Мұндайма еді бұрын дала?

Көктен күні сәуле шашып,

Көкке шарпып нұрын дала.

Өлкем өсіп ел кенелді,

Көгім жайнап жер гүлденді.

Тауым ашып қазынасын,

Жомарт жерім шашты кенді.

Елім жаңа жұртқа қонды,

Жұрт жұмысқа қойды қолды.

Білім бұлақ сусын болды,

Елдің өмірі жырдай болып.

Сұмның күні қуғын болды…”

  • десе, соңғы жыр шумағын “мұндай ма еді бұрын дала?”- деп қорытады. Бұл Ілияс поэзиясының дәстүрлі әдісі.

Ілиястың өндіріс тақырыбына арналған өлеңдерінде өзіндік үн бар, дауысы бөлек, жырлау формасы да ерекше. Мұнда басқа ақындардан айырмашылығы - индустрия тақырыбын игеруде ұлттық образдарды, фольклорлық үлгілерді бейнелеу мен көріктендіруді қазақ ұғымына сай жаза білу, шебер ұйқастырып, ұтымды пайдалана алуы. Мысалы, “ Алтын қазан” өлеңін былай жырлайды.

“Сақырлап машиналар тасығандай,

Үгіп тұр тасты, кенді насыбайдай.

Тетіктеп бір жұмыскер жүргізіп тұр.

Өзінің бір жақсы атын қасығандай.

Мырышты алып жатыр илеп нандай,

Қорғасын шыжғырылып, еріп майдай.

Арылып арамынана алтын жатыр,

Кілегей сүтке қаймақ ұйығандай…” [4, 23 б. ] -деп кете береді.

Жанды сурет. Күнделікті көріп жүрген қазақ жеріндегі, өміріндегі күйкі тірліктегі құрал- жабдықтар мен болар- болмыс, қазақы болмыс - бітім мен көріністер. Бәрі де таныс. Бәрі де күнде қолымен ұстап жүрген, пайдаланып жүрген дүниелер. Аталмыш “Алтын қазан” өлеңі - қазақтың он бір буынды қара өлең түріндегі, әшекейлі де әуезді жазылған жұмыр, жатық туынды /қазіргі Ленингорск/ айналасындағы табиғаттың көркі, ішкі - сыртқы сипаты мен сол өндіріс орныны игеріп жатқан жас қазақ жұмысшыларының бейнелері көркем суреттелген.

Сондай-ақ, өндіріс тақырыбына жазған “ Заводта” өлеңі Мәсекудегі заводта болғанда көрген әсерінен туса, “Жаңа дала” өлеңі Қазақстаннның өзіне орнаған өндірістерді көргендегі қуаныштан туған өлеңдер.

Қазіргі дәуірде қанша құбыжық көрінгенмен, қазақ тарихындағы “ақтаңдақ беттер” саналатын коллективтендіру кезінде арналған туындылар Ілияс шығармаларында орын алатыны жасырын емес. Сол тұстағы кезең 30-31 бет ыңғайына қарай қоғамда орын алып отрыған солақай саясаттың белгілерінен ада шығармаларды Ілияс та жазған. Бұл Кеңес одағында өмір кешкен әр саладағы творчествалық өкілдердің басынан өткен жайт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Ж. Аймауытов Ғ. Қарашев Б. Күлеев С. Сейфуллин І. Жансүгіров Б. Майлин шығармашылықтары
«20 ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті (1960-2000)» пәні бойынша әдістемелік нұсқау
«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы
Көпен Әмірбек- сатирик
Б. Майлиннің 30- ыншы жылдардағы шығармалары
Ж.аймауытов шығармашылығы. ғ.қарашев шығармашылығы. б.күлеев - лирик ақын. с.сейфуллин, і.жансүгіров, б.майлин шығармашылықтары
Абай философиясы
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz