Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы . . . 5
1. 1 «Көшпенділер» трилогиясы . . . 9
1. 2 Роман-хроника . . . 22
Қорытынды. ………. . 27
Пайдаланылған әдебиеттер29
Кіріспе
Қазақ әдебиеті дамуының тарихында жазушы Ілияс Есенберлин төргі орындардың бірін алады. Ол - туған жеріне, өскен еліне аса зор шығармагерлік еңбегімен, талмас талантымен танылған, ірі қаламгердің бірі.
Қазақ әдебиетінің көркем қазынасын байытуға қомақты үлес қосқан жазушы әр түрлі жанрларға құлаш ұрды. Қыруар өлең, он дастан, екі повесть, он жеті роман жазды. Драматургия, кино, аударма саласында да еңбек етті. Елінің күнделікті өмірімен тыныстаған шығармалармен қатар, ұлт өмірінің ғасырларға кететін кең ауқымды, қарымды панорамасын жасаған құнарлы туындылар берді. Ата-бабамыз қалай өмір сүрді? Қандай жолдан өтті? Тарихи тағдырлары неге сүйіндірді, неден жирендірді? «Қазақ жазушыларының арасында үлкен оқырманның бұл шақыруына үн қосқан алғашқы қаламгерлердің бірі - Ілияс Есенберлин. Біз оны жаңа сапа белесінен көрдік те таныдық, - деп жазды сыншы Мұхаметжан Қаратаев. - Біз оны қажырлы еңбегі үшін сыйлаймыз» [1, 241] .
Жазушы туындылары жұртшылық жүрегіне жол тапты. Көптеген шет тілдеріне аударылды. Туындыгердің шабытты еңбегі, шалқар шығармашылығы жоғары бағаланды. Ілияс Есенберлин Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптегеп медальднрмен марапатталып, халқының құрметіне, зор абырой, даңққа бөленді.
Біздің елімізде ғана емес, одан сыртқы жерлерде де даңқы жайылған “Көшпенділер”, “Алтын Орда” трилогияларының авторы - Ілияс Есенберлин - қазақ тарихи романшылығына үлкен үлес қосқан қажырлы калам иесі. Халқымыздың сан ғасырлық өмір сапарында орын тепкен ұланғайыр оқиғалар мен алуан түрлі қаһарман тағдырын көркем шежіреленген бұл шығармалар әдебиетіміздің асыл мүлкі болып табылады. Көркемдік дамуымызға, ұлттық ойымыздың оянуына орасан зор серпін берген “Көшпенділердің” оқиғалық тосын оралымдары, суреттелген тарихи факторларының күрделілігі, жанрлық жаңалығы, тыңнан табылған тұлғалар молдығы салалық - олар жазушының өзге туындыларын бірауыз тасада қалдырылғандай да сезілді. Бірақ бұл үстірт қарағанда осылай. Шындығында, қаламгердің қазіргі заман тақырыбында жазылған ойынан артық романы да оқушы жұртшылыққа кеңінен таныс. Солардың ішінен “Айқас” романы үшін жазушыға Мемлекеттік сыйлық берілгендігі де белгілі. Ал “Алтын құс” романы арнаулы конкурста жүлделі орынға ие болған.
І. Есенберлин жазушылық жолын шолып, тұжырымдай келгенде, оның қаламына қас бірнеше ерекшелік көзге айқын шалынды. Сол ерекшеліктер жазушының өзінді қолтаңбасы, суреткерлік қуаты мен құлашын, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен мәнін анықтайды.
Адамдар арасындағы байланыстар, ықыластар тарихы негіздеп талдаушылық, нағыз “өмір романын” жазуға ойысушылық І. Есенберлин шығармаларында неғұрлым кең көрініс берген. Оның туындыларының қызықшылығы да осындай ұжымды белгілеріне қатысты. Мұндай тәсіл автордың кез-келген шығармасына тән десек артық айтқандық емес. Қаламгердің көптеген мәселелері, таңдаған оқиғалық ситуациялары, салдары. Сондықтан да оқушы романдарындағы адам тағдырына бейтарап, селқос қарай алмайды. Көркем шығарма үшін алдымен керек қасиет - табиғишылық пен тартымдылық бұл кітаптардың ортақ сипаты дерлік.
Шығарманың сюжеттік желісін шымыр тарта білетіндігі, адам келбетін табиғи таныта алатындығы, әлеуметтік істермен кейіпкердің жеке бастық аңсарларының тұтас бірлестікте бірілетіндігі І. Есенберлин романдарының өзгеге ұқсамайтын даралық келбетін құрайды. Бұл тараптан алғанда, автор туындылары жалпы қазақ романшылық өнеріне ажарлы ағын қосқаны кепіл.
1 Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Қабілетті зерек жас 1940 жылы Қазақтың Мемлекеттік таукен және металлургия институтын бітіреді. Ол кезде инженер деген қазақ елі үшін мүлде жаңа, таңсық мамандық болатын. Сол мамандығы бойынша Жезқазған кенішінде қызметке кіріскен кезде Ұлы Отан соғысы басталады. Жас азамат қолына қару алып, жаумен айқасуға аттанады. Қан майданда қатты жарақат алып, елге оралады. Ауыр операциядан соң оң аяғы сол аяғынан екі сантиметр қысқарып, аздап сылтып басатын.
Тумысында алғыр, мықты қайрат иесі, иланымына берік Ілияс соғыстан оралған соң бейбіт құрылысқа белсене араласады. 1942-1947 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1947-1951 жылдары Қазақ филармониясының директоры боп істеп, үлкен өмір мектебінен өтеді. Талай біліктілермен, зиялылармен сұхбаттасады, жұмыс бабында күрделі мәдени, қоғамдық мәнді мәселелерді шешісуге атсалысады. 1953-1954 жылдары Қазақстан Геология министрлігінде аға инспектор қызметін атқарады, 1954-1955 жылдары Ақтөбе облысындағы Берсүгір шахта басқармасының бастығына жоғарылатылады. Кейін сөз өнері әлеміне біржола көшкенде «жұмысшы тақырыбынан», геологтар, ғалымдар жайынан жазатын романдарының кейіпкерлерімен шахта ішінде, кен барлау, археология ісінің басы-қасында жүріп танысады.
Өмірінің алғашқы сатыларында ысылғандығы, мол білім мен бай тәжірибе жинақтауы бір жағы әдебиеттегі ілкі адымдарының сәтті басталуына жол ашса, екінші жағы былайғы қызметіне де әсер етпей қойған жоқ. 1955-1957 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасының аға редакторы, 1958-1967 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы, сценарий коллегиясының мүшесі, 1967-1971 жылдары «Жазушы» баспасында директор, 1971-1975 жылдары Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы қызметтерін абыройлы атқарады. Ең бастысы-дарынын ұштады, замана беталысын дұрыс аңғарып, дәуірдің қилы-қырлы соқпақтарында өз жолын таба білді, болашағынан ұялмайтындай бағыт ұстауына мүмкіндік ашатын өреге көтерілді.
Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған тенденциялар І. Есенберлин романдарынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың “Алыстағы арпалыс”, “Маңғыстау майданы” романдары осы айтқанымызды дәлелдейді.
І. Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекте қояды. Оның ұнамды қаһармандары, мейлі, қазақ жеріндегі көне цивилизация калдығын іздейтін археолог болсын немесе алдыңғы қатарлы кенші болсын, бәрі бір барысы, жан әлемі, іс-әрекеті заман сазына үндес. Сондықтан да, олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын. өмірдің жанды мәселелсін, күрделі жиынтығын қаны-сөлі көрініп бұл шығармалардың шыншылдық, әсерлік қуатын арттырады.
Дегенмен, жазушының өнімді байсалды прозасының ерекше бағалы өрнегі неде десек, оның қаламынан туған қызғылықты, соны қаһармандары екенін айтқан болар едік. Қазіргі дәуірдегі қазақ көркем қара сөзінде бұрын көрінбеген алдан түрлі адам типтері мол кездеседі. Әдеби шығармаларының тақырыптық аумағы артқандығы, тартыстардың сыры мен сипаты мейлінше жан-жақты бола бастауы бір-бірінен дараланып тұратын кейіпкерлер қатарынан да айрықша аңғарылады. Ал жаңаша ойлайтын қаһарман қашанда шығарманың идеялық-көркемдік құрылысына бейнелеу жүйесіне тиісті өзгеріс еңгізіп отыратыны анық. Қазіргі қазақ әдебиеттегі осындай сан-сала ізденістер, ілгерлеулер процесінің заңдылықтары мен шарттылықтары І. Есенберлин шығармаларына тән деп білеміз [2, 418] .
Қаламгердің “Айқас” романы - көптеген мәселелрдің де, көркем бейнелермен де оқушыға ой салалық, соны бітімді шығарма. Мұнда сырттай қарағанда өндіріс, ғылым проблемасына байланысты қайшылықтар, тартыстар сөз болатын өкілді. Бірақ шығармада аңғарылатын ойлар мен армандар анағұрлым терең де түбегейлі жан-жақты ұғыну, байланыстар заңдылықтардың таба білу жазушыны жаңа көркемдік жүрістер тың мінездер ашуға аспаған.
Осы роман қызғылықты характер қосқанын алдымен атап өтуіміз керек. Жаңа характер дегенде біз, әйтеуір, аты-жөні, мамандығ, ы, істер баяндалатын кейіпкерлер қатарын ғана айтпаймыз. Кітап жүзіне өлі схема күйінде түсіп, тек авторлық аңсар болып қалатын бейнелер қаншама. Олар ешкімді қызықтырмайды, көңілге ұяламайды. “Айқастың” жанды иедяларға, күрделі ақиқатқа құрылғандығы, оқушыға берелік нәрінің барлығы сүйсіндіреді.
Романның оқиғалық өрісі өндіріс ертасында өтеді. Бірақ мұнда ешбір жерде өндіріс процесі көрсетілмейді. Бұған ақарап еңбек ортасы, жұмысшы тағдыры қалып қалған жеуге болмайды. Жазушы техникалық зиялылар өмірінің бір саласын екшеп алып-ақ олардың арасындағы шытырман күрпес сырын аша білген. Демек, шығарманың құндылығы сүреткерлік ойдың биіктігімен, таңдап алған мінез бен тартыстың өміршеңдігімен, байланыстар шындылығымен өлшенді екен. Суреткердің көркем концепциясы, өмірді өзінше тануы.
Қазіргі шығармаларда қоғамдық қайшылықтар мен тартыстардың жаңа беткейлері, бұрын бейнеленбеген адам типтегі елеулі орын алып келеді. Бұл - әдебиеттің биікке өрлеуіне, әлеуметтік зерттеушіліктің арта түсуіне, эстетикалық нормалар мен принциптердің ердің көкжиегі кеңге бастағанына байланысты құбылыс. Осындай шығармашылық кеңшілік жазушыларымызға бұған дейін қаламға ілінбеген өмір өлкелеріне баруға мүмкіндік беріп отыр.
Есенберлиннің алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиетінің көп жанрында жазды. Әдеби творчествасын поэзиядан бастады 1945 жылы “Айша”, “Сұлан” поэмаларын жазды. “Адамгершілік туралы жыр” өлеңдер жинағын шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған “Большевик туралы поэмасын”, “Біржан сал трагедиясы” дастанын жазды. “Өзен жағасында”, “Толқиды Есіл” повесттеді, “Айқас”, “Қатерлі өткел”, “Ғашықтар”, “Қаһар”, “Алмас қылыш”, “Алтын құс”, “Жанталас” туралы “Көлеңкең мен қорғай жүр” романдары қазақ совет әдебиетіне қосылған елеуіл үлес болды. Совет өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенцисының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығында қарсы күрестін баяндайтын “Айқас” сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған “Алмас қылыш”, “Жанталас”, “Қаһар” трилогиясы қазақ халқының басылған өткен ауыр кезеңдері социалистік реализм рұғысынан суреттеген шығарма ретінде танылды. Есенберліннің орыс тілінде шыққан “Песня о человеке” романы 1958 жылы Қытай тіліне аударылды. “Таудағы тартыс” пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театырында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған “Құйма” киносценарии бойынша жазылған фильм бүкіл совет және венг, поляк, болғар экрандарында шықты.
Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тілінде аударылды. Мысалы, “Айқас” (“Схватка”), “Қатерлі өткел” (“Опасная переправа”), “Ғашықтар” (“Влюбленные”), “Қаһар” (“Хан Кене”), “Алмас қылыш” (“Заговоренный меч”), “Жанталас” (“Отчаянный”), “Көлеңкең мен қорғай жүр” (“Прикрой своим щитом”, деген атпен басылып шықты. “Ғашықтар” романы өзбек тіліне аударылып шықты. Есенберлин қырыққа жуық ән текстін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің “Әңгімелері мен ертегілерін”, М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған “Қызыл дария” романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдарымен наградталған [3, 330] .
Әдебиет - өзінің сан қырлылығымен де әдебиет. Егер жазушы қаламынан туған барлық шығармалар бірін бірі қайталап, бір-бірінен айнымайтын күн туса, онда әдебиетте өмір сүруін тоқтатар еді. Өйткені, ондай біркелкі дүниенің кімге керегі бар?
Қаламгер дей тұрсақ та, олардың арасында бейне бір алға жүзген алып кеше секілді, халықтың тарихы мен әдебиеттің кезеңдік келелі мақсат - мүдделерін шешуге негіз бола білген жазушылар бар. Оларды өзгелерден ерекшелейтін қасиет не дегенге келсек - мінездер болмасты тиянақты түрде зерттелі білу, кезең мен дәуірге терең талдау жасау зерттелігі.
Әдетте, мұндай жазушының шығармасы жеке бір кейіпкердің тағдыры, оның отбасы мен ортасы арқылы тұтас бір дәуірдің қырсырын, өткелі мен өтемді тұтастарын оқырман алдына өткізеді. Мәселе бұл шығарманың тарихи, не бүгінгі жай-күйді қозғауында емес. Өйткені тарих дегеніміз қашанда уақытпен өзара қатысын үзген емес.
Ал енді жазған дүниесі барлаушы кеме істетті жүйрік, тез шабуылды, тез жеңіске жетуді көздейтін жазушы ағайындар тағы бар. Қаламгерлердің бұл сонына өз басым Ілияс Есенберлинді қосар едім. Бәлікм көтерген тақырыбы, алға қойған проблемасы, жанрларының ерекшелігі жағынан ептен алшақтығы болар, әйтсе де мен оны орыс әдебиетшілері арасынан әсіресе Ілияс Эренбургқа ұқсастар едім.
Орнығып қалған белгілі бір ой-пікірді, тұтасып тұрған идеологияның қатпар-қабат мұзын әрекет керек. Мен “Көшпенділерді” де, оның ішіндегі “Хаг Кенені” де осындай қозғаушы тың бір күштің қатарына жатқызар едім.
Қазақ деген халықтың өз тағдыры бар да, тарихы жоқ деген сыңаржақ тұжырым осы, кешегі дейін ресми түрде айтылып келді емес пе? Ал, аталған шығармада импенрияның идеологиялық схемасына карсы тарихи деректілермен ел аузындағы шындыққа белгісіз аңыз, шежірелер негізінде Қазақ мемлекетінің тарихи тұлғасын өз болмыс - табиғатымен бой көрсетеді. Өкінішке орай бұл шындық, бұл ақиқат Қазан төңкерісінің ол жақ - бұл жағымен ғана есептеліп келгені бізге белгілі.
Осыдан ширек ғасыр шамасы бұрын Елекең трилогиясын аударып, әрі оны Мәскеуге, кейін Алматыда бастыру шаруасымен әуерленіп жүргенде былай дегенім бар: “Әрине бұл трилогияны да өзге әдеби шығармалар секілді сынап - мінеуге әбден болады.
Ілияс ағаның қалай жұмыс істегені Мәскеуге, Орынбұрға, Ташкентке кезек-кезек сапарлап, жаңқиялық еңбекпен қанша-қанша қазына, дерек жинағы әлі күнге есімде. Тарихты таразылаңдағы қинаят пен әділетсіздікке қарсы күресер қайрат - қажыр осының адамның тұла-бойынан қалай табыла беретініне таңқалатымын іштен. Ол түндер бойы көз ілметсен жазатын, Сөткенің кездері аз болмаған.
Кешкілік сәттерде азны-аулық бірге серуендейтінбіз. Сонда ол кісі қазір не жазып жатқаның маған хабарлап қана қоймай, ертеңгі күні оны тәржімалдау барысында неменен назар аудару қажеттілігін де еске сала кететін.
Бүгінгі таңда Ілияс Есенберлин шығармашылығы оның ішінде “Көшпенділер” трилогиясының ауқымды да аумақты қазақ әдебиетінде қаншалықты маңызы ие екендігін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Ел мен елді тереңінен танып, табыстыру тағдыр ортақтасының таныту ниетіндегі Президентіміз ұсынып отырған оң идеямен ұсыныстарға да бұл кітап бүгінгі таңда өз қызметімен жауап бере аларлық дәрежеде. Шын жазушының ғұмырнамасы үзілмен емес. Өйткені, ол қашанда алғы шепте.
2. 1 «Көшпенділер» трилогиясы
Атақты «Көшпенділер» трилогиясы (1976) - жазушының бас кітабы. Ол «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Қаһар» (1969) романдарынан тұрады. Соңынан басталған бұл трилогияның әр кітабы бір қаланың көшелері секілді. Көшелердегі үй-ғимарат әртүрлі, тұрғызылған уақыты өзге болғанымен, араларындағы қатынас үзілмейді. Тақырыбы сабақтас. Ортақ тақырып қазақ халқының ұлттық тағдыры болғанда, әр романның дәуірі, кейіпкерлері, сюжеті мем композициясы, ой қазығы -бөлек-бөлек дербес дүние.
«Алмас қылыш»- қазақтың бір кездегі Ақ ордасын қайта қалпына келтіріп, тәуелсіз ел туы астында үш жүз боп бас қосып, бірігу идеясымен әдіптелген. «Жанталас» концепциясы саны шағын ұлттың империялық жұтқыншағы зор ұлттар саясатына қарсы жан алып жан берген күресіне негізделеді. «Қаһар» романы-халықтың еркіндік сүйгіш рухының жойылмайтындығын паш ететін шығарма [4, 228] .
Жанр жағынан трилогия - роман-хроника. Қазақ тарихының белді-белді үш кезеңін, жеке хандық яки тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетуі, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама атты, Отан соғысы, Кенесары хан бастаған ұлт-азаттығы көтерілісі оқиғаларын суреттегенде нақтылы күнтізбелік деректерге. шежіреге сүйенеді. Бұдан басқа халық эпосының тарихи шындыққа жақын беттері, ақын, жыраулардың өлеңдері, Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» мен Рашид-ад-Диннің, Джувейнидің, т. б. еңбектері, «Орыс шежірелерінің толық жинағы», екі жүзден аса дерек пайдаланылған.
«Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле . . . Шыңғысхан өлгеннен кейін Қарақұрым тағына Үгедей отырады. Үгедейден кейін ұлы хан оның баласы Күйік болады. Күйіктен кейін . . . » Одан - анау, одан - мынау деп созатын шежіре стилі бойынша бұдан әрі білетініміз, - таққа Төленің үлкен баласы Мөңке отырады. Өстіп сатылай келіп ақыр аяғы «Алмас Қылыш» романының бас кейіпкерлерінің бірі Әбілқайырдың өміртарихымен танысамыз. Әбілқайыр - Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы [5. 8, 29] .
Келтірілген мағлұматтар әрі тарихи хроникаға, әрі қазақ шежіресіне ұқсайды. Көркем прозамен ауылдас публицистика пішіні жиі ұшырасады. Романның қай түйіндісі насихат мақаласынан аумайды. Мәселен, қорытынды бөлімнен «Феодалдық дәуірдің қайшылығы қазақ даласындағы қоғамдық өмірді де тас-талқан ете бастаған», - деген сияқты теориялық мақалға тән силлогизм тұжырымдарын кезіктіреміз.
Бір ғажабы, көсемсөз публицистика оқушысын жалықтырмайды. Жалықтырмайтыны, жадағай шешендікке, бос ділмарлыққа салынбауынан. Ұлт мұң-мұқтажын, сыр-сипатын толғайтындықтан. Ірбіз (қабылан) терісінің үстінде әр нәрсені ссіне алып, ендігі саясат тізгінін қалай ұстау керектігі жайында ой толқынында жүзген Әбілқайыр ханның - «Алмас қылыш» романындағы бас кейіпкердің ұзақ ішкі толғаныстары эмоционалдық бояуға боялған, жүрек лүпілдетер алыпқашпа сезімге толы. Көк Ордадағы қулық-сұмдықтар, Шыңғыс хан әулетінің қарауындағы халықты езіп жаншуы, таусылмас шапқыншылықтары - роман сюжетінің арқауы. Қайнаған тартыстың қақ ортасында - Әбілқайыр хан. Бүкіл Кіндік Азияның, Дешті Қыпшақтың, оның арғы-бергі аймағының билеп төстеушісі Әбілқайыр -азуын айға білеген шыңғысхандық тиранның типі.
Нағыз тыйымсыз, жүгенсіз, безер характер. Қажет деп тапса оған анасын баласына өлтірте салу түк емес. («Қасқырдың қаншығы тек күшігі болғанша ғана ана, ал күшігі қасқыр болғаннан кейін, анасы оған да қасқыр») . Әбілқайыр ханның басында тыным таппай жүгіретін залым ойдың бірі - Дешті Қыпшақты уысынан шығармау. Ал Шыңғысханның бақталас ұрпақтары Керей мен Жәнібек қазақ ұлысын бөліп алып, жеке хандық құрмақ . . .
Сұлтан күйінде де кесек тұлға, артынан хан дәрежесіне көтерілген Жәнібек - романның Әбілқайырға қарсы қоятын кейіпкері. Жәнібек тарихтың беталысын, халық тынысын аңғарғыш көреген қайраткер ретінде танытылған. Нұраның Қаратұзының басына хан кеңесін шақырып, үш жүздің бас қосуының белгісі ретінде қазақ руларының таңбасын жартасқа қашап түсіртуі, қазақ халқының мемлекеттігін қайта құруға деген арманына үн қосуы - бұл тарихи тұлғаның бейнесін биіктете түсетіні күмәнсіз.
Атақты Қобыланды батырдың фольклорлық қияли дүниеден реалистік роман топырағына ауысуы - қызғылықты факт. Ендігі Қобыланды уақтанған пенде ғана. Ақжол биді өлтіртіп Арғын мен Қыпшақ арасына от жағып, қазақ ынтымағына іріткі салғысы келген Әбілқайыр ханның қол жаулығына айналған. Әйтеуір баяғы Қобыландыдан қазақ жүрегіне жылы жұрнақ там-тұм сақталыпты. Қобыланды қазақ батырларының ашуынан ығып, Әбілқайырдан іргесін аулақ сала бастайды. Хандардың малын барымталап, халыққа үлестіріп беріп жүретін Жалғыз көз батыр Орақ, Жәнібек пен оның ұлы Қасым ханның оққағары Саян - романдағы ұлттық тақырып арнасын кеңейтетін бейнелер.
Мүсіні мығым құйылған Бұрындық хан - тарихи логикасы, оқиғалылығы характер дамуынан басым түсіп жататын роман үшін сәтті шыққан бейне. Ол Есенберлиннің көп қаһармандарындай мінезі сыртынан пішілстіндерге жатпайды. Характері нақтылы деталь арқылы, әрекет үстінде ашылады. Хан кеңесі өтіп жатқан жердегі Әбілқайырдың ерен батыры Қарашыңмен жекпе-жекте айласын асырып жеңіп шығуы. Қарашыңның күйеуге шығып бөпелі болған қарындасы, бұрын өзіне қарамай кеткен Тоқтар Бегім сұлуға қоярда қоймай үйленуі, оны тұтқындағы ағасына айырбастап алғаннан кейін тірі мысықтың басын жұлып алып, жасытуы, қарауындағы қазақты қара жүрек мінезімен қан қақсатуы, ақыры өз еркімен хандықтан кетуі - осының бәрінің айшықты суреттелуі бүл нойыс характерді ұмытайын десең де, ұмытқызбайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz