Ілияс жансүгіров - сатирик


Ілияс жансүгіров - сатирик
Дипломдық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-7
І. Сатира - шындық арнасы
- Сатира туралы түсінік . . . 8-10
- Сатира дәстүрін жалғастырушылар . . . 10-12
ІІ. Ілияс - сатирик
2. 1. Ілиястың қаламгерлік даму дәрежесіне үлес қосқандар . . . 13-22
2. 2. Азамат ақынның сатиралық туындылары . . . 23-33
2. 3. Сықақшылдық үнін батыл естірткен ақын . . . 34-44
2. 4. Ілияс сықақтарының көтерген әлеуметтік мәні . . . 45-52
Қорытынды . . . 53-54
ІІ . . . Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55-56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адамгершілік, ар-ождан мәселесі - адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдыққа қадам басар кезеңде де рухани асыл мұрат - адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда барша ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы.
ХХ ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам ойының «жетістігінен» қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде (жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы, мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы аңдар санының күн санап кемуі) . Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде. Еш мән-мағынасы жоқ, тек қана дыбысқа құрылған музыка, кісіні қорлау, зорлау турасында жазылған детектив кітаптар, ату, асу, небір адам жаны түршігерлік оқиғалар туралы түсірілген кинофильмдер адамдар санасына кері әсерін тигізуде. Адамды рухани мәңгүрттікке жетелеуде.
Нашақорлық, қанішерлік, жезөкшелік сияқты адамға жат қасиеттерден жас ұрпақты сақтандыру бүгінде парасат иелерін алаңдатып отырған өзекті де өткір проблема. Қайткенде жастарды рухани құлдыраудан сақтап қаламыз? Дүниежүзілік дертке айналған саддизмді ұрпақ санасынан қалайша өшіреміз? Жер бетінде ізгі ниетті тіршілікті қайткенде сақтап қаламыз? деген сауалдар төңірегінде әлемдік деңгейде, яғни ЮНЕСКО, БҰҰ-ның шеңберінде семинарлар, конференциялар өтуде.
Саддизм дерті ояна бастаған, адам бойынан өшпенділік пен қаталдық жиі көрініс беріп, мейірімділік пен қайырымдылық күн санап өз жағалауынан алыстаған қазіргі заманда жастардың жанына парасат дәнін себетін, қайырымдылық пен адалдыққа, жан тазалығы мен ізгілікке баулитын, рухани құндылықтар биігінде тәрбиелейтін көркем әдебиеттің, оның ішінде классикалық әдебиеттің орны ерекше.
Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, адам баласының материалдық жағдайының жақсаруы адамдар санасын өзгертудің субъективтік факторлары ғана. Адамның ар тазалығы, рухани байлығын, ішкі жан-дүниесінің сұлулығын, сезімінің мөлдірлігін қалыптастырудағы әдебиеттің қызметін ешқандай да сыртқы күштер ауыстыра алмайды, Әдебиетіміздің ең жауапты да, абыройлы миссиясы да осында жатыр. Бұл жөнінде орыс ғалымы Ф. Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті» /1/, - деп жазады.
Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М. О. Әуезов кезінде: «Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын» /2/ жете түсіндірген еді. Себебі: «Көркем туынды, ең алдымен адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті» /3/. Бұл қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы ойымызды орыстың ұлы жазушысы М. Шолоховтың: «Жазушы шығармашылығы дегеніміз ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?!» /4/ деген сөздері нақтылай түседі.
Олай болатын болса, әлемдік өркениетке жетуге күн-түн демей мігірсіз тырбанып жатқан Қазақстан халқын біртұтас патриотизм мен интернационализм рухында баулудағы, өзімшілдік пен қара бастың қамын ойлауға (эгоизм), тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жексұрындық пен сұрқиялылыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.
Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік, гуманизм мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл шығармаларына өзек еткен Жетісу ақыны Ілияс Жансүгіровтің сатирасын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін өзекті.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ әдебиетіндегі сатира жанрына дамуына елеулі үлес боп қосылған І. Жансүгіров сатирасының көркемдік қасиеті, қаламгер шеберлігі, тіл айшығы жайында байыпты толғамдарды М. Базарбаев, Р. Бердібаев, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ә. Кекілбаев, Р. Нұрғалиев, Х. Есенжанов, Т. Тоқбергенов, С. Шаймерденов, М. Иманғазинов /6/ еңбектерінен кездестіреміз.
І. Жансүгіров сатирасы туралы баспасөз бетінде көптеген әдеби-сын мақалалар жарық көрді. Ол мақалаларда қаламгер шығармаларының біраз қырлары сөз болған. Солардың ішінен Ш. Елеукеновтің, М. Атымовтың, Ә. Нарымбетовтің, Қ. Құттыбаевтың, С. Әшімбаевтың, Б. Тоғысбаевтың, Қ. Қуандықовтың, Н. Оразалиннің, Ш. Нұрпейісованың, М. Иманғазиновтың мақалаларын /7/ атап өткен орынды.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы туған -туысқандары мен дос-жарандарының естеліктері, 60, 70, 80, 90, 100, 110 жылдық мерейтойларына байланысты замандас жазушылардың, қаламдас інілерінің Қ. Мұхамеджанов, С. Сейітов, Х. Бөкеева, Т. Әлімқұлов, Т. Медетбеков, Ш. Мұртазаев; Е. Домбаев, Б. Мұқай, Г. Бельгер, Б. Қорқытов, М. Мәжитов, С. Жұмабеков, Д. Исабеков, Т. Нұрмағамбетов, Г. Ахтанова, Ә. Сарай мақалалары қаламгер шығармашылығы жайында ой қорытуға біраз материал бар екенін аңғартады /9/.
І. Жансүгіров сатирасындағы сыни-адамгершілік, стиралық ізденістер жүйелі түрде күрделі зерттеу жұмыстарына нысан болмаса да, қаламгер творчествосына арналған жекелеген әдеби-сыни мақалаларда сөз болып жүрген ғылыми мәселе. Біз зерттеу еңбегімізде сол мақалалардың мақсатымызға қажетін саралап, ғылыми талдауымызға арқау еттік.
Сатира жанры - әдебиеттану ғылымында өте жиі сөз болған, бұл күнде жан-жақты дамыған өте күрделі, теориялық мәні мол мәселе. Сондықтан да ғалымдарымыздың назарын үнемі аударып келеді. Замандас бейнесі мен оның рухани әлемінің көркем әдебиеттегі көрінісіне Н. Ғабдуллин, Ш. Елеукенов, Ж. Исмагулов, Т. Кәкішев, Қ. Тұрсынов, Б. Майтанов, А. Нағметов, Ә. Нарымбетов, Ф. Оразаев, С. Байжанов, Т. Сыдықов т. б. ғалымдар айтулы үлес қосқан.
Әдебиеттің алтын діңгегі ретінде уақыт озған, заман өзгерген сайын жаңа көркемдік тәсілдермен шешімін тауып келе жатқан сатира, сын, мораль мәселелері әдебиеттану ғылымында да өзгеше қырынан жаңаша дамуда. Өйткені адам жаны диалектикасының әдебиеттегі сыр-сипатын әлі де жан-жақты қарап, көңіл бөлетін жайттар көптеп саналады. Қазіргі таңда бұл мәселе жекелеген суреткерлер шығармасын зерттеу барысында қарастырылуда. Ал біз дипломдық еңбегімізде І. Жансүгіровтің стаира жанрындағы мол ізденістері мен пайымдарын, сатиралық шығармаларындағы кейіпкерлерінің заман рухына лайық болмыс, бітім, адамгершілік сапаларын тани білуге, оны бейнелеуде тың идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен стильдік ізденісін айқындай түсуге ұмтыламыз.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
Ілияс Жансүгіровтің стаиралық ізденістерін зерттей отырып, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік шығармашылық даралығын айқындау.
-ақынның сатиралық шығармаларындағы идеялық - тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік - өнегелік мәнін ашу;
-сатиралық шығармаларды жан-жақты талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау;
-сатира жайлы түсінік бере отырып, жалпы адамзаттық көкейтесті мәселелердің көркем шешіміне назар аудару;
-образ жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптерін зерттеу;
-кейіпкер таңдау, оны жан-дүниесінің, сатиралық ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;
-әлемдік әдебиет пен қазақ сатирасын салыстыра зерттеп, қаламгер шығармашылығындағы сатира мен сол сатира өзек болған шығармалары мен ізженістерінің көркем көрінісі мен шындығын ашудағы қарымды ізденістерін пайымдау.
Зерттеу нысаны (объектісі) ретінде «Ілияс Жансүгіров - сатирик» атты тақырып алынды.
Диплом жұмысының теориялық, методологиялық негіздері.
Зерттеу барысында А. Байтұрсынов, М. Әуезов, З. Ахметов, З. Қабдолов, А. Нұрқатов, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, Н. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, М. Қаратаев, М. Атымов, Ш. Елеукенов, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, З. Бисенғали, Т. Есембеков және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды /22/.
Зерттеу әдісі. І. Жансүгіров шығармашылығының қазақ көркем әдебиетіндегі көркемдік қуатын, қазақ әдебиетінде алар орнын, қаламгер шеберлігін, жалпы сатирасын, адамгершілік проблемесын зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы - салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, «Сатира - шындық арнасы» , « Сатира туралы түсінік», «Сатира дәстүрін жалғастырушылар», «Ілияс - сатирик» , « Ілиястың қаламгерлік даму дәрежесіне үлес қосқандар», «Азамат ақынның сатиралық туындылары», «Сықақшылдық үнін батыл естірткен ақын», «Ілияс сықақтарының көтерген әлеуметтік мәні» атты тараулардан және қорытындыдан тұрады.
Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Сатира - шындық арнасы
- Сатира туралы түсінік
“Сатира терминінің шығу тарихын, этимологиялық төркінін әркім әртүрлі түсіндіреді. Біреулердің айтуынша ежелгі гректер жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы - Дионистің ән салып, би билеп, күлдіріп, көңілдендіріп жүретін жол серіктерін “saturas” деп атаған. “Сатира” атауы сол сөзден шыққан.
Екінші бір зерттеушілердің пікірінше, бұл терминнің тарихы латынның “satura” “смесь” - аралас, әр нәрсенің қосындысы “всякая всячина” - анау-мынау деген сөзінен басталады. Кейінірек Ежелгі Рим әдебиетшілері сынап - мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды “satura” деп атаған.
Қазір “Сатира” атауы әр түрлі мағында қолданыла береді. Біреулер оны әдебиеттің бір тегі (род) деп түсінеді. 1941 жылы шыққан “Шетел сөздерінің сөздігінде”: “Сатира - болмыстың жағымсыз құбылыстарын ащы күлкіге айналдыратын көркем әдебиеттің тегі (род) ” делінген.
Енді біреулер сатираны нақты бір өмір елестерін, болмыс сәттерін суреттеп, жазып, айтып берудің әдіс-тәсілі ғана деп түсіндіреді. Мысалы, сатираны көп зерттеген, бұл түрдің үлкен теоретигі Я. Эльсберг: “Сатира -болмысты әдебиет пен өнерге көрсетудің бір әдіс-тәсілі”, дейді.
Тағы біреулердің ұғымынша, сатира - жағымсыз болмыс, құбылыс атаулыны сынап-мінеп, әшкерлейтін әдеби шығарма.
Сөйтіп, сатираның қоғамдағы жағымсыз болмыс, құбылыстарды, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлық, әдеп-тәртіптерді әшкерлеп, күлкіге жығу, келемеж ету ниетімен жазылатыны жөніндегі әдебиет зерттеушілерінің пікірлері бір арнаға сияды, бәрі де оның осы пафосын мойындайды. Бірақ олардың бірі үшін сатира - әдебиеттің бір тегі (род), екіншісі үшін өмірдің жеке елестерін суреттеп берудің әдіс-тәсілі, үшіншісі үшін әшкерлеуші әдеби шығарма, төртіншісі үшін көркем әдебиеттің өзіндік түрі” (1, 5 б) .
Байыптап қарар болсақ, осы пікірлердің бәрі де қате емес. Олардың әрқайсысы сатираның әр қырын, әр қасиетін айтып отыр. Шынында да сатира - алымды да, шалымды нәрсе, оның өмір сүру, көрініс табу мүмкіншілігі мол, болмыс-құбылыстарға үңілу, араласу, суреттеу жолдары да әр қилы.
Сатира әдебиеттің бір тегі ретінде де көріне алады. Ақын, жазушыларымыздың бастан-аяқ күлкілі ситуацияға негізделіп, сықақтық тіл, стильмен жазылған, таза сатиралық шығармалары әдебиеттің дербес бір тегін құрайды. өйткені оларда өмірді зерттеп білудің, суреттеп берудің өзіндік эстетикалық принциптері, көркемдік әдіс-тәсілдері пайдаланылады. Болмыс құбылыстарды бағалап, түсіндірудің ерекше түрлері қолданылады. Яғни сатира қиялдауға, шарттылыққа, кездейсоқтыққа, түсінбестікке, әсірелеуге, негізделеді. Шарждауға, карикатуралауға, гротеск, сарказм, иронияға иек артады.
Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, үкім айту, адам қиналысын аңылау, адам жүрегінің түпкіріне үңілу, көңілділік пен күрсініс, тенденциялық пен қатаң әділдік, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады. Сөйтіп, сатира, қарама-қайшылықтардың бірлігінен туындайды. Белгілі бір сатирик творчествосының ерекшелігі осылардың қайсысын қай тұрғыда, қандай ниетпен пайдаланғанына қарай аңғарылады. Аристофан сатирасында қайғылы үн, Щедринде өмірді трагедиялық тұрғыдан сезіну, Гогольде күйзеліс, Чеховта күрсініс басым дейтіні де сондықтан. “Сатираның жеке бір іс, құбылысты білудің әдіс-тәсілі ретінде көрінетіні де рас. Бұл салада ол эпостық, лирикалық, драмалық шығармалардың бәрінде, барлық түр жанрында пайдаланыла береді. Солардағы белгілі бір елестер мен образдарды суреттеп берудің құралы, поэтикалық әдіс түрінде ғана қолданылады. Мысалы, І. Жансүгіровтің “Жолдастары”, М. Әуезовтің “Абай жолы”, Ғ. Мүсіреповтің “Оянған өлкесі” - эпостық шығармалар. Сөйтсе де олардың кей беттері сатиралық үн-тілмен жазылған. Сатира жеке бір эпизод, образдарды суреттеп, сипаттап берудің құралы, тәсілі ретінде көрінген.
Сатира дәстүрін жалғастырушылар
Сатира мен юмор қашан, қайда пайда болды? Бұл сұрауға жауап беру, олар алғаш пәлен ғасыр, түген елде пайда болды деп кесіп айту мүмкін емес. Бүгінге жеткен жазбаша сатира үлгісі - біздің эрамызға дейін V ғасырдың аяғы мен VІ ғасырдың басында өмір сүрген Аристофон мұрасы. Бұған қарап сатира бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғана Грек жұртында алғаш пайда болды екен деп түсінуге болмайды. Одан бұрын адамзат баласы сатиралық рухани байлық жасалмаған екен, қуанып күлмеген, ренжіп, кетпеген екен деп түсіну - қате. Миллиондаған жылдар бойы өмір сүрген ата-баба бұрын да қарап жатпаған, небір рухани сатиралық байлықтар жасалған. Бірақ олар бізге жетпеген жеткені Аристофон сатирасынан басталады. Ол 40-қа тарта комедия жазған, оның 11 бізге жеткен. өз тұсының қоғамдық дерттерін, өз заманының күштілерін батыл әшкерелген. Мысалы, “Салтаттылар” (“Всадники”) (біздің эромызға дейінгі 424 жыл) комедиясында Афина мемлекетінің “басшысы” демагог Клеонның өзін масқара еткен.
Сөйтіп сатира, күлкі Аристофон шығармашылығымен үлкен қоғамдық күш ретінде танылған, әдеби түр ретінде өмір сүру правосын алған.
Бұдан кейін сатира әдебиеттің бір саласы ретінде біздің эрамызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырда ежелгі Римде демеу табады. 239-169 жылдарда өмір сүрген Квинт-Эннш “satura” (“Смесь”) деген атпен өз шығармаларының жинағын жариялаған. Оған әр түрлі тақырып, мәселені сөз ететін мысал, анекдот, диалогтық көрініс, ұсақ өлеңдер енгізген.
Ежелгі Римнің нағыз сатирігі - Гай Луцимий (біздің эрамызға дейінгі 180-102 жылдар) . Ол сатираны әдебиеттегі әшкерлеуші әдіс, түр ретінде қалыптастырып, дамыта түсті. Отыздай сатира кітабын жазды. Сатира түрі беріректе Гораций (біздің эрамызға дейінгі 65-80 жылдар Ювенал (біздің эрамызға дейінгі 50-127 жылдар) творчествосында шын өрлеу тапқан. Орта және кейінгі ғасырда Ювеналды Римнің ең таңдаулы сатиригі деп таныған. Не күшті сарказм, ашу-ыза, кекпен шеней жазатыны үшін бағалаған. Феодализмге қарсы күрес дәуірінде басты Европа сатириктерінің көбі Ювенал творчествосымен рухтанған. Оған ХІХ ғасырдың орыс ақындарының да ықыласы түскен.
Ювеналдан кейін бұл түрді ілгерілетуші ескі грек сатиригі Лукиан (біздің эрамыздың 120-180 жылдары) . Ол әсіресе сатираның проза түрін дамытты. “Құдайлардың әңгімелесуі”, “Теңіз әңгімелрі”, “Өмір патшасындағы әңгімелесулер” деген сияқты философиялық-сатиралық диалогтар жазды. Автор туындыларында дөрекі, ақымақ етіп масқарлаған”. (1, 8 б) .
“Әдебиет әлемінде сатира жанры бойынша адамзат таныған сатирик деп мойындаған жазушылар саусақпен санарлық. Өйткені, халық, әдебиет сыншылары, олардың шығармаларына аса ыждағаттылық, жоғары эстетикалық талап пен талғампаздық танытқан. Сонау Антика әдебиетінен бүгінгі күнге дейінгі өмір сүрген сатирик жазушыларды атасақ, олардың қатарындағы Аристофан, Менандр, Федр, Эзоп, Сервантес, Крылов, Радищев, Пушкин, Некрасов, Гоголь, Салтыков-Щедрин, М. Зощенко, М. Кольцов, М. Булгаков, И. Ильф, Е. Петров және т. б. жазушылар әлемдік әдебиетте сатираға үлкен үлес қосқан.
Сатира беріректе, араб әдебиетінде күшті дамыған. Арабтар сатираны “мақамдар” - беседы - әңгімелесу деп атаған. Араб әдебиетінде бұл түр 10-12 ғасырда биік белеске көтерілген. Әсіресе бұл өрлеу Ал-Харири (1054-1122) шығармашылығымен айқын байқалған” (16, 95 б) .
Ал төл әдебиетіміздегі фольклорда халыққа жат, дұшпантектес жезтырнақ, мыстан кемпір тәрізділерден кейінгі ертегі қазақ арасындағы күлдіргі адамдардың жинақталған прототиптері Қожа Нәсір, Алдар Көселерді айтпағанда ақын-жыраулар Бұхар, Шәлгез, Шөже, Базар, Махамбет, Сүйінбай, Біржан, Ақан сері т. б. әдебиеттегі белді өкілдер түрліше комикалық образ жасау, тіл қолдану, қағыту, мысқылдау тәсілдерін әдебиетке әкеліп, қазақ сатирасын қомақтандыра түсті.
Ал жазба әдебиетіндегі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ сатирасы бұрынғыдан гөрі ажарлана түсті. Өйткені жоғарыда айтылған әдебиет реформаларының арасында сатира мен юмордың игі дәстүлерін Абай қосылып, бұл жанрдың идеялық-көркемдік аясы ұлғайып, жаңаша жазу, жаңаша ойлау епкіні күшейді.
ІІ. Ілияс - сатирик
2. 1. Ілиястың қаламгерлік даму дәрежесіне үлес қосқандар
“Осы аталған сатира майданындағы тамаша сөз зергерлерінің өмір белестері мен шығармаларына зер сала қараса, олардың бәрі де жас шағында әр нәрседен әсер алып, еліктеп, үйреніп, табиғи дарынын ширықтырып, үнемі, даму үстінде болғандығын байқаймыз. Бұл әр адам басында болатын табиғи құбылысты Ілияс та басынан кешірген. Осы кезеңдегі өмірі туралы 1969 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрген. “Біздің Ілияс” атты кітабында Құсайын Шөкенов түрліше фактілер келтіреді. Кітап иесі Ілияс пен өзінің жас шағы мен балалық балғын сәттерін бірге өткізген. Олардың әкелері Жансүгір мен Шөкен бір атадан тарайды. Ілиястың жас кезінде-ақ күлкі-ажуаға, қалжың қағытпаға әуес болғандығы аяқ астынан күлкі болған қандай да бір қас қағым сәтті ретіне қарай күлкіге, жеңіл юморға айналдырып әкетеуі, сонымен бірге бір жерде естіген қызғылықты оқиғаны дәміне келтіре айтып, айналасын көңілдендіріп отыруы оның әдетіне айналғандығы туралы айтылады” (6, 368) . “Бұл әдет тіпті есейіп, үлкен жазушы болған сәтте де жас шағындағы “сүйекке сіңген әдетіне басып” көңіл-күйді бір сәтке болса да желпіндіріп отыратын мінезін профессор Бейсенбай Кенжебаев былай деп есіне алады: “Ілияс аз сөйлейтін, бірақ қу тілді болатын. Сөйлегенде сөзді тауып, ақылды, дәлелді, жүйелі, жатық, өткір, көп ретте күлкілі етіп сөйлейтін. Күлдіргі, мысал әжуа әңгімелерді әрі көп білетін, әрі келісті қылып жазтаын. Ол қандай қызық, күлдіргі әңгіме айтып, жұрт қарқылдап күліп жатса да, күлмейтін. Тек үстіңгі ернінің бір бұрышын ерекше бір бүлк еткізіп отыра беретін. Ілияс тегі ауыр мінезді, сабыр иесі адам еді. Жүріс-тұрысы байсалды болатын, салмақты, ұстамды сөйлейтін” десе, академик М. Қаратаев: “Ілияс ешуақытта да шешен сөйлемейтін және ондай талабы сезілмейтін де. Дегенмен ойлы, дәлелді сөйлеу және арсында жіңішкелеп әзіл-қалжың, мысқыл қыстырып сөйлеуге шебер еді” - дегендері оның мұндай қасиеті мінезіндегі туа біткен әдеті екендігін дәлелдейді ” (9, 76 б)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz