Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дыбыстар тіркесі – фонетиканың өзекті мәселесі
2. Үш дыбысты тіркестер
3. Шәлкес тіркестер
4. Дауысты – дауысты тіркесі. Дауысты – даусысыз тіркесі. Дауыссыздардың
тіркесі.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И.Ильминсийдің
1860ж Қазан қаласында шыққан Маитериалы к изучению киргизского наречия
деген еңбегінен кездестіреміз. Н.И.Ильминский – қазақ тілінлдегі дыбыстарды
екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а - ә, е,ы, і, ө, о, ұ, ү),
дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, б, м; т, д, н; ж, з, с, ш; р, л, к, г, ң)
атап көрсетеді. Бір айта кетерлік жайт – зерттеуші дауыссыз дыбыстардан
өзара артикулярлық жуықтығына қарай жіктеп көрсетеді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу ісінде В.В.Радловтың
сіңірген еңбегі аса зор. Ол тұңғыш рет түркі тілдерінің салыстырмалы
фонетикасын (1) жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті.
Түркі тілдес фонетикасының сан алуан мәселелері лингвистиканың бағыты
бойынша түсіндіріледі. В.В.Радлов Фонетикасын сөз еткенімізде мына үш
мәселе есте болуы қажет: оның бірі-екпін мәселесі, екіншісі – дыбыстардың
дистрибуциясы, үшіншісі – түркі тілдерінің үндестік заңы.
П.М.Мелиоранский екі бөлімнен құралған қазақ тілінің грамматикасын (2)
жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика мен морфололгия мәселелеріне арнады.
Автор дыбыстардың құрамына тоқтай келіп, қазақ вокамумі тоғыз дауыстыдан
(а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү), жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д,
н, ж, з, ш, с, р, л, к, г, қ, ғ, ң, й) құралатынын атап өтеді.
Қазақ тіл біліміндегі тұңғыш фонолог ғалым А.Байтұрсынұлының қазақ
тілінің дыбыстары жөніндегі фонологиялық көзқарасы оның өзі түзген әліпби
жүйесінен көрінеді. Ол қазақ тілінің фонемалар жүйесінде 5 дауысты, 19
дауыссыз инвариант фонемалар бар екендігін көрсетеді. Қазақ тіліндегі 5
дауыстының 9 вариациясын, ал 19 дауыссыздың 34 вариациясын, барлығы 43
дыбыс бар екенін атап айтты.
Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ерін мен тіл
қатысына қарай жіктей отырып, оларды акустикалық жақтан үш топқа бөліп
қарастырады: толық дауыстылар (а-ә, е, о-ө); келте дауыстылар (ы-і, ұ-ү)
және қосынды дауыстылар (ұу, үу, ый, ій). Сонымен Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі
дауыстыларды 13, дауыссыздарды 19, барлығы 32 дыбыс бар екенін атап
көрсетеді (7).
Акадмик І.К.Кеңесбаев қазақ вокамумі 9 жалаң дауысты (а, ә, о, е, ө,
ұ, ү, ы, і) және у, и дифтонгондтардан тұрады деп көрсетеді. І.Кеңесбаев
қазақ тілінің дыбыс құрамында 11 дауысты, 25 дауыссыз – барлығы 36 дыбыс
бар деп атап өтеді.
Сонымен, қазақ тілі фонемаларының дыбыс құрамын анықтау мәселесі
ғылыми – теориялық проблемалардың бірі ретінде ұлттық тілдің құрылымдық
жүйесіндегі дыбыстық құбылыстарды тереңірек танып біуге мүмкіндік беретіні
даусыз.
Жасалымы, айтылымы және басқа белгі – қасиеттеріне қарай тіл дыбыстары
алдымен дауыстылар және дауыссыздар деп екі үлкен топқа топтастырылады.
Бұлардың әрқайсысына тән негізгі айырым – белгі, ерекшеліктер мынадай болып
келеді.
1. Дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады да, салдырдың қатысы елеусіз
болады. Ал дауыссыздар, керісінше, салдырдан жасалады. Тон қатысуы да,
қатыспауы да мүмкін.
2. Дауыстыларды айтқан кезде ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да,
дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Ал дауыссыздарды
айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, қарқынды шығады да, бірер ғана
дыбыстау мүшелері қатысады.
3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды
жіктеудегі басты айырым – белгі.
4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет болмайды.
5. Дауыстылар дауыстап, айқайлап созып айтуға келеді. Ән дауыстылардың
осы қасиетіне негізделеді.
6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Жоғарыда ат, ет, от,
өт сөздерінің құрамындағы т фонемасының дауыстылардың әсерінен төрт
түрлі реңге ие болатынын айтылады.
Фонетикалық өзекті мәселесі – тілдегі дыбыстардың санын, сапасын анықтау
және сол дыбыстарға қатысты заңдардың басын ашу. Бұл салада қазақ тілінде
де жұмыс істелген жоқ. Дауыстылар дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай
іштей үш топқа жіктеледі.
1. Тілдің қатысына (қимыл – қозғалысына) қарай;
а) жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у;
ә) жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.
Жуан дауыстыларды айтқанда, тіл ауыз қуысының арт жағына, ал жіңішкелерді
айтқанда орта тұсына орналасады. Дауыстылардың бұлайша жіктелуін дұрыс
білмейінше, тіліміздегі ең күшті заң – үндестікті түсіну мүмкін емес.
Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің
қалпымен байланысты.
2. Еріннің қатысына қарай:
а) еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;
ә) езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.
Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де,
езуліктерді айтқанда, ерін бейтарап қалыпта тұрады. Еріндік дауыстылардың
да тіліміздің байырғы заңы үндестікті танып білуде мәні зор.
Көрші буындардың бірыңғай жуан не жіңішке, еріндік не езулік болып келуі
тіл мен еріннің неғұрлым үнемді қызметіне негізделген.
3. Жақтың қатыныса қарай:
а) ашық дауыстылар: а, ә.
ә) жартылай ашық дауыстылар: о, ө, е;
б) қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у;
Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ барынша төменге түседі де,
қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына
кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар екеуінің аралығында айтылады. Қазақ
тілінде, сондай-ақ барлық түрі тілдерінде осы уақытқа дейін дауыстыларды
ашықтар және қысаңдар деп екіге бөліп келді, біздің оқулықтарымызда әлі де
осылай.
Дауысты фонемаларға тән басты ерекшелік, белгі – қасиеттердің, олардың
фонемалық мәнінің айқын да тұрақты көрінетін орны – бір буынды түбір,
сондай-ақ көп буынды сөздің бас буыны. Бас буындағы әріптер ылғи да өзі
таңбалайтын фонемаларға сәйкес келіп, өз қызметінде тұрады. Сөздің екінші
буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Мұның өзі екінші
буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді.
Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны –
25, кейде – 26. Фонетиканың бас оқулығы: Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25
дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц,
ч, ш, қ, ң дейді де, бұлардың топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ
– дыбыс емес, әріп. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер
(лат.consonans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп,
айқындалып, бірізге түсіп болған жоқ.
Дауыссыз фонемалар акустика – артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке
жіктеледі.
1. Дауыстың (салдырдың деуге болады) қатысына (айтылуына) қарай
дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;
ә) ұяңдар: б, г, ғ, д, ж, з,в;
б) қатаңдар; п, к, қ, т, ш, с, ф, һ, ц, ч.
Ұяңдар мен қатаңдар үнсізер делінеді.
2. Дауыссыздарды жасалу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге
болады:
а) Шұғыл (эксклюзив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, к, ғ, ц, ч, м, н, ң;
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, л, й, у;
б) Діріл дауыссыз -р.
Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа
кілт үзіледі де, сондан соң шұғыл қайта жалғасқан. Содан да бұларды шұғыл
дауыссыздар дейді. Мұны жабысыңқы, тоғысыңқы, өткелсіз, үзілмелі түрде айту
да кездеседі (65).
Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын
барынша тарылтады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады.
Ызыңдарды жуысыңқы, өткелді, сүзілмелі түрде айту да кездеседі. Діріл
дауыссыз (р) тіл ұшының дірілденуінен пайда болады.
3. Жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа
бөлінеді:
а) ерін (ламбаль) фонемалары: п, б, в, ф, м, у;
ә) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, ғ, х, ң,
л, р, й.
б) көмей (фарингаль) фонемасы – һ.
Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (ф, в) болып
бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м)
немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін
үстіңгі күрек тіске жуысады.
Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл
фонемалары үшке бөлінеді:
а) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;
ә) тіл ортасы; й;
б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х.
Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б.түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай болу
есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз.
Дыбыстар сөзді, сөздер сөз тіркесін, сөз тіркестері сөйлемді құрайды.
Осылар арқылы ойды білдіретін болсақ, онда сөйлеу дегеніміз дыбыстардың
ұзыннан – ұзақ тіркесі болып шығады. Бірақ олар тұтас тіркес емес, түйдек –
түйдек тіркес. Жазуда сол түйдектер сөздің ыңғайына қарай іштей бөлшектеніп
кетеді. Әр түйдектегі көрші дыбыстар өзара үндесіп, үйлесіп, кірігіп,
тұтасып, басқаша айтқанда, бас түйістіріп, қол ұстасып, тіл табысып тұрады.
Яғни дыбыстардың қатар тұруында тарихи қалыптасқан тәртіп, жүйе, заңдылық
бар. Тілді тіл етіп, бар табиғатын айқындап тұрған да дыбыстардың осы
қасиеті деп түсіну керек.
Лексикалық құрамы, грамматикалық құрылымы ұқсас қазіргі түркі тілдері
бірін-бірі жөнді ұға алмай, түсіне алмай қалатын болса, ол дыбыстардың
әрқилылығымен емес сол дыбыстардың өзара қиюласып, ұқсасып, ұстасып тұру
тәртібіне көп байланысты. Көне түркі тіліне оларды жақындататын да,
алшақтататын да негізгі тетік баршасына ортақ ұқсас дыбыстардың сөздің әр
түрлі деңгейінде өзге дыбыстармен қиюласу, тіркесу мүмкіндігі мен
ерекшелігіне байланысты. Бұдан дыбыстар тіркесі фонетиканың өзекті мәселесі
деген қорытынды шығады.
Тек дыбыстарды транскрипциялау өзіндік қиындықтары оларды фонемалар
деңгейінде қарауға мәжбүр етеді. Олай болса, фонемаларға негізделген біздің
жазуымызда дыбыстар тіркесі фонемалар тіркесі екені есте болуға тиіс.
Дыбыстар тіркесі – тілдегі дыбыстардың бірімен – бірінің қатар тұру
мүмкіндігі, тарихи қалыптасқан орны. Бұл – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа
жалғасып жетілген, жүйеленген сөйлеу өнерінің жемісі, нәтижесі. Осыны
А.Байтұрсынұлы ерте түсініп, жақсы пайымдаған. Ол тілдегі дыбыстарды:
Тілдің өзінің қойған орнынан басқа орынға қойса, онда ол қойғанымыз ол
тілше болмайды. Ол тілше болмаған соң, оның түбі – ол тілді бұзу, өзгерту
болады, - дейді (392 б.)
Қазақ тілінегі негізгі үндестік заңдар деп жүргеніміздің өзі, айналып
келгенде, дыбыстар тіркесінің нәтижесі.
Бұл заң бойынша:
1. Бір сөз құрамында тек жуан дыбыстар немесе жіңішке дыбыстар ғана қатар
тұра алады.
2. Сөз (түбір) ішінде, сөз бен қосымша, сондай-ақ сөз бен сөздің
аралығында қатаң дауыссыздардан соң тек қатаңдар ғана тұрады.
3. Әлгіндей жағдайда ұяңдардан соң тек ұяң дауыссыздар тұрады.
4. Үнділерден соң ұяңдар, қала берді үнділер келеді. Міне, бұлар – бүкіл
тілдің болмыс, бітімін айқындайтырн, өзге тілдерден ерекшелендіріп,
айшықтандырып тұратын, ұзақ дамудың нәтижесінде қалыптасқан, бұлжымас
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz