Эстетикалық тәрбие мен халықтық педагогика


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

І. Тәрбие - адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе

1. 1. Тәрбие үрдісінің мән - мазмұны және оның түрлері . . . 5-13

1. 2. Тәрбие принциптері . . . 14-21

ІІ. Эстетикалық тәрбие

2. 1. Қазіргі замандағы эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері . . . 22-26

2. 2. Эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика . . . 27-28

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Курс жұмысына алынып отырған тақырып ежелден келе жатқан жүйе болғанымен оқыту теориясымен салыстырғанда әлі де жеткілікті зерттеліп болмаған жұмыс. Шындығына келсек, адамзат ғүмырындағы мәңгілік мәселе - ұрпақ тәрбиесі. соны да тың мәселе. Мәселенің өзектілігі бұл тақырыптың көлемінің ауқымдылығы мен күрделілігіне байланысты.

Өзінің саналы өмірінде әрбір адам ақылы дұрыс, дені сау болса, бұл мәселеге соқпай өтуі өте сирек мәселе. Сондықтан да тәрбие бастауы ата мен ана, ал олар құрған семья- адам қоғамының алтын бесігі екендігі ертеден-ақ қалыптасқан түсінік. Даналықтары дәріптелген ғұламалардың пікіріне жүгінсек -жеке некелік, яғни моногалиялық жанұяның дамуы қоғамды да, тәлім-тәрбиені де ұлы өзгеріске түсіргендігін педагогика тарихын, фәлсафаны зерттеуші зиялылар жан-жақты дәлелдеп, барша жұртты мойындатып отырғаны белгілі. Ал психологиялық тұрғыдан қарағанда тәрбиенің әсерімен баланың бір сападан екінші сапаға өзгеріп ауысуы жетіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - қазіргі қрғамдағы тәрбие ұстаз бен шәкірттің саналы түрде жүзеге асыратын ұйымдастырылатын үрдіс екендігіне нақты дәлелдер келтіре отырып, тәрбиелеуші шәкірттен алдын ала жобаланған әлеуметтік, рухани тәжірибелерді, тәлімдік құндылықтарды меңгеріп, оны бойына дарытуы үшін белсенді түрде ынталанып әрекеттенуді анықтау. Ал іс-әрекеттің жүзеге асуы жөніндегі педагогикалық теория тұлғаға біржақты емес жан-жақты әсер етуді қуаттайды. Осы орайдан келгенде қазіргі тәрбие теориясы бала тәрбиесінің өркендеп жетілуі педагогтің жобалаған жоспарының тұлғаға әсерлі ықпал етерліктей болуы -оның сапалы да саналы болуын қамтамасыз ететіндігін қоғамдық тұрғыдан анықтай отырып, өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасау. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  • Тәрбие мазмұнын ашу;
  • Тәрбие принциптеріне тоқталу;
  • Тұлға өміріндегі тәрбие түрлеріне тоқтала отырып, оның ішінде эстетикалық тәрбиенің қазіргі қоғамдағы мәнін ашу;
  • Эстетикалық тәрбие мен халықтық педагогиканың арақатынасын анықтау;

Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, тәрбие - адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе, тәрбие үрдісінің мән - мазмұны және оның түрлері, тәрбие принциптері, эстетикалық тәрбие, тұлғаның қалыптасуындағы эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері, эстетикалық тәрбие және халықтық педагогика атты тараулардан, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Курстық жұмыстың негізгі мазмұны. Тәрбие мәселесіндегі басты тұжырымдама -өзара қарым-қатынас сыйластыққа негізделген болуы, ынтымақтастық, әлеуметтік дамуы барысындағы ситуацияның тәлімдік өнеге аларлықтай және өзара ұғыныса білуге бейім болуына ерекше мән береді. Сонда тәрбие баланың өмірі саналы да мазмұнды, дамуы қалыпты жағдайда болуы жүзеге асырудағы ересек адамдармен бірлесе жүргізілген іс- әрекет. Әрине, бұлардың әрқайсысының атқаратын қызметі, мақсаты, қарым-қатынасындағы өзіндік мәні бар.

Тәрбие үрдісіне әсерлі ықпал ететін факторлар өте көп те жан-жақты. Олардың бастылары мыналар: тұлғаның дамуына алдымен ықпал ететін отбасы - семья, мектеп, өмір сүріп отырған айналасы, қоғамдық ұйымдар, көпшілік бұқаралық ақпарат, өнер, әлеуметтік- экономикалық жағдайлар, манындағы жеке адамдардың тәлімі т. б. Мұндай көп жақтылық тәрбие үрдісін жедел дамытып өркен жаюына игі ықпал етумен бірге кері әсер етіп, теріс жолға бастайтын ықпалы да аз емес. Бүгінгі теледидарға телміріп өскен балаға телеэкран, кино, әр түрлі каналдардан түрлі мақсатта беріліп жататын хабарларды радиоқабылдағыштар арқылы тыңдау өмір салтымызда әбден қалыптасқан құбылыс. Ал мұны тоқтатып тастауға, немесе ауыстырып жіберуге келмейтін дәрежеге жеттік. Бұл тек педагогика ғылымы үшін ғана емес, бүкіл адамзат қоғамына келелі сұрақтар қойып, үлкен проблема туғызып отырған мәселе.

І. Тәрбие - адамзат ғұмырындағы мәңгілік мәселе

  1. Тәрбие үрдісінің мән - мазмұны және оның түрлері

Тәрбие бір сәттік, немесе бір күндік, бір жылдық іс емес, тоқтаусыз жүріп отыратын, ұзаққа созылатын құбылыспен қатар оның тірілетін жері тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу. Сондай-ақ тәрбиенің нәтижесі де барлық адамға бірдей емес, уақыт жағынан қарағанда белгіленгін бір мезгілде әсер етеді деп қарауға келмейді. Айталық, педагогтердің жүргізген сыныптағы тәрбие жұмыстары оқушыға бірдей әсер етпей, оның мән-мазмұнын шәкірт мектеп бітіргеннен кейін ойына алып, сондағы «с-әрекеттің, немесе жіберген ағаттығы үшін өкініш білдіріп, ондай қателіктер жасамау жолында ізденуі де ықтимал. Болмаса өркөкіректікке салып, қателігін батылдық, ерлік деп есіруі де мүмкін. Демек, тәрбие факторлары әр түрлі әсер етіп ықпал жасауы сол адамның ерік қасиеттері мен танымдық тағылымына қабылдаған әдебіне байланысты. Сондай-ақ тәрбие ісіндегі әрекеттерге сыни көзқараспен бағалап, одан дұрыс қорытынды шығара білуіне де тәуелді. Екінші жағынан, тұлғаның өзін-өзі танып, ұстамдылыққа машықтанып, түрлі қарым-қатынасқа байланысты әрекеттене білуінің де тәрбие саласында мәні зор.

Тәрбие үрдісінің мән-мазмұны педагогикалық ситуациялардың шешімін тауып, оның себеп салдарын айқындай білуге байланысты. Демек, педогогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы тәрбие үрдісіндегі жүйені және оның салаларын дұрыс ажыратып, сол орайдан әрекет жасай білуге тәуелді. Қазіргі педагогика ғылымындағы зерттеу бұл жүйені былайша топтастырады:

  • Педагогикалық диагностика. Тәрбиеленушінің алған тәлім-тәрбиелік деңгейін айқындап, зерттеп, сол орайға үйлесімді тәрбие міндеттерін белгілеу.
  • Бағдарлық жоба белгілеу. Жүзеге асуға тиісті тәрбиелік іс-әрекетті жоспарлап, оның мазмұнын, әдістері мен формаларын айқындау.
  • Ұйымдастыру жолдары. Белгіленген жоспардағы іс-әрекетті жүзеге асырудың амал, тәсілдерін және қалай жүргізілетіндігін белгілеу.
  • Нәтижені бақылап, бағалау.

Көрсетіліп отырған бұл жүйе педагогикалық тәлім-тәрбие саласындағы

жүзеге асырылмақ іс-әрекеттерді орындауды болжаумен бірлікте шешілетіндігін назарда ұстаған жөн.

Ғылыми зерттеулердің тұжырымдамасына сүйенсек, тәрбие мазмұны қарастыратын табиғат, қоғам, адамзат туралы теориялық деректерді білу, сондай-ақ қоғамдық тәжірибелер мен құндылықтарды және олардың мұрат мақсаттары мен деңгейін ұғы-нумен қатар тұлғаның білім, білігі, қабілетінің дамуы, мінез-құлқының қалыптасу деген тұрғыдан қарайды. Осы орайдан келгенде тәрбие саласындағы жаңа тұжырымдама тәрбиенің мазмұнын уақыт талабына үйлестіріп құруды талап етіп отыр. Қазіргі егемендік алған еліміздегі тәрбиенің мақсаты, оның мазмұнына үйлесімді тұлғаның мәдени болмысын қалыптастырып, дербестігін дамытуға лайық болуына негізделген. Дәлірек айтқанда, мәдени болмыстың қамтитын аймақтық деңгейі зор, тұлғаның өзін-өзі айқындауы, әлеуметтіке экономиялық, саяси дамуы, адамгершілік, имандылықтың жетілуі, экологиялық заңдылықтарды сақтап, көркемдік танымын зорайтып денсаулығын нығайту және адамдармен қарым-қатынасын жақсарта беру мәселелерін қамтиды.

Адамның өзін-өзі тәрбиелей білуі тұлғаның жауапкершілігін арттырудағы басты шарттың бірі болғандықтан тиісті мәселеге байланысты оқушының дұрыс шешім қабылдап, өмірдегі өз орнын табуға саналы қарап, уақытқа үйлесімді шешім шығара білуі тәрбие талаптарының мазмұндылығымен іштесіп жатқан құбылыс екені әркімге аян болуға тиіс.

Әрине, оқушыны білімдендіру мен тәрбие ісін жүзеге асыру әдістемелері бір сәтте, немесе бір жылда жасала салмайды, ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып түрлі тәжірибелерден сұрыпталып, оның қорлануы барысында жүзеге асады. Осы орайдан кеңестік кезеңдегі тәрбие мазмұнындағы теориялық және ұйымдастырушы-лық жолдардың бүгінгі өмірге үйлесімді жақтарын жетілдіре отырып, шәкірттердің мәдени танымын қалыптастыру бағдарламаларын жетілдіру күн тәртібінен түспейтін мәселе. өйткені оқушыға берілетін тәрбиенің мазмұндылығы классикалық педагогика құндылықтарын және оның ұзақ жылдар бойы өмір сараптауынан өткен формаларын ретті және уақытпен үйлестіре пайдалана білу бұл саладағы іс-әрекеттің табысты болуына кепілдік берумен қатар, тәрбие мазмұнының өміршең болуына жол ашты.

Ақыл-ой тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаны ойлау қабілетін жетілдіріп, танымдық ақыл парасатының пәрменділігін дамытуға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Тұлғаның ақыл-ойы оның көзқарасының қалыптасуымен бірлікте өрістейтін құбылыс болғандықтан мұның нәтижелік көрінісін себеп салдардан болмайды.

Ақыл-ой еңбегі тұлғаның білім, білік саласындағы танымдық іс-әрекеті болғандықтан ол алуан түрлі іскерлік дағдылардың бір арнадан тоғысуына ықпал етеді және білімдік деректерді табу, тану, зерттеуді жоспарлап, оны меңгерудің амал-тәсілдерін игеріп, тиісті мақсатқа орай қолдана білуге машықтанады. Оқушылардың бойына ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыру олардың көзқарасын бекітіп, мұның әсері әлеуметтік, биологиялық факторларды жаңартуға, немесе өзгертуге байланысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Ақыл- ой тәрбиесінің нәтижесі тұлғаның қабілетін шыңдап, ойлау деңгейін кеңейтіп, тиісті мәселеге, пікірінің айқын да нақты, терең де шығармашылық сипатта болуына, тез де жылдам аңғаратын пара-саттылыққа бейімдейді және жобалаған ісін ықтиятты орындауға мүмкіндік береді.

Әрине, ақыл мен сананың дамуындағы табиғи болмыстың ерекшеліктері мен күрделіліктері жөнінде әлі де шешілмеген проблемалар баршылық. Солай болғанымен ұстаз ақыл-ойдың даму табиғатындағы екі көзқарасқа зейін қою керек. оның біріншісі- тұлғаның ақыл-сана қабілеті тумысынан бірге пайда болатын ерекше психологиялық құрылым, тиісті ақпаратты санасынан өткізіп оны қабылдайды. Тұлғаның өсіп, ержетуіне орай қабілеті де дамып өрістейді, өмірден өрнек табады деген пайымдауды тұтынады.

Ал екіншілері, ақыл қуаты тұқым қуалайды, сыртқы ортаның әсерімен дамиды. Оның өрістеп өркен жаюы үшін арнайы әрекетке негізделген оқу жұмысын ұйымдастыру керек деген көзқараста болады.

Біздің қазіргі кезеңдегі педагогикалық жүйеде ақыл-ой тәрбиесін беруде тұлғаны бастауыш сыныптан бастап оқуға, жазуға, есептеуге үйретіп, оқу жоспарында көрсетілген пәндерді білгізу мен тиісті деңгейдегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстары барысында жүзеге асыруы көзделеді. Сондай-ақ тәрбие мен білім беру құралын бірлікте қарайды. Ақыл-ой тәрбиесі -тұлғаның дамуының негізі. Әетте, адам ойлау арқылы түйсініп, қабылдап, елестетіп, сезініп көзқарасы дамитын болса, оның нәтижесі тұлғаның еңбектелуіне, шығармашылыққа бейімделуіне жол ашады. Әрекет негізі адамның нақты және абстракты ойлауы болса, бұл оқушының дүниетанымын табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын ұғынуға, әлеуметтік жағдайды сараптай білуге үйретеді. Әлемдік құбылыстардың бір-бірімен байланысып жатқан тұтастығын таниды, оны пайымдап өзінің ой елегінен өткізуге мүмкіндік алады. Былайша айтқанда, тұлға әрекеттенуге және өзін-өзі ұстай білуге қалыптасады, танымдық түсінігі жетіледі. Мектеп оқушысының ақыл-ой еңбегін атқару мәдениеті тұрғысынан қарағанда оқулықтармен, ғылыми жә-не басқа да кітаптармен жұмыс істеу барысында тұлға еңбектенуінің тәсілін, амалын, әдістемелік жолдарын меңгерді. мысалы, кітаптың мазмұнын ұтымды пайдалану мәтіндегі ең қажетті деген ойларын сұрыптау, оған әр мсаладан сұрақтар қою және жауап қайтару, мәтінді жоспарлау, пікір желісін қысқаша конспектілеу т. б. Ой ең-бегі саласындағы жұмыстың нәтижесінде оқушының қабілеті жеті-ліп, есте сақтау машығы өрістеп, логикалық ойлау дағдыларына жаттығады.

Оқушының ақыл-ойының дамуы олардың оқыту, тәрбие деңгейіндегі мазмұнды меңгерумен ғана шектеліп қалмай ғылыми зерттеу сипатындағы істерді атқаруға және өздігінен ізденуге деген ынтасын арттыра түседі. Қазіргі кезеңдегі ақыл-ой тәрбиесін беруге қойылатын басты талаптардың бірі шәкірттің тек білумен ғана тұйықтаулы емес, өздігіне іздене білуге деген құлқын демеп, дербесмтігі жетілдіруге бағдарлау әрбір ұстаздың парызы болуға тиіс.

Тұлғаның дамуына ықпал ететін себептер көп, әсіресе, ақыл-ой саласындағы ізденіске әсер ететін қажеттілік туғызып, білуге деген шынайы құлшынысын арттырады. Ал мұның білуге деген негізгі құ-ралы білім негіздерін түсінуге, яғни ақыл-ой тәрбиесі үрдісіндегі болжамдық таным тұрғысына дерексіз, индуктивтік, дидуктивтік ойлау ережелеріндегі заңдылықтарға үйлесімді әрекеттену шешуші мәнге ие болады. Ақыл-ой тәрбиесінің нәтижелі болуы оқушының қабілет мүмкіндігі мен табиғи болмысына үйлесімді керерліктей сараптай оқытуға да мән берудің маде маңызы зор. Осы орайда дарынды шәкірттерге берілетін ақыл-ой тәрбиесінің мазмұндық, кө-лемдік деңгейін есепке алу және тұлғаның бейімділігіне қарай ізденту жақсы нәтиже беретіндігін арнайы мектептер тәжірибелері дәлелдеп отыр. Тұлғаның шама мүмкіндігіне лайықты берілген ақыл-ой жағынан ғана емес, дене еңбегіне де ынталы қатысып, атқарған ісін саналы орындайтын және өздігінен іздене білетін дағды қалыптастырады.

Адамгершілік тәрбиесі. Қоғамның моральдық сипаты мен тәрбие мақсатының тұжырымдамасы белгілейді. Қазіргі мектептердегі адамгершілік тәрбиенің мәнін ажыратуұшін ондағы моралбдық құндылықтарға зейін қою керек. дәлірек айтқанда, қалыптасқан адамгершілік таным, имандылық, тұлғаның өзі мойындаған адамгершілік талаптар және Батыс пен Шығыс елдері-нің келіп жатқан тәрбие саласындағы ұғым-түсінік, әдеп тәлімдеріндегі түрлі тәжірибелер.

Ал қанша мадақтап даңғыратқанмен де батыстық мектептерінің тәрбие әдістерін де, ондағы құндылықтарға толық мойын ұсынған жоқпыз. Демек идеологиялық бағдарды толық айқындап, ұстанар тәрбиелік жол нақты белгіленген жағдайда жастардың бойына қалыптастыратын тәлім-тәрбие істерінің мазмұнына үйлесімді әдістемелер де жасалып, дәстүрлі құндылықтар және имандылықтың келелі мәселелері де дұрыс шешілеріне шек жоқ.

Әдістеме тиісті мазмұнға байланысты жасалатындығы педагогика-да ежелден белгілі мәселе. Жаңа құрылымдағы жас мемлекеттің болашағына лайықты тәрбие бағдарламасын жасап, соған үйлесімді өмір қажетін өтерліктей әдістемелер белгілеуге үлес қосу әрбір ел азаматының абыройы, міндеті деп білсек, оның алдыңғы қатарында болу ел зиялылыларының парызы. Әрине, одан сіз де сырт қала алмауға тиістісіз. өйткені дайынды ғана иемдене салатын заман келмеске кеткенін ескеруге тиістіміз.

Қазіргі кезеңдегі еліміздегі мектепке арналып жарияланған әдебиеттер мен түрлі құжаттардағы тиандылық, адамгершілік туралы ұстанымдардың негізгі мазмұны мынаған саяды: әрбір тұлғаның бойына жауапкершілік, отаншылдық, елжандылық сезім қалыптастыру, табиғатты қорғап, әлеуметтік жағдайды көтеріп демографияны өрістету, халықтың мәдени деңгейін жетілдіре оты-рып шәкірттің өзін-өзі тәрбиелеу іскерлігін дамыту басты бағдарға саналады. Сондай-ақ кеңестік кезеңнен тәрбие саласында етек алған саясаттандырылған түсініктен айықтыру мәселесі ескерілген. Имандылық, адамгершілік тәрбиесінің құралы жалпы педагогикалық әдістемелер мен формалармен бірлікте қаралып мораль тақырыбындағы деректермен ақпараттандыру және оны талдап, талқылап өздігінен пайымдау жасай білуі көзделген. Сол негізде имандылық, адамгершілік тағылымдарын оқушылардың меңгеруіне, олардың еңбекке, қоғамдық жұмыстарға, өнерге араласып, спорттық саладағы түрлі секцияларға қатысып оқушылардың белсенділігін арттыру тұрғысынан қарайды. Сондай-ақ ҚР көп ұлтты, жүзден аса этнос мекендейтін ел болғандықтан әр халықтың табиғатына тән ерекшеліктерін, адамгершілік саласындағы бірлестіктерін дамытуға еркіндік берілген. Қазақстан халықтар ассамблеясының шешіміне орай ұлттық бірлестіктердің имандылық, адамгершілік тәлім-тәрбиесін дамыту және оны тиісті мектеп өміріне үйлестіру демократиялық танымды жетілдіруіне ұйтқы болып отыр. Имандылыққа байланысты адамгершілік тәрбиесін беруде ҚР білімді дамыту тұжырымдамасында мемлекет-тің негізін құрайтын байырғы қазақ халқының ұлттық курикулумына, жалпы ұлттық басымдық белгіленетіндігі де көрсетілген. өйткені қазақ халқының табиғатына тән дарқандық, мінездегі ұстамдылық пен бауырмалдық, ешкімді жатсынбайтын кендік имандылық пен адамгершілік тәрбиесіндегі жетекшілік қасиетін өрістете беруге ықпал ететін ыждаһаттылық.

Имандылыққа байланысты адамгершілік тәрбиесін жетілдіру әдістемесі де түрлі ситуация туғызып, оқушыны ойландыру және машықтандырып белсенді әрекетке келтірудің орны ерекше. Осы орайдан оқушылар атқаратын рольдік ойындар және оның барысы мен нәтижесін талқылау, әдеп тағылымдарына байланысты сұрақ-жауап, көркем шығарма кейіпкерлерінің бойындағы адамгершілік танымдардың өнегесі туралы пікірлесу тұлғаның адами қағидаларды игеруіне игі ықпал етудің тиімді жолы. Адамгершілік тәрбие оқушының мінез-құлқына дарып, жүзеге асыру үшін арнайы тапсырма беріп, оның орындалуын талап етіп, тиісті нәтижеге байланысты табысы үшін тәрбиеленушіні мадақтау, дұрыс орындалмағын жағдайда ескерту жасап айыптау мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда, адамгершілік әдептерін бойға дарытуда айтарлықтай мәңгі ие болады.

Адамгершілік тәрбиесіне байланысты жүзеге асырылатын әдістемелер оқу үрдісінде кеңінен қолданылады. Тиісті сабаққа байланысты және тікелей тақырыпқа қатысты имандылық түсінік, адамгершілік танымды оқушының меңгеруімен шектеліп қалмай, сабақтан тыс ұйымдастырылатын лекция, тақырыптық кештер, кездесулер мен конференция, этикалық-эстетикалық басқосуларда да жалғаса беруге тиіс. өйткені тәрбие, оның ішінде имандылық- адамгершілік үлгі өнегелік тәрбие тоқтаусыз дамитын құбылыс. Егер оқушылардың өздері ынта білдірген іс-әрекеттер болса, оны қолдап, құптап демеу керек, өйткені мұндай бастаманың мәні олардың белсенділігін көтерумен қатар, тиісті деңгейдегі моральдық таным- түсініктердің тиянақты да өміршең болуна ықпал етеді.

Имандылық пен адамгершілік тәрбиесінің нәтижелік көрсеткіші моральдық талаптарды орындаумен өлшенеді деп білсек, оның мән-мағынасын ашатын оқушының әдеп ережелерін орындап, ар, ұждан алдындағы адалдығын сақтап, мінез-құлқын адамгершілік нормаларына үйлесімді ыждаһаттықпен жүзеге асыра білуінде, дағдысына сіңіруде.

Еңбек тәрбиесі. Оқушыны ұйымдастырудағы педагогикалық үрдістің түрі - еңбек тәрбиесі болып табылады. Болашақ еңбектерге берілетін өндірістік тәжірибелер, түрлі еңбек дағдыларын қалыптастыру және еңбек саласындағы әр алуан сапаларды меңгерту еңбек тәрбиесінен басталады. Еңбек тәрбиесінің басты бағдары- тұлғаны кәсіби білім алуға және кәсіби еңбектің ішкі сыр-сипатын түсінуге баулу болып табылады.

Еліміздің педагогика мәселесін зерттеуші мамандар мен ғалымдардың бәрі де оқуды еңбекпен жақындату және еңбектің тәрбиелік мәнінің зор екендігі жөнінде жеткілікті-ақ жазған. Еңбек тәрбиесіне соқпай кеткен педагог -зерттеушілер жоқ десе де болғандай. Олар ұсынған тұжырымдама мәресінен қарасақ оқушы еңбегі тұлғаға білім берудің, өмірге әзірлеп, түрлі сапалық қасиеттерді қалыптас-тырудың ең тиімді жолы деп білеміз. Педагогика тарихында аты құрметпен аталатын педагогтердің бәрі де оқушының еңбек тәрбиесіне ерекше назар аударып, еңбек-тәрбие құралы деген тиянақты тұжырымдама жасаған.

Оқу орындарындағы еңбек тәрбиесінің қызметі- шәкіртке білім берумен қатар олардың еңбек дағдыларын дамыту еңбекке деген көзқарасын қалыптастыру. Атап айтқанда-еңбек оқушының күш-қуатын нығайтып, әлеуметтік жағынан дамытып, эмоциялық сезімдік ерік қасиеттерін бекітеді. Еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдас-тыра білген жағдайда педагогикалық талаптар жүзеге асып, тұлғаның еңбекке деген ықыласын жетілдіріп, ұжыммен бірге еңбектене алу, тәртіп сақтай білу айналасындағы ортақ тіл табысу, өз тарапынан белсенділік көрсету т. б. әдеттерге жаттығады. Ежелгі халық педагогикасындағы даналықтан бастап бүгінге дейін педагогикалық түсінікте еңбек-тәрбие құралы деген тұжырым берік қалыптасқан болса, оның шын мағынасында тиімділігі еңбек пен демалыс режимін сақтап, нақты әрекетпен үйлесімді қабысуында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасы
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
Ұлтық тәрбиені қазіргі мектептердегі эстетикалық тәрбиеде пайдалану маңыздылығы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМЫН ҚАЗҚРГҚ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Мектеп жасына дейінгі балаға халықтық тәрбие беру маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz