Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы
1.1. Қазақ терминология ғылымының қалыптасу кезеңдері
1.2. Қазақ терминологиясының негізін салушы ғалымдар
1.3. Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Айқап журналының
ролі
ІІ тарау. Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам көздері
2.1. Лексика – грамматикалық ішкі терминжасам көздері
2.2. Әр түрлі ішкі терминжасам көздері
2.3. Қазақ тіліндегі терминденуші лексика сөздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І тарау
Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы
1. Терминология ғылысының қалыптасу кезеңдері
Қай тілдің болмасын негізгі көрсеткіштерінің бірі - ондағы терминдер
жүйесінің зерттеулі, ретке келтірілуі. Терминдер тіл-тілдің лексикадағы
ғылым мен техниканың алуан түрлі салаларында қолданылады. Демек, термин –
ғылым тілі. Жалпы термин және терминология дегеніміз не?
Тіл білімі сөздігінде терминге мыналдай анықтама береді: Термин
(лат.terminus – шек, шама) ағыл.term, фр.term, неміс fachwort - арнайы
ұғымдарды, түсініктер жиынтығы, дәл беру, нақты белгілеу үшін жасалған
арнайы сөздер немесе сөз тіркестері [1].
Ал, осы термин мәселесімен тікелей айналсқан қазақ ғалымы, белгілі тіл
маманы профессор Қ.Жұбанов: Белгілі бір ұғымдарды білдіретін арнайы сөздер
болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай
сатыда тұрса, міне осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар термин сөзінің
терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы
басқа да болуы мүмкін, - деген анықтама береді [2].
Сондай-ақ белгілі лингвист ғалым О.С. Ахманова терминге: Термин
дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл бейнелеу үшін
жасалынған. Тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркестері [3].
Анықтамаларды қорытындылай келіп, термин дегенді былай түсінуімізге
болады: термин – белгілі бір мамандар тобында өзара қарым-қатынас құрамы
ретінде қолданылатын сөздер тобы. Бірақ, бұдан терминдерді тек ғылыми
салада қызмет ететін адамдар ғана қолданып, басқа адамдарды сөйлеу тілінде
қолданылмайды деген пікір тумауы керек. Ол қолданыстардың айырмашылығы
қолданылу ауқымында деуге болады.
Басқа сөздермен салыстырғанда терминдерге тән басты белгі мыналар деп
білеміз:
1. Күнделкті өмірде барлық салада жалпылама қолданыла беретін сөздер
ыңғайына қарай түрлі мағынада жұмсалып, көп мағыналы болып келсе,
терминдердің басым көпшілігі дара мағынасында жұмсалады. Демек, дара
мағыналы болу терминге тән басты қасиет.
2. Терминдер ғылымның бір саласына түпкілікті қызмет етеді. Мысалы,
лингвистика ғылымына арналған терминдер: бастауыш, баяндауыш,
морфология, фонетика, есімдік, көсемше т.б.
3. Терминдер өзгеріске өте сирек ұшырайды. Жоғарыда аталған терминдер
ондаған жылдар бойына қолданылып келе жатыр.
4. Терминдерде көп мағыналық пен синонимдік қатарлар және жай сөздік
табиғатына тән кейбір грамматикалық ауыстырулар болмауы тиіс.
Терминдерді екі түрлі структуралық типтерге, яғни олардың құрылымдық
болмысына қарай тілдік және тілдік емес деп бөліп қарауға болады.
Белгілі ғалым Ө.Айтбаев тілдік терминдерді былайша жіктеген: [4]
1. Термин сөздер. Бұлардың өзін бірнеше топқа бөлген:
а) түбір тұлғалы терминдер: газ, йод, бор, лак, алтын т.б
ә) туынды түбір терминдер. жазушы, бастауыш, көрермен, көрме т.б
б) күрделі терминдер: үшбұрыш, темір бетон, екітілділік.
в) қысқарған күрделі терминдер; мұның өзін бірнеше топқа бөлеміз:
1. Буын қысқарту арқылы біріктіріп жасалған терминдер: обком, колкоз.
2. Аралас типті терминдер.
3. Қысқарған сөздерден жасалған овбревиатуралар: ҚР, ЖМУ,БҰҰ.
2. Сөз тіркесі тіркесіндегі терминдер. Мұның құрамындағы әрбір
компонент жеке тұрып термин бола алады. Ол басқа терминдердің сөз
тіркесінің қатарына енуі де ықтимал: жазушылар одағы, азаматты алюмини.
ә) еркін емес тіркесті терминдер, яғни бұлайша тіркескен терминдер
құрамындағы сөздер жеке тұрып термин бола алмайды, тек тіркесім түрінде
ғана терминдік қызмет атқарады. Мысалы, ақ отау, сұрапыл соғыс, азат ел.
б) фразеологиялық терминдер: ежелгі заман, абсолют шама, азамат соғыс.
Ал, тілдік емес терминдерге неше түрлі таңба белгілер, графикалық
символдар, математикалық, физикалық, химиялық формулалар мен цифрлар
жатады. Мысалы, химия ғылымында қолдалынатын валенттілік таңбасы.
Терминалогия мәселесіне келсек, терминалогия (лат.terminus-шекара,
шек+грек. Logia + ілім) ағыл terminologie, нем.terminologie – белгілі бір
ғылым саласындағы нақты объектілердің арнайы ұғымдары мен атауларын
білдіру үшін қолданылатын сөздер немесе сөз тіркестерінің жиынтығы, тілдегі
арнайы лексиканың даму заңдылықтарын қарастыратын ғылым, сонымен бәірге
ол ғылымның, техниканың жеке салалапы терминдерінің жиынтығы.
Сонымен, терминдер ғылым саласында қолданылатын арнайы сөздер тобы
болса, терминология тілдің лексикасындағы сол терминдердің жиынтығы,
терминдерді қарастырып, бір жүйеге түсіріп, ретке келтіріп отыратын ғылым
саласы.
Қай ғылымды алсақ та бірден жетіліп, қазіргі күйіне тез келе қойған
жоқ. Ғылымның барлық түрлері де ұзақ даму кезеңдерін бастан кешірген.
Терминологияның да өзіндік даму тарихы бар. Белгілі лингвист – ғалым
Ө.Айтбаев қазақ терминологиясының қалыптасуын 5 кезеңге бөліп
қарастырады [5].
Ғалым бірінші кезеңге ХІХ ғасырдың ІІ жартысын жатқызады. Бұл кезеңде
орысша білім алған қазақ зиялылары термин мәселесімен арнайы
шұғылданбағанымен Ыбырай, Абай, Шоқан сынды алып тұлғалардың өз
еңбектерінде терминдік сипаттағы сөздерді қолданғандарын айтады. Мысалы,
тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ы.Алтынсарин Орынбор облысының
басқармасына Орынбор бекінісінде мектептің ашылуы туралы, оқу құралдарының
жіберілуі туралы атты рапортында мынадай атауларды қолданған: документ,
смета, граф, квитанция, химия, барометр, пункт т.б. [6].
Екінші кезең 1920-30 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең қазақ халқының
әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де, одан кейін
де аянбай адам қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі – Ахмет
Байтұрсынов есімімен тікелей байланысты.
Ол – ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай
қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап-
танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде Әліппе мен тұңғыш ана
тілі оқулықтарын жазған. Тіл білімі және әдебиеттану саласына жазылған
ғылыми еңбектер Әдебиет танытқыш, Тіл құралы; қазақ тілін оқытып-
үйретуге арналған оқулықтар мен хрестоматиялар; оқыту әдісіне арналған
әдістемелік құралдар; оқу-ағарту проблемасын сөз ететін мақалалар; графика
мен терминология мәселелерін көтерген баяндамалар, ұсыныстар мен жобалар,
осылардың ішінде көлемі жағынан да көздеген мақсаты жағынан да молы – тіл
мен оқу-ағартуға қатысты мұралары.
Ғалым қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасына қатысты категориялардың
әрқайсысына қазақша термин ұсынған. Осы күнгі қолданып жүрген зат есім,
сын есім, етістік, одағай, үстеу, қаратпа сөз, сұрау белгісі, леп белгісі
деген т.б.сан алуан лингвистикалық терминдердің барлығын А.Байтұрсынов
жасаған. Ол тек тіл білімі саласы ғана емес, сонымен қатар бастама,
әліптеме, мазмұндама, сарындама, ермектеме, қорытпа сияқты әдебиеттану
терминдерін де жасаған.
Бұл салаларда оның термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі ең
алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болған. Аталған
терминдердің барлығы да өте сәтті шыққан атаулар. Сондықтан да олар күні
бүгінге дейін қолданылып келеді.
Үшінші кезең 1930-40 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ
халқының тарихында даулы мәселелер көп болды. Анығырақ айтқанда, үш бірдей
жазудың бірін-бірі ауыстырып, сауат ашу жағдайын солғындатып тұрған кез
болған. А.Байтұрсынов – қазақ тілі мен әдебиеті терминдерін жасап,
қалыптастырушы болса, терминологияның ғылыми өзекті мәселелерін сөз етіп,
оны ғылым объектісіне айналдырған – Қ.Жұбанов болған, яғни терминология
мәселесі және ғылым есебінде өзінің бастауыш осы кезеңнен алады.
Қ.Жұбанов қазақ тіл білімі тарихында қазақ терминологиясының жасалу,
даму тарихын алғаш рет жүйелі де ғылыми дәрежеде терең зерттеп және қазақ
терминологиясының жаңа бағытта дамуына жол сілтеп, тұңғыш рет терминге
агықтама беріп, оның жай сөзден қандай мағыналық айырмасы бар деген сияқты
мәселелерді қарастырған. Ғалым сонымен қатар термин жасау ісімен де
шұғылданған. Дара етістік, қаратпа, қыстырма, кіріккен сөз, кіріккен түбір,
жетек сөз, түп мүше, жамау мүше, тұйықша, қосалқы сөз сияқты терминдер
Қ.Жұбанов қаламынан туған.
Осы кезеңде, 1935 жылы мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды. Бұл
жылдары мемтерминкомның бюллетенінің төрт саны шыққан. Бюллетеннің екінші
санында Қ.Жұбановтың термин мәселесін сөз еткен Термин сөздердің
спецификасы, Қазақ әдеби тілінің терминдері туралы, Қазақ әдеби тілі
терминологиясының принциптері атты мақалалары жарияланған.
Сонымен бұл кезеңде тілдің лексикасынан берік орын ала бастаған
терминдерді теориялық жағынан қарастыру, зерттеу мәселесі қолға алынды.
Төртінші кезең 1940-80 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ
лексикасына енген терминдердің орыс тілінің фономорфологиялық заңдылығына
бағына отырып ене бастады, яғни орыс тілі термин қабылдауда аралық тіл
қызметін атқарды. Мысалы, латынның intonare -қатаң, қатты айту деген
терминін, ағыл.intonation, фр. Intonation, нем. Intonation, орыс тілінде
интонация, қазақ тілінде де интонация деп қолданылады. Сондай-ақ,
лат.principium – принцип, гр.praktikos – практика, лат.archivum-архив т.б.
көптеген терминдер орыс тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкестендіріп
алынған сөздер қазақ тілінің лексикасына да солай енген. Осы кезге дейін
сол қолданыстар тілімізде орын алып келеді. Ал кезінде осы мәселеге белгілі
ғалым Х.Досмұхамедұлы да қарсы болған еді. Яғни, ғалымның пікірінше,
халықаралық деңгейге көтерілген интернационалдық терминдер шыққан тілінен
келесі бір тілге аралық тілді қатыстырмай (орыс тілін) тікелей енуі керек
еді. Осы көзқарасты біз де қолдаймыз. Бірақ, өкінішке орай терминдер орыс
тілінде қандай өзгеріске түссе қазақ тілінің лексикасына да сол қалпында
енгізілді. Бұл кезеңде осы жағдай үлкен орын алды.
Бесінші кезең 1990-2001 жылдар аралығын қамтиды. Еліміз егемендік
алғаннан бері лексикамызға көптеген жаңа сөздер еніп, тілдің сөздік құрамы
толықты. Ол сөздердің лексикаға ену тәсілдері төмендегідей:
1. Тілімізде бұрыннан бар бірақ, лексиканың пассив қабатындағы сөздердің
қайта қолданысқа түсуі. Мысалы, ханым, мырза, әкім, партия т.б.
сөздер.
2. Тума сөздер арқылы толығу жолдары:
а) Морфологиялық тәсіл.
ә) Синтаксистік тәсіл.
Бұл екі тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздерге: жолдаушы – арендатор,
сұраным-спрос, жариялама-репортаж, ұлықсаттама – виза, демеуші – спонсор,
құбыланама – компос, т.б.сөздерді келтіруге болады.
3. Өзге тілден қазақ тіліне аудару арқылы енген сөздер, яғни аударма
тәсілі. Соңғы жылдары тіліміздің лексикасына енген жаңа сөздердің
көпшілігі осы аударма тәсілі арқылы жасалып жүр. Мысалы, активист –
белсенді, адвокат – қорғаушы, стаж – еңбек мерзімі, участок – телім,
универсал- әмбебап, вариант – нұсқа, юбилей – мерейтой, администратор
- әкімші, акимат - әкімдік, диета – емдәм, т.б.сөздер.
1.2. Қазақ терминологиясының негізін салушы алымдар
Қазақ тілінің терминологиялық жүйесін сөз еткенде, оның тууына,
жасалуына, қалыптасуына тікелей қатысы болған, негізін салған екі алып деп
– А.Батрсынов пен Қ.Жұбановты айтамыз.
А.Байтұрсынов 1926 жылы Бакуде өткен Түркологтардың бүкілодақтық
бірінші съезінде жасаған терминология туралы баяндамасында былай деген:
Пән сөздері термин жағынан, басынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол
тұтынды, басқа түріктер әдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса
көркем болады дегендіктен, екінші өз тілдерінен пән сөздеріне лайық іздеуге
ерініп, дайын пән сөздерді ала бергендіктен, түркі ана тілі мен әдебиет
тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып, жойып жіберу дәрежеге
жеткен. Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға
тырысты десе [7], ғалымның замандасы, өз кезеңінің аса ірі тұлғаларының
бірі Х.Досмұхамедұлы: Тілге кірген жат сөздер бұралқы болып, тілдің шырқын
бұзады, тілге зиян келтіреді - деген [8]. Бұдан А.Байтұрсынов прен
Х.Досмұхамедұлының пікірлерінің астасып жатқандығын аңғарамыз.
А.Байтұрсынов пен онымен пікірлес ғалымдардың термин жасауға деген
көзқарасы қазақ терминологиясының принциптерінің жасалуына негіз болды.
1924 жылдың маусым айында Орынборда өткен Қазақ ғылыми қызметкерлерінің
бірінші съезінде қабылданған ол принциптері төмендегідей:
а) Пән сөздері ретінде ең алдымен тиісті ұғым мағынасын толық беретін
қазақ сөзін алу;
ә) Әлемдік пән сөздерін қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертіп
қабылдау;
б) Қазақ сөздерінен басқа тілдер сөздерінің бәрін қазақ тілінде
айтылуына (дыбыстық жүйесіне) сәйкес өзгертіп алу.
Термин жасау ісінде А.Байтұрсынов қаламынан туындаған жүздеген
терминдердің негізгі бөлігі бірінші принцип бойынша жасалған. Ғылыми термин
жасаудың жарқын үлгісін көрсете білген А.Байтұрсынұлына Ө.Айтбаев: Тілдің
бар қатпар – қыртысын сарқа пайдалана білуде А.Байтұрсынов үлгісін
таптырмайтын өнім - деп орынды айтқан [9].
Ғалымның ана тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалануда көрсеткен өнегесі өз
кезінде А.Байтұрсыновпен замандас көрнекті зиялылары тарапынан толық қолдау
тапты деуге негізіміз жеткілікті. Сол кезеңде оқулықтар жазған Ж.Күдерин,
М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедұлы, С.Қожанұлы, Е.Омарұлы т.б.авторардың
еңбектеріндегі қолданылған ғылыми атаулар айқын дәлел бола алады.
А. Байтұрсынов термин жасау ісіндегі тіліміздегі сөзжасам тәсілдерінің
барлығын іске қоса білген. Оның еңбектерінде әсіресе синтетикалық және
аналитикалық тәсілмен жасалған терминдер молынан кездеседі. Мысалы, қосым-
ша, көсем-ше, есім-ше, дәйек-ші (-ша, - ше, - шы, - ші), есімдік, етістік,
жалғаулық (-лық, - лік, - дық, -ді, - тық, - тік) сияқты терминдер
есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар арқылы жасалған болса, бастама,
әліптеме, зауықтама, сарындама, ұсынба, мазмұндама (-ма, - ме, - ба, - бе,
-па, - пе), марқайыс, сұқтаныс, әлектеніс, күліс сияқты әдебиеттану
терминдері етістіктен зат есім тудыратын жұрнақтарды пайдалану жолымен
туындаған. Ал, анықтауыш, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, толықтауыш
сияқты атауларды қимыл есімге – ым жұрнағын жалғау арқылы синтетикалық
жолмен жасалған терминдер.
Бұл тәсіл арқылы жасалған терминдердің артықшылығы – ықшам әрі бір ғана
терминдік мағынаны білдіреді және ана тіліндегі сөздер мен қосымшаларды
пайдалану жолмен түзелгендіктен бейтерминделуге бейім. Сондықтан да
терминологиялық лексиканы ғана емес жалпы лексиканы байытуға да мүмкіндігі
мол.
Ал, зат есім, сан есім, сын есім, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, жалаң
сөйлем, жайылма сөйлем, болымды, болымсыз сөйлем, толымды, толымсыз сөйлем,
құрмалас, салалас, сабақтас сөйлемдер, жай шырай, леп белгісі сияқты
терминдер аналитикалық тәсілдер арқылы жасалған.
Аталған терминдер негізінен калькалау тәсілі арқылы жасалған терминдер.
Бұл тәсіл жөнінде ғалым Г.Ц.Тюрбеев: Калькалау арқылы термин жасау өте
күрделі мәселе. Аударманың сәтті шығуы үшін өзге тілдегі сөздің
семантикасын, морфологиялық құрылысы мен қолданылатын саласын жақсы білу
керек - деген болатын [10].
А.Байтұрсынов жоғарыдағы терминдердің орыс тіліндегі аталған
қасиеттерін жақсы білумен бірге қазақ тілінің өз материалын ұтымды
пайдалана отырып, сәтті термин жасаған. Көрсетілген терминдердің қазақ
тілінің терминологиялық лексикалық қатарынан берік орын алып күні бүгінге
дейін өзгеріссіз қолданылып әбден қалыптасып кеткендігі – олардың сәтті
жасалғандығының айқын дәлелі бола алады.
А.Байтұрсынов еңбектерінде лексика-семантикалық тәсілмен жасалған
терминдер де едәуір. Олар: буын, жалғау, жұрнақ, бунақ, үстеу, одағай,
тармақ, тасымал, демеу, шумақ т.б.
Бұл көрсетілген терминдер жалпы қолданыстағы сөздерді термин ретінде
пайдалану, яғни терминдену тәсіл арқылы жасалған. Терминдердің терминдену
тәсілмен туындауына терминденуші ұғым мен терминденуші сөз атау болған
тілде бұрыннан бар ұғымның қандай да бір ұқсастығын негізге алады. Мысалы.
Жалпы қолданыста буын деп адамның денесіндегі сүйекті мүшелердің түйіскен
жерлерін айтса, лингвистикада ең кіші дыбыстық бөлік; тыныстау импульсі;
артикуляциялық тұтас комплекс - дейді [1].
Осы мысалдардан-ақ сөздің бастапқы мағынасын метафоралау арқылы да
А.Байтұрсынов ғылыми терминдерді өте сәтті жасай білгендігі көрініп тұр.
Ғалым еңбектерінен қимыл, атау формасымен келетін аңдау, ауыстыру,
әсірелеу, байымдау, дамыту, кейіптеу, мезгеу, теңеу, түйдектеу, шендестіру,
бүкпелеу сияқты әдебиеттану терминдері мен демеу, шылау, жалғау, үстеу
тәрізді тіл білімі терминдерін көптеп кездестіруге болады.
Кезінде, А.Байтұрсынов туристік бағыт ұста дып деп ол жасаған
терминдердің біразы қолданыстан шеттетілгені белгілі. Соған қарамастан
А.Байтұрсынов терминдерінің көпшілігі өзінің өміршеңдігін танытып келді.
Ал, арнайы шеттетілген терминдердің арасында бүгінде қайтадан қажетімізге
жарайтындары аз емес. Әдебиетші – ғалым Р.Нұрғалиев ғалым еңбегіне жазған
алғы сөзінде: Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап саралауға
мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, ғұрыптама, қалыптама
деген терминдер қазіргі ұғымдарымызға өзі сұранып тұр - дейді [11].
Расында да А.Байтұрсынов жасаған ондай терминдерді құнттап қолдана
білсек, талай терминдеріміз қазақы қалпына түскен болар еді.
Белгілі тілші – ғалым Р.Сыздықова: Жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты
әлеуметтік терминдердің көпшілігі А.Байтұрсынұлы қаламынан туындап, қазір
авторы ұмытылып жалпы халықтың кәнгі сөздер болып кеткендігін де айту
керек - деген пікірі айрықша көңіл аударарлық [12].
Белгілі ғалым Қ.Жұбанов Термин сөздердің спецификасы деп аталатын
мақаласында қазақ тіл білімінің тарихында тұңғыш рет терминге анықтама
беріп, 1935 жылы шыққан бюллетеннің 1-ші санында жазылған Қазақ әдеби
тілінің терминологиясы жайында деген мақаласында қазақ терминдерінің
принциптерін сөз етіп, 10 пунктен тұратын принциптерді көрсеткен. Олар
негізінен мынадай екі басты бағытты ұстанған:
1. Теория, практика, революция, тенденция, хирургия, климат, медицина
сияқты халықаралық терминдерді аудармай, сол қалпында қолдану
керектігін айтқан.
2. Практикада ұлт тіліне аударылатын производство (өндіріс), корень
(түбір), стебель (сабақ), деление (бөліну), сияқты халықаралық
деңгейде қолданылатын терминер аударылып алынуы қажет екенін айтқан
[13].
Сондай-ақ әрқилы ғылыми саналарда бір мағынада қолданылатын форма,
материя, реакция тәрізді терминдерді өзгертпей қабылдау керектігін және -
изация, - ификация, - ацияармен келетін машинизация, электрофикация тәрізді
сөздерді машина+ландыру, электр-лендіру, авто, аэро, авиа формаларымен
келетін сөздерді автожол, аэрошана, авиақатынас деп қазақша сөздерді қосып
жазу сияқты сан-алуан ұсныстарын айтқан.
Қ.Жұбанов термин жасауда қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалану
қажеттігі туралы принципінде, ана тілі негізінде термин жасаудың 4 түрлі
тәсілмен жасалатындығын айтқан.
Олар:
1. Лексика – семантикалық тәсіл.
2. Аналитикалық немесе синтаксистік тәсіл.
3. Синтетикалық немесе морфологиялық тәсіл.
4. Калька жолымен аудару тәсілі.
Қ.Жұбанов термин жасау ісімен де шұғылданған. Мысалы, түп мүше, жамау
мүше, жетек сөз, тұйықша, жалғауыш, қосалқы сөз сияқты терминдерді атауға
болады.
Қорыта айтқанда, қазақ халқының рухани көсемі атанған
А.Байтұрсынұлының халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне қосқан үлесі
мен ұланғайыр еңбектерінің мәні зор. Ол тек қазақ терминологиясының негізін
қалаушы ғана емес, сонымен қатар ХІХ ғасыр басындағы бүкіл ғылыми ой-
сананың қалыптасуына ықпал ете білген зор тұлға. Оның қаламынан туған
жүздеген терминдері мен ұстанған бағыт – бағдарының дұыс екендігіне күмән
жоқ. Керісінше, қазіргі таңдағы қазақ терминологиясы А.Байтұрсынов сынды
дарынды терминологтар мен оның ұстанған принциптерін қажетсініп отыр.
А.Байтұрсынов қазақ терминологиясының негізін қалаушы болса, Қ.Жұбанов
осы саланың сан қилы мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырған, өзінің ойлы
да ұтымды ізденістері мен терминологияның лингивтсика ғылымының үлкен бір
саласы ретінде дамып, өріс алуына ықпал жасаған дарынды терминолог.
Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы Айқап журналының ролі
XX ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінде бір ұғымды білдіретін сөзді
түрлендіріп, әртүрлі формада қолдану жиі ұшырасады. Мысалы, қазіргі әдеби
тілімізде тұрақталған білім, білік деген сөздермен қоса, онда білікді,
білгі, білмір сияқты сөздер де жарыса қолданылып отырады. Әр нәрсеге білік
керек, білік болмай бірлік болмайды, бірлік болмай тірлік болмайды
(Қазақстан. 1912. 21 февраль. 3-бет). Бұл турада білгілернің қараб тұрмай,
журнал сахифаларында қаламлары жылдамырақ үлгеруі керек еді (Айқап. 1911. №
7. 5-6.), Айқап журналы арқылы бағзы бір адамлар хозларының көңілдегі
толқұб журган хиялдарына жауаб іздеб білмірлардан сауал сұраб еді. (Сонда.
1912. № 3. 49-6.). Мұндай мәселелерді ашу ушун елдің білмір бас адамла-
рының бір жерге жиылуб кеңес етуі тиіс. (Сонда. 1913. № 4. 75-6.).
Семинаріне һәм учительски школ секілді орындарға кіруге қанша білік керек?
(Сонда. 1912. № 7. 167-6.). Білім мен білік сөздерін саралап қолдану қазір-
гі баспасөз тілінде де кездесіп отырады. Біз сонда ғаңа балаларымызға заман
талабына сай білім мен білік та-ныта аламыз (Қазақстан мұғалімі. 1963. 29
июнь. З-б.). Осы сияқты Айқап журналы түзу сөзімен түзік деген көне
тұлғасын көбірек қолданады. Бұл емленің түзік болуы үшін ен керегді
қағидалар (Айқап. 1913. № 10. 217-6.).
Сол сияқты журнал беттерінде отырықшы, отырақшы, отырақ, отырықты,
отырық және жабайы, жай сөздерінің бірінің орнына екіншісінің қолданылуында
ешбір мағыналық айырмашылық жоқ. Бұл сияқты сөздер тіпті бір мақаланың
ішінде де жарысып қолданылып отырады.
Бір ұғымды білдіруде бірнеше сездің жарысып қолданылуындағы
параллельдің бірі — қазақтың төл сәзі я жаңа сәз болса, екіншісі — басқа
тілден енген сөз болады. Сол ілтифатқа алмаған уақытында бізге жиылыс керек
(Айқап. 1913. № 10. 221-6.). Қышлақ жағында өзара бір жамиғат жасалып мені
де шақырды (Сонда. № 3. 53-6.). Сол сияқты проект — жоба, жер өлшеушілер—
землемерлер, дохтор — табиб т. 6. сөздерді кездестіреміз.
Айқап журналдарының беттерінде жаңа сөз жасаудың көптеген тәсілі
пайдаланылып отырады. Соның бірі — ежелден қолданылып келе жатқан сездерді
жаңа мағынада, иә үстеме мағына, мағыналық реңк қосып жұмсау. Бұлардың
қолдарын қойдырған соң, өзлары жазу білген (грамотный) үш адам қол қойуы
тиіс. Бұл үш адамды гуалар (свидетели) деб атайды (Сонда. № 6. 120-6).
Бұлар (молдалар — Ө. А.) бала оқутыб ағартады деуге де болмайды не ушун
десеңіз балаға тағлим берерлік моллаекеңнің өзінің ғылыми нысабқа толмаған
(Сонда. 1914. № 5. 85-6.).
Әдебиет кеші, серік (товарищество), кеңес (совещания), астаһа (публика)
т. б. сияқты жана сөздер немесе жаңа мағынада қолданылған сөздер көптеп
кездеседі.
Сырт қарағанда, куә сөзінің Айқап қосқан жаңа мағынасы жоқ сияқты.
Өйткені қазақ тілінде бұдан бұрынғы дәуірлерде де куә сөзі бірнәрсеге айғақ
болушы, растаушы деген мағынада қолданылып келген. Бірақ бұл жерде куә
жалпы айғақ болушы ғана емес, рәсми айғақ болушы мағынасында, яғни
терминдік мәнде қолданылып отыр. Ол адамдар куә болғандығы үшін қол қоюы
керек. Ағарту етістігі бұрын өзінің тура, ақ түске айналдыру мағынасында
қолданылып келсе, бұл жерде үйрету, сауаттандыру, оқыту мағынасында
жұмсалған. Ағарту етістігінің дәл осы мағынада әдеби тілімізде тү-
рақтануында Айқап журналының қызметі ерекше. Жалғыз бұл емес, оқу-ағарту
саласында журнал сан алуан жаңа сөз енгізді. Оның көбі-ақ ана тіліміздің
ішкі мүмкіндіктерінің негізінде жасалып отырды. Ол, бір жағынан, Айқап
журналының халқымызды оқу-ағарту ісіне шақырып, сол жолда елге қызмет
етудегі мақсат бағытынан да айқын көрінеді. Халық арасында оқу, білім алу
ісін өркендету, әсіресе ескі мұсылманша оқудан гөрі жаңаша, европа
халықтарынан үлгі-өнеге алу, сол жолда оқу сияқты мәселелер Айқап
журналының көтерген өзекті проблемаларының бірі болып саналады. Тіпті
Айқап журналының оқу-ағарту ісін, халықтың білім алу қажеттігін сөз
етпеген бірде-бір номері жоқ деуге болады.
Журнал қазіргі заманда ел болудың кілті білімде, өнерде, оқуда деп
уағыздады. Сондықтан да оқу-ағарту саласына байланысты сөздерді мейлі ол
кірме сөз болсын, мейлі жасанды лексема болсын, Айқап журналының көптеп
қолдануы заңды да. Өзге мысалдарды да осылайша талдауға болады.
Нисап сөзінің қазіргі қанағат, тойымдық мағынасынан гөрі шегіне жету,
білімі толысу, білім дәрежесі мағынасында қолданылған тәрізді. Берілген
мысалда ғылыми нысапқа толмаған деген тіркес қажетті білімі жоқ, білім
дәрежесі төмен мағынасын білдірген. Кеш сөзі де бұл жерде жаңа мағынада,
яғни сауық жиыны, бас қосу жиыны мағынасында қолданылып отыр. Бұл сөездің
осы мағынасы ана тіліміздің материалы негізінде туып тұрса да, оған орыс
тіліндегі вечер сөзінің де әсері жоқ емес. Қазіргі әдеби тілімізде бұл
сөз дәл осы мағынасында берік еніп, мықты орын тепті.
Кеш сөзінің дәл осы мағынасында тек бұл кезеңдерде әдеби тілге ене
бастауын көрсете алатын мынадай фактілер бар. XIX ғасырдың соңғы
бөлігінде шығып тұрған Дала уалаятының газетінде кеш сөзі қолданылмай,
оның орнына тамаша не ойын сияқты сөздер қолданылған. Бұған мынадай мысал
дәлел бола алады. Мужской гимназияда яғни еркек балалар оқитұғын жерде 3-
ғинуардың түнінде 1888 жылы бек тамаша ойын қылғанлар (ДУГ, 1888. 1 июль).
Орысша аудармасында бұл тіркес Литературный вечер деп берілген. Ал XX
ғасырдың бас кезіндегі баспасөз тілінің өзінде кеш сөзі кейде араб, иран
тілдерінен енген ахшам сезімен ауыс тырылады. Мысалы: Әдебият ахшамы
(Қазақстан. 1912. 21 февраль). Осының өзі кеш сөзінің тілімізге орнығып
қалыптасуында қызық кезеңдер болғанын, тарихы бар екенін байқатады.
Қазіргі уақытта бұл сөздің сөзжасамдық, тіркесімділік қабілеті кеңейді.
Ол әдеби кеш дегеннен басқа сауық кеші, музыкалық кеш немесе белгілі бір
мүшел тойға, датаға, тойға байланысты тіркестер құрамында жиірек
қолданылатын болды.
Осындай жаңа мағынаға ие болған сөздер серік және кеңес, т. б. Осы
тәріздес әр мағынада қолданылған сөзге майданды да жатқызуға болады. Мыс:
Айқапқа айтар екпеміз болса, халық майданына қоймай-ақ өз аралықтарымызда
да бітірсеңіздер де болатұғын еді ғой (Айқап. 1914. № 7. 118-6.). Енді
бұрынғы замандағы һәм осы күнгі ақылды, ойлы кісілер дүние жайынан ездері
сынау-тәжірибе ету мекен табқан халықға файдалы болған ойларын, фікірлерін
уәм кім білуб файдалансун, күн елту жолын түзесек деб кітап қилуб жазуб
майданға шығарған (Сонда. 1913, № 8. 171-6.). Айқап журналында халыққа
ықыласы бар қалам ұстаған жаңа фікірлеріміз халқымыздың файдасына осыны
істелік деб көб сөзлер жазып майданға салды (Сонда. 1912. № 2. 1-6.).
Майдан сөзі парсы тілінен қазақ тіліне бір-неше мағынасымен енген. Қазіргі
әдеби тілде солардың ішінен соғыс даласы, ұрыс болған жер деген мағынасы
көбірек қолданылады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі негізінен бұл
сөздің осы мағынасын ғана береді. Сонымен бірге әдеби шығармаларда майдан
сөзі тойтарыс беру, бетін қайтару, жеңу мағынасында да кездеседі. Оған М.
Әуезовтің Еңлік—Кебегіндегі мына жолдар дәлел. Матай қолын бастап келе
жатқан өңшең ығай мен сығай көкжал бері дәл жортуыл басы он бес батырға
жалғыз өзі майдан берген. Сол сияқты бұл сөздің алаң, жалтыр
мағынасы да жоқ емес. Ауыз әдебиетіне жататын Жар-жар өлеңінде
кездесетін: Есік алды қарасу. Майдан болсын жар-жар, дегендегі майдан осыны
керсетеді. Майдан сөзінің бұл мағынасы Абай шығармасында да кездеседі.
Астында дария — көк майдан? Үстінде сәуле — алтын күн.
Демек, Айқап тілінде майдан сөзінің талқы, талас, көптің пікірі,
жариялау, пікір таласы сияқты мағыналарда қолданылуына таңдануға болмайды.
Бірақ бұлай қолданудың өзі тұрақты бола бермейді. Жоға-рыдағы үш сөйлемдегі
майданның бір-бірінен ептеген болса да мағыналық өзгешеліктері бар.
Айқапта кейде бұның орнына басқа сез де қолданылып отырады. Мысалы, бұл
істердің барлығының да хата екендігі айтылыб, ...ел болыб мынадай пригавор
бойынша іс жүр-гізуге қаулы қылысды (Айқап. 1915. № 5. 76-6.). Бұл жерде
әшкерелеу, жүртқа жариялау, жұрт талқысына салу мағьшасында халық (жұрт)
майданына қою тіркесімен синонимдес қолданылған.
Айқап журналының сөз қолданысындағы тағы бір ерекшелік, әдетте көп
қолданыла бермейтін, бірақ әдеби тілде бар сөздердің, сондай-ақ көне түркі
тілінде, жазба мұраларда молынан қолданылған, көне формалы сөздерді
жандандыра түсу тенденциясының байқалуы. Мысалы, кісі құны жүз түйе деб,
жүз түйеге баһалаб екі жүз байтал кескі қылды (Айқап. 1913, № 2. 41-6.).
Қазақдан миллионер бай жоқ: шебер муһандес (ар. құрылысшы. архитектор,
геометр — Ө. А.) жоқ, маһир доктор жоқ, адал адвокат жоқ, бұ неден (Сонда.
1912. № 8. 203-6.)? Мубада (п. әлдеқалай, кейде бір — А. Ө.) оңуб, жеңсігі
басылған біреуде бар болса, хабарын білсем, пұлын төлеб алар едім (Сонда.
1913. № 8. 185-6.).
Кескі, майыр, жеңсік сөздері қазіргі жазба әдебиетте қолданылмай ұмыт
қалып келе жатқан сездер деуге болады. Кескі сөзі қазіргі қолданылып жүрген
үкім дегенмен синонимдес, бірақ екеуінің айырмашылығы да жоқ емес. Бұл екі
сөз екі дәуір құрылысына байланысты. Кескі — көне заман төрелігіне
байланысты болса, үкім — жаңа заманның заң, право органдарының ісімен
байланысты. Бірақ осыған қарап, кескі сөзін әдеби тілде қолданудың ешбір
қажеті жоқ деген пікір болмаса керек. Өйткені бұл екі сөздің мағыналық
жағынан өзгешеліктері жоқ емес. Үкім сөзі айыптап та, арашалап та
қабылданған шешім болса, кескі — айыптап қабылданған шешім. Бұл — қазақтың
төл сөзінен жасалған етене лексема. Кес деген етістік түбірге зат есім
тудыратын -ік жұрнағы жалғанып, оның үстіне қатыстық сын тудыратын -і
жұрнағы үстеліп барып жасалған. Кейде ол соңғы -і жұрнағынсыз да қолданыла
береді. Мұндай сұмдыққа қазақ айтқан жол жоқ. Кесігін де айтпапты, —
деді... Жаңағыдан әрі жазылған жоқ. Пәлен етем деп кесікті байлауын да
айтпады (М. Әуезов. Абай жолы. І-том, 25—26-6.).
Көркем сөз шебері, тіл білімпазы, нәзік талғамды* М. Әуезов
кескі (кесік) сезін кәдеге жаратып, құбылтып қолданған. Бұл сөзді тек атау
күйінде терминдік мәнде ғана емес, одан сын есім де туғызып, жаңа
тіркес кү-рамында да жұмсаған.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz