Көп мағыналы сөздерді ғылыми тұрғыдан талдау
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жалпы адамзат тілі қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қай халықты алсақ
та оның басынан өтксн қилы-қилы кезеңдері сол халықтың тіліне ізін
қалдырмай түрмайды. Себебі, "сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық
тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Біреуін
екіншісінен бөліп алуға келмейді. Бірін айтсақ бәрін байланыстырып бірге
қатар айтуды қажет етеді" 1,140. Осы қатынастардың сырын ашу — тілшілер
алдында тұрған үлкен міндет.
Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең
зерттелгенімен, зерттеуді одан әрі қажет ететін мәселелер де бар. Соның
бірі — көп мағыналылық.
Зерттеудің өзектілігі. Көп мағыналы сөздердің басқа лексикалық-
семантикалық топтармен байланысы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу объектісі
болған жоқ. Орыс тіл білімінде бүл бағытта көптеген ғылыми еңбектер
жазылды. Кейінгі жылдары қазақ тіл білімі де біршама еңбектермен толықты.
Бұл ретте К.Аханов "Қазақ тіліндегі омонимдер"; Ә.Болғанбаев "Қазақ
тіліндегі синонимдер"; Ж.Мусин "Қазақ тіліндегі антонимдер"; Р.Садықбеков
"Қазақ тіліндегі сөздердің көп мағыналылығы"; және М.Оразовтың "Қазақ тілі
семантикасы" еңбегін атауға болады. Аталған еңбектерде сөздердің лексикалық
мағынасының құрылымдық сипатына қатысты құнды пікірлер айтылған, өзіндік
ерекшеліктері, тілдегі мағына өзгеру механизмдері жайында түрлі пікірлер,
көзқарастар беріліп, лексикалық мағынаның компоненттік құрамы анықталған.
Сөз мағынасы түрлі қырынан ашылып, талдауға түскен. Дегенмен де тілде
лексика жүйелі құбылыс ретінде қаралып, ортақ бір белгісіне қарай біріккен
единицаларды парадигмалық қатынаспен байланысты қарастырудың маңызы ерекше.
Қазақ тіл біліміндегі лексиканың (сөздік қүрамның) жүйелік сипаты жөнінде
сөз қозғаудың өзі тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Қазақ тілінде мағына
ұқсастығына немесе қарама-қайшылық т.б. белгілеріне қарай парадигмалық
қатынасқа біріккен сөздерді ашып айқындау зерттеудің қажеттілігін,
маңыздылығын арттыратындығы сөзсіз.
Зерттеу жұмысымызға басты желі етіп алынып отырған көп мағыналы сөздер
бірнеше лексика-семантикалық топтардың құрамы жағынан баюына негіз бола
алады. Біріншіден, бұл категория синониммен мағыналық жақтан байланыса
келіп, оны сан жағынан дамытып отыратын құбылыс. Көп мағыналы сөздің
бастапқы (негізгі) мағынасы өзімен мағыналас сөзбен бір синонимдік қатар
құраса, қосымша мағынасының дамуы негізінде жаңа синонимдік сыңар жасалады.
Екіншіден, көп мағыналы сөздердің мағыналары дами келе бір-бірінен
алшақтап, әр түрлі ұғымдағы сөздер ретінде танылуы да мүмкін. Соның
нәтижесінде омоним сөздер жасалады да, тілде екі тәуелсіз номинативті
мағына пайда болады.
Үшіншіден, антонимдер бір сөз табына енетін сөздер арасында болады да,
бір лексика-семантикалық топтың құрамында өмір сүреді. Олар сөздің бүкіл
мағынасында емес, тек белгілі мағынасында ғана жақындасады. Демек,
антонимдерді қарастыруда да, антоним таңдауда да сөздің көп мағыналығын
ескеру керек.
Зерттеудің нысаны. Диссертация қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден
жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларды айқындауға арналады.
Мұндай құбылысты көрсету үшін зерттеу жұмысымызда мына сияқты түпнұсқалар
мен деректер пайдаланылды: "Древнетюркский словарь", Э.В.Севортян
"Этимологический словарь тюркских языков", "Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігі" (1-10 т.т), М.Белбаева "Қазақ тілінің омонимдер сөздігі",
Ә.Болғанбаев "Қазак тілінің синонимдер сөздігі", Ж.Мусин "Қазақ тілінің
антонимдер сөздігі", сондай-ақ газет-журналдар мен А.Құнанбайұлы, М.Әуезов,
Б.Майлин, С.Бегалин, Ә.Сәрсенбаев, О.Шипин т.б. шығармалар жинағынан
мысалдар теріліп алынды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмысымыздың негізгі
мақсаты — көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік, омонимдік, антонимдік
қатарларды анықтау, оларды лексика-семантикалық аспектіден зерттеу, ғылыми
тұрғыдан талдау. Алға қойған мақсатымызға жету үшін бір-бірімен іштей
байланысатын мынадай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді міндет етіп
қойдық:
♦ Лексикалық жүйенің дамуына көп мағыналылықтың қосқан үлесін
анықтау.
♦ Сөздің мағыналық қатынасының шетел, орыс тілі, түркітану және
қазақ тіліндегі зерттелу жайларына шолу жасау.
♦ Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдердің лексика-
семантикалық сипатын анықтау.
♦ Көп мағыналы сөздерден жасалған омонимдердің мағыналық байланысының
сырын ашу.
♦ Көп мағыналы сөздерден жасалған антонимдердің өзіндік
ерекшеліктерін айқындау.
♦ Сөз мағынасының табиғатын айқындауға бағытталған еңбектерге шолу
жасап, сыни көзқарас білдіру.
♦ Лексикалық-семантикалық топтардың парадигмалық, синтагмалық
қатынастарын ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдік,
омонимдік, антонимдік қатарларды анықтау қазақ тіл білімінде бірінші рет
зерттеу нысаны болып отыр. Мұның лексикалық жүйені айқындауда көмегі зор.
Арнайы зерттеу нысаны бойынша мынадай мәселелер тұңғыш рет ғылыми шешімін
тапты:
▪ Көп мағыналы сөздер мен лексикалық-семантикалық топтардың өзара
байланысы арнайы қарастырылып, олардың арақатынасы мен айырмашылықтары
түсіндірілді.
▪ Көп мағыналы сөздер мен синоним, омоним, антоним категорияларының
жүйелі түрде бір ғана парадигмалық қатынасқа енетіндігі дәлелденді.
▪ Олардың арасындағы мағыналық байланыс бірінен-бірі туындап
жататындығы айқындалды.
▪ Сөздің мағыналық қатынасы бірте-бірте кеңейе беретіндігі
анықталды.
▪ Антонимдердің үғымдық сипатын анықтау арқылы оның көп мағыналылықпен
байланысының сыры ашылды.
▪ Көп мағыналылық пен лексикалық-семантикалық топтардың арақатысы
негізінде лексиканың жүйелілігі бір қырынан сипатталды.
▪ Сөздік құрамның ішкі бірлігі оның парадигмалық және синтагмалық
байланысынан көрінетіндігін түсіндірілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Парадигмалық, синтагмалық
қатынастар, лексиканың жүйелілік сипаты туралы жұмыстың қорытындылары мен
тұжырымдары қазақ лексикологиясы мен семасиологиясы бойынша тың түйін
жасауға, жаңа бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай теориялық
қағидаларды жоғары оқу орындарында, гимназия, лицей сыныптарында арнаулы
курс немесе арнайы семинар ретінде оқу бағдарламасына енгізуге болады.
Лексикалық-семантикалық топтар сөздігі практикалық жұмыста орта, арнаулы
орта мектеп оқушылары үшін де, студенттер үшін де көмекші құрал бола алады.
Көп мағыналылық негізінде синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың
пайда болуы туралы теориялық қағидалар, тұжырымдар синонимдер, омонимдер,
антонимдер сөздіктерін құрастырғанда белгілі бір дәрежеде көмегін тигізуі
мүмкін.
Зерттеудің әдістері. Диссертациялық жұмыстың мақсатына орай сипаттама,
салыстырмалы әдістер басшылыққа алынады. Жиналған материалдарды іріктеу
барысында жүйелеу, талдау әдістері пайдаланылады. Көп мағыналы
сөздерден жасалған синонимдердің, омонимдердің, антонимдердің жиілігін
анықтауда татистикалық әдіс қолданылады. Зерттеу материалдары ретінде
қазақтың көркем әдебиет туындылары, газет-журналдар және синонимдср
сөздігі, омонимдер сөздігі, антонимдер сөздігі, көне түркі сөздігі, көп
томдық түсіндірме сөздіктері пайдаланылады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Лексикалық-семантикалық топтардың парадигмалық және синтагмалық
қатынастары туралы.
2. Көп мағыналы сөздердің лексикалық жүйедегі орны.
3. Көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған синонимдердің
ерекшеліктері.
4. Көп мағыңалы сөздердің мағыналарының ыдырауы нәтижесінде пайда
болған омонимдердің номинативтілік дәрежесі.
5. Көп мағыналы сөздердің негізінде жасалған антонимдердің
өзара байланысы.
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен жариялануы. Диссертация әл-Фараби
атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде өткен М.Серғалиевтің
туғанына 60 жыл толуына байланысты конференцияда (1998, наурыз); жас
ғалымдар конференциясында (1999, сәуір) баяндалды. Қазақ филологиясы
кафедрасының мәжілісінде талқыланды. Зерттеу тақырыбы негізгі ғылыми
зерттеу бағытымен сәйкес келеді. Диссертацияның негізгі мазмұны бойынша
республикалық басылымдарда автор тарапынан "Сөздік құрамның жүйелік
сипаты", "Көп мағыналы сөздердің зерттелу тарихынан", "Синонимдердің
зерттелу тарихы", "Көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған синонимдер",
"Омонимдердің көп мағыналы сөздердің есебінен жасалуы" сияқты мақалалар
жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспе мен негізгі мәселелерді
қамтитын үш тараудан, қорытындыдан және қосымша материалдан тұрады. Еңбек
соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің лексикология саласында көп мағыналы
сөздердің алатын орны ерекше. Сөздің мағынасының өзгеруінің, (бастапқы
мағынасының үстіне бірнеше қосымша мағыналардың (жамалуының өзіндік
даму, қалыптасу заңдылықтары бар. Сөз және оның мағынасының
төңірегінде әр алуан көзқарастар болғандығы бізге мәлім. Себебі, сөз
мағынасы қыры-сыры мол құбылыс. Ол ежелден-ақ көптеген тілшілердің
қызығушылығын тудырып, олардың назарына іліге отырып, түрлі-түрлі
пікірталастың негізгі объектісі де болып келді. Бұл пікірталастар көбінесе
сөздердің көп мағыналы болу мәселесіне негізделген. Осы орайда кейбір
зерттеушілер сөздің көп мағыналы болатынын мойындамай неше мағына болса,
сонша сөз болуы керек деп қараса, екінші біреулері сөздің көп
мағыналығы кездейсоқ нәрсе деп, үшінші бір топ тілшілер сөздің көп
мағыналығы тілдің көне дәуірінің, сол дәуірдегі сөздердің диффуздық
(жіктелмеген, ажыратылмаған) қалдығы деп қарайтын болса, енді біреулері бір
сөз бір өзі-ақ бірнеше мағына бере алады дейді.
Жалпы сөз мағынасы жөніндегі ілім — семасиология деп аталады. Қазіргі
кезде әр алуан бағытта зерттеу жұмысын жүргізуші көптеген тілшілер оған
баса назар аударуда. Семантиканың лингвистиканың бір саласы ретінде XIX
ғасырдың аяғында француз лингвисті М.Бреаль негізін салды. 1897 жылы оның
"Essai de semantigue, science des significations" ("Очерк семантики, науки
о значениях") деген кітабы жарық көрді. Бреаль бұл саланың негізгі
мақсаттары деп мыналарды айтады: "... мы предлагаем исследовать, как же
происходит, что слова, однажды созданные и наделенные определенным
значением, расширяют это значение или сужают, переносят его с одного круга
понятий на другое, повышают либо понижают его ценность, коротко говоря,
изменяют его", - деп атап көрсеткен болатын. Осылайша лингвистикалық
семантика пайда болып, ұзақ уақыт тарихи ғылым - тарихи семантика немесе
тарихи семасиология ретінде қарастырылып келді.
Сонымен, семасиология XIX ғасыр соңынан бастап тіл білімінің дербес
пәні болып есептелініп, осы кезге дейін сөз мағынасының өзгеру жолдары, оны
анықтаудың, зерттеудің әр түрлі бағыттары мен әдіс-тәсілдері қалыптасып
біршама материалдар жинақталып, маңызды қорытындылар мен түжырымдар жасалды
және семантикалық зерттеудің негізгі принциптері белгіленді. Алайда
семасиологиялық тұрғыдан әлі де болса зерттей түсуді, зерттелгендерінің
өзін әрі қарай талдай түсуді қажет ететін тұстары жеткілікті. Себебі
жоғарыда айтылып кеткендей сөз және оның мағынасы көне дәуірден-ақ тілшілер
мен ойшылдардың философтардың назарынан тыс қалмай талай пікірталастар
тудырып жүрген күрделі мәселе болғанымен де, семасиология еген терминнің
өзі, оның пән ретінде зерттеле бастауы тіл ілімінің басқа салаларына
қарағанда кеш қолға алынды. Ал түркологияда ол тіпті кенже пән болып
есептеледі. Егер лексикология — тіл білімінің сөз және оның құрылымын
зерттейтін саласы болса, семасиология — сол сөздердің мағыналарын
зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Сөз мағынасы — көп сатылы, көп
қатпарлы құбылыс, ол — таңбажасам (семиосис) процесімен байланысты барлық
құбылыстардың гаммасы. Лингвистиканың бұл екі саласы бір-бірімен өте тығыз
байланысты болып келетіні бізге белгілі. Өйткені әр сөздің екі жағы болады:
бірі — сыртқы материалдық жамылғыш (дыбыстар комплексінен тұрады), екіншісі
— оның мазмұны, яғни мағынасы.
Сөйтіп, семасиология сөздің мағынасын, оның дамуы мен өзгеруін, ауысуын
және оның әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ ол өзгерістердің болуының себептерінің
ішкі, сыртқы заңдылықтарын қарастырады. Семасиологияның негізгі мақсатының
бірі — тілдік единицаларда тілден тыс құбылыс қалайша көрініс табатынын
зерттеу. Тілдің лексика-семантикалық жүйесін басты түрде қамтамасыз етуші
болмыстағы құбылыстар арасындағы байланыс пен қарым-қатынас тілдің өзіне
қарағанда, әрине, сыртқы заңдылық боп табылады. Алайда кез келген таңбалық
жүйе берілген жүйеден тыс жатқандарды белгілеу үшін қолданылады, және таңба
(сөз) мағынасының өзі берілген жүйеден тыс та ашылады.
Бірақ бұдан тілдің лексика-семантикалық жүйесінің тілдік ерекшелігінің
рөлі төмен екен деп түсінбеу керек.
Сездің лексикалық мағыналары біркелкі емес. Мағыналардың арасындағы
айырмашылық, ең алдымен, ақиқат өмірдегі заттар мен құбылыстарға қатысы
жағынан айқын көрінеді. Сөздің кейбір мағыналары зат немесе құбылысқа
нақтылы атау болып жеке өзі тұрып-ақ түсінікті болатын болса, кейбір
мағыналары тек сөйлем ішінде, контексте ғана ашылып түсінікті болады.
Сөздің жеке тұрып білдіретін мағынасы мен сөйлем қүрамында келіп білдіретін
мағыналары басқа-басқа болып келеді. Соған орай сөз мағынасын: негізгі және
туынды мағына, тура және ауыспалы мағына, конкретті және абстракты мағына,
ортақ және қосалқы мағына т.с.с. деп бөліп қарастырамыз. Жалпы мағынаны әр
зерттеуші өзінше түсінеді. Бұндай әртүрлі түсінушілік зерттеу жұмысының
бағытына, тілдер тобының ерекшелігіне байланысты. Сөз мағынасын
зерттеудің әртүрлі жолы бар. Сөз мағынасын тезаурустық сөздік бойынша
зерттеу бар, лексикалық мағынаны психологиялық зерттеу, сөз мағынасын
полисемия құбылысы ретінде зерттеу бар. Негізі сөздің
лексикалық мағынасының зерттелуі барысында әр кезде әртүрлі
бағыттар өмірге келіп отырады. Қалай дегенде де сөздің мағыналық
жақтарын зерттеудің әрі теориялық, әрі практикалық зор мәні бар.
Өйткені тіліміздің сөздік құрамы, ондағы сөз мағыналарының өзгерісі
тілімізде үздіксіз болып отыратын процесс. Қоғамның, ондағы құбылыстардың
дамуы барысында кейбір сөздердің мағынасы тарылып отыратын болса, ал кейбір
сөздердің мағынасы, керісінше дамып, бұрыннан бар бастапқы мағынасының
үстіне жаңа мағыналар үстеліп отырады. Жаңа мағына жоқтан бар болмайды.
Олардың пайда болуына тілдегі бар сөздік материалдар негіз болады. Ол
жөнінде Р.Барлыбаев былай деп көрсетеді: "бір жағынан, жаңа мағына жасау
тілдегі бар материалдардың негізінде болса, екінші жағынан сол жаңа
мағынаны көрсету мұқтаждығы сол сөздің мағынасының дамуына, сол сөзбен жаңа
сөз жасауға себепкер болады. Сыртқы қоғамдық жағдай жаңа мағынаның тууына
стимул болса, ол тіліміздің ішкі мүмкіндіктері арқылы қалыптасып жарыққа
шығады".
Сөйтіп, тіліміздегі сөздердің бұрынғы мағынасының үстіне бірнеше басқа
мағыналар қосылып сөз кеп мағыналылыққа ис болады. Сөздің көп мағыналылыққа
ие болуының өзіндік заңдылықтары, әдіс-тәсілдері бар. Ол жөнінде
еңбігіміздің I тарауында ашып айтылады. Жалпы, тіліміздегі сөздер белгілі
бір заңдылықтар бойынша байланысқан, ұйымдасып келген бір бүтін, біртұтас
жүйелі құбылыс. Лексиканы жүйелі категория деп тану лексикалық мағынамен
тікелей байланысты. Сөздік құрамның ішкі бірлігі оның парадигмалық және
синтагмалық байланысынан көрінеді.
Лексикалық жүйе үшін сөздердің тобының негізгі түрі лексика-
семантикалық топ (ЛСТ) болып табылады. Ал ол сөздерді белгілі бір ЛСТ-қа
біріктіруші сөздің лексикалық мағынасы. Басқаша айтатын болсақ, лексикалық
мағына сөздерді белгілі бір заңдылық бойынша лексика-семантикалық топтарға
біріктіреді. Бір ЛСТ-тағы сөздердің негізгі парадигмалық ерекшелігі олардың
мағыналарында біркелкі семалар болады. Яғни бір ғана топқа бірігу (ену)
үшін не мағыналары ортақ болады, немесе мағына қарама-қарсылығына
негізделеді. Бұндай топтар кейде өзара байланысып та келеді.
Жалпы адамзат тілі жүйелі категория. Олар бірімен-бірі байланысып,
бірінен-бірі туындап жатады. Міне, осы тұрғыдан келгенде көп мағыналы
сөздер де бірнеше ЛСТ-тардың жасалуына негіз болатындығы жөнінде біз өз
еңбегімізде сез қозғағалы отырмыз. Қазақ тіл білімінде көп мағыналы
сөздердің өз табиғаты, сондай-ақ басқа да ЛСТ (омоним, антоним, синоним)
айқындалғанмен, көп мағыналы сөздерден жасалатын ЛСТ жөніндегі мәселе әлі
де болса тың жатқан құбылыс.
I. ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР
Адамзат қоғамының қарым-қатынас жасаушы құралы — тіл екенін бәрімізде
білеміз. Кез келген сөздің алатын өз орны бар. Өйткені адам баласы бір-
бірімен пікір алысып, тіл арқылы қатынас жасағанда, ең алдымен сөзге
сүйенеді. Р.А.Будагов: "Сөз ең негізгі категория. Тіл жөнінде ойласақ,
әдетте, сөз туралы ой жүгіртеміз. Өйткені тіл сөздерден тұрады, сөздерге
бөлінеді, сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасы, байланысы арқылы іске
асады. Тіл туралы ғылым сөзбен бірге басқа да тіл категорияларын
қарастырады, бірақ басты табиғи категория ретінде сөз алынады",-деп өте
дұрыс айтқан 2,5.
Сөз — тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі
болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөзді бір ғана қырынан
зерттеп, өз заңдылықтарына сай сөз етеді.
"Тілдің дыбыстық және мағыналық жақтары, сөз және морфема, сөз тіркесі
және сөйлем тілдің жалпы ортақ жүйесінің әр тектес элементтері ретінде
қарастырылады да, оны әралуан бөлшектерден құралған "жүйенің жүйесі деп
атаймыз", - дейді Д.Н.Шмелев 3,5. Осыған орай тіл білімі біршама дербес,
бірақ өзара шарттас және бір-бірімен байланысты қазіргі қазақ тілі
курсының мынадай негізгі салаларынан тұратындығын айтуға болады:
қазақ тілі фонемасының жүйесі мен дыбыстық қатарын зерттейтін фонетика
(фонология); морфология мен синтаксис сияқты екі тараудан тұратын
грамматика; тілдің сөздік құрамын, оның тарихи дамуы мен қазіргі
қалпы тұрғысынан қарастыратын лексикология. Аталған негізгі салалармен
тікелей байланысты және оларды толықтыратын тіл туралы ғылымның
прагматикалық бағыттағы тараулары: орфоэпия, орфография, графика,
пунктуация, стилистика: Тілді қарастыру барысында тілші Б.Момынова
айтқандай әуелі ең кіші тілдік бірлікті анықтап аламыз да,
енді одан біртіндеп күрделіге қарай иерархиямен сатылап зерттейміз
4,6. Бұл тіл білімінде қалыптасқан дағды. Қазіргі орыс тіл білімінде
семасиология мәселесімен айналысып жүрген Н.И.Гайнуллина да осы пікірді
құптай отырып, тілдік единицаларды зерттеу барысында жеңілден ауырға
қарай бағыт жасалатындығын, оны ғылымда стратификация деп атайтындығын
айтады 5,12. Сол себепті ғылыми зерттеу процесінде тілдік
единицалар төмендегідей бір ізбен қатарланады: фонема - өзіндік мағынасы
жоқ, бірақ бір сөзді скінші сөзден, бір морфеманы екінші
морфемадан ажыратуға септігі бар, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық
единица. Морфема — сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін кіші
мағыналық бөлшегі. Сөз — өзіндік дербес лексикалық мағынасы бар,
тілдің өз алдына бір кіші единицасы. Сөз тіркесі — мағыналық және
грамматикалық жақтан байланысқан скі нсмесе бірнеше айрықша мәні бар
сездер. Сөйлем — біршама тиянақты ойды білдірстін және предикаттық
синтаксистік конструкциядан тұратын тілдік единица. Бұдан байқайтынымыз,
сөз берілген стратификацияның орталығында жүреді.
Тіліміздегі бүкіл сөздердің жиынтығын сөздік қүрам немесе лексика деп
атап, оны тіл білімінің бір саласы — лексикология қарастырады. Лексикология
— сөздік құрамның пайда болу, оның дамуын зерттейтін тарихи лексикология
және сөздердің мағыналарын немесе семантикасын (грек.
Semantikos - "белгіленуші"), сөздік құрамның көлемін, құрылымын т.с.с.
зерттейтін сипаттама лексикология деп бөлінетіндігі бізге мәлім. Қазақ тілі
лексикологиясы қазіргі қазақ тіліндегі сөздер жүйесін зерттейтіндіктен оның
негізгі объектісі сөз болады. Жоғарыда айтылып кеткендей сөз тіл ғылымының
өзге салаларында да қарастырылады. Дегенмен олардың арасындағы мақсат басқа-
басқа екен. Тіл білімінің қай саласы болмасын белгілі бір жүйеге
негізделген.
1.1 Қазақ тілі лексикасының жүйелік сипаты, парадигмасы мен синтагмасы.
Жүйе мен құрылым ерекше ғылыми ұғым болып табылады. Бұл ұғымдар жаңа
болып есептелгенмен, олар ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Біздің
еңбегімізде де "жүйе" және "құрылым" ұғымы негізге алынғандықтан оларға
тоқталып өтуді жөн көрдік. Тілдің сөздік құрамын жүйе ретінде қарастыру тіл
білімі тарихында XX ғасырдың басында алғаш қолға алынды. Яғни осы кезден
бастап жүйе және құрылым ұғымы ғылыми қолданысқа енген еді. Ол туралы
АА.Уфимцева: "Вопрос об изучении словарного состава языка ставится впервые
в истории языкознания в начале XX века", - дейді 6,18.
Лингвистикада тіл жүйелі құбылыс ретінде қарастырылады. Ал тілді
қалыптасқан жүйе деп түсіну тілдің сөздік құрамын да жүйе деп тануды қажет
етеді. Әйтпегенде логикалық тұрғыдан қарсы көзқарас туғызып лексика "тілден
тыс" жатқандай саналар еді. Алайда лексиканың жүйелігін мойындауда соңғы
уақытқа дейін бір қатар қарсылықтар болып келгенін жасыра алмаймыз.
Кейбір зерттеушілер лексиканың өзінде сондай бір жүйелік жоқ деп
ойлаған болатын. Мысалы, Р.М.Жирмунский: "В лексике нет никакой
системности", кроме той, которая обусловлена отношениями между явлениями
самой действительности", - деп ашық айтқан 7,70. Сөз жоқ лексиканың
ұйымдасуы қоғамдағы құбылыстар мен заттардың арасында болатын
байланыстардан көрінеді. Бірақ лексикадағы бұл байланыстардың көрінісі
тілдік факторлардың өзімен реттелетінін теріске шығара алмаймыз.
Нақты лексикалық материалдарда жеке сөздердің немесе түрлі сөздер
тобының табиғатын зерттейтін енді бір топ зерттеушілер лексикада оны
құрайтын единицалардың арасында қалайда үнемі тартылу мен алшақтау, өзара
әрекеттің белгілі бір түрлері болады деген тұжырымға келеді, яғни
лексиканың белгілі бір жүйелігін түсінеді. Мысалы Б.Қалиұлы өзінің
Қазақ лексикасындағы жүйелілік деген мақаласында сөздер бір-бірімен
жақындаса да, я болмаса бір-бірінен алшақтаса да олардың
мағыналық жағы басшылыққа алынатынын, тіліміздегі синонимдік, антонимдік
қатынастарда, сондай-ақ көп мағыналы сөздер мен омонимдердің арасында
бір-бірімен салыстыруға, теңестіруге, қарсы қоюға болатын бір
тектес белгілер (мағыналар) болатынын айта келе: "лексикадағы
жүйеліліктің түп қазығы - сөздердің берер мағыналары мен білдіретін
ұғымдары", - деп өз ойын түйіндейді 8,3.
Сонымен тілшілердің бір тобы тіл білімінің лексика саласы жүйелі
құбылыс дейтін болса, енді біреулері бұған қарсы пікір айтады. Лексиканың
жүйелілігін мойындамаудың өзіндік себебі де жоқ емес. Өйткені лексика
күрделі және үнемі қозғалыс үстінде болатын тілдік сала болып табылады.
Сондықтанда тілдің басқа жақтарымен (салаларымен) салыстырғанда лексиканың
ерекшелігін ескере отырып, біз лексиканың жүйелігін анықтау грамматикалық
немесе фонетикалық жүйелерге қарағанда қиынырақ (күрделірек) екенін алдын
ала шамалауымыз қажет.
Лексикадағы жүйелілік қатынастың сипаты жөнінде XIX ғасыр орыс әдеби
тілінің сөздік құрамын терең зерттеген О.С.Сорокин: "Лексический состав —
это также определенная система, правда, в отличие от других языковых
систем, мало проницаемых и более замкнутых (например, системы
фонематической или грамматической), несравненно более обширная, сложная,
гибкая и поджвижная...", - деп түсіндіре отырып, тілде өзінің қатысы мен
өзара әрекетінің негізінде жеке сөздердің табиғатын анықтайтын ең кем
дегенде бес үнемі әсер етуші күш болуы керек. Біріншіден, сөздердің дербес
мағынасының күші, оның ақиқатқа қатысьі. Екіншіден, сөз тудыруға қатысы,
өзінің тұлғасына қарай сөздердің басқа сөздермен байланысы, сөздердің
қандай да бір грамматикалық топқа енуі. Үшіншіден, сөздердің мағыналық
жақтан басқа сөздерге қатысы. Төртіншіден, сөздердің мағыналарының
контекстуалды шектестігіне қарай байланысы, кең мағынадағы сөздердің
семантика-фразеологиялық байланысы. Бесіншіден, сөздердің сөйлемге,
контекстке қарай байланысып келуі, стилистикалық түрғыдан сөздердің
топталуы", - деп қорытындылайды 9,10.
Д.Н.Шмелев 30-жылдары сездердің арасындағы жүйелік қатынасты көрсету
мақсатында әр алуан тілдік өріс теориясы ұсынылғандығын айтады: И.Трирдің
"Ұғымдық өріс" теориясы бойынша: әрбір "ұғымдық өріске" қалдықсыз
мүшеленетін әрі "сөздік өріс" құратын сөздер енеді (онда әрбір сөз сәйкес
"өрістің" бөлшегі ретінде ғана мағына алады); Р.Порцигтің "семантикалық
өріс' теориясы, сөздің өзінің мағынасында негізі жатқан байланыстарды
табуға ұмтылады. (Мысалы; қармау және ұстау қол сөзімен байланысты, жүру -
аяқпен, көру - көзбен т.с.с) бұл байланыстардың негізінде "мағынаның
элементарлы өрісі" қаланады, бұндай өрістің ядросы, әдетте, етістік болып
танылады дейді3,183.
Әрине, лексиканың барлық саласы тең дәрежеде "жүйелі" ұйымдасқан деп
есептеуге негіз жоқ. Керісінше, түрлі сөз топтарын жақынырақ қарастырғанда
бұл топтардың ішіндегі сөздер әртүрлі байланысып, бір-бірімен қатынаста
жататындығын өзара әрекеттесетіндігін байқау қиын емес.
Сонымен, лексиканың жүйелі құбылыс екендігі өткен ғасырдан бастап
айтылып келе жатқанмен де тілшілер арасында даулы мәселе болып, біраз
уақытқа дейін ортақ бір пікірге келе қоймағандығын байқауға болады.
Дегенмен де лексика жүйелі ұйымдасқан біртүтас құбылыс деп біз толық айта
аламыз. Себебі тіліміздегі сөздер қалай болса солай жинақтала салмаған,
олар да белгілі бір құрылым бойынша жүйеге түскен. "Ескерте кететін нәрсе:
лексикадағы жүйелілік дегеніміз - бір қалыптан шыққан ақ кірпіштерден қалап
тұрғызған ақ сарай сияқты тым стандартты нәрсе емес. Ол — өте күрделі және
сан салалы құбылыс" 8,6.
Сөйтіп, "жүйе" мен "құрылым" ұғымы 50-жылдардың орта шенінде ғылымның
барлық саласына тарады. Бұның ғылымға енуі — табиғат пен қоғам құбылыстарын
зерттеудің жаңа жүйелі-құрылымдық тәсілінің пайда болуының нышаны.
Жүйелі-құрылымдық тәсіл қандай да бір зат (құбылыс) туралы мәліметтерді
бір жалпы тұтастыққа (бірлікке) органикалық біріктіреді. Бұл тәсіл
айналадағы қоршаған әрекеттерді бөлшектеп (фрагменттік) және жеке-дара
түсінуден жалпы бірлік ретінде түсінуге мүмкіндік береді. Демек, ғылымда
жаңа үлкен мүмкіндіктер ашады.
Мұндай комплекстік және жан-жақты зерттеу тәсілі талабы ғылымда жаңа
болып есептелмейтінін айта кету керек. Бұл талап маркстік-лениндік таным,
әсіресе, объектіні жалпы қарастырудың қажеттігі сияқты теорияның негізгі ой-
желісімен қиысады. Объектіні біртұтас қарастыру ойлаудың неғұрлым жоғарғы
сатысының қалыптасуында маңызды орын алады, ал атап айтсақ оның
аналитикалық сатыдан танымдық процестен құбылысты неғұрлым жан-жақты және
терең тануға бағытталатын синтетикалық ойлауға көшеді. Бұл тәсілдің
көмегімен білімнің өзінің қазіргі уақытта айырықша нәтижелі болатын жүйелі
құрылымы қалыптасады. Әр түрлі ғылымда жүйелі тәсілдің қалыптасуы жүйенің
жалпы теориясын жете зерттеуге әкеледі.
Ендеше, тіл де жүйелі-құрылымдық тәсіл арқылы қарастырылған кезде
көптеген объектілермен ортақ, сондай-ақ тек өзіне ғана тән ерекше белгілері
бар ақиқаттағы көптеген объектілердің бірі ретінде беріледі.
Жүйелі немесе жүйелі-құрылымдық (бұл екі термин берілген еңбекте бір
мағынада жүмсалады) тәсілде негізгі болып табылатын: объектіні тұтас
құрылым ретінде, оның интегралды және дифференциалды сипаттарын жиынтық
ретінде, жүйе ретінде қарастыру. Бұнда басты назар оны тұтас жүйе ретінде
сипаттайтын қасиеттер мен белгілерді анықтауға бағытталады.
Жүйе және құрылым ұғымдарының айрықша мәнділігіне байланысты олардың
анықтамасына тоқталу қажет. В.С.Тюхтин: "Система — это множество связанных
между собой элементов (любой природы), имеющих тот или иной вид
упорядоченности по определенным свойствам и связям и обладающих
относительно устойчивым единством, которое характеризуется внутренней
целностью, выражающийся в относительной автономии поведения и (или)
существофия", - деп жазған 10,18. Ал Г.С.Щур жүйе және құрылым ұғымына
мынадай түсініктеме береді: "Совокупность элементов (единиц) данного
объекта называется структурой. Совокупность связей, существующих между
элементами данной структуры, называется системой" 11,16. Қазіргі
лингвистикалық әдебиеттерде жүйе және құрылым терминдері неғұрлым кең
қолданылып, ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Сонымен, жүйе деп отырғанымыз рет-ретімен орналасып ұйымдасқан біртұтас
құбылыс. Басқаша айтқанда, жүйе — өзара белгілі бір зандылықтар бойынша
байланысқан, бірнеше элементтерден құралған бір бүтін категория. Әрбір
элемент жүйеге бүтіннің бөлшегі ретінде енеді, ол басқа элементтермен
тілдік категориялар арқылы тікелей иә жанама байланысып жатады. Әрбір
жүйенің белгілі құрылысы, тәртібі (ұйымы) болады. Оны жүйенің құрылымы
деп атайды. Құрылым дегеніміз тіл элементтерінің арасындағы қатынас
схемасы, жүйенің барлық элементтерін қамтып, оларды бір бүтіндікке
біріктіретін қатынас сеткасы. Жүйе мен құрылым бүтін мен бөлшек ретінде ара
қатынаста болады. Тіл білімінің қай саласы болмасын белгілі бір жүйеге
негізделген.
Лексиканы жүйелі категория деп тану лексикалық мағынамен тікелей
байланысты. Сөздіктермен, әсіресе, түсіндірме сөздікпен жұмыс істеу
барысында әр сөздің мағынасын ашып, ғылыми талдаулар жасағандығын көреміз.
Ол қазақ тілінің сөздік құрамын жүйелі құбылыс деп лексика-семантикалық,
тақырыптық (тематикалық) топтарға біріктіріп, әр топтың құрамындағы
мүшелердің арасындағы байланыстарды анықтап зерттеуге жағдай жасайды. Ал
оның тіл білімі үшін маңызы зор. Мәселен, өткен ғасырдың аяқ шенінің өзінде
М.М.Покровский өзінің семантикалық ізденісінде белгілі сөздің мағынасының
тарихы біз үшін ол сөзді онымен синтаксистік және, бастысы, бір ғана ұғымға
жататын басқа сөздермен байланыста қарағанда ғана түсінікті болады, - деп
көрсетті 12,65.
Жалпы тілді, зат немесе құбылысты жақсы білу үшін оның барлық жағын,
барлық байланысын, бүкіл жанама жағын жақсы зерттеу қажет. Осылай жүйелі-
құрылымдық тәсіл шеңберінде қоғамдағы құбылысты зерттеуге комплекстік және
жан-жақты қарастырудың методологиялық талабы қолданылады.
Тіл білімінде сөздік құрамды зерттейтін ғылымның негізінде екі
фундаменталды теориялық жағдай орын алған. Соған орай орыс тіл білімінің
лексикологы Э.В.Кузнецова тілдің сөздік құрамын екі түрлі аспектіде
қарастыруға жүгінеміз дейді. Ол — тіл әлеуметтілігі және оның жүйелілігі.
Басқаша айтсақ, сөздік құрамды тілден тыс (экстролингвистикалық)
факторлармен байланыстырып, жүйелі семантикалық аспекті тұрғысынан
қарастырамыз. Лексиканың әлеуметтілігі және жүйелілік сипат идеясы тіл
білімінің көрнекті өкілдері Ф.Ф.Фортунатов, И.А.Бодуен де Куртэне,
А.А.Шахматов, М.М.Покровский, А.И.Смирницкий т.б. еңбектерінде жақсы
көрсетілген13,4; 5,13.
Қазіргі ғылымда сөздік құрамға байланысты лексикология мен
семасиология, яғни сөз және оның мағыналары жөніндегі ғылымдарды бөліп
қарау керек дейтіндер де бар. Бұл дұрыс шешім емес. Әрине бұл екі саланы
жеке-жеке қарастыруға болатын шығар, бірақ бүл оларды бір-бірінен мүлдем
бөліп алу деген сөз емес.
Лексикология мен семасиология мәселесінің ара жігін шектеу жоқ және
шектеуге болмайды да. Қазіргі қазақ тілі оқу бағдарламасында жалпы
лексикология деп аталатын салаға бүкіл тілдің лексикалық жүйесін анықтаудың
ішкі лингвистикалық және лингвистикадан тыс факторлармен біріккен қазақ
лексикасын оқытуға байланысты мәселелер енсді. Дегенмен де бұл жалпы
мәселелердің ішінен, әлеуметтік-лингвистикалық және көбінесе, жүйелі-
семантикалық аспектіге жататын мәселелерді жіктеп қарауға болады.
Лексикада бұл екі бағыт ара-тұра тар мағынадағы лексикология мен
семасиологияның ажырауымен үйлеседі.
Лексикология ең алдымен, тілдің сөздік құрамында әлеуметтік тарихи
тұрғыдан тілден тыс факторлармен шарттас жақтарын қарастырады. Оның
міндетіне тілдің сөздік құрамының қалыптасу мәселесін қарастыру, онда
болатын тарихи өзгерістер, қалыптасуына қарай, қолданылу аясына қарай
жіктеу, активті қолданысына қарай жүйеленуі кіреді.
Семасиология тілдің лексикалық жүйесін және сөзді ең әуелі ішкі
заңдылықтарға қарай осы жүйені қалыптастырушы ретінде қарастырады.
Семасиологияның объектісі — лексиканың жүйелігінің әралуан көрінісі, сөздің
лексика-семантикалық тобы, семантикалық түрлену құбылысы, сөздің
үйлесушілік завдылықтары, бүкіл мағыналық және сөздің семантикалық шартты
оппозициясы" 13,5.
Лексиканы оқытуда әлеуметтік-лингвистикалық жақтарды қарастырып тарихи-
әлеуметтік тұрғыдан тілден тыс факторлармен байланысты белгілерді есепке
ала отырып, сөздерді жіктеп, оларға мінездеме беріледі. Тілдің сөздік
құрамының әлеуметтілігі мынадай аспектілерден көрінеді: 1) сөздердің қоғам
дамуының әртүрлі кезендегі қалыптасуы (халықтың территориялық орналасуы,
мемлекеттің пайда болып дамуы т.с.с); 2) Сол халықтың өмірі мен
тұрмысындағы ерекшеліктердің тілдің сөздік қүрамынан көрінуі; 3) Басқа
халықтармен қарым-қатынас жасау барысында сол халықтың тілінен сөздер алуы;
4) Экономика, мәдениет және ғылымның дамуы барысында жаңа сөздердің
жасалуы; 5) Сол тілді таратушы әлеуметтік топтың қызметіне (кәсібіне) қарай
сөз қолдану аясына сәйкес лексиканы түрлі жікке бөлу т.б. Мәселен, кірме
сөздердің өзін: латинизм — атрибут, апелляция, арена, артикуль, автор,
архив, агент, аспект, ассимиляция, аттестация т.б.; грек тілінен енген —
аффоризм, автономия, демократия, академия, алфавит, динамика т.б.; ағылшын
тілінен кірген — бизнес, бюджет, торт, вокзал, тренер т.б; галлицинизм,
яғни француз тілінен алынған — люстра, билет, абономент, пальто, такси,
ассамблея, аттракцион, банкет, афиша; орыс тілінен енген (оның өзін:
Қазан төңкерісінен кейін, кеңес үкіметі кезінде деп түрлі дәуірге бөлуге
болады) — завод, гимназия, училище, карта т.б.; Неміс тілінен кірген —
штаб, кран, папка, штраф, курорт, вахтер г.б.; итальян тілінен енген —
дуэт, бас, тенор, студия, касса т.б. деп бөлу. Қолданылу дәрежесіне қарай:
қазіргі уақытта аз қолданылатын немесе мүлдем қолданылмайтын, себебі олар
атайтын зат немесе құбылыс бізге мүлдем таныс емес немесе қолданудан шығып
қалған (қауға, шабарман, болыс т.б.) оны пассив сөздер деп белгілі бір
құрылым бойынша жүйеге түсіруге болады.
Лексикадағы жүйелілік дегеніміз өзара шарттас, бір-бірімен байланысты
заттар мен ақиқат болмыстың объектілерін көрсететін тілдік единицалардың
бірлігі. Жай ғана бірлігі емес, лексикалық жүйелілік дегеніміз "заңды түрде
тұрақты қатынас арқылы өзара байланысты және қашанда да өзара әрекеттес
тілдік элементтердің ұйымдасқан бірлігі" 9,10.
Тілдің сездік құрамын жүйелі-семантикалық жақтан зерттеуде бірінші
кезекте қазақ лексикасын жүйе ретінде қарауда оның ішкі семантикалық
құрылымына көңіл бөлінеді. Тілдің лексикасына жүйелі құбылыс ретінде
қарау лексикологияда әдетке айналған жағдай деп есептеуге болады. Лексика
жүйелілігі идеясы, ең алғаш лексикологияның маңызды мәселесі ретінде
орыс тіл білімінде М.М.Покровский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов
еңбектерінде қозғалып, басқа да лексикологтар тарапынан қолдау
тауып, шралуан қатынаста болғанымен де оның даму себептері ашылды
13,7. Ал қазақ тіл білімінде лексика жүйелілігі мәселесі арнайы
зерттелінбегенге ұқсайды. Дегенмен де соңғы кезде көптеген тілшілер
мен ізденушілерді ойландырып жүрген құбылыс деп айта аламыз. Себебі осы
мәселе төңірегінде әр түрлі деңгейде сөз қозғалып, соңғы уақытта біраз
еңбектер жарық көруде. Олардың қатарына К.Аханов, Т.Қордабаев,
З.Базарбаева, М.Оразов, Б.Қалиұлы, Ж.Аралбаев, Е.Өтешова, Б.Момынова,
Ғ.Хасанов тағы басқалардың есімдерін атауға болады.
Сөздік құрамды жүйелі-семантикалық аспекті тұрғысынан қарастырғанда біз
жалпы лексиканы механикалық жиынтық ретінде емес, жүйелі ұйымдасқан жиынтық
ретінде қарастырамыз. Мәселен, "балалық" деген сөз қарама-қарсы антонимдік
қатынаста "кәрілік" сөзімен байланысты, ал мағына жақындығы жағынан
"жастық, сәбилік, балғындық" сөздерімен синонимдік қатар құрайды. Бұл сөз
екі түрлі мағынада қолданылады: 1. Жастық, бұғанасы қатып, есеймеген кез;
2. Тіс қақпағандық, дүние көрмегендік. Сондай-ақ біз су десек, біздің
санамызда суға байланысты көптеген құбылыстар елес береді, сөйлемге
(контекске) байланысты оның атауы нақтылана түседі. Нәтижесінде,
құрамында су семасы бар келесі сөздер тобы парадигма құрайды.
Көлеміне қарай: көл, өзен, теңіз, мұхит, бұғаз, шығанақ. Шығу тегіне қарай:
тоған, канал, бөген, су қоймасы т.б.Оның өзін іштей — табиғи, жасанды деп
бөлуге болады. Сонда бұлардың басын біріктіріп өзара байланыстырып тұратын
мағыналық элемент (сема) — сұйықтық. Су (сұйықтық) деген ортақ
мағынасы бар бұндай сөздердің тобын лексика-семантикалық топ деп
атаймыз. Сонда тұлға бірдейлігі десе біз омонимді, ал мағына жағынан
бірдей немесе ұқсас десе синонимді, қарама-қарсылық — антоним,
варианттылық десек (мысалы, көп мағыналы сөздің варианттылығы) мағыналық
қатысты түсінеміз. Аталған қатынас сөздік құрамды сөздік
единицалардың жай ғана көптік жиынтығы етіп қоймай, оларды жүйеге
келтіреді. Лексикадағы жүйелілік тек қана синонимдік қатар, антонимдік
сыңар, лексика-семантикалық топта (ЛСТ) ғана емес, сол сияқты қандай да бір
негізгі ортақ тақырыпқа біріккен тіліміздің сөздік құрамындағы сөздер
жиынтығынан да көрінеді. Сөздердің ондай тобын тақырыптық топ деп атайды.
Сөйтіп, тіл білімінде тақырыптық (тематикалық) топ және лексика-
семантикалық топ деген екі термин қатар өмір сүреді. Көпшілік зерттеушілер
сөздерді тақырыптық топқа топтастыруда лингвистикалық принцип негізге
алынбайды, зерттеулердің табиғи белгілері, объективтік қатынастары т.б.
алынады. Ал ЛСТ сөздердің лексикалық мағынасына негізделеді, яғни сөздердің
антонимдік, синонимдік не ұштас мағыналары есепке алынады дейді. Шынында да
бір тақырыптық топқа біріккен сөздердің арасында ешқандай мағыналық
байланыс болмауы да мүмкін. Мәселен, үй жиһаздарының атаулары өз алдына бір
тақырыптық топ құрайды. Сонда ол топтың ішіндегі мүшелер (сөздер) өзара
семантикалық байланысқа түспейді десе де болады. "Единство элементов
тематических групп определяется прежде всего денотативным фактором,
общностью самих явлений. Семантические связи между словами в рамках таких
групп довольно разнообразны: часть и целое (щека-лицо), функциональные
связи предметов (поезд-рельсы), а также родо-видовые отношения (скот-
корова)" 13,71.
"Тематикалық топ сөздердің тек денотаттық мағынасына (кейде объективті
дүниедегі заттардың өзгеруіне) негізделсе, лексика-семантикалық топ
сөздердің лексикалық (әрі денотаттық, әрі сигнификаттық, әрі ішкі
лингвистикалық) мағынасына негізделінеді",-деп көрсетеді М.Оразов14,8.
Лексика-семантикалық топтар мен болмыстағы бар заттардың қандай да бір
тобын белгілейтін сөздердің бірлестігін яғни тақырыптық топтарды ажырата
білу керек. "Такого рода объединения слов, основывающихся не на лексико-
семантических связях, а на классификации самих предметов и явлении, можно
назвать тематическими словарными группами", - дейді Ф.П. Филин 15,526.
М.Оразов өзінің семасиология мәселесіне арналған оқулығында Щурдың "Теория
поля в лингвистике" деген еңбегіне талдау жасай отырып, оның тематикалық
топтарға сөздерді топтастырғанда өріс (поле) теориясын қолданып, оған
сөздердің парадигмалық қатынасын негіз етіп алғандығын айта келе, автордың
тематикалық топтың (өрістің) құрамына енген сөздер семантикалық
ерекшелігіне қарай бірізді болмай, бір жағынан синтаксистік қасиетімен,
екінші жағынан белгілі бір затты білдіретіні, әрі экстралингвистикалық әрі
лингвистикалық жақтан көрінеді деген пікірімен келісе отырып, "синоним
болсын, антоним болсын сөздердің арақатынасынан туады, ол заттардың өзіндік
белгілерімен ғана емес тілдік заңдылықтармен де қалыптасқан дәстүрмен де
байланысып жатады", - деп түйіндейді Қараңыз: М.Оразов, 1991.
Егер тақырыптық топтағы сөздердің біреуі уақыт өте келе басқа сөздермен
ауыстырылса, ондай ауыстырылу сол топтағы сөздердің стилистикалық бояуына,
мағынаның өзгеруіне әкелмейді. Мәселен, егер жон (жота) сөзі арқа сөзімен
ығыстырылса, ол бас, ауыз, тізе деген сияқты сөздерге ешбір әсерін
тигізбейді. Бірақ арқа және жон, аяқ пен тізе, қол мен алақан т.б. осы
сияқты сөздердің арасында байланыс болады. Демек, бір тақырыптық топтың
шеңберінде неғұрлым кіші, бірақ ішінара байланысқан сөздердің лексика-
семантикалық топтары болады.
"Лексико-семантические группы слов представляют собой собственно-
языковые единицы, продукт исторического развития того или иного языка.
Слово, выражая свои собственные значения, в рамках одной лексико-
семантической группы в тоже время оказаться связанной между собою
отношениями, небезразличными ддя их собственных значений. Это отношение
синонимии, антонимии, всякого рода уточнения дифференциации, обобщения
близких или сопределенных значений" 15,535.
Салыстыру арқылы сөздерді әртүрлі топтарға біріктіру жүйесінің деңгейі
бірдей емес екенін оңай байқауға болады. Мәселен, туыстық қатынасты
белгілеу үшін қолданылатын "ата, әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек"
деген сияқты сөздер мен адамдар арасында басқа қатынасты керсету үшін
қолданылатын сөздерді алсақ, олардың арасындағы қатынас бірдей емес екенін
көруге болады. Бірінші топ мүшесі толық мағынада микрожүйені көрсетсе,
екінші топтағы сөздер өздерінің мағыналарын қатаңырақ ажыратады,
салыстыратын болсақ: дос, таныс, жолдас, тамыр,тілеулес — қастық
ойлаушы, қарсылас, қас, дұшпан, жау, жауыз, бақталас т.б. Олардың
қолданылуы біржақты қарсы қоюмен реттелмейді. Әрине, сөздік құрам
единицаларын тақырыптық топқа біріктіру де тілмен нақтыланатын шеңберден
тыс жасалмайды. Ол берілген нақты тілге тән қандай да бір мөлшерде
семантикалық қатынастың жалпы сипатымен анықталады.
Сөздік құрамның жүйелі-семантикалық қасиеті жеке-дербес мағынасында
тілдің басқа единицаларымен қиылысатын сөздердің байланысының көптігін
бейнелейді.
Қазіргі кезде лексикада жүйе идеясы әлеуметтік-лингвистикалық және
жүйелі-семантикалық ұйыммен тең дәрежеде қабылданады деп санауға болады.
Жүйе идеясы мына сияқты лексикологтардың еңбектерінде сенімді қолдауын
тапты орыс тіл білімінде В.В.Виноградов, Ф.П.Филин, Н.И.Толстой, Д.М.Шмелев
т.б., сондай-ақ роман-герман тобына жататын тілдерді зерттеуші
А.И.Смирницкий, Н.Н.Амосова, В.Г.Гак, АА.Уфимцева, И.В.Арнольд т.б.
еңбектерінде. Жалпы тілдің жүйелі құбылыс екендігін көпшілік ғалымдар
мойындады 13,8; 5,19.
Бұл пікірдің объективтік құндылығы мен ғылыми жемісін
мынадай дәлелдеулер арқылы көрсетуге болады. Егер біз тілді жүйе деп алсақ,
онда бұдан лексиканың жүйелілігі автоматты түрде мойындалады.
Өйткені бір бөлгілі жүйелі, екінші біреуі жүйесіз "жүйені" көз алдыға
елестету қиын. "Басқа дәлел: лексика саласында, жалпы тілдік жүйеге
негіз болатын единицалар ара-қатынасының барлық түрі анық қадағаланып
отырады. Оған: қатынас құралы қызметі, парадигмалық, синтагмалық
қатынастар және түрлену (репрезентация) қатынасы жатады" 13,9. Енді бұл
қатынастардың лексикада көрінуін қысақаша атап көрсетейік. Өзінің
негізгі номинативтік қызметіндегі лексикалық жүйедегі жеке-дербес единица
ретіндегі болатын сөздер парадигмалық қатынас арқылы өзара байланысып
жатады. Бұндай қатынастың жиынтығы сөз аралық парадигматиканы білдіреді.
Ең алдымен мұндай қатынасты қарастырмас бұрын, берілген
қатынастың элементі болатын лексикалық единицалардың өзінің статусын
анықтап алуымыз қажет. Сөз тіл жүйесінің лексикалық единицасы ретінде екі
статусқа ие болады. Біріншіден, сөйлемде қызметке түспеген, өз алды
номинативті единица статусы. Яғни, атауыш сөз статусы немесе ономотема-
сөз. Екіншіден, сөйлемде қызмет атқаратын синтаксистік сөз немесе
синтагма-сөз. Яғни, сөйлем элементі бола отырып, оның құрамында сөздер
бір-бірімен байланысқа түсіп, жалпы ойды қалыптастырып айтуға ат
салысады. "Ономотема-сөздің екі жағы болады. Оның екі жағы да комбинаторлық
сипатта болады: лексема-морфемадан, семема-семдік компоненттерден
тұрады. Тілдік единицалардың комбинаторлығы кез келген парадигматикалардың
фундаменталды негізін құрайды" 13. Ономатема-сөздің мағынасы, негізінен,
лингвистикадан тыс факторлармсн анықталады. Ол сөйлем құраудағы қызметіне
тәуелсіз, контекстен тыс өз алдына дербес мазмұнға ие, оның басты қызметі
номинация болатын лексикалық жүйенің единицасы. Дәл осы өзінің ономатикалық
статусында сөз өзара парадигмалық қатынаспен байланысады. Ал мазмұнына
келетін болсақ, ол бір мағыналы ма, жоқ әлде көп мағыналы ма соған
байланысты әртүрлі қарастырылады. Егер сөз бір мағыналы сөз жайында болса,
ондай мағынаның мазмұнын түсіну қиын емес. Көп мағыналы сөз мәселесі қиынға
соғады Э.В.Кузнецова,1989, 29-31 беттерді қараңыз.
Сөз түрлерінің бүкіл топтары күрделі лексикалық парадигма құрайды.
Тілдің лексикалық жүйесінің шеңберінде бүндай парадигмалық бірліктің
күрделілігімен көп қабаттылығын кезінде В.В.Виноградов сипаттап берген:
"Смысловые явления в языке образуют внутренне связанные ряды, основанные на
общем элементе или признаке и прежде всего соотносятся внутри этих рядов.
Эти ряды в свою очередь и следуя тому же принципу являются членами рядов
высшего порядка и т.д. Само собой разумеется, что "все эти ряды" не только
соотносительно, но и взаимосвязаны и взаимозависимы" 16,296.
Сонымен, лексикалық жүйелілік дегеніміз завды түрде өзара тұрақты
қатынастағы және әрдайым өзара аралас жататын тілдік элементтердің ішкі
бірлігі. Сөздік құрамның ішкі бірлігі оның парадигмалық және синтагмалық
байланысынан көрінеді.
Ал парадигма дегеніміз не деген сұраққа жауап беретін болсақ, парадигма
гректің paradeigma — "мысал, үлгі" деген сөзінен алынған. Біріншіден, тілде
олардың мүшесінің формалды немесе семантикалық ортақ принципі бойынша бір-
біріне қарама-қарсы қойылған белгілі деңгейдегі лингвистикалық
единицалардың (топтардың) жиынтығы. Екіншіден, жекеленген семантикалық
белгілері және қарама-қарсы грамматикалық мағыналары бірігіп бір лексеманы
білдіретін сөз формаларының жүйесі. Парадигматика лингвистикалық топтардың
— парадигмалардың жиынтығын құрайтын тілдік жүйе 17,264.
Парадигматика сөздік таңбалардың семантикалық құндылығын және соған сай
тіл жүйесіндегі номинативтік единица сөздің мағыналы қатынасының моделін
ашады, синтагматика болса — нақты тұлғаларға және жүйелік мүмкіндіктің
маңыздылық тәсілдерін, осы потенцияның қолданылу деңгейімен шартын
көрсетеді.
Синтагма дегеніміздің өзі — бірге құралған, біріктірілген немесе
интонациялық-мағыналық бірлік дегенді білдіреді. Ол контексте бір түсінікті
білдіріп, бір сөзден, бір сөз тобынан және тұтас сөйлемнен құралады.
Синтагма синтаксистік бірлік болып табылады. Ал синтагматика (гр. Syntagma
— "бірге қүрылған") — тіл жүйесін зерттеудегі аспектінің бірі. Тіл
таңбаларының арасындағы ерекше синтагматикалы қатынастарды зерттейді. Нақты
сөйлеуде және мәтінде тізіле орналасқан тілдік единицалар арасында пайда
болады. Синтагматика парадигматикаға қарсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz