Тіл – тілдің лексикасы және грамматикалық құрылысы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Антонимдердің жасалу жолдары

2.2. Антонимдердің мақал-мәтелдерде қолданылуы

2.3. Антонимдердің көркем әдебиеттерде қолданылу аясы

ІІІ. Қорытынды бөлім

Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Антоним – грек тілінің anti - қарсы және onyma – ат, атау деген
сөздерінен жасалған термин. Антонимдік қатынастағы сөздер өзара қарама –
қарсы мағынада қолданылады да, жеке топ құрайды. Мысалы: ескі – жаңа, ауыр
– жеңіл, алыс – жақын, ақ-қара, ащы- тұщы, бар-жоқ, арзан-қымбат, ашық –
жабық, ыстық – суық, өмір - өлім, алғыс – қарғыс, жастық – кәрілік т.б.
Сөздердің бәрі бірдей өзара синонимдес бола бермейтіні тәрізді кез
келген сөз өзара антонимдес бола бермейді. Мәселен, киім, дәптер, қарлығаш
деген сөздерге қарсы мәндес сөздердің (антонимдердің) табылуы мүмкін емес.
Тіл – тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық
белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен антонимдес болып келеді. Мысалы,
әдетте, ащы деген сапалық белгіге тұщы деген сапалық белгі қарсы қойылып
айтылады.
Антонимия құбылысы көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның
тіл-тілде синонимия, полисемия құбылысына қарағанда, өрісі тар болады.
Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисемантизмді сөздер сөздердің
көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты, синонимдер мен
полисемантизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады.
Антонимдес болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі
– жас, дұрыс – бұрыс, түзу – қисық, терең - саяз, адал-арам, оң-теріс,
үлкен-кіші, ірі – уақ, арық-семіз, жуан – жіңішке, ыстық – суық, қалың –
жұқа, жақсы - жаман, кең – тар, аш тоқ т.б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде
олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік –
шын, пайда – зиян, бақ-сор,бай-кедей.
Туынды зат есімдерден жасалған антонимдерің де негізгі түбірі сапалық
ұғымды білдіретін сөздер екені байқалады. Мысалы: 1) тарлық – кеңдік, аштық
– тоқтық, жақсылық – жамандық, жастық – кәрілік т.б. 2) ақтау – қаралау,
алыстау – жақындау, арзандау- қымбаттау, жаңару – ескіру, қартаю –
жасару т.б.
Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Мысалы: бері -
әрі, ілгері – кейін, жоғары – төмен, ерте-кеш.
Сонымен, сын есімдерден басқа сөз топтарынан жасалған антонимдер тілде
сирек ұшырасады.
Бір тілде антонимдес болған бір тектес ұғымды білдіретін сөздер екінші
тілде антонимдес болмауы мүмкін.
Мұндай құбылысты туыстас тілдердің өзінен де байқауға болады. Мысалы,
түрікмен тілінде ұлы – кичи (ұлы – кіші) деген сөздер бір – бірімен
антонимдес сөздер. Ал қазақ тілінде кіші деген сөз ұлы деген сөзге
антонимдес бола алмайды, оның (кіші) антонимі – үлкен. Сондай-ақ, түрікмен
тілінде бейик (биік) деген сөздің антонимі пес (пәс), қазақ тілінде бұл
сөздің (биік) антонимі - аласа. Бұның себебі бір ұғымды білдіретін сөздің
мағынасы әрбір тілде, тіпті туыстас тілдердің өзінде, бір-біріне көп
жағдайда тепе-тең бола бермейтіндігінен.
Бір сөз әр мағынасында әр түрлі сөздермен антонимдес болуы мүмкін.
Мысалы, ашық деген сөз бір мағынасында жасырын деген сөзбен антонимдес те,
ал екінші бір мағынасында жабық деген сөзбен антонимдес. Оң деген сөз
бағытты білдіру мағынасында сол деген сөзбен антонимдес (оң-теріс). Қалың
деген сөз ыңғайына қарай жұқа деген сөзбен де, сирек деген сөзбен де
антонимдес болады.
Мұнан полисемия құбылысының синонимия құбылысымен ғана емес, сонымен
бірге антонимия құбылысымен де ұштасып жататындығын көруге болады.
Түсіндірме сөздіктерде сөздің әр түрлі мағыналарын айқындап, оларға
анықтама беруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Мысалы, түсіндірме
сөздікте ақ деген сөздің түсті білдіретін мағынасы басқа бір заттың түсімен
салыстыру арқылы немесе оның антоним қара деген сөзді қарсы қою арқылы
айқындалады.
Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама – қарсы
құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және
осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде
антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Антонимдер әр түрлі түбірден де, түбірлес сөздерден де жасалуы мүмкін.
Түбірлес сөздерден де жасалуы мүмкін. Түбірлес сөздерден жасалған
антонимдердің сөздегі мағынасы еш уақытта қарсы мағынаны аңғартпайтыны
белгілі.
Сондықтан түбірлес сөздердің антонимдес сөзге айналуы жұрнақтың
қызметімен тікелей байланысты. Бірақ бұл топқа етістіктің болымды және
болымсыз формаларын жатқызуға болмайды. Мысалы, келді – келмеді, барды –
бармады т.б.
Себебі бұл болымды және болымсыз етістіктер ұғымының біріне-бірі қарсы
мәнін білдірмейді, бірін-бірі жоққа шығарады. Анықтап айтсақ келді, барды
деген сөздердің мағынасындағы қимыл - әрекетке келмеді, бармады деген
етістіктерде қарсы қимыл жоқ. Сондықтан бұларды антоним сөздерге
жатқызбаймыз. Сондай-ақ емес сөзімен келген сөздер де болымды түрмен
антоним бола алмайды.
Алайда, емес сөзі сын-сапаны білдіретін сөздермен келіп, антонимдес
мағынаны аңғартатын сияқтанып тұруы мүмкін. Мысалы, ұзын – ұзын емес, жақсы
– жақсы емес. Бірақ бұларды да антоимдес сөздерге жатқызуға болмайды.
Себебі ұзын емес, жақсы емес сөздері ұзын, жақсы ұғымының кереғар қарсы
тұрған мағынасы емес.
Ұзын сөзінің антонимі қысқа, жақсы сөзінің антонимі жаман болады, ал
ұзын емес жақсы емес сөздері сол екі аралықтағы сананы көрсетуші үшінші
ұғым. Мысалы, ұзын емес дегенде ұзын да, қысқа да емес орташа деген түсінік
туады. Ал, әр түрлі түбірден болған антонимдердің пайда болуы түбір
сөздердің лексикалық мағыналарының қарама – қарсылығына байланысты. Мысалы,
ерте-кеш, көңілді – қайғылы, аз – көп, өлі – тірі т.б.
Кейбір сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың антонимдес сөздері
бірнеше болуы да мүмкін. Ал, ауыр есеп дегендегі ауыр сөзінің мағынасы оңай
деген сөзбен, ауыр хабар дегендегі ауыр сөзі қуанышты сөзімен ауыр қозғалды
дегендегі ауыр сөзі тез деген сөзбен антонимдес болып келеді.
Антонимдерді дұрыс та орынды пайдаланса, оның сөйлемде стильдік айшық
үшін мәні зор. Сондықтан да тіл байлығының маржаны болып есептелетін мақал
– мәтелдердің көпшілігі антонимдес сөздерден құралған.
1. Үйде оңбаған,
Түзде де оңбайды. (6 бет)

2. Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік (13 бет)

3. Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында (14 бет)

4. Қылышты қорқақты
Сойылды батыр соғып алады (17 бет)

5. Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі. (17 бет)

6. Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол. (17 бет)

7. Ер жігіт үйде туып түзде өледі (17бет)

8. Жауға жалынба,
Досқа тарылма (18 бет)

9. Қорлық өмірден,
Ерлік өлім артық (19 бет)

10. Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол (20 бет)

11. Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар (26 бет)

12. Дұшпан күлдіріп айады,
Дос жылатып айтады (26 бет)

13. Досың дос болғанға шаттан,
Дұшпанмен дос болудан сақтан (27 бет)

14. Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан (27 бет)

15. Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық (27 бет)

16. Қасың менен досыңды,
Қас қабағы танытар (27 бет)

17. Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

18. Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше қас болады (27 бет)

19. Тар жерде табысқан, -
Кең жерде кеміседі. (27 бет)

20. Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса
Қолым ұзын деме (27 бет)

21. Достың орны – төр,
Дұшпанның орны – көр (28 бет)

22. Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады. (28 бет)

23. Досыңның пышағымен мүйіз кес,
Дұшпаныңның пышағымен киіз кес (28бет)

24. Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы (28 бет)

25. Жақсылық күнде бір үйі кеңиді,
Жаманның күнде бір үйі кемиді (29 бет)

26. Дос та дос, дұшпан да дос мал барында (29 бет)

27. Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек (33 бет)

28. Жаман да болса ағамыз,
Жақсыны қайдан табамыз? (34 бет)

29. Үйдің жылы – суығын
Қыс түскенде білерсің.
Кімнің алыс – жақынын
Іс түскенде білерсің (34 бет)

30. Ағайын бірде араз, бірде тарту (34 бет)

31. Сырттан келген жаудан да
Іштен шыққан дау жаман (36 бет)

32. Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ (38 бет)

33. Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады (40 бет)

34. Адал еңбек елге жеткізер,
Арам қулық елден кеткізер (42 бет)

35. Көз қорқақ, қол батыр (42 бет)

36. Ащы еңбектен тәтті нан (42 бет)

37. Жаман іс жоқ, жаман ісші бар (43 бет)

38. Аз жұмысты қиынсыңсаң,
Көп жұмысқа тап боларсың (48 бет)

39. Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас (48 бет)

40. Жақсы мұраптың соңынан су ереді,
Жаман мұраттың соңынан шу ереді (48 бет)

41. Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады (49 бет)

42. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. (57 бет)

43. Жыраққа қойсаң, жақыннан аларсың,
Түстік өмірің болса, кештік мал жина (61 бет)

44. Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның (61 бет)

45. Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала (62 бет)

46. Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді (62 бет)

47. Берген жомарт емес, алған жомарт (65 бет)

48. Жақсы адам тауып айтады,
Жаман адам итше қауып айтады (69 бет)

49. Кедей менен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас (73 бет)

50. Жуан жіңішкергенше, жіңішке үзілер (73 бет)

51. Базар бай, алушы кедей (74 бет)

52. Бір жол бар жақын,
Жақын да болса ақыс.
Бір жол бар алыс,
Алыс та болса жақын (78 бет)

53. Досыңмен көп сөйлеспе – жолынан қалар,
Дұшпаныңмен көп сөйлеспе – сырыңды алар (81 бет)

54. Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады (88 бет

55. Көп жасап, күміс болғанша,
Аз жасап, алтын бол (88 бет)

56. Молданың сәлдесі ақ, болғанмен ниеті қара (92 бет)

57. Кешегі күннен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні. Лексикография
Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету
Фонетиканың зерттеу нысандары
Көне түркі тілінің лексикалық қоры
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары жайлы мәлімет
Сөйлеу тілінің лексикасы
Тілдің сөздік құрамы
Ауызекі сөйлеу стилі
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Ағылшын тілінің публицистикалық және баспасөз тілі
Пәндер