Араб – парсы тілінен енген кірме сөздер
Жоспар
Кіріспе
І. Бірінші тарау
1.1. Араб жазуы туралы мағлұмат
1.2. Қазақ тілінде араб-парсы кірме сөздерінің алатын орны
Негізгі бөлім
ІІ. Екінші тарау
2.1. Араб-парсы сөздерінің қазақ тілінде лексикалық жағынан қалыптасуы
2.2. Араб – парсы тілінен енген кірме сөздердің қолдану салалары
2.3. Араб – парсы сөздерінің қазақ тіліне ауысуы
2.4. Дін ұғымына қатысты араб-парсы кірме сөздерінің қазақ тіліндегі
қызметі
Қорытынды
Кіріспе
Жұмыстың тақырыбы:
Араб – парсы тілінен енген кірме сөздер.
Жұмыстың өзектілігі:
Бұл тақырыпты алған себебіміз, араб тілі – күллі мұсылман қауымның
қасиетті тілі. Араб жазуын білсек, оқи алатын болсақ, көне қолжазбаларды,
тарихымызды өзіміз еркін оқушы едік.
Жұмыстың мақсаты:
Осы тақырып бойынша, мектептерде, орта жоғарғы оқу орындарында араб
жазуын қолданысқа енгізу.
Жұмыстың міндеті:
Жұмысты мақсатына жеткізу, Араб жазуының қажеттілігін, тиімді жақсы
жақтарын, тәрбиелік мәнін жеткізеді.
- Араб жазуы туралы оқушылардың қаншалықты дәрежеде араб тілі туралы
білетіндерін, түсініктерін, пікірін білу, қорытындылау.
Практикалық мәні, маңызы:
Бұл жұмыс шәкірттердің араб жазуына деген ұғымын теориялық жағынан да,
практикалық жағынан да білімін, пікірін кеңейтеді.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмысы кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен қорытындыдан тұрады.

Араб тілінің адамзат қоғамында алатын орны зор, оның себебі,
біріншіден, дінмен байланысты - күллі мұсылман қауымына ортақ қасиетті
Құран Кәрім жазылуы. Мұхаммед Пайғамбар өмірінен хадистер, түрлі
тарихнамалар дүниеге келді. Екіншіден, барлық Араб елдерінің ортақ тілі осы
тілде сөйлейтін елдердің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, тағы басқа
ғылымдарын байланыстырады, өзара жинақтастырады.
Бұл тіл пайда болған дәуірдің бірінші ғасырынан бастап, қысқа мерзім
ішінде кең құлаш, етек жайды, әрі мұсылман баласының өмірінде маңызды орын
алады. Қазіргі кезде араб тілі БҰҰ-дағы алты ресми тілдің бірі, 1973 жылы
желтоқсан айында осы ұйымның ресми тілдерінің қатарына қосылды.
Араб тілін шет тілі ретінде оқыту, оқылықтар жазу мәселесі өткен
ғасырымыздан қолға алына бастады. XIX ғасырдың II жартысында шығыстанушы
батыс ғалымдары өз елдерінде араб тілінің шет тіл ретінде оқытылуы жайында
бірқатар оқулықтар жазған. Әйтседе араб тілін оқыту тәсілдері мен жолдары
белгілі бір үрдіске, белгілі бір ізге түскен.
Кез-келген шет тілін оқып - үйренуде де, оқытып үйретуде де біраз
қиыншылықтар кездесетіні белгілі. Сондай қиыншылықтар араб тілінде де
кездеседі. Араб тілін шәкіртке үйретудің бірінші жолы оның дыбыстарын
үйретуден басталатындықтан, оқытушы үшін бірінші міндет - тілдегі
дыбыстарды таныту болып табылады.
Оқытушы үшін де, шәкірт үшін де, бірінші дыбыстарды үйренуде біраз тер
төгу керек екені белгілі. Себебі араб тілінің дыбыстық жүйесі өте күрделі.
Біріншіден бұл тілдегі әліпбиіндегі (алфавитіндегі) әріптердің барлығы
дерлік дауыссыз дыбыстар, яғни тілде дауыссыз дыбыстар көп деген сөз. Ал
дауысты дыбыстар бар болғаны алтау ғана, олардың өзі де белгілі 3 дыбыс -
а, у, и дыбыстарының қысқа және созылыңқы дыбысталуынан туындаған.
Араб жазуының тілінде қолданылуы XI ғасырда басталды. Байырғы Араб
графикасы Араб тілінің фонетикалық жүйесіне сүйене отырып жасалды. Араб
жазуының күрделілігіне байланысты кейінгі кезде оның жаңа түрі - төте жазу
пайда болды. Бұл төте жазуды құрастырған Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуының (графикасымен)
айналыса бастады. Сол күнге дейінгі өзге түрік халықтары сияқты, қазақтарда
пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы
емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта
түзеуді қолға алды.Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын
зерттеуге кірісті.
Ахмет Байтұрсыновтың араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ
жұртшылығы әсіресе ұстаздар қауымы талассыз қабылдады. 1912 жылдан
ұсынылған, осы алфавитті негізге алған жаңа жазу іс жүзінде қолданыла
бастады.
1915 жылдың бір өзінде осы емілемен 15-тей қазақ кітабі басылып шықты.
Оны мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептерінде қолданылды.
Бұл араб алфавитінің жазу ережесін (графикасын) қазақ тілінің үйрену
үшін, сауатты жазып, сауатты оқу үшін, алдыменен оның құрамын, таңбалану
ерекшелігін, олардың бір-бірімен байланысу қабілетін біліп алуымыз керек.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің әліппесі
мен оқулықтарының авторы, содан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб
графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Бұл жазу үстіміздегі
ғасырлардың 10-жылдарынан бастап, 20-жылдардың соңына дейінгін қазақ
мәдениетіне, оқу-ағарту ісіне жақсы қызмет етті. Байтұрсынов алфавиті күні
бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Қытай Халық Республикасы, Ауғаныстан,
Иран сияқты елдердегі қазақ бауырларымыз сауаттарын осы жазумен ашып, баспа
дүниелерін осы графикамен шығарады.
Негізгі бөлім
2.1. Араб-парсы сөздерінің қазақ тіліне лексикалық жағынан қалыптасуы
1. Кез келген тілдің сөздік құрамы сол тілдің байырғы төл сөздері мен
шет тілдерден алынған кірме сөздерден тұратын күрделі құбылыс екені мәлім.
Қай ұлттың болмасын сөздік құрамына кірме сөздердің енуі - тарихи
құбылыстармен, экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатнастармен ұштасып
жатады. Сондықтан да өзінің лексикалық құрамында шеттен енген кірме
элементтері жоқ, мүлдем таза тіл өмірде болған емес. Өйткені тілдің
сөздік құрамында ұдайы, тынымсыз өзгерістер болып тұрады.
Басқа тілдердегі сияқты қазақ лексикасы да қазақ тілінің байырғы, төл
сөздері және шет тілден алынған кірме сөздер болып екіге бөлінеді.
Тіл тарихын қашан да сол халықтың өз тарихымен, оның экономикалық,
саяси және мәдени өмірімен тығыз байланысты түрде алып қарау қажеттігі
баршаға мәлім. Сонымен, кезінде талай-талай тарихи кезеңдерді басынан
кешірген қазақ халқының тілдік құрамына, әсіресе шеттен ауысқан сөздер
тарихына шолу жасап көрейік. Ол үшін - біріншіден - тіл тарихын халықтың өз
тарихымен байланыстыру қажет. Мәселен, Александр Македонскийдің жорығы,
ғұндардың босқыны, арабтардың жаулап алуы, монғолдардың шабуылы, тағы басқа
жаугершіліктер аталған ру-тайпалардың өмір-салтына, әдет-ғұрпына, тіліне
ықпал етіп, өз іздерін қалдырып отырады.
Солардың іщінде әсіресе араб жаугершілігі тек түркі тілдес ру-
тайпаларға ғана емес, бүкіл Орта Азия елдеріне қатал келді. Олар жергілікті
халықты ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен бағындырды. Арабтар түркі
тілдес ру-тайпалардың мәдениетін, жазу-сызуын, кітаптарын жойды, одан
жұрнақ қалдырмауға тырысты. Ең алдымен оқыған адамдарын қырып, жойды. Олар
өз діні исламды таратып, әкімшілік тәртібі - халифатты орнатты. Шығыс
зерттеушісі Капффорд Босворд - ҮІІ-ҮІП ғасырларда арабтарға қарсы
кескілескен күресте түркілер аса үлкен роль атқарды. Олардың ерлігін,
қайсарлығын араб әдебиетшілерінің өздері жыр етіп жазды - дейді.
Басқа түркі тілдерін өздерінің бейнелігімен, суреттілігімен
оқшауланып, айтарлықтай моналитті, әрі біртұтас болып келетін қазақ тіліне
шеттен енген сөздің ішінде ең көрнекті орын алатыны араб-парсы элементтері.
Дегенмен, бірқатар түркі тілдермен салыстырғанда қазақ тіліңің құрамында
араб-парсы элементтері онша көп емес. Бұл жөнінде ғалым Ғ.Ғ.Мұсабаев:
Өзбек, азербайжан және татар тілдеріне қарағанда қазақ тілінің лексикалық
құрамында араб-парсы сөздері аздау десе, В.В.Радлов: Қырғыздардың
(қазақтардың) тілі исламның ірітіп-шірітетін ықпалынан аман қалды, әрі ол
өзінің алғашқы таза түркі сипатын сақтап қалды. Рас, оның құрамына бұл
тілге жат кейбір элементтер еніп кетті, бірақ олар өзге түркі
мұсылмандарының тіліндегідей өз дербестігін сақтап қалған жоқ, қайта бұл
элементтер қырғыз тілінің дыбыстық заңдарына бағынып, сол арқылы толық
халықтың игілігіне айналды - деп жазған еді.
Қазақ тілінің сөздік құрамында араб және парсы тілдерінен енген
элементтер қаншалықты аз десек те, олар ана тіліміздің активті және
пассивті лексикасынан белгілі бір мөлшерде өзіндік орын алып келе жатқанын
ескермеу мүмкін емес. Әсіресе, көркем әдебиет, өнер салаларында мұндай
элементтер жиірек ұшырасады. Бұған дәлел, Рүстемов Қазақ әдебиет
газетінің бір санының лексикасына сандық талдау жасап сондағы 12.23 сөздің
78% - қазақ сөздері, 14,4% - араб-парсы элементтері, 7,6 % - орыс және
интернационалдық сөздер болғандығын анықтаған. Біз бұл аталған мәліметтерге
сүйене отырып, мынандай түйін жасай аламыз: біріншіден, араб-парсы
тілдерінен ауысқан лексикалық элементтер қазіргі қазақ тілінің активті
лексикасңшда 15%-ке жуық, пассивті лексикасында 7%-ке жуық. Басқа түркі
тілдес халықтарға қарағанда қазақтар араб және парсы елдері мәдениетінің,
исламның тікелей ықпалына аздау ұшырады. Бұған ұлан-ғайыр қазақ даласының
географиялық жағдайы, халықтың көшпелі тұрмысы, үлкен шаьарларға
шоғырланбауы әсер етті.
Ал араб тіліне түркі сөздері де аз енген жоқ. Мәселен, араб тіліне өзге
тілдерден енген лексикалық элементтердің ішінде ең көрнекті орын алғаны осы
- түркі сөздері болған екен. Олардың түркі тілдес халықтармен ежелден-ақ
қарым-қатынас жасап келгені тарихтан мәлім. Керек десеңіз, кейбір
халифтердің өзі түркіше сөйлеп, уәзірлерін түркіден тағайындаған.
Мұндай тығыз қатынас араб тілінің лексикалық құрамына әсер етпей
қоймады. XII ғасырда араб ескерткіштерінде түркі сөздері кеңінен
қолданылды. Мысалы, алп (алып), құтлуғ (құлты), улуғ (ұлы). Ал, Диабекр
(Амид) ескерткіштеріндегі жазуларда: ақ арслан (ақ арыстан), сункур
(сұңқар), бильге (білгір), буға (күшті) деген түркі элементтері
кездессе, саяхатшы Ибн Баттуты (XIV ғ) шығармаларында: хатун (қатын,
әйел, қыз), аға (аға), бек (бек феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі),
хакан (қаған - түркі патшаларының жоғарғы лауазымы), хан (хан), ал Ибн
әл-Асир еңбектерінде чәтр (шатыр) сияқты лексикалық элементтер бар.
Кезінде тіпті араб зиялыларының арасында түркі тілін білудің өзі биік
мәдениеттің, зор білімпаздықтың белгісі болған. Оған: Түркіше білмеген
-Алладан қорықпаған деген мәтелі дәлел. [мән иа й әрифә әл-лұғата-т-
түркийә уә он ләм иәхәр алла].
Бұл айтылғандардың бәрі түркі тектес тілдердің араб әдеби тіліне өз
ықпалын тигізгенін көрсетеді.
Демек, араб сөздерін тек қазақ тілі өзінің лексикалық құрамына
енгізбеген, араб тілі де дәл солай түркі элементтерін өз лексикасына
қабылдаған.
2.2. Араб-парсы тілінен енген кірме сөздердің қолдану салалары
Араб-парсы кірме сөздерінің қолданылатын салалары. Ғалым Л.Рүстемов
кірме сөздердің қолданылу салалары: 1. Тәрбие және білім беру саласы; 2.
Ғылым саласы; 3. Егіншілік саласы; 4. Мал саласы, 5. Географиялық терминдер
саласы; Топонимика саласы; 7. Семья және тұрмыс саласы; 8. Мұсылман дінінің
ұғымдары мен догмаларына қатысты сөздер - деп үлкен сегіз салаға бөледі. Ал
біз мұндағы, егіншілік және мал шаруашылығына қатысты алынған кірме сөздер
саласын қатар алып, бұл екі саланы Адамның тұрмыс тіршілігіне қатысты
алынған кірме сөздер деп алдық. Және де сегізінші саланы, яғни, мұсылман
дінінің ұғымдары мен догмаларына қатысты саланы жұмысымыздың тақырыбына сай
болғандықтан оны тереңірек қарастыру мақсатында жеке бөлім етіп
қарастырдық.
а) Тәрбие және білім беру саласына қатысты алынған кірме сөздер:
кәмаләт (кәмелет - өсіп жетілген кез), тәрбийә (тәрбие), му-әллем
(мұғалім), кәләм (қалам), дәфтәр (дәптер), кетаб (кітап), әлеф-бә
(әліппе), әдебийәт (әдебиет), мәдәнийәт (мәдениет), әдеб (әдепті),
әдәт (әдет), әмтеьан (емтихан), кагөз (қағаз), фәнн (пән), мәктәб
(мектеп), тарих (тарих), әмла (емле) т.б.
Мысалдар: Мұсылмандық білім - имандылық-адамгершілік тәрбиесінің
негізі. Т.Т. Ислак әлемі 2 (4)17,22-бет
Кезінде Қият, Отырар, Тараз, Алан, Бұхара, Самарқанд және басқа
қалалар мәдениеттің ірі-ірі орталықтарына айналды, бұларда әл-Хорезми, әл-
Фараби, әл-Беруни, Әбу Әли ибн Сина және бүкіл территориясында араб әдеби
тілінің орнығуы себепті көптеген аса көрнекті ғалымдар мен ақындар
өздерінің шығармаларын осы тілде жазды. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 180. I
т., 35 бет.
ә) Ғылым саласы. Арабтар жаулап алған жерлерде ежелгі түркі жазуы
ығыстырылып, оның орнына араб тілі мен араб жазуы енгізілді. Мұның өзі
ғылыми терминдердің араб тілінде қалыптасуына әсерін тигізді. Осы кезеңде
Орта шығыс елдерінде әсіресе жаратылыстану ғылымдары зор қорқынмен дамыды.
Бірте-бірте Азия мен Европаның көптеген тілдерінде арабша ғылыми терминдер
ене бастады. Әсіресе, математика, география, астрономия, теңіз істері,
сауда саласындағы, әкімшілік терминдері кең өріс алды. Қарапайым,
күнделікті зат, нүкте, амал шартты, т.б. сөздердің түп-төркініне жүгінсек,
сонда филология, химия ғылымдарының да терминдері араб тілінен алынғандығын
аңғарамыз. Араб-парсы ғылымында әсіресе жаратылыстану ғылымының даму
қарқыны жоғары екендігін айтып өткенбіз. Мәселен, астрономиялық ұғымдарды
білдіретін терминдердің ішінде парсыша күн аттары қазақ тілінде
кеңінен қолданылады. Мысалы: шәмбе (сенбі), йәкшәмбе (жексенбі),
думәмбе (дүйсенбі), сешәмбе (сейсенбі), чәьар шәнбе (сәрсенбі), пәнджшәмбе
(бейсенбі), жұма (жұма). Жұма сөзінің түп-төркіні араб тілінен шыққан. Ол
арабша дәлом (жұма), яғни апта деген мағынаны білдіреді. Ай аттарының да,
жұлдыз атаулары да осы араб-парсы тілдерінен екендігі белгілі. Дегенмен де
қазақтарда ай санау жүйесінің өз календары болған. Бұрын қазақтарда жаңа
жыл наурыз айынан басталатын болған. Парсыша наурыз - жаңа жылдың бірінші
күні, жаңа күн (22-наурыз) деген ұғымды білдіреді. Бұл бүкіл шығыс халқы
үшін - ұлыстың ұлы күні болып саналған. Енді қазақша ай аттары мен араб-
парсы тілдерінен енген ай аттарын салыстыра көрейік.
Қазақша ай аттары Қай тілден шыққан Сөздің түбірі тегі
наурыз (парсы) нау-руз, яғни жаңа күн деген сөз
көкек
мамыр
маусым (араб) маусем, яғни жыл мерзімі, орақ
жиын-терім деген мағына
шілде (парсы) челде, яғни қырық күн
тамыз
қыркүйек
қараша (араб) хәрадж, яғни қайыр садақа
желтоқсан
қаңтар
ақпан
Түсініктеме: 1) Нау-руз - наурыз. Бізде де жыл басы, жаңа күн. Күн мен
түннің теңелген, ақ түйенің қарны жарылған жаңа жыл басы құтты болсын!
2) маусем - маусым. Иә шығыс халықтарында шынымен-ақ орақ орылып, жиын-
терін болатын шақ.
3) челде - шілде. Мұндағы қырық күнгі ыстықты білдіріп тұр. Шілденің
қырық күндік қапырығына шыдаған мына қазақ тегін халық емес қой. Д.Әбілев
Баянауыл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz