Халықтық тіл- әдеби тілдің алғашқы бастауы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім

М.Мақатаев шығармаларының лексикалық ерекшеліктері
а) русизмдар
ә) көнерген сөздер
б) диалект сөздер
в) фразеологизмдер
г) мақал – мәтелдер
д) антоним, синоним, омонимдер

ІІІ. Қорытынды бөлім

Қашаннан қатынас құралы болып есептеліп келе жатқан тіл талай
замандарды басынан өткере отырып, дамып, жетіліп, байып келеді. Жалпы
халықтық тіл - әдеби тілдің негізгі, алғашқы бастауы. Кез келген құрылысқа
құрылыс материалы қандай керек болса, көркем шығармаға сөздің қажеттілігі
де соншалқты екенін ұзақ түсіндірудің қажеті жоқ. З.Қабдолов Тілі нашар
шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды. Демек, сөз
өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше, бөлек һәм биік. З.Қабдолов
Әдеби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, әдеби шығарманың тілінде
штамп жоқ. Ендеше, көркем шығарманың тілін зерттеп, талдауда да
қабылданған ереже, өзгертілмес қағида, қалыптасқан бірізіділік жоқ.
Шығарманың тілін талдаймын деп, шығарманың өне бойындағы барлық сөзді
немесе кез келген бір я бірнеше сөзді жан-жақты қарастыруға болмайды.
Көркем шығарманың тілін зерттеуді мақсат еткенде ғалым Р.Сыздықованың:
Осы күнгі әдеби тіліміздің бүкіл лексикасының генетикалық қабаты белгілі
болғандықтан оны қайталап, жазушы басы сайын түгендеудің қажеті жоқ, -
деген тұжырымын басшылыққа алған дұрыс деп ойлаймыз.
М.Мақатаев шыңғармаларының лексикасы туралы айтқанда лингвистикалық
қағида ережелерді басшылықа ала отырып, тілдік ерекше фактілерді жүйелеп
талдаумен қатар, жазушының өзін ғана тән, күнделікті қолданыста кездесе
бермейтін сөздерге және олардың Әдеттегі қолданыстан айырмашылығына,
жазушының мұндай тәсілден ұтып тұрған жайларына назар аударамыз.
Русизмдердің (орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген
сөздер) қолданысы ақын шығармаларының денін құрайды.
Кез келген тіл қаншалықты бай, жан – жақты дамығанымен басқа тілдермен
қарым – қатынасқа түспей өспейді, өркен жаймайды, байымайды, яғни белгілі
бір тіл әрқашан басқа тілдің материалдармен толығып отыруы қажет. Бұл
жағынан ақын өлеңдерінің тілі орыс тілін жән орыс тілі арқылы басқа
тілдерден енген сөздерге бай. Әрине, Бұл сөздердің басым көпшілігі сан
алуан салаларына байланысты терминдер, өмір шындығынан туған сөздер екені
белгілі. Күнделікті сөйлеу тілімізде жиі кездесетіндіктен әдеби тілдік
қорымызға да тез сіңіп кетті. Өйткені, сөздердің жаңа заттар немесе жаңа
ұғымдармен бірге ену құбылысы тіл – тілде сөз алмасудағы басты және дағдылы
құбылыс болып саналады.
Орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздердің жалпы
атаумен Русизмдер деп аталатыны белгілі. Ол сөздердің жалпы көрінісі
мынадай:
1. Белгісіз элементтер миымда ойнап,
Миым қайнап барады, миым қайнап...
(Басымнан қорқам, 53)
2. Кешегі қазақ елі
Шуақ болып космостан төгілгенін,
Дүниеге дән болып себілгенін.. (Толғау, 81)
3. Мотордың даусын есіте – есіте шаршадым,
Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым.
(Мотордың даусын..., 8)

4. Бар пойызды жтелеген релістей,
Барлық жанды жетелемес бір арман.
(Тұрсын солай, болсын..., 75)

5. Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
Аспанда апат зарядтар жағаласқанда,
(Көктем де келер, 14)

6. Алшаң басып, асфальтпен адымдасып,
Адам жүрер мекеннен табылмасам,
Қайтер еді?
(Біреулерді мерт қылып, 15)

7. Араққа ақын құл болған ұят екен,
Айға қонған атомның заманында...

Асыр салып сайтандар қабағымда,
Сөнген вулкан қалыпты жанарымда...
(Өкініш, 44)

8. Бір ару автобусқа жылап кірді,
Қайтам? - деп қабағында сұрақ тұрды.
(Тағы да өкініш, 85)

Мінеки, бұл тізімді осылай жалғастыра берсек, сан қуалауға ұрынарымыз
анық. Сонау отызыншы жылдардың өзінде ғалым Қ.Жұбанов шет тілдік сөздер мен
русизмдерден үрікпей қазақ тіліне енгізе отырып мынадай үш шартты орнықтыру
керек екенін айтқан: (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер)
1. – принимать без изменения первоначальные слова в русском варианте;
2. – при склонений и спряжении первоначальных слов употреблять только
казахские окончания...
3. – все производные слова от первоначальных слов производить согласно
законам казахского языка. Кроме того, нельзя ограничивать введение
международных терминов.
Біз ақын өлеңдері тілінен жинақталған русизмдерді шартты түрде мынандай
етіп бөлдік:
а) әскери тәртіп, соғысқа байланысты сөздер: снаряд, бомба, моряк,
пленник, солдат, Гитлер, фашист, эшелон, концлагерь т.б.
Снаряд деген ажал да,
Соғыстың күйін шертеді.
Төндіріп тажал жаныңа,
Ұмтылса бомба асығып...
Өткізіп апты-ау төрт жылды
Пленник деген атпенен...
Көтеріп тұрды көк түтін,
Ойларын екі солдаттың...
... Теңіздің денесіндегі
Толқында морякқа ұқсаған...
(Арман, 102)
ә) өлшем аттары: метр, пұт, грамм
Кел ішелік тым болмаса жүз грамм...
(Кел ішелік, 15)
б) саяси - әкімшілік сөздер: коммунист, президент, гуманист, буржуй,
капитал, комсомол, обком т.б.
Коммунистер – гуманистер, перзенттер... (244)
Тұр әлі капиталдың тас қамалы,
Тірі әлі буржуй мырза, басқалары... (246, ІІ том)
в) Ғылыми – техникалық, өндірістік тағы басқа атаулар: шахта, рельс,
шофер, компас, бензин, машина, космос, консерватор, эстафета, корабль.
Эшафот, завод, фабрика, космонавт т.б.
Ел көрсін ереуілге ап шығындар,
Маркс туын шахтада жасырмаңдар!
(Интернационал ізімен, 19)

Эшафотқа жөнелтілген алақанның бәрінен...
Эстафета таяғындай тірілерге қалдырды.
(Жер үстіндегі репортаж, 9)

Ол өмір жолын либерал боп бастады,
Консерватор боп тастады
(Империя серісі, 18)
Космосты бақша ет заманға,
Болашақ ұрпақ гүл егер
(Космонавт ойлары, 65)

Қабыл ал мені, Кораль!
Адамның милы перзенті

Космонавт, космос, атом да
Өзіңнен туған перзенттер...
(Космонавт ойлары, 65)

Сонымен, ақын өлеңдерінде русизмдер әрі сөздік қорымызды молайту,
түсінігімізді кеңейту үшін алынса, екіншіден, ақын белгілі бір дәржеде
оларға стильдік жүк артады. Ол сөздер қоғам өмірінен, тарих тынысынан көп
мағлұмат та береді.
Көнерген сөздер ақынның әр түрлі тақырыпқа жазылған өлеңдерінде
кездеседі. Мұқағали шығармаларын жазуда әрбір сөйлемнің құрылысына,
сөздердің өзара тіркесіне, әрбір сөздің өз орнындатұруына жауапкершілікпен
қарап, үйлесімді сөз өрнегін сала білсе, тақырып таңдауға да терең ой, биік
талғаммен келіп отырған. Ақын шығармаларының тақырып аясы өте кең, сан
алуан.
Көнерген сөздерге нақты., айқын анықтаманы ғалым С.Исаев былай деп
береді: Тіл – тілде көнерген сөздердің историзмдер мен архаизмдер деп
аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден
шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары- сөздер де көнеріп,
тілде қолданбайды. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары
ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар.
Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың
бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
Көнерген сөздер тілдің лексикалық қабаттарының бірі ретінде әдеби
тіліміздің қорына енгенмен, күнделікті қарым – қатынас жасау, яғни сөйлеу
тілімізде емес, көбінесе тарихи тақырыпта жазылған өлеңдерінде мол
кездеседі. Ол сөздер қоғамның белгілі бір кезеңдегі тарихи шындығын танып
білуге көмектеседі. Ақын М.Мақатаев тіл байытаудың қайнар көздеріне
біріншіден, интернационалдық терминдерді жатқызса, екінші қайнар көзі
ретінде архаизмдерді атап көрсетеді. Біз ақын өлеңдерінде кездескен
көнерген сөздерді шығу тегіне қарай, түрлеріне қарай жіктеп қарастырмай-ақ,
топтап жалпы қарастырғанды жөн көрдік.
Жүрегімнің сауыты – тылсым кеуде,
Тынымсыз дүрсілдеуде, дүрсілдеуде.
(Шұғыла-арман, 92)

Ғұмыр бойы жол басып арып-ашып,
Адам деген патшаға дәрі алып кел!
(Біздер деген, 205)
Қорамсағы, оғы жоқ, иесіз қару,
Әр балаға бір-бірден тиіп жатыр.
(Садақ иген, 151)

Қуанып көктен ырыс құйды екен деп,
Қолымнан тостағымды түсірмеймін.
(Шәлімге жазған хаттарда)

Біз жеңген жиырма бес жылдан бері,
Европа тастады құл етікті
(Толғау, 65)
Әміршіл менің, алданба,
Мына бір бейқам күндерге!
(Көретін күнім алдымда, 12)

Алысып аспан мен жер тулағанда,
Адамнан бір құрбандық керек пе екен?
(27б, ІІ том)

Қайтсем мен адамдарды дос қыламын?
Қайтіп мен – неруен сарай бос тұрамын?
(27, ІІ том)
Жүрегің тулап жатыр,
Қирата алмай кеудеңнің тас қамалын
(Қадірлі дос)

Қара таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып, бос келеді
(Райымбек, Райымбек, 225)

Керуен жол қасынан кесіп өткен,
Осы жерді әулие бесік еткен
(Райымбек, Райымбек, 230)

Қатын болып күн кешіп жүргеннен де қырқысып,
Қылша мойнын талша боп, қанжығанда кетер ем
(Райымбек 227)

Ақын қолданысындағы мұндай көнерген сөздер сол заманның әдет – ғұрпы
мен өмірінен хабар берумен қатар өздері қолданылған сөйлемге әр беріп, өң
беріп тұрғаны сөзсіз.
Диналектизмдер - әдеби тілдің құрамына енбейді. Диалектизмдерді ақын –
жазушылар көркем шығармадағы кейіпкердің мінезін ашу үшін, жергілікті
халықтың ерекшелігін көрсету үшін қолданады. Сөз өнеріне, сөз қолдануға аса
зор жауапкершілікпен қарайтын М.Мақатаев шығармаларында диалект сөздер көп
кездеседі.
Осі бір жан әсте сенен қашпаған,
Сен іздеген жерден дәйім табылды!

Ана төсін аймалайды жас сәби
Аймалайды бір татым сүт табал алмай...
(Мавр, 305)

Тілегіме жетемін деп көздеген,
Тентімеген жерің бар ма, кезбеген?
(Анама, 305)

Сәбилік пердеңді мен дал-дұл етіп,
Махаббатың тәттісі саған тамған.
(З...ға, 105)

Жатағынан кешеу қалған топ үйрек,
Жаңа ғана жайылымнан қайтыпты.
(Біздің жақтың іңірі, 111)

Дүниеде бақандай,
Бір ақын барын білсін кім?
(Ойлар, 18)

О, дәрменсіз найсаптар, пасық жандар!
О, шерменде бықсықтар!
(Мүлде бөлек бір жан, 13)

Өлең жолдпарында берілген бұл сөздер белгілі бір мағынаға ие болып тұр
және көнерген көздер ақын өлеңдерінің тілінде белгілі бір стильдік қызмет
атқарып тұр.
Жергілікті сөз, көне сөз, сирек сөз, жасанды сөз т.б.сияқты қалың
оқушыға бейтаныс сөздерді көркем әдебиеттен қолдану – барлық әдеби тілге
тән құбылыс.
Бірақ олар белгілі бір мақсат көздеп қана жұмсамауға, мотивсіз
қолданыстары болмауға тиіс және қайткен күнде де олардың түсінікті болуы
көзделуі қажет, - дейді белгілі ғалым Р.Сыздықова. Ақын өлеіңдеріндегі
тілінде кездесетін жаңа сөздер де, көне сөздер де белгілі бір стильдік
мақсатта қолданылатындықтан шығармаға өзіндік бояу береді.
Фразеологизмдер – стильдік боядуы қанықтыра түсу үшін қолданатын кез
келген жазушының көркемдік – эстетикалық құралы. Халық ғасырлар бойы
көркем, көңілге қонымды, ойды нақты, айқын жеткізетін сөз оралымдарын
пайдаланып отырған. Сондықтан, Фразеологияны тіл білімі саласындағы дербес
пән деп тану қажет, - дейді ғалым І.Кеңесбаев. Орыс тіл білімінде
фразеология саласында өнімді еңбек еткен ғалымдардың бірі – В.В.Виноградов.
Кез келген ақын фразеологизмдерді белгілі бір мақсатта пайдаланады.
Сондықтан қолданыстағы фразеологизмдердің стильдік мәні де айрықша.
Қайда барса, Қорқыт көрі қазулы түр адамға.
Елде жүрген ескі аңызды,
Естіп пе едің, қарағым?

Адамынан айттырған ат - тонымды ап қашып,
Қатынды өзім табам деп, әкемменен керіскем,

Шағылып тауы, құлазып көңіл мекені,
Түкенің астан оралған осы беті еді.

Жалғыз бір қара жұлдыздай ағып келеді,
Қараңғы түнде қақ жарып тілген аспанды.

Қарыс жерге қадым ұзап шыға алмай,
Білесің бе, қамауда отыр даналық?
(Мавр, 305)

Аңсап күткен арманыма жеткізгін,
Досқа күлкі, дұшпаныма таба етпе!
(Тілек)

...Асасын ұстап Әлмерек дейтін би келді:
- Жеті атасын жерге қаратқан қай бала?!
(Райымбек, Райымбек, 220)

Бидің бағып біреуі қас – қабағын,
Бүлк етуден бишара жасқанады.
(Райымбек, Райымбек, 222)

Екі ортаны біреулер аңдасады,
Жең ұшынан жеңгенмен жалғасады.
(Райымбек, Райымбек, 231)

Сараңданып, тағыланып барам ба,
Сен жаман ба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі
Қазақ әдеби тілі туралы
Жергілікті диалектілер
Қазақ тіл біліміндегі қазіргі когнитивті парадигмала
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Әлемдік тілдер.Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері
Cөз әдебі
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Пәндер