Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе
Ị. Негізгі бөлім
1.1.Сөз тіркесі жайлы жалпы мағлұмат.
1.2.Сөз тіркесінің белгілері.
1.3.Сөз тіркесінің сөйлем құрамында қолданылуы.
1.4.Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің кейбір
айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
1.5. Сөз тіркестерін топтастыру
2.Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары.
2.1.Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
2.2.Қабыса байланысқан зат есімдерден құралған тіркестер.
3.Матаса байланысқан сөз тіркестері.
3.1.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары.
3.2.Матаса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары.
4.Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері.
4.1.Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің түрлері.
Практикалық бөлім
Қорытынды
Пайдалынған әдебиеттер

К І Р І С П Е.
Курстық жұмыстың мақсаты- ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз
тіркестерінің белгілерін және қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік
байланысу формаларын тереңірек ашып көрсету.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуді алға
тартамыз
Қазақ тіліндегі және ағылшын тіліндегі сөз тіркестерінің ерекшеліктерін
ашып көрсету,
Шет елдегі әдіскерлердің жұмыстарын негізге ала отырып оқушыларға
ағылшын тіліндегі сөз тіркестерін таба білуге үйрету мысалдар арқылы.

Курстық жұмыстың ғылымилығы- қазақ тілі сөз тіркестерінің тікелей
ағылшын тілінен аударылмауы.Олардың ағылшын тілінен орыс тіліне содаң соң
орыс тілінен қазақ тіліне аударылуы.

Курстық жұмыстың өзектілігі – қазақ тілінде сөз тіркестерін таба білу,
қарастырылған мысалдарға, зерттеулерге қарап, сөз тіркесі қазіргі таңда өте
қиын тақырыптардың бірі болғандықтан, біз оларды зерттеу арқылы оқушыларға
синтаксистік байланысу формаларын тереңірек ашып көрсетіп, түсінуге жеңіл
болу үшін бар ынтамызды салу.

Курстық жұмыстың практикалық мәні- ағылшын мен қазақ тілдеріндегі
жұмыстарының ішіндегі сөз тіркестерін зерттеу табу.Зерттеген кезде белгілі
бір текст соның ішіне тексттің ішінде жалпы қанша сөйлем қанша сөз оның
ішінен сөздердің бір бірімен қай байланысу формасымен байланысқанын зерттеу
барысында табу.

Курстық жұмыстың құрылымы- жұмыс кіріспе теориялық және практикалық
бөлімдер мен қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім.

Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі мәселелері сөз
тіркесі мен сөйлем олардың құрылымы мен түрлері сөз тіркесі мен сөйлемдегі
сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп
болған жоқ.Сөз тіркесі грамматиканың объектісіне жатады.
Грамматикада болғанда ол морфология мен синтаксистің арасындағы осы
екеуін жалғастыратын басқыш болып табылады.
Тәжірибеде сөз тіркесі синтаксистік талдау оңай болып көрінгенмен,мұны
жете тану жағы әлі жеткіліксіз.Көп реттерде біз сөйлем мүшелерімен ғана
байланысты қарайтындай ыңғайды жиі кездестіреміз.
Аталған мәселелерді жеке, нақтылы бір тілге қатысты жан-жақты және
тәптіштеп қарастыру грамматиканың жалпы теориясынын, міндетіне емес, жеке
бір тілдің грамматикасының (оның синтаксис саласының) міндетіне енетіндігі
ескеріліп, бұл кітапта, оның алдына қойған мақсаты мен міндетіне орай, сөз
тіркесі мен сөйлемге тән басты белгілер, олардың құрылымы мен
лингвистикалық табиғатына қатысты жалпы теориялық мәселелер сөз болады.
Синтаксистік единица ретінде қаралатын сөз тіркесінің лингвистикалық
табиғатын айқындап, оған анықтама беру үшін, біріншіден,—сөз тіркесін
өзімен сырттай ұқсас құбылыстардан, атап айтқанда, күрделі сөзден, жалпы
сөздердің тіркесінен (атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесі, сөздердің
салалас қатары), фразеологиялық сөз тіркесінен және сөйлемнен ажырату,
екіншіден,— оған (сөз тіркесіне) тән басты белгілерді айқындап алу қажет.

1.1.Сөз тіркесі жайлы жалпы мағлұмат.
Ị. Грамматиканың синтаксис саласының қарастыратын негізгі
мәселелері;сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөз
тіркесі мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары.
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп
болған жоқ. Сөз тіркесі грамматиканың объектісіне жатады. (1)
Грамматикада болғанда ол морфология мен синтаксистің арасындағы осы екеуін
жалғастыратын басқыш болып табылады.(2,22 б)
Сөз тіркесі — мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара
байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі.
Сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыс сөздің бөлшектерінің
арасындағы байланыстан анағұрлым еркінірек болады. Алайда, бұл еркіндік
сөз тіркесінің мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзатындай дәрежеде
болмауға тиіс. Мысалы, сөз тіркесінің сыңарларының арасында ұзақ кідіріс
(пауза) жасалса немесе ол сыңарлардың арасына бірнеше сөздер енсе, сөз
тіркесінің бірлігі, тұтастығы бұзылуы мүмкін. Сөз тіркесінің сыңарларының
арасында да, сөздің (мейлі жалаң сөз болсын, мейлі күрделі сөз болсын)
бөлшектерінің арасында да байланыс бар, бірақ сөздің (соның ішіңде күрделі
сөздің де) бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының
арасындағы байланыстан басым да, бекем де болады. Осыған орай, жалаң сөз
де, күрделі сөз де сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз
тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына емін-еркін енсе, синтаксистік сөз
тіркесі белгілі бір үлгілер (модельдер), формулалар бойынша сөйлеу кезінде
жасалады. Осылай болғандықтан, оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай
басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.
Сөз тіркесі сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы
тілде коммуникативті қызмет атқара алады. Осыған орай, сөз тіркестері
сөйлем құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі. Екінші
жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, күрделі атаулардың әр басқа
түрлері ретінде де зерттеуге болады.
1.2.Сөз тіркестерінің белгілері.
С.т. мағыналық жақтан да, грам. жақтан да өзара байланыста, бірлікте
болатын , толық мағыналы, кемінде екі сөздің тіркесі.
С.т. сыңарларының арасында байланыс сөздің бөлшектерінің арасындағы
байланыстан анағұрлым еркінірек болады.Алайда, бұл еркіндік сөз тір-ң
мағыналық және синтаксистік бүтіндігін бұзат\ндай дәрежеде болмауға тиіс.
С.т. сөйлем құрамында қолданылғанда ғана және тек сөйлем арқылы тілде
коммуникативті қызмет атқара алады.Осыған орай, сөз тіркестері сөйлем
құрамында оның құрылымдық элементтері ретінде зерттеледі.Екінші
жағынан, сөз тіркестерін сөйлемнен тыс, күрделі атаулардың әр басқа
түрлері ретінде де зерттеуге болады.
Академик Виноградов сөз тіркесінің тілдің коммуникативті және
номинативті құралдардың қатарына енетіндігі жайында былай дейді:Сөйлем
құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің коммуникативті
құралдардың жүйесіне ене алады.Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс
материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да,тілдің
номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды процестерді
белгілеу құралдарының қатарына енеді.
Сөз бен еркін сөз тіркесі тілдің номинативті құралдарының қатарына
енгенімен, бұл екеуінің номинативті сипаты бірдей емес. Біріншіден,— сөз
дара ұғымның атауы болса, еркін сөз тіркесі кемінде екі ұғымның бірақ бір-
біріне қатысты, өз ара байланысты ұғымдардың атауы; екіншіден,—жоғарыда
аталып өткендей, сөз затты, құбылысты, сапа-белгіні немесе іс-әрекетті бір-
біріне қарым-қатынасынсыз, жеке-дара күйінде атаса, еркін сөз тіркесі
оларды бір-бірімен байланысында атайды; үшіншіден,— сөз сөйлеу кезінде
тілде бұрыннан бар, қалыптасқан, даяр тұрған атау болса, еркін сөз тіркесі
даяр тұрған, бұрыннан бар атау емес, сөйлеу кезінде толық мағыналы
сөздердін тіркесуінен жасалатьгн, олардың мағыналық және грамматикалық
бірлігінен пайда болатын тіркестер ретінде ұғынылады, анығырақ айтқанда,
сөз тіркестері номинативті сипатқа бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған
единицалар ретінде емес, сөздердің тілдің грамматикалық заңдары брйынша
тіркесуі арқылы ие болады.
Тіл білімінде, жоғарыда аталып өткеніндей, еркін сөз тіркестері сөйлем
құрамында және сөйлем арқылы тілдің коммуникативті құралдарының қатарына
енеді дейтін пікір бар. Сөз тіркесі сөйлем құрамында белгілі бір затты
немесе белгілі бір сапаны атап қана қоймайды, сөздердің бір-бірімен
байланысуының синтаксистік амалдары (құралдары) арқылы заттың аты мен
сапаның аты тіркескенде, зат белгілі бір сапаны иеленуші ретінде
сипатталады да, олардың тізбегінен жасалғаң сөз тіркесі сол зат туралы
белгілі бір хабар (информация) ретінде танылады. Мысалы, Ол қызыл көйлек
киіп келді деген сөйлемдегі қызыл көйлек деген сөз тіркесінің осындай
сипаты бар. Сөз тіркестерінің көпшілігінде коммуникация бағыты біреу, ол —
заттар, құбылыстар, процестер және т. б. туралы тыңдаушыға немесе оқушыға
бұрыннан белгілі болғандарды нақтылау, тәптіштеу және дәлдей түсу.
Зерттеушілер сөз тіркесінің осы аталған коммуникация сипатын ескере келіп
және оны сөйлемді сипаттайтын жалпы коммуникативтіліктен ажыратудың
қажеттілігін есепке ала отырып, сөз тіркесінің коммуникатив-тілігін
жартылай коммуникативтілік деп атаса, оның бұл қасиетінің сөйлем құрамында
ғана толық көріне алатындығын ескеріп және оны сөйлемге тән абсолютті
немесе толық коммуникативтіліктен ажырату үшін шартты коммуникативтілік
(относительная коммуникативность) деп атайды. Сөз тіркесі осы аталған
жартылай (шартты) коммуникативтілік белгісі бойынша сөзден де (сөз
өздігінен коммуникативтілік қасиетке ие бола алмайды), сөйлемнен де (сөйлем
жалпы, абсолютті немесе толық коммуникативтілік қасиетімен сипатталады),
лексикаланған тұрақты сөз тіркестерінен де, толық мағыналы сөз бен көмекші
сөздің тіркесінен де ажы ратылады (сөз тіркесінің аталған единицалардан
айырмашылығы жайында толығырақ мағлұмат төменде беріледі).
1.3.Сөз тіркесінің сөйлем құрамында қолданылуы.
Көп реттерде авторлар сөз тіркесін сөйлемге берілген анықтамалардың
ыңғайында атап жүрді.Мәселен, Тиянақты ойды білдіретін бір сөзді я бірнеше
сөз тіркесін сөйлем дейміз. (3)
Кейбір сөз (сөйлем мүшесі) басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап,
толықтап, пысықтап, немесе түрліше қиюласып, бірін- бірі керек ету жолымен

байланысады.Мұндай байланысты сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз(4).
Қазір сөйлемге беріліп жүрген анықтамалар да әр алуан.Солардың бәріне ортақ
бір нәрсе -ойдың тіл арқылы берілетіндігі.
Белілі бір ойды білдіруде жеке сөзден сөйлемге дейінгі аралықтағы
байланыстылық заңдылығы сөз тіркесін құрайды.Сонда сөз тіркесі сөздер
сөйлем құраудың заңдылығы болады.Осы заңдылық болмаған жерде сөйлем де
болмайды.
Түн.Клуб толы адам.Музыка. (С.Е) Айдала.Көлдің биік қабағы.Әлсіз
жел.Күн батып барады. (С.М) Белес белес биік қар.Қар астында шықырлаған жер
үйлер.Айсыз бұлтсыз қараңғы түн. (Ғ.М)
Осы сөйлемдердің арасыңдағы атаулардың байланысында жалғаулар арқылы
да, орын тәртібімен де, интонациямен де тіркес құрағандары бар. Солардың
ішінде жеке бір сөзден тұрғандары таза интонация арқылы жасалған дей
аламыз. Мүмкін, жалпы атаулы сөйлемге қатысты сөз тіркестерін суреттемелі
және өліптемелі деп те атауға болар. Қазіргі қазақ тілінде сөз тіркесі тек
сабақгастық байланыста ғана болып, салаластық байланыста тұрған бірыңғай
мүшелердің тіркес құрауға қабілетсіздігі айтылып жүр. Негізі, бұл ағат
айтылған пікір болар. Өйткені, сөйлемде айтылған ойға қатысты қандай сөз де
тіркеске түсе алады. Ол — тұтас ойды құраушы бір тетік қой. Егер мәселе
бірыңғай мүшелердің өзара қатысына қалса, әңгіме басқаша болар еді. Онда да
бірыңғай мүшелердің түріне қарай айыра білген жөн. Мәселен, біз бірыңғай
үйірлі мүшелерді сөз тіркесіне талдар едік. Мысалы: Жолаушылар қозылары
жаңа жамыраған, құлындары шіңгірлеп кісінеген, иттері үріп шулаған...
ауылға келді (М.Ә.). Осы сөйлемдегі бірыңғай анықтауыштар өз ішінен сөз
тіркесіне талдануы және байланыс тәсілдері жағынан әр алуан. Сонда бірыңғай
мүшелерді жоғарыдағы-ша тіркес құрамайтын етіп көрсету дұрыс болмайды.
Сөйлем мүшесі бірыңғай ма, емес пе әңгіме сол мүшенің тұтас ойды білдіруге
қатысы бары — шындық. Ендеше сөйлем мүшесі өз ішінен сөз тіркесін құрайтын
компонент бола алады.
Сөз тіркесі жөніндегі зерттеулерде сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің
бірлеспейтінін тереңірек қарастырған дұрыс шығар. Өйткені, бір сөйлемде сөз
тіркесі саны мен ондағы сөйлем мүшелерінің саны бірдей болмайды. Алдымен,
кзлай болғанда да, бір сөйлемде сөйлем мүшесінің саны бесеуден аса алмайды,
ал сөз тіркесінің саны бұдан артық не кем бола береді. Міне, осы жағдай сөз
тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисінің бір еместігін аңғартады.
Сөйтіп, синтаксистің осы екі саласын бір-бірінен айыра білудің әрі қисындық
(теориялық), әрі практикалық мәні бар екенін байкдтады. Қазіргі қазақ
тілінде қалыптасып отырған сөз тіркесі синтаксисін тануда және оның қандай
жерлерде тіркеске ажырамайтынын айыруда кетіп жүрген қателіктер де осымен
байланысты болып жүр.
Сөз тіркесін зерттеудің қай-қайсысында да, мәселен, күрделі мүшелерді
бір компонент ыңғайында алып келеді. Әсіресе, бұл күрделі баяндауыш
қызметін атқарған тізбектегі сөздерге тән сияқты болып байқалады. Бірақ осы
түсінік тіліміздегі өзге құрылымдардың бәріне ортақ болмаса керек.
Синтаксистік бір мүшенің қызметін атқаратын бірқатар құрылымдар өз ішінен
сөз тіркестеріне талдана береді және оның компоненттері қарапайым жай
тіркестерден қашықтамайды. Мұндай жағдай, алдымен, үйірлі мүшелердің ішінде
жиі кездеседі. Ал үйірлі мүшелер болса, сөйлемнің бес мүшесіне де тән және
олардың қырыққа тарта жасалу жолдары бар.
Олар туралы осы жоддардың авторы арнайы оқу құралын шығарған (Үйірлі
мүшелер және оларды оқытудың әдістемесі. 1991). Сөз тіркесінің қабілетіне
карай есімді және етістікті болып қарастырылғаны жөн. Өйткені осы екі сөз
тобы тіліміздің құрылысына негіз болады. Одан әрі сөз тіркесін құраған
сөздердің қай сөз табына қатысына қарай бағынышты және басыңқы сыңарлары
ыңғайында қарастырамыз. Мысалы: Оның күткен Құнысы келмеді (Х.Е.). Осы
сөйлемдегі есімді, етісгікті тіркестерге: 1) оның Құнысы, 2) күткен Құнысы,
3) Құнысы келмеді — жатады. Мұнда алғашқы екі тіркес есімді, ал соңғысы
етістікті болады.
Кейбір авторлар бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланысты сөз
тіркесіне қосуға болмайтындай ниет білдіреді де, тіркес тұрлаусыз мүше мен
тек тұрлаулы мүшелердің ара қатынасында болатындай ретте көрсетіп жүр.
Ондай пікір "Қазіргі қазақ тілі" (1966) оқулығында айқын беріліпті. Бұл
ұшқары айтылған тоқтам болса керек. Өйткені тіркес — сөйлем мүшелерінің
бәріне тән нәрсе.

1.4.Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сөз тіркестерінің кейбір
айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
Ағылшын және қазақ тіліндегі сөз тіркестерінде олардағы
ерекшеліктерімен қоса, жалпы алғанда көп ұқсастықтары бар екендігін де атап
кеткеніміз жөн.Мыс:сөз тіркестер екі тілде де бағыныңқылы сөзден құралады,
сонымен қатар олар етістікті және есімді сөз тіркестері болып
келеді.Ағылшын тіліне тән мұндай тіркес түрлері:stone wall, speech sound,
sound wave.
Осы жерде заңды сұрақ туындайды: мұндай тіркестер күрделі сөзге немесе
сөз тіркестеріне жатады ма, егер сөз тіркестері болып табылған жағдайда
бірінші элемент қай сөз табына жатады.Кейбір лингвистер (Г.Сунт) бірінші
элементті зат есім десе екінші ойды жақтаушылар (Есперсен) Бірінші
элементті сын есім дейді.
Түркі тілдері және басқа да көптеген тілдердің сөз тіркестеріндегі
компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыстың негізгі үш түрі
болады: матасу меңгеру қабысу.
Матасу -тәуелді сөз басты грамматикалық сипатқа ие болып ағылшын
тілінде өте шектеулі түрде қолданады.
Меңгеру -бағыныңқылы элемент басыңқы сөздің тәуелділігіне қарамастан ол
анық грамматикалық сипатқа ие бұл ағылшын тіліне тән емес бірақ қазақ
тілінде кеңінен қолданылады да мыс.Қайдан келдім Қайдан келдің Қайда
барасың.
Қабысу- бағыныңқы сөз басыңқы сөзге қарамастан еш өзгермей өз алдына
грамматикалық формаға ие болады және бұл екі тілге де ортақ.Мыс.жақсы кітап
жақсы оқушы.
Ағылшын тілінде қабысудың қазақ тілінен ерекшелігі сөздер қатаң орын
тәртібімен сипатталмайды.
Мыc:
1.Ellen Goodrich knew no one in the city intimately, there was no one
she could expect [John Cheerer The pleasures of solitude Sec: Selected
stories, p 49]
To know smb smth + intimately

2.Deborah spread the second news section on the floor and began an
elaborate fantasy that her parents had seen performed so often they hardly
noticed it [John Cheerer The Sutton Place Story See: Selected stories
p58.]

To be performed verb often adv
Hardly adv to be noticed v
Жанасу синтаксистік байланыстың түрі, яғни сөйлемердің бір мүшесі
ретінде синтаксистік топты құрап, өзара құрама бөліктерінде керекті сөзді
орын тәртібімен қояды.

1.5. Сөз тіркестерін топтастыру туралы
Сөз тіркесін бірқатар авторлар сөйлем мүшелерінің ыңғайында
топтастырады. Олар тіркескен сөздердің өзара мүшелік қарым-қатынасына
қарай, сөз тіркесін "предикативті" және "перидикативті емес" деп екіге
бөледі де, соңғыдан "толықтауыштық", "анықтауыштық" және "пысықтауыштық"
сөз тіркестерін шығарады. Сөз тіркестерін бұлай топтастыру сөздердің өзара
тіркесу ерекшеліктеріне негізделмей, сөйлем мүшелерінің өзара тіркесіне
негізделгендік болады. Егер сөз тіркесін "сөйлем мүшелерінің тіркесі" деп
есептейтін болсақ, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің
синтаксисімен араластырып жіберген боламыз. Бұл — бір. Екіншіден, сөз
тіркесі мен сөйлем мүшелерінің жігі бір емес. Мысалы, кен байлығы, мал
дәрігері, қос ауыз, қазан пышақ сияқты сөз тіркестері сөйлемде бір-бір
күрделі мүше болып жұмсалуы мүмкін. Сондықтан ол топтастыруды
қанағаттанарлық деп айтуға болмайды. Рас, сөздер бірімен-бірі тіркесу
нәтижесінде белгілі мүшелік қатынаста айтылады. Бұл жағдай сөз тіркесінің
синтаксисінде еленеді, бірақ оның ең басты белгісі бола алмайды.
Сөз тіркесін топтстыру принциптерін дұрыс белгілеу үшін сөз тіркесінің
зерттеу объектілері нелер екенін, оның басты-басты ерекшеліктерінің нелер
екенін ашу керек.
Сөз тіркесі синтаксисінің негізгі объектісі — сөйлем мүшесі емес, сөз.
Сөздердің өзара тіркесуі — олардың грамматикалық қасиетінің бірі. Сөз
тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа
сөздермен және өзара т і р к е с у қабілеті, байланысу тәсілдері, сөздердің
сөз тіркесін құраудағы қызметі қарастырылады. Осыларды негізге ала отырып,
сөз тіркесінің құрамын, олардың мағыналарын, синтаксистік қызметтерін сөз
ететін боламыз.
Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай
есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бқлінеді. Есімді сөз
тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде
етістік басыңқы сыңар болады.
Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр-тұрпаты әр түрлі
болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын сөз тіркестерін жіктеуге
критерий болатын синтаксистік тәсіл – сөздердің байланысу формалары. Есімді
және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше
топқа бөлінеді.

Байланысу
формасына
қарай

Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады,
етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады (соңғы шылаулы,
шылаусыз болуы мүмкін).
Жинақтап айтқанда, сөз тіркесінің басты-басты түрлерінің схемасы
болады:
Соңғылар қандай сөздерден құралатынына қарай өзара тағы бірнеше топқа
бөлінеді (оларды бұдан былайғы талдаулардан көруге болады)

2.Қазақ тіліндегі сөздердің синтаксистік байланысу формалары.

Сөздердің өзара байланысу тәсілдері негізінде қалыптасқан син.тік
байланыс жүйесін сөздердің байланысу формалары дейміз.
Қазақ тіліндегі сөздердің син.тік байланысу формалары мыналар:
1.Қиысу 2.Матасу 3.Меңгеру 4.Қабысу 5.Жанасу

Қиысу- син.тік байланыстың көп қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің грамматикалық жүйесі
Лексикалық интерференцияның лингвистикалық аспектісі
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ категориясы
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Ағылшын тілінен қазақ тіліне саяси мәтінді аудару мәселесі
Сөз таптарын топтастыру
Фразеологизмнің сөз тіркесіне ену тәсілі
Грамматикалық категория туралы түсінік
Есімшелердің құрмалас сөйлем жасаудағы қызметі
Пәндер