Сын есімге түсінік беру



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
1. Сын есім туралы жалпы түсінік
2. Сын есімнің мағыналық түрлері, морфологиялық құрамы
3. Сын есімнің жасалуы
а) есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар
ә) етістіктерден сын есім тудыратын жұрнақтар
1.4. Сын есімнің шырайлары
1.5. Сын есімнің емлесі
1.6. Сын есімнің синтаксистік қызметі

ІІІ. Қорытынды бөлім

Есімдер деп аталатын сөздердің ішінде зат есім заттың атын білдірсе, ал
сын есім сол заттың, құбылыстың сыр спиатын, түр-түсін, көлемін білдіреді,
яғни зат есімнен кейінгі ессеі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Сын – адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп баға беруді айтамыз. Ғылымнан
шыққан нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де сынға салуға болады. Оның
мақсаты қоғамға қандай пайдасы бар екенін білу, оның жақсы, жамандығын
анықтау, ашу.
Сын дегеніміз сынау сөзіне мәндес, қандай да бір заттың түр-түсіне,
сапасына, көлеміне сипаттама беру, сындық көзқарас білдіру. Сонымен, заттың
түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, көркін, қасиетін тағы да осы
сияқты алуан түрлі сындық белгілерін білдіріп, қандай, қай? деген
сұрақтарға жауап беретін сөз тобын сын есім дейміз. Мысалы: жақсы (қандай?)
бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (көйлек, қандай?) т.б.
Сын есім заттың әр алуан сыр сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа
заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен
байланысты, сын есімдер мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай,
сапалық (негізгі) сын есім және (қатыстық) (туынды) сын есім болып екіге
бөлінеді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сипатын, атап
айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, көк) сыры мен сапасын (нашар, жақсы,
жаман т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр т.б.) дәмі мен иісін
(ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін сөздерді айтамыз.
Сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі
белгілері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәрін де
ұлғайту (-рақ, -рек, - ырақ, ірек); кішірейту (-лау, - леу, - тау, - теу,
- дау, - деу) жұрнақтары талғамай жалғана береді. Мысалы: сарылау, сарырақ.
Екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіру үшін қолданылатын
үстеме буындар қосылады, - ғыш, - гіш, - қыш, - кіш, - шыл, - шіл, - ша, -
ше, - ң, - аң, - ең тәрізді жұрнақтарда бірен – сарандап жалғана береді.
1. Ауылдың желке тұсына жеткенде, жолымыздағы көлденең тұрған жалғыз түп
үлкен алып алма ағашын айналып өтеміз. (С.Мұратбеков Жабайы алма, 5-
бет).
2. Бүбітай қарулы әйел еді, алма ағаш түбінің лезде астаң – кестеңін
шығарып, үңгірді жермен-жексен ғып бітеп тастады. (9бет)
3. Күзге қарай алып алма ағаштың ақ алмасы сарылау болып, уылжып пісе
бастады.
4. Қызыл алмаларға жетіп, енді қол соза бергенде, аяғын тіреп тұрған бұтақ
сынып кетіп, төмен қарай құлап түсті. (10 бет)
5. Біреуіне алдыра қоймаспын деп кісесінен үлкен, қара кездігін алып,
қолына оңтайлап ұстап жүрді. (Қ.Жұмаділов Бір ғана ғұмыр, 8-бет)
6. Ұяңдау, сарғыш шашы жалбырап тұратын аққұба, арық жігіт еді.
(Қ.Жұмаділов Бір ғана ғұмыр, 19 бет)

7. Мен сол шақта жігіт жүзінен өзгеше бір нұр көргендей болдым. (22 бет)
8. Шекер маған бірден ұнады, орта бойлы, толықша келген қызыл шырайлы қыз.
(23-бет)
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы өзге сөз таптарынан жасалған
туынды сын есім, бір нәрсе мен екінші нәрсенің ара-қатысын, байланысын
білдірсе қатыстық сын есімдер дейді. Осы ерекшелігіне қарай, қатыстық сын
есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады
да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына,
ішкі қасиеті мен сипатына, мекені мен мезгіліне және тағы да басқа сол
сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді.
1. Таулы өлке кешкі шақта сондай сұлу еді. (Қ.Жұмаділов Бір ғана ғұмыр,
30 бет)
2. Сейіл әжімді жүзін өте сирек күлкімен тыжырайтты да, жарылған ернін
ашып ақсия күлді. (М.Әуезов Абай жолы, 44 бет 4 том)
3. Әзір осылар көрінумен қатар, иықтарына әпкіш ағаш салып, қос шелекті
көтеріп келіп, су алып кетіп жатқан келіншектер, қартаң әйелдер не
бала жігіттер көбірек көрінеді. (43 бет 4 том)
4. Бір кезде Сейілдің қайығы үлкен Ертісті жүзіп өтіп, жарлау кенесі бар
көгалды аралға жиектеп еді. (44 бет 4 том)
5. Бер жақпен үлкен қала арасын бөлген, көзден тасалап тұрған қалың биік
тоғайлы Полковник аралы енді арқада қала берді. (46 бет 4 том)

Сапалық сын есімдер мен диаграммасында көрсетуге болады.

Сапалық Қатыстық
Тұлғасына қарай негізгі сын есімС Тұлғасына қарай туынды
болып келеді. Мысалы жақсы, Ы етістік болып келеді.
әдемі көк, ащы Н Мысалы: өнерлі жігіт,
орманды алқап
Е
С
І
М

Айырмашылықтары мағыналарында. М: Балалы үй базар, баласыз үй мазар.
Бұл мақалда балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы
мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді. Сөйтіп қатыстық сындар зат
есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың
нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен
байланысты.
Сын есімдер морфологиялық құрамына қарай 2 салаға бөлінеді. Жеке бір
сөз бір нәрсенің сындық белгісін білдіріп тұрса жалаң сын есім дейді. Жалаң
сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет
ететін түбір сөздер (ақ, қара, көк т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды
(малды, шөпті, құнарлы т.б.) сын есімер және өзге сөз таптарынан жасалып
отырады.
М: 1. Жалаңаш нотадан көп төмен түсіп, қалың қойнауға жеткенде, жел
басылып, күн жылынайын деді. (Қ.Жұмаділов Бір ғана ғұмыр 6-бет)
1. Бір айдың ішінде аппақ болып тегіс ағарды. (13 бет)
2. Әлі ештемеге ден қоймаған, әрнеге бір ұрынып жүрген албырт сезім. (18
бет)
3. Осы ғажайып адам күні бүгінге дейін көз алдымда. (19 бет)
4. Мектептен кейін бірталай жұмыс істеп келген ересек, пысық жігіт. (18
бет)
5. Өзі бір бала секілді ақ көңіл жігіт еді. (18 бет)
6. Ұяңдау, сарғыш шашы жалбырап тұратын аққұба, арық жігіт еді. (19бет)
7. Сайтанның өзі де өңді неме еді ғой. (20 бет)
8. Асылқанның қасына келген қыздар да салмағынан айырылып, жеңілтек боп
кетеді екен.( 22 бет)
9. Ортасында өңі тәуір қыз отырған да, жарқ етіп көзге түскісі келетін
жігіттердің әдеті емес пе, әркім-ақ шамасы келгенше сілтеп жатыр.
(24бет)
Екі немесе бірнеше сөздер тіркесіп немесе қосарланып айтылып бір
нәрсенің сындық белгісін білдіріп тұрса, күрделі сын есім дейді.
Күрделі сын есімдер негізгі сындардың да, туынды сындардан да олардың
өзді-өзінің де, өзге сөз сөздерімен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы,
әредік бірігуі арқылы жасалып, бір бүтін күрделі тұлға ретінде қызмет
етеді. Сын есімдердің үлгілері төмендегідей:
1. Сапалық сын есімдер бір-бірімен тіркеседі. Бұған қоса ала, сары ала,
торы ала деген үлгі бойынша жасалатын, яғни алғашқы компоненті ауысып,
соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сын есімдер де, яғни алғашқы
компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын, екі компонентті
күрделі сындарға жатады.
М: 1. Әкесі қойшы Құлтума, ағасы Жұматай таз қоңыр ала қаз, алпыс
үйрек, бір тырна, жата қалып жер тырна. (Ж.Аймауытов Ақбілек 9-бет)
2. Ордабайдың қыз – келіншектері бәт құндыз бөріктерінің үкісі желкілдеп,
жорға мен жүйрік мініп, алдыңғы көшке сыдыртып өте шыққан кереге, уық
құрымын теңдеген ала шолақ, тарғыл шолақ сиырының соңында күзеген көк
байталмен қалықтап келе жатқан Күнікейдің зығыры қайнайды. (14 бет)
3. Ертеңгі көште Күнікей құйрық- жалы Шәмшидің шашындай төгілген жарау
тобылғы торы биені алып келді. (16 бет)
2. Бірыңғай я негізгі, я туынды сындар не қайталанады, не қосарланады. М:
аппақ – аппақ, үлкен – үлкен т.б.
М. 1. Көш келіп, байдың үйлері үлкен – үлкен жабасалмасын жасап алған
кезде, сиырларының тілін салақтатып, сілекейіне шұбыртып, бүйірін
салықтатып, жүгіріп, сиырларын ұстап, жүгін түсіріп жатқанда Шекерлер де
келді. (23 бет)
2. Қасым да қатын – балалы, сақалды жігіт. (28 бет)
3. Негізгі сынмен есімдерден сын есім тудыратын – лы; - лі жұрнақтары
жалғанған туынды сын есімдер тіркеседі.
М.: алтын баулы, қызыл шырайлы т.б.
1. Жасы елуге енді келген Базарбек орта бойлы, кең маңдайлы, аққұба,
көрікті жігіт болатын. (Қ.Жұмаділов Бір ғана ғұмыр 329 бет)
2. Қызыл шырайлы, қыздай ұяң жігіт еді.
4. Зат есім, сын есім мен – лық, - лік, - дық, - дік, - тық, - тік
формалы сын есімдер тіркесіп, күрделі сын есімдер жасалады.
М: 1. Биыл университет бітірген үлкен ұлын Ауыл шаруашылық министрлігіне
қызметке орналастырды. (328 бет)
2. Биылғы президентіміздің халқына жолдауы көңіл көтерерліктей,
қуантарлық жағдай болды. (Жетісу газеті)
5. Күрделі сын есімдердің сыңарлары бірдей – лық, - лік, - и жұрнағы
арқылы жасалған сын есімдер қосарланады немесе алғашқы не кейінгі
компонентіне – и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосаранады. М:
әскери-саяси, қоғамды – тарихи.
1. Мұнда ол тұңғыш рет қыпшақтың хан жарлықтарына, қыпшақ хандарының
орыс князьдарына және басқа көрші елдерге жазған хаттарына үңіліп, олардың
тарихи - әлеуметтік мәнін түсіндірді. (72 бет)
6. Я екі компоненті де бірдей – лы, - лі жұрнағы арқылы жасалған туынды
сын есімдер қосарланады. Я бір компоненті - лы, - лі жұрнағы арқылы
жасалған туынды сын есімдер қосарланады. М: орынды – орынсыз, әкелі –
балалы т.б.
1. Таулы – тасты өлкеде күн, әсілі ерте батады. (10 бет)
2. Мынау Тарбағатайдың күнгей жағын ол аттылы-жаяулы талай рет
шарлаған. (11 бет)
7. 2 компоненттің бірінші сыңары тәуелдік жалғауының үшінші жағында
тұрған зат есім ме екінші сыңары сын есім тіркесіп келіп күрделі сын есім
есебінде қолданылады. Мысалы: тілі тәтті, басы бос т.б.
1. Біздің мақсатымыз көзі ашық, көкірегі ояу, білімді азамат тәрбиелеу.
(Ана тілі газеті)
Сөйлемде көзі, көкірегі сөздері тәуелдік жалғауының үшінші жағында
түұрып, ашық ояу деген сын есімдермен тіркесіп келіп, күрделі сын есім
жасалып тұро.
Сын есімнің жасалуы:
Сын есімдер морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы
жасалады. Синтаксистік тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын
есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ сары, ақ шұбар) тағы басқа
жолдар арқылы жасалады. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар:
1. – қы, - кі, - ғы,-гі жұрнағы арқылы кейбір заит есімдерден,
үстеулерден, есімдіктерден жатыс септігінде тұрған сөздер мен кейде
шығыс септіктегі сөздерден туынды сын есім жасалады.
а) Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ
кейде жатыс және шығыс септік формаларындағы есімдерге қосылып мағыналары
солардың лексикалық мазмұндарына қатысты туынды сын есімдер жасайды.
М: 1. Балалары үйшіктегі қозыдай айқасып, танаулары пысылдап ұйықтап
жатыр еді. (79-бет)
2. – лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті қосымшасы арқылы мынадай туынды
сөздер жасалады.
а) Негізгі және туынды хзат есімдерден олардың лексикалық мағынасына
қарай белгілі бір заттың, не басқа бір құбылстың бар екенәін (барлығын), я
мол екенін (молдығын) білдіретін туынды сын есімдер жасалады.
1. Менің көзіме ол жай біреу емес, қалайда бір киелі адам сияқты боп
көрінетін (18-бет).
б) Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден
де, мағына жағынан әрі қосарланған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей
байланысты, әрі екеуінің де мазмұндарын қамтитын күрделі сын есімдер
жасалады. М. Ойлы-қырлы, таулы-тасты т.б.
М. 2. Шағын қала аумағында үлкенді-кішілі акциялары өткізіліп тұрады.
(Ана тілі газеті)
в) Екі-үші сөзден құралып., суретеме атаулар есебінде қызмет ететін әр
алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. М: ақ басты, ай
қабақты.
3. Ақ басты шал үйге өңмеңдей кіріп келді. (Қазақ тілі мен әдебиеті
журналы)
3. – сыз (-сіз) – сім сөздерден болымсыздық білдіретін туынды сын есім
жасайтын өте өнімді жұрнақтың бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің
мағынасы жоғарыдағы (-лы., - ты, - ті, - ды, - ді) формасы тіркесіп
жасалатын сын есімнің мазмұнына қарама-қарсы, демек заттың жоқтығын
білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласз т.б.)
1. Елсіз тауда ерігіп жатқан өңшең еркек іші пысқан соң ермек, қызық
керек қылмай ма? (Ж.Аймауытов Ақбілек 81-бет)
4. – шыл, - шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарапты сөздерге
жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке
бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайды.
М: ұйымшыл, сауықшыл т.б.
М: Біздің топ өте ұйымшыл.
5) – дай, - дей, - тай, - тей негізінде өзі жалғанған сөзбен салыстыру,
ұқсату қосымша бола тұрса да, бір алуан сөздерге жалғанып туынды үстеулер
де жасайды.
а)Зат есімдерге жалғанады: аттай, таудай т.б.
М: Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін (мақал)
б) Есімдіктерге жалғанады: м: мендей, сендей, т.б. М: Мұндайда Қажымның
қасында қалудың өзі азап (19-бет Қ.Жұмаділов, Бір ғана ғұмыр)
в) Сан есімдерге жалғанады:
М: Ақ көйлек, қара костюм киіп шыға келгенде, жүздей қызды құлататындай
қылаң ұратын (20-бет)
г)Есімше формаларына жалғанады.
Өлердей не болды сонша? (Жетісу газеті)
6. – лық, - лік, - дық, - дік, - тық,- тік.
а) Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты
қасиеттерді білдіретін туынды сын есімдер жасайды. М: орталық, қоғамдық
т.б. М: Қалалық мектептерде жаңа оқу үрдісі жылдам дамып, баланың білім
сапасына көп көңіл бөлінуде.
б) Мезгіл атауларына, әр түрлі бұйым атауларына жалғанып, туынды сын есім
жасалады. М: апталық, жылдық т.б.
1. Жылдық қорытынды шығарылды.
в) Есімдіктерге жалғанып,олардан белгілі бір жаққа қатыстықты білдіретін
туынды сын есім жасайды.
М: Өздік жұмыс жазып өткіздік.
7. – лас, - лес, - дас, - дес, - тас, - тес морфемадан (–ды+с) құралған
құранды қосымшалар бірде құрамындағы компоненттері бірде жеке-жеке
бөлшектенетін жұрнақтардың есебінде жұмсалса, бірде біртұтас күрделі
жұрнақ ретінде қолданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас
сияқты сөздердегі – лас, - лес қосымшасын іштей жеке-жеке бөлуге
болады; ал, құрбылас, дәмдес, пікірлес, елдес, мұңдас мұнда (-лас, -
лес ) қосымшасын ажыратуға болмайды, - лас, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есім және оны мектепте оқыту
Сын есім мен зат есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
2 сыныпта зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Сын есімнің шырайлары
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту мәселесінің зерттелуі
Бастауыш сыныпта грамматиканы оқыту
Бастауыш сыныпта зат есімді оқыту
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Пәндер