Табу және эвфемизм



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1.1. Табу мен эвфемизмдердің жалпы сипаты
1.2. Эвфемизм құрылысы туралы.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тосын эвфемизмдердің мәні.
2.2. Көркем шығармада кездесетін эвфемизм

ІІІ. Қорытынды

Жұмыстың тақырыбы: Табу және эвфемизм.
Жұмстың мақсаты: Осы тақырып қазақ тілінде қаншалықты дәрежеде
қолданылуын білу және де мектептерде, орта, жоғарғы оқу орындарында
қолданылысқа енгізу.
Жұмыстың міндеті:
- осы тақырыбымызға байланысты, газет-журнал беттеріндегі материалдарды
жинақтап, реттеп, бір жүйеге келтіру.
- Табу мен эвфемизмдер туралы – жауап арқылы сауалнама жүргізіп,
шәкірттердің қаншалықты дәрежеде табу мен эвфемизм туралы
білетіндіктерін, көзқарастарын, түсініктерін, пікірін, қажеттілігін
білу, жинақтап қорытындылау.
Практикалық мәні, маңызы: Бұл тақырып оқушылардың объективті ақиқатпен,
ойлаумен, қоғаммен байланысты мұндай лексика - фразеологиялық құбылыстарды
зерттеудің, тексерудің, олар туралы белгілі бір қорытынды жасап отырудың
жалпы лингвистика ғылымы үшін де, жеке тіл білімі үшін де, ғылыми –
теориялық әрі практикалық мәні айрықша.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім 3 тараудан тұрады.

Кіріспе
І. Бірінші тарау
1.1. Табу мен эвфемизмдердің жалпы сипаты
1.2. Эвфемизм құрылысы туралы.
ІІ. Екінші тарау
2.1. Тосын эвфемизмдердің мәні.
2.2. Көркем шығармада кездесетін эвфемизм
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Эвфемия құбылысы - тіл - тілдің лексика - фразеологиялық жүйесінде
ерекше орын алатын, есте жоқ ескі замандардан бері тілмен жасап келе
жатқан, яғни алғашқы адамзат қауымына тән мифологиялық ойлаудың жүйесінен
қазіргі ғарыш пен интернет заманына дейінгі ғылыми ойлаудың жүйесіне дейін
келе жатқан айрықша тілдік феномен.
Бір жағынан, объективті дүниемен, екінші жағынан, ой-сана және оның
тілдік формасымен байланысты бұл лексика-фразеологиялық құбылыстың мәні,
тілдік табиғаты қаншама зерттелсе де, толық ашылып болған жоқ.
Олай болуы мүмкін емес. Өйткені қоғамның, қоғамдық ой-сананың, қоғамда
қалыптасқан этикалық нормалардың, жеке адамның онтогенездік дамуы, қоғам
мен адамзаттың филогенездік дамуы эвфемия тәрізді құбылыстардың сипатына,
құрылымына өзгерістер алып келеді.
Эвфемизация құбылысына ұшырайтын экстралингвистикалық объектілерінің
түрлері заманына, өз уақытына қарай өзгеріп те отырады, сонымен бірге
эвфемизм жасаудың тілдік құралдары мен тәсілдеріне де өзгешеліктер болып
отыруы ықтимал.
Сондықтан объективті ақиқатпен, ойлаумен, қоғаммен байланысты мұндай
лексика - фразеологиялық құбылыстарды зерттеудің, тексерудің, олар туралы
белгілі бір қорытынды жасап отырудың жалпы лингвистика ғылымы үшін де, жеке
тіл білімі үшін де ғылыми - теориялық әрі практикалық мәні айрықша.
Қазақ тілінде, сондай -ақ түркітануда, жалпы тіл білімінде эвфемизмдер
туралы арнайы жүргізілген зерттеулер жоқ емес. Олардың тиісті нәтижелері
мен қорытындылары - оқулықтарға, оқу құралдарына енген.
Алайда эвфемизмдерді әртүрлі аспектіде психолингвистикалық, тіл
мәдениеті, социо - лингвистикалық, этномәдени аспектілерінде зерттеу енді -
енді қолға алынып , тереңірек қарастырыла бастады .
Сондай - ақ эвфемизмдердің көркем тіл, публицистикалық, ғылыми әдебиет
тілі жүйесіндегі орнын, қызметін, ерекшілектерін зерттеу, әсірөсе қазақ тіл
білімінде жетіспей жатыр.
Қазіргі кезде БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) тілінің қоғамдағы орны
айрықша. Әсіресе визуалды ақпаратты құрылым болып табылатын газеттің
қоғамдық санаға және тілдің лексика -фразеологиялық, функционалдық,
стильдік жүйесіне тигізетін әсері ерекше.
Осымен байланысты газет тіліндегі лексикалық фразеологиялық
құбылыстарды жете зерттемей, оның оқырманға әсерін, ықпалын білу, қоғамдық
пікірді қалыптастырудағы, қоғамдық сананы көтерудегі орнын, сондай - ақ
эвфемия деп аталатын құбылыстың мәнін жете айқындау қажет. Онсыз газет
тілінің лексика-фразеологиялық жүйесінің ішкі құрылымын танып - білу мүмкін
емес. Газет тіліндегі эвфемизмдер тәрізді лексика - фразеологиялық
құбылысты арнайы сөз етудің қажеттілігі, міне, осымен байланысты.
Осы курс жұмысының нысаны мерзімді басылымдарда кездесетін
эвфемизмдермен эвфемистік қолданыстар. Олардың жалпы тілдік және лексика
жүйесінің құрылымына тән түрлері.
Жұмыстағы келтірілген мысалдар 1990 жылдардағы Социалистік Қазақстан,
Егемен Қазақстан, Лениншіл жас, Жас алаш, Қазақ елі , Ана тілі,
Қазақ әдебиеті, Алматы ақшамы тәрізді республикалық газеттерден, сондай
- ақ үкіметке, оның саясатына оппозициялық бағыттағы Дат, XXI ғасыр
тәрізді газеттерден алынды .

І тарау

1.1. Табу мен эвфемизмдердің жалпы сипаты

Эвфемия - тіл - тілдің барлығында дерлік кездесетін ерекше мәнді
құбылыстардың бірі. Бұл тілдік феноменге адамзат ақыл ойы ертеден, біздің
дәуірге дөйін назар аударған болатын. Содан бері тілдік табиғаты күрделі
аса байырғы бұл құбылыстың сыры бірте - бірте ашыла бастады.
Мұның өзі филогенездік тұрғыдан қарағанда қоғамдық сана түрлерінің
дамуы, этикалық, эстетикалық нормалар мен принциптердің қалыптасуы т.б.
жайттармен байланысты болды.
Адамзат ақыл - ойының, қоғамдық сана түрлерінің жетіліп -дамыған кезі
саналатын ғарыш ғасырында, интернет заманында да адамзаттың сәбилік
дәуіріне тән, қазіргі ойлаудың формаларымен сәйкес келмейтін элементтер
мәдениетті, өркениетті елдердің тілдерінде де жиі кездесіп отыратын
құбылыс.
Сонау отызыншы жылдардың өзінде профессор Қ.Жұбанов бұл жөнінде былай
деген екен:
" Историческое значение того или иного языка, при скудности наших
знаний о закономерностях развития речи, встречается с рядом трудностей. В
силу своей специфики каждый современный язык содержит в себе значительное
количество архаизмов, не соответствующих образу мышления современной ему
эпохи, а имеющих глубокие корни в весьма отдаленном прошлом с иными
условиями общественных отношений , а потому с иными взглядами на вещи "
Бір жағынан , ойлаудың байрығы формаларымен, екінші жағынан, ойлаудың
дамыған формаларымен байланысты эвфемия құбылысының тілдік табиғаты, даму
динамикасы , қоғамның мәдени –материалдық, әлеуметтік, саяси өзгерістермен
біте қайнасқан оның көп қырлы іргелі ұғым екендігін байқатады.
Бастапқыда бұл ұғым белгілі бір қоғамда "айтуға ұят
саналатын сөздерді басқа сөзбен ауыстыру " дегенмен шектелді.
Оларға адамның, жан - жануарлардың кейбір дене мүшелері, биологиялық
зат алмасудың кейбір процесстері, жыныстық қатынаспен байланысты кейбір
атаулар т.б. жатқызылды.
Әр түрлі тілдік деректерді, туыстас, туыстас емес тілдер деректерін
салыстыра қарау, мәселеге тереңірек көз жіберу эвфемия құбылысы туралы
әлгіндей ұғымның шеңберін кеңейте түсті.
Әсіресе мифологиялық санамен байланысты айтуға тыйым салынған түрлі -
түрлі сөздер сол кездегі қалыптасқан қоғамдық сананың мифологиялық түрімен
немесе байырғыдан келе жатқан наным - сенім бойынша басқаша атаумен
аталатыны айқындалды.
Тыйым салынған іс - әрекет, зат, құбылыс т.б. "табу" деп , ал іс
-әрекеттің сол затты, құбылысты, нәрсені білдіретін атаулары "табу сөз" деп
арнайы терминмен аталды.

1.2. Эвфемизм құрылысы туралы

Эвфемизм құбылысы туралы ғылымдағы ұғым мен түсінік, яғни айтуға "ұят"
немесе "тыйым" сөздермен шектеліп қана қойған жоқ. Қарым - қатынастың
белгілі бір экстралингвистикалық жағдайында (кім - кімге, қашан, қай жерде)
сөйлеушінің көзқарасы бойынша айтуға әбестеу, дөрекілеу көрінетін сөздерді
бейтарап атаулармен немесе эмоционалдық бояуы жағымды атаулармен ауыстыру
эвфемизм құбылысының қатарында қарала басталды.
Тіпті мән - мазмұны жағынан дөрекі, әбестігі білінбесе де тыңдаушысының
"қамын жеген", көңіл-күйін көтеруді ойлайтын сөйлеуші өзіне дөрекі
көрінетін сөздің өзін сыпайырақ сөзбен ауыстыруға тырысады.
Мұндайды сөйлеуші бөгеліп қалды дейді, ауырдым демейді, мазам болмай
тұр дейді, шығыңыз демейді, есікті сырттан жабыңыз дейді. Сөйлеуші
белгілі бір тілдік ұжымда қалыптасқан этикеттік нормаларды сақтауға
тырысады. Адамның сезімдік қабылдауына, көңіл-күйіне ауыр тиетін сөздерді
басқаша атаумен өзгерту көптеген тілдік ұжымдарға тән эвфемистік тәсіл.
Мысалы, қазақ тілінде кедей, жарлы сөздері екеуара коммуникацияда
"қалтасы жұқа", "қалтасы тесік" деген эвфемизмдермен ауыстырылады.
Адамның көзінше (адресатқа) семірді деп айту этикеттік норма
тұрғысында, әдептілікке жатпайды. Сондықтан сөз иесі мұндайда оңалып
қалыпты, толыпты деуді лайық көреді. Бұл жағынан эвфемия этикеттік нормамен
ұштасып жатады.
Бұл жағынан түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі, араб, ағылшын,
француз, неміс, орыс тілдерімен "өркениеттің бір кемесінде" деуге болады.
Әсіресе мұндай синонимдік қатардың молдығынан қазақ тілі ешбір тілдік
ұжымынан қалыспайды деуге болады.
Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі белгілі бір мағыналық топқа
жататын синонимдер "дөрекі", "әбес" және "сыпайылау" , "өте сыпайы" болып
оппозиция құрайды. Қазақ тілінде, әсіресе, эмотивтік қызметі күшті
фразеологиялық тіркестердің түрлері молынан қалыптасқан: қайтпас сапарға
аттанды, жер бесікке бөленді, мәңгі ұйқыға кетті.
Белгілі бір сөз жағдаятында өтірік, кәрі сөздері екеуара сөзде шындыққа
жанаспайды, егде, жерорта жастан асқан деген эвфемизмдермен ауыстырылады.
Профессор Ә.Т.Қайдаров этнолингвистикалық арналардың негізгі алтын көзі
- баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал - мәтелдер,
жұмбақтар, ауыз әдебиет үлгілері деп ажырата келіп, әртүрлі наным -
сенімге, әдет - ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу т.б. )
байланысты тыйым салынған табу сөздерді ( бөрі -"қарақұлақ", жылан -"түйме"
т.б.) алмастыратын баламаларды да рухани дәстүрге, тіл табиғатына, этностық
дүниетанымға тікелей қатысы бар ерекше құбылыстың бірі екенін атап
көрсетеді.
Эвфемия құбылысында әр түрлі мифологиялық наным -сенімге орай адамның,
жануарлардың аттарын атамау (орыс тілінде медведь - хозяин, қазақ тілінде
доңыз - қаракиік, қасқыр - ит - құс, бөрі, сарықұлақ т.б. ) ерекше орын
алады.
Сондай - ақ мифологиялық санамен байланысты адам, үй жануарларына тән
тыйым салынған атауларды басқаша айту тіл -тілде аса кең таралған құбылысқа
айналды. Ал оның кейбір қалдықтары қазіргі ұлылы - кішілі тілдердің бәрінен
дерлік табылады деуге болады.
Мысалы, қазақ тілінде қорасан, әулие, қызамақ, шешек дегендер - әсіресе
жас балаларда кездесетін аса жұқпалы және қауіпті бір ғана аурудың аттары.
Ал малда болатын жұқпалы , қауіпті індет ("сибирская язва") әр түрлі
айтылады: жылқыда - жамандат, түйе мен сиырда - қарасан, қойда - топалаң,
ешкіде - кебенек. Әуелде бұл аурулардың малдағы ортақ атауы топалаң
болғанмен, табумен байланысты басқаша лексемалармен аталып кетті де, сөздің
синонимдік қатары пайда болды.
Ал малдағы осы аурулардың адамға жұғуы аса қауіпті дерт болып саналады.
Сондықтан малдан жұққан мұндай аурулар үрей тудырып, ескі наным - сенім
бойынша атауға тыйым салынатын болған. "Топалаң" деп аталатын жұқпалы
кеселдің адамдарда кездесетін түрі жалпыхалықтық тілде бірде күйдіргі,
бірде түйнеме, бірде жаман жара деп аталатын болған.
Әрине, адам денсаулығына қатерлі аурулар мен кеселдердің аттарын
тікелей атамай, жанама түрде атаудың бәрі бірдей "аурудың иесі болады"
деген мифологиялық сенімге байланысты бола бермейді.
Осы күні туберкулез ауруының өкпе ауыруы, жіңішке ауыру, созылмалы
сырқат, жаман ауыру тәрізді бірнеше аттары бар. Мұндағы туберкулез
медициналық термин де, қалғандары халықтық атаулар.
Бұл атаудың эвфемистік формаларының негізінде психологиялық мотив
жатыр: тыңдаушыға, ауру адамға, оның төңірегіндегілерге "қолайсыздық"
тудырмау, үрей шақырмау мақсатымен қолданылады. Әсіресе халық арасындағы
қатерлі ісік атауын білдіртетін эвфемистік синонимдер көптеген тілдік
ұжымдарда жиі кездесетін жайт.
Эвфемизмдердің жоғарыда аталған түрлері белгілі бір тілдік ұжым
мүшелерінің бәріне бірдей тілдік ( жүйелік ) құбылыс болып келеді де,
сөздік фактіге айналады.
Соңғы кездегі зерттеулерде, әсіресе көркөм сөз, көркем шығарма,
публисцистикалық мәтіндеріндегі эвфемия құбылысын сөз саптама (речь)
деңгейінде қарастыру аталмыш феноменнің лингвистикалық, терминологиялық
ұғымының мазмұнын айрықша кеңейте түсті.
Бұл мәселе эвфемия құбылысын зерттеудің ауқымын, объектісін кеңейте
түсуге ықпалын тигізді. Мәселен, жоғарыда аталған эвфемизмдерден ерекше
айырмасы - сөз саптам (речь) деңгейіндегі эвфемизмдер парадигмалық емес,
синтагмалық сипатқа ие, яғни дәстүрлі терминмен айтсақ, окказионал немесе
тосын эвфемизмдер деп аталады.
2.1. Тосын эвфемизмдердің мәні

Тосын эвфемизмдердің авторлық контекстік мәні бар .
Сөйлеуші өзіне жағымсыздау, қатқылдау көрінетін белгілі бір атауды
жұмсарту үшін оларды дербес - контекстік сөз орамдарымен ауыстырады.
Мысалы , түпкі көздеген мақсатты бүркемелеп , басқаша айтуды
көздеген автор өтірікші сөзін контексте дипломат деген эвфемизммен береді.
Профессор Ш.Ш.Сарыбаев окказионал сөздерді " тосын сөз " деп алуды ұсынады.
Біз осы ізбен тосын эвфемизмдер деп атауды жөн көреміз.
Тосын эвфемизмдердің баспасөз тіліндегі бір мысалы мынадай: "Шығыстың
кәнігі дипломатиясының есебі түгел, әзірге ойлағандары орындалуда. Үлкен іс
үдейді дегендей, олардың түпкі мақсаттары бір жылдық немесе бірнеше жылдық
емес, нысана тым әріде жатыр" ("Парасат")
Әсіресе сөз қолданыстық эвфемизмдердің негізгі мәні сыпайылаумен
байланысты. Мысалы, ұлт өкілдерін "қытай" деп сөйлеу белгілі бір контексте
көзге шұқығандай жағымсыз әсер қалдырады. Сондықтан да баспасөз беттерінде
қайсыбір этнонимдер шығыстағы көршілер деген контекстік эвфемизмдермен
ауыстырылады.
Сондай - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Эвфемизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселесі
Қазіргі қазақ тіліндегі эвфемизмдердің тыйымдары мен ерекшеліктері
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Табу мен эвфемизмдердің сөздік қорды байытуға қосар үлесі
БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер
ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен, әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік корының байланысын зерттеу
Тыйым салынған атаулар
Пәндер