Мемлекеттік құрылым және саяси режим



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ, ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
1. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті
басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Монархиялық басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
3. Республикалық басқару нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ ЖӘНЕ САЯСИ РЕЖИМІ
2.1. Унитарлық мемлекет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.2. Федеративтік мемлекет және конфедерациялық мемлекет ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Мемлекетті демократиялық
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4 Демократияға қарсы
режимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..20

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .21

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Мемлекет нысаны – бұл қоғамның
басқару, мемлекеттік құрылым және саяси режим нысандарынан құралған
құрылымдық ұйымдастырылуынан тұрады.
Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының
өкілеттерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару
нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның
жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі
түрлері болып монархия мен республика болып бекітілген.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің аумақтық құрылымы, оның
құрамдас бөліктерінің және осы бөліктердің әрбірінің мемлекетпен қарым-
қатынасының сипаты. Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік құрылымы
бойынша жай және күрделі болып екіге бөлінеді.
Жай немесе біртұтас мемлекет – бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтас
мемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды, бұл
мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың ортақ жүйесі,
ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір каналды жүйесі
болады.
Күрделі мемлекет –бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие жекелеген
мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі мемлекеттерге
империялар, федерациялар, конференциялар, достастықтар мен одақтастықтар
жатады.
Федерация – бұл күрделі, одақтас мемлекет, оның бөліктері мемлекеттік
құрылымдар болып табылады және белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке
ие болады; федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық
заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамасы
да болады; федерацияда салықтың екіканалды жүйесі пайдаланылады, оның
белгілерінің бірі болып қосазаматтық табылады. Федерациялар аумақтық немесе
ұлттық – мемлекетік қағида бойынша құрылуы мүмкін.
Бұл нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін
құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.
Мемлекеттің соңғы формасына саяси режимді жатқызамыз. Бұл мемлекеттік
билікті жүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттегі
биліктегі тәсілдер мен әдістердің жиынтығына қарай 2 түрлі режимді бөліп
айтуға болады-демократиялық және антидемократиялық режимдер.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Мемлекеттің басқару нысаның және
оның мазмұны мен маңыздылығын зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛEКЕТТІҢ БАСҚАРУ НЫСАНЫ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару
нысаны

Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президеттік республиканың
саяси режимі құрылды[1;5].
Мемлекеттің тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар
әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады.
Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда — Хуанхэ, Египетте - Ніл, Вавилонда - Тигр және Евфрат, Үндістанда
— Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Европада — шектелген монархия
немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта
теңізінің жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай мемлекеттермен
көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттің
дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр [1;15]..
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (ману заңдарында, Салистік
жинағында (Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағында (Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесінде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы
міндетті болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық
мемлекетінде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін
сақталып келді [1;24].. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар
шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс
кезінде көбіне мемлекетті басқару бір адамның қолында болады: Напалеон,
Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің экономикасы жақсы дамыған кезде,
жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер жақсы қолданылатыны мәлім
(Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары – федерация. Ал Жапония, Германия, Польша
бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия-федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақсы білу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен буржуазиялық мемлекеттің
қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазір де немістер бірнеше тәуелді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия – олар федерацияға
жатады[2;17].
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі
атасы қыпшақтар өмір сүрген. ХҮ ғасырда қазақ хандығы құрылып өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан ресупбликамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына-халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар, және абыройы күшті адамдардың істері әсер етеді. Отарлық
мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны
үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси –мемлекеттік құрылысы, олардың
демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік
процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Европа континентіне, Жапония және
Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі
ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және
посттоталитарлық мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді.
Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге
әсерін тигізді [2;20].
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр І, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің
саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса уақытқа үлгі болды.
Тек қана Евразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің
тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек [2;21].
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі –
Ресей федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерге басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді [3;7].
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қаңдай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика екі түрге
бөлінеді.

1.2 Монархиялық басқару нысаны

Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, тнюі.
Сондықтан оның билігі — мұралық билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс
және кейбір Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Европа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін: Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан
кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің
үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды
(Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да
кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде Коммунистік партияның
басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың
билігі көбіне мұрагерлік билікке жатады, ол өзінің қызметіне құдайдан басқа
ешкімнің алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар
көзі, оның атынан сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол
әскерді басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады [3;8]. Монархтың бірнеше
жоғары аттары мен титулдары болады, оны асырау, мемлекеттің міндеті.
Мысалы, Англияның короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент
мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Королдердің сарайлары, киімдері,
әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Королді асырау мемлекетке өте ауыр
болса да, көп мемлекеттер королден және монархиядан басын тартқысы
келмейді. Қазіргі Англияның королі — Елизавета II мұра жалғастыратын
балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін бұзып
ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан Король Англияға
керек пе? деп сұрастырғанда, 66 проценті монархия да, король де сақталсын
деп жауап берді.[3;9].
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия — монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс деспотия (Египет, Вавилон,
Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары
жиналған, ал бұл билік осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше
экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет мемлекетінде
номдардың бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару жұмыстарын
басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық қызметі өте күшті биліктің
қажет екенін туғызды. Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол
Ра құдайдың тұқымы, таққа отырған кезден оған пирамида салады, ол
экономикалық, қаржы, заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған.
Тарихта кездескен шексіз монархияның екінші түрлері көне дәуірдегі
мемлекеттерде болған. Оған Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия
республиканың орнына келді. Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны
күшейтетін жағдайлар саяси факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда
шексіз монархия феодализмнің соңғы кезінде пайда болды. Ең күшті феодалдық
шексіз монархияларға Людовик XIV, Петр I, Екатерина II, Елизавета I,
Фридрих II, Әдемі Сулейман монархиялары жатады. Людовик XIV мемлекетті 55
жыл басқарды (1661-1715). Оның “мемлекет деген мен” — сөзі бүкіл Европаға
мәлім болған. Версаль сарайын салдырды, қаржыны өзі жұмсады, заңды өзі
шығарды, парламентті жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды.
Ол өмір бойы көрші мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі
жүргізді. Бірақ феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген
жақсылықтары да көп еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте
сирек кездеседі (Бруней, Оман) [3;40].
Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген
монархия шығыс мемлекеттерінде кездеседі, мысалы, Үндістан. Үндістанның
патшасы екінші кастаға жататын - критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесін -сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың
жеке меншігіне тиісуге құқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.
Орта гасырларда Европа мемлекеттерінде сословиелік - өкілдік
монархиялар пайда болды. Европа қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын:
шіркеу қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда —
буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік
органды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін
қызметін күшейтіп заң шығару ұсынысты қолыңа алды, кейін заң шығару билігін
өзіне қаратты. Жапония мемлекетінде императордың билігін сегун деген әскери
қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп
аталады. Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынға королдер
биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолында калған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін, министрлерді
және атқару билігі өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түрінде парламентті жеңіске жеткізді де
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды. Парламенттік монархия
бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін Құқық туралы Билль
деген (1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда
болды. Қазір Европа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгая, Норвегия,
Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх-мемлекеттің басшысы. Ол
парламенттің келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды[4;40]. Парламенттің
төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол
партияның басшысы премьер-министр болып тағайындалады. Премьер-министр
кабинетін өзі құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің
алдында емес, парламенттің алдында жауапты. 1997 жылы Англияда
консервативтік партия сайлауда лейбористерден жеңіліп 18 жыл Англияны
басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент королдің мұқтажына керек
ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады. Бірақкөп мемлекеттер
монархтың құқықтарын шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекетің
элементі деп санамайды. Монарх-мемлекеттің көркі, тұрақтылығы, сәні,
ертеден келе жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған
монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия).
Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары
тірі, халықтың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірді білдірген
адамдар және саяси партияларда бар. Сонымен, монарх топтардың, саяси
партиялардың арасындағы арбитрі және тұрақты саяси режимінің кепілдігі
болып көрінеді. Монархтың өмірін реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық
жақсы көреді: парламенттің бірінші сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке
келген қонақтарды қарсы алу, мемлекеттің атынан мерекелерімен құттықтау,
монарх сарайларының өмірін реттейтін әдеттер[4;28].

1.3 Республикалық басқару нысаны

Мемлекеттің бірінші басқару нысаны – Республика. Егер мемлекетте
жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын
болса, осындай мемлекеттік басқару формасы – республика деп аталады.
Республика, мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады.
Республика деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданылды.
Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдары
халық бір белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар
республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин
республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару
органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары
болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке
меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын
адамдар саналатын. Сонымен әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары
және құлдар саяси өмірге қатысқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық
жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын,
мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500
жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, суреткерлер, белгілі уақытқа ғана
сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын [5;66].
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта
республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға
азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі, мысалы Спартада —
спартиаттар, Римде — патрицийлер.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, кебіне ол республика -
қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және
парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы
Конституциясында бекіткен. Олар Англияның королдерінен көп озбырлық,
заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық
режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен,
мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президенттік республикада
билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік —
президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында.
Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президенттік сайлауы
өтеді. Президент — мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады,
Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады.
Президент - республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік
республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті басқарады.
Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында
жауапты [5;66]. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір
мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі
тағайындайды, ал қалған министрлерді премьер-министрдің өзі парламенттің
келісімімен тағайындайды. Президендтік республикалардың бір күшті билігі
бар жауапты адамы болғаннан, оның тұрақты саяси режимді құратыны байқалады.
Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі
қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді.
Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын
қолданып, -қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заң
Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының
қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа
немесе өмірбойлы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдарды әрбір
мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те
қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда
жазылған, ол үшеуінің ара-қатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай
президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша
Франция, Турция).
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті баскару нысанында билік
парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер-министрді парламенттің
төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің
алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу
фүнкциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек
мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады, әрі парламенттегі
партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет — әлсіз президент
[5;48].
Сонымен, өкіметте парламенттің сенімі болған кезде ол өзінің қызметін
істей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда
президент мемлекеттің басшысы, оның биліктері өте аз. Парламенттік
республикаларға Италия жатады.

2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫ ЖӘНЕ САЯСИ РЕЖИМІ

2.1 Унитарлық мемлекет

Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының нысаны
жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол бөлімдердің бір-
бірімен қатынасы, және мемлекеттің және бөлімдердің арасындағы
байланыстары. Мемлекеттік құрылым - ұлттық мемлекеттік қатынастарды,
әкімшілік- территориялық жүйені, олардың ерекшеліктерін бейнелейді.
Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және
конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Қазақстан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол
сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз — бір,
жалғыз деп лат. тілінен аударылады). Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана
әкімшілік-жергілікті аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-
аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер
басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен
поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады,
оған депутаттарды халық сайлайды.
Әр нәрсе белгілі бір нысанда көрінеді және оның өз мазмұны болады.
Мемлекеттің де өзіне тән нысандары бар. Мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік
биліктің ұйымдастырылу тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылымы, мемлекеттік
билікті жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері түсініледі. Бұл ұғым үш тұрғыдан,
яғни ұлттық-мемлекеттік құрылымның нысаны, саяси (мемлекеттік) режим және
басқару нысаны тұрғысынан сипатталады [6;36].
Ұлттық-мемлекеттік құрылым нысаны негізінен біртұтас (унитарлы) және
федеративтік нысандарға бөлінеді. Біртұтас нысанда мемлекет тек әкімшілік-
аумақтық бөліністерге (облыс, аудан) ғана бөлінеді.
Әр мемлекеттің аумағы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды
бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттік
аумақтық бөлшектерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет
органдарының байланыс жүйесі тұрады. Мемлекеттің тұтастай және оның әрбір
аумақтық бөлшегінің құқықтық мәртебесінің сипаты соған байланысты болады.
Мемлекет аумағының аталған құрылымын мемлекеттік құрылым дейді. Демек,
мемлекеттік құрылым - тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі
түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттік аумақтық
ұйымдастырылуы. Мемлекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер
унитарлық және федеративтік болып екі топқа бөлінеді [6;79].
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылысында басқа мемлекеттер
болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады.
Унитарлық мемлекет, әдетте, тек әкімшілік-аумақтық бөлшектерге бөлінеді де,
мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық
бөлшектерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір
Конституция, бір заң шығаратын жоғары орган, бір жоғары басқару органы,
біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.
Қазақстанда республикалық басқару нысаны бекітілді. Парламенттік
құрылыс, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі,
мемлекеттік биліктің үш тармаққа: заң шығарушылық, атқарушылық, сот
билігіне бөлінуі; халық қабылдаған Конституцияның үстемдігі және жоғары
заңдық күші басқарудың осындай нысанын таңдаудың зандық негізі болып
табылады.
Парламенттік құрылыс монархиялық та, сондай-ақ республикалық та
басқару нысаны ретінде қызмет ете алады. Алайда, республикалық басқару
нысаны кезінде Парламентке, әдетте, тыйым салудың өлшеусіз билігі берілген
монархтың өзі күш көрсете алмайды. Парламентті тікелей (Мәжіліс) және өз
өкілдері (Сенат) арқылы Қазақстан халқы сайлайды. Қазақстан Парламенті
халық атынан өкілетті орган ретінде заң шығару процесін жүзеге асырады.
Республикалық басқару нысаны азаматтарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекеттік басқару және құрылымы
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет нысанының түсінігі, оның құрылымы
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысаны жайында
Саяси режим мемлекет нысаны ерекше түрі ретінде
Мемлекет нысанының элементтері
Пәндер