МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. М. МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. 8

1. 1 Қанатын от шарпыған балалық шақ . . . 15

1. 2 Өлеңдеріндегі жетімдер мен жесірлер жайы . . . 26

2. АҚЫННЫҢ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ӘЛЕМІ . . . 48

2. 1 «Бала шақтан-болашаққа» дастаны . . . 48

2. 2 «Арман» поэмасы . . . 62

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипттамасы. Қазіргі қазақ поэзиясының эстетикалық байлығы мол, көк жиегі кең. Ал қазақ ақындарының әрқайсысы, шын мәніндегі талант ретінде, қайталанбас творчестволық тұлға ретінде дара-дара. Сондай дара таланттардың бірі -М. Мақатаев. Осы дипломдық жұмыста қазақ әдебиетіне өзіндік, айтулы үлес қосқан, дүниеден ерте өтсе де түрлі жанрда қалам тербеген ақынның шығармашылық өмірі айшықталады. Ол поэзиядан өнімді жұмыс бастап, өлмес туындыларды дүниеге келтірген талантты қаламгер.

Зерттеудің өзектілігі. Кеудесін кернеген жыр нөсеріне ерік беріп, өлең кемесіне мініп, әдебиет мұхитында еркін жүзе білген - Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы. Ол аз ғұмырында әдебиеттің түрлі жанрында қалам тербеген үлкен қаламгер. Ақиқатында М. Мақатаев тек өлең жазумен шектелмей басқа да жанырларда жазған еңбектері алуан-алуан. Солардың ішінен 1972 жылғы «Қазақ жырларының бір жылы» деген әдеби сын мақаласы мен «Рух пен сезім» мақаласын айтуға болады. Қазақ әдебиетін бір бәйтерек десек, соның үлкен бір бұтағы, артына өлмейтін мұра қалдырған М. Мақатаев өзінің жыр сәулесін жан-жағына шашып үлгерді. Жүрегінен жарып шыққан өлмес әдеби мұра қалдырды. Сол мұраларының ішіндегісі ең шұрайлы, халық ішіне кең тараған туындылары, жалпы тіл ерекшелігі, образдық жүйесі, сюжеттік желісі, композициялық көркемдігі кеңінен сөз болады

Зерттеу нысаны. Қаламгердің артына қалдырған мол мұрасының кейінгі ұрпақ үшін маңызы қандай болса, оның баға жетпес әдеби шығармалары қазақ әдебиетінде өмір сүретіні анық. Оның түрлі жанрдағы туындыларының ішінде зерттеу нысаны етіп, ең шұрайлы деген, классикалық тұрғыдағы лирикалық, эпикалық шығармалары қолға алынып, зерттеуге беттедік.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әдебиеттің әлеуметтік табиғатын ашуда көп еңбек сіңірген, кеңес үкіметі тұсында түрлі қоғамдық қызметімен параллель оқу-ағарту, қаламгерлік жұмысты бірге жүргізген М. Мақатаевтің филологиялық, библиография, текстология үшін маңызды кейбір табыстары болғанын айта кеткен жөн. Сол тұстағы дүние жүзінде капитализмнің дамуы нәтижесінде экономикалық қарым-қатынастар шеңбері ұлғайып, жерге, байлыққа, қызығуымен қатар, әдебиет нұсқаларына да назар аударылғаны жасырын емес. Қаламгер сол аласапыран уақытта өмір сүргендіктен, өзінің бағыты мен қаламгерлік жолын тек шығармашылыққа арнағандықтан, жазғандары көркемдік-идеялық, композициялық ерекшелігі, образдық бояуларының әдебиетте өзіндік арнасы болғанын зерттеушілер әлдеқашан мойындаған.

Ғалым - зерттеушілер ақынның әр түрлі жанрларда жазған туындыларын салыстыра қарап, форма мәселесіне, сюжеттің шығуына байланысты көптеген пікірлер айтқан. Әдебиеттің әлеуметтік маңызына, эстетикалық сипатына өзіндік әдіс пайдаланғандығын, оны шешуде үлкен еңбек сіңіргендігін алдыға тартады. Десек те, оның шығармашылығында социалистік реализмінің салқыны жоқ деп айтуға болмайды. Бұл заман ыңғайының солай болғандығы да белгілі.

Қазіргі тұстағы жаһандану мәселесі аса өзекті болып тұрғанда, өзіміздің төл рухани мұрамыздың біреудің жетегіне кету қауіпі тұрғанын айта кетудің еш артықтығы жоқ. Сол тұста халқымыздың өткен ғасырдағы өмір тіршілігі мен тұрмысын, кеңес өкіметіндегі елдің жай-жапсарын көз алдыға елестетуге Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығының, туындыларының септігі тиері сөзсіз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты - Мұқағали Мақатаевтің өлең туындылары мен поэмалары, өткен ғасырдың 60-70 жылдары кеңінен тарағанын, оның бай әдеби туындыларынан іздеу қажеттілігі туындайды. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

  • Мұқағали Мақатаевтің шығармашылық еңбегі 10-15 жылға созылса, сол уақыт ішінде оның түрлі жанрдағы әдеби туындылары қазақ жұртшылығына, оның алдыңғы қатарлы қазақ әдебиетінің өркендеуіне де өз әсерін тигізгендігі туралы ой-пікірлерді саралап көрсету;
  • алғашқы белгілері мен ұшқынын сол дәуірде өмір сүрген қаламгерлердің туындыларынан және тағы басқа да кейінгі, қазіргі әдеби туындылардан іздеу;
  • өз жолы мен ешбір қаламгердің әсерінсіз пайда болған әдеби туындылары болса да, оның ішінде әлем әдебиетінің элементтері мен кей детальдары кездесетін нақты мысалдар, сюжеттер арқылы айқындау;
  • шығармашылық бастауындағы орыс және әлем әдебиеті, философиясы, өнері мен мәдениеті, тағы басқа да салаларда көрініс табатындығын ғалымдардың нақты пікірлерімен көрсету;
  • сол дәуірдегі қазақ әдебиетінің жай-күйі мен оның даму ерекшелігінің сипаты мен рухани мұрасы көп ретте М. Мақатаевқа әсері, оны нақты мысалдар мен әдеби туындылар арқылы көрсету;
  • Ақынның орыс тілінің білуін нақты фактілермен көрсете білу және орыстың, әлем әдебиетінің ойшыл-жазушыларынан еш кем түспегенін авторлардың еңбектеріне жүгіне көрсету;
  • қазақ әдебиетіндегі орнын ғалым-зерттеушілерінің тұжырымдауларына сүйене отырып және ақын-жазушылардың әдеби туындылары арқылы айқындап көрсету;
  • оның қазақтың көне дәуіріндегі халық ұғымындағы образдары мен ұқсас элементтерін детальды түрде салыстырма арқылы көрсету;
  • жекелей поэзия, поэма жанрларындағы туындыларын, сол тұстағы қазақ әдебиетіндегі озық туындылармен ұқсастықтарын әдебиет теориясының әдістемесі арқылы айқындап көрсету;
  • қазақ әдебиетінде үлкен орын алатын Жетісу жерінде туындаған шығармаларды ірі тұлға қазақтың тарихи мұраларымен айқындау;
  • ХХ ғасыр ортасындағы әдеби процесті бағамдап, М. Мақатаевтің шығармашылығы айналасында ой өрбітіп, айқындау;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ақын бірден өзі жетіліп, өзі биіктеген жоқ. Осы мәселеге орай еңбекте мынадай ғылыми жаңалықтар тілге тиек етіледі:

  • қазақ әдебиетінің көш басындағы қаламгерлерден М. Мақатаев кеш туса да өзіндік жолы, бағыты, жаңалығы барын ерте сездірген қаламгердің нақты туындылары арқылы айшықтау.
  • зерттеушiлердiң ғылыми-зерттеу еңбектерiне мән берсек, М. Мақатаевқа өз халқы мен қоғам және озық орыс, батыс әдебиетінің әсерi болғанын алдыға тартады. Бұл қатарға кiретiн елдердiң iшiне Ресей, Европа, Орта Азия, сан ғасырлық әдебиетi мен мәдениетi, тамаша бейнелеу мен сәндiк шеберлiгi бар Шығыс өркениетi өз әсерiн тигiзген;

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: М. Мақатаев шығармашылығының жай-күйін, оның қазақ әдебиетіне әсерін, орнын баяндауда ғылыми еңбектер мен әдістемелік жұмыстардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, М. Жолдасбеков, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Сәтбаева, А. Сейдімбек, Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, Н. Омашұлы, С. Негимов, З. Бейсенғали, Б. Майтанов, Т. Тебегенов, Ө. Күмісбаев, Д. Хамзабекұлы, А. Жақсылықов, Д. Ысқақұлы, Р. Тұрысбек, Б. Әбдіғазиев, Т. Сыдықов, Қ. Қалиасқарұлы, және тағы басқа ғалым-зерттеушілердің диссертацияның мазмұнына қатысты теориялық тұжырымдары мен ұстанымдарын басшылыққа алдық. Сонымен бірге, алыс-жақын шетел ғалымдары мен зерттеушілердің еңбектеріндегі ой-тұжырымдар да назардан тыс қалған жоқ.

Зерттеу әдістері: Диплом жұмысы әдебиеттің ғылыми әдістемелік заңдылықтарына сүйене отырып, қазақтың көне және кейінгі кезеңіндегі әдеби мұраларын тарихи-типологиялық, тарихи-образдылық пен тарихи-әдеби жағын әдебиеттану ғылымы мен ауыз әдебиеті мұралары негізінде қарастырылды. Сонымен бірге, кейбір теориялық, әдебиеттегі паралель ұқсас, объективті-аналитикалық талдау, кешенді әдістерді басшылыққа алып, зерттеудің соңғы үлгілері қарастырылып, пайдаланылды.

.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. М. МАҚАТАЕВ ЛИРИКАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мұқағалидің азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады» деп әрі еркелетіп, қысқартып атап кеткен. Шешесі Нағиманың айтуы бойынша, 1931 жылы 13-наурызда Алматы облысы Нарынқол, қазіргі Райымбек ауданынна қарасты Қарасөз ауылында туған. Мұқағалидің ата тегі қысқаша былай тарайды: Албан-Сара - Сүйерқұл - Алжан - Сырымбет - Қангелді - Қойбас пен Түке. Түкеден Райымбек туады. Ал Қойбастан Менні - Дәлі- Қамысбай - Мақатай - Сүлеймен - Мұқағали. Демек Мұқағалидің атасы Қойбас Райымбектің әкесі Түкемен бірге туған ағайынды кісілер. Мұқағалидің Жұлдыз, Айбар атты екі ұл, Ләззәт, Майгүл, Алма, Шолпан деген төрт қыз туған. Немере, жиендері өсіп келеді. Ол кезде әкесі Сүлеймен 1930 жылы ұйымдасқан Энгельс атындағы колхоздың алғашқы төрағасы еді. 1941 жылы Отан соғысы басталғанда, яғни Мұқағали 10 жасқа келгенде әкесі майданға аттанып, Калининград майданында болған сұрапыл шайқаста 29 жасында қаза табады. Үй ішінің бар ауыртпалығы баланың тұңғышы Мұқағалидің иығына түсті. Сөйтіп, балалық, оқушылық кезі қой бағып, егін орып, кетпен шабумен өтеді. Сол кездерде өлең жаза бастайды. 1948 жылы ауыл орта мектебін үздік бітіріп, Алматыға жоғарғы оқу орнына аттанып, зеректігінің арқасында, еш қиындықсыз Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Бірақ орталыққа жақын аудандардың студенттеріне жатақхана берілмегендіктен, стипендиясы не тамағына, не пәтер ақысына жетпей, асыраусыз қалған үй ішінің ауыр тұрмысы оқуын әрі қарай жалғастыра беруге мүмкіндік бермей, бір жылдан соң оқуын тастап, Шибұт деп аталатын көрші ауылда ауылдық кеңестің хатшысы болып қызметке орналасады. Әрі қызыл отау меңгерушісі, кітапханашы да болады. Комсомол мүшесі әрі жас кадр ретінде қоғамдық үгіт-насихатқа, көркемөнерпаздың ойын-сауық жұмыстарына белсене атсалысады. 1949 жылы «Советтік искра» газетінде екі өлеңі жарық көреді. Сол ауылда мұғалім бойжеткен қыз Лашын да үгіт-насихат, ойын-сауық жұмыстарында Мұқағалиға сенімді серік болады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесасында Мұқағали -Қозы, Лашын-Баян ролін ойнап жүріп, бірін-бірі ұнатады. Сөйтіп жүріп, 1949 жылдың көктемінде екеуі үйленеді. Мұқағали үзіліп кеткен оқуын жалғастыруды армандайды. Лашын: «Қызметім, жалақым бар, үй ішіне мен қараймын, сен оқуыңды алаңсыз жалғастыр», - деген кеңес беріп, Мұқағали екінші рет Алматыға оқуға аттанады. 1950 жылы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түсіп, оны да тұрмыс жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болады. Ақын болам деген оймен Қазақ Мемлекеттік Университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1952 жылы Қ. Аманжолов қарастырған «Жастық жыры» атты жинаққа өлеңдері М. Әлімбаев, Ғ. Қайырбеков, І. Мамбетовтермен бірге енеді. 1954 жылы ауылға қайтып өзінің жері Қарасаздағы орта мектепке орыс тілінен сабақ береді. Ауыл мектебіндегі дипломы бар кадр алып, Мұқағали жұмыссыз қалған соң, қалаға келіп, 1957 жылы Алматыда Республикалық Радиоға диктор болып қызмет істейді. 1960-62 жылдары шудан орталығы Нарынқолда «Советтік шекара» газетінде жауапты хатшы болады. 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, «Социиалистік Қазақстан» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады. Одан жазушылар одағында кеңесші «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарады. 1962 жылы Алматы қаласына қоныс аударып, 1964 жылы «Ильич» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шығады. «Армысыңдар, достарым!» (1966) ; «Қарлығашым, келдің бе?» (1967) ; «Мавр» (1969) ; У. Уитмен «Шөп жапырақтар» (1969) : У. Шекспир «Сонеттер» (1970) жинақтары жарық көргеннен кейін 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданады. Данте «Құдіретті комедия» (1974) ; «Дариға жүрек» (1972) жинақтары басылады. 1973 жылы қазақстан жазушылар одағының жолдамасымен Мәскеудегі М. Горький атындағы халықаралық әдебиет инстутына оқуға барады. «Аққулар ұйықтағанда» (1974) «Шуағым менің» (1975) ; «Өмірдастан» (1976) атты кітаптар жарық көрді. Сонымен ақынның әрбір азаматқа қояр шарты, жеке басының жұмсалуында емес, еткен еңбегің халық игілігіне жұмсалсын дейді. Ол халық ойының эстетикалық, идеялық жемісі. Ақыннның шеберлігі, әсемдігі, эстетикалық идеялды қысқа сөзбен жеткізе білген. Балаларға жазған Мұқағали өлеңдерінің бір үлкен тақырыбы өз елі, өз жерінің табиғатын суреттейді. Жалпы Мұқағалидің 1, 2 томы таза өлең, поэмалардан құралады. Ал 3-томға өлең, поэмалармен қоса балаларға арналған өлеңдері де енді. Сонымен бірге 3- томда Уитменмен, Шекспирден және басқа ақындардан аударған туындылары бар. Өлең дәптерлеріндегі жазбалармен толықтырылған күнделіктері де осында. Ақынның балалаларға арнап жазған өлеңдері: «Әліппе», «Тайлақ», «Арманда, ұлым!», «Үш бақытым», «Жаралылар», «Наурыз айы туғанда», «Кетейікші бір жаққа», «Сәби-октябрь», «Ленин ата», «Маркс ата», «Мектебіме», «Біздің Ғани» сияқты көңіл аударарлық, қысқа да нұсқа ойын дәл жеткізетін жерлері көп кездеседі.

Жалпы Мұқаңның балаларға арнап жазған өлеңдерінің негізгі идеясы- оларды адамгершілікке, білімге, жамандық, жалқаулықтан аулақ болып, адал өмір сүруге үйретіп қана қоймай, онымен үнемі күресіп отыруды айтады. Оның өмірді бағалауы өзінше «Араларында бір-біріне деген сатусыз, екі жаққа бірдей таза сенімі, саналы, кісілікті сыйласымы болғандықтан да адамдардың малдан айырмасы бар. Біз онсыз бір-бірімізден айырыламыз, өзімізді де, өзгені де біржола құртамыз. Жан дейтін байлықтан айырыламыз. Жансыз ештеңе жасалынбайды. Жан кеткен соң, өзіңді өлік есепте! Жанмен ұғысу, жанмен сыйласу, сірә, қай заманда да күрделі, қиын- деп күрсінгеннен де Мұқаңның биік мақсатпен, үлкен парасатпен өмір сүргенін аңғарамыз. Өмірінің соңғы кезінде денсаулығы нашарлап, аурруханаға жиі түсіп жүріп, 1976 жылы 27-наурызда қайтыс болады. Бейіті Алматы іргесіндегі Кеңсай зиратында. Туған жері Қарасазда еңселі мұражайы, Алматыда өз атында кең көше бар. Алматыда және көптеген елді мекендерде Мұқағали атымен мектеп, гимназиялар аталады. Жазушылар одағының үздік шыққан жас ақындарға берілетін сыйлығы Мұқағали атында, Ғасырлар тоғысында Мұқағали ақыны болып танылды.

Қорытындылай келе, М. Мақатаевтың 75-жылдығына орай шығарылған төрт томдық толық жинағы ақиық ақынның «нәзік жанын»оқырманның түсіне түсуіне лайықты негіз болар деген сенімдеміз.

Қырық бес жасында өз отына өзі өртенген өнер иесінің өміршең
өлеңдері, міне, отыз біржыл бойы жұртшылықпен жүздесіп, бірнеше рет таңдамалары мен жарияланбаған жырлары кітапқа айналып, оқырмандармен дидарласты. Бүгінгі таңда өлең көп оқылатын ақындар сапында, бірқатар мектептерде, гуманитарлық бағыттағы оқу орындарында «Мұқағалитану» пән ретінде оқытыла бастады. Кезінде марқұмның кезекті кітабын шығарарда бір баспагер «Мұқағалидың таңдамалы өлеңдерін жинақтауды кімге тапсырсам», -десе белгілі жазушы Асқар Сүлейменов: «Оның таңдамалы емес өлеңі бар ма?»деп таңданған көрінеді. Сол сияқты «айтарын айтып кеткен абайламай» қайран ақынның өз заманының тар шеңберне сыймай бүрқанған сәттері айшықталған ақын жырлары жаңа ғасырларға жасампаз үрпақтары арқылы жалғаса бермек.

Мүмкін:

- Ырқыңа сенің деген көніп келдім,

Енді сен ерік бергін, ерік бергін.

Сөзден өлген атамды тірілтпесем,

Қос мені қатарына өліктердің, -деп сертке тартқан семсердей серкесөз тудырған күміс көмей өзі өгейсісе де, мүрасының мұңсыз ғүмыр кешерін пайымдаған болар.

М. Мақатевтың өзімен замандас ақындар тәрізді балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарымен дәл келеді. Сондықтан да оның ақындық беті, мақсаты, тұрақты аңсар сұраты, іңкәрлік әлемі аңғарылады.

Дәл осы тұрғыдан біз ақынның соғыс жылдарындағы өлеңдері мен поэмаларының жалпы саны 72 - ге жуық екеніне көзіміз жетті. М. Мақатевтің соғыс тақырыбына арналған өлеңдері идеялық тақырыптық жағынан төмендегіше мазмұнды қамтиды:

  • соғыс жылдарындағы балалық шағы жайлы;
  • әкесіз жетім өткен күндерді еске алу;
  • Тылдағы азапты, ауыр еңбек;
  • Жетім - жесірлер зарымен баласынан айырылған ата-аналар зары;
  • Отан, бейбітшілік жайлы.

Еліне қорған болған батырлықты, ерлікті жырлау қазақ әдебиетінде

бұрыннан, тіпті халық ауыз әдебиетінің өзінде, эпостық жырларда үлгісі қалыптасқан дәстүрі бар тақырып болғанымен, Ұлы Отан соғысы тақырыбы - жаңа тақырып.

Сол бір қаһарлы кезеңде халықтың тарихи жеңісінде рухани мәдениетіміздің, соның ішінде көркем әдебиеттің атқарған рөлі, қосқан үлесі аса үлкен. Әдебиет дауылды жылдардағы халық ерлігінің лайықты көркем шежіресі болумен бірге, өз отандастарын жеңіске үндеп, мұқалмас жігер берді. Жауды талқандау жолындағы қуатты да айбарлы идеологиялық қару болды. Басқыншы жауды талқандау ісіне Советтік Отанды мекендейтін барлық ұлттардың әдебиеті де зор үлес қосты.

Қазақ ақын-жазушылары да өзінің жауынгер достарымен бірге туған елін, халқын қорғауға бар күш - жігерін аямай жұмсап, Отанды қарумен де, қаламмен де қорғады. Еселі еңбек жеңістерімен гүлдене бастаған Отанға, ерікті, бақытты өмір құрып жатқан халқына тұтқиылдан қаруын кезеп қара күш төнгенде, не жанқиярлық ерлікпен қатерлі жауға қарсы ұмтылып, Отанды қорғап қалу, не бройыңды үрейге билетіп, есірік жаудың етегіне тапталып, оған бой ұсыну-басқа жол қалмаған сын сағатта, өмір мен өлім қан майданда қырқысқан шақта кеудесінде ақындық оты маздаған азамат мұндай тарихи оқиғаға үн қоспай қалуы мүмкін бе? Әрине мүмкін емес! Сондықтан Ұлы Отан соғысының қай қаламгерге де шабытын қайраған құдыретті күш болуы заңды құбылыс. Яғни, қалам иегерлері барлық жанырдағы шығармаларында Совет адамдарының майдан мен тылдағы батырлық істерін айқын бейнелеуді бірден бір идеялық нысана етіп ұстанғанын байқаймыз.

Фашист басқыншыларымен қаһармандық күресте жауынгерлік роль атқарып, алдыңғы шепте болған қазақ совет әдебиетінің үлкен бір саласы - поэзия. Халықтың қаһарлы кезеңдегі тарихи сын үстіндегі рухани келбетін танытуда поэзияның атқарған ролі үлкен. Бұл тұста қазақ ақындары өзінің көрнекті шығармаларымен әдебиетке ереулі үлес қосты.

Қаһарлы жылдардағы өлеңдерінде қазақ ақындары халқымыздың көкейіндегі арман-пікірін, шынайы сыр-сезімін әрбір шығармаға берік арқау етуге ұмтылып, соғыс кезіндегі қазақ поэзиясының басты кейіпкері етіп - халықты алды. Олардың жауға деген өшпенділік сезімін жігерлі де, отты жыр шумақтарымен беріп, рухани бейнесінің байлығын жинақтай суреттейді. Яғни, халық өмірінің типтік көрністері шынайы қалыпта беріледі.

Қай қаламгер болсын, көптен толғантқан, өзі зерттеген және жете таныс жайларды шығармаға арқау ететіні мәлім. Ал егер өзін толғантпаған жайларға қалам жұмсамаса, онда оның шығармасы оқырманды тұшынтпас та еді. Ал соғыс тақырыбы сол кездегі майдангер ақындар мен тылдағы ақындарды толғантқан, шығармаларына арқау болған тың тақырып екенін жоғарыда айтып өткенбіз.

Осы тұста халқымызға белгілі болған, танымал ақындарымызды айтпағанның өзінде, қолына жаңа қалам ұстаған жас қаламгерлер өздерінің көптеген шығармаларын осы тақырыпқа арнады. Міне сондай талантты жас ақындщардың қатарында Мұқағали Мақатаев та бар еді.

Тақырыбы ортақ, дәуірі бір, жазылу мезгілі де сәйкес болғандықтан, жаумен айқасқан жауынгер де, тылдағы жұмыскер де, бірін- бірі сағынып күткен ата - ана, сүйген жар да Мұқағали лирикаларында соғысты жеңіспен аяқтау деген жалпы мақсат жолындағы күрескерлер болып суреттеледі. Олардың ішкі көңіл-күйі, ой-арманы осы негізге мақсатқа аударылған.

« . . . Егер біз ақынның өмірі жырынан басталады десек, ақынның жыры алдымен өз өмірінен басталатынын да есте ұстаймыз»- деген еді Мұқағали. Біз ақынның соғыс жылдарындағы өлеңін сөз етпес бұрын, ақынның өз сөзін еске түсреміз.

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім. Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсандар, онда мен не жазсам соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. біріктіріп қараңанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде жүлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай» . . . - деп, ақын өзінің асыл мұраларын зерттеп, оған пікір айту да, оның осы ескертулерін ескермесек ақын мұрасына қиянат еттік пе деп терең ойға қаламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали поэзиясындағы ішкі сезім иірімдері
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы метафораның қолданыстық ерекшеліктері
Халықтық тіл- әдеби тілдің алғашқы бастауы
Мұқағали Мақатаевтың экспрессионизмі және поэтикалық ойлауы
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Мұқағали Мақатаев лирикасының көркемдігі
«Поэзия, сен менімен егіз бе едің»
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы символизм
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz