МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Магистрлік диссертация

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-6

І. мЫСАЛ ЖАНРЫ және оның БАСТАУ БҰЛАҒЫ МЕН НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ

1. 1 Мысал жанрының генезисі және ондағы ғылыми бағыттар . . . 7-24

1. 2 Мысал жанрының бастауындағы авторлар: мысал өлеңдері, тақырыбы, идеясы, көркемдік ерекшелігі . . . 24-35

ІІ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЫСАЛ МЕКТЕБІ

2. 1 Мысал жанрының қазақ топырағына келу тарихы . . . 35-62

2. 2 Крылов және Абай. Түпнұсқа мен аударма: ұқсастық, ерекшеліктері . . . 62-70

ІІІ. МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ

3. 1 Мысалдардың композициялық құрылымы және поэтикалық сипаты . . . . . . 70-87

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87-90

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 91-93

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Мысал - сатира мен юмордың ең ежелгі, ең көне жанрларының бірі. Бұл - ерте замандардан келе жатқан тарихы терең, арнасы кемел жанр. Ол ежелгі антика әдебиетінде де, үндінің «Калила мен Димна» секілді жәдігерінде де, шығыстың араб, парсы әдебиетінде де молынан кездеседі. Мысал жанры сияқты әлем әдебиетінде ортақ сюжетте жазылған туындылардың бастау бұлағы б. д. д. YI ғасырда өмір сүрген грек мысалшысы Эзоптан басталса, негізгі өзегі б. д. д. І ғасырда өмір сүрген Федр, 1621- 1695 жылдары өмір сүрген француз мысалшысы Лафонтен, орыс мысалшысы Крылов шығармаларына арқау болған сюжеттік жүйе ортақтығы XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында бұл жанрдың қазақ әдебиетінде кең орын алуына Абай, Ыбырай, А. Байтұрсынов, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, А. Құрманбаев т. б. ақын жазушылардың айтулы үлес қосқаны жөнінде тоқтала келе, диссертация мазмұнында мынадай мәселелер қарастырылды: мысал жанрының генезисі, жанр негізінде әлем әдебиеті бойынша дамыған ғылыми бағыттар, қазақ мысалы, оның шығу тегі, қайнар көздері, мысал жанрының поэтикасы, көркемдік ерекшелігі.

Тақырыптың өзектілігі : Мысал шығармалары әдебиеттің бастау бұлағындағы халықтық проза және поэзия түрінде пайда болған мұралар. Ал сол әдебиеттің өзі - халық өмірінің айнасы, халықтың салт-дәстүріне, оның рухани дамуына тигізетін әсері орасан зор. Осыған орай көне дәуірдегі әдебиетті түсініп, талдау үшін, біз ең алдымен сол әдебиетті тудырған мысалдың өзі мен қарапайым халықтардың өмір сүрген кезімен танысып, олардың өмірі жайлы деректерге қанық болуымыз керек. Көне дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі мен қазақ халқының ерте дәуірде қиялы мен шығармашылығы өте дамыған күйде болғанын олардың сан мыңдаған туындылары дәлел болса, оның мысал туындыларына да әсері мол болғаны анық. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін мысал жанрының тарихи тамырлары мен шығу тегі, қалыптасуы, қазақ әдебиетіндегі мысалшыл ақындардың жекелеген мысал өлеңдері туралы мерзімді басылымдардағы әр түрлі әдеби-сын мақалаларда айтылды. Бұл бағытта, Ә. Диваев, М. Әуезов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Е. Костюхин, Т. Қожакеев, Б. Ысқақов, С. Нұрышев, Т. Еңсегенов т. б. ғалымдар іргелі зерттеулер жасап, оның идеялық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін саралай келе, мысал жанрының ғибраттық-философиялық қырына ден қояды. Алайда айтар ойы мен арнасы кең - мысал жанрының табиғатын толық ашу үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан мысал жанры поэтикасының көркемдік құндылығы мен негізгі идеясы жүйелі түрде жан-жақты әрі терең қарастырылуы қажет. Әдебиеттану ғылымында арнайы зерттеудің нысанасына айналдыру міндеті осыдан туындайды.

Мысал жанрының поэтикасын толық ашу барысы осы жанрдың генезисі мен қалыптасуы, жанрдың даму эволюциясындағы ғылыми бағыттар, қазақ әдебиетіндегі мысал мектебінің табиғи ерекшелігін, даму барысын, көркемдік қуатын терең талдауға келіп тіреледі. Біз өз жұмысымызда осы бағыттарда ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге тырыстық.

Жұмыстың мақсат-міндеттері : Осы жайттарды айқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мысалдарды оқып қана қоймай, оның пайда болуы, бейнелену, көркемдеу мен сюжет желісін, оның жайын айқындау болмақ. Әрине, бұл жағдайда мысал туындысындағы мифологиялық көзқарас адамдардың талабын, қажеттілігін қанағаттандыра алмады. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:

  • Мысал жанрының тарихи тамырларына, жанр генезисіне және әле әдебиеті бойынша даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
  • Мысал жанрының поэтикасын зерттей отырып, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
  • Мысал жанрының идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
  • Мысал жанрын талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Мысалдардағы жалпы қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
  • Образ жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптерін зерттеу;
  • Әлемдік әдебиет пен қазақ мысалшыларының туындыларын салыстыра-салғастыра зерттеп, мысал жанрының толық табиғатын таныту.

Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау үшін мысал жанрының тарихи тамырлары мен шығу тегі, мысал жанрының қазақ топырағына келу тарихы және оның бастауындағы авторлар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы, аталмыш жанр негізінде адамгершілік мәселесінің қойылуы мен қоғамдық келеңсіздіктердің көрініс беруі талданады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында мысал жанрының поэтикасы әлем әдебиеті бойынша тұңғыш рет қазақ әдебиетінің көркемдік аясында әдеби тұрғыдан зерделенді. Мысал жанрының әлем әдебиетіндегі өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Мысал жанры поэтикасының толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:

  • мысал жанрының табиғатын жан-жақты талдай келе әр дәуірдің келеңсіз көріністерін бейнелеу тәсілдері айқындалады;
  • мысал жанрының құрылымы мен поэтикалық сипаты талданады;
  • қазақ мысалдарының өзіндік ерекшеліктері, тақырыптық идеялық құрылымы өз деңгейінде зерттелді;
  • тақырыпты ашу мақсатында мысал жанрының поэтикасы туралы қажетті мәлімет беретін ғылыми мақалалар бір жүйеге келтіріліп, поэтика тұрғысынан зерделенді.

Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - мысалдың қазіргі кезде халықтың ғасырлар бойы ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күні хатқа түскен мысалдың туындыларын талдау, анализдеу, ой елегінен өткізу болмақ. Сол хатқа түскен туындылардың ішінде бүгінде қазақ тілінде Абай мен Ыбырай, Ахмет Байтұрсынов көнедегі Сайф Сараии, Рабғұзи және т. б. аудармасымен жарық көрген кітабы негізінде қарастыруға көңіл қойдық.

Сонымен қатар, мысал жанры туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Мысал жанрының поэтикасын жан жақты ашу үшін қазақ әдебиеттануының көрнекті өкілдерінің ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Атап айтсақ, Рабғузи, Сайф Сарайи, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Диваев, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Е. Костюхин, Т. Қожакеев, З. Қабдолов, Р. Нұрғали, Б. Ысқақов, С. Нұрышев, Т. Еңсегенов, С. Көбеев, Д. Ысқақұлы, С. Талжанов, С. Абдрахманов, Т. Шаңбаев, С. Қамаева, М. М. Иманғазинов т. б. зерттеулеріндегі диссертацияның мазмұнына қатысты теориялық тұжырымдар мен ұстанымдары басшылыққа алынды. Сонымен бірге, алыс жақын шетел ғалымдары, көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі зерттеушілердің ішінде Лессинг, Буало, А. Тахо Годи, С. Радциг, Кантемир, Л. С. Выготский, И. Левин, Е. А. Костюхин, М. Л. Гаспаров, А. А. Потебня, Гете, В. Г. Белинский тағы басқа ғалым зерттеушілердің еңбектеріндегі ой тұжырымдар назардан тыс қалған жоқ.

Зерттеу әдісі: Мысал жанрының әлем әдебиетіндегі көркемдік қуатын, қазақ әдебиетінде алар орнын, жалпы мысал жанрының поэтикасын зерттеуде әдеби-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте мысал өлеңдерді оқытуда, жоғары оқу орындарында қазақ ауыз әдебиеті, шетел әдебиеті курсын оқытуда, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

  • мысал жанрының әлем әдебиетіндегі орны, тарихи тамырлары мен генезисі, жанрдың эволюциялық дамуындағы ғылыми бағыттар деректер арқылы сараланып көрсетілді;
  • мысал жанрының алғашқы белгілері поэзия мен прозада, халық ертегілерінде, нақыл сөздерде кездесетіндігі көрсетілді;
  • мысал жанрының әлем әдебиетіндегі келбеті көрсетіліп, өзіндік даму бағыты айқындалды;
  • қазақ әдебиетіндегі мысал мектебі, мысал жанрының қазақ топырағына келу тарихы көрсетілді;
  • Мысал жанрындағы Абай дәстүрі сараланды;
  • Қазақ мысалшылары, соның ішінде Ыбырай, Абай, Ахмет, Шәкәрім, Мақыш Қалтайұлы мысал өліңдерінің қазақ әдебиетіндегі орны көрсетілді;
  • Мысал жанрының композияциялық құрылымы мен поэтикалық болмысы ғалым-зерттеушілердің әдеби және ғылыми тұжырымдары негізінде талданып, айқындалды.
  • Ғалым зерттеушілердің мысал жанрына қатысты айтылған тұжырымдары негізінде ой өрбітіліп, аталмыш жанр айқындалды.

Жұмыстың сыннан өтуі: Зерттеу жұмысының теориялық мәселелері мен ғылыми тұжырымдары І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының отырысында талқыланды. Диссертациялық жұмыста ұсынылатын негізгі тұжырымдар үш халықаралық, бес республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланды. Диссертация тақырыбы бойынша барлығы сегіз мақала және анықтамалық жарық көрді.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. мЫСАЛ ЖАНРЫ және оның

БАСТАУ БҰЛАҒЫ МЕН НЕГІЗГІ ӨЗЕГІ

1. 1 Мысал жанрының генезисі және ондағы ғылыми бағыттар

«Таласпа жаным ай,

Қолыңнан келмеске.

Боларсың бақадай,

Көп түссең егеске», - деген түйінді немесе:

«Жұрт мұнымды көрмей ме?

Батыр атақ бермей ме?

Қой, бұл қанден ер шіркін

Пілге де үрген демей ме?» -

сияқты әжуа өлеңді жаттап өспеген шәкірт аз шығар. Өмірде кездесетін «бақалар» мен «қандендерге» жирене қарап тұрып, осы сөзді айтпайтын жан да кемде-кем болар. Өйткені, біздің әрқайсымыз, надандық қылық атаулыға жауыға қараймыз, жаманшылықтың шаңырағын шағып жібергіміз келеді. Адамгершілік қасиеттерге кереғар істі көріп-білсек, қарсы тұрамыз. Ақыл-парасат қалыбына қайшы мінез-айбатты аяусыз айыптаймыз. Осындай күйде ойымызға даналарымыздың өкейде жатталып қалған мысқыл-сықақ түйіндері оралады. Қылышты қынаптан суырғандай соны қару етеміз.

Адамгершілік, ар-ождан мәселесі - адамзат тарихының өн бойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген кезеңде де рухани асыл мұрат - адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.

Бүгінгі таңда барша ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы. Мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол берілуде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде. Еш мән-мағынасы жоқ, тек қана дыбысқа құрылған музыка, кісіні қорлау, зорлау турасында жазылған детектив кітаптар, ату, асу, небір адам жаны түршігерлік оқиғалар туралы түсірілген кинофильмдер адамдар санасына кері әсерін тигізуде. Адамды рухани мәңгүрттікке жетелеуде.

Адамның ар тазалығы, рухани байлығын, ішкі жан-дүниесінің сұлулығын, сезімінің мөлдірлігін қалыптастырудағы әдебиеттің қызметін ешқандай да сыртқы күштер ауыстыра алмайды, әдебиетіміздің ең жауапты да, абыройлы миссиясы да осында жатыр. Бұл жөнінде орыс ғалымы Ф. Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті» [1, 44], - деп жазады.

Олай болатын болса, әлемдік өркениетке жетуге ұмтылып отырған Қазақстан халқын біртұтас бірлік пен отансүйгіштік рухында баулудағы, өзімшілдік пен қара бастың қамын ойлауға (эгоизм), тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жексұрындық пен сұрқиялылыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.

Осы орайда қоғамдағы келеңсіздікті, теріс мінез бен барлық жаман қасиеттерді келемеждейтін, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетке ортақ аллегориялық формадағы мысал жанрының мәңгілік ізденісі адамгершілік, гуманизм мәселелері, қоғам келеңсіздіктері мен моральдық проблемалар екені даусыз. Олай болса мысал дегеніміз қандай жанр және шығу тарихы туралы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Бұл жанрдың қалыптасуы мен дамуы және оның жанрлық ерекшелігі жөнінде көптеген ғалымдар ғылыми теориялық тұжырымдар жасады. Солардың ішінде, атап айтсақ, мысал жанрының шығу тарихы жайында Ә. Диваев, М. Әуезов, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, Е. Костюхин, Т. Қожакеев, Б. Ысқақов, С. Нұрышев, Т. Еңсегенов т. б. ғалымдар іргелі зерттеулер жасап, оның идеялық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін саралай келе, мысал жанрының ғибраттық −философиялық қырына ден қояды.

«Мысал» сөзінің түп-төркінін зерделейтін болсақ, ол арабтың «мәсәлә» сөзінен шыққанын көреміз. Осы түбірден туындайтын тәмсіл, тимсәл тәрізді сөздерді қазақ ақындары үлгі, өнеге, насихат ретінде қолданған [2, 16] .

Мысал жанрының тарихы мен сюжеті И. А. Крыловтан басталып, И. А. Крыловтан аяқталмайтыны даусыз. Тұңғыш қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы А. Байтұрсынұлы мысал жанрының генезисіне, теориясына қатысты зерттеуін былайша негіздейді: « . . . алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі деп білген. Осыдан барып хайуанаттар жайлы ертегілер шыққан», - деп ғылыми құнды тұжырым жасайды [3, 451-452] .

«Осы жанрды теориялық жағынан түсіндіруге көп мән берілмеген. Көне дәуірдің ғалымдары Аристотель, Булан еңбектерінен кездестіре аламыз» деген [4, 172] пікірді Г. В. Москвичева айтса, қазақ ғалымы Т. Шаңбаев «Аристотель заманынан бастау алған, негізінен философтар да көңіл аударған, кейіннен Г. Э. Лессинг, В. Перри, А. Потебня, М. Н. Гаспаров еңбектерінен көрініс тапқан», - дейді [ 2, 16- 19] .

Орыстың ұлы сыншысы В. Г. Белинский бұл жанрды: «Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры» десе [6, 300], академик З. Қабдолов «Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты», - дейді [7, 300] .

С. И. Радцигтың «Көне грек әдебиетінің тарихы» атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: «Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған» [8, 300] .

Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: «Мысал- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді

Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б. э. б. VІғ. ) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады», -дейді [7, 312] .

Кейіннен жарық көрген доцент М. М. Иманғазиновтың «Антика әдебиеті» атты еңбегінде автор: «Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр» [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген зерттеуші - ғалымдардың мысал жанрына берген анықтама, түсінік, тұжырым, пайымдауларынан кейін мынадай қорытындыға келеміз, демек осылай пайда болған мысал жанры әр халықтың өзінің дүниетанымына, қаламгердің шеберлігіне, рухани байлығына қарай өзгеше түр, реңк, сипат алып, сол елдің әдеби қорынан орын алады. Сонымен қатар тамырын Эзоптан, «Панчатантрадан» алатын мысалдардың табиғаты, болмысы қазақ әдебиетіне «Мың бір түн», «Калила мен Димна» араб әдеби шығармаларының сюжеті арқылы Ыбырай, Абайлардан бастап, А. Байтұрсынов, М. Көпеев, М. Байзақов, С. Дөнентаев, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев т. б. мысал жанрына қалам тартқан қазақ мысалшыларының да туындыларынан көрініс тапқан.

Басқа сөз өнері жанрларына қарағанда, мысал жанрының көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлем ғалымдарының ерекше назарында болғанын тарихи ұзақ уақытта дүниеге келген іргелі теориялық еңбектер мен қалыптасқан ғылыми бағыттар дәлелдейді. Бұның өзі: мысал жанры сөз өнерінің ең көне, ең бай және ең дәстүрлі де өміршең, шағын да күрделі формасының бірі екенін байқатса керек. Алайда, мысалды аударма жанр ретінде таныған кезеңдер де болды. Сондықтан, біздің ойымызша әдебиеттану мен фольклортану ғылымы саласындағы теориялық еңбектерге сүйене отырып, мысал жанрының табиғатын тану - басты мәселенің бірі.

Қазақ ғалымы Т. Шаңбаев өз зерттеу еңбегінде әдебиеттану ғылымындағы мысал жанрының үш түрлі теориялық бағытын айқындайды.

Біріншісі - рационалды бағыт. Яғни, бұл бағыт Аристотель еңбектерінен бастау алып, негізінен философтар да назар аударған, кейіннен Г. Э. Лессинг, В. Перри, А. Потебня, М. Н. Гаспаров т. б. ғалымдар еңбектерінде айқын көрініс тапқан, мысал жанрының басты, өзге жанрдан өзгешелендіріп тұратын негізі ғибрат деген негізде аталмыш жанрдың философиялық-дидактикалық мазмұнына ден қойған. Рационалды бағыттағы ғалымдар мысал жанры адамзат қоғамының дамыған кезінде тіршіліктегі түрлі жағдай, ерекше оқиғалар салдарынан туындаған ғибраттық мазмұнды теңеу, мақал мен мәтелдер негізінде қалыптасты деген тұжырым, пайымдауларға барып, «ғибрат» жанрдың негізгі қасиеті деген ой түйеді.

Екіншісі-романтикалық бағыт. Бұл бағытты қолдаушылар мысал жанрының негізі - әңгімелеу, ал ғибрат кейіннен алған қасиеті деген, Я. Гриммнің «миф-жануарлар туралы ертегі-мысал» эволюциялық даму концепциясын ұстанған, кейіннен А. Хаусрат, И. Левин, Е. А. Костюхин т. б. негізінен фольклортанушы ғалымдар еңбектерінде қолдау тапқан.

Үшіншісі - психологиялық-эстетикалық бағыт. Поэзиялық мысал жанры проблемасы негізінде өзгеше көзқарасты ұстанған Л. Выготскийдің еңбектерінде көрініс тапқан [2, 13-14] .

Жалпы, мысал теориясындағы ғылыми бағыттардың әр саласындағы ғалымдар өзіндік ұстанымдары негізінде тұжырымдар жасаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегінің ішкі жанырлары мен поэтикасы
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ МЫСАЛ ЖАНРЫ
Тарихи роман поэтикасы
Әдебиетті оқу процесінде оқушылардың сөйлеу әрекеті
Кеңес дәуірі әдебиетіндегі әңгіме жанры
ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ СОНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ПОЭТИКА МӘСЕЛЕСІ
Ертегілер туралы мәлімет
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Қазақ прозасының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz