О.БӨКЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


О. БӨКЕЕВТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дипломдық жұмыс
Кіріспе
І О. Бөкеевтің көркемдік дүниетанымы.
1. 1 О. Бөкеетің «үлкен» әдебиетке аяқ басуы.
1. 2 Жазушы шығармаларындағы аңыздық желі және символы.
ІІ О. Бөкеевтің шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
2. 1 Тіл көркемдігі
2. 2 Стиль ерекшелігі.
ІІІ Қорытынды.
О. Бөкеев - фольклорындағы эпикалық романтикалық дәстүрді бүгінгі өмірдің реалистік-романтикалық биігіне көтерген қаламгер. Бұл қазіргі қазақ әдебиетіне Бөкеев әкелген жаңалық. Оралханның жазушылық дарынын даралаған да, өзіндік қолтаңбасын, суреткерлік өнерін танытқан да -осы жаңашылдық өрнекті тауып қалыптастыруы. Сонымен қатар жазушы шығармаларында шартты сюжеттер, символдық сипаттағы образдар көптеп кездеседі.
Әдебиет әлемінде ешкімге ұқсамайтын дара жолмен келіп, творчестволық өсу жолынан өтіп, өзіндік шығармашылық стилін қалыптастырып үлгірген О. Бөкеев шығырмашылығын зерттеп, білудің маңызы зор деп білеміз. Оралхан қашанда уақыт алға қойған өзекті проблемаларды шығармаларына арқау еткен, ойы да, қаламы да ұшқыр жазушы. Мәселен, оның қаламынан туған «Мұзтау», «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Атау кере» повестері азамат өмірінде мәңгілік мәселелерді көтерген әлемдік әдебиеттегі озық шығармалармен деңгейлес, иықтас туындылар. Әдебиет майданында қажымай, талмай еңбек еткен О. Бөкеев творчествасын зерттеудің қажеттілігі - ол жазған әңгіме, повестердің көркемдік жетістіктері мен актуальдық сипатында және бүгінгі өмірдің құбылыстарын шынайы бейнелей алғандығында жатыр.
Сол арқылы О. Бөкеев шығармашылығының қазіргі қазақ прозасынан алатын өзгеше орны мен мәнін, жаңашыл сипатын анықтауға ұмтыламыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орны бар қаламгердің шеберлік қырларын ашу, шығармашылық әдіс-тәсілдерін айқындау - бүгінгі әдебиеттану үшін зәру мәселелердің бірі. Зерттеу негізінен О. Бөкеевтің шығармашылық даралығын, көркемдік тәсілдерді қолдануындағы ерекшеліктер мен заңдылықтарды, жазушының ізденістерін, мазмұндық бірлік пен түрлік ерекшеліктер үйлесімен, қазақ прозасына О. Бөкеев әкелген жаңалықтарды айқындауға бағытталды. Сонымен бірге Бөкеев шығармашылығын бір ізге түсіріп, жүйелеп, ғылыми талдау барысында төмендегідей мақсаттар мен міндеттерді орындау көзделді:
- қаламгер туындыларындағы әлеуметтік-философиялық мәселелер мен оның көркем тартыс және образ болмысы арқылы көрініс табу ерекшеліктерін ашу;
- суреткердің көркем ойды астарлай жеткізудегі шеберлігі, символдық бейне, символдық қолданыстардың қызметін талдау;
- жазушы тіл айшығының стильдік ерешеліктермен байланысын зерделеу;
- шығарма құрылысы және суреткер туындыларындағы дыбыстық үйлесім, қайталаулар, прозадағы ырғақтық поэтикалық сырын саралау;
- О. Бөкеев - өте күрделі жазушы. Кемел суреткердің проза саласындағы еңбектердінің өзін әлденеше зерттеуге болады. Оралхан шығармаларындағы уақыт, қоғам, адам, романтикалық сырын, философиялық толғау, лирикалық және эпикалық өрлеу, көркемдік ерешеліктерінің түрлі-түрлі жолдары, түр дамыту мен көркемдіктің бірлігі мәселелері де ғылыми жұмысымызда қарастырылып сөз болады. Суреткердің оқиғаға, уақытқа көзқарасын - бағамдай отырып, әрі философиялық, әрі эстетикалық ұғымға жататын ұлттық саналық өсіп-өркендеуді автордың өз ой түйінділері мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті, ой-пікірлері арқылы тұжырымдадық.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жазушының суреткерлік шеберлігіне, өмір шындығын толыққанды көркем бейнелерімен жеткізу бағытындағы реалистік ұстанымдарына баса назар аударылды. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы шығармадағы уақыт пен кеңістік ұғымдарының баяндаушылық О. Бөкеев шығармашылығының көркем ерекшелігіне талдау жасау - жұмыссыздың негізгі жаңалығы болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық және методикалық негізі. Тақырыбымыз «О. Бөкеев шығармашылығы» болғандықтан, көркем шығарманың поэтикалық жайлы еңбек жазған грек философы Аристотельден бастап, А. Веселовский, А. Потебня, В. Виноградов, М. Бахтин, Д. Лихачев, М. Храпченко, Г. Винокур, т. б. ғылымдарының теориялық еңбектерін негізге алдық. Сонымен қатар З. Ахметов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, Ш. Ыбыраев, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов еңбектерін басшылыққа алып, теориялық тұжырымдарына сүйендік. Бұдан басқа да қазақ, орыс, әлем әдебиетшілерінің пікірлерін, зерттеулерін қарастырып, ғылыми жұмысымызға пайдаландық. Бұл жайында негізгі әдебиеттеріміз ғылыми жұмыстың соңында көрсетілуген.
Жұмыстың құрылысы. Ғылыми жұмыс кірісәпеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде доплом тақырыбының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методикалық негізі айталады. Жұмыстың соңғы беттерінде паййдаланылған ғылыми және көркем әдебеиттердің тізімі берілген. Қазақ әдебиетіндегі романтизм арнасы, оның ішінде прозадағы романтизмнің бейнелеу әдісі ретінде қолданылу аясы, көріністері монографиялық көлемде зерттелген емес. Сондықтан 60-90 жылдардағы прозада өзіндік үлкен оны бар жазушы Оралхан Бөкеев шығармашылығындағы романтизм табиғатын зерттеу - өзекті мәселелердің бірі.
Дүниеден ертерек кеткен талантты жазушы Оралхан Бөкеевтің «үлкен» әдебиетке аяқ басуы 1970 жылдардан басталады. Бұдан кейінгі жылдарда қаламгер туындылары сыншылардың қырағы назарынан тыс қалмады, мұның өзі нәзік сезімталдық пен мұңға, мазмұнды ойға мол Оралхан шығармаларының бір оқыған адамын бейтарап қалдыра алмас қуатында еді. О. Бөкееа шығармаларының көркемдік қасиеті, қаламгер шеберлігі, тіл айшығы жайында байыпты толғамдарды М. Қаратаев /8/, С. Қарибаев /9/, Р. Нұрғалиев /10/, н . Ғабдуллин /11/, Ә. Кекілбаев /12/, Д. Исабеков /13/, Р. Сыздықова /14/, Б. Ыбрайымов /15/ және Б. Көрікбаева /16/. Е. Аманшаев /17/, Т. Ахметжанов /18/ еңбектерінен кездестіреміз. Әдебиет әлеміне өзіндік үнімен, өз нақышымен келген О. Бөкеев шығармашылығы сыншылар қауымын бей-жай қалдырмады. Оның әрбір жаңа шығармасы ерекше құбылыс ретінде бағаланады да, мерзімлі баспасөз бетінде, жекелеген еңбектерде сан қилы пікірталастар объектісіне айналды. Атап айтсақ, Т. Тоқбергеновтің «Қос ағыс» (1981), Б. Ғабдуллиннің «Тоска по материнскому гневу» (1992), Е. Әмірханның «Мәңгілікпен межелеу» (1992), Б. Әлімжановтың «Идея және шешім» (1980), Д. Әшімхановтың «Мұзтау» (1976), Ә. Мәмесейіттегінің «Парасат жыры» (1985), Ә. Қодаровтың «Романтизм вчера и сегодня» (1985) атты мақалалары мен зерттеу еңбектері қаламгер шығармаларын әр қырынан қарастырды. О. Бөкеев шығармашылығын арнайы зерттеген ғылыми жұмыстардан Ө. Көзбековтың «Ө. Бөкеев прозасының поэтикасы» /19/, Г. Жәлелованың «Концепция личности в прозу Бокеева» /20/ атты диссертациялары жазылды.
Зерттеуші - ғалымдар қаламгер шығармаларының айтар идеясы мен тақырыбын, поэтикалық тілін талдау төңірегінде ғана емес, О. Бөкеевтің суреткерлік болмысы, көркемдік әдісі турасында да өз пікірлерін білдірді. Әсіуресе, жазушының көркемдік әдісі жөнінде бірізді ой қалыптаса қойған жоқ. Зерттеуші Ә. Қодаров /21:166/ «Романтизм вчера и сегодня» атты О. Бөкеев шығармашылығының романтикалық сипатының басым екендігін айтса, Қ. Құрманғалиев жазушының өзіне тән ерекшелігі мен бір /22/ деп қорытады. Ал академик С. Қирабаев қаламгер шығармашылығының реалистік сипатын баса айта отырып: «Ол /Ж. Қ. О. Бөкеев/ шығарма мазмұнын дамыта отырып, көркемдік формаға келгенде тұспалдау айтуға, аңыздық хикаяларға көбірек мойын ұсынады. Бұл сірә, жас адамның арман-қиялын, сезім-күйін көтеріңкі күйде суреттеу үшін де қажет шығар» /23:190/ - деп тұжырымдайды.
Жазушы шығармаларындағы аңыздық желі және символ.
Өмір құбылысын танып, көркемдік шындықпен бейнелеудің жолдары сан қырлы. Өйткені, әдебиеттің өзі даму, қозғалыс үстіндегі процесс, ол да өзгереді, күрделенеді, біртіндеп жаңа, соны сапаларға ие болады. Заман, дәуір, әлеуметтік жағдай қашанда ен-тағбасын салып отырады. Елдің саяси, рухани және экономикалық дамуы әдебиеттің де дамуын тездетіп, оны тың белестерге үздіксіз көтеріп отырады. Соның нәтижесінде өмір құбылысы жалаң, қарадүрсін баяндаулар арқылы беріле салмай, адамға барынша әсер ететін көркем образ арқылы бейнелеп беретін жаңа әдеби әдіс, тың формалар пайда болмақ.
Біздің бүгінгі сөз етпегеніміз: әдебиетімізде көркемдік форма саласында өріс алған жаңалықтардың бірі - көркем прозадағы аңыздық желі, мифті пайдалану (мифотворчество) . Атом ғасыры аталып кетген ХХ ғасырымыздың екінші жартысында дүние жүзі әдебиетінде жаңаша мазмұн алған құбылыс қаламгерлер арасында қызу пікірталас туғызып, сыншылар назарын ерекше аударған еді. Әсіресе Латын Америкасы елдерінде аңыздық, мифтік сюжеттер лабороториялық тәжірибеге түсіп, өзгеше өрлеу үстінде дамыды. Осы бағытқа айрықшаден қойған қаламгерлер Габриэль Гарсие Маркес әлемге әйгілі «Жүз жыл жалғыздықта», «Патриарх күзі», Мигель Анхель Астуриас «Майс адамдар» романдарын дүниеге әкелген еді. Бұл құбылыс әлемдік әдебиетте жаңа арна іспетті өрісін кең жайып, социализм қоршауында отырған кеңес әдебиетіне де елеулі әсер етті. Кеңес жазушылары В. Астафьев, В. Шукшин, В. Белов, В. Быков, Ш. Айтматов т. б. өз шығармаларында мифтік сюжеттерге кең орын берді.
Аңызды көркемдік әдіс ретінде, концепция, құрылымдық материал ретінде паййдалануға болады екен. «Оралхан шығармаларында аңызды белгісіз жұмбақ сыр, қырық сарын ілесе жүреді. Қиял мен шындық арасындағы халдер бірд ақиға арқауында, бірде күшейткіш, көркемдік нақыштар түрінде көрініп қалумен келеді, » [1. 205] - деп, жазушының шығармашылық ерекшелігі жөнінде айтып өтеді белгілі сыншымыз Т. Тоқбергенов. Жазушы 1975 жылы жарық көрген «Мұзтау» [2. 256] повесіне соңғы ертек деп үсініктеме беріпті. Мұндағы басты тұлға - Ақтан. Елден безіп тау ішінде жалғыз күн кешкен Ақтан айын бүкпесіз батыл ұсынады: «Дүниедегі ең пайдалы іс - сол дүниедегі жалғыз-ақ рет келіп жан тапсыратын адамға қиянат жасамау». Мұнан байқайтынымыз - кейіпкер жанының кіршіксіз таза екендігі. Ақтанның осы тазалығына, туған жерді қапысыз сүюіне, дүниетанымының қалыптасуына өтірікші Асанның әсері сөзсіз. «Осы жердің әр тау, әр тасы жазылмаған шежіре, айтылмаған әңгіме, бар сырын, бар шынын ішке бүгіп, іштей танып жатуынай жарықтың» - деп туған жер туралы айтылатын сыр. Аршалыдағы «Тәңір қоймасы» деп аталатын жер қасиетіне байланысты айтылатын бабалар туралы аңыз-хикаялар Ақтанның есінде. Туған жер, бабалар тарихы жайындағы сан толқынды ертегі елесі Ақтанның қиялын тербеп, сан алуан ойға бөлейді. «Осы күннің балалары, - деп ойлар еді ішінен. Осы күннің балалары ондай елде өтірік шын әңгіме айтып, бейуақытта жас қиялын тербейтін өтірікші шалдар азайған сайын қатыбастанып, хатқа жүйрік болғанымен, жаны күйрек болып барады-ау. Қазір біз балаларды білімге үйретеміз, бірақ табиғатты сезінуге үйретпейміз. Сондықтан ой-өрісі өсіп, сезім түйсігі бықсып бара жатыр: сондықтан да қатал аяушылық сезімінен жұрдай», [2. 52] - деп тебіренуінде мән бар. «Ерте, ерте, ертеде . . . » - деген өрнекті сөзбен бастылып, тыңдаушысын кейіпкерімен бірге аспанға ұшырып, жер астына түсіріп, неше түрлі құпияға әлемді шарлататын ертегілер мен аңыздар иесі қазақ атаулының балғын шағынан қанына сіңіп, қиялын шарықтатыны аян. Сол адамзаттың балаң творчествосының бірнеше ғасырлардан соң басқа түрде /түс/ берілуінің сыры- адалдық, адамгершілік, адам тағдырының биік қойылуында.
Бүгінгі адамдардың бойында жақсылық қасиеттердің азайып, жойылып бара жатқандығын, адамдардың бір-біріне жаны ашымайтындығын автор Ақтанның ойы арқылы сол мінсіз қоғамдағы кемшіліктерді астарлай жеткізе білген. Сол сияқты өтірікші Асан шалдың ертегі, аңыздары шындықты жеткізудің ұтымды тәсілі болып отыр. Мінсіз қоғамда өмір сүрген Совет адамының бойындағы қайшылықтарды, қоғам қалтарыстарындағы көлеңкелі беттерді ол кезде басқаша жеткізу мүмкін емес еді. Біздіңші, аңыз-ертегілік сюжеттер /түс/ Асан шалдың ролін көрсету үшін емес, бас кейіпкер Ақтанды сөйлету, табиғатын ашу, болмысын таныту үшін пайдаланған.
Жазушы ауылдың ақырғы ақсақалы Асанды аруақтарымен, ал Ақтанды екіге жарып, бірін ақтан, бірін Аңшы етіп бір-бірімен айтыстырып, олардың өздері туралы бар шандықты өздеріне айтқызып алады. Бұл тәсіл Ф. Достоевскийдің Иваны мен Шайтанын /«Ағайынды Карамаовтар»/, Раскольников пен Свидригайловты /«Қылмыс пен жаза»/ т. б. еске түсіреді. Ф. Достоевский шығармаларындағы ішкі тартыс табиғатын, қайшалысқан ішкі диалогты Бөкеев өз өрнегіне салып, шебер қолдана білген. Ф. Достоевскийде көбіне ол айтыстар аяғы шатысып, елес болып кетіп жатса, мұнда автор бұл тәсілді саналы түрде алып, оны ешқандай ессіздікке, шала түске айналдырмай, өзінің әңгімелеу, баяндау стилінің тәсілі, өзіндік қолтаңбасы ретінде суреттейді. Мысалы, Асан шал мен Аруақтардың айтысында туған жер тарихы, ел тарихына шолу жасағандай болса, Ақтан мен Аңшының айтысында бірінің ойын бірі жалғастырып, толықтырып, ақыр аяғында жалғыз Ақтанның ішкі ойын ақтарып салады. Мұның бәрі тек Ақтанның ішкі ойын сыртқа шығарудың бір тәсілі екендігі сөзсіз.
АВтор пайдаланып отырған адамның қақ жарылу, екіұдайлық /двойстенность/ тәсілін сол күйінде кешіріп, немесе еліктеп ұқсастыра пайдаланбаған, оның өзінше тосын тәсіл, көркемдік құрал ретінде қолданып отыр. Ол біздің ұлттық ұғымымызға жақын, санамызға сіңісті көркемдік тәсілдер /түс/. Алайда кейде айталған сөздеріне, автордың түсініктемелеріне қарап, оның табиғатына сыйымсыз екендігін, біріншіден, түс тым ұзақ, екіншіден, ондағы оқиғалар мен баяндалатын жәйттер тым кең көлемде тарихи дерек ретінде беретінін аңғарамыз. Ол түстің логикасына, көлеміне, шеберіне сыйымсыздау.
Көркемдік тәсілдің қай-қайсысы да кейіпкер табиғатының жұмбақ сырын ашу, сол арқылы шығарманың идеялық-көркемдік салмағын арттыру мақсатында қолданылады. Әртүрлі тәсілдің қолдануы - шығармадағы оқиғалар динамикасыныңі ішкі қажеттігіне байланысты. Бұл ретте қаламгердің өз қаһармандарына үнемі үңіле отырып, оның болмысының жықпыл-жықпылын жете біліп, жан-жүрегімен сергек сезіне білуі айрықша роль атқарары сөзсіз. Жазушы шығарманың орталық кейіпкері Ақтан образы арқылы тазалықты, пәктікті, адалдықты ардақ тұтқан жігіт бойына лайық қасиеттерді жақсы ашады, қаһарманның жан-дүниесіндегі арпалыстарды, ішкі толғаныстарды шебер суреттейді. Осы сазды күйлер Ақтанның ішкі дүние әлемнің сұлулығын танытады. Әлеуметтік-психологиялық туындыларда өмір құбылыстары, әдетте, кейіпкердің ішкіәлемі арқылы өтіп, оның жан дүниесіне сыртқы жағдайдың әсері, жасаған өзгерісі көрінуге тиіс десек, жазушы бұл ретте көпсөздікке салынбай, адамның ішкі сарайын ашатын кілт таба біледі.
Әдетте ертедегі сенетін, адалдықты аңсайты адамдар сезімтал, ойшыл, қиялшыл, баладай аңғал, пәк болатыны да белгілі. Сонымен қатар жазушы кейіпкер табиғатына сыртқы ортаның әсерін де жақсы дәлеледеп жаткізе білген. Адамдар артық кетіп адаса бастаған, шалыс басып шатыса бастаған шағында тағдырдың тәлкегінен құтқарып отырады. Өйткені адамдар қылмыс жасау үшін туылмағанын, жаратылысы бойынша жаны таза екенін, оларға қоғамдағ әртүрлі әділетсіздік, қалыптасқан сырып Аңшы мен Ақтан айтысындаанық көреміз.
Ақтан: «Мен Жесірге жақсылық жсағым келеді . . . Анау мұз үңгірде босқа шіріп жатқан байлықты асқан ептілкпен түсіп алып шықсам, алғы бүікл өмірімді қамтамасыз етпеймін бе?»
Аңшы: «Бекер. Ақшаны адал еңбегімен таппайсың ба?»
Ақтан: «Адал еңбек, адал еңбек. Кім табан ет, мыңдай терімен байып жүр? Ол байлыққа өкіметті тонау, әлде кімді өлтіру арқылы емес, азаматтық айла-тәсіл, жойқын күшімнің арқасында қолым жетсе ше, едел еңбек емес пе?»
Аңшы: «Ол баипен бұйрыққа басқанның да тері мен қаны сіңген ғой».
Ақтан: « . . . Мәселен, ауылды тері-терсек жиғыш пен лесхоздың бастығынан артық тұрмыс ешкімге жоқ. Екеуінің тақымдарында да машина, алты бөлмелі үй, алты сиыр, алпыс қой бар. Ал, алатындары айына сексен-ақ сом. Сонда әлгі байлықтың көзі қайда?» [2. 88]
Бұл бір ғана адамның ойы, өзімен-өзі іштей тілдесуі, өзін-өзі іштей саралау көрінісін адамның табиғи болмысы мен сыртқы ортаның әсері айқын танытады.
Осы айтыс тәсілін жазушы Ақтанның мойнына түскен қыл арқын қимылдатпай, белгісіз біреудің жан алқымға алған сәтінде қайта қолға алады. Бұл енді бейбіт шақта отырып, еркін оймен көсілу, салғыласу емес, бұл тек қас-қағым сәттегі санадағы күрес, өлім мен өмірдің бетпе-бет күресі. Тегінде адамның алып табиғаты, бет пердесі осы өлім алдындағы жанталасқа шынайы көрінері сөзсіз. Адамға тән ұсақтықта, бірлікте, осы шекаралық ситуация да байқалады. Ақтанның өз ішіндегі адамымен, Арымен, сынасымен айтысы, яғни өзін-өзі талдау, саралау, жалпы психологизснің көркемдік компоненттерінің бәрі мұнда көрнекті орын алып, қызметтерін жоғары дәрежеде атқарып тұр.
«Өмір азанда жауған ақша қар болса, оның бетіне қос із түседі: бірі - жақсылық, бірі - жамандық. Осы жарысқан қос із айқасып, бірігуі мүмкін емес, ол із мәңгі-бақи жағаласа жарысып отарады» [2. 27] . Шығарманың басты түйіні осыған саяды. Адамдар ортасынан, олардың айтыс-тартыстарынан қашып жүрген Ақтан ақыры сол күреске бет бұрып, жаманшылықпен алысуға шығады. Қанды қуып келе жатқан сәтті оның өміріндегі, ой-өрісіндегі бетбұрыс, адамдық белсенділікке ойысу. Зұлымдықтан Ақтан қанша қашқанымен бәрібір оны қуып жетті. Жамандықтан қашып құтылуға болмайды екен, онымен тек күресу керек, күресуіп жеңу керек. Ал адам өз ортасында, өз тобында ғана ер, білік, асқақ.
О. Бөкеев өз шығармашылығы жөнінде айта келіп: «Жер бетіндегі милиондаған адамдар қаншалықты бір-біріне ұқсамайтын, әйтеуір бір ерекшелігімен дараланса, олардың мінез-құлқы, жан-қалтарыстары да соншалықты өзгеше, ешқандай ілім-білімнің қолынан келмейтін жұмбақты дер едім. Пенденің не ойлап тұрғанын, жан сарайында ненің жанып жатқанын күні бұрін білер амал-айла, құрал-сайман ойлап табылған жоқ. Сол секілді табиғат иеміздің де толайым құпия-сырларын толық аша алдық па? Міне, мен жазған дүниелердің тылсымдығы әрі кейіпкерлерімнің қиялшылда арманшыл болып келері сондықтан. Бәлкім, бұл өмірде болған емес. Болуы мүмкін оқиғалардың әсіресе ынтықтарынан шығар-ау. Өз замандастырымның толыққанды бейнесін өзімді қойып мұқыфм йқазақ әдебиеті жасап біткен жоқ, ұмтылыстар мен ізденістердің соңында жүр» - деген еді.
Жазушының осындай әлем жұмбақтың, адам жұмбақтың тереңіне үңілген ізденісін танытатын шығармаларының бірі - «Қар қызы» повесі. Бұл повестің алғашқы нұсқасы 1978 жылы жарық көріп еді. 1984 жылы шыққан «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енгізерде мүлде қайтып жазып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосылған авторлық тұғырнама анықтала түскен. Шығарманың арқауы Қар қызы туралы аңыз әңгімемен, аңыз елеспен өріліп отырады. Қар қызы адамдар тарапынан /Қоңқайдан/ зорлық көріп, өкпелеп қарға айналып кеткен жабайы бейнеде алынады.
- Қар қызын көрсеңдер сәлем айтыңдар, үш жыл кенеземізді кептіріп, қаңсытқаны да жетер. Бір шалға өкпелейсін деп, мұқым еоді қырым алмасын, - деген Упрайдың сөзінен ел ішінде осындай аңыз тарағанын аңғарамыз.
Қар қызы осы шығарма кейіпкері Нұржанның ғана түсіне еніп, сыңсыта салған әнін тек Нұржан ғана ести алады. Бұлар ауылдан шығатын күні түнде Нұржанның түсіне еніп: «Нұр-ж-а-н . . . сен кет бұл ауылдан, мүлдем кет . . . бұл жерде адамдар көбейіп барады . . . Саған еркіндік жоқ . . . Еркін өмір жоқ . . . Кеңістікке кет . . . ер соңымнан» [3. 244б] -деп қыздың сыбырлағанын естігендей болады. Бұдан кейін үш құрбы ажал қармағына ілінгенде Нұржанның түсіне кіріп, тұр-тұрлап оятып алады. «Ол Қар қызы есем, Нұржанның тамырында аласұрып, аязбен айқасқан, үсікке бой бермей, жанталасқан қып-қызыл қаны, тулап соққан жүрегі еді» -дейді автор.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz