Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті


Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романы
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жазушының өмір жолы . . . 8
2. Жазушы шығармашылығы және «соғыс және адам»,
«соғыс пен бейбітшілік» ұғымдары . . . 22
3. «Шырағың сөнбесін» романындағы рухани - адамгершілік мұраттардың көркем көрінісі . . . 34
Қорытынды . . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54
Т. Ахтанов шығармашылығы жайлы жазылған мақалалар библиографиясы . . . 57
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адамгершілік, ар-ождан мәселесі - адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде барша адамзат өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген үшінші мыңжылдыққа қадам басар кезеңде де рухани асыл мұрат - адамгершілік, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қала бермек.
Бүгінгі таңда барша ізгі ниетті адамды елеңдетіп отырған үлкен көкейкесті мәселе - ғасырлар бойы тірнектеп құраған адам баласының рухани байлығының құнсыздана бастауы.
ХХ ғасырда адамзат екі бірдей дүниежүзілік соғысты бастан кешті. Адам ойының «жетістігінен» қаншама ядролық зардаптарға тап болды. Ғарышты бағындыру мен ғылыми-техникалық шарықтаулар әсерінен табиғат зардап шегуде (жер сілкіністері, су тасқындары, өзен, көлдер, теңіздердің тартылуы, мұхиттардың ластануы, дүниежүзіндегі ормандардың көлемінің азаюы, бағалы аңдар санының күн санап кемуі) . Сонымен қатар мыңдаған жылдар бойы ұрпақтар санасының елегінен өтіп, жинақталған рухани игіліктердің арзандауына, ең бастысы адамгершілік асыл қасиеттердің төмендеуіне, тіршіліктің алтын қазығы іспеттес махаббат сезімінің әлсіреуіне жол беруде. Мәселен, өркениет биігіне көтерілген Батыс Европа, Италия, Америка елдерінде рухани құлдырау өріс алуда. Бұл жағдай енді ғана қаз басып келе жатқан біздің мемлекетіміздің жастары арасында да көрініс беруде. Еш мән-мағынасы жоқ, тек қана дыбысқа құрылған музыка, кісіні қорлау, зорлау турасында жазылған детектив кітаптар, ату, асу, небір адам жаны түршігерлік оқиғалар туралы түсірілген кинофильмдер адамдар санасына кері әсерін тигізуде. Адамды рухани мәңгүрттікке жетелеуде.
Нашақорлық, қанішерлік, жезөкшелік сияқты адамға жат қасиеттерден жас ұрпақты сақтандыру бүгінде парасат иелерін алаңдатып отырған өзекті де өткір проблема. Қайткенде жастарды рухани құлдыраудан сақтап қаламыз? Дүниежүзілік дертке айналған саддизмді ұрпақ санасынан қалайша өшіреміз? Жер бетінде ізгі ниетті тіршілікті қайткенде сақтап қаламыз? деген сауалдар төңірегінде әлемдік деңгейде, яғни ЮНЕСКО, БҰҰ-ның шеңберінде семинарлар, конференциялар өтуде.
Саддизм дерті ояна бастаған, адам бойынан өшпенділік пен қаталдық жиі көрініс беріп, мейірімділік пен қайырымдылық күн санап өз жағалауынан алыстаған қазіргі заманда жастардың жанына парасат дәнін себетін, қайырымдылық пен адалдыққа, жан тазалығы мен ізгілікке баулитын, рухани құндылықтар биігінде тәрбиелейтін көркем әдебиеттің, оның ішінде классикалық әдебиеттің орны ерекше.
Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, адам баласының материалдық жағдайының жақсаруы адамдар санасын өзгертудің субъективтік факторлары ғана. Адамның ар тазалығы, рухани байлығын, ішкі жан-дүниесінің сұлулығын, сезімінің мөлдірлігін қалыптастырудағы әдебиеттің қызметін ешқандай да сыртқы күштер ауыстыра алмайды, Әдебиетіміздің ең жауапты да, абыройлы миссиясы да осында жатыр. Бұл жөнінде орыс ғалымы Ф. Ф. Кузнецов: «Шын мәніндегі әрбір әдебиет үшін, егер ол әдебиет, яғни адамтану болса, онда адамгершілік ізденістердің болуы міндетті» /1/, - деп жазады.
Кемелденген әдебиетіміздің ұлы көкжиегі саналатын кемеңгер жазушы М. О. Әуезов кезінде: «Әдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, әр шақта, әр дәуірде адамды оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына апара түсіп суреттеуі керек болатындығын» /2/ жете түсіндірген еді. Себебі: «Көркем туынды, ең алдымен адамды ойлауға, толғануға үйретіп, оның рухын арттырып, әсемдікке қарай талпынтуға міндетті» /3/. Бұл қолына қалам алған жазушының шығармашылық міндеті екені сөзсіз. Осы ойымызды орыстың ұлы жазушысы М. Шолоховтың: «Жазушы шығармашылығы дегеніміз ол ең алдымен, мораль, адамгершілік, гуманизм ісі емес пе?!» /4/ деген сөздері нақтылай түседі.
Олай болатын болса, әлемдік өркениетке жетуге күн-түн демей мігірсіз тырбанып жатқан Қазақстан халқын біртұтас патриотизм мен интернационализм рухында баулудағы, өзімшілдік пен қара бастың қамын ойлауға (эгоизм), тоғышарлық пен мансапқорлыққа, жексұрындық пен сұрқиялылыққа қарсы тәрбиелеудегі қазақ әдебиетінің орны айрықша.
Осы орайда әдебиеттің мәңгілік ізденісі адамгершілік, гуманизм мәселелерін, моральдық проблемаларды бүкіл прозалық шығармаларына өзек еткен халық жазушысы Тахауи Ахтанов прозасын зерттеу бүгінгі таңдағы қазақ әдебиеттану ғылымы үшін өзекті.
«Күй аңызы», «Алыстан жеткен сарын», «Көкқұтан», «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Ол солай еді», «Жоғалған дос, «Тауап» атты әңгімелері мен «Үндістан хикаясы», «Шынтас», «Махаббат мұңы» повестері, «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» романдары адамның адамды көбірек, дәлірек түсінуіне көмектеседі және адам баласының өзі ұғынып, түсініп болмаған бойындағы түрлі жағымсыз қасиеттердің түп себебінің неден өрбитінін мейлінше нәзік, батыл жеткізе алуымен құнды. Бұл тұста «Шындықты қызарта да, бозарта да боямай, ақиқат қалпының бар заңдылықтарымен көрсету, өмір ағысының, адамдар қатынастарының мазмұнына зерттей үңіліп, әр әрекет пен құбылыстың себебін терең ашу адамгершілік мәселесі мен қоғамдық әлеуметтік проблеманы ұштастыра, жымдастыра өру - Тахауи Ахтанов прозасының басты ерекшелігі» /5/, - деген ғалым Н. Ғабдуллин пікірі өте орынды.
Олай болса, адамгершілік арды серік еткен жазушы шығармаларының мәні мен мағынасына тереңдей ену арқылы жүйелі зерттеу және Т. Ахтанов туған әдебиет тарихынан алар орнын саралау біздің басты парызымыз.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақ көркем прозасының дамуына елеулі үлес боп қосылған Т. Ахтанов шығармаларының көркемдік қасиеті, қаламгер шеберлігі, тіл айшығы жайында байыпты толғамдарды М. Базарбаев, Р. Бердібаев, А. Нұрқатов, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, З. Қабдолов, Ә. Кекілбаев, Р. Нұрғалиев, Х. Есенжанов, Т. Тоқбергенов, Т. Сыдықов, С. Шаймерденов /6/ еңбектерінен кездестіреміз.
Т. Ахтанов шығармашылығы туралы баспасөз бетінде көптеген әдеби-сын мақалалар жарық көрді. Ол мақалаларда қаламгер шығармаларының біраз қырлары сөз болған. Солардың ішінен Ш. Елеукеновтің, М. Атымовтың, Ә. Нарымбетовтің, Қ. Құттыбаевтың, С. Әшімбаевтың, Б. Тоғысбаевтың, Қ. Қуандықовтың, Н. Оразалиннің, Ш. Нұрпейісованың мақалаларын /7/ атап өткен орынды.
Т. Ахтанов шығармашылығы туралы Е. Лизунова, З. Кедрина, Б. Панкина, П. Косенко, Е. Дьячков, Б. Энтин, О. Мозголина, Н. Ровенский, Д. Николич, А. Зырин т. б. Орыс сыншы-ғалымдардың сыни мақалалары мен еңбектерінде сөз болады /8/.
Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы туған -туысқандары мен дос-жарандарының естеліктері, 50, 60, 70 жылдық мерейтойларына байланысты замандас жазушылардың, қаламдас інілерінің Қ. Мұхамеджанов, С. Сейітов, Х. Бөкеева, Т. Әлімқұлов, Т. Медетбеков, Ш. Мұртазаев; Е. Домбаев, Б. Мұқай, Г. Бельгер, Б. Қорқытов, М. Мәжитов, С. Жұмабеков, Д. Исабеков, Т. Нұрмағамбетов, Г. Ахтанова, Ә. Сарай мақалалары қаламгер шығармашылығы жайында ой қорытуға біраз материал бар екенін аңғартады /9/.
Т. Ахтановтың прозасындағы рухани-адамгершілік ізденістер жүйелі түрде күрделі зерттеу жұмыстарына нысан болмаса да, қаламгер творчествосына арналған жекелеген әдеби-сыни мақалаларда сөз болып жүрген ғылыми мәселе. Біз зерттеу еңбегімізде сол мақалалардың мақсатымызға қажетін саралап, ғылыми талдауымызға арқау еттік.
Адамгершілік проблемасы - әдебиеттану ғылымында өте жиі сөз болған, бұл күнде жан-жақты дамыған өте күрделі, теориялық мәні мол мәселе. Сондықтан да ғалымдарымыздың назарын үнемі аударып келеді. Замандас бейнесі мен оның рухани әлемінің көркем әдебиеттегі көрінісіне Н. Ғабдуллин /10/, Ш. Елеукенов /11/, Ж. Исмагулов /12/, Т. Кәкішев /13/, Қ. Тұрсынов /14/, Б. Майтанов /15/, А. Нағметов /16/, Ә. Нарымбетов /17/, Ф. Оразаев /18/, С. Байжанов /19/ т. б. ғалымдар ғылыми монографиялар арнады.
Әдебиеттің алтын діңгегі ретінде уақыт озған, заман өзгерген сайын жаңа көркемдік тәсілдермен шешімін тауып келе жатқан адамгершілік, мораль мәселелері әдебиеттану ғылымында да өзгеше қырынан жаңаша дамуда. Өйткені адам жаны диалектикасының әдебиеттегі сыр-сипатын әлі де жан-жақты қарап, көңіл бөлетін жайттар көптеп саналады. Қазіргі таңда бұл мәселе жекелеген суреткерлер шығармасын зерттеу барысында қарастырылуда. Сонымен қатар қазіргі қазақ повесіндегі замандас образын, олардың заманға сай моральдық келбетін, мінезіндегі адамгершілік сапаның көрінісін бейнелеудегі жазушы шеберлігін сөз еткен Т. Бекниязовтың /20/, 70-80 жылдардағы қазақ прозасындағы талантты буынның, яғни Ә. Кекілбаев, О. Бөкей, Д. Исабеков, Ә, Тарази сынды жазушылар шығармаларындағы адамгершілік ізденістер мен моральдық-этикалық мәселелерді қозғаған Ж. Жарылғаповтың /21/ еңбектерін айта кеткеніміз жөн.
Ал біз дипломдық еңбегімізде Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы кейіпкерлерінің бойындағы заман рухына лайық болмыс, бітім, адамгершілік сапаларын тани білуге, оны бейнелеуде тың идеялық-көркемдік ерекшеліктері мен стильдік ізденісін айқындай түсуге ұмтыламыз.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
Жазушы Т. Ахтанов романдарындағы рухани-адамгершілік ізденістерді зерттей отырып, оның қазақ әдебиетінің дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік шығармашылық даралығын айқындау.
-романның идеялық - тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік - өнегелік мәнін ашу;
-романды жан-жақты талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау;
-романындағы «қоғам және адам» проблемасы мен «соғыс және адам», «соғыс пен бейбітшілік» ұғымдары хақындағы жалпы адамзаттық көкейтесті мәселелердің көркем шешіміне назар аудару;
-образ жасаудағы бейнелеу құралдарының қолданылу принциптерін зерттеу;
-кейіпкер таңдау, оны жан-дүниесінің, адамгершілік ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;
-әлемдік әдебиет пен қазақ прозасының көрнекті өкілдерінің туындыларымен Т. Ахтанов романдарын салыстыра-салыстыра зерттеп, қаламгер шығармашылығындағы рухани-адамгершілік мұраттардың көркем көрінісі мен қоғам, соғыс шындығын ашудағы қарымды ізденістерін пайымдау.
Зерттеу нысаны (объектісі) ретінде Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» (1982) романы алынды.
Диплом жұмысының теориялық, методологиялық негіздері.
Зерттеу барысында А. Байтұрсынов, М. Әуезов, З. Ахметов, З. Қабдолов, А. Нұрқатов, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, Н. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Нұрғалиев, М. Қаратаев, М. Атымов, Ш. Елеукенов, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, З. Бисенғали, Т. Есембеков және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды /22/.
Зерттеу әдісі. Т. Ахтанов шығармашылығының қазақ көркем әдебиетіндегі көркемдік қуатын, қазақ әдебиетінде алар орнын, қаламгер шеберлігін, жалпы романдарындағы адамгершілік проблемесын зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы - салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Кіріспеден, «Жазушының өмір жолы», «Жазушы шығармашылығы және «соғыс және адам»,
«соғыс пен бейбітшілік» ұғымдары», «Шырағың сөнбесін» романындағы рухани - адамгершілік мұраттардың көркем көрінісі» атты тараулардан және қорытындыдан тұрады.
Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Жазушының өмір жолы
«Тахауи Ахтанов - қазақ әдебиетінің, ұлттық сөз өнерінің кесек тұлғаларының, ерекше жаратылысының бірі әрі бірегейі. Көркемдік кеңістікте өз мәнерімен дара шапқан жасампаз жүйрік. Оның қаламынан туған көркем туындылар, сын мақалалар, ой-толғаныстар, эстетикалық соны, іргелі көзқарастары уақыт алға озған сайын жаңғырып, жаңашыл сипат алып отыр». (Қ. Сәрсенбай «Ег. Қаз. » 1992 ж. №3) . Ол, шын мәнінде, нағыз халық жазушысы, өзінің кемел шығармашылық болмысымен нағыз арлы да шоң суреткер. Ол қалың қазақ оқырмандарының бірнеше буыны үшін ерекше қастерлі есім болып келеді, әлі күнге дейін оның сирек кездесетін, сирек бұйыратын талантына сүйсінбейтін адам жоқ. Бұған аса көрнекті суреткер шығармаларының жаратылысы мен сымбаты мейлінше бөлек, ұлттың ой-сезімі, рух-санасы мейлінше шынайы, мейлінше кесек болмысы, яғни, бір сөзбен түйгенде, жазушы таланты кәміл сендіреді. Өйткені, кез келген айтулы да ірі дарындар туралы сөз қозғалғанда әрбір адам ең әуелі оның өнерпаздық тұлғасына, шығармашылық қуатына ерекше назар аударатыны өзінен-өзі түсінікті жәйттер. Оның үстіне кез келген адам қалыптасқан диалектика үрдісі бойынша өзі жазғалы отырған қаламгердің таланты нені көрсетеді? Соның құдіреті мен сиқыры неде? Суреткер есімі несімен қастерлі?- деген заңды сауалдарды өзінен-өзі көлденең тартып және соған іле-шала лайықты жауаптарды қарастырып, іздестіріп табуға тырысады. Әрине, мұның бәрін әркім өзінше шешуге, өзінше шешкен, тапқан сәттердегі ерекше сүйсінулерін өзгелерге жеткізуге, өзгелерді иландыруға, ортақтастыруға ұмтылатыны сөзсіз. Енді осыған келейік.
Біріншіден, Тахауи Ахтановтың қаламгерлік сапарының сәтті басталғанын жазушы жайлы айтылған, жазылған еңбектерден айқын көруге болады. Жастықтың бозым жылдарында жас талант қып-қызыл өрттің ішінде жүріп қып-қызыл қан кешкен жігіт тым ерте есейді. Бұл - автор үшін де, әдебиет үшін де ерекше олжаға айналғанын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Жастық желектің желбуаз жырларын кейін жырып, ерте есейгендікті мойындатқан соғыс қасіреті мен зар-запыраны Тахауи Ахтановты өмірді, өнерді, әдебиетті, асыл мен жасықты, биік пен пәсті, салиқалы ой мен салдырлаған серке сөздерді салыстыруға, бағалауға, сын көзбен қарауға мәжбүр етті. Оның 1950 жылғы сын мақалалары осының айғағы. Оның Әуезов, Майлин, Мүсірепов, Мұстафин, Мұқанов, Нұрпейісов, Шәймерденов, Қабдолов шығармашылығы жөніндегі ой-пікірлері алымдылығымен-шалымдылығымен, дәлел-дәйектерімен атын бірден аспандатып жіберді.
Екіншіден, Т. Ахтановтың қаламгерлік салымы да сәтті басталған. Сол салымның кенен болуын қамтамасыз еткен де бір өзі. Түйсіктің түсінікке, түсініктің іс-әрекетке, іс-әрекеттің ізденіске, ізденістің парасатқа көтерілуінде тынымсыз еңбек, талмас қажыр, тайынбас тегеурін жатқаны белгілі. Сол себепті ол М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов сияқты алыптармен үзеңгілесе жүріп, солардың шұғыла шашқан дәстүрлерінен тікелей тәлім-тәрбие алуы арқасында суреткерлік соны соқпағын да тез тапқан.
Үшіншіден, кешегі соғыстан кейінгі 1950 жылдардан күні бүгінге дейін қазақ әдебиетінің өсу, қалыптасу, ілгерілеу, өркендеу, өрлеу кезеңдерінің айтулы-айтулы тұстарын суреткер Т. Ахтановтың әркездегі әралуан, сыбағалы туындыларынсыз көзге елестету мүмкін емес. Бұған оның «Қаһарлы күндер», «Боран», «Сәуле», «Ант», «Шырағың сөнбесін» атты туындыларын айтсақ та жетеді. Ал мұның өзі әлдеқашан әдеби-тарихи аксиомаға, көркем ой тарихымызға, айналып кеткені ақиқат. Өйткені, жоғарыда аты аталған туындылардың қай-қайсысы болмасын әлдеқашан уақыт сынынан өткен, оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленген, мейлінше кеңінен танылған дүниелер. Жазушы талантын танытатын бір құбылыс осы.
Төртіншіден, Т. Ахтанов ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті суреткерлерінің бірінен саналады. Сондықтан шығар оның көркемдік әлемі - өзінше бір сырлы, өзінше бір мағыналы, өзінше бір қыртысты-қатпарлы дара құрылық. Әдебиетіміздегі осынау дара әлемнің көркемдік болмысын тек Т. Ахтанов қаламына ғана тән сирек таланты ғана айқындап береді.
Бесіншіден, Т. Ахтанов өз талантына мейлінше қатал болған сирек суреткерлер санатына жатады. Содан болса керек, жазушы шығармаларының бір ерекшелігімен барша болмысын, ал барша ерекшелігін бір ғана болмысымен жоталы да сүйікті қалпында көрсетуге болады. Иә, шынымен де тек өз талантына қатал қараған суреткерлердің ғана қолынан шынайы көркем шығарма дүниеге келері сөзсіз. Өйткені, Т. Ахтановтың өз сөзімен айтсақ: «Шеберлік деген жол-жөнекей келетін нәрсе. Тек әдебиетке деген қасиетті жүрек дірілін, қалтқысыз ақтық сезімін жоғалтып алмаңдар. Талант та ар сияқты, жеңілдік жасауды көтермейді. Сондықтан өз таланттарына қатал болыңдар дегім келеді», - болып шығар еді.
Т. Ахтанов бір кездегі кеңес әдебиеті деп аталатын сан ұлтты ұлы әдебиеттің биік-биік бел-белестерінің ұзақ тізбегіндегі ірі тұлғалардың бірі болып танылған. Әркез әдептен жазбайтын Әбіш Кекілбаев: «Т. Ахтанов - жиырмасыншы ғасыр әдебиетінің кезеңді биігі», - депті. Әрине, шын айтылған пікірге құлдық ұру керек.
Әдебиет тарихында төгіп көп жазатын да, саралап аз жазатын да жазушылар болған, қазір де бар. Қаншама көп қырлы бола тұра Тахауи төгіп көп жазатын жазушы емес, саралап аз жазатын жазушы. Бұл әрине жазушы ерекшелігіне жатады.
«Жалын» журналының 1993 жылғы 9-10 сандарындағы материалда жазушының туған жылы туралы мынандай мәлімет беріледі. Деректің каламгердің көзі тірісінде жарияланғанын ескерсек, оған күмән келтіруге де болмас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz