Құқықтық нормалардың рөлі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Құқықтық нормалардың түсінігі және белгілері . . . 4

1. 2 Құқық нормаларының құрылымы мен түрлері . . . 7

2 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДІҢ ЗАҢДЫҚ НЕГІЗІ . . . 13

2. 1 Құқық нормаларын қолдану актілері және құқықтық нормаларына түсіндірме берудің түсінігі мен түрлері . . . 13

2. 2 Құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңызы

және құқық нормалары мен мораль нормаларының арақатынасы . . . 18

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

КІРІСПЕ

Біздің қоғамымызда құқықтық нормалардың рөлі қазіргі кезде айрықша деп айтуға болады. Себебі, бұл күнде құқықтық нормалар қоғамдық қатыьастарды реттеудің ең тиімді де әділ жолдарының бірі болып табылады. Жалпы құқықтық нормалар адамзат қоғамы үшін айрықша орны мен мәні бap, ең бір жарқын құбылыс деп айтуға болады.

Негізінен теориялық тұрғыдан алғанда, құқықтың ұғымы мен мәні туралы және құқықтық нормалар туралы ғылыми зерттеулер аз болған жоқ соған қарамастан бұл тақырып бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ деп айтқан болар едім. Сол себептен де, меніңше құқықтық нормалардың ұғымы мен мәні туралы тағы бір теориялық талдау жасап кетудің ешбір артықшылығы бола қоймас деп білемін.

Жалпы құқықтық нормалардың түсінігінде, мазмұнында әліде болса сан түрлі сыр мен қыр бар деуге болады. Қазіргі кезде құқықтық нормалар қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны сан қырлы бағытта даму үстінде. Ғалымдар құқықтық нормаларды зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап, әр түрлі қорытынды тұжырым жасауда. Жалпы құқықтық нормалардың даму тарихы сонау Ежелгі Рим заманынан бастау алады.

Қазіргі кезде құқықтық нормаларсыз қоғамды немесе мемлекетті көз алдымызға елестету мүлдем мүмкін емес, себебі осы күнгі өркениетті қоғам үшін құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеудің бірден бір басты құралына айналған деп айтқан болар едім.

Мен өзімнің осы курстық жұмысымда құқықтық нормалардың ұғымына жете тоқталып өтіп, оның мәнін теориялық тұрғыдан жан-жақты толығырақ қарастырып өтуді өзіме басты мақсат етіп, белгілеп отырмын.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Сондықтан, құқықтық нормалар елдегі құқықтық қатынастарды реттейтін негіз болып табылғандықтан, олардың мазмұнын айқындап, түрлерін анықтау өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: бұл жұмыстың негізгі мақсаты құқықтық нормаларды түсіндіру, іске асыру, нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру және құқық нормаларының пайда болуында билік органдарының алатын орнын көрсету.

Осы қойылған мақсаттарға орай келесі міндеттерді басшылыққа аламын:

  • құқықтық нормаларға түсінік беру, олардың мәртебесін анықтау;
  • құқық және әлеуметтік нормалар жүйесі ұғымының мазмұнын

айқындау;

  • әлеуметтік нормалар түрлерінің айырмашылығын анықтау;
  • құқық нысанындағы қайнар көздерінің ұғымын ашу.

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны: жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАЗМҰНЫ

1. 1 Құқықтық нормалардың түсінігі және белгілері

Құқық жалпы ұғым болып табылса, құқықтық нормалар құқықты калыптастыратын, дара үғымдарының көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтың формалық болмысы, өмір сүруінің тыныс-тіршілігі, объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар аркылы өмір сүреді, қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың бөлінбейтін бөлшегі болып табылады.

Норма сөзі латын тілінен аударғанда «үлгі», «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау, бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтары, әрекеттері туралы ақпарат бекітіледі. Субъект өмірдегі сан алуан жағдайларға оның сол сәттегі әрекеттері құқық нормаларымен реттеледі немесе қорғалады. Мысалы, субъект үйін сату үшін нотариустың қатысуымен сату туралы келісімшарт жасауы тиіс, некеге тұру үшін кәмелеттік жасқа толу керек т. б. әрекеттер.

Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей колданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жаска толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.
  2. Құқық нормаларында халықтың, таптардың, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құкықтық нормаларында бекітілуі көп болған. 3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен камтамасыз етіледі. Сот, прокуратура полиция және басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.

Құқықтық норма дегеніміз - мемлекет бекіткен, бәріне бірдей, формаларды - айқын және орынды, сақталуы, қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін мінез құлықтың үлгісі . Құқықтық нормалар жеке тұлғалар мен занды тұлғалардын нақтылы мағынадағы Құқықтық жағдайларын, мінез-құқықтарын бекітеді. Құқықтық қатынасқа түскен субъектілер құқық нормаларындағы ереже, үлгі талаптарына сай ғана әрекеттер істеулері тиіс. Формула жүзінде:

«Мен солай істеуім керек, құқық нормасы менен соны талап етеді» деген талап іс жүзіне асырылуы тиіс. Осыған байланысты Құқықтық нормаларының мазмұны мынандай ерекшеліктермен айшықталады:

  1. Құқықтық нормаларда қайсы бір болмасын заманның, тарихи жағдайлардың тілек-талаптары мен қажеттілігі бекітіледі. Мысалы, Қазан төңкерісінен кейін Кеңес өкіметі қабылдаған құқық нормалар өтпелі дәуірдің барлық талаптарын бекітті (жерді тартып алу, завод, фабрикаларды тәркілеу, байларды сайлау құқықтарынан айыру, қалыңмалды, әмеңгерлікті, көп әйел алушылықты жою) .
  2. Субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтылы, айқын мағынада бекітіледі. Жеке және занды тұлғалар тек талаптар негізінде құқықтары мен міндеттерін атқара алады. Құқықтық норма үлгісінен тыс әрекеттер заңсыз деп танылады.
  3. Құқықтық нормалардың мазмұны, түсініктілігі және санаға ұғымдылығы оны жазған, қабылдаған органдардың сауаттылығына тікелей байланысты болды. Шашыраңқы, түсініксіз, кайталауы басым, дұрыс дәрежеде аударылмаған Құқықтық нормаларды колдануда көптеген киындықтар туындайды. Құқықтық нормалар математикалык формулалар сияқты нақтылық айқын және кысқа болулары шарт. Көпсөзділік, мағынасы түсініксіз нормалар бұрмалауға жол ашады, заңсыздыққа әкеп соқтырады.
  4. Белгілі күштер, партиялар, топтар және таптар лоббизм тетіктерін пайдалану аркылы өз мүдделерін құқық нормаларында бекітеді.
  5. Әр кезде тиімді Құқықтық нормалар қоғамдық катынастарды реттеуде қоғамды прогреске жетелейді, шиеленістердің болуын тежейді. Керісінше, тиімсіз нормалар өмірдің дамуын тежеп, керітартпалық рөл атқарады. Құқық жасаушылықтың мақсаты заң ғылымының жетістіктерін пайдалану арқылы тиімді құқық нормаларын кабылдау болып табылады. Құқық нормаларының мазмұнын аталмыш ерекшеліктерді біртұтастық мағынада танып, зерттегенде ғана оның барлық сипаты мен тиімділігіне баға беруге болады [1, 122] .

Құкықтық норма занда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін. Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі - ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып санадады. Үлгі - оң және теріс мінез- құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтықсыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Құқықтық норманың жалпыға бірдей сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол реттейтін қоғамдық қатынастарға барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы кажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.

Заң нормалары қоғамдық қатынастарды реттеу, жолға салу және қорғау үшін жасалады. Реттеудің өзі түрлі әдістермен жүзеге асырылады. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ жеткілікті. Мысалы, кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін сондай әрекетке қабілеті бар адамдарға ерік, еркіндік, мүмкіндік берсе, олардың заңи әрекеттерін корғаса, соның өзі жеткілікті. Сондай қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс-әрекеттерден қорғау, керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіріледі. Ал қайсыбір жағдайда коғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті - қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Заң нормаларын көтермелеу мақсатын да көздейді. Мысалы, қоғам үшін адал кызмет еткендерге кұрметті атақтар береді.

Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін Қазақстан Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген. Републикада қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады. Республика қызметінің түбегейлі принциптері - делінген Конституцияда, ол - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, онын ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

Құқықтық нормалардың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:

1. Құқықтық нормалар бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқық нормаларының мәтінінде көрсетілген информация ситуацияға түскен субъектілердің әрекеттерін реттейді, шешімін бекітеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды деген ережені бекіткен. Яғни, бұл норма 14 жасқа толмағандардың бәріне бірдей болып табылады.

2. Құқық нормаларында халықтың, таптардын, топтардың, тіпті жеке адамның еркі де бекітіледі. Адамзат тарихында жеке адамның еріктерінің құқықтық нормаларында бекітілуі көп болған [2, 131] .

3. Құқықтық нормалар қажет болған жағдайларда мемлекеттік күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура, полиция жене басқа да мемлекеттік органдар құқық нормаларын бұрмалаған, немесе орындамаған субъектілерге күш қолданады, жауапқа тартады.

Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық-әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарында реттеп, басқарып отырады.

1. 2 Құқық нормаларының құрылымы мен түрлері

Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Брақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.

Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету. Құқықтық нормалардың құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1. Диспозиция (мінез-құлық)

2. Гипотеза (шарт, жағдай)

3. Санкция (жаза)

Диспозиция деп құқық нормасы бекіткен субъектілердің мінез-құлық ережелерін айтады.

Диспозиция құқыктық әдебиетте негізінде екі түрге бөлінеді: баяндау тәсілі бойьнша және құрылымы бойынша. Баяндау тәсілі бойынша диспозициялар жай, суреттемелік, сілтеме, бланкеттік болып бөлінеді.

Жай диспозицияда бір жағдай болғанда құқықтық норманың жай диспозициясы бір ғана, нақтылы зардаптардың болуын бекітеді. Мысалы Қазақстан Республикасының, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 27-бабы уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған жағдайда басқа тұрғын үй-жай берілместен шығарылатынын жай диспозиция мағынасымен бекіткен.

Суреттемелік диспозиция - субъектілердің мінез-құлықтарыньң негізгі нышандарын ерекшелеу сипатымен айқынды бастапқылықпен баяндайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы (нормасы) ұрлықты «бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деген суреттемесін диспозициямен сипаттау арқылы ұрлықтың мәнін көрсеткен. Азаматтардың мүліктері жасырын түрде ұрланса, ол ұрлық болып саналады. Немесе, 179-бап қарақшылықты «бөтен мүлікті ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау» деген суреттемелік диспозициямен берген [3, 306] .

Сілтемелік диспозиция - нормативтік кесімнің басқа баптарына немесе нақтылы норманың баяндалған тармақтарына сілтеу жасайды. Негізінде құқық теориясында мүндай тәсіл көпсөзділікті шектеу және қайталауды тежеу мақсатында пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыс-тық іс жүргізу кодексінің 227-бабында сілтемелік диспозиция мына мағынада берілген: «Тексеру, куәландыру, эксгумация жүргізу туралы тергеуші осы Кодекстің 203-бабының талаптарын сақтай отырып хаттама жасайды». Қылмыстық кодекстің көптеген нормалары сілтемелік диспозициядан қалыптасқан. «Нақ сол әрекеттер» деген сөзбен баптың алдыңғы тармақтарына сілтеме жасалынған.

Бланкттік диспозиция - құқық нормасы өзінің диспозициясында субъектілердің мінез-құлықтарын жалпылама бекітіп, басқа нормативтік-құқықтық кесімдерге сілтеме жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 8-тармағы «Республиканың заң және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, күшіне енгізу және жариялау тәртібі арнаулы заңмен Парламент пен оның Палаталарының регламенттерімен реттеледі» деп басқа заңға бланкеттік диспозиция арқылы сілтеме беріп тұр.

Құрылымы бойынша диспозия жай, күрделі және балама (альтернативтік) болып қаралады.

Жай диспозицияда мінез-құлық нақтылы мағынада, оның арнайы ерекшеліктері мен мазмұндық мағыналары айқындалып көрсетілмейді. Мысалы, «Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңының 24-бабының 2-тармағында «Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп табылуы мүмкін» [4, 164] .

Күрделі диспозицияда - субъектілердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, мазмұндық мағыналарын толық және жан-жақты дәрежеде ашып керсетіледі. Мысалы, Казақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 129-бабында: «Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату» деген мағынамен жала жабудың барлық нышандары мен сипатын күрделі диспозициямен айқындап тұр.

Альтернативтік диспозицияда - құқық субъектісі құқықтық қатынастарға түскен жағдайда мінез-құлықты өз тарапынан таңдап алуға мүмкіндігі болады. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 15-нормасы «жер учаскелерінің мемлекеттік қажеттері үшін алынуына (сатып алуына) байланысты тұрғын үй беріледі немесе тұрғын үйдің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төленеді». Бұл норма құқық субъектісіне таңдап алу құқын беріп тұр.

Құқық беретін диспозицияда субъектілерге құқық нормалары шеңберінде арнайы бір әрекеттерді іс жүзіне асыруға, әрекет жасауға құқық береді. Мысалы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18-бабында: «Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге де хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар» деген құқық беретін диспозицияны бекіткен.

Гипотеза - өмірде болатын нақтылы жағдайларда құқықтық норманың қолданылуы. Негізінде «Егер» деген мағынамен камтылады. Гипотеза құрамдық мағынасына байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

Жай (жұпыны) гипотеза - бір ғана жағдай болғанда құқықтық норманың диспозициясы іс жүзіне асырылады, немесе қолданылады.

Күрделі гипотеза- екі немесе бірнеше жағдайлар арқылы диспозиция қолданылады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» заңының 3 мынандай күрделі гипотезаны бекітеді: «Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарыньң депутаттарын жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізеді». Бапта көрсетілгендей сайлаудың өтуі үшін бірнеше жағдайлар, шарттар бекітілген.

Дәрежелі кесімділік сипаты бойынша болжамдар абсолюттік кесімді және салыстырмалы кесімді болып бөлінеді

Абсолюттік кесімді гипотеза өзінің мәтінінде құқықтық норманы қолданудың және іс жүзіне асырылуының нақтылы жағдайлары мен шарттарын көрсетеді. Мысалы, «Қазақстан Республикасы неке және отбасы заңының» 11-бабы абсолюттік-кесімді гипотезаға жатады:

«Некеге тұруға;

1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;

2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесінің және немересінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңілілердің (аға-қарындастарының) ;

3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;

4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке кабілетсіз деп танылған адамдардың арасыңда жол берілмейді»

Немесе, Қазақстан Республикасынын Азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабы абсолюттік кесімді нормалар санатына жатады: «сот егер:

1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін занда белгіленген
дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міңдетті тәртібін сақта-
маса және осы тәртіпті колданудың мүмкіндігі жоғалмаса;

2) арызды әрекетке кабілетсіз адам берсе;

3) арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;

4) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;

5) тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірсе;

6) өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап
қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;

7) өзінің катысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

8) өзінің мүддесіне сай іс козғалган адам мәлімделген талап-ты қолдамаса;

9) талап арызды қайтарып алу туралы әтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;

10) корсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар
және ордерлі бағалы кағаздар бойынша құқықты қалпына
келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланғаннан бастап
үш ай мерізім аяқталғанға дейін берілсе, арызды қараусыз қалдырады». Осы көрсетілген шарттардың бірі анықталатын болса
сот арызды қараусыз қалдырады, яғни диспозиция өзінің
құқықтық күшіне енеді.

Салыстырмалы - кесімді гипотеза құқық нормаларын іс жүзіне асыратын субъектілерге арнайы шеңбер көлемінде шарттардың бірнеше мүмкіндіктерін беруді бекітеді. Мысалы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 90-бабы салыстырмалы-келісімді гипотезаға мысал бола алады, « Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелері тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалғау шарты бойынша тұрғындарды кіргізуге не тұрғын үйдің сақтау мерзімінде уақытша тұрғындарды тұрғызуға құқылы » Құқықтық норма жалға алушыға салыстырмалы кесімді гипотеза арқылы екі мүмкіндік шартын бекітіп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі
Құқық нормалары әлеуметтік нормаларының ерекше түрі
Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен ролі
Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
Конституциялық құқықтық нормалардың қызметтері
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау
Құқықтың заңды типологиясы және әлеуметтік нормалар
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Құқықтың негізгі қағидалары
ҚҰҚЫҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТИПОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz