Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері


Кіріспе
Ұлттық спорт түрлерінің қызметі
Қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындардың қоғамдық өзіндік және негізгі қызметі дене дамуы мен денені жетілдірумен ғана шектелмейді, олар адамның әлеуметтік белсенділігі мен еңбекке жарамдылығын қартаю жасына дейін сақтай отырып, оның психикалық және әлеуметтік белсенділігін дамытудың табиғи негізі болып табылады.
Қазіргі кезеңде адамдардың ұлттық спорт түрлері мен ойындарына қатасы олардың кейбір ерекшелеіктерімен сипатталалады. Әлеуметтік зерттеулер бойынша адамдардың спорттың бұл түрлеріне қатысы ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтар мен байлықтар туралы біліммен тығыз байланысты психологиялық және адамгершілік факторлармен айқындалады. Ұлттық дене мәдениеті мен спорттың ең үздік түрлереінің мәні-олардың халықтың әлеуметтік мұң-мұқтажына бағытталғандығында ғана емес, олардың жылдан жылға ұрпаққа түсінікті де қолайлы жаңа жетілген ұлттық пішіндерге ие болуында.
Ұлттық спорт түрлерін көп жылдар бойы республикамыз бен бұрынғы кеңес елінің қажеттілігіне орай классикалық спорт түрлері ығыстырып келеді.
Мемлекеттік саясат бойынша негізгі назар спорттағы жоғары жетістіктерге бөлінеді де, ал спорттың көпшілік және сауықтыру түрлеріне /оның ішінде ұлттық спорт түрлері мен ойындары/ лайықты мән бермей келеді.
Қазіргі заман айрықша жоғары әлеуметтік- мәдени және рухани маңызы бар ұлттық спорт түрлері мен ойындарын дамытуға жаңаша қарауды талап етеді. Яғни, оларға деген көзқарасты да өзгерту қажет. Бірақ қалай, қандай, қандай жолмен? Міне, біз бұл еңбегімізде осыған және басқа да сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Қазақтардың қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен ойындардың жайы мен проблемалары
Дене тәрбиесінің қазіргі жүйесі біртіндеп дене мәдениеті және сауықтыру жұмыстарында, дене дамуында, денені жетілдіру ұлттық спорт түрлері мен ойындарды және халықтың қолданбалы спорттық жаттығулардың бай маұрасын кеңінен қолдануды бір ізге салып келеді.
Қазіргі кезде дене мәдениеті мен спорттың қандай да болмасын пішіндері халықтың шығармашылық әрекеттері негізінде күнделікті тұрмыс - тіршілігіне енуі және олардың қажеттіліктеріне жауп беруі керек. Осы тұрғыдан алғанда, дене тәрбиесі мен спорттық ұлттық пішіндерінің маңызы зор.
Өкінішке орай, тоқырау заманында өтірік мақтау, мадақтауға құмар ресми үгіт - насихат құралдары елімізде ұлттық мәселе түгелдей шешіліп болған деп сайрап жатты. Бүгінгі жариялылық пен демократия заманында орталық істерін ойсыз қайталау, интернационализм идеясының адамгершілік мазмұнын сылып тастау және оны жалаңаш саяси ұранға айналдыру, қоғамдық өмірдің барлық (оның ішінде дене мәдениеті мен спорт) саласындағы ұлтаралық қатынастарда кеткен асыра сілтеушілік соңында әр түрлі келеңсіз құбылыстарға алып келді. Мысалы, жергілікті жерлерде спорттың кейбір трүлерін дамытудың сәнділік қана сипаты болды. Спорт саласындағы басшы мекемелерде дене тәрбиесінің ұлттық пішіндеріне деген тоғышарлық көзқарас сақталды. Ол халқымыздың толып жатқан тамаша спорттық дәстүрлерін жоққа шығаруға дейін әкеп тіреді.
Яғни дене мәдениеті мен спорттағы ұлттық сипатты жоғалтуға болмайды деген қағида ұмтылып, ол іске аспай да қалды. Дей тұрғанмен, әлеуметтік зерттеулерге сүйенер болсақ, халықтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығы жылдан - жылға үдей түскен сияқты. Қазақстан ЖОО - ның студенттері арасында жүргізілген сұрақ-жауап бойынша 800 студенттің тұрғылықты халық өкілдерінің 100 %, басқа халық өкілдерінің 96 % ұлттық ойындарды дамыту керек деген ой айтты. Тек 4 % ғана оларды «заманға сай емес», «ескі үлгідегі», «пайдасы жоқ» (олимпиадалық ойын түрлерімен салыстырғанда) деген сияқты ойындар айтты.
Сөйтіп, сұралған студенттердің басым көпшілігі ұлттық спорт түрлері мен ойындарын ұлт мәдениетін сақтайтын маңызды сала деп есептейді және дене тәрбиесінің ұлттық құндылықтарын салауатты өмір салтымен, бүкіл ұлттық денсаулығымен сәйкестендіреді.
Спорт әрқашанда адамдардың рухани өмірін интернациоландырудың негізгі көзі бола отырып, дене қасиеттерінің жоғарғы деңгейін ғана емес, сонымен бірге ұлтаралық қатынас мәдениетінің жоғары деңгейін де дамытады, яғни спорттық байланыс халықтар мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін және басқа да құндылықтарды сыйлау, бағалау арқылы жасалады. Осы дәлелі ретіндеқазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындарының табиғатын және Қазақстанда тұратын барлық халық өкілдерінің ұлттық ойындар мен дәстүрлі жарыстарға деген көзқарасын атап өтеуге әбден болады.
Сонау төңкеріске дейінгі орыс этнографтары мен кейбір батыс-*еуропалық ғалымдар спорт түрлерінің әр түрі ұлт өкілдерінің арасында байланыс, достық қарым-қатынас орнатудағы айрықша маңызын байқаған еді. Мысалы, А. К. Гейнс көкпар- ат спорты ойынына орыс шабандоздарының да қатынасқан және оларды қазақ жанкүйерлері жылылықпен қарсы алғаын ашық айтады: "Көрініс өте ғажап. Екінші өңгерген қырғыздың /қазақтың/ соңынан жүздеген шабандоздар жоғары-төмен, ары-бері шауып отырады", - деп жазған.
Халықтық ойындар мен жаттығуларын жеке адам тәрбиесі мен дамуы мақсатында пайдалану ежелден келе жатқан құбылыс. Бұл қазба жұмыстар арқылы, ежелгі авторлар еңбегі белгілі. Осылардың балығы халық ойындары мен жаттығуларының халықтың тұрмыс-тіршілігінде үлкен орын алғандығын және ол оның әскери-патриоттық бағыты болғандығына ғана емес, сауықтыру-қолданбалы бағыты болғандығынан. Бұған ұлы Ибн Сина еңбектері, біздің мәдениетіміздің Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұни сияқты қайраткерлеріміздің шығармалары арқылы көз жеткізуге болады. Бұл екі ғұламаның өз заманынан озық ойлары халық ойындары мен жаттығуларын денсаулығы мықты, өмірсүргіш ұрпақ тәрбиелеудегі ең басты жол деп қарастыратын тамаша таңдалған материалдар бойынша жеткізілген.
Біздің отандастарымыз Қашғари мен Баласағұни, ерте орта ғасыр ғалымдары ретінде, халық ойындарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі туралы өздерінің трактаттарында басқа елдердің ғалымдары мен ойшылдарынан, әсіресе Батыс Еуропаның гуманист-ғалымдарынан әлдеқайда алға кетті.
Халық ойындары мен спорты одан кейінгі дәуірлеріндегі ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерінде үлкен орын алады. Әсіресе, Абай шығармаларында ерекше тоқталған жөн. Оның заманында халық спорты ойындар қазақ халқы өмірінің ажырамас бір бөлігі болған еді. Көктемдегі және күзгі кештерде, әр түрлі мереке-мейрамда, бір жанұяда немесе руларда өтетін тойларда түрлі жарыстар өткізіліп жүр. Абай спорттың халықтық түрлеренің адамның рухани және дене дамуына тигізетін пайдасын жақсы түсінді. Бұл ойлары оның "Қансонарда бүркітші шығады аңға" деген атақты өлеңінде әдемі берілген және осы өлеңді ұлы ақынның халық спортыныңең қызықты бір түріне деген көзқарасты тамаша бейнеленген.
Спорттың ұлттық түрлері мен ұлттық ойындар қызіргі замандағы ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің де негізгі тақырыптары болып келеді. Олардың әрі қарай дамыту жөнінде Ә. Марғұлан, Қ. Қуанышбаев, М. Ғабдулин, Б. Момышұлы сияқты қайраткерлер де талай жерде айтып өтті.
"Мен жарыс мәресіне шықан сонау алыс шақтарда жүрегімнің түпкіріндегі пәк сезіммен еске аламын", -деп жазды Сәбит Мұқанов. Мұнда халық спортында деген сүйіспеншілік те, күнен-күнге аңызға, этнографияға айналып бара жатқан ұлттық спорттық дәстүрлерге деген өкініш сезімі де бар еді.
Халық ойындары мен спорт халақтық ән мен күйлер сияқты ұзақ уақыт барысында, ңасырлар бойында қалыптасқан. Біздің көбіміз мұндай күндерге де жеттік. Бірақ бұл көзқарас ешқашан шектелген емес. Ол үнемі алға қойған міндеттемеге орай, мақсатына қарай өз түрін өзгертіп отырады.
Жана ойлау жүйесіне негізделген бүгінгі өмір жағдайы ұлттық спорт түрлерінің, негізделген бүгінгі өмір жағдайы ұлттық спорт түрлерінің, ойындардың және дене жаттығуларының дамуына жаңаша қарауды талап етеді. Міне, осыдан келіп дене тәрбиесі жұмыстарына ресми деңгейде қарау қажеттілігі туады. Өткеннің бай мұрасы негізінде жергілікті жерлерде спорттық-көпшілік жұмыстарын жандандыру аса қажет олай ету халық денсаулығын шындауға елеулі үлес қосады. Негізгі мақсат олимпиадада денсаулығын шыңдауда болса керек. Дегенмен, спорттағы жоғарғы жетістіктер мен спорт жүйесіндегі баршаға арналған арналған үйлесімді бірлестікті жоққа шығаруға болмайды.
"Халық спорты- денсаулыққа және Олимпиадаға апарар жол". Біздің дивизіміз де осындай болуы керек.
Өмірдің өзі өзгеріс пен еөптеген мәселелерді шешуді талап етеді. Сондықтан да бар күшті ең маңызды деген мәселелерді шешуге жұмсау қажет.
Ұлттық спорт түрлерінің республикалық федерациясы кң басты әрекет етуші және шығармашылық орган болуға тиіс. 1990 жылы Республикада қазақша күрес, тоғызқұмалақ және ұлттық ат-спорты түрлері бойынша федерациялар құрылған еді. Осыған орай ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық федерацияда құрыла бастады. Мұндағы ең басты мәселе, бұл федерациялардың барлығы өткен жылдардағыдай тек сан ғана емес, шын мәнәнде тұрақты жұмыс істейтін сипатта болуы керек. Бірақ негізгі міндет-ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан мамандар даярлау.
1990 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институттарында жаңа кафедра-ұлттық спорт түрлері мен ойындар бойынша кафедра ашылды. Ол 1990 жылы ұлттық спорт түрлері бойынша алғашқы жоғары білімді мамандар даярлап шығарды. Болашақта оның әр түрлі бөлімшелері ашылды. Болашақта оның әр түрлі бөлімшелері ашылды, соның негізінде қызмет ету алаңы кеңейіп, оқу-жаттығу және тәрбие процестерін толық түрде өте бастайды. Сонымен бірге мамандар даярлаған тек жалғыз ғана оқу орнымен шектелмеу тиіс. Мұндай дайындық барлық арнайы оқу орындарында, Шымкенттегі дене тәрбиелеу мәдениеті институтында және республикамыздағы педагогикалық институттардың дене мәдениеті факультеттерінде өтілуі қажет.
Дене тәрбиелеу мәдениеті техникумдарында, сондай-ақ дене тәрбиесі бөлімшесі бар педагогикалық училищелерде қазақтың және Республикамыздағы тұратын басқа да халықтардың ұлттық ойындарын оқыту бағдарламасымен жұмыс жүргізіледі. Дене мәдениеті сабақтарында, пионер лагерлеріндегі жұмыстар және спорт мейрамдары мен кештерін өткізгенде ұлттық ойындарды енгізіп отыру- оларды қызықты да әсерлі өтеуге ықпалын тигізеді.
Жоғарыда айтылған оқу орындарында алған арнайы білім деңгейін бітірушілердің маманданған жабдықтаушылар болуына, ұлттық спорт түрлері мен ойындарын оқыту дұрыс бағыт алып отыруына, жергілікті жерлерде ұйымдастырушылар ретінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұған дейінгі жүргізілген жұмыстардың басы-қасында емес, шектелген бастамашы-жанкүйер адамдардың жүргені құпия сыр еместігі және рсындай жағдайлардың барлығы дерлік сол шаралардың өту деңгейіне әсер етпей қойған жоқ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні- ұлттық спорт түрлері мен ойындары дамытудың қазіргі заманғы тәжірбиесі елеулі өзгерістерді, кейбір маңызды мәселелерді шұғыл шешуді талап етеді. Олар мыналар:
1. Республика териториясында кең таралған қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау және тарату қағидаларын ұйымдық жағынан қайта құру. Олардың ішінде тек қазақ халқының ғана емес, басқа халықтардың да ұлттық спорт түрлері енуі әбден мүмкін. Осы процестерді дұрыс және мақсатқа сай басқару әбден мүмкін. Осы процестерді дұрыс және мақсатқа сай басқару, тиянақты ұйымдастыру Республикада спорттың бұл түрлерін дамыту мәселелерін тиянақты шешуге ықпал етеді.
2. Дәстүрлі ұлттық дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселесі ерекше орын алады. Бүгінгі күнгі көпшілікке арналған бірнеше кітап пен кітапшалар жарыққа шықты. Дегенмен, бұл мәселені жан-жақты, терең қарастыратын еңбектер әлі де жеткіліксіз. Республикамызды орта мектептерінің әр түрлі кластарында қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу мәселесін зерттелген 3 кандидаттық дисертация қорғалды. Өкінішке орай, бұл ғылыми еңбектер республика территориясында әлі күнге тәжірбиеде қолданылмай келеді.
3. Жоғарыда айтылғандардан біз бұл мәселенің барлық ұлттық орта мектептерде өткізу проблемасын аңғарамыз. Қазіргі уақытта ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмыстарында ғана емес, патриоттық және интернационалдық бағытта да пайдаланған жөн. Бұл үшін ойындардың ерекше мүмкіншіліктері мен ұлттық өзгешелігін көрсетудің маңызы бар.
4. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша ғылыми негізде жасалған бағдарлама өзінің нақтылы шешімін талап етеді. Аламан-бәиге, бәйге, жорға, жарыс, көкпар, күміс алу, аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату сияқты ертеден келе жатқан спорт түрлері бойынша бағдарламаның жоқтығы Қазақстанда оларды толық таратып дамытуға мүмкіндік бермей отыр. Ал бағдарламаның дене тәрбиелеу мәдениеті ұжымдарда оқу-жаттығу және тәрбие жұмыстарының мазмұны мен мақсатын айқындайтын негізгі құжат болып есептелетін бәріміз де білеміз. Ұлттық спорт түрлерінің бағдарламасы мына мәселелерді қарастыруы керек: олардың көлемі, құрылымы, секция жұмысының тәртібі, топатар жинақтау, оқу материалдарының мазмұны спорттық жаттығудың көпжылдық жоспары. Жаслған бағдарламалар қазіргі заманғы спорт талаптарына сай келіп, спорттық ұжымдарда қолдануға ыңғайлы да тиімді болуы керек. Сонымен спорт түрлері мен ойындары көршілес. Орта Азия республикаларына ұсынуға лайық болғаны дұрыс.
5. Бағдарламалық талаптар негізінде оқулықтар, оқу құралдары және әдістік нұсқаулар жасалады. Бүгінгі күні қазақ, орыс тілдерінде қазақша күрес пен тоғызқұмалақ бойынша ғана оқу құралдары бар. Арнаулы ғылыми-әдістемелі әдебиеттер болғанда ғана жажақты дамыған спортшылар даярлауға, олардың бойында таңдаған спорт түріне деген қызығушылық туғызыуға болады. Ұлттық спорт түрлері мен ойындарының пайдалылығы мен қасиеттері туралы қажетті білім беруге мүмкіндік те бар.
6. Спортты пайдалану әдісі өзіндік мақсат - міндеттерімен, тұрақты мазмұнымен, сабақты жүргізу шарттарымен, айналысушылардың жас және қимыл - қозғалыс мүмкіндіктерімен анықталатыны бәрімізге белгілі және бұл жерде ұлттық спорт түрлерімен айналысудың пайдалылығы туралы ерекше атап өткен жөн. Осы айтылғандардың ішінде спорттық мамандық ең негізгісі болып есептеледі. Республикамызда осы спорт түрлері бойынша мамандар даярлайтын біріккн орталықтың болуы спорттық ұжымдарда оқу - спорт жұмыстарын жақсартуға, спорт жетістіктерінің жарыстар рөлінің артуына және Республикамыздың түкпір - түкпірінде ұлттық спорт түрлері мен ойындарының таралып дамуына арқау болады. Осыған орай разряд тапсыру мөлшерлері мен талаптары бекітіледі. Бұл жағынан қазақша күрес пен тоғызқұмалақтың жағдайы біршама жақсы. Ал ат спорты түрлеріне келер болсақ, бұл салада әлі күнге дейін ешқандай жұмыс басталған да жоқ. Арнайы мөлшерлер тиісті талаптар болмайынша жоғары маманданған спортшылар дайындап шығару қиынға соғады.
7. Ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша өтелетін спорттық жарыстар ережесі разряд мөлшеріне және талаптарына тығыз байланысты. Спорт құмарлардың жоғарғы дәрежедегі ұсыныстарына тоғызқұмалақ бағдарламасы, кодекс және соның негізіндн жасалған спорттық жарыстар ережелері ғана жауап береді. Ал басқа түрлерінен республикалық ресми жарыстар өтіп жатқанымен жарысқа қатысушылар әрекетін реттеп отыратындай өтіп, ережелерді түгелдей жасап шығуға тура келеді. Қазақша күрес бойынша құрылған федерация ұлттық күрес бойфнша құрылған федерация ұлттық күрес бойынша жаңа ережелер енгізуге тырысуда, бұл-өте құптарлық іс. Бірақ ұсынған ережелер қызу пікірталасын туғызып қана қойған жоқ, мамандар жағынан кейбір жерлеріне деген толық қарсылықты туғызды. Спорттық жарыстар ұйымдастыру бврысында түзетулер, өзгерістер, қосымшалар енгізулер болып жататын құбылыс, бірақ олар айқын да түсінікті болуы қажет. Ал негізінде қандай да болмасын жарыс ережелерін спорттық өмірге енгізу үшін олар тәжірбиелік жарыстарда байқаудан өткізіліп, барлық кемшіліктері мен жетіспеушіліктері анықталуы тиіс. Әсіресе ұлттық спорт түрлері ережелеріне деген көзқарас ерекше болуы керек. Себебі олар спортшылар мен қатысушылар әрекетін реттеп қана қоймайды, сонымен бірге жарысқа деген көркрмендер көзқарасындаанықтайды. Жарыс ережелері спорттық жетістікке ғана емес, сол спорттың көпшілік спортына айналуына да әсер етеді. Яғни федерация алдында спорт жарыстары ережелерін жетілдіру жолында қыруар жұмыстар тұр.
8. Төрешілер және қоғамдық төрешілер дайындау мәселесін де шешу керек. Бұл спорттық жарыстардың ресми ережелер негізінде етуіне көмектеседі, халық ойындарына дұрыс эмоцияналды бағыт береді және оларды пайдалы әрі мақсатқа сай өтеді.
9. Қазақтың ұлттық ойындары мен спорт түрлерін насихаттау жұмысын түбірінен жақсарту қажет. Республикалық, облыстық баспасөздерде, әсіресе газеттерде, көбіне өткен жарыстар туралы хабарлар немесе есептер ғана беріледі де, ал келесі мәселелер көтеретін ұлттық спорт түрлерін әрі қарай дамытутуралы мақалалар аз басылады. Ұлттық спорт түрлері жанкүйерлері осы спорт түрлері мен ойындары туралы толық мағлұмат күтеді.
10. Қарапайым спорт алаңдары құрылысын жабдықтары мен жарысқа қатысушыларды киіммен қамтамасыз ету жұмыстарын жолға қойған жөн.
Спорттың ұлттық түрлерін әрі қарай дамыту ісі тек осы проблемеалармен ғана шектелмейді, біз олардың ең негізгілеріне ғана тоқталдық. Алғашында осы проблемалардың шешілуінің өзі сөзден іске көшудің басы болып, спорттың бұл түрлері мен ойындар көпшілікке таралып, салауатты өмір салтына өтуде және ұлтты сауықтыру жолында көмекші болар еді.
Срңғы жылдары Қазақстанда қайта құрулур жасалып, ұлттық қайта өрлеу процестері өтуде. Республикада қазақ тіліне, халық фальклорына, салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындар мен сайыстарға қарай бет бұрыла бастады. Наурыз мейрамында ұлттық дене мәдениеті дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлері, ойындар мен көңілді сайыстарды байқауға болады. Осыдан алпыс жылдай бұрын қилы заман саясаты бойынша жаңа дәуірдің, жаңа өмірдің талабына жауап бермейді деген желеумен бұл мейрамды тойлауға рұқсат етілмей тасталғаны белгілі. Ал шын мәнәнде Наурыз ғасырлар бойына көктем, еңбек, халықтың көңіл көтеру және спорт мейрамы ретінде тойланып келгенді.
1988 жылдан бастап халық мейрамы Наурызда көпшілікке арналған мәдени-спорттық шаралар қайта жанданды. Қайта туған наурыз айрықша бірлік пен достықтың қайырымдылық пен әділеттілік мейрамы. Мейрамда халықтық спорт түрлері бойынша ететін жарыстар айрықша орын алады. Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті жылда өткізетін Наурыз мейрамының бағдарламаларын көркемпаздық өнері, айтысатын басқа, шабандоздар жарысы, қазақша-күрестен, аударыспақ, теңге алу, көкпар сияқты ойындардан жарыстар бар. Қазақша күрес жеңімпазы жүлдеге тірі қой алады.
Ұлттық спорт дәстүрлері біртіндеп қайта жанданып келеді. Көптеген халық мейрамдарында бүгінгі күндері ұлттық спорт түрлерінің жарыстар өткізіліп отырады, бүкіл Қазақстандық спартакиядалар өткізіле бастады. Көптеген орта мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын қызықты да тартымда өткізу үшін бағдарламаға кейбір ұлттық ойындар енгізілген. Осының бәрі болашақта ұлттық спорт түрлері мен ойындардың бай мұоасы қоғамнан өзіндік орын алып, бүкіл дене тәрбиелеу мәдениеті мен спортты дамыту қозғалысына мол үлесін қосар деген үміт ұялатады.
Қазақтың қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен ойындарының әлеуметтік қызметі.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері мен ойындары классикалық спорт түрлері мен ойындары сияқты жарыс әрекетін, оларға арнайы дайындықты, разряд мөлшерлері мен жетістіктерін қажет етеді.
Жарыссыз спорт болмайды. Ұлттық спорт түрлері мен спорттық ойындар жарыссыз өмір сүре алмағанмен, олардың қызметі спорт жетістіктері мен сайыстық мақсаттарымен шектелмеді. Ұлттық спорт түрлері адамның дене қасиеттерін жетілдірудің, оның рухани табиғатын бүгінгі өмір талаптарына сай өзгертудің тиімді жолы жеке адамның тәрбиелеу және жеке адамды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі факторлардың бірі болып есептелінеді. Ұлттық спорт түрлері сабақтарында спортшылар тек дене мәдениеті ғана емес, парасаттылық және интернационалдық тәрбие де алады. Сондықтан ұлттық спорт түрлері мен ойындардың педагогикалық мәні өте жоғары.
Ұлттық спорт түрлері жеке-жеке түрлерден тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік сайыс түрлері, ерекше әрекеттер жиынтығы, спорттық қозғалыстар аясындағы ұлттық спорт түрлерінеде 2 бағыт бар: ұлттық спорт түрлерінің көпшілік түрлері және жоғары спорттық жетістіктерге байланысты спорт түрлері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz