Ф.ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ


Ф. ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ
Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-5
1. Ф. ОҢҒАРСЫНОВА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ
МОНОЛОГ . . . 5-20
1. 1. Ақын өлеңдерінде монологты сырласу үрдісінде қолдану
үлгісі . . . 5-14
1. 2. Ф. Оңғарсынова поэзиясында ақындық рухпен сырласу . . . 14-20
Ф. ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ . . . 20-60
2. 1. Ф. Оңғарсынова және Абай дәстүрі . . . 20-38
2. 2. Ақын шығармаларының көркемдік ерекшелігі . . . 38-60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Монолог адамның өмірмен, уақытпен және табиғатпен қатынасының, адамның қолы жеткен ойын білдірудің алғашқы түрі болып табылады. Ф. Оңғарсынованың лирикалық өлеңдері негізінен өмірге, уақытқа, адамға арналған монолог түрінде жазылған.
Жұмыста монологтың әсерінен пайда болған көңіл - күйді, психологиялық күйзелісті білдіретін ақын шығармаларын негізгі өзек етіп ала отырып талдана беріледі. Қазақ әйелінің психологиясын әдебиет атты арғымақ өнерде, оның ішінде, поэзияда сан қырынан сапалы қасиетте жырлау көптеген ақын жазушылардың еншісіне бұйырса, соның көш басында Ф. Оңғарсынова тұрады. «Қыз тағдыр» бірді-екілі жанның өткінші өткелі емес, көптің тағдырына арналып жазылған ақынның мәртебесін өсірген жыр - жалауы, қаракөз қарындасқа арналып, өлеңмен өрілген ескерткіш - белгі. Ақын Оңғарсынованың мінезді жырларының ішінде жалпыға жаққан тақырып әуені-жастар жайы, яки махаббат тақырыбы. Қыздар романтикасы туралы: бойжеткеннің басындағы сүйіпеншілік сезім, сағына сарғаю, өткенге опыну, дала, жайлау қызықтары т. с. с. монологтарында әдемі көрініс тапкан. Сондықтан осы аталмыш мәселелер жұмыстың негізгі өзектілігіне айналып отыр.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері:
Бітіру жұмысының алдына Ф. Оңғарсынова шығармашылығы туралы жарияланған еңбектерде айтылған пікірлерге сүйене отырып, кейбірін екшеп, сұрыптап, соңғы жылдары жазылған шығармаларын жүйелі талдау, байыпты бағалау мақсаты қойылды. Ақынның ұлттық көркемдік дамуға қосқан үлесін, лирикасының қазіргі қазақ поэзиясынан алатын орны мен мәнін, жаңашыл сипатын ашу зерттеудің басты мақсаты болып табылады. Сондықтан алдыға мынандай міндеттер қойылды:
-Ақын лирикасының тақырыптық мазмұн ерекшелігін көрсету;
-Ф. Оңғарсынова шығармаларындағы лирикалық монологтың эстетикалық сипатын талдау;
-Лирикалық монологтың көркемдік мүмкіндігі бар мінез жасаудың қарапайым да, анық әдісі екнін дәлелдеу;
-Лирикадағы мінезді жасаудың күрделілеу көркем түрі шиеленісті жағдайға байланысты саралау;
-Лирикадағы ақын өмірінің кезеңдері, лирикалық кейіпкер, азаматтық әуендерге барлау;
-Ақынның адамгершілік толғаулары, өлеңдеріндегі философиялық түйіндердің мағынасын ашу;
-Ақын лирикасының көркем бейнелілігін талдау.
Жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және сілтеме көрсетілген әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ф. Оңғарсынова шығармаларындағы лирикалық монолог
1. 1. Ақын өлеңдерінде монологты сырласу үрдісінде қолдану үлгісі
Лирика - әдебиеттің үш тегінің бірі және ежелгі жанр санатында бірегейі екендігі әлімсақтан белгілі. Лирика дегеніміз өлеңмен өрілген туынды - поэзияның туысы, яки басқаша айтқанда лирика - сөз өнерінің жалпақ жұртқа мәлім бір түрі. Ендеше, лирика - поэзиялық шығармалардың шырайы бола алуы анық. “Поэзия өнердің асыл тегі” - дейді Белинский “Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу” атты еңбегінде [1, 25] . Ұлы сыншының лирикалық поэзияға берген сипаттамасында: “Лирикалық шығарма қас қаққанша ғайып болатын ақын рухы шабытының жемісі. Егер ақынның рухы жаңа шабытқа аумай тұрып қағазға түспесе, ол қайырылмастай жоғалып кетпек . . . Бірақ, лирикалық шығарманы оқып шығу үшін, бірнеше минуттан артық уақыт керек болмайтын болса, мұндай шығарма шабыттың жемісі, нағыз лирикалық шығарма болады және біздің бүкіл жан-дүниемізді тебірентіп, ұзақ уақыт әсер етеді” [2, 73] дейді. Осы пікір, осы ұсынысты әдебиеттанушы ғұлама А. Байтұрсынов та қолдайды. Ахаң: “Толғау (лирика) қысқа болуы тиіс. Көңіл-күйінің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзақ болмасқа тиіс, ұзақ болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды. ” [13, 286] . Лирикаға берілген анықтама мұнымен бітпейді, пікірлер тоғысы сан тарау бола тұра, түйіні біреу. Лириканың қоғамдағы, яки өмірдегі болмыс-бітімі “жансызға жан бітіретін” құдіретімен күшті, ой мен сезімнің сөз өнеріндегі бірлігінде жарығын шашатын тәлімімен текті көрінбек. Қазақ лирикасының тарихын зерттеуші ғалым Ә. Тәжібаев “Өмір және поэзия” кітабында поэзияны сәбидің күнәсіз ажарына, көрікті қыз жүзінің ұялшақ, албырт қызғылтына, балаң жігіттің отты көзін, ер қуатына, қарт көзінің жұмсақ сәулесіне, тағы сол сияқты небір әдемі теңеу сөздерді тізе келе: “поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні” [9, 12] деген Белинскийдің бағалы сөзінен ұзағырақ үзінді келтіреді. Аталған зерттеуде сондай-ақ орыс ойшылдарының бірі Добролюбовтың: “поэзияның шынайылық тұлғалары үш нәрсемен: парасатты ой (разум), жақсылық (добро), сұлулықпен (красота) айқындалады, осы үш бастауыш неғұрлым толық бірлессе, соғұрлым артық ” [6, 123] деген пікірін одан әрі тарата, кеңіте түседі. Лириканы тудырушы, яки оны жасаушы ақын міндеті туралы мәнді мәселені көтерген зерттеушілер сапында ғалым Ә. Тәжібаев пайымы орсы ойшылдарының дәйекті пікірлерімен ұштасып отырады. Кемеңгер сыншы Н. Г. Чернышевскийдің: “Ақындар - жұртты өмірдегі қасиетті ұғымдар мен қасиетті сезімдерге бастаушы. Олардың шығармаларын оқып отырғанда, біз барлық сұмдық, сұмырайлықтан жиіркенеміз де, барлық қайырым, сұлулықтың ғайыптарына түсінеміз, жақсылықты сүйеміз” [7, 626-627] деген пікірі Ә. Тәжібаев еңбегінде көрсетілген. Лирика шығармада негізінен жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы өмірге, әр түрлі құбылыс-жағдайларға көзқарасын сипаттайды. Бірақ ақын өз жайын, өз басының мұңын, өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол қалай да халықтың тағдырын, қайғы-мұңын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек мақсаттарын көрсетеді” [7, 256] деп түсінік береді. Демек, сөз сырын тексеруші, зерттеуші ғалымдардың ақынға және лирикалық шығармаға берген тарихи анықтамалары аталған жанр төңірегінде ой қозғаудың, оны ұғындырудың алғашқы дәйектемесі есебінде айтыла бермек.
Лирикалық туындылардағы басты іс-әрекет жеке адам қаракетіне құрылатыны белгілі. Оны әдебиеттануда лирикалық кейіпкер дейміз. Лирикалық кейіпкерге байланысты пікір-пайымдар тасқыны бүгінгі зерттеу нөпірінде әр қилы талас-тартыстар тудыру процесін бастан өткізе келе, ғылымда жүйеге түскен, қалыпты дәстүрге ие тарихи тұжырымдар шарттылығын меңгерген әдеби процесс. Автор мен лирикалық кейіпкер арақатынысының ара жігін айыру мәселелерін қарастырғанда қателікке ұрынуға болмайды. Бұл туралы З. Ахметовтың: “Лириканы түсіну-пайымдауындағы үлкен және жиі кездесетін қателік - ақын өз атынан айтқанның бәрін тек өзі туралы, өз басы жайында айта отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатынды да, өзіне ғана емес, өзгеге де тән көңіл-күйін сезіне, айта алатынын ескермеушілік” [8, 32] деген пікірін еске аламыз.
Лирикалық кейіпкер ұғымы туралы кең түсінік, лирикалық кейіпкер характерінің табиғатын таныту мәсілілері және жанрлық ерекшеліктері туралы мәселелері және жанрлық ерекшеліктері туралы әдебиетші ғалымдар Б. Кәрібаева [9], Ә. Қоңыратбаев [10], Т. Шапаев [11], Қ. Мәшһүр- Жүсіпов [12] , Б. Кәрібозұлы [13] зерттеулерінде биік сапа тапқан. Лирикалық “персонаж” терминінің қазақ әдебиеттануында лирикалық поэзияға яки өлеңге қолданудың еш сөкеттігі жоғын дәлелді теориялық талдаулармен тұжырымдаған филология ғылымдарының докторы Б. Кәрібозұлы: “Реті келгенде айта кетуіміз керек, әдебиеттануды лирикалық кейіпкер ұғымын лирикалық образбен шатастыру жиі кездеседі. Біздіңше, лирикалық образ лирикалық кейіпкерден “персонождарға” да қатысы бар” [13, 123] дейді. Демек, “өлең өнері ілімінің жетістігін зерттеу үшін осындай жалпы қағидалардың пайдасы бар” [5, 14] екенін естен шығармаған да абзал.
“Лирикалық кейіпкер - ең алдымен көркем бейне - дейді ғалым-сыншы. Т. Шапаев-шындықты көркемдік тұрғыда тану мен өрнектеу процесі, творчестволық субъектінің (яғни, ақынның) осы процестегі рухани қызметінің қажыр - қозғалысы лирикалық кейіпкер бейнесінен айқын көрінеді” [14, 11] .
Зерттеушілер пікірінің түбегейлі табан тірер тұғыры мынаған саяды: лирика тегі, оның жанрлық және мазмұндық ерекшелігі, лирикалық кейіпкер мен авторлық “меннің” ара жігін айыру мәселелері, лирикалық тұлға проблемасы, лирикалық “персонаж” бейнесі әлі де зерттелу үстінде екендігін аңғартады. Дей тұрсақ та, қалыпқа түскен, жүйеленген ой-пікір мен дәлелді дәйектемелер тоғысы лириканың ғылымдағы зерттелу әдіс-тәсілінің қаншалықты жетіліп, дамығандығына да өркенді өлшем бола алса керек.
Лирикалық кейіпкер бітімінен қоғамдық өмірдің көрінісі, заман ағымы оның толғанысы арқылы көрінетіні белгілі. Өлеңдегі өміршең бейне ылғи алдыңғы саптан табылып, халық атынан сыр ағытып, ой тоғытса - онда туынды авторының да азаматтық өресі, кісілік келбеті жарқ етіп көрініп қалады. Лирикалық шығармадағы кейіпкерлер әлемінің әр қилы қимыл-әрекетінен “сезімнің отты нәзіктігі” (З. Ахметов) сезіліп тұруы керек. Жалқының образдық ролі бірте-бірте жекелеген туындыдан тарала, тұтаса келе жалпыға айналуы - лирикалық қаһарманды дүниеге алып келеді. Типтік бейне сипаты эпикалық шығармалардың өрісін еншілесе де, лирикада қас-қағымдық қуат-күшімен-ақ оқырманның көзайымына айналатын көркем образ бүгінгі поэзияда бар. Ақындық «меннің» ауылынан жырақта жатқан типтік образ табиғаты негізінен лирикалық қаһарманға жақын тұлға болар сірә да. Мәселен, ақын-лирик Ф. Оңғарсынова өлеңдеріндегі көпке таныс, ешкімге бас имейтін өзіндік дара мінезі бар, көбіне қатал характермен оқырман есінде қалған әйел кейіпкерді автордың ондаған, жиырмалаған туындыларынан жиі кездестіреміз. Арнайы аты аталып, түсі түстелмесе де ол бізге бір табан жақын, белгілі іс-әрекет (айтар ойы, пікірі, идеялық мұраты) дағдысымен оқырман миының бір қыртысында ұзақ сақталады да, кез-келген таныс әуенді өлең-жырда атой салып, қызу өмірге араласа кетеді. Сонда бұл не? Лирикалық қаһарман ба, не лирикалық тұлға ма, не лирикалық «персонаж» . . . әлде басқа ма? Күрмеуі қиын күрделі сұрақтың толық жауабын ақын шығармаларының шырайына үңілу арқылы таба аламыз. Фариза лирикасы өзіндік сыр-сипатқа ие, тұрақты оқырманы бар, өлең-жырдың жетік дәстүрін өн бойына жиған байсалды поэзия. Ақынның лирикалық кейіпкерлері жалпы қазаққа (оқырманға) жақсы таныс, күнделікті өмір тіршілігінің өтінде жүрген біздің замандастарымыз.
Лирикалық монолог адамның өмірмен, уақытпен және табиғатпен қатынасының, адамның қолы жеткен ойын білдірудің алғашқы түрі болып табылады. Ф. Оңғарсынованың лирикалық өлеңдері негізінен өмірге, уақытқа, адамға арналған монолог түрінде жазылған. Кейде ақын монологты өзіне етене жақын бір адам үшін ғана жазатын секілді әсерде боласың. Алайды бұл монолог барлық адамдарға арналған сөз ретінде естіледі.
Лирикалық монолог ойлы лирикаға бағынады. Лирикалық монолог арқылы мінезді көрсету үшін, ойлы лирикаға тән фактор, ол ассоциация жолы, яғни адамның әлеуметтік - психологиялық маңызын көрсетудің қайталанбас ерекшелігі ретінде қолданылатын мінездің бір бөлігі. Сонымен лирикалық монолог ақынның өмірге қатысы тұрғысынан алғанда эстетикалық түр де, нақты адам сезімін ол ақын ба немесе таңдап алынған образ ба біреу арқылы көрсетудегі тәсіл болып табылады.
Мысалы ақын шығармасынан:
Сатылмаған сән - салтанат,
Сәулетке.
Ол бәрібір баяндамас әулетке.
Шындық ізде,
Ізде және әділдік.
Көзің сатпай кәрі сайқал дәулетке.
Немесе:
. . . Уақыттың жас қыраны,
өлгендер тапсырады.
Саған өмір дауылын, шуақ таңын,
Бетіңді ашар тірліктің сынақтарын.
Қорғап сонда кеткеннің мұраттарын,
Алау туып Жеңістің құлатпағын!
Бұл өлең жолдары құрғақ ақыл айту формасында емес, сырласу үлгісінде, монолог түрінде айтылған.
Поэзияда қақтығысты, қатпарлы диалогтан гөрі, қасында отырып біреу саған сыр айтқандай күй кештіретін монологты көбірек кәдеге жарату үрдісі бұрыннан - ақ бар - тын. Қазіргі ақындарымыздың да творчесвосындағы ерекшеліктердің бірі монолог деп батыл айтуға болады. Соған орай монлогтың өзі ақындардың даралығын (индивидуальность) ерекшеліктерін байқатады. Жанды, жансыз атаулының кез - келгеніне «тіл бітіруге» болатын қолайлылығын да бағалаймыз. Тек шынайылық пен шарттылық шекарасын ажырата алсақ болғаны. Әр монолог - айтар идеяны ақынның лирикалық қаһарманының атынан беруі автордың өз көзқарасын көрсетуінің ұтымды бір жолы.
Ал лирикалық монологтың қуаты - мұндағы бейнелеулердің цикл түрінде көрінуі. Осылай ауқымды типтендіруге сәйкес Ф. Оңғарсынованың лирикалары ерекше поэтикалық құбылыс ретінде ерекшелініп тұрады. Басқа да әдеби түрлер мен жанрлардағыдай лирикада да көркемдіктің негізгі критерийі типтік мінез болып табылады.
Мінез жасау процесіндегі негізгі мәселе ақынның көркем күйзелістің мазмұнын жасауда емес. Мінездің эстетикалық табиғаты мен поэтикалық үнін көптеген жағдайда осы күйзелістің пайда болуына ықпал еткен себеп - салдар анықтайды. Мұндай жағдайда ақынның өмірге қатынасының түрі (реалистік, романтикалық т. б. ) шешуші роль актқарады. Бірақ зерттеуші мінездің эстетикалық позициясы барлық уақытта да «лирикалық мен» позициясын айта алмайды деген өзінің бұрынғы пікірінде қала береді. Нақты көркем материалға бақылау жасап көру лирикалық монологтың өз ойын білдірудің типтік түрі, лирикадағы мінезді органикалық түрде жүзеге асырудың поэтикалық әдісі екендігін көрсетеді.
Лирикалық монолог интеллектуалды поэзияға қарай барлығынан да көбірек ауытқығыш келеді. Лирикалық монологтың көмегімен мінезді көрсету үшін интеллектуалдық лирикаға мынадай нәрселер тән: ассоциация арқылы мінездің бір ерекшелігі бөлініп шығарылады және адамның әлеуметтік - психологиялық мәнін білдіруші бірден - бір ерекшелігі ретінде қорытындыланады. Сөйтіп, лирикалық монолог ақынның өмірге деген көзқарасының эстетикалық түрі, нақты адамның сезімі арқылы қол жеткізудің поэтикалық құралы болып табылады. Лирикалық монолог - зор көркемдік мүмкіндігі бар мінез жасаудың қарапайым да, анық әдісі. Лирикадағы мінезді жасаудың күрделілеу көркем түрі шиеленісті жағдайға байланысты.
Фариза Оңғарсынованың бұл шоғырлы (цикл) өлеңі қысқа қайырымды ұзақ жыр сықылды окылады. Ақын мен кейіпкердің өзара ішкі сыры, назы, бұл - өлеңнің сыртқы құрылымы. Ал тереңірек үңілсек бұнда кейіпкер біреу-ақ сияқты. Оқып көрелік:
Мұны ұққандар жазғырмас, демес "неге",
махаббат бар сенетін елеске де, бәрі де бар.
бірақ та бұл өмірде
ана сезімімен зор жоқ, ештеңе!
Жоқ, ештеңе!Адамдар, ол есте ме?
Кабырғам да қайыссын ұлы жүктен,
жалт етпенің бәрінен түңіліп те ем
(бәрі өткінші - ұғынғам үніліп мен, )
өтсем деймін өшпейтін сезімімімен-
дуниені жібітер жылылықпен,
жылылықпен мәнгілік мұзын еккен.
Ұзақтау өлеңді осылайша ер қырынан қарастырып талдай беруге болар еді, бірақ олайша жіктеу өлеңге көлеңке тусіру мүмкін. "Қыз-тағдыр" Фариза Оңғарсынованың лирикалық поэзиясындағы ақындық платформасын айқындайтын, өмір шындығын; қоғам тынысын танытатын шығармалардың бірі саналады. Жалпы әйел характерін сомдауды Фариза Оңғарсынова қаламынан жүздеген өлеңдер, яғни лирикалық туындылар дүниеге келген екен. Қазақ әйелінің психологиясын әдебиет атты арғымақ өнерде, оның ішінде поэзияда сан қырынан сапалы қасиетте жырлау көптеген ақын жазушылардың еншісіне бұйырса, соның көш басында Ф. Оңғарсынова тұрады. «Қыз тағдыр» бірді-екілі жанның өткінші өткелі емес, көптің тағдырына арналып жазылған ақынның мәртебесін өсірген жыр - жалауы, қаракөз қарындасқа арналып, өлеңмен өрілген ескерткіш - белгі.
" Лирика - барлык поэзияның қаны мен жаны; лирика-поэзияның поэзиясы"-дейді Белинский [1, 31] . "Лирикада мінез болады. Ол - ақынның мінезі. Өлеңім өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады" (З. Қабдолов. ) [2, 313] . Ақын Ф. Оңғарсынованың мінезді жырларының ішінде жалпыға жаққан тақырып әуені-жастар жайы, яки махаббат тақырыбы. Қыздар романтикасы туралы: бойжеткеннің басындағы сүйіспеншілік сезім, сағына сарғаю, өткенге опыну, дала, жайлау қызықтары т. с. с. ақынның "Сағына түссін дедің бе?", "Ақ боз атты жолаушы", "Қыз қуу", "Соңғы махаббат" атты лирикалық жырларында әдемі көрініс тапкан. Бұл өлеңдерден ақындық "меннің" көркем бейнемен біте қайнасқан біртектілік, бірізділік бедерін аңғарамыз. Махаббат лирикасы дегенде автордың "Соңғы махаббат" аталған өлеңі тілге оралады:
Менің бар мұңдарымды, ешкімге де айтылмас сырларымды
сен ғана көңіліме сақта, жаным
Көкіректегі қасірет, қуанышымды,
Өкінішім менн үмітті, жұбанышымды
саған ғана үн қатпай ақтарамын [1, 121] .
Лирикалы кейіпкердің "Соңғы махаббатына" ақтарылған ішкі сезім сыры, назы, ақ адал жүрек, таза да періште жанның ыстық ыкыласы болып төгілген. "Түсіне тұрып (аяйсың, қимайсың мені), түсінбеген боп кетесің, қинайсың мені, ойлайсың, көңілі түңіліп қалса деп менен"-мұның бәрі шын сүйген сорлының жан азабы, жан айқайы сынды естіледі, періште пәктікпен жырланады. "Онсыз да өмірден кеп қалған көңілімді менің тым болмаса сен ғана қалдырма, жаным, . . . " Сыр ақтарыла, жыр оқыла келе оқырман ақынға айналады, ал ақын лирикалық кейіпкердің өзі емес пе екен? Міне, ақынның (кейіпкердің) жанды жүдетер жыр парағы сөйтіп, отты өлеңге, жыр маржаны жалынға, бірдің емес (мыңның махаббатының емі осы болса не істейсіз) көптің әлеуметтік үніне осылайша айналып отырады. Өлеңде жеңіл-желпі жылтырақ жалаң ой жоқ, жыр байсалды, сезімі жаралы жанның айтар соңғы жалынышы, өтініші, талап-тілегіндей талғаммен айтылады. (тыңдалады) . Ой-қиялдың қазанында әбден пісіп қайнап шыққан өлеңді махаббат бекетіндегі лириканың озық үлгісіндей көрдік те, көз тастадық, сөз салдық. Осы өлеңнің заңды жалғасындай немесе прологындай оқылатын лирика-"Сағына түссін дедің бе?" делінеді. Мұнда да қыз сыры, сергелдеңге түскен, сарғая сағынған сәулетайдың жүрек тербер терең сезімі сүйіктісінш қимай қинала қоштасу ретінде көрінеді:
Кеттің ғой сонда көп күнге,
Қолымды неге қыспадың?
Тіледім самолеттің де,
Кешігіп барып ұшқанын.
Несіне тіктің көзіңді
Сүйілмей қалған ерінге
Сарғая күтіп өзіңді,
Сағына түссің дедің бе![\\1, 12\
"Махаббат, қызык, мол жылдардан" (Абай) шертер мол жырлар Фариза Оңғарсыновада молшылық. Әйтсе дағы тақырып тірегі бола тұра, айтылғанды қайталау Фариза ақында жоқ. Жазылған жайға қайта оралу, оған басқа кырынан келу, ойлампаздыққа салынып, идея мақсатын екшеп айту - Ф. Оңғарсынова лирикасының басты бұлақ бастауы.
1. 2. Ф. Оңғарсынова поэзиясында ақындық рухпен сырласуы
Ақындық болмыс, бітім дегеніңіз Фариза Оңғарсынова поэзиясында тақырып таңдамайды. Туған жер, өскен орта, табиғат, көңіл күй, махаббат, философия, саяси және әлеуметтік жырлар ақынның айналып соғар қазығы, табан тірер тұғыры - Ұлы Отанға бас иіу миссиясынан түзіледі. Айталық, Махамбеттің Нарындағы найзағай - ғұмыры намысты ерді налытты:
Мен Нарыннан кеткенмін,
Нарынды талақ еткенмін.
Қуатымның барында
Ағыны қатты Жайықты
Тіземмен бұзып өткен мін [139, 77] .
(“ Мен Нарыннан кеткенмін”)
Фариза ақын туған жері Нарынның өткен тарихынан сыр шертіп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі етіп айтудан жалықпайды. “Бабамның тері тамған топырағыңнан әрқашан жас жаныма сусын алам ”. Ардақты ердің атын ұмытуды, әрдайым естен шығармауды қасиет көрген кейіпкер үні:
Ардагер Махамбеттей ақын ұлың
Шөлдеген құмдарыңды жырға малды
Талай жан сенде азаттық аңсап өтті
Исатай бостандық деп жар сап өтті [117, 7]
( “Нарын”)
деп жар салады. Жырларының желісі Нарынмен мұңды - шерлі көрінер батыр ақын Махамбеттің күрескерлік мүддесі де қалың жұрт - қара орман тағдырына алаңмен, “құсалықпен өтті ғой” . . .
Алақандай Нарында
Ата менен ана бар,
Іні менен аға бар,
Қатын менен бала бар
Қарындас халқым жана бар [139, 90] .
(“Нарында”)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz