Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-7

І. ҚАЗАҚСТАНдық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы ғылыми тұжырымдар мен жастар саясатының басым бағыттары . . . 8-35

  1. Қазақстандағы бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдамасы . . . 8-18

1. 2 Мелекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңы . . . 18-35

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БАСПАСӨЗДЕ БЕРІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 35-50

2. 1 Жастар саясатының әлемдік және отандық мерзімді баспасөзде көрініс табуы . . . 35-43

2. 2 Қазақстандағы жастар саясатының қалыптасу ерекшеліктері мен әлеуметтік мәселесінің көріну деңгейі . . . 43-50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50-51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52-54

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, оркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге оркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.

Дегенмен, ел дамуы тек оның экономикалық жетістіктерімен айқындалады десек қателесеміз. Өйткені, ұлт пен ұлыстың, жалпы біртұтас елдің табиғи дамуының бірден-бір көзі - рух екендігін адамзат әлдеқашан мойындаған. Әрине, Қазақстан халқы өткен күнде де, бүгін де рухани байлықтан кенде қалған емес, керісінше рухы мен ізгілік сезімдері басқадан артық болмаса, кем емес екендігі бәрімізге мәлім. Алайда, дәл қазіргі әлемдегі саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдай біздің елімізден буырқанған оркениеттер тоғысында беймәлім күй кешпей, дүниедегі өз орнын тезірек айқындауды талап етеді. Шын мәнінде, әлемдік жаһандану процесінің үдей түсуі қазақ үшін зұлматқа айналып, төл мәдениетіміз бен рухани болмысымызды тығырыққа тіремейтініне кім кепіл?!

Осы орайда, тығырықтан шығынсыз шығудың көзін табуда болашақ ұрпақ, қазіргі жас буынды жалпы адамзат құндылықтарын қастерлеумен қоса, олардың өз еліне, ұлттына, салт-дәстүріне деген патриоттық сезімін арттырып, осы бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Яғни, Қазақстанның оркениет жолымен үздіксіз алға жылжуының басты кепілдерінің бірі - бүгінгі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізіп, олардың аяғынан нық тұрып кетуіне қолдау көрсетіп, шынайы патриоттық сезімін нығайту екендігі анық.

Тарихи тәжірибе көрсеткендей, шынайы патриотизм мемлекеттің әлеуметтік құрылымының негізі, қоғамның рухани тірегі болып табылады.

Соңғы кезде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істер аз емес. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс сияқты күрделі істі атқару үшін еліміздің экономикалық жағдайының артуының үстіне бүкілқоғамдық белсенділік қажет-ақ және де бұл белсенділік тұтас бір арнада өрбіп, нақты нәтижелер беруі шарт.

Олай дейтініміз, бүгінгі күні қоғамның, әсіресе жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу, олардың келер күнге деген сенімін нығайту және патриоттық тәрбиесі, жалпы отансүйгіштік қасиет туралы айту да, жазу да күрделі мәселеге айналып отыр.

Еліміздің болашағын ойлағанда ең алдымен есімізге жастар мәселесі, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы еске түседі. Олай болатыны, жастар жай ғана қоғамдағы адамдар санатының белгілі бір тобы ғана емес, олар - жас қуаттың, еңбек көзінің, идеялар мен тың ұсыныстардың бастамашысы, қоғамдағы қозғаушы күш, халықтың ең белсенді тобы. Сондықтан да жастар мәселесі - елдің болашағы туралы мәселе. Осы орайда жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайы маңызды болып табылады.

Қазақстанда жастар үшін әлеуметтік қызмет 1980 жылдары құрыла бастаған. Бірақ республикамызда оның қарқындап даму шыңы 1990 жылдардың орта кезіне ғана келіп жетті. Сонан соң бұл іс-шара тек 1990-шы жылдардың ортасынан бастап қолға алына бастады және де бүгінгі таңда қайта өрлеу кезеңін бастан кешіріп отырған жайы бар. Мәселен, егер 1995 жылы республикамыздың 12 облысында 31 әлеуметтік қызмет құрылымдық бөлімдері құрылса, 1996 жылы олар 68-ге жеткен. Осы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан әлеуметтік қызмет үшін жергілікті бюджет есебінен қажетті анықтамалық-ұйымдастыру және әдістемелік құралдар, әлеуметтік қызмет үшін арнайы мамандар даярлауға көмек көрсетіліп отырды. Бұл қызметтер облыстық орталықтарда орналасып, “сенім телефоны”, жастар еңбек биржасы, үйінен кетіп қалған балалар үшін баспана, медицина-психологиялық кеңес беру пунктер жүйесін құра білді.

Дегенмен, ақпараттандыру және құжаттамалық орталықтар, бас бостандығынан айырылған кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік реаблитация және реадаптация орталықтар, мүгедек балаларға арналған орталықтар жүйелі қызмет түрлеріне айнала алмады.

Бұл ретте жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориясы мен практикасын, әдістерін, формаларын ғылыми тұрғыдан қарастырудың өзектілігі дау тудырмайды. Олай болса, бүгінгі таңдағы Қазақстан жастарының әлеуметтік жағдайы, олардың патриоттық тәрбиесі қоғамның өзек жарды мәселелерінің қатарынан орын алуы заңдылық.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми еңбектер, монографиялар мен диссертациялар көзге түсе қоймайды.

Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері Гуслякова Л. Г., Холостова Е. И., Зайнышев И. Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов М. В. және т. б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық ғалымдарымыз Аитов Н. А., Джаманбалаева Ш. Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н., Калибеков Д. және т. б. еңбектерінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.

Тақырыптың мақсаты отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулеріндегі жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бітіруші алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

- қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс тәжірибесін игеру үшін отандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулеріндегі деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау;

- әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық негіздеріне ғылыми талдау жүргізу;

- Қазақстан жастарының бүгіні мен болашағына ой жүгіртіп, олардың қазіргі саяси-әлеуметтік ахуалын, экономикалық жай-күйін ой талқысынан өткізу;

- жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жасап, оларды жұмыспен қамтудың тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;

- жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологияларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:

- рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған;

- совет кезеңіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің сәтті тұстары аңғарылып, тиісті баға берілген;

- әлеуметтік жұмыстың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған;

- Қазақстандағы жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған;

- жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Дипломдық жұмыс Жастардың әлеуметтік мәселелерін, олардың саяси бағдарын, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағыжастардың жай-күйі, әлеуметтік мәселелері сөз болады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным принциптеріне негізделді, сондай-ақ хронологиялық және хорологиялық зерттеу тәсілдері де қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған мәселені мүмкіндігінше объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру т. б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАНдық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы ғылыми тұжырымдар мен жастар саясатының басым бағыттары

1. 1 Қазақстандағы бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту тұжырымдаамасы

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдаамасын әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Елбасыі Н. Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының негізінде құрастырылып, халыққа ұсынылған.

Тұжырымдааманың мақсаты мен міндеттері:

Тұжырымдааманың мақсаты - азаматтық қағидаттарына және
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту.

Тұжырымдааманың міндеттері:

  1. азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барльіқ деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді құру;
  2. ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру;
  3. еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі;
  4. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы;
  5. орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Тұжырымдаама іс-шараларын, сондай-ақ болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметін мониторингтеу, есеп беру және бақылау тетігін қалыптастыру.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жүйесі мемлекеттің, азаматтық қоғам институттары мен азаматтардың мына салалардағы бірлескен іс-қимылы негізінде құрылады:

  1. ғылым және білім беру;
  2. мәдениет, әдебиет, өнер, спорт, туризм;
  3. бұқаралық ақпарат құралдары;
  4. ҮЕҰ, саяси партиялар;
  5. бизнес және әлеуметтік кәсіпкерлік;
  6. мемлекеттік қызмет.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс ҚХА аясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы төңірегінде мына бағыттар бойынша жүргізілетін болады.

Бірінші. Азаматтық қағидат негізіндегі бірегейлік.

Екінші. Ұлттың тәуелсіздік жылдарындағы тәжірибесін көрсететін құндылықтар жүйесі - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету.

Үшінші. Үштұғырлы тіл.

Төртінші. «Мәңгілік Ел» ұрпағын өрбіту. Тұжырымдаама әлеуметтік институттардың, мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес сектордың, бизнес құрылымдарының және ел азаматтарының жүйелі, жоғарыдан төмен және бір деңгейдегі өзара байланысы қағидаттарына негізделіп іске асырылады.

Тұжырымдаама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдаамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдаамасына негізделеді.

Тұжырымдаамадағы басты қағидаттар:

  1. негізгі бағыт - ел Елбасыі Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;
  2. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;
  3. қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;
  4. қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі.

Баспасөз материалдарына сүйенсек, тұжырымдааманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілгені және тұжырымдаама Қазақстанның барльіқ өңірлерінде талқыланғанын көреміз.

Тұжырымдаама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.

Қабылданған тұжырымдаамада Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдан бастап, қазіргі таңға дейінгі саяси ахуалын талдап көрсетеді.

Қазақстан тәуелсіз және демократиялық мемлекет ретінде орнықты. Елде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің барльіқ қажетті саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани негіздері қаланды.

Біріншіден, тәуелсіздік алған кезден бастап Тұңғыш Елбасы - Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекет құру саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»
1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы тәуелсіз жаңа Қазақстанның, ел дамуының құндылықтары мен басымдықтарының сипатын айқындаған негізгі құжатқа айналды.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Гимн бекітілді.

1995 жылғы 30 тамыздағы Конституция нәсіліне, ұлтына, дініне және әлеуметтік тиесілігіне қарамастан барльіқ азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік берді.

Конституция этностық, тілдік, мәдени, діни әралуандылықты мойындау негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың азаматтық қағидаттарын бекітті.

Конституцияда қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және қазақстандық патриотизм ұғымдары бекітілді.

Қазақстанның жаңа елордасы - Астана қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудың айшықты символына айналды.

Екіншіден, бүгінде Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей үлгісі табысты іске асырылды. Оның авторы және архитекторы - Елбасы Н. Ә. Назарбаев.

Көпэтносты және көпконфессиялы қоғамды топтастыру үшін ҚХА институты ойдағыдай жұмыс істеп келеді.

ҚХА қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту ісінде басты рөл атқарады, қоғамда тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін конституциялық орган болып саналады.

2007 жылдан бастап ҚХА Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне өз өкілдерін жібереді.

ҚХА мәртебесі «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы
20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.

Қазақстанда тұратын барльіқ этностардың мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін қолдау және дамыту жүйесі қалыптасты.

Барльіқ өңірлерде 900-ден астам этномәдени бірлестік, 192 этноағарту кешені мен достық үйлері жұмыс істейді.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтар, ҚХА қоғамдық келісім кеңестері, ҚХА Аналар кеңесі, ҚХА Медиация орталығы, ҚХА Журналистер клубы, ҚХА кафедралары, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы қомақты үлес қосып отыр.

ҚХА қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Елбасыінің жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Осыған ұқсас құрылымдар Астана, Алматы қалалары мен облыстар әкімдерінің аппараттары жанынан да құрылды.

Бірлік пен келісімнің «Бірлік - әралуандылықта», «Бір ел - бір тағдыр» сияқты тұғырлы қағидаттары қалыптасты.

Үшіншіден, байыпты мемлекеттік тіл саясаты жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандықтарды біріктіруші басты фактор болып саналатын қазақ тілін одан әрі дамытуға барльіқ күш-жігерді жұмсау қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Сонымен бірге, елімізде тұратын барльіқ этнос өкілдерінің өз ана тілінде еркін сөйлеуіне, оқуына және тілдерін дамытуына қолайлы жағдай жасау қажет.

Тілдерді қолдану және дамытудың, білім мен ғылымның 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламалары іске асырылуда.

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беруді дамытуды қоғам бірлігінің және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кепілі ретінде белгілеп берді.

Төртіншіден, Қазақстан қоғамын әлеуметтік жаңғыртудың бағыты ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының қағидаттары әзірленді.

Қазақстан Республикасының Елбасыі Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты 2012 жылғы бағдарламалық мақаласында еңбек жаһандық бәсекелестік жағдайында әлеуметтік игілікке жеткізетін, тұрақтылық кепілі ретінде орта тапты қалыптастыруды қамтамасыз ететін басты фактор ретінде аталды.

Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында экономика мен әлеуметтік саланы одан әрі дамытудың еңбек сапасы мен өнімділігін арттыруға бағытталған басымдықтары белгіленді.

Бесіншіден, «Қазақстан - 2050» стратегиясында Жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттары айқындалды, ол әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылудың басты шарты ретінде көрсетілді.

Жаңа қазақстандық патриотизмнің тұғыры - барльіқ азаматтардың теңдігі және Қазақстанның жемісті дамуына деген ортақ жауапкершілігі.

Алтыншыдан, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Елбасыі Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылды.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы - қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесі [1, 25] .

Бірінші. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана.

Екінші. Біздің қоғамдағы жалпыұлттық бірлік, татулық пен келісім. Азаматтық теңдік - табысты және орнықты мемлекеттің тұғыры.

Үшінші. Зайырлы қоғам және биік руханият.

Төртінші. Индустрияландыру және инновациялар негізіндегі экономикалық өсім.

Бесінші. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, онда еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет игіліктің негіздері болып саналады.

Алтыншы. Тарих, мәдениет және тіл ортақтығы.

Жетінші. Ұлттық қауіпсіздік, бүкіләлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге еліміздің белсене қатысуы.

Қазақстан бүгінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытудың жаңа сапалы кезеңіне аяқ басты.

Мемлекет құрудың жаңа сатысына көшу Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған бес институттық реформада белгіленді.

Жаңа кезеңнің мақсаты - болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру.

Жаһандық экономика мен әлемдік саясаттың қазіргі заманғы даму үрдістері жаңа қауіп-қатерлер туындатуда.

Бұл жағдайда мемлекет саясатының негізгі бағытының бірі ұлтты ұйыстыру болып табылады, ол азаматтық негізде неғұрлым тиімді жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Елбасыі Н. Ә. Назарбаев болашағы біртұтас ұлтты қалыптастырудың мынадай басты бағыттарын айқындап берді:

1) негізгі өзек - азаматтық қағидатына негізделген қазақстандық бірегейлік пен «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;

2) заң үстемдігінің жалпыұлттық құндылықтарын бекіту;

3) конфессияаралық келісімді нығайту;

4) орта тап - қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру негізі;

5) Қазақстанның барльіқ азаматтары үшін қандай да бір айырмашылықтар мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифтілер қалыптастыру;

6) тілдердің үштұғырлығын: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту [1, 32] .

Қазақстандық бірегейлік адамның тұлғалық және кәсіби өсуі үшін тең мүмкіндіктер жүйесіне, өзінің және балаларының қауіпсіздігі кепілдігіне, тұрмыс сапасына, тұрақтылыққа негізделіп қалыптастырылады.

Болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының бес институттық реформасының барлығын тиімді іске асыруға негізделеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Мәдени саясаттың модельдері
Ұлттық бірегейлікті қалыптастыру
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі
Этностық өзіндік сананың дамуы
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz