ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы


«ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы» немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы
Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-7
І. Ақпараттық қоғам жағдайындағы жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастыру мәселелері
1. 1 Жалпықазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны . . . 8-22
1. 2 Жалпықазақстандық мәдениет ақпарат кеңістігінде және мәдениетаралық сұхбат мәселесі . . . 22-36
ІІ. «ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасы» немесе Жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастырудың БАҚ негізінде насихатталуы
2. 1 «ҚР мәдени саясаты тұжырымдамасындағы» жалпықазақстандық мәдениет түсінігі . . . 36-40
2. 2 Жалпықазақстандық мәдениеттің әлемдік деңгейде БАҚ арқылы насихатталу негізі - ЭКСПО көрмесі . . . 40-50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51-53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54-57
КІРІСПЕЖұмыстың жалпы сипаттамасы : Адамзат мәдениеті өзінің мыңдаған жылдар бойыңдағы дамуында тас балтадан космосты игеруге дейінгі жолды жүріп өтті. Ол ешқашан да қозғалыссыз қалған емес: пайда болып, бір аймақтан екінші аймаққа таралып дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр yaқыттa да материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады және өз құрамына мәдени құбылыстардың ішкі трансформациясын, олардың уақыттағы өзгеруін, сонымен қатар, өзара байланыс, арақатынас, кеңістіктегі қозғалыс және т. б. сияқты сыртқы өзгерістерді де енгізеді. Осының арқасында мәдениеттегі қозғалыс, оның бір жағдайдан екіншісіне өту құбылыстары жүріп отырады.
Мәдени өзгерістер процесінде мәдени тәжірибенің әр түрлі элементтері туындайды, қалыптасады. Бұл элементтердің маңызы, ықпалы мен таралуы көбінесе олардың пайда болу көзімен тығыз байланысты болып табылады.
Өткен заман ескеpткішері арқылы көрініс тапқан құндылықтар мен символдар жаңа мәдениеттің маңызды факторларына айналып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ уақыт бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдени бірегейлікті қамтамасыз ететін тірекке айналады. Сонымен қатар, олар сақталып қана қоймай, келешек ұрпаққа өз мағынасын аша отырып, жаңаруы тиіс. Өткен заманның мәдени мұраларына назар аудару қоғамда қалыптасқан, әдеттегі мағыналар, нормалар мен құндылықтарды дамытуды қамтамасыз етуі керек. Бұл мағыналар, нормалар мен құндылықтар мыңдаған жылдар бойындағы бақылаудағы конондер, яғни ережелер мен үлгілерге айналады, оларды ұстану әдеттегі тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұзақ жылдар бойы сақталатын мәдени мұра элементтері мәдениеттік болмыстылықты қамтамасыз етеді. Болмыстылық құрамына тек мәдениеттің дәстүрлі құбылыстары ғана еніп қоймай, сонымен қатар, айтарлықтай маңызды элементтер: мағыналар, нормалар мен құндылықтар, қоғамдық институттар да кіреді [1, 99 -111 б] .
Тақырыптың өзектілігі
: Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы - біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде 140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды. Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс, тұрақсыздық пен қоғамдағы жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес, азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін уақыт көрсетіп берді.
Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін этносаралық қарым-қатынас, тарихи тамырлары мен қалыптасуы, қазақстандық үлгісі туралы бірқатар ғалымдар зерттеулерінде, қоғамдық-саяси шаралар туралы публицистикалық, ғылыми мақалаларда сөз болады. Алайда айтар ойы мен арнасы кең - ұлтаралық қатынас табиғатын толық ашу үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім мен негізгі идеясы жүйелі түрде жан-жақты әрі терең қарастырылуы қажет. Журналистика саласында арнайы зерттеудің нысанасына айналдыру міндеті осыдан туындайды.
Біз өз жұмысымызда негізгі бағыттарда ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге тырыстық.
Жұмыстың мақсат-міндеттері : Қазақстандық мәдениет мәдени өзгерістердің ең кең тараған бастау көзі болып табылады. Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмеңдегі факторлар арқылы анықтауға болады:
1. Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым - қатынаста, өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға алып келеді) ;
2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады) ;
3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени - әлеуметтік топтардың болуы) ;
4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті) ; [ 2, 218 б. ]
Мәдени динамика бүгінгі күннің ақпараттық төңкерілісі үстінде бұрын - соңды болып көрмеген қатты қарқынға ие болып отыр. Сондықтан да болар, қазірде мәдени динамикадан гөрі ғаламшарлық деңгейді танытатын жаһандану ұғымы кең танымал болып кетті.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында жалпықазақстандық мәдениет мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Қазақ халқының өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Жалпықазақстандық мәдениет мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
- Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
- Жалпықазақстандық мәдениет мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Жалпықазақстандық мәдениет жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Жалпықазақстандық мәдениетнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әлеуметтік қоғамдағы маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Жалпықазақстандық мәдениетнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - қазақ халқы, жалпықазақстандық мәдениет мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.
Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға Ф. Розенцвейг, Ф. Эбнер, Г. Марсель, М. Бубер, К. Ясперс ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау М. Бахтиннің, В. Библердің, Э. Гуссерльдің т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу әдісі: Жалпықазақстандық мәдениетнің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
- Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
- Жалпықазақстандық мәдениет мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Жалпықазақстандық мәдениет жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Жалпықазақстандық мәдениетнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Жалпықазақстандық мәдениетнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Ақпараттық қоғам жағдайындағы жалпықазақстандық мәдениетті қалыптастыру мәселелері
1. 1 Жалпықазақстандық мәдениеттің мәні мен мазмұны
Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың біртуар тұлғалары - Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. Байжігітов, Н. Сәрсенбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат мәдени мешеулікке алып келді.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз еңбектерінде халықты рухани-адамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қаланың» қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына «Адам бол!» деп нақты кеңесін берді, ал дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар- ұятта, ұжданда деп білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлға қалыптастыруға саяды. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр.
Тәуелсіздік алғаннан бері уақыт аралығында қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тағдыр тәлкегімен ұмытыла бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді және төл мәдениетімізді жаңғыртты. Еліміздің алдында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндеттер тұр: ұлттық мәдениет негізін құрайтын құндылықтарды қайтару; ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; тарихи шындықты қалпына келтіру; тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу; қазақ халқының асыл мұрасын барша халық, әсіресе еліміздің ертеңі - жас ұрпақ меңгеру және т. б. Осы міндеттерді шешу арқылы бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық намысы мен жігері бар, ұлттық құндылықтарға бай қазақ мәдениетін барша жұртшылыққа таныта аламыз.
Қазақстан бүгінгі таңда қарама-қайшылыққа толы қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, осы кезең үшін рухани-адамгершілік бағдарлардың жұтаңдануы тән. Осы келеңсіз жағдайдан арылу үшін бала тәрбиесінде ұлттық рухани- мәдени мұраларды игерту қажет. Ал, жаһандану үдерістерімен келген тұтынушылық психологиясы мен дарашылдық, өзімшілдік қасиеттер қазіргі жастардың санасын улайтыны анық. Сол себепті, қоғамда кісілік, ізгілік, қайырымдылық, құт, береке, төзімділік сияқты осыған дейін бәрінен жоғары тұрған құндылықтар өзгеріске ұшырауда.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан мәдениетінің алдында мемлекеттік дамудың 3 бағыты тұрды: Кеңестік заман мәдени саясаты бағытын жалғастыру. Мәдени дамудың қазақстандық жаңа үлгісін қалыптастыру. Мәдени дамудың батыстық үлгісін қабылдау.
Бастапқыда Қазақстанда осы үш бағыт қатар жүрді. Ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруге ұмтылушылықпен қатар қазіргі заманға сай озық батыстық өркениеттік құндылықтар мен жаңашылдықтар жөн-жосықсыз қабылданды. Кейінірек қоғамда осы үшеуіне ортақ белгілері бар мәдениет үлгісі қалыптаса бастады. Оған Қазақстандағы көпұлттылық өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал, дәстүрлі еуроцентрлік көзқарас ұлттың рухани құндылықтарының жұтаңдануына жеткізді.
Сондықтан да бүгінгі күннің басты міндеті ұлттық дәстүрді заман талабына сай өзгерте отырып, жаңартуды жүзеге асыру болып отыр. Қазіргі таңда республикада болып жатқан оқиғалар ұлттық-саяси өзіндік сананың, рухани мәдениеттің, ана тілінің және т. б. жаңарып жатқанын дәлелдеп отыр. Мысалы, қазақ халқының кезінде ұмыт болған ұлттық салт-дәстүрлері, әдет- ғұрыптары қазір ұлттық моральдық-адамгершілік құндылықтар ретінде қабылдануда. Ұмыт болған құндылықтарымыз оралды, тіліміз бен ділімізді сақтап қала алдық [4] .
Өзінің мәдениетін, тарихи даму жолын түсіну, өзінің әлеуеттік қабілеттері мен шынайы қызығушылықтарын уақыттың тарихи-саяси мәнмәтінінде сезіну қазақстандықтардың ұлттық-саяси өзіндік санасының басты компонентін құрайды. Нәтижесінде әр тұлғада ұлттық құндылықтар мен құндылықты бағдарлар туындайды. Этникалық мәдениетті зерттеуші ғалымдар оған әрбір ұлттың тыныс-тіршілігіндегі ерекшеліктерді сақтаушы негіз, бастау деп сипаттама бере отыра, оны ұмытқан, немесе жоғалтқан халық өз келбетінен, ерекшелігінен айырылары анық деп санаған.
Қазақстанның жаңа түсінігіндегі тұтастық түрлі ұлттар тағдырының әр алуандылығы мен өзара тәуелділігі ретінде қарастырылады, олардың дамуына жаңа серпін береді, ұлттық-саяси өзіндік санасының қалыптасуына және шынайы ұлттық құндылықтарды анықтауына жаңа түзетулер енгізеді.
Ұлттық-саяси өзіндік санада дәстүрлі ұлттық мәдениетті, сондай-ақ көне құндылықты түсініктерді жаңаша сезіну мен жаңарту осы өзгерістердің бастама негізі болып табылады. Сондықтан да ұлттық мәдениетті жаңарту қазіргі қоғам дамуындағы басты үрдіс болып есептеледі. Және жаңадан ұлттық мәдениет пен ана тілінің бірегейлігін сезіну қажеттіліктері пайда болады [5] . Осы мақсатта еліміздің білім беру ұйымдары білім алушыларда ұлттық рухты және ұлттық мәдениетті қалыптастыруда. Бұл істе тарихтағы ақ таңдақтарды, келеңсіз құбылыстарды жоққа шығармай, ұрпаққа мұра етіп қалдырған халықтың бай мәдени мұрасын игеру үшін, келешекке қадам жасау үшін өткенді саналы түрде саралап, талдауды қажет етеді.
Әрбір ұлттың ұлттық-саяси өзіндік санасындағы жетістік, қоғамдық өмірдің қай саласында болмасын, көп жағдайда бір ұлттың басқа ұлттан үстемдігінің көрсеткіші ретінде емес, өз ұлтының қазақстандық, адамдық өркениет процесіне қосқан үлесі ретінде қарастырылады. Қазақ жерін мекен етіп отырған қандай да бір ұлттың мәдениеті ескерілмеген жағдайда заманауи Қазақстан толық болмайды. Сол сияқты, халықтардың өткен тарихын ерекше құндылық ретінде жаңаша түсіндіру маңызды. Әрине, өткенді ұмытуға болмайды. Тарихта қателіктер мен қылмыстар, мәдени ескерткіштерді қирату сияқты орны толмас олқылықтар болды. Сол себепті де пайдалы іс- тәжірибемен қатар, келеңсіздері де болды, бұл - жеңістің ғана емес, жеңілістің де үлгілері еді. Қалай болғанда да бұлардың қай қайсысы болмасын - құндылықтар. Басқаша айтқанда, өткеннің еншісінде қалғанның барлығы да белгілі бір дәрежеде құндылық сипатқа ие болады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, зайырлы, унитарлық, ұлттық мемлекет құрамыз деген тұста жалпықазақстандық мәдениетіміз қандай болуы керек деген сауал туындап отырғаны заңды. Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт қызыл кеңестік саясат кезінде жоғалтқан қазақы салт- дәстүр, әдет-ғұрып, әдеп пен иман секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Нағыз Қазақ болудың, Мәңгілік Қазақ елі болудың алғы шарты міне осылар.
Тарихтағы «жаңа кезең» деп саналатын кезеңде белгілі бір саяси құрылыстар ғана емес, күллі қоғамдық тіршілік тұтастай түгел өзгеріске ұшырайды. Қазақстан бүгінгі таңда жаңару кезеңін басынан өткеруде. Ол ұлттық мемлекет идеясы - ұлттың дәстүрі мен салт-санасына, әдет-ғұрпына, мәдениетін өзіндік өзгерістер әкеледі. Ұлттық сана дегеніміздің өзі де әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған орай Ә. Кекілбаев айтқандай, «дәстүр- әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу - өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара- бар» - деген еді.
Ендеше, қолбайлау болатын жәйттерді жағдайға ыңғайлап жетілдіріп, немесе олардан арылып, жақсы қасиеті мен тәрбиелік мәні бар дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып, жарқыратып аша түсу қажет. Біздің ұлттық салт-дәстүріміз бен психологиямызда тәуір қасиеттермен қатар аяққа тұсау болатын кемшіліктер де жеткілікті. Тарихқа көз салсақ, отызыншы жылдары тап жауларын құрту жолындағы күресте «шаш ал десе, бас алған» солақай саясаткерлер ұлт зиялыларын жау санады, ата-бабадан қалған ұлттық салт-сана, мәдени мұралар қызыл идеологияның құрбаны болды. Соның зардабын бүгінгі күнге дейін тартып келеміз: ана тілімізден айырылып қала жаздадық, ұлттық мұраларды жастарымыз мұражайдағы жәдігерлер арасынан көретін жағдайға жеттік, батысқа еліктеген бауырларымыз ана тілінде сөйлемек тұрмақ, «қазақпын» деп айтуға намыстанатын болды. Мәдениетті ұлттық салт-дәстүр мен әдет- ғұрыптан бөлек алып қарау, ол орны толмас қателікке ұрындырады.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымымен «мазмұны пролетарлық, түрі ұлттық социалистік мәдениет» деген ұранмен мәдени геноцидті бастан кешірді. Оның салдары ұлттық сананың маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 90-жылдардың алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қайта жаңғырту барысында бұқаралық сипатта көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің «жемісі» - бұқаралық мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі мәдениеттің дамуына барынша кері әсерін тигізуде.
Ұмыт қалған дәстүрлер мен ұлттық дүниетаным ғылыми тұрғыда зерттеле бастады. М. Әлімбай, М. С. Мұқанов, Х. Арғынбаев, С. Қасқабасов, К. Н. Меңлібаев, С. Ж. Наурызбева, А. Сейдімбек, А. С. Сырғақбаева, Н. Шаханова т. б. еңбектерінде дәстүр философиялық, мәдениеттанымдық тұрғыда жан- жақты қарастырылады. Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұл халық - ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластыратын, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналыққа бабасынан, пәктікті баласынан алған халық.
Ұмыт болған дәстүрлеріміз, әдет-ғұрыптарымыз жаңғыртылып, наурыз, ораза айт, құрбан айт мерекелері жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық тарихи ақтандақтардың беті ашылуына байланысты кезінде кеңестік идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйттермен және есімдермен қайта қауышты. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ ұлтының асыл дүниесі - мәдени-рухани мұрасы қайта игеріле бастады. Қоғамның қазіргі таңда тәлім- тәрбие, үлгі өнегеге салт дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, діни салт жоралары осының барлығы Қазақстанның әр аймағында әртүрлі деңгейде аталып өтеді.
Ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлер жүйесін жаңғырту арқылы ғана кез- келген халық өзінің рухани мәдениеті мен өзіндік дүниетанымын қалыптастыра алады. Ата-бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық, ассимиляциялармен сипатталатын ұлттық трансформацияның келенсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал мәдени мұраға деген ілтипаттық және оны байыту жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке бірігу және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, оны дамыту арқылы ғана жүзеге асады [7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz