БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-6

І. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК, ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР МӘСЕЛЕСІ

1. 1 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасы немесе әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі . . . 7-37

1. 2 Ислам журналистикасы . . . 37-40

ІІ. ДІН ЖӘНЕ БАҚ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

2. 1. БАҚ-та діни тақырыптардың жариялануы . . . 40-45

2. 2. БАҚ және дін насихаты - Тәуелсіз Қазақстанда тұрақтылық пен келісім негізі . . . 45-58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-61

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды, күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезеңде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздігін, өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерін орындау үшін алғышарттар жасайды.

Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қоғамдық өмірде әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түсті. Қазіргі ХХІ ғасырда қоғамдағы адамдардың дінге деген көзқарастары біршама өзгерді. Яғни, Еуропаға еліктеушілік орын алып, өзіміздің салт-санамыз жоғалып бара жатыр. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, Қазақ халқының жүрегінен өшіп бара жатқан секілді.

Тәуелсіздік жылдары азаматтық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдарының күшеюімен бірге қазіргі Қазақстан үшін беймәлім, жаңа "дәстүрлі емес" діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ "Агапе" "Жаңа аспан" сияқты протестанттық шіркеулер, "Бахаи" "Сайтан шіркеуі", "Саен­тология шіркеуі" сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.

Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр. «Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.

Тақырыптың өзектілігі : Діннің адамды рухани тәрбиелеуде маңызы артып отырған бүгінгі заманда діни ақпарат БАҚ өнімдеріне немқұрайлы қарауға болмайды. Қоғамымызда діни БАҚ өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Атеизмнің билігінен құтыла салысымен елімізде түрлі діни басылымдар тарала бастады. «Дін-апиын» деп жар салған кеңес заманындағы атеистік қысымнан өткен қазақ зиялылары тәуелсіздік заманында түрлі ағымдарға еліктеп, елді елең ететіндей неше түрлі материалдар жариялай бастады. Бұл мақалалардың халықтың руханиятына, дүниетанымына орасан зор әсер етері анық. Яғни бүгінгі замандағы қоғамдық түрлі діни пікірлердің қалыптасуына осындай мақалалар өздерінің ықпалын тигізеді. Осы мақалаларды сараптау арқылы қазіргі қоғамдағы діни наным-сенім ерекшеліктерінің орын алу себептерін анықтай аламыз. Қазіргі заманда дін БАҚ-та аса өткір мәселе саналады. Қоғамдағы көп дау-дамай осы дін мәселесіне байланысты туындап отыр. Тәуелсіздік жылдарындағы БАҚ-та жарияланған діни мақалалардың саны мен сапасы, мазмұны жайлы жалпылама мәлімет жинауды жоспарлап отырмын және ол мақалаларды жариялаушылардың қандай дін ағымына жататынын анықтауды басты мәселесе санаймын. Мұндай мәліметтер қазақстанда жоқтың қасы болғандықтан бұл зерттеу аса құнды әрі маңызды деп есептеймін.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.

Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Жұмыстың мақсат-міндеттері : БАҚ-та Ислам тақырыбының кешегісі мен бүгінгісін саралау, қоғамдық, әлеуметтік, тарихи тұрғысынан шолу жасау. БАҚ-та ислам тақырыбының өзектілігін айқындау. Қазақстандағы БАҚ-дағы діни материалдардың тәуелсіздікке дейінгі және кейінгі ислам тақырыбын насихаттау ерекшеліктерін салыстыру. Осы арқылы қоғамдағы діни даулардың алдын алу, елді рухани біріктіру, еліміздегі діни конфессияларды ортақ келісімге шақыру жолдарын қарастыру.

Жұмыстың негізгі міндеті етіп ислам дінінің қазақ даласына келу туралы айту. Қоғамдық өзгеріс кезіндегі діни құбылыстарға саралау. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары БАҚ-тағы ислам дінінің қазақ қоғамына тигізген ықпалына шолу. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасы және БАҚ.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің жабылуында, Қазақстан Президенті өзінің сөзінде: «Дін атын жамылған бірлестіктер саны мен әсерінің арту проблемасына да назарларыңызды аударғым келеді. Ол барлық елдерде делік бар және негізінен әлемдегі барлық қиындықтарда арамтамақ болып отыр. Олардың көпшілігі танымал себептермен анау айтқандай қинатсыз емес идеясын насихаттайды, қайырымдылық шараларын жасағансиды, соның салдарынан тек қана азаматтық қоғамдағы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің сеніміне де селкеу түсіруі мүмкін. Біз мұндай ұйымдарға қарсы тұрып, азаматтарымызды кез келген жағымсыз ықпалдан қорғай отырып, олардың қызметіне тосқауыл қоюымыз қажет», - деген болатын. Жастардың дінге деген көзқарасы ең алдымен оның дінге алғаш рет қай тұрғыда бетпе-бет келгеніне (жеке өзі, отбасылық дауда және т. б. ), оған оның эмоциялық жағынан қалай әсер еткеніне, сол бүкіл ақпаратты санасында қалай қабылдағанына байланысты. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы да осында жатыр.

Жұмыс нысаны мен пәні : Діни басылымдар, тұрақты діни айдары бар газет-журналдар, діни сайттар, діни баспалар және жалпы кітаптарға шолу, діни және тұрақты діни бағдарламасы бар теле-радио арналар, олардың құрылтайшылары.

Журналистика, социология және дінтану салаларын қамту.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.

Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу әдісі: Дін мәселесінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК, ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР МӘСЕЛЕСІ

1. 1 «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң жобасы немесе әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі

Әр діни бірлестіктің нақты ұстанған жарғылары жазылуы тиіс. Діни бірлестіктер туралы Ата Заң ел егемендігінің алғашқы айында, 1992 жылы қабылданған. Ол кезде дін бірлестіктерінің саны небәрі 671 болса, қазіргі кезде ресми тіркелген діни бірлестік 5 мыңға тақайды, олар 40-тан астам конфессияларды құрайды. Қоғамның қызу талқысына түскен дін туралы жаңа заң қолданысқа енген күнде тіркелген ағым қайта тексерістен өтеді. «Мемлекет діни бірлестіктерден бөлінген», - деп бекітілген жаңа Заң жобасына сәйкес діни жоралар мен рәсімдерді мемлекеттік органдардың, қарулы күштер, құқық қорғау мен білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарында өткізуге шектеу қойылады.

Бұл заңның біздің қоғам үш­ін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жыл­жытуда айтарлықтай ықпал ете алады деп ойлаймын. Дін деге­ні­міз­дің өзі адамның тал бесіктен жер бе­сікке жеткенше өзімен бірге жү­ре­тін, жан-дүниесіне әсер ететін әле­уеті мол дүние ғой. Оған деген соңғы жылдардағы құрмет оның қай салаға да ықпалының күшті екенін көрсетеді. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті деп есептеймін. 1992 жылы тәуелсіздік ал­ған­нан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қор­ғауға әсер етуі тиіс еді. Солай бол­ды да. Соның арқасында талай-талай кесапаттарды заң тала­бы­мен ауыз­дықтап, халыққа оның зардабын аз тигіздік. Демек, ол дер кезінде қа­был­данған құжат бо­лып шықты. Бі­рақ уақыт өзге­р­мей, алдыға жаңа талаптар қой­май тұра алмайды. Бұл - өмір заңы. Сондықтан осыдан 19 жыл бұрын қабылданған құжатты қайта қа­­­рап, толықтыру бұл табиғи нәрсе. Сөз ретіне қарай айта кетейін, қазір еліміздегі заңнамалық ба­за­мыз 350-дің үстіндегі ұлттық заң­дардан тұрады. Соның көбін біз жетілдіріп, қандай да болсын өрке­ни­етті мем­лекеттің заңнамалық нор­ма­ларына жақындатып келе жатыр­мыз.

Осы­лар­дың ішінде Дін туралы заңды да жетілдіретін кез жеткен. Бірақ ол түрлі себептермен кешеуілдеп қал­ды. Соны пайдаланған түрлі, дәс­түр­лі емес діндердің ағымдары, олар­дың ішінде қоғам дамуына, ұлт­тық қауіпсіздігімізге, адамдар­дың денсаулығына кері әсер ететін секталар елімізде көбейіп, көңіл алаңдатарлық жағдайға жетті деп айтуға болады. 1992 жылы мәселен, бізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күні олар­дың саны 4551 болған. Солардың кейбірі қолданыстағы заңның әлсіз тұсын пайдаланып, елдің ішінде іріткі салуға әрекет ете бастады. Әсі­ресе, тіркелу мәселесінің бар­ын­ша солқылдақтығы, сырттан келетін миссионерлерге шектеулердің бол­мауы, олардың әкеліп, таратып жат­қан діни әдебиеттерінің мазмұнына ешкімнің назар аудармауы, міне, осы­­­ның бәрі діни бағыттағы ахуал­дың барынша күрделенуіне жол бер­ді. Тіпті, дін істерімен айналысатын өкі­летті органның да түрлі министрліктерге беріліп келуі бұл істерді реттеуде тұрақты мүмкіншілік ту­дыр­­мады.

Осылардың бәрі, сайып кел­генде, жоғарыда айтқан кемшіліктерді туғызды. Тіпті түрлі ағым­дар­ға ерудің әсерінен бір ауылдағы екі көшенің, бір отбасындағы ері мен әйелінің, ата-анасы мен бала­сы­ның арасы ашылып, кикілжіңге ба­руына жол берілді. Міне, осының бәрі қажетті заңның кешеуілдеп қал­­ғандығының салдары еді. Сондық­тан, осы мәселелерді реттеуге ба­ғыт­талған біздің заңымыздың маңы­зы өзінен-өзі көрініп тұр емес пе?

2006 жылы Президен­тіміздің Жарлығымен Азаматтық қоғамды дамытудың мемлекеттік тұ­жырымдамасы бекітілген бола­тын. Соның ішінде дін істері жө­нінде заң әзірленуі қажеттігі тиісті мемлекеттік органдарға жүктелген еді. 2008 жылы бір топ депутаттың ынтасымен қолданыстағы дін ту­ралы заңнамаға өзгертулер мен то­лықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді. Ол қалыптасқан тәртіп бойынша Мәжілісте қаралып, мақұлданды. Сенатта да бұл құжат барлық процедуралардан өтіп, қа­былданды. Бірақ оған Елбасы қол қоймастан бұрын халық арасындағы кейбір пікірлерге байланысты оның Ата Заңға сәйкестігін тексеру сұ­ра­лып, аталмыш құжат Конс­тит­у­ция­лық кеңеске жолданған болатын. Конституциялық кеңес 2-3 нормадан Конституцияға қайшылық тау­ып, 2009 жылғы қаулысымен заң­ның қабылдануына қарсылық білдірді.

Осы жағдай болмаса, ол сол кезде-ақ толыққанды, біткен құжат сияқты еді. Өйткені, 2006-2008 жыл­­дары оны дайындау өте қар­қынды, жан-жақты жүргізілген болатын. Біздің бүгінгі заң жобасын оншақты күннің ішінде, өте жылдам уақытта қарап шыққанымыздың өзі де, біріншіден, сол заң жобасын терең талдағандықтың арқасында мүмкін болды деп айта аламын. Екіншіден, Конституциялық кеңес те өзінің сон­дағы қаулысында жаңа заң қа­был­данатын болса мына мәсе­лелер­ге көңіл аударылса деген ұсыныстар жасаған еді. Заң жобасын әзірлеген топ сол ескертпелерді ескерген екен. Соның арқасында біз заң жобасын тез арада қарастырып, пысықтап жібердік. Әрине, мен бұл құжат төрт құбыласы түгел сай заңнама деп айта алмаймын. Оның да кезінде жетілдіруді қажет ететін тұстары бо­луы мүмкін. Өйткені, әр нәрсенің төрешісі уақыт екені даусыз.

- Мұндай мақсат заң жобасын әзірлеушілердің де, жұмыс тобының мүшелері - біздің де ішкі мақса­ты­мыз болғаны анық. Сондықтан да құжатқа зиянды ағымдардың жұ­мы­сына өркениетті жолмен тосқауыл қоя алатын тетік енгізе алдық деп айта аламын. Ол - діни бірлестіктер мен миссионерлердің қайта тіркелуін талап етіп, реттейтін норманың енгізілуі. Демек, аталған ұйымдар мен адамдар қызметін мемлекеттік қайта тіркеу арқылы, іс-қимыл­да­ры­ның заңға сәйкестігін анықтау жо­лы­мен біз зиянды әрекеттері бар ағым­дарды екшей аламыз.

Ал мемлекеттік тіркеуден өтпеген қандай да бір діни ұйым немесе миссионер тұяғын қимылдата алмайды. Нақ­тылап айтатын болсақ, біз діни бірлестіктерді 3 санатқа бөліп отыр­мыз. Олар - жергілікті, аймақтық және республикалық.

Жергілікті жә­не аймақтық діни бірлестіктер об­лыстардағы әділет департаменті бас­қармасында, ал республикалық деңгейдегі бірлестіктер Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Заң жобасында тіркеуден өту үшін діни бірлестікте қанша мүше болуы керектігі айқындалып және олардың бәрі кәмелет жасына толған Қазақ­стан азаматы болуы керек деген шарт енгізілген. Екіншіден, тіркелу үшін діни бірлестіктің жарғысы, тір­келуді күн тәртібіне қойып өт­кізген жиналыстарының хаттамасы, діни бірлестікке енуге ынта білдірген адамның сол жиналысқа тікелей өзінің қатысқандығы (осы талап заң жобасын талқылау кезінде жұмыс тобы мүшелерінің ұсынысымен енгізілді), үшіншіден ынталы болған адамдардың толық тізімі тапсы­ры­лады. Жарғының өзіне қандай талаптар қойылатындығы жөнінде заң жобасында арнайы бап бар.

Онда міндетті түрде Қазақстан азамат­та­рының барлық құқықтарын, соның ішінде демалу құқығын бұзып мезгілсіз уақытта діни уағыз айтып мазаламауын талап еткен және тағы басқа нормалар қарастырылған. Со­нымен бірге олардың алдағы жүргі­зе­тін жұмыстарына қандай әдеби және басқа құралдарды пайдалана­тыны жөнінде мәлімет беріледі, ал бұлар тіркелу барысында мамандар­дың қатысуымен діни сараптамадан өтіп, зиянды немесе зиянды емес сипаттары анықталады.

Осы жұ­мыс­тар үшін Дін істері жөніндегі агенттік өзіне бюджеттен бөлінген қаржы көлемінде дін саласында жүр­­­ген білікті мамандарды сарап­шы ­ретінде қаражат төлеп шақы­ра­ды. Сарап жұмысы бір айдың ішінде өткізіледі. Одан өткен соң да жарғыда кейбір күдік тудырған мә­селелер болса, үш ай мерзімге түзеп келуге қайтарылады. Егер осы мезгілде түзеп келмей, өздерінің әре­кеттерін жалғастыра беретін болса, ондай бірлестіктердің жұмысы сот арқылы тоқтатылады. Міне, ос­ындай жұмыстар арқылы біз қоға­мымыздағы зиянды діни ағымдарды ауыздықтап, оларды арамыздан аластармыз деген үмітіміз бар.

- Біз миссионерлік жұмыспен Қазақстан азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар айналыса алады деп жаздық. Бұл - Ата Заңымыздың нормасына сәй­кес келеді. Мұнда біз көпкон­фес­сиялы мемлекет болғандықтан еш­кім­нің діни сеніміне шек қой­май­мыз деген қағидатты басшылыққа алдық. Бірақ олардың тіркелуіне қо­йылатын талаптар да діни бірлестіктерге қойылатын талаптарға ұқсас. Өзгешелігі: шетелдік миссионерлер келгенде заң жобасына сәйкес Қа­зақ­станда тіркелген қандай діни бірлестік сізді шақырды, қолыңызда мөрмен бекітілген шақыру қағаз бар ма деген бірінші талап қойылады.

Ал егер шақыруы болмай, тек шетелдік озық тәжірибені тарату үшін келдім, біздегі діни бірлестік осын­дай жолмен жүргенде қоғам үшін пайдалы болды деген секілді мә­се­лелер айтса, оған да шектеу жоқ. Тек, заң талабы бойынша, қолында сол елде тіркелген діни бірлестіктің мүшесі және соның уағыздаушысы деген анықтамасы болуы керек. Егер осындай құжаты немесе ша­қы­руы бар адам болса, миссионер мұндағы әрекетінде өзін шақырған немесе діни мақсаты бір бірлестікке мүше болып тіркеледі.

Бүгінге дейін миссионерлер келіп жататын және оның немен айналысып жүргенін ешкім қадағаламайтын. Ал жаңа заң жоба­сы бойынша миссионердің әре­кет ете­­­тін аймағы, сондай-ақ қандай уа­ғыз айтып жүргені жөнінде оның өзі­не ғана емес, тіркелген діни бірлестігіне де жауапкершілік жүкте­леді. Заң жобасындағы жаңадан енгізілген та­лаптардың тағы бірі - миссионер жыл сайын өзінің әрекеті туралы Дін істері жөніндегі агент­тіктің ай­мақ­тағы мамандарына есеп беріп оты­рады.

Жұмысы дұрыс екен­­дігіне ма­манның көзі жетіп, оның зиян­сыз­дығы анықталса, мис­сио­нер­дің қайта тіркеуден өтіп, келесі жылға әрекет етуіне рұқсат беріледі. Ал теріс пиғылы анық­та­лып, тек қар­жылық пайдасын көз­дей­тіні, бі­реу­лердің на­ным-сенім­де­ріне қия­­­нат жасайтын­ды­ғы белгілі болса, оның әрекеті сот­тың шешімімен тоқ­­­та­­­ты­лып, өзін Қазақстан аум­а­ғы­нан шы­ғару туралы шешім қабылданады [1] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Егемен Қазақстан және Жас Алаш газеттерінің тарихи құндылықтары
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Қазақ медиасының шағын шежіресі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Жат діндер жарға жықпасын
Қазақстан мен Ұлыбритания бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлттық мүдде мәселелерінің берілу ерекшеліктері
Дін және бақ: кеше және бүгін
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz