ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ


ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ СИПАТЫНЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Дипломдық жұмыс
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-7
1 Қазіргі журналистикадағы ұлттық мәдениет сипаты . . . 8-221. 1 Ұлттық мәдениет және ғаламдық өркениет диалектикасы . . . 8-15
1. 2 Жаңа кезеңдегі ұлттық мәдениет сипатының журналистикадағы көрінісі . . .
. . . 15-22
2 Ұлттық мемлекет келешегі: Елбасы жолдауы негізінд . . . 23-53
2. 1 Ел келешегі жастарда: Елбасы жолдауы негізінде . . . 23-39
2. 2 Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет . . . 39-53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58-60
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Қазақ - Еуразия сахарасында өмір сүрген байырғы көптеген ру-тайпалардың ұзақ тарихи даму барысында біртіндеп біртұтастанып, ХV ғасырда дербес ұлт болып қалыптасқан ұлт. Ұлттық сана мен психология Қазақ хандығының немесе Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған басты фактор. Қазақ ұлты өздеріне тән этномәдениет негізінде қалыптасқандықтан оны «мәдениеттік ұлт», әсте, «мүдделі топтардың жиынтығы» емес деп санаймыз. Өйткені, Қазақ хандығы көшпелі мал шаруашылығы экономикасы негізінде 1465 жылы құрылды, ол кездегі қазақта жалпы елді ортақ бір мүддеге ұйыстыратын күшті экономикалық құрылым мен негізгі тетігі болған жоқ, бірақ оларда ортақ саяси мүдде мен этномәдени бірлік мықты болды. Міне, осы негізде Қазақ хандығы өмірге келді және дамыды. Американдық ғалым Данке Воигхт. А. Ростов: «Іс жүзінде субъективті факторлар әдетте (ұлт) анықтамасының шынайы негізі болады, ал «Объективті шарт-жағдай» әдеттегі түсініктерден әлдеқайда көп болады» [1], - деген екен. Объектившілік жақтаушылары ұлттарды анықтауда қандастық және географиялық қағидаларға сүйеніп, ұлттың қалыптасуы тарих дамуының табиғи (натуралды) туындысы деп есептейді. Бұрынғы кеңестік ғалым Р. Ф. Итс: «Ұлт деген ортақ биологиялық генезден шыққан адамдар тобы» [2], - деп түсіндіреді. Ал Сталиннің ұлт жөніндегі анықтамасы көпке мәлім. Қытай ғалымы Ван Ичжоу ұлт жөніндегі әртүрлі анықтамаларды қорытып: «Ұлт деген ерекше бір аумақта, мәдени және тілдік ортада пайда болады, ол үнемі қандастық, патриархалдық қатынастар арқылы ғана топтасып, белгілі ортақ тұлғаға (共同体) айналады. Ол өзінің дамып тереңдеуі барысында формациялық өзерістерге ұшырауы немесе (негізгі) буынан ажырап қалуы мүмкін, бірақ олардағы тарихта жетілген ұлттық сүйіспеншіліктерін үзіп тастау мүмкін емес. Соңғысы сонау баста-ақ ұлттың өмір сүруі мен ұлттық ынтымақтастықтың белгісі мен тірегіне айналған [3], - деп пайымдайды. Бұл пайым қазақ сияқты ұлттардың тарихи болмысына жауап бере алады.
Тақырыптың өзектілігі : Қазақтың ұлттық мәдениет ерекшеліктері олар өмір сүрген ортақ географиялық аумақта, тарихи тіршілік формасы мен тұрмыс формасы негізінде қалыптасқан. Қазіргі заманғы этнографияда мәдениет тұрғысынан ұлттық ортақ тұлғаны анықтайтын әдістер көп қолданылады. Бұл жөнінде Антони Смистің(Antony Smith) тамаша пайымы бар. Ол: «Ұлт дегеніміз мәдениеттік және қоғамдық ұғым, ол бір мәдениеттің және саясаттың өзегі, осы өзек ортақ мифті, жадыны, белгіні және дәстүрді тұтастай алып, аса беделді ортақ тұлға жасайды» [4], - дейді. Осындай көзқарас ұсынатындар, ұлтты мәдени, психологиялық тұрғыдан қарастырады да, мемлекет деген - ол саяси бірлік пен құқықтық ұғым, ұлттың тарихы мемлекеттің тарихынан ұзақ, кеңістігі одан да кең, ішкі мазмұны тіпті де гуманизмдік болады, ұлт пен мемлекет байланысты болуы мүмкін, сондай-ақ бір ұлт бірнеше мемлекетте тұруы да ықтимал. Қайда болса да оларды бір ұлт екенін айшықтап тұратын басты ерекшеліктер: олардағы ортақ тілі, ортақ ойлау жүйесі, ділі (менталитеті), психологиясы, әдет-ғұрыптары, дүниетанымы, тарихи жадысы және құндылық талғамдары деп санайды. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, айтылған ұлттық ерекшеліктер қазақ халқында Қазақ хандығы құрылғанға дейін негізінен қалыптасқан және Қазақ хандығы тұсында дамып жетілгенін байқаймыз. Мұны біз ұлттың ең негізгі ерекшеліктерін салыстыру арқылы анық байқаймыз. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін этносаралық қарым-қатынас, тарихи тамырлары мен қалыптасуы, қазақстандық үлгісі туралы бірқатар ғалымдар зерттеулерінде, қоғамдық-саяси шаралар туралы публицистикалық, ғылыми мақалаларда сөз болады. Алайда айтар ойы мен арнасы кең - ұлтаралық қатынас табиғатын толық ашу үшін бұл жеткіліксіз. Сондықтан, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісім мен негізгі идеясы жүйелі түрде жан-жақты әрі терең қарастырылуы қажет. Журналистика саласында арнайы зерттеудің нысанасына айналдыру міндеті осыдан туындайды.
Біз өз жұмысымызда негізгі бағыттарда ізденіс жасауға, зерттеу жүргізуге тырыстық.
Жұмыстың мақсат-міндеттері : Осы жайттарды айқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мақалаларды оқып қана қоймай қазіргі журналистикадағы ұлттық мәдениет сипатын айқындауға тырыстық. Сонымен қатар, тақырып аясында ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет диалектикасы жаңа бағытта талданды. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:
- Қазіргі журналистикадағы ұлттық мәдениет сипаты жайлы ғылыми тұжырымдарды басшылыққа алу;
- Ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет диалектикасы бірлігі мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
- Жаңа кезеңдегі ұлттық мәдениет сипаты жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
- Ұлттық мемлекет келешегін Елбасы жолдауы негізінде баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет бірлігіндегі қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын таныту.
Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау қазіргі қазақ журналистикасындағы ұлттық мәдениет сипаты мен ғаламдық өркениет диалектикасы, жаңа кезеңдегі ұлттық мәдениет сипатының журналистикадағы көрінісі, ұлттық мемлекет келешегі жайлы жазылған мақалалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы талданады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Ел келешегін жастар арқылы болжау принципі, ерекшелігі талданды. Жаһандану дәуіріндегі ұлттық мемлекет пен ұлттық мәдениет мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
- Қазіргі қазақ журналистикасындағы ұлттық мәдениет сипатын ашуда ғылыми бағыттар басшылыққа алынды;
- Ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Журналистикадағы ұлттық мәдениет жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Ұлттық мәдениеттің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлттық сана, ұлттық дәстүрдің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - қазіргі қазақ журналистикасындағы ұлттық мәдениет мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.
Сонымен қатар, тақырыпқа қатыст әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу әдісі: Журналистикадағы ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет диалектикасы: ұлттық мемлекеттің келешегі, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
- Қазіргі қазақ журналистикасындағы ұлттық мәдениет сипатын ашуда ғылыми бағыттар басшылыққа алынды;
- Ұлттық мәдениет пен ғаламдық өркениет мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Журналистикадағы ұлттық мәдениет жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Ұлттық мәдениеттің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлттық сана, ұлттық дәстүрдің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Қазіргі журналистикадағы ұлттық мәдениет сипаты1. 1 Ұлттық мәдениет және ғаламдық өркениет диалектикасы
Қазіргі заман мәдениетінде өзектілік танытып отырған мәдениет пен өркениет арақатынасы. Сонау романтизм дәуірінде алға көлденең тартылған осы бір мәселе бірнеше жүзжылдықты артқа тастап тағы да қайта көтерілгені заңды. Өйткені адамзат қазір технологиялық төңкеріліс куәгері болып отыр.
Батыс-христиан мәдени аймағындағы өркениет ұғымын білдіретін “цивилизация” сөзі “civil” - “азаматтық” деген түбірден шыққан. Ал оның түп этимологиясы “сыпайы”, бойына “тәрбиелі мінез баулынған адам” дегенге апарады. Ал, шығыстық, нақтырақ алар болсақ, араб-мұсылмандық мәдени аймақта басым көзқарастар бойынша, арабтың «тамаддун» деген сөзі өркениет деген мағынаны білдірген. Ал сол сөздің этимологиялық тамыры «мадина» - қала деген сөзден шығып жатыр. Сол дериват түбірден құралған тамаддун - «қалалық болу, қалада жиналу» деген мағынаны беретін болған. Қарап отырсақ, араб-мұсылман дискурсивтілігінде мәдениет (маданият) пен өркениет (немесе “тамаддунның”) бір түбір сөзден таралып, бір негізгі құндылықты - қалалық өмір құндылығын паш етеді екен. Сондықтан болар, кейбір ғалымдар бұл сөздің лексикалық мағынасына мән беріп, өркениетті материалдық даму аясындағы мән-мағына тұрғысында түсіндіреді. Демек, өркениеттің негізгі белгілеріне олар көбінде материалдық жетістіктерді - қалалар, қатынас жолдарын, керемет зәулім сарайлар мен ғимараттардың салынуын жатқызады.
Өркениет ұғымы алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылатындығы да белгілі. Л. Морган мен Ф. Энгельстің (ХІХ ғ. ) өркениетті тағылық пен варварлықтан соң келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да «жоғары» сапалы қоғамның даму сатысы деп қарастыруы кездейсоқ емес. Мәдениет пен өркениет арақатынасы (бұл арақатынастың рефлексиясы емес, арақатынастың өзі) алғаш рет мәдениетті - адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық потенциалымен, ал өркениетті - азаматтық қоғамның тарихи процессімен байланыстыра бастаған Қайта Өрлеу кезеңінен көрініс тапты.
Ағартушылық кезеңде мәдениет өмірдің индивидуалды-тұлғалық және азаматтық-қоғамдық құрылымы деп қаралып, осыдан мәдениет пен өркениеттік даму процессі бір-бірімен сәйкес ендірілді. «Өркениет» терминін еркіндік, әділдік, құқықтық тәртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни, қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дәрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізді.
Шындап келгенде, “өркениет” ұғымы адамзат мәдениетіндегі “қалалық революция” (Л. Уайт) нәтижесінде орнықты. Қала - кейінірек “өркениет” деп аталған мәдениет түрінің орталығына айналды. Сол қалалар бастапқыда қолөнершілердің жинақталып тұрып жатқан мекені ретінде пайда болған еді. Қолөнершілер - бір кәсіпке арнайы маманданған адамдар шоғыры - қаланың алғашқы тұрғызушысы да, қаланың алғашқы тұрғыны да.
Жалпы, қолөнер мал шаруашылығы мен жер өңдеумен салыстыра алғанда сол дәуірдің инновациялық, жаңашыл әрекет түрі, жаңашыл экономика түрі болған еді дей аламыз. Өйткені, мал шаруашылығын былай қойғанның өзінде, тіпті, жермен айналысқан шаруашылық түрінің өзі де адамның көне әрі дағдылы, табиғи қажеттілік негізінде дүниеге келген, табиғаттан барды - жан-жануар мен жерді игеру негізінде пайда болған әрекет түрі. Ал қолөнер болса, шындығында, мән-мағынасы жағынан нағыз шығармашылық, жасампаздық танытатын әрекет түрі. Себебі ол табиғаттағы даяр дүниені алып, соны пайдалану немесе өңдеуді місе тұтпай, сол табиғатта бұрын-соңды болмағанды туындататын болған әрі қолөнер бұйымдары көбінде тікелей өмірлік қажеттіліктерді өтей де қоймаған нағыз мәдени бұйымтай болған. Соның нәтижесінде адамның өзіндік санасының өсуі орын алды, оның жаңа типі қалыптасты. Табиғаттан басыбайлы тәуелділік жібін үзгенін сезінген жаңа сана формуласын Протагор былай деп берген екен: “Адам барлық заттардың - бардың да, жоқтың да - өлшемі”.
Сонымен, нағыз қолөнершілер гильдиясы қалыптасқанда, яғни қолөнер әскери жорықтар мен жер өңдеу өнімдеріне керек-жарақтыны берумен ғана шектелмей, өз алдына кәсіби маманданған әрекет түріне айналғанда, көпшілік тұтынатын тауарды жасау ісін жолға қойғанда, сауда-саттық алмасу-айырбас мүмкіндігін беретін ақшалай делдалдыққа әкелгенде ғана қала қалыптасып, оның төңірегінде өркениеттілік үрдістер басталады. Ауыс-түйісті есептесу үшін ғылымдар ішіндегі ең дерексіз ғылым - математика дүниеге келеді. Жинақталған білім-ақпарат қорын келесі ұрпаққа мирас етудің жаңа тәсілі - хат, жазу-сызу пайда болады. Одан соң сол хатты таныту қажеттілігінен туындаған білім берудің әлеуметтік институты дамиды. Дінге қызмет етуден біржола кете қоймағанымен, ғылым, өнер бірте-бірте өз дербестігін сезіне бастайды. Сөйтіп, қолөнер дамыған жерде сауда-саттық қарым-қатынасы, есеп-қисап, жазу-сызу өрбиді, қалалар салынады, онда кәсіби мамандану процесі жүреді, білім беру ісі жолға қойылады, мемлекеттік қызмет түрлері көрініс табады. Бұдан біз термин этимологиясының бекерден бекер қала ұғымымен мойындаймыз.
Өркениет ұғымының анықтамаларының көптігі, оны түсіндіру барысында қалыптасқан көзқарастар мен сол көзқарас иелерінің негізін қалаған мәдениеттанулық мектептерінің де көптігі қарастырылып отырған феноменнің күрделі екендігін танытады. Бастапқыда өркениетті “алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі” деп жалпылай атап қоятын адамзат тарихының, мәдениетінің ең ұзақ та ең дерек-мағлұматы мардымсыз даму сатысына қарсы қою арқылы анықтап жүрді. Өркениетті, Г. Чайлд пікіріне сүйенсек, алғашқы қауымдық ұжымнан түбегейлі түрде ажырататын он негізгі өлшем бар көрінеді. Олар төмендегідей:
- адамдардың отырықшы ірі қонысының - қаланың болуы;
- өндіріс құралдарының жетілдірілуі;
- салық жүйесінің қалыптасуы;
- сауда-саттық, тауар айналымын қосқандағы экономика дамуының өрбуі;
- кәсіби маманданудың жүзеге асуы;
- жазу-сызудың пайда болуы;
- бірнеше ғылым түрлерінің дамуы (арифметика, геометрия, астрономия, философия) ;
- дамыған өнер түрлерінің кезігуі;
- әлеуметтік жіктердің пайда болуы;
- мемлекет институтының қалыптасуы.
Біздің пікірімізше, бұл өлшем-критерийлердің заманы әлдеқашан өтті, оны қазіргі қоғамдағы мәдениеттерге экстраполяциялаудың еш жөні жоқ. Өйткен себебі, біріншіден, жоғарыда баса айтқанымыздай, Г. Чайлд өркениеттіліктің бұл өлшемдерін архаикалық қоғаммен салыстыру үшін қолданған. Екіншіден, бүгінгі таңда осы аталған шамаларды өз дамуы барысында басынан өткізбеген бірде-бір мемлекет жоқ.
Айта кететін бір жай, өркениет өлшемін берген осы бір теория болсын, осы іспеттес, басқалары болсын өркениетке дейінгі қоғамды дәл суреттеп бере алмайды. Өйткені ол дәуір өркениетті дәуірден жүз есеге жуық ұзақ уақытты қамтиды. Антропогенезбен пара-пар келетін культурогенез, соңғы археологиялық мәліметтерге сүйенсек, 4 миллион жыл шамасын алып жатыр. Ондай ірі уақыт масштабын игеру мүмкін емес әрі ол туралы заттай-материалды айғақтар, жазба мағлұматтар жоқ деуге болады. Соның нәтижесінде ол дәуірді зерттеуге ғалымдар аса қатты ынтықтық танытып та отырған жоқ. Зерттеген күннің өзінде ол туралы тек болжам айту ғана мүмкін.
Қазақ тіліндегі “өркениет” сөзінің “өркендеу”, “өсу” деген мағыналық коннотациясы да өркениеттің мәдени дамудың белгілі бір алдыңғысынан гөрі кеңірек аймақты қамтып, көбірек байланыстар орнатып, жан-жағына таралуын білдіретіндігінен де біз тегі мәдениеттен өрбіген жаңа қоғамдық сатыны өркениет ұғымына сыйдырамыз. Өркениеттің де өзіндік кезеңдік ерекшеліктері бар. Мысалы, Г. Чайлдтың келтірілген өлшемдерін қазіргі өркениетті даму сатысына - ақпараттық өркениет сатысына сай дей алмаспыз. Қазіргі өркениеттілік өлшемдерін талдаушыларға, бұрынғыдай біржақтылық емес, мәдени релятивизм тән.
Американдық мәдениеттанушылар О. Тофллер мен Д. Беллдің адамзат тарихын индустрияға дейінгі, индустриалдық және постиндустриалдық дәуір деп үш сатыға бөлуі мәдени-экономикалық өзгерістер негізінде қоғамның өндіріс күштерінің өзгерісін көрсетеді.
Мәдениет философиясы аясында болсын, мәдениеттанулық теориялардың қайсыбірінде болсын мәдениет пен өркениетті антипод ретінде көрсету ыңғайы кездесіп отыратындығына қарамастан, мәдениет өркениет негізін құрайтындығын ешкім жоққа шығара алмайды. Өркениетті мәдениеттің сыртқы жамылғысы, бүркеніші деп қарайтын да ұстанымдар жеткілікті. Егер біз Шпенглерше мәдениетті рух ұғымы төңірегінде түсіндірер болсақ, онда өркениетті сол рухтың объективті заттық әлемде танылуы үшін керекті өзіндік бір тірі ағза деп аламыз. Рух түсінігіне сай, оның салыстырмалы тұрақтылығы туралы айта аламыз, ендеше, мәдениет туралы да мәңгілік категориясы тұрғысынан сөз ете аламыз. Ал сол рухтың материалдық қабығын құрастырып отырған өркениет үнемі өзгерістегі шындық. Себебі онсыз өркениеттің өзгермелі ортаға бейімделу мүмкіндігі азаяр еді.
Өркениет - ашық жүйе. Ал ашық жүйе әрқашан жаңа ақпаратқа ие, ал ақпаратты өңдеу үзіліссіз үрдісті талап етеді. Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі - қарым-қатынас, коммуникация қызметі. Өркениет өзінен басқа келесі бір өркениеттермен әрдайым түрлі деңгейлерде қарым-қатынаста болып отырады. Қарым-қатынас - өркениет болмысының міндетті шарты, тіршілік ету көзі. Өркениет теориясының іргесін қалаушылардың бірі А. Тойнбидің пікірінше, өркениетті қиыншылығы мол жол күтіп тұр. Адам жаңа нәрселерді жаратудан еш жалыққан емес, себебі бұл оның тумысынан берілген қасиеті. Сол жасампаз адамның шеберлігінің көрінісі болып табылатын өркениет үшін де жаңашылдық өркениеттілік өзегі.
Өркениет генезисі адамның өзіндік табиғат шектеулерін жеңуіне байланысты екі аспектіде көрінеді. Бір жағынан адам өзіне ішкі табиғатты бағындырып, қоғамдық болмыс дамуының ықпалынан босатылады, ал екінші жағынан, қоғамдық мәннің пайда болуы, адамнан өзінің жеке, ішкі табиғатына қожалық етуді талап етеді. Осы аспектілердің тұтастығы өркениет шартындағы қоғам мен адам дамуынан тұрады, олар біріге отырып қоғамдық байлықтың өндіріс үрдісін құрайды. Өркениет - бұл заңды нәтиже және адамдардың жасампаз іс-әрекеттерінің жемісі. Тек қоғамдық байлықтың жиналуы ғана адам өмірінен өркениеттік сапаның нышанын сездіреді. Өркениет құндылықтары - әлемдік байланыстардың дамуын қамтамасыз ететін әмбебап құндылықтар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz