Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-8

1 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҮЙЛЕСТІРУШІ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҮНДЕСУІНДЕГІ ОРНЫ . . . 9-31

  1. Қазақстандағы ұлттық, конфессиялық және мәдени көптүрлілігі . . . 9-19

1. 2Қазақстан халқы ассамблеясы - бейбітшілік пен ынтымақтастық негізі . . . 19-31

2 ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ . . . 32-53

2. 1 Жастар - әлеуметтік-демографиялық топ немесе Қазақстандағы жастардың бүгінгі жай-күйі . . . 32-47

2. 2 Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы . . . 47-53

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54-58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59-60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Сан ғасырлардан бері қазақтың даласына көптеген ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтары келіп орнығып, бір-бірімен тамыр, дос болып, тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр. Дархан көңілді, кең пейілді қазақ халқы оларға құшағын ашты. Ата-бабамыздың осы үлгісі, өзге халықтардың баласын дініне, тіліне, түріне, ұлтына қарамай бауырға басқан төзімшіл, толерантты мінез-құлқы бізге мұра болып қалды. Бұл - біздің тарихи қасиетіміз, өсіп, өркендеуіміздің бас ты негізі. Осы бірлік пен достықты тереңдете білудің арқасында біз көп қиыншылықтарды жеңе білдік» - деген болатын Елбасы Н. Ә. Назарбаев [1, 12] .

Осы ұлтаралық қатынастар жөніндегі тақырып қоғамдық саяси-әлеуметтік зерттеулердің өзекті мәселелерінің бірі ретінде саналады. Сы мәселе бойынша көптеген авторлар ұлтаралық қатынастар мәдениетін дамыту жөнінде өз еңбектерін жазды. Олар, Сужиков М. ”Напряженность или гармонизация? :Развитие межнациональных отнашении в Казахстане”, Кабульдинов. З. Е “Народ Казахстана:история и современность”, Садықов. Т. С. “Тарих тағылымы:Ұлтаралық қатынастар мәдениеті. ”Аяган. Б. ”Апогей и закат советского социализма” және т. б.

Қоғамды демократияландыру Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерінің қайта түлеуі және дамуы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің парасатты саясатымен көрегендік танытып, халықтың бірлігін нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясын құрды. Қазақстан халықтары Ассамблеясы 300-ден астам республикалық, аймақтық, облыстық, қалалық және аудандық ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз - Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгін әрбір ұлтқа мүмкіндік беріліп, жағдай жасалды. Өздерінің салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен тарихын дамытуға қамқорлық көрсетілуде. Бүгін Қазақстанда еліміздің этномәдениет әр түрлігінің қоғам дамуының оң факторына айналдыру мүмкіндігі бар. Барлық ұлттар мен ұлыстар - қазақтар, орыстар, украиндар, немістер және басқа да этнос өкілдері өздерін Қазақстан халқының жаңа мәдени тұтастығын құрастырушы ретінде сезініп отыр деуге болады.

Осының бәрі мемлекет басшысының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылығын сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Ұлттық БАҚ-тың атқаратын қызметі мен ерекшелігін айтар болсақ, 5 республикалық және 19 өңірлік ұлт тіліндегі газеттер бар. Олар «Уйгур авази», «Коре ильбо», «Deutshe Algemeine Zeitung», «Украінскі новини» газеттері және «Русский мир» журналы, тағы басқа да басылымдар жарық көруде. Сонымен қатар жыл сайын аз ұлттардың тілінде әдеби кітаптар шығарылады. Соның ішінде «Н. Назарбаев - ұлтаралық және дінаралық келісім үлгісінің негізін қалаушы»; «Қазақстан халықтары Ассамблеясы»; «10 жыл»; «Достық әлемі», «Планета дружбы» және көптеген дүниелер жарыққа шықты. Одан басқа республикалық деңгейде корейлердің, немістердің, поляктардың бірнеше съезі, ұйғыр, түрік, дүнген, курд, өзбектің мәдени күндері, татардың сабантой мен құрылтайы болып өткені баршаға мәлім. Сондай-ақ жыл сайын Наурыз, Масленица, Рождество сияқты мерекелерді атап өту игі дәстурге айналған. Республикамызда кәсіби 9 ұлттық театр және 471 ұлттық-мәдени орталықтар жұмыс істейді. Бұл барлық ұлттардың тілі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері, тарихы мен мәдениетін дамытуда көрініс табуда. Мұндай жағдай ТМД елдерінің бірде-бірінде жасалмағандығын атап өту керек [2, 24-26] .

Еуропа мен Азия қиылысында орналасқан көп ұлтты Қазақстан өңірі де халықтар достығының ортақ үйі болып, көпшілікті сан қырлы дәстүрлері және мәдениетімен таң қалдыруда. Батыс Қазақстан облысының ең басты ерекшелектерінің бірі - Ресейдің Астрахань, Волгоград, Самара, Саратов және Орынбор облыстарымен көрші. Бүгінде Батыс Қазақстан облысын өзін алсақ та, онда 90-нан астам әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, 30-дан астам ұлттық-мәдени орталықтар Кіші Ассамблея құрамында жұмыс істейді. Олардың қай-қайсысы болсын Қазақстанды өз Отаным деп санайды. Сонымен қатар өздерінің ана тілдерін, тарихи отандарының тарихы мен шежіресін, салты мен дәстүрлерін болашақ ұрпақтарына үйретуге, өз ұлттарының рухани тәрбиесімен тәрбиелеуге ынталы.

Әр облыс орталығында Достық үйі ашылып, жұмыс істеуде. Мұнда ұлттық-мәдени орталықтардың қолдауымен түрлі тақырыптарда дөңгелек стол, кездесу, әдеби шығармашылық кештер, дәстүрлі мерекелер, көрмелер мен байқаулар және тағы да басқа шаралар өткізіліп, мектеп оқушылары мен студент-жастар қатысуда.

Барлық ұлттардың өнерін дамытуда жыл сайын өткізіліп келе жатқан Қазақстан халықтары мәдениеті мен өнерінің фестивалі ерекше орын алады. Бұл мерекеге ұлт өкілдерінің көркем өнерпаздары, қол өнері мен ұлттық тағам әзірлеудің шеберлері қатысып, жеңімпаз танылуда. Фестивальдар халықтық мерекеге айналып, барлық ұлттардың рухани, мәдени байлықтары паш етіледі, оған әр ұлттың жас-кәрісі түгелдей қатысып, бұл үлкен қуанышқа ортақтасады. Көп тілде орындалатын сазды әндер, сырлы өлең жолдары, әсерлі билер олардың бойында бір-біріне деген құрмет пен ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін тәрбиелеуде. Мұның бәрі мәдениеттердің өзара байланысына, бірін-бірі толықтырып, байыта түсуіне ықпал етеді.

Республикамыздағы діни конфессиялардың ең басты ерекшелігі өзара сыйластық болып табылады. Рухани өзара түсіністік пен ұлтаралық келісім қоғамымызды татулық пен халықтар бірлігіне шақырып қана қоймай, өзге мемлекеттер үшін бейбіт елдің үлгісіне айналады. Республикамыздағы Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы ұлттық-мәдени орталықтарға көмек, тілдерді дамыту, жастар тәрбиесімен айналысатын ұйым болып табылады.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының арқасында басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынаста болу бізге халықтардың мәдениеті мен тарихын танудың сирек мүмкіндігін сыйлайды. Бұл бәрімізді бірлікке шақырып, ұлтына қарамастан жақындастырады. Достық қарым-қатынастар Қазақстанды Еуразиялық орталыққа айналдырып, рухани-мәдени тұтастығы мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Қазақстан халықтары Кіші Ассамблеясы көп ұлтты еліміздегі халықтар достығын нығайтуға, еліміздің өркендеуіне, Отанымыздың нағыз азаматтары мен патриоттарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Әрбір қазақстандық өзінің ұлттық ерекшелігіне қарамастан Қазақстан оның құқығы мен еркіндігін әрқашан қорғауға дайын тұрған мемлекет екенін сезінуі қажет. Тек сол жағдайда ғана қазақстандық патриотизм сезімін ұялату мен тәрбиелеудің негізі қалыптасады деген сенім білдіруге болады. Тек сондай жағдайда ғана еліміздің әрбір азаматы әлем танып отырған Қазақстан атты мемлекеттің азаматы болғандығын мақтан тұтар еді» деген сөзі де жалпы қазақстандық патриотизмді дәріптеудің маңыздылығын айқындай түседі.

Еліміз алдында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты тұр. Елбасы белгілеген стратегияны жүзеге асырудың көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігінсіз мүмкін емесін де ескерген жөн.

Сонымен, Қазақстан халықтары Ассамблеясы қазастандық патриотизмді және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, қоғамды саяси және экономикалық жаңғыртудың барлық міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының алдына қойылған басты міндеті қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін таныту еді. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы сарабдал саясат арқылы әрқайсымыз көп ұлтты және көп дінді мемлекет екенімізді байыптай отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тәжірибеге ие болдық. Қазақстан халықтары Ассамблеясы XXI ғасырда өркениетті елдердің өзі үлгі алатын бір айшықты кезеңге аяқ басты.

Біз ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік болып, босағасынан ырыздық-дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен бір-бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ынтымақ, береке, бірлік те халықтар достығымен нығаятындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қазақстан демократия жолымен қадам басып келе жатқан мемлекет. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуымызға еліміздегі ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Сондықтан республикамызда тұратын этникалық топтардың арасындағы бейбітшілікті сақтап қалу үшін бір - бірімізді жақсы түсініп, біз қазақстандықтар екенімізді, бір шаңырақтың астында тұратын біртұтас мемлекетті құрайтын халық екенімізді ұпытпауымыз қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда тұратын этникалық топтар арасындағы келісімділікті қамтамасыз ету. Еліміз бұрыңғы Кеңес үкіметі құрамында болған мемлекеттерде болып жатқан ұлтаралық қақтығыстардың қауіпті екенін бағалап, дер кезінде түсінді. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің ішкі саясатындағы өзекті бағыттардың бірі. Ұзаққа созылған әр уақыт кезеңдерінде бізде халықтар арасындағы қарым-қатынас ерекше дәстүр ретінде қалыптасқан. Қазіргі таңда Дүниежүзінде біздегі этникалық қарым-қатынастағы келісімділіктің қазақстандық моделін үлгі ретінде көрсетіп жүр. Тағдырдың тәлкегімен Қазақстанның территориясына көшіп келген этникалық диаспоралардың тұрмыс-тіршілігі бүнгі күнгі көп ұлтты Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі.

Ал, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тақырыбы шетелдік ғалымдар тарапынан мол зерттелген. Олардың аттарын тізіп шығудың өзіне көп уақыт кетеді. Ал, отандық ғалымдарымызға келетін болсақ, аталған тақырып бойынша бірлі-жарым еңбектер болмаса, арнайы ғылыми еңбектер, монографиялар мен диссертациялар көзге түсе қоймайды.

Әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық мәселелері Гуслякова Л. Г., Холостова Е. И., Зайнышев И. Г., Саппс М., Уэллс К., Фирсов М. В. және т. б. ғалымдар еңбегінде егжей-тегжейлі қарастырылған. Отандық ғалымдарымыз Аитов Н. А., Джаманбалаева Ш. Е., Ешпанова Д. Д., Нысанбаев А. Н., Калибеков Д. және т. б. еңбектерінде Қазақстан жастарының әлеуметтік-саяси бейнесі, олардың әлеуметтену жағдайы, жалпы проблемалары қарастырылған. Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу мәселесін арнайы зерттеу нысанына айналдырған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да осы тақырыптың дипломдық жұмыс объектісіне айналып отыруы кездейсоқтық емес әрі өте зәру болып табылады.

Тақырыптың мақсаты Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынастарын реттеудегі саяси-әлеуметтік мәселелерін жан-жақты ашып, жүйелі түрде көрсету. Отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріндегі жетекші ойларға, статистикалық деректерге, әлеуметтік зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып, Қазақстандағы жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу барысына ой жүгірту, басым бағыттары мен өзекті мәселелерін айқындау, әлеуметтік жұмыс жүргізудің тың технологияларын ұсыну. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бітіруші алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

- қойылған мақсатты барынша ашып көрсету, жұмыс тәжірибесін игеру үшін отандық және шетелдік авторолардың еңбектеріндегі деректерді шолып, өзіндік тұжырымдар жасау;

- әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық және методологиялық негіздеріне ғылыми талдау жүргізу;

- Қазақстан жастарының бүгіні мен болашағына ой жүгіртіп, олардың қазіргі саяси-әлеуметтік ахуалын, экономикалық жай-күйін ой талқысынан өткізу;

- жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жасап, оларды жұмыспен қамтудың тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;

- жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологияларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:

- рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған;

- совет кезеңіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізудің сәтті тұстары аңғарылып, тиісті баға берілген;

- әлеуметтік жұмыстың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған;

- Қазақстандағы жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған;

- жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Дипломдық жұмыс Жастардың әлеуметтік мәселелерін, олардың саяси бағдарын, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізу жайын қазіргі заман талабына сай, жаңаша көзқараспен зерттеген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихы, мемлекеттік жастар саясаты жүйесі, жастар социологиясы, сондай-ақ осы тақырыпта жазылатын болашақ диссертациялық жұмыстарда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағыжастардың жай-күйі, әлеуметтік мәселелері сөз болады.

Дипломдық жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі. Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және ғылыми таным принциптеріне негізделді, сондай-ақ хронологиялық және хорологиялық зерттеу тәсілдері де қолданылды. Сол секілді біз қарастырып отырған мәселені мүмкіндігінше объективтік тұрғыдан түсіндіруге бағытталған әрі жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.

Нақты деректерді зерделеу ғылыми зерттеуде талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру т. б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: МЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМДІ ҮЙЛЕСТІРУШІ ИНСТИТУТ ЖӘНЕ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҮНДЕСУІНДЕГІ ОРНЫ

1. 1 Қазақстандағы ұлттық, конфессиялық және мәдени көптүрлілігі

Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан - Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біз төзімді қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға ерекше мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел болатыны белгілі. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблеяның қызметі еліміз үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше [3, 142] .

Ассамблеяның негізгі функциялары мен өкiлеттiктерi:

1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;

2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм, мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту саласында шаралар әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

3) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;

4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм үлгiсiн елде және шет елдерде насихаттау.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды.

Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер төзімділікы қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше төзімділік қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел болатыны белгілі. төзімділікылық бізді ассимилиацияға түсірмеуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік саясатты барынша айқындап алуымыз шарт. Сонда ғана төзімділік біздің мақсат-мүддемізге жұмыс істейтін болады.

Қазақстан тәуелсіздік алған алғаш жылдары қабылданған, мемлекет қызметінің негізін қалайтын құжат болып табылатын Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамыту Стратегиясында ҚР Президенті Н. Назарбаев мемлекет дамуының жеті ұзақ мерзімді басымдықтарын атап өткендігі белгілі. Аталған құжатта аса маңызды басымдықтардың ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды бірігіп нығайту міндеттері көрсетілген; олар орындалған кезде осы және алдағы онжылдықтар ішінде ұлттық стратегия жүзеге асырылатындығы туралы да айтылған.

Бүгінгі күні Қазақстандағы төзімділік, бейбітшілік пен амандықтың көзі болып табылатын, қазіргі заманның нақтылығына айналған басты құндылықтардың бірі, бүкіл қазақстандықтардың ауызбірлігінің негізі және ел басшылығының ішкі саяси бағыттағы саясатының негізгі құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, еліміздегі төзімділік - Қазақстан Республикасының халықаралық кеңістіктегі оң имиджінің негізгі құрамдас бөлігі. Халықаралық қауымдастықта біздің елімізді мемлекеттегі ішкі саяси ахуалы аса қолайлы мемлекет деп біледі. Сонымен қатар, елімізде этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың жоқ болуы, ішкі саяси тұрақтылықтың нық орнағандығы елімізді 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекетті әрі аталған беделді ұйым Саммитінің өткізілу орнын таңдау барысындағы айқын алғышарттарына айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық үндесудің өз үлгісін қалыптастыра алды, оны басқа елдерге де өз саясаттарын қалыптастыру барысында пайдалану үшін ұсынуға болады: «Күні кеше ғана дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара құшақ ашқан бүгінгі Қазақстанның символындай болған дәл осы сәулетті ғимаратта бас қосқан ислам, христиандық, яһуди, будда және басқа дін өкілдері біз ұстанған осы саясатты ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің әлемдегі ең үздік моделі ретінде бағалап, Қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен келісім аймағы деп жариялады».

Осыған дейін аталғандай, Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлттар мен конфессиялар бейбіт өмір сүретін бірегей мемлекет ретінде сипатталады. Қазақстанның оң бейнесі мен еліміздің ішкі саясатындағы оң ахуал - ел басшылығының бабаларымыздың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген, дана саясатының нәтижесі деп білуге болады. Қысқаша айтқанда оны «төзімділік саясаты» деп атауға болады. Оның негізі еліміздің Ата Заңында келтірілген: «1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері мен себептері
Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар
Бірегейлік пен бірлікті қалыптастырудағы жастар саясаты басым бағыттарының баспасөзде берілу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz