Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 4-7

І. этнос, дін және діни толеранттылық мәселелері

1. 1 Этнос концепциясы және дін мәселелері . . . 8-30

1. 2 Діни толеранттылық түсінігі және оған жетудің жолдары . . . 30-36

ІІ. Көпэтносты қоғамдағы дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісі

2. 1 Қазақстандағы конфессияаралық және этникааралық келісім: қазіргі жағдайы және даму бағыттары . . . 37-39

2. 2 Діннің баспасөз арқылы қоғамға әсері . . . 39-47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48-50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51-54

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Бүгінде Қазақстан - бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.
«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.

Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадам-дар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Ел бірлігі - ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады - біз тек өмір сүреміз. Бірлігімізді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», - деді.

Тақырыптың өзектілігі : Қазақстанда қазақ халқының қалыптасқан сал­тының арқасында бүгінгі таңда діни шыдамдылық пен қоғам өмірінің осы саласындағы бейбіт қатар өмір сүруі сақталуда. Бұған айғақ ретінде шамамен теңдей дәрежеде діни бірлестіктердің санының өсуі мен қазіргі таңға дейін діни негізде айқын қақтығыс жағдайларының орын алмағандығын келтіруге болады. Алайда, бұл қоғам мен дін өзара қатынастарындағы түйіскен мәселелерінің жоқ екендігін білдірмейді. Бірнеше діни бірлестіктер тарапынан елдің қоғамдық-саяси өмірінде кейбір таласты мәселелер пайда болды. Аталмыш мәселе ұлттық құрылыс сұрағында аса өзекті болып табылады. Сондықтан да қайталап айтқаным артық болмас деп ойлаймын, қазіргі таңдағы аймақтағы жағдай мен еліміздің модернизациялану процесі барысында бұл мәселенің талқыланып, кейбір шиеленісті сұрақтарының ше­шімін табу кезек күттірмейді.

Көне дәуірден ұрпақ үшін өмір сүрген ғұлама халық - қазақ халқының ерте дәуірде қиялы мен шығармашылығы өте дамыған күйде болғанын олардың сан мыңдаған туындылары дәлел болса, оның ел бірлігіне де әсері мол болғаны анық. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.

Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Жұмыстың мақсат-міндеттері : Осы жайттарды айқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мақалалардыарды оқып қана қоймай, көпэтносты қоғамдағы дін, толеранттылыққа жетудегі дін мәселесінің баспасөздегі көрінісін, оның жайын айқындау болмақ. Әрине, бұл жағдайда қазақ халқы талай нәубет жылдары ұлты мен тегіне қарамастан барлық ұлтқа құшағын айқара ашты. Оның пайдасы мен зияны таяқтың екі ұшындай болды. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
  • Дін мәселесі жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Толеранттылыққа жетудегі қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын таныту.

Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау қазақ халқының тарихи тамырлары мен шығу тегі, этнос сөзінің этнонимі, дін жайлы жазылған мақалалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы талданады.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында көпэтностағы дін мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Көпэтносты қазақ жеріндегі дін мен конфессияаралық келісім өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Дін мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
  • Дін мәселесі жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
  • Толеранттылыққа жетудегі қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.

Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - көпэтностағы қоғамдық дін мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.

Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.

Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.

Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу әдісі: Діннің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:

  • Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
  • Дін мәселесі жайлы баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәні ашылды;
  • Көпэтностағы қоғамдық дін мәселелерінің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орны пайымдалды;
  • Толеранттылыққа жетудегі қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
  • Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. көпэтносты қоғамдағы дін және діни толеранттылық мәселелері

1. 1 Этнос концепциясы мен дін мәселелері

Бізді қоршаған тіршіліктегі құбылыстар мен оқиғалардың өзгеруі өздігінен себеп-салдарсыз болмайды. Ол белгілі бір объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асып жатады. Сол сияқты адамзат та дами келе объективті түрде көптеген әлеуметтік қауымдарға бөлініп кетеді. Солардың бірі этнос болып табылады. Ол әлбетте, таптар мен әлеуметтік топтардан бөлек бір қатар айрықша ерекшеліктермен сипатталады. Өз заманында көне гректер басқа халықтарды атау үшін «этнос» сөзін қолданған екен. Оның латынша аналогы - «natio». Грек тілінде халықты бейнелейтін «лаос» - «тұрғындар», «демос» - «азаматтардың жиынтығы» сияқты басқа терминдер де болған, бірақ бұл терминдер әлеуметтік сипатқа ие еді. Орыс тілінде бұл терминнің баламасы ретінде ұзақ уақыт бойы «халық» ұғымы қолданылған. «Народ» сөзінің түбірі «род» екендігі сондай-ақ көрініп тұр емес пе? Этнос термині XIX ғасырдың соңынан бастап қана ғылыми айналымға енгізіле басталған. Бірақ бұл терминнің мазмұнын ашып беруде осы күнге шейін ғалымдардың пікірлерінде бірізділік жоқ.

Кеңес этнографтарының мектебі этнос терминін «Примор-диализм» аясында қарастырды. Ол бойынша, индивидтердің бір этносқа жататындығының белгілерін анық санамалап беруге болады. Бұл тұрғыдан келгенде этнос объективтік шындық болып табылады, өйткені адам этникалық тегінің негізін табиғаттан немесе қоғамнан табады. Сондықтан этностықты қолдан жасауға яки оны жарандарға таңуға болмайды. Этнос - нақты және регистрацияланатын нышан-белгілерге ие қауымдастық. Эволюциялық-тарихи бағытты ұстанушылар этностарды тарихи үдерістің нәтижесінде пайда болған әлеуметтік қауымдастықтар ретінде қарастырады. Әлеуметтік-биологиялық бағыт этникалықтықты адамның биологиялық мәнімен байланыстырады. Ол бойынша, этникалық тек примордиалдық сипаттас болып келеді, яғни ол адамдарға әуел бастан-ақ тән нәрсе. Этногенездің пассионар-лық теориясы бойынша, этнос - тәртіп пен мінез-құлықтың соны таптаурынды-жаттандылығы негізінде табиғи түрде қалыптасатын ұжым. Мұнда ол өзін барша ұжымдарға қарсы қойып, өзінің өкілдеріне арнап ортақ этникалық дәстүрлерді қалыптастыратын құрылымдық тұтастық ретінде көрінеді[1] .

Этностың дуалистік тұжырымдамасын Ю. В. Бромлей ұсынған. Оның пікірінше, тар мағынада этнос өзінің бірлігін және басқалардан айырмашылығын түсінетін, өздік санасы мен өзіндік атауы бар, тарихи территорияда қалыптасқан тұрақты және ортақ мәдениеті-психикасының ерекшеліктеріне ие адамдардың ұрпақтараралық қалыпты жиынтығы. Мұны «этникос» деп атаған. Ал, кең мағынада (этникостың бөлігі ретіндегі) этнос бір мемлекеттің шегінде өмір сүретін этно-әлеуметтік организм болып табылады.

Пьера ван ден Бергенің (Pierre L. van den Berghe) теориясы бойынша, өзінің гендерін келесі ұрпақтарына бере отырып, бауырлары мен туысқандарының аман қалуы үшін өзін құрбандыққа шалуға дейін бара алатындар өзінің генофондының өсуін қамтамасыз етеді. Мінез-құлықтың осындай типі топты эволюциялық жағынан тұрақтырақ етеді, сондықтан да «альтруизм гендері» табиғи сұрыпталу арқылы жалғастырылады[2] . Этникалықтықтың құрылымдық теориясы да бар. Мысалы, В. А. Тишков этникалық қауымдастық - бір атауға, мәдениеттің ортақ белгілеріне, шығу тегінің бір екендігі туралы аңыздарға, олай болса бірдей тарихи жадқа ие, өздерін белгілі бір айрықша географиялық территориямен байланыстыратын, сондай-ақ топтық ниеттестік сезімін білдіре алатын адамдар тобы деп түсінеді. Ал, инструментализм тұжырымдамасында этностың анықтамасы берілмеген, ол этникалықтықтан адамдар өз мақсатына жету үшін, әсіресе этникалық элитаның билік пен артықшылықтарға ие болу үшін құрал ретінде пайдаланатынын тілге тиек етуде[3] .

Зерттеушілер этностың гомеостатикалық және динамика-лық түрлерін тілге алуда. Біріншісіне табиғатпен қатынасында тепе-теңдікті сақтап, оны аялайтын этнос жатады. Екіншісі - өзінің дамуына табиғатты бұзу мен бағындыру арқылы қол жеткізетін этнос[4] . Дм. Крылов гетерономдық және автономдық этностар жөнінде сөз қозғайды. Бұларға төменде арнайы тоқталып өтеміз.

Мұнда алғашқы зерттеушілердің бірі С. М. Широкогоровтың (1887-1939) анықтамасын тілге тиек етуге болады: «Этнос бір тілде сөйлесетін, өзіне тән (өзіндік) тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, рәсімдері мен дәстүрлер жүйесіне ие болған, өзінің тектік бірлігін мойындайтын кісілер тобынан құралады»[5] . Осы тәріздес анықтаманы белгілі этнограф П. И. Кушнер де берген. Автордың белгілі бір тарихи дәуірлерде бір халыққа тән болған ерекшеліктердің мүлдем жойылып кетуі немесе көмескі тартуы мүмкін деген пікірін терістеуге болмайды. Кейде, - дейді ол, - көптеген халықтар арасында таралған бір ұлттың белгілері мен ерекшеліктері сол халықтардың бірінің тұрмысына соншалықты орнығып алуының нәтижесінде сол халықтың маңызды этникалық белгісіне айналуы да мүмкін[6] .

Бұған мысалды өзіміздің, қазақтың тұрмысынан көптеп кездестіруге болады: толып жатқан кеңестік мерекелерді айтпағанның өзінде, орыстардан келген жаңа жылды 1-ші қаңтарда мейрамдау үрдісі немесе қазақтың бірде-бір шілдеханасы мен қоныс тойының арақ-шарапсыз өтпейтіні, оның «атасының асына» айналғаны қашан. Сондай-ақ ресми қонақтарды нан-тұзбен қарсы алу қазақта мыңдаған жылдар желісінде өріс алған дәстүр ме еді? Осыларды ойласатын кез келді. Орыста мейрам көп, қазақта айран көп дейтін сөздің мағызын шағып жаңа жылды басқа айға, күнге көшіру керек те шығар. Себебі, мұның христиан дінімен байланысты жақтары да бар ғой. Опера туралы да осыны айтуға болады. Ол Италияда шіркеулік насихаттың бастапқы жоралғыларының бірі ретінде пайда болған. Енді келіп кейбіреулер оны бүкіл халыққа классикалық өнер ретінде таңып-таныту үшін өңешін созып даурығуда.

Белгілі этнограф С. А. Токарев этносты экономикалық және бірқатар әлеуметтік қатынастар түрлерінің нәтижесіне негізделетін кісілер қауымы[7] деп түсіндіреді. Бұл жерде авторлардың экономикалық қатынастар бірлігін этникалық қауымдастықтың белгісі ретінде көрсетуін орынсыз деп білеміз. Себебі, бұл бірлік этностың белгісіне жатпайды. Экономикалық қатынастар бірлігі бір территорияда қалыптасқан этностың кейінгі дәуірлердегі болмысына әсер етіп, топтастыратын факторлар мен алғышарттар болып табылады. Осынау идея көптеген этнологтар тарапынан 1990 жылдардан бастап мойындала бастағандығын атап өткен жөн. Ал шет елдерде мұндай түсінік баяғыда-ақ орныққан болатын. Этностың параметрлері ішінара формациялық факторлармен де аңықталады. Бірақ бұл жайт этникалық қауымдастықтың салыстырмалы түрдегі дербестігін терістей алмайды деген пікірлер тіпті 80 жылдарда анық, ашық айтыла басталған еді. Формациялардың ауысуы тұтастай бір этникалық қауымдастықтың түбегейлі өзгеруіне әкелмесе керек. Этностың кейбір элементтері оның дамуы барысында формациялық процестен «озып кетуі» мүмкін, ал басқалары өзгеріске ұшыраған факторларға ілесе алмай «артта қалуы» да ықтимал. Демек, экономикалық қатынастар этностың белгісі бола алмайды деген пікір қалыптасты деп айта аламыз, мұның өзі этнология ғылымының жетістігі болып табылады.

В. И. Козлов этникалық қауымдастықтарды типтендіру проблемасын формациялық тұрғыдан шешеді, этностардың негізгі тарихи бес типін саралайды. Мұндай тұрғыда әлеуметтік-экономикалық параметрлер негізгі өлшем ретінде қаралатыны түсінікті[8] .

Рас, адамдардың әлеуметтік-этникалық қауымдастықтары-ның пайда болуы мен алмасып отыруының негізінде материалдық игіліктерді өндіру әдісі жатады деген қағиданы толығымен терістеуге болмас. Бұл ретте Ю. В. Бромлей жаңа этностардың пайда болуы тиісті қоғамдық экономикалық формациялар алмасуының кезеңдеріне тұспа-тұс келеді деп жазады. Мәселен, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқан палеогенетикалық этностардың көбісі алғашқы таптық қоғамдар қалыптасқан кезеңдерде пайда болған (армяндар, поляктар, хорваттар, шотландықтар) . Қазіргі неогенетикалық этностар негізінен өтпелі дәуірлерде - капитализм қалыптас-қан кезде (ағылшын-канадалықтар, италяндықтар, француздар, бразилиялықтар), ал хакастар мен алтайлықтар - социализм дәуірінде орныға бастаған[9] . Осы тұста этностық белгілер мен этносты құрастыратын факторларды ажырата білген жөн. Ғалымдарымыз тарапынан мойындалған жәйттер мыналар: экономикалық тұрмыс бірлігі шын мәнісінде өз алдына этникалық ерекшелік болып табылмайды. Бірақ белгілі бір территорияда тұрақты экономикалық байланыстардың орны-ғуы этникалық қатынастардың қалыптасуы үшін қажетті объективті алғышарттарды жүзеге келтіреді. Этникалық қа-уымдастықтың қалыптасуының шарттары ретінде материал-дық игіліктерді өндіру процесінде пайда болатын байланыс-тармен бірге адамдық популяцияны өсіріп-өндіретін қаты-настарды - некелік қатынастарды да көрсетуге болады. Осы негізде және сыртқы ортаның әсерімен негізінен мәдениет саласында көрініс беретін таза этникалық белгілер бірте-бірте қалыптаса бастайды. Олардың ішінен ең маңыздысын, қалып-тасып болған этникалық ерекшеліктерді бейнелейтін, солардың мәні мен қорытындысы болып табылатын этникалық өздік сананы (немесе этностылықты) айрықша ажыратып көрсетуге болады.

Этникалықтың пайда болуына жәрдемдесетін факторлар-мен бірқатар оған кері әсер ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды да ажыратуға болады: оған жалпы этникалық мәдениет сипаттарының қалыптасуын баяулататын этнос ішіндегі сословиялық, касталық және басқалай кедергілермен байланысты болып келетін әлеуметтік жылжымалықтың (мобильность) төмен деңгейде болуын жатқызуға болады[10] .

Этникалық-мәдени параметрлер тұрақтылығымен сипат-талады. Ал әлеуметтік-экономикалық параметрлер тез-тез өзгеріске ұшырап тұрады. Сол себепті этникалық процестерде бой көрсеткен өзгерістер этностың әлеуметтік-экономикалық тарихындағы секірістерге ілесе алмай қалады. Этникалық процестер негізінен этникалық-әлеуметтік системаның дамуы барысымен сәйкес келеді.

Кей жағдайларда этникалық интеграциялық функцияларды экономикалық формалардан гөрі әлеуметтік-потестарлық (саяси) институттар жақсы атқарады. Белгілі бір халықтың этно-әлеуметтік тарихының бастапқы кезеңдерінде этно-әлеуметтік қауымдастықтың мүшелерін біріктіруде экономи-калық байланыстарға қарағанда потестарлық институттардың (саяси), басқаша айтқанда биліктің, жалпытайпалық, кейіні-ректе жалпымемлекеттік органдардың атқаратын рөлінің, әсіресе феодализм жағдайында экономикалық байланыстар-дың локальдық, «жерлестік» сипат алуына байланысты арта түскенін зерттеушілер жиі-жиі тілге тиек етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Көпэтносты Қазақстан жағдайындағы полимәдени тәрбие
Баспасөздегі діни идеология мәселелері
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілді басылымдардың пайда болуы
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Әлем журналистикасының тарихы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz