Қазақстан этностық ортақтығының БАҚ-тағы көрінісі тарихы, мәселелері, келешегі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан этностық ортақтығының БАҚ-тағы көрінісі: тарихы, мәселелері, келешегі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4-7
І. Ұлтаралық бірлік, яғни этностық ортақтық: тарихы, мәселелері . . . 8-35
- Қазақ халқы: қалыптасуы, ұлтаралық бірлік деңгейінің көрінісі . . . 8-24
1. 2 Көпұлтты Қазақстанның бүгіні мен болашағы . . . 24-35
ІІ. этностық ортақтық, бірлік ұғымдарының баспасөзде берілуі . . . 36-60
2. 1 Қазақ халқының этностық құрамы жайлы ғылыми тұжырымдар . . . 36-48
2. 2 Ұлтаралық ортақтыңтың баспасөздегі көрінісі . . . 48-60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61-62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63-64
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы : Бүгінде Қазақстан - бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.
«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.
Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадам-дар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы се-німді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Ұлтаралық ортақтық - ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады - біз тек өмір сүреміз. Бірлігімізді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», - деді.
Тақырыптың өзектілігі : Ұлтаралық ортақтық мәселесі қазақ халқының бастау бұлағындағы тарихи негіз. Ал сол халықтың пайда болуы, өсу жолы, даму тарихын білу - халық өмірінің айнасы, халықтың салт-дәстүріне, оның рухани дамуына тигізетін әсері орасан зор. Осыған орай бағзы дәуірден келе жатқан тарихи дамуды түсініп, талдау үшін, біз ең алдымен қазақ халқының этногенезімен танысып, деректерге қанық болуымыз керек.
Көне дәуірден ұрпақ үшін өмір сүрген ғұлама халық - қазақ халқының ерте дәуірде қиялы мен шығармашылығы өте дамыған күйде болғанын олардың сан мыңдаған туындылары дәлел болса, оның ұлтаралық ортақтықне де әсері мол болғаны анық. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Жұмыстың мақсат-міндеттері : Осы жайттарды айқындау үшін біздің алдымыздағы басты мақсат - зерттеу еңбектерді, мақалалардыарды оқып қана қоймай, қазақ халқының пайда болуы, ұлтаралық ортақтықнің баспасөздегі көрінісін, оның жайын айқындау болмақ. Әрине, бұл жағдайда қазақ халқы талай нәубет жылдары ұлты мен тегіне қарамастан барлық ұлтқа құшағын айқара ашты. Оның пайдасы мен зияны таяқтың екі ұшындай болды. Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:
- Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
- Ұлтаралық ортақтық мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
- Ұлтаралық ортақтық жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашу;
- Ұлтаралық ортақтықнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлтаралық ортақтықнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аудару;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын таныту.
Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау қазақ халқының тарихи тамырлары мен шығу тегі, қазақ сөзінің этнонимі, қазақ халқы жайлы жазылған мақалалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы талданады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында ұлтаралық ортақтық мәселесі әлеуметтік негізде жүйелі түрде зерделенді. Қазақ халқының өзіндік даму эволюциясы, идеясы, ұнамсыз қылықтарды мінеп-сынаудағы астарлап айту принципі, ерекшелігі талданды. Ұлтаралық ортақтық мәселесінің толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
- Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
- Ұлтаралық ортақтық мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Ұлтаралық ортақтық жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Ұлтаралық ортақтықнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлтаралық ортақтықнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыс нысаны мен пәні : Жұмыстың басты нысаны - қазақ халқы, ұлтаралық ортақтық мәселелері негізінде ғылыми-әлеуметтік сұрақтарды қарастыруға көңіл қойдық.
Сонымен қатар, тақырыпқа қатыст әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген публицистикалық мақалалар алынды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін ХІХ В. Гумбольдт еңбектері, бұл мәселеге Н. Я. Марр да ерекше мән берді.
Жалпы халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В. Фон Гумбольдт, И. Гердер, Г. Пауль, В. Вундт, Г. Штейнталь, Э. Сепир, Б. Уорф, А. Потебня т. б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Балақаев, К. Аханов, Т. Қордабаев, Ы. Маманов, Н. Уәлиев, Р. Сыздықова, А. Жапбаров, Ә. Болғанбаев, С. Исаев, А. Ысқақов, Р. Әміров, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу әдісі: Ұлтаралық ортақтықнің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
- Қазақ халқының тарихи тамырларына, қалыптасу генезисіне және әле қоғамдық даму эволюциясындағы ғылыми бағыттарды басшылыққа алынды;
- Ұлтаралық ортақтық мәселелерін зерттей отырып, оның отандық және әлемдік деңгейде дамуындағы орнын, сондай-ақ әлемдік әдебиет сахнасындағы орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
- Ұлтаралық ортақтық жайлы баспаөз беттерінде жарық көрген мақалалардың идеялық-тақырыптық өзгешелігіне, ондағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, тәрбиелік-өнегелік мәнін ашылды;
- Ұлтаралық ортақтықнің баспасөздегі көрінісін талдау үстінде оның әдеби процестегі маңызын көрсету, әлем тарихындағы алар орнын пайымдау;
- Ұлтаралық ортақтықнің қоғамдық көкейтесті мәселелердің көркемдлік шешіміне назар аударылды;
- Мәселені салыстыра-салғастыра зерттеп, толық табиғатын танылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
І. Ұлтаралық бірлік, яғни этностық ортақтық: тарихы, мәселелері
- Қазақ халқы: қалыптасуы, ұлтаралық бірлік деңгейінің көрінісі
Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО-дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі - дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол - кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.
Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ұлтаралық ортақтық мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.
Байқап қарасақ, бұл сөздердің бәрі де мұсылмандық ережелерге жатады. «Ар-ұждан» Алла Тағаланың әрбір жүрекке салып қойған ұлы механизмі. Әр пенде өз іс-әрекеттерін, шешімдерін осы ар-ұжданның сотына салып, оның дұрыстығын не бұрыстығын тексеруден өткізеді. Әркім туылған кезде берілетін таза мұсылмандық табиғатымен қоса берілетін ар-ұжданын бүлдірмей таза ұстауға тиіс. Ар-ұждан - Алланың ұлы нығметі. Ол болмаса, күнәнің - күнә, қылмыстың - қылмыс екенін ажырату қиын. Ар-ұжданды еш уақытта жалғанға жүрмейтін, бұра тартпайтын шыншыл төреші деп те баға берсек, болады. Адамды ақыл алдауы мүмкін, қайраты алдауы мүмкін, бірақ жүрегіндегі ар-ұжданы ешуақытта алдамайды. Сары би Сырымға соны ескертіп отыр. «Елге деген парыз» да мұсылмандық құндылықтар қатарына жататын ұлы ұғым. «Адамдардың ең жақсысы адамдарға ең пайдалысы» деген хадис түптеп келгенде, елге қызмет дегенге саяды. «Намысыңды жастай сақта» деген сөздің астары да өте терең. Қасиетті Құранда: «Нағыз мүминдер ар-абыройларын қорғайды» деген аят бар. Жігіттің намысы, қыздың абыройы Исламдағы бағалы құндылықтардың қатарына жатады. Адам өзінің отанын, туған жерін, отбасын, елін-жұртын дұшпаннан қорғауға ат салысса, ол да намысты қолдан Ол үшін қанша еңбек сіңгені, қанша уақыт кеткені, қанша ақыл жұмсалғаны айтпаса да түсінікті. Анық білетініміз сол - ата-баларымыз жүрген жерінде, отырған жерінде бос сөзге әуес болмай, тек қана пайдалы әңгіме айтуды әдетке айналдырған. Би-шешен, ақын-жырауларымыз, батагөй ақсақалдарымыз қашан да сөздің мәйегін қалқып, асылын теріп сөйлеген. Сөз асылын теріп айт, Ақын болсаң бал таңдай, Семізін сөйле сөзіңнің, Мың жылқының ішінде Он жылғы қысыр байталдай, - деп Базар жырау ақындарға биік талап қояды. Ендеше, шебер айтылған шешендік сөздер, мазмұны бай терме-толғаулар - бәрі де тәрбие үшін айтылған.
Ал осынша мол мұра қайдан шығып жатыр деген сұрақ тууы мүмкін. Біздіңше олардың қайнар бастауы имандылықта, мұсылманшылықта жатыр. Мәселен, мына бір шешендік өсиетті талдап көрелік. Тама елінде Сары би деген ақылгөй ақсақал өтіпті. Сол Сары би бірі Сырым балаға мынадай өсиет айтады: - Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады, - дейді. - Ол қандай сөз ата, айтыңызшы, дейді ұлы сөз дегенге қызығып қалған бала. Сонда Сары би: -Арлы-ұжданды бол! Елге деген парызыңды ұмытпа! Намысыңды жастан сақта! Халқыңды алалама! Жақыныңды жаралама! Қалысыңды қаралама !, - деп толғанады. Міне, осы сөзді Сырым шешен қартайған шағына дейін есіне сақтап келген деседі.
бермегендік. Халықты алалама деген өсиет те мұсылмандықтан алынған. Алланың шариғатында адам адамнан, ұлт ұлттан, қоғам қоғамнан артық саналмайды. Бәрі де Алла алдында тарақтың тісіндей тең. Сондықтан халықтың бірін бай, бірін кедей деп бөлуге немесе шенге, мансапқа қарап бөліп қарауға рұқсат жоқ. Мұхаммед Пайғамбарымыздың өзі: «Мен патша емеспін, өздерің сияқты адамдардың бірімін» деп қарапайымдылық қағидасын паш еткен. «Жақыныңды жаралама, Қалысыңды қаралама» деген өсиеттер де бауырмашылдыққа, ағайындыққа, туыстықа шақырып, өзіңнен төменге менсінбей қараудан сақтандырып тұрған үлкен ереже. Жинақтай айтқанда, осындай ұлы сөздерді бойына сіңіріп өскен халқымыз қанша тарихи зобалаңдардан өтсе де, иманынан, тектілігінен ажырамай келеді.
Ендігі кезекте қазақ халқының қалыптасу негізіне тоқталсақ, Шыңғысхан әскері Алтай мен Еділ аралығындағы үлкен территорияға басып кірмей тұрып-ақ, туыстас түркі тайпалары біріге бастаған болатын. Бұл процесс күннің-күнінде біртұтас халықтың, бұл жерде, қазақ халқының құрылуына әкелуі керек болатын.
Біріктірушінің ролін қыпшақ тайпасы атқарып, олар қыпшақ конфедерациясы деп өз аттарымен аталған мемлекет құруға қол жеткізді. XI ғасырда қыпшақ тайпалары Еділден өтіп, батысқа қарай жылжыды, ал XII ғасырға қарай Днепрге дейінгі жерлерде өз ықпалын жүргізді. Батыс пен шығыстың (ағылшын, француз, араб, парсы) тарихи деректерінде осы кезеңнен бастап XV ғасырға дейін Ертістен Днепрге дейінгі ауқымды кеңістік Дешті Қыпшақ даласы деп жазылған
Алайда, монғол шапқыншылығы жер бетінде Дешті Қыпшақ этносының құрылу процесін тоқтатып тастады. Шапқыншылық нәтижесінде өндіруші күштер әлсіреп, көптеген рулар басқа жаққа қашып кетті, тіпті, қаза болғандар да болды. Құрыла бастаған халықты қалпына келтіріп, оны дамыту үшін ұзақ уақыт пен алғы шарттар қажет болды және ондай алғы шарттар этникалық процестердің барысында пайда болды.
XIII - XIV ғасырларда Алтын Орданың күйреуінің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясында Ақ Орда, Моғолстан және басқа да мемлекеттер құрылып, сол мемлекеттерде қазақ халқының құрылуына негіз болған түркі тайпалары мен руларының этникалық түп-төркіні - этногенезі пайда болды. Сонымен бірге монғолдар басып алған жерлерде басқыншылардың, яғни, монғолдардың жергілікті халыққа кірігу процесі басталды. Бұл туралы XIV ғасырдағы араб тарихшысы әл-Омардың еңбектерінде өте жақсы жазылған: "Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған, ал монғолдар ол жерлерді басып алып, адамдарды өздеріне бағындырып алды. Кейіннен олар қыпшақтармен туысып, тура қыпшақтар сияқты, тіпті, бірге туғандай болып кетті . . . "
Ақ Орда әлсіз құрылым ретінде XIV ғасырдың басында бірқатар иеліктерге тарап кетті, оның ішіндегі аса ірілері - Ноғай Ордасы мен өзбек хандығы болды. "Ноғайлар" деген этноним XIII ғасырда өмір сүрген, Алтын Орда тарихында маңызды роль атқарған, нақты тарихи тұлға болған Ноғай ханның есімімен байланысты. 30 жыл бойы ол Алтын Орданың тағы үшін күресіп, ақыры қаза болады. Ноғайдың аты XIV ғасырдың аяғында Ноғай ханның ұрпақтары басқарған тайпалардың этникалық аты ретінде қайта жаңғырды. Ноғай ордасы Жайық (Орал) пен Еділ (Волга) аралығын алып жатты, кейіннен осы территорияларда қазақтардың этноқұрылымдарының бірі - Кіші Жүз қалыптасты.
1312-1342 жылдары Алтын Орданы билеген өзбек ханның атымен Дешті Қыпшақтағы тағы бір мемлекеттік құрылым пайда болды. өзбек хан өз кезеңінің көрнекті мемлекет қайраткері болды, ол қалалар тұрғызып, өнеркәсіп пен сауданы көтермелеп отырды, Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты, Иран мен Әзербайжанның тәуелсіздігі үшін табанды күрес жүргізді. XIV ғасырдағы парсы тарихшысы әрі географы Хамдаллах Казвинидің айтуынша өзбек хан билеген халық оның тірі кезінде де "өзбектер" деп аталған. 1335-1336 жылдары "әзербайжан" жорығына қатысқан сарбаздар да солай аталған. Осы тарихшы Алтын Орданы "Мамлякат - и - өзбеки" - өзбек мемлекеті деп атаған. Яғни өзбек сөзі халық атауын білдірмеген, олай деп шығу тегі бұрынғы қыпшақтар, арғындар, қоңыраттар болған өзбек ханның сарбаздары аталған.
Алтын Орда құлағаннан кейін XV ғасырдың басында Аралдың солтүстік жағасы мен Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағысынан . деңгейдегі этностарға тараған (мысалы, орыстардың арасындағы қазақ этнографиялық топтары) .
XIV ғасырдың 50-60 жылдары Қазақстанда халықтарды бөлу жүргізілді және өзбектер, өзбек-қазақтар немесе қазақтар деп аталып жүрген өзбек халқының халық болып қалыптасуы жалпы халқынан жекелеген этностарды қалыптастыру аяқталуы қажет болды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көптеген жолдар осыған бастады: этникалық территорияның шектері анықталды, соның нәтижесінде ортақ тіл қалыптасты, шаруашылық пен мәдениеттің түрлері, біртұтас материалдық және рухани мәдениет пайда болды, адамдардың санасында біртұтас халық болуға деген ұмтылыстың қарқыны күшейді. Тек соңғы күш қажет болды, ол күш қалың оқиғалардың арасынан жұлқынып шықты.
Әбілқайыр ханның (1428-1468) көшпелі өзбектер мемлекетін билеуі түрлі топтардың Жошы әулеті тармақтарының - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан ұрпақтарының қақтығысқан кезеңі болды.
"Қазақ" этносы мен Қазақ халқының халық болып қалыптасуы қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған.
Орталық билікке бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz