МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ

Дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 -7

І. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ - ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ
1.1 Қазақстандағы тіл саясаты және тілдік ахуал: кедергілері мен мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-20
1.2 Қазақстандық үштұғырлы тіл саясаты - тіл саясатының ерекше нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20-34

ІІ. БАҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ
2.1 Мемлекеттік тілдің отандық БАҚ-да насихатталуы ... ... ... ... ... ... ... .35-45
2.2 Тіл мәселесінің баспасөзде көтерілуі: Ана тілі, Айқын, Литер газеттері мысалннда ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54-55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56-57

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар.
Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген халықтар Академияларындағы ғылым атаулы тілді зерттеуден бастаған. Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық қызметі арқылы көрінеді. Жеке Тіл ұғымының да ауқымы кең ол көбінесе қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т.б.) жиі қолданылады. Жалпы Тіл ұғымына берілген нақты анықтама жоқ. Әр зерттеуші оны өз түсінігінше жеткізеді, Ғалымдар Тіл ұғымына 200 астам анықтама берген.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар білген құбылыстардың алуан түрін түгел қамтиды.
Яғни, тіл - әлеуметтік құбылыс. Марксизм классиктері - тіл мен ой тығыз байланысты, - дейді. Тіл басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен келіп туады. Тіл - адам қатынасының аса маңызды құралы,- дейді В.И.Ленин. Қазақ кеңес энциклопедиясында: Тіл - адам қоғамының ең негізгі қатынас құралы, - деп тұжырымдалады. Язык - система звуковых, словарных и грамматических средств, объектизирующая работу мышления, обмена мыслями взаимного понимания людей в обществе, - деп көрсетеді орыс тілінің түсіндірме сөздігінде.
Тақырыптың өзектілігі: Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік-саяси ахуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Бұдан тақырыптың өзектілігі туындары хақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Біздің зерттеу жұмысымызға дейін Тіл - қоғамдық құбылыс деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лннгвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.
Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Жұмыстың мақсат-міндеттері: Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.
Осы негізде мынадай міндеттерді алға тартамыз:
* Қазақ тілі дамуының тарихи тамырларына, ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
* Мемлекеттік тіл саясатын зерттей отырып, оның қазіргі қоғамдағы дамуындағы орнын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет деңгейіндегі орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
* Мемлекеттік тілдің отандық БАҚ-та насихатталуы, ондағы саяси мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, әлеуметтік мәнін ашу;
* Үш тұғырлы тіл саясатының қоғамдық орнын пайымдау;
* Тіл саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларға назар аудару;
* Мерзімді баспасөздер негізінде тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану негіздерін зерттеу;
* Мемлекеттік тіл саясатының толық табиғатын таныту.
Аталған мақсат-міндеттерді тиісті деңгейінде орындау үшін мемлекеттік тіл саясаты, тілді дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар, олардың көтерген тақырыптары мен идеялық ұстанымы, мемлекеттік тіл мәртебесінің көрініс беруі талданады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысында мемлекеттік тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі журналистика саласы аясында әлеуметтік тұрғыдан зерделенді. Тіл саясаты, үш тұғырлы тіл саясаты, мемлекеттік бағдарламалар, жалпы мемлекеттік тіл мәселесі талданды. Тіл саясатының БАҚ-пен қатынасының толыққанды зерттеу нысанасына айналуы жұмыстың басты ғылыми жаңалығы болып табылады. Әрі жұмыстың ғылыми жаңалығы көтерілген мәселелердің өзектілігімен айқындалады. Мысалы:
* Қазақ тілі дамуының тарихи тамырларына, ғылыми бағыттарды басшылыққа алу;
* Мемлекеттік тіл саясатын зерттей отырып, оның қазіргі қоғамдағы дамуындағы орнын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет деңгейіндегі орнын, өзіндік ерекшелігін айқындау;
* Мемлекеттік тілдің отандық БАҚ-та насихатталуы, ондағы саяси мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, әлеуметтік мәнін ашу;
* Үш тұғырлы тіл саясатының қоғамдық орнын пайымдау;
* Тіл саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламаларға назар аудару;
* Мерзімді баспасөздер негізінде тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану негіздерін зерттеу;
* Мемлекеттік тіл саясатының толық табиғатын таныту.
Жұмыс нысаны мен пәні: Жұмыстың басты нысаны - диплом жұмысы еліміздегі мемлекеттік тілдің орнын айқындау, оны дамыту теориялары және практикалық мәселелерін, Сонымен бірге тіл саясатын журналистика бағытында қалыптастырып, оның тамырларын тереңдетіп, зерттеуге арналған
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Тіл - қоғамдық құбылыс деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лннгвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да ерекше мән берді.
Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт, И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов, Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев, С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Зерттеу әдісі: Тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісін, қоғамда алар орнын, жалпы қоғамдық мәнін зерттеуде әлеуметтік-теориялық негіздеме арқылы хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі, комплексті, обьективті-аналитикалық талдау әдістері басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын орта, арнайы, жоғары мектептерге оқулықтар, оқу құралдарын жазуда, сондай ақ, мектепте тіл курстарын оқытуда, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде, арнайы курстар мен семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынуға болады:
* Қазақ тілі дамуының тарихи тамырларына, ғылыми бағыттарды ссараланып көрсетілді;
* Мемлекеттік тіл саясатын зерттей отырып, оның қазіргі қоғамдағы дамуындағы орнын, сондай-ақ мемлекеттік қызмет деңгейіндегі орнын, өзіндік ерекшелігін айқындалды;
* Мемлекеттік тілдің отандық БАҚ-та насихатталуы, ондағы саяси мәселесінің қойылуы мен шешіміне көңіл бөле отырып, әлеуметтік мәні ашылды;
* Үш тұғырлы тіл саясатының қоғамдық орнын пайымдалды;
* Тіл саясатын дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар басты назарға алынды;
* Мерзімді баспасөздер негізінде тіл саясатының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану негіздері зерттелді;
* Мемлекеттік тіл саясатының толық табиғаты танылды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ - ҰЛТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ

0.1 Қазақстандағы тіл саясаты және тілдік ахуал: кедергілері мен мүмкіндіктері

Арғы-бергі тарихтың қай-қайсысын алып қарасаңыз да қоғамдық өмір-дің қисыны тілмен тіндеспеген тұсы жоқ. Өйткені, тіл - адам бала-сының ғана емес, ұлт пен ұлыс, халық пен қоғамның да болмысын айқындайтын бірегей құбылыс. әлемдік тәжірибені алға тартар болсақ, адам-заттық құн-дылықтар қатарында оның ғылымнан, мәдениет пен өнерден де бұрын аталатыны белгілі. Ғылым да, мәдениет пен өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Технократия тылсымын тану үшін де тілдің көмегі керек. Тілді зиялы қауымының қауымының гума-нитарлық салаға қатысты үркердей тобының ғана талқанындай көру тым асылық екенін бұл жерде қайталап жатудың қажеті жоқ [5,8б].
Тіл білімінің негізгі және әлі де толық зерттелмеген саласының бірі - социолингвистика, яғни әлеуметтік тіл білімі. Социолингвистика тілдің қо-ғамдағы ролі мен оның дамуындағы бағыты. Тіл білімінде социо-лингвистиканың ғылым ретінде қалыптасу барысында бірнеше атауларға ие болды, солардың бірі: тілдің социологиясы, социологиялық лингвис-тика, социологиялық тіл білімі, лингвистикалық социология, лингво-социология, социолингвистика, социалды лингвистика және т.б.
Социолингвистика терминін ең алғаш рет 1952 жылы американдық зерттеуші Х. Карри өз еңбектеріне енгізген болатын. Зерттеушінің бұл тер-минді өз еңбектерінде еңгізу мақсаты - тілді қоғамдық құбылыс ретінде таныту. Совет тіл білімінде екі термин қатарынан қолданылып отырды. Біріншісі, социалды лингвистика, екіншісі, социолингвистика. Ал жоға-рыда аталып өткен терминдер тіл білімінде сирек кездеседі, яғни белгілі бір кезеңдерде қолданылған. Мысалы, 20-шы жылдың соңы мен 30-шы жылдың басында советтік тіл білімінде социалдық (социологическая) лингвистика, 40-60-шы жылдары тілдік социология (социология языка) термині қол-данылды. 60-шы жылдардың соңында социалды лингвистика (социальная лингвистика) және социолингвистика деген терминдер бекітілді [1,10-11б].
Бұл екі терминнің де көздеген мақсаты - тіл мен қоғамның өзара бай-ланысы. Яғни тілді қоғамның жемісі деп қарастырған. Сонымен бірге тілдің адамның жан дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретін саяси тетік ретінде пайдалану.
О.С. Ахманованың Словарь лингвистических терминов деген сөзді-гінде социоингвистикаға немесе социологиялық лингвистика терминіне екі мағынада анықтама берген: 1. Раздел языкознания, изучающий причин-ные связи между языком и фактами общественной жизни. 2. Раздел языко-знания, изучающий социальную дифференциацию языков, т.е. различные его социальные диалекты [2, 444б].
Ал 60-шы жылдары белгілі социолингвист акдемик В.М. Жирмунский социолингвистикаға мынандай анықтама берген: социолингвистика бір-бірімен байланысқан екі мәселені қарастырады:
1. Социалды дифференциация тілдің белгілі бір қоғамдағы тарихи кезеңдердің даму сатысын;
2. Тілдің социалды даму процесі, оның тарихын социалды құбылыс ретін-де [3, 14б]. Сонымен бірге В.М. Жирмунский социолингвистика ғылым-ының екі мәселесін көрсеткен - синхронды және диахронды. Бізге ең бастысы әлеуметтік тілдің дамуын тарихи аспектіден қарастыру.
Әлеуметтік тіл білімі терминдер сөздігінде диахронды әлеуметтік тіл біліміне мынандай анықтама берілген: (грек. dia арқылы + chronos уақыт) әлеуметтік тіл білімінің бір саласы, тілдің пайда болу заңдылықтары мен тарихи дамуын зерттейді. Сонымен бірге тілдің пайда болуы мен жойылуын, әлеуметтік тіл білімі аспекті тұрғысынан тілдің тарихын, ішкі және сыртқы факторлардың эволюциялық арақатынасын зерттейді [20, 39б].
Социолингвистика ғылымының оқу құралдарының авторы Б.Н. Голо-вин тіл социологиясы мағынасының міндеттерін кең және тар мағынада міндетті түрде ескерілуі керек деп есептеді. Б.Н. Головин тіл құрылымының айқын дамуына және қызметіне (сөйлеу қызметі) және тіл қызметінің со-циалды дифференциациясына назар аударып, тілдің социалды дифферен-циациясының жеті қырын бөліп көрсетті: а) территория бойынша диф-ференциация (ол жергілікті және территориялық диалект кезінде айқын-далады); ә) сөйлеудің материалдық көрінісінің түрі бойынша (ол жал-пы тілдің ауызша, жазбаша формаларын береді); б) сөйлеу процесінің құры-лымы бойынша (тілдің диалогтық және монологтық түрінде беріледі); в) социалдық ұжымның, яғни қоғамның шығармашылық типі бойынша (тілдің қызметтік стильдері түзіледі); г) адамдардың социалдық топтары, халық ты-ғыздығының социалды қабаты бойынша (бұл профессионалдық, сословия-лық, кластық түрлері); ғ) риторика жанры мен типі бойынша; д) риторика авторлары бойынша. Б.Н. Головинның көз қарасы бойынша, социолин-гвистика кең мағынада қоғам әсерінен тіл қырларының бөлінуі, олардың түрлерінің барлық системасын қамтуы қажет [4,45б].
Социолингвистиканың кең және тар мағынасында Б.Н. Головинді бәрінен бұрын бір әлеуметтегі екі немесе бірнеше тіл емес, бір тілдің (халықаралық немесе этнотіл) қызметімен байланысты қозғалыс тәртібінің мәселелері қызықтырады. Бұл анықтамада социолингвистиканың бірнеше міндеттемелері аталмаған, мысалы: тілдің социалдық пайда болуы мен дамуы, тілдің социалдық ролі және т.с.с..
Атақты кеңес тілтанушы, тілді тануға көптеген жылдарын арнаған Ф.П. Филиннің социолингвистика ғылымы жайында қоғамдық құбылыс туралы көзқарасын қарастыратын болсақ: Тіл - қоғамды жасушы, және онда бәрі қоғамдық. Бұл жағдайда социолингвистиканы қалай түсінуге болады? Бұдан екі мағына шығады: 1) тіл және оның құрылымы, басқа сөзбен айтқанда, социалдық тіл құбылыстарының қоғамға тәуелділігін зерттеу; 2) тілдің қоғамдық қызметтерін, оның қоғамдағы рөлі мен қоғамға әсерін зерттеу. Бұл екі мағына бір-бірімен тығыз байланысты және олар қоғамдық мәселелердің бір комплексін құрайды [6.131б].
Социолингвистиканың кең пәндік саласында атсалысқан кеңестік социолингвисттер Ю.Д. Дешериев, Л.Б. Никольский, А.Д. Швейцер және т.б. осы саланың негізі әртүрлі құбылыстар болып саналады деп есептеді. Сонымен, Ю.Д. Дешериевтің ойынша тіл қызметі мен дамуының қоғамдық және ерекше заңдылықтарын зерттеу социолингвистиканың пәні болып табылады. Ол былай деп жазды: тіл және оның құрылымының барлық деңгейінде көрінетін тілдің қызметі, дамуы және әсерінің қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарға қатысты әлеуметтік қатынастарды зерттеу социолингвистиканың негізгі пәні болып табылады.
Л.Б. Никольский ұлттық әдеби тілінің нормалары мен талаптары, сөй-леу формалары, тіл және диалект әсері мәселелері кіретін тіл мәселелеріне аса назар аударады. А.Д. Швейцер Ю.Д. Дешериевтің анықтамасын негізге ала отырып, біріншіден, тіл және қоғам арасындағы байланыстың екі жақты сипатын ашып көрсету, екіншіден, социолингвистика зерттеу аясында тіл құрылымындағы сөйлеу байланысы процесіндегі тілдің қызметтік қолданылуына және тіл құрылымына әсер ететін әлеуметтік факторларды, обьективтік және субьективтік факторларды айқындауды қажет етеді [1.15б]. Сонымен бірге шетелдік социолингвистерді атап өткен жөн. Олар: Д. Хаймс, У. Брайт, Дж. Фишман, Р.Т. Белл, Р. Берлинг, Д. Прайд, П.Трайджилл, т.б.
Қазіргі заман талабына сай ұлтаралық қарым қатынасты дамыту бүкіләлемдік ұйымдардың, үкімет пен парламент, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің назар аударуына ықпал етуде. Ұлтаралық қатынас бұл қоғамдық қарым қатынасты өрбітудің бір түрі. Ұлтаралық қатынас мемлекеттік жағдайда негізгі екі мағынаға ие. Біріншіден, мемлекеттік қарым қатынасты байланыстыратын, екіншіден, әр ұлт өкілдерінің қоғамдық байланысының бөлінбейтін бөлшегі.
Қазақ мемлекетінің Конституциясы 1 бөлімінде
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi.
2. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.
3. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп жазылған.
Қазақ тілі өзінің қайталанбас тарихы бар көркем тіл.
Қазақ тілімен бірге орыс тілінің ресми түрде қолданылатыны Ата заңымызда жазылған. Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағдыры - ел тағдыры екенін барша қазақстандықтар оң пікірмен қабылдауда, себебі тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.
Негізгі міндет - Тіл туралы Заң мен Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының іргетасын қалап берді.
Елбасымыз мемлекеттік тіліміздің болашағына сенеді. Үштұғырлы тіл саясаты негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасымыздың өзі: Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді-деп ескертті. Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым- қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие. Мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктіруші факторға айналдыру өзге ұлт тілінің есебінен болмайды, өзге ұлттар өз тілімен қатар мемлекеттік тілді меңгеріп, қостілді болуы шарт. Бұл - әлеуметтік сұраныс, өзге ұлт өкілдері осыны сезінуі қажет. Ғаламдандыру жағдайында мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерінен тұратын үштілділікті дамытудың қажеттігі айдан анық. Жалпы ана тілін еркін меңгеру және оны қоғамның түрлі салаларындағы қолданылуын кеңейту шаралары бірінші кезекте отбасынан, одан кейін биліктен бастау алуы керек. Отбасы мен билікке дейін (балабақша, мектеп, жоғары білім ордасы, қызмет) ана тілінің жүйелі арқауы тартылған жерде тіл еш уақытта ақсамас еді. Отбасынан бастау алмаған тіл жарытымсыз, салалық деңгейде ғана қызмет етеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін кәсіби талап қойылу керек деп ойлаймыз. Мысалы, тиісті құжатың болмаса, көлік рөліне отыра алмайсың ғой. Оны талап ету- кәсіби талап қою екені белгілі. Тілге де сондай талап керек.
Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі - Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейде танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әр түрлі бола түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.
Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр, -- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі - тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі - оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақ мемлекетінің бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен бірге, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.
Қазақ мемлекетінің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік тілді дамыту мәселесін ең алдымен қазақ тілін оқытатын курстарды, үйірме жұмыстарын кеңейту, мемлекеттік тілге жетік өзге ұлт өкілдерін жиі насихаттау, тіл, салт-дәстүр, әдепке байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және осылардың бәрін заң жүзінде өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын кемітпей орындау секілді мәселелер қояды.
Бағдарламаны іске асырудың он жылдық кезеңі алдымызға жаңа міндеттер жүктейді. Олардың бәрін рет-ретімен, кезең-кезеңімен жүзеге асыруға қазіргі заманымызда толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Облыста мемлекеттік тілді дамыту бойынша біршама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Мысалы, үйірмелер, Халықаралық, республикалық деңгейдегі конференциялар, тілдік сайыстар, жоғары оқу орындарында элективті курстар, мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Үйірме жұмыстары арқылы жас ұрпаққа өнерге, биге, көркем сөз оқуға, мақал-мәтел жаттауға біршама дағдыландыруда.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Республикалық, облыстық Мұқағали, Ілияс, Мағжан оқуларында жас ұрпақ тіл мерейін өсіріп, өзге ұлт өкілдері ақындарымыздың асқақ жырларын ыстық махаббатпен оқиды. Осындай сайыстардың нәтижесінде қазақ тілін үйренген басқа ұлт өкілдері де бар. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.
Біздің қаламызда жыл сайын мектептерде өзге ұлт жастарының арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оны оқып үйренуге деген ықыласымен қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тілі мен салт-дәстүрін білу деңгейін байқау мақсатында тәжірибелік іс-шаралар өткізіледі, яғни шара барысында оқушылармен бірігіп Мемлекеттік тіл - менің тілім, Тіл - халық жанын танудың кілті, Қазақ тілінің тарихы атты ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылып келеді. Қ.Р-ның Тәуелсіздік күніне орай өткізілген Қазақстан- бақытымның ордасы атты мемлекеттік тілді меңгеретін өзге ұлтты мектеп оқушылары арасындағы қалалық байқауға өзге ұлт өкілдерінің балалары ерекше ықыласпен қатысатынын көріп келеміз.
Орталық кітапханамызда Тілдердің үш тұғырлылығы, Мемлекеттік тіл: ізденістер, сараптаулар, ықпал ету тетіктері, Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт кітаптарына тіл мәдениетін жетілдіру, көркем әдебиетті насихаттап жандандыру мақсатында көркем сөз ұйымдастырылып өткізіледі.
Ал, өзіміздің университетімізде жыл сайын Тілдер айлығында іс - шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Айлық барысында кітапханада, тіл кабинеттерінде көрме ұйымдастырылады. Тілдер айлығы салтанатты жиынмен ашылады. Жиында оқушылар Қазақстан халқының тілдерінде өлеңдер оқып, әндерін орындайды. Барлық сыныптарда Менің Отаным - Қазақстан, Тіл - ұлттың жаны, Тіл - ұлттық руханиятымыздың негізі тақырыбында кураторлық сағаттары өткізіледі.
Қорытындылай келе, кез келген мемлекет өз шекарасы шеңберінде көпэтносты мәдениеттің әр текті сипатына қарамай, өзінің ұлттық мәдениетін қалыптастыруды бірінші кезекке қояды. Өйткені, жергілікті ұлт жалпы халық үшін ұйымдастырушылық, топтастырушылық рөл атқарады.
Ал ұлттық мәдениеттің өзегі - ұлттық тіл. Осы тіл қоғамдық қатынастың барлық салаларында қолданыс тауып, мемлекеттің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналғанда ғана қоғамда демократия, азаматтық қалыптардың толық қалыптасуына қолайлы әлеуметтік жағдай туатыны даусыз. Осындай жағдайда ғана Қазақстанда тәуелсіздік өзінің шынайы рухани тұғырына да қона алады.
Өзін Қазақстан азаматы деп санайтын кез-келген этностың өкілі барлық өркениетті елдердегідей мемлекеттік тілді өз тілім деп қабылдауға тиісті. Сонда ғана біз шын мәніндегі татулық пен тұрақтылыққа қол жеткізе аламыз.
Қазіргі заман талабына сай ұлтаралық қарым қатынасты дамыту бүкіләлемдік ұйымдардың, үкімет пен парламент, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің назар аударуына ықпал етуде. Ұлтаралық қатынас бұл қоғамдық қарым қатынасты өрбітудің бір түрі. Ұлтаралық қатынас мемлекеттік жағдайда негізгі екі мағынаға ие. Біріншіден, мемлекеттік қарым қатынасты байланыстыратын, екіншіден, әр ұлт өкілдерінің қоғамдық байланысының бөлінбейтін бөлшегі.
Тіл саясаты бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып, тіл тағдыры - ел тағдыры екенін барша қазақстандықтар оң пікірмен қабылдауда, себебі тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.
Негізгі міндет - Тіл туралы Заң мен Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясының іргетасын қалап берді.
Елбасымыз мемлекеттік тіліміздің болашағына сенеді. Үштұғырлы тіл саясаты негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін дамыту мәселесі көтерілгелі, мемлекеттік тілдің дамуына нұқсан келетін болды деп уайымдайтындар да баршылық. Дегенмен, Елбасымыздың өзі: Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді-деп ескертті. Ал, көпұлтты мемлекет ретінде орыс тілінің дамуы Қазақстанды мекендеген әр ұлт өкілдерінің арасындағы қарым- қатынас тілі ретінде, сыртқы саясатта, көршілермен байланыста аса маңызға ие. Мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктіруші факторға айналдыру өзге ұлт тілінің есебінен болмайды, өзге ұлттар өз тілімен қатар мемлекеттік тілді меңгеріп, қостілді болуы шарт. Бұл - әлеуметтік сұраныс, өзге ұлт өкілдері осыны сезінуі қажет. Ғаламдандыру жағдайында мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерінен тұратын үштілділікті дамытудың қажеттігі айдан анық. Жалпы ана тілін еркін меңгеру және оны қоғамның түрлі салаларындағы қолданылуын кеңейту шаралары бірінші кезекте отбасынан, одан кейін биліктен бастау алуы керек. Отбасы мен билікке дейін (балабақша, мектеп, жоғары білім ордасы, қызмет) ана тілінің жүйелі арқауы тартылған жерде тіл еш уақытта ақсамас еді. Отбасынан бастау алмаған тіл жарытымсыз, салалық деңгейде ғана қызмет етеді. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін кәсіби талап қойылу керек деп ойлаймыз. Мысалы, тиісті құжатың болмаса, көлік рөліне отыра алмайсың ғой. Оны талап ету- кәсіби талап қою екені белгілі. Тілге де сондай талап керек.
Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі - Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейде танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастыру қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әр түрлі бола түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.
Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр, -- деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі - тіл жағдайы. Кез келген халықтың тілі - оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақ мемлекетінің бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайтуға бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен бірге, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.
Қазақ мемлекетінің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтарын біріктірудің шешуші факторы болып саналатын мемлекеттік тілді дамыту мәселесін ең алдымен қазақ тілін оқытатын курстарды, үйірме жұмыстарын кеңейту, мемлекеттік тілге жетік өзге ұлт өкілдерін жиі насихаттау, тіл, салт-дәстүр, әдепке байланысты іс-шаралар ұйымдастыру және осылардың бәрін заң жүзінде өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын кемітпей орындау секілді мәселелер қояды.
Қазақ мемлекетінің тіл саясаты мемлекетіміздің ұлт саясатының ажырымас бөлігі. Бірқатар маңызды әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалын ескере, ел саясатының осы екі бағытын бөле-жара қарастыруға келмейтініне көзіміз жетеді. Сондықтан, тіл мәселелерін қозғағанда оның салдары ұлтаралық қарым-қатынастардың жай-күйіне кері әсер тигізу мүмкіндігін естен шығармаған жөн. Осыған орай, тілдік хал-ахуалдың қаншалықты өзгеруіне қарамастан Қазақстан халқы парасаттылық пен салқынқандылық танытқаны абзал.
Әлбетте, ана тіліміздің қазіргі күйіне писсимистік көзқараспен қарайтындар да жетіп, артылады. Десек те, қоғамда байбалам салумен алдымызда тұрған көп істерді тындыра алмаймыз.
Қазіргі таңдағы қазақ тілінің шынайы жағдайы қандай? Қазақ тілінің еркін дамуы мен қызмет етуін тежеп тұрған қандай себептер бар? Тілдік ахуалдың ушығып кетпеуі үшін қандай шаралар қолдану қажет? Міне, осы сияқты сұрақтарға жауап іздемей ешбір оң нәтижеге қол жеткізе алмайтынымызды мойындау керек. Осы себепті елде қалыптасқан тілдік ахуалды егжей-тегжейлі сараптап көрейік.
Қазіргі заман қазақ тілі ғаламшардағы 6 мыңға жуық тілдер арасынан өзінің ауызша, жазбаша, қалыпқа түскен бірізділігімен және мәдени дәстүрімен 70 орынға табан тіреді. Жоғары дамыған алты жүз тілдің бірі болып есептеледі. Мемлекеттік мәртебеге ие болған екі жүз тілдің санатына кіреді. Ана тіліміздің тағы бір ұтымды тұсы - түркітектес тілдер ішінен бірыңғай тілдерге жатады.
Қазақстандағы тілдік ахуал әртүрлі дәрежеде ішкі және сыртқы факторладың ықпал етуі нәтижесінде қалыптасқан келесіндей үрдістермен сипатталады:
Қазақ тілінің қоғамдағы позициялары ептеп болса да, іркіліссіз күшейіп жатыр.
Бұл ең әуелі ел тізгінін ұстаған азаматтарымыздың қазақ тілін қалың жұртшылыққа насихаттау жөніндегі мемлекеттік тіл саясаты аясында жүргізген шараларының нәтижесі деп білу қажет.
Елбасы Н. Назарбаев былтырғы 2016 жылғы Жолдауында: Біз барша қазақстандықтардың біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек деп айтуы, күллі қазақтың жүрегінде ақ сөйле!!! деген қуаныш ұялатты. Осылайша, Президентіміз қазақ тілін Қазақстан халқын басты біріктіруші факторлардың бірі деп тапты.
Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің биылғы бюджеттен қазақ тілін дамытуға бір миллирад теңгеге жуық қаржы бөлгендігі қуантарлық ақпарат болды.
Былтыр ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тілдер жөніндегі департаменті ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Тілдер жөніндегі комитеті ретінде қайта өзгертілді. Бұл жайт мемлекет атынан қазақ тілін дамыту саясатын іске асыру жүктелетін басты органның саяси-әкімшілік мәртебесінің артқандығынан хабардар етеді.
Есесіне, кіндік қаны тамған топырағына қайтып жатқан оралмандарымыздың елімізде тұрақтауы тілдік ахуалдың біршама оңалуына септігін тигізетіні айдан анық.
Қазақ тілінің жағдайы біршама жақсарғанымен, орыс тілі қоғамдық қатынастардың барлық салаларында басым болып тұр.
Қазақстанда қалыптасқан орыс тілінің мызғымас позициялары мен тілдік ахуалдың осылайша дамуын бірнеше фактор анықтады:
Біріншіден, ішкі фактор. Орыс халқы қазақтардан кейінгі екінші орынды иемденіп, Қазақстан халқының үштен бірін құрап отыр. Ал егер оның үстіне орыс тілінде сөйлейтін басқа славян халықтарын қоссаңыз, тілдік арасалмақ орыс тіліне қарай ойысады.
Екіншіден, сыртқы фактор. Қазақстан Ресеймен іргелес жатқан ел. Осыған орай, қос елді жақындастыратын әлемдегі ең ұзын шекараны айтпағанның өзінде, ресейліктермен байланыстырып жатқан сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз күннен-күнге артуда. Оның үстіне, Ресей отаршыл дерттен толығымен айыға алмаған көрінеді. Ресей саяси қайраткерлерінің бірқатары Қазақстанда орыстар мен орыс тілінің мүшкіл жағдайы сияқты желеумен арандатушылық әрекеттерін қояр емес. Мұның өзі солтүстіктегі көршіміз тарапынан біздің елге деген ақпараттық-идеологиялық қысым жасалып жатқандығын білдіреді.
Айта кететін жайт, Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігі жыл сайын Орыс тілінің шетелдердегі жай-күйі туралы атты Мемлекеттік баяндама әзірлейді, оның тұжырымдары Ресей сыртқы саясатына зор ықпал етеді.
:: Қазақ тілін дамыту саясаты жаһанданудың мәдени үрдісі - ағылшын тілінің кең етек жаюымен бірге қатар жүруі.
Әлемдік сипатқа ие болған бұл үрдіс Қазақстанда да ағылшын тілінің әлеуметтік беделі мен мәртебесінің күрт өсуімен айрықшаланды. Бұл үрдістің күшеюі Қазақстанның ғаламдық экономикалық және шексіз ақпараттық кеңістіктерге интеграциялану деңгейіне тікелей байланысты болмақ. Полиэтникалық қоғамда қазақ тілінің бәсекелесе алмауы сондықтан.
Туған тіліміздің өрісін тарылтып өсіп-өнуіне кедергі болып тұрған себептер қандай, соларды шолып өтейік
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілге деген немқұрайлық. Шынында да, ескі БАҚ туралы заңның мәтінінде қойылған қазақ пен орыс тілді эфирдің арасалмағы елу де елу талабы барлық телеарналар орындап жатыр деп айта алмаймыз. Орындағандардың өздері көбінесе қазақ тілді бағдарламаларды қолайсыз уақытқа қояды.
Қазақ тілді үйретудегі жаңаша әдістемелердің жоқтығы. Ағылшын тілінің кең етек алуының феноменін зерттесеңіз, тез арада ағылшын тілін үйренуін жеңілдетуді көздеген жүздеген әдіс-тәсілдер пайда болды. Ал қазақ тілін үйретудегі инновациялық әдістердің әзірленіп жатқандығы көрінбейді. Әрине идеялар жоқ емес, бар. Алайда ұлттық мүдделерімізге сай келетін жобаларға қолбайлау болып тұрған қаржыландыру мәселесі.
Сонымен бірге, қазақ тілін үйретуге қажет көркем материалдардың тапшылығы. Ұлттық терминологияның бір ізге түсіру кезінде туындайтын қиындықтар. Кейбір қазақ тілінің сөздіктерінің әлі күнге дейін жарық көрмеуі. Мәселен, Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі, жаңа Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі т.с.с.
Жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту сағаттарының кемуі. Қазақ тіліміздің нағыз жанашыры ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М. Шахановтың өткен жылдың соңында ҚР білім және ғылым министріне жолдаған депутаттық сауалы әбден орынды деп есептейміз. Депутаттың деректеріне сәйкес, жаңа өзгерістер қазақ тілін үйрету сабақтарының көлемі үш-төрт есе кеми түсуіне әкеледі.
Осыған байланысты, қазақ тілімізді қайта түлету мен қолдану аясын кеңейтуді ұтымды жүзеге асыру мақсатта келесіндей ұсыныстарымыз бар:
Біріншіден, қазақ тілін мемлекеттік қолдау саясатын салалық, ұлттық және геодемографиялық тұрғыдан ажыратылып, соған сәйкес сатылап іске асыру.
Мәселен, қазақ тілін пайдалану салаларын ескере оның мынадай аралық өткелдерін анықтап алайық.
:: Алғашқы борышымыз - қазақ тілінің өскелең жас ұрпақ тіліне айналуы; Қазақстан бостандыққа қол жеткізген шақта жеткіншектер мен жастарға ана тілінің қадірін білуге баулу - қазіргі аға буын уәкілдеріне үлкен сын. Осы орайда, тіліміздің майталманы саналатын Қадыр Мырза Әли ағамыздың сөзі оралады: Тіл бала тілі болмайынша ана тілі болмайды.
:: Тағы бір бағындыратын асуымыз - қазақ тілі қарапайым халықтың тіліне айналуы тиіс; Бұл оның күнделікті тұрмыста, үй ішіндегі жандармен араласқанда қолданылуын діттейді.
:: Келесі маңызды белес - қазақ тілі қауіпсіздік пен Қарулы Күштер тіліне айналуы тиіс; Айта кету керек, әскердегі тілдік ахуал әжептеуір оңалды. Әскери бұйрықтарды мемлекеттік тілде беру және әскери шендерді қазақшаландыру жұмысы қолға алынды. Әскери терминология саласында біршама жетістіктеріміз бар және әскери бөлімдерге қазақтың даңқты батырларының есімдерін беру қаралып жатыр.
:: Келелі мәселелердің бірі - қазақ тілін БАҚ пен бұқаралық мәдениет тіліне айналдыру; Осы орайда, әсіресе телеарналарымыздың мемлекет тіліне салғырт қарауы байқалып жатыр. Ғаламтордағы қазақ тілінің кенжелеп қалуы да алаңдатарлық жайт. Мүмкін, бұл мәселенің оңтайлы шешілуі қазақ тілінің жазуын латын әріптеріне көшіру сауалын тереңірек зерттеуді талап етеді.
:: Өткір проблема ретінде - қазақ тілінің дипломатия мен халықаралық қатынастардың тіліне айналуын қарастыруға болады; Тәуелсіз Казақстанның сыртқы саясатын анықтайтын азаматтарымыздың шетелде жүргенде төл мемлекетінің тілінде келіссөздер жүргізуі рухани-идеологиялық егемендігіміздің бекемдігінен хабардар етіп, азат рухымызды қайрай түсетіні анық.
:: Өзектілігін жоймаған қиындықтардың бірі - қазақ тілінің ғылым мен техника тіліне айналуы; Осы ретте, ғылыми-техникалық терминология мен сөзжасамда объективті сипаттағы кедергілер.
:: Қазақ тілінің мерейін үстем етудегі сатылардың ең жоғарғысы - қазақ тілінің мемлекеттік билік тіліне айналуы. Бұл айшықты мәселені шешу ана тіліміздің саясат пен экономика салаларында үстемдігін талап етеді.
Сонымен бірге, еліміздегі қазақ тілінің кең қанат жаюына өзіміз кінәліміз. Осыған байланысты Елбасы Н. Назарбаевтың өз сөзінде: қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек деп айтуы тегін емес. Алуан түрлі объективтік әрі субъективтік себептерге бола, өзара ана тілімізде сөйлеуге қынжылып қалатынымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Электронды бақ және мәдени хабарлар
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Жұмыстың мақсаты
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы, нәтижелері
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Қазақстан полимәдениетінің құрылымы
ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
Жарнама түрлері және жарнама таратушы құралдар
Спорт саласын қолжетімді ету
Пәндер